Бағдарламасы бойынша мектепалды даярлық тобы (сыныбы) (5 жастан бастап) педагогтеріне арналған



бет59/66
Дата24.08.2023
өлшемі138.58 Kb.
#476211
түріБағдарламасы
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   66
Musindeu Metodika 5 Kaz

Көптілділік:құс – птица–bird, ұя – гнездо – nest ,көктем – весна – spring, дән – зерно – grain.
Сергіту сәті.
Қаңқ-қаңқ, қаздарым, Қағып-қағып қанатын,
Қаңқылдайды қазымыз.
Қаңқылдаса қазымыз.
Жаңғырады жазымыз.
Қаңқ-қаңқ, қаздарым!
(Ш. Смаханұлы)

  1. Кішкене екі бөлікті есу арқылы жіңішкелеп, аяғын жасаймыз, денесіне басу, сылау әдісі арқылы жапсырамыз.

  2. Арнайы кескішпен кесу арқылы құстың қанатын келтіреміз.

– Енді, дайын болған құсқа жем береміз.
Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
3.Рефлексия.
Педагог қорытындылап,балаларды мадақтайды. Балалармен жұмысты талдайды. Балалардың жұмыстарынан көрме ұйымдастырады.
«Мысық пен торғайлар» ойынын ойнау ұсынылады.
32 ұйымдастырылған оқу қызметі
Білім беру саласы: шығармашылық.
Бөлімі: мүсіндеу.
Тақырыбы:Қанат жалау ұстап келеді.
Мақсаты:бала бейнесін мүсіндей білуге үйрету.
Міндеттері:
білімдік:шығармашылық белсенділігін арттыру; дамытушылық: қол, саусақ икемділігін дамыту; тәрбиелік: жинақылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
жасайды:бала бейнесін мүсіндейді;
түсінеді:жалаушаны қашан, қай жерде қолдану керек екендігін; қолданады:адамның дене мүшелерінің орналасу ретін.
Қолданылатын көрнекі құралдар мен керекті құрал-жабдықтар: №2 жұмыс дәптері, ТОҚ (интербелсенді тақта), ермексаз, тақтайша, кескіш, жұмыс дәптері,әртүрлі жалауша.
Сөздік жұмыс: жалау.
Көптілділік: жалау – флажок– whiffle , Жеңіс күні – День Победы– Victory day, мамыр – май–may.
ҰОҚ-нің барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Педагог балаларды екі топқа бөліп, алдыңғы екі баланың қолына жалауша береді. Музыка ырғағымен балалар жалаушаны қолдан-қолға бере бастайды. Қай топ жалаушаны жылдам жылжытып, ойынды тез аяқтаса, сол топ жеңімпаз деп танылады.

  • Балалар, жалауша не үшін қажет?

  • Жалаушаны не үшін қолданамыз?

  • Алдымызда қандай мейрам келе жатыр?

  • Көзімізді жұмып, көз алдымызға 9 Мамыр Жеңіс күні мерекесіне келе жатқанымызды елестетейік. Барлығымыздың қолымызда жалауша, Қанаттың да қолында жалауша бар.Езуімізде күлкі, жүрісіміз әдемі. Барлық

адам бізге қарап тұр. Ал біз өз өнерімізді көрсетіп, ән, би, тақпақтарымызды айтып келеміз. Енді көзімізді ашамыз.

  • Балалар, қандай сезімде болдыңдар?

  • Қанаттың жалаушасын көз алдарыңа елестете алдыңдарма?

Бүгінгі оқу қызметінде Қанаттың жалауша ұстап келе жатқанын мүсіндейміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет