Тақырып 7. Спорттық педагогтың педагогикалық шеберлігінің негіздері-2,5 сағат
Мақсаты: спорт саласындағы мамандардың өз жұмыстарының қырлары мен сырларын терең игеруі, адамзат баласының даму ерекшеліктерін ескере отырып дене тәрбиелеудің амалдарын дұрыс қолдана білулері
Өзiн өзi бақылауға арналған сұрақтар:
Жаттықтырушы қызметінің ерекшеліктері
Педагогикалық мәдениет
Педагогикалық техника
Жаттықтырушының сөйлеу мәдениеті. Тіл мәдениеті.
Дене шынықтыру мен спорт сабақтарында және жаттықтыру процессіндегі педагогикалық қарым-қатынас.
Әдебиеттер;
Жұмашева С.С.-«дене шынықтыру және спорт педагогикасы»Алматы-2005 жыл
Сейткалиев Қ.Б. «Тәрбие теориясы»Алматы 1986 ж.
Синицина В.И. «Педагогикалық әдеп және ұстаздық шеберлік»Алматы-1987 жыл
Оқытушы жетекшілігімен және студенттің өздігінен орындайтын жұмысының тапсырмалары, орныдауға әдістемелік нұсқаулар. (СРСП)
Оқытушы жетекшілігімен студенттің өздік жұмысын орындауға жалпы әдістемелік нұсқаулар.
Мақсаты: студенттердің дәріс және сараман сабақтарында білімдері негізінде өздігінен жұмыс істей білу іскерлігін қалыптастыру
Міндеттері:
дәріс пен сараман сабақтарында алған білімдерін тереңдету;
теорияны практикамен байланыстыру;
өздігінен жұмыс істеу іскерліктерімен дағдыларын дамыту;
ойын еркін жеткізе білуге және оны қорғай білуге үйрету;
студенттің өздік жұмысын орындау формалары әр түрлі: кесте, реферат, коллоквиум, конспект және т.б.
Берілген тақырыпты конспектілеу.
Негізгі талаптар:
Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну.
Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол берму.
Міндетті түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын жоспарға сай рет-ретімен жүйелі баяндауы қажет.
Жұмыс түсінікті, мағыналы, орамды тілмен жазылуы тиіс.
Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау.
Реферат жазуда не ескеріледі?
Таңдап алған рефераттың тақырыбына қатысты студент кішігірім зерттеулер жасайды. Студен осы алғашқы ғылыми жұмысқа байланысты мәселелерге орай қажетті әдебиеттерге шолу жасаудан бастайды.
Керек жағдайларда оқытушымен кездесіп, керекті кеңестеп алғаны абзал.
Реферат жазуда студен негізгі мәселені ажыратуға, тақырыптардың өзара сабақтастығын тануға дағдыланады.
Фактілер, фактілік материалдарды іріктеу және жинақтау негізінде таблицалар, графиктер, схемалар жасалады.
Пайдаланған деректер, материалдар, әдебиеттердің тізімін, қайдан алғанын (сілтеме) қайда, қашан, қандай баспадан жарық көргенін көрсетуі қажет.
Студенттің жазған рефераты аудиторияда талқыланады. Ең алдымен оқытушы қысқаша реферат тақырыбымен, негізгі идеясымен таныстырады. Тақырыпты зерттеуші студен реферат мазмұнын аудиторияда баяндайды, сұрақтарға жауап береді.
Достарыңызбен бөлісу: |