324
сылымында (1984) теріліп, тіпті біраз «түзеліп», «күзеліп»
жарыққа шыққалы тұрған ақын сөздері жоғарыдан – бас-
таушы, нұсқаушы мекемелер тарапынан түскен бұлтартпас
жарлық нәтижесінде түп-тамырымен жыртылып, сыдырылып
алынып қалғанын айтудың өзі жеткілікті. Рас, «әділдік жеңіп»,
Шортанбай аталмыш кітаптың
екінші басылымына енгізілді;
сондай-ақ, бұдан бұрын, алпысыншы жылдарда акаде-
мия жинақтарына кірген болатын. Бірақ мұның бәрі – ақын
сөздерінің шамалы бөлігі, әрі ең мәнді, нәрлі жерлері сылы-
нып қалған, аталы жырдың өзі емес, көлеңкесі ғана еді. Енді
«Жұлдыз» оқырмандарына Шортанбай біздің заманға жеткен
бар кейпімен көрінбек.
Шортанбай 1818 жылы туып, 1881
жылы қайтыс бол-
ған. Асыл сүйегі қазіргі Жезқазған облысының Шет ауда-
нының жерінде тыныс тауыпты. Шортанбай Октябрь
төңкерісіне дейінгі кезеңде жекелеген кітап түрінде де,
әртүрлі қолжазбалар арқылы да,
ауызша да кеңінен тара-
лады, ақын мұрасын жинастыру ісіне В.Радлов сияқты ұлы
ғалым, Н.Коншин сияқты білімдар адвокат – орыс халқының
парасатты, зиялы ұлдары айрықша мән береді, оның қазақ
халқының сөз өнерінде, рухани өмірінде алатын орнын анық
бағамдайды. Ақынның әдебиет тарихынан шығарылып, туған
елінен алыстауы – «көз ашылған», «тереңдікке жеткен» кейінгі
кезеңде ғана.
Шортанбайдың шынайы бағасын тану үшін оны іждағат пен
оқу керек. «Жұлдыз» (1991, №3)
оқырмандарына ұсыны лып
отырған топтамадағы «Зар заман» – Қазақ ССР Ғылым акаде-
миясы кітапханасының қолжазбалар қорынан, №780 бума-
дан алынды; «Алдаушы жалған» – Исмаилов Темірғали деген
азаматтың академияға 1946 жылы тапсырған жазбасы бойын-
ша беріліп отыр. Ал «Бала зар» толғауы «Қисса-и Шортанбай,
Шортанбайдың бала зары» деген атпен алғаш рет 1888 жылы
Қазанда жарияланып, содан соң 1890, 1897, 1901, 1906
жылдары қайыра басылған еді. Сол басылымдар негізінде жа-
риялап отырмыз. «Бала зарды» баспаға әзірлеуде филология
ғылымының
кандидаты, ежелгі мұраларды жарыққа шығару
ісінде көп шаруа тындырып жүрген жас ғалым Сәрсенбі Дәуітов
қатысты. Шортанбай туралы түбегейлі зерттеулер – болашақ
үлесінде демекпіз.