Бағдарламасы бойынша мектепалды даярлық тобы (сыныбы) (5 жастан бастап) педагогтеріне арналған



бет64/66
Дата24.08.2023
өлшемі138.58 Kb.
#476211
түріБағдарламасы
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66
Musindeu Metodika 5 Kaz

2.Негізгі кезең.

  • Балалар, құстардың жанынан не көріп тұрсыңдар?

  • Осы кішкентай балапандарды біз мүсіндейік.

Педагог балаларға құстардың денесін, басын, мойнының ұзындығын, аяғы мен қанатын орналастыру жолын түсіндіреді.
Жұмысты көрсете отырып, бірге жасатады:

  1. Сары түсті кіші ермексаз кесегін алып, балапанның денесін мүсіндейміз.

  2. Шымшып созу арқылы балапанның мойнын, тұмсығын мүсіндеп келтіреміз.

Сөздік жұмыс: балапан.
Көптілділік: балапан – цыпленок– chick, балапандар – цыплята –chicken, дән – зерно–grain.
Сегіту сәті.
Қуан, шаттан, алақай! Қуанатын күн келді, Күліп шықты күн бүгін, Қайырлы таң!
Қайырлы күн!

  1. Басы мен денесін біріктіреміз.Қолды сулап алып, құстың денесін саусақпен тегістейміз.

  2. Таяқшамен тұмсығын, қанатын, табанын сызамыз.

  3. Жемсауыттағы дәнді ұсақ бөлшектерден домалақтап жасаймыз.

Педагог балалармен жеке жұмыс жүргізеді.
3.Рефлексия.
Педагог ұйымдастырылған оқу қызметін қорытындылап,балаларды мадақтайды. Балалардың аяқтаған жұмыстарын талдайды. Ата-аналарға көрме ұйымдастыру.
«Анасын тап» дидактикалық ойыны.Үй құстары мен олардың балапандарын әр жерге шашыратып қояды.Балалар әр құстың жанына өз балапандарын жинауға көмектеседі.
36 ұйымдастырылған оқу қызметі
Білім беру саласы: шығармашылық.
Бөлімі: мүсіндеу.
Тақырыбы:Жайлауда.
Мақсаты:сурет бойынша әңгімелей отырып жайлау, киіз үй туралы түсінік беру. Міндеттері:
білімдік:ұлттық ою-өрнекті мүсіндей білуге үйрету; дамытушылық: балалардың қиялын, ойлау қабілеттерін дамыту; тәрбиелік: еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, ұлттық өнерді бағалай
білуге тәрбиелеу. Күтілетін нәтижелер:
жасайды:киіз үйді мүсіндейді, оны оюмен әшекейлейді;
түсінеді:киіз үй, ою түрлері туралы; қолданады:қазақтың ою-өрнек атауларын, мүсіндеу әдіс-тәсілдерін. Қолданылатын көрнекі құралдар мен керекті құрал-жабдықтар: №2 жұмыс дәптері, жайлаудың суреті, киіз үй, жайлаудағы малдар, түрлі түсті ермексаз, тақтайша.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет