Бағдарламасы бойынша мектепалды даярлық тобы (сыныбы) (5 жастан бастап) педагогтеріне арналған


Қолданылатын көрнекі құралдар мен керекті құрал-жабдықтар



бет61/66
Дата24.08.2023
өлшемі138.58 Kb.
#476211
түріБағдарламасы
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66
Musindeu Metodika 5 Kaz

Қолданылатын көрнекі құралдар мен керекті құрал-жабдықтар: №2 жұмыс дәптері, «Гүлдер топтамасы» тақырыбындағы бүктеме, алғашқы дала гүлдерінен кеппешөп, үнтаспа, жұмыс дәптері, ермексаз, тақтайша, сулық.
Сөздік жұмыс: көктем гүлдері.
Көптілділік: гүл – цветок –flowers, табиғат – природа–
nature, көктем – весна–spring, түймедақ – ромашка –chamomile, бақбақ – одуванчик– dandelion.
ҰОҚ-нің барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Педагог үнтаспа арқылы музыка қосады. Балалар тізерлеп отырады.
Көктемгі күн Жер-ананы қыздырып, табиғаттағы бар тіршілік иелері оянып, гүлдер Жер-анадан күш алып, жапырақтарын жайып, күлтелерін көтеріп, күнге қарай қол созады.

  • Балалар, сендер көктемнің алғашқы гүлдері болып, Жер-анадан нәр алып күлтелеріңді аштыңдар.

  • Қандай сезімде болдыңдар?

  • Көктем гүлдерін атаңдаршы?

  • Гүлдердің адамдарға тигізетін пайдасы бар ма?Гүлдер жерге көрік, әсемдік, әдемілік береді. Адамдарға қуаныш, жақсы көңіл күй сыйлайды.

Сондай-ақ «Бақбақ», «Түймедақ» гүлдерінен дәрі жасайды.
2.Негізгі кезең.

  • Балалар, бүгінгі оқу қызметінде түймедақ гүлін мүсіндейміз.

Педагог балалардан жұмыс дәптерлеріне көңіл бөлулерін сұрайды.
–Түймедақ күлтелерінің түсі қандай екен?
Сөздік жұмыс: көктем гүлдері.
Көптілділік: гүл – цветок –flowers, табиғат – природа– nature, көктем – весна–spring, түймедақ – ромашка –chamomile, бақбақ – одуванчик– dandelion.
Гүлді жасау кезеңдерімен таныстыру:

  1. Сары түсті ермексазды алақанға салып домалақтаймыз, алақанмен басып сәл жалпақтаймыз.

  2. Күлте жасау үшін біз 7 бірдей домалақ жасап алуымыз керек.

  3. Саусақтарымыздың көмегімен сопақша пішінге келтіріп, оны жалпақтап, екі ұшын сұқ саусақ, ортаңғы саусақ көмегімен доғалдап, күлтелерін жасаймыз.

Сергіту сәті.
Жарқырап күн де ашылды, Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн!
Біз көңілді баламыз!
Қайырлы күн!
Біз сүйкімді баламыз!
(«Өзін-өзі тану» пәні бойынша.)

  1. Дайын үлгіге гүлдің ортасын қоямыз, күлтелерін айналасына орналастырамыз, сабағын, жапырағын шымшу арқылы біріктіреміз.

Педагог балалармен жеке жұмыс жүргізеді.
3.Рефлексия.
Педагог оқу қызметін қорытындылап, балалардың жұмысын тексереді. Балалармен дайын жұмыстарға талдау жасайды.Балалар жұмыстарынан көрме ұйымдастырып, гүлдер туралы тақпақ, жұмбақ айтуларын сұрайды.
34ұйымдастырылған оқу қызметі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет