Білім беру саласы: шығармашылық.
Бөлімі: мүсіндеу.
Тақырыбы:Жәндіктер. Қанқыз.
Мақсаты: қанқыз және оның өзіне тән белгілерімен таныстыра отырып, әдемі мүсіндеуге үйрету.
Міндеттері:
білімдік:балалардың қол қимылдарын жетілдіру, шығармашылықпен
жұмыс істеуге үйрету; дамытушылық: есте сақтау қабілеттерін, тілін дамыту; тәрбиелік: жәндіктерге деген қамқорлық сезімдерін ояту, балаларды
ұқыптылыққа, еңбекке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
жасайды:қанқызды табиғи материалдарды пайдалана отырып
мүсіндейді; түсінеді:қанқыз жәндікке жататындығын; қолданады:мүсіндеу әдіс-тәсілдерін.
Қолданылатын көрнекі құралдар мен керекті құрал-жабдықтар:
№2 жұмыс дәптері, ТОҚ, компьютер, жәндіктер туралы суреттер, табиғи материалдар, жаңғақтың қабығы, ермексаз, тақтайша, сулық.
Сөздік жұмыс:қанқыз.
Көптілділік: жәндіктер – насекомые–insects, қаңқыз – божья коровка– bogia cow.
ҰОҚ-нің барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері.
Бала, бала,баламыз, Бақшамызға барамыз.
Күні бойы қызыққа, Батамыз да қаламыз.
(Е.Өтетілеуұлы)
Балалар, біз жәндіктер, олардың тыныс-тіршілігі, түрлері туралы білу үшін тақтаға назар аударайық. Жәндіктерге көбелек, қоңыз, шегіртке, құмырсқа, ара, қанқыз жатады. Қанқыздың бізге тигізетін зияны жоқ, оны қолға ұстасақ өрмелеп жүреді, қанаттарын жайып ұшады.
Қанқыз қайда мекендейді?
Қанқыздың дене бөліктерін атаңдар?
2.Негізгі кезең.
–Бүгінгі оқу қызметінде қанқызды мүсіндейміз.
Қанқыздың түсі қандай?
Иә, түсі қызыл, аяғы, басы, мұртшасы қара, үстінде ұсақ-ұсақ қара нүктелері бар.
Қанқыз мүсінінің жасалу жолы:
Қызыл ермексазды жаңғақ қабығының үстіне біркелкі етіп жағамыз.
Аяқтары мен мұртшасын жасау үшін қара ермексазды бірдей қалыпта сопақшалап жасаймыз да оны жаңғақтың қабығына жабыстырамыз.
3.Қара ермексаздан бірнеше ұсақ дөңгелектер жасап, қызыл жаңғақ қабығының үстіне қоямыз.
Достарыңызбен бөлісу: |