323
өткен тарихын, ерлік күндерін еске түсіріп, бұрынғы, халық
қамын жеген азаматтардың
ерлік бейнелерін жасап, әлі
де ел болуға, қатарға енуге мүмкіндігің бар десе, Шортан-
бай үміт сәулесі атаулыдан ада. Ақын дүниеден біржола баз
кешеді. «Су түбіне кеттің, жұрт, – Тал табылмас қармарға» –
бүкіл бір халықтың болашағын кескен үкім тәрізді естіледі.
Тіршілікті жеңілдетудің жалғыз-ақ жолы қалған сияқты, ол –
Шортанбайдың ұғымынша, дін жолы ғана. Шортанбайдың
дүниеден біржола түңілуі
сол кездегі қазақ халқының
басындағы ауыр әлеуметтік, қатал отарлық жағдайға байла-
нысты болатын.
Шортанбай шығармалары ақынның көзі тірі кезінде-ақ
ауызша да, қолжазбалар түрінде де халық арасына кеңінен
тарады. Ал өзі өлген соң, 1888
жылы басылған тұңғыш
жинағы ақынның даңқын көтере түсті, революцияға дейін
әлденеше мәрте қайта басылды. Қазір Шортанбайдың таң-
даулы шығармалары хрестоматиялардан, қазақ поэзиясы-
ның антологияларынан орын алды,
ақын творчествосы оқу
программаларына енді.
Достарыңызбен бөлісу: