Бағдарламасы «ертеңін үшін аянба! »


Тұрмыстық техниканы жөндеу



бет26/53
Дата20.06.2016
өлшемі3.3 Mb.
#148933
түріБағдарламасы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   53

45. Тұрмыстық техниканы жөндеу



1. Жалпы ақпарат. Тұрмыстық техниканың істен шығуы әрдайым ыңғайсыздық тудырады. Мұндай жағдайда адамдар газет пен интернет арқылы тұрмыстық техниканы жөндейтін мамандарды іздей бастайды, түрлі нөмірлерге хабарласып, сынған заттың өлшемдерін анықтайды.

Қазіргі таңда қызмет көрсету нарығында шеберханалар мен түрлі қызмет түрлерін көрсететін, түрлі бағаға жөндеуді жасап беретін жеке шеберлер баршылық. Сондықтан, бизнестің «Тұрмыстық техниканы жөндеу» түрі қашанда үлкен сұранысқа ие.



2. Ғимарат. Шебердің жұмыс орнын үйде, не гараждағы машина, саяжай құрал-саймандары мен велосипедтер тұратын жерде ұйымдастыруға болады. Алайда бұл уақытша екенін естен шығармаңыз. Нағыз шеберхананың көлемі шебердің жеке үстелі, жұмысқа арналған құралдары мен материалдары сыятындай және де көлемді заттар жасауға лайық орын болуы қажет. Шеберхана жақсы жарықтанған болуы тиіс. Бастысы көршілеріңізді мазаламауға тырысыңыз. Еден құрғақ, жылы, сыртқы жабыны қатты болуы керек. Шеберханада жылу, су жүйесі, қол жуғыш пен қуаттылығы 220 В тоқ күші 16 А.-дан кем емес тоқ сұққыштар (розеткалар) болуы міндетті.

Шеберханада жұмыс үстелі ортада тұруы тиіс. Онда күн сәулесі түсетін, денсаулыққа зиянды шаң мен еріткіштерді, бояудан бөлінген буды желдету үшін терезе болуы керек.



3. Технология. Шеберхана кез-келген отандық не шетелдік ірі тұрмыстық техника мен электрониканы жөндеу бойынша қызмет көрсетуі қажет. Электрониканы жөндеу шеберханасының негізгі қызметі плазмалы панель мен теледидарды, аудиотехника мен бейнеаппаратураны, үй кинотеатры жүйесін орнату мен бейнеойнатқыштардың қосалқы бөлшектерін жөндеу болып табылады. Аудиоаппаратура жөндеуге музыкалық орталықтар, магнитола мен магнитофонды жөндеу, ал бейнетехника жөндеуге – бейнеплеер, бейнемагнитофон мен DVD жөндеу жатады.

Сонымен қатар, шеберлер тоңазытқыштарды жөндеуді және оларды техникалық қамтамасыз етуді, қысқатолқынды пештер мен шаңсорғыштарды жөндеуді жасай білсе, құба-құп.

Техниканы қарап шығып, оны жөндеу үшін қанша ақша кететінін анықтау қажет. Егер жөндеу тым қымбат болса, клиент одан бас тартуы мүмкін, мұндай жағдайда шебердің көріп шыққаны үшін ғана төлем жасалғаны дұрыс. Шеберхана сапалы және жедел жөндеуді тапсырыс берушінің үйінде жүзеге асыруды ұсынса да болады. Жөндеуден кейін шебер кепілдік талонын жазып, техниканың қалыпты жұмыс жасауына байланысты кеңестер беру керек.

4. Қызметкерлер. Алғашқы уақытта қызметкерлер қажет емес, сіз өзіңіз де жөндеумен айналыса аласыз, ал уақыт өте келе бір көмекші шебер алуға болады.

5. Болжамды есептеулер.

5.1. Шығыстар:

Құрал-саймандардың шығыны шамамен 5000 теңгені құрайды (түріне байланысты).



5.2. Табыс:

  • Тұрмыстық техниканы тексеру – 500 теңге және одан да жоғары.

  • Тұрмыстық техниканы қосалқы бөлшегін ауыстырмай жөндеу (бір бірлігі үшін) 1 500-3 000 теңге, ауыстырған жағдайда 3 000-5 000 теңге (күрделілігіне байланысты).

Мысалы бір айда тұрмыстық техниканы қосалқы бөлшектерді ауыстырмай жөндесеңіз, 5 бірлік * 1 500 теңге = 7 500 теңге, оған қоса ауыстырған жағдайда 10 бірлік * 3 000 теңге = 30 000 теңге. Айына 37 500 теңге таба аласыз.

6. Пайдалы сілтемелер:

http://teleremont.com/

http://www.vash-master-remont.ru/

http://help-computers.ru/

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «тұрмыстық техниканы жөндеу» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

46. Шағын полиграфия





  1. Жалпы ақпарат. Күн сайын әртүрлі тауарлар мен қызметтер ұсынатын жеке фирмалардың көптеп ашылуы полиграфиялық қызметтің дамуына себепші болып отыр. Фирмалар брошюралар, буклеттер мен үнпарақтар түріндегі түрлі жарнаманы, бухгалтерлік есептілікті жүргізу үшін көп көлемде түрлі бланкілер мен формулярларды қажет етеді. Сондықтан да полиграфиялық қызметтерге сұраныс артып отырған осы кезеңде бұл бизнес түрімен айналысу, нарықтық конъюнктура тұрғысынан алып қарағанда, өзін өзі ақтайтын болады.

  2. Ғимарат. Типографияны орналастыруға келетін болсақ, онда ең тиімді орындар – бизнес орталықтар, білім беру мекемелері және т.б. Шағын типография 30-40 шаршы метрден артық жерді қажет етпейді. Климаттық жағдайларға да назар аудару қажет, олар жұмысыңыздың ерекшелігіне сай болуы керек. Желдеткіш пен ауасорғыш жүйесі дұрыс жұмыс істеуі тиіс. Бұл бизнесті ұйымдастыруда тұрғын үйлерден аулақ жүрген жөн, өйткені тұрғындармен көптеген проблемалар болып қалуы мүмкін. Типография қолжетімді жерде орналасқаны жөн және клиенттер тапсырыс беру үшін, дайын өнімін алып кету үшін рұқсат қағазын алып, белгілі бір өнеркәсіп аумағында жүріп қалмай, сіздермен жұмыс істеу барасында мүмкіндігінше аз уақыт жұмсауы керек. 

  3. Құрал-жабдықтар мен материалдар. Шағын типография үшін құрал-жабдықтар таңдау барысында келіп түсетін тапсырыстар көлемі өндіріс қуатының оңтайлы жүктемесін қамтамасыз ететіндей болу керектігін ескеру қажет.

Шағын типографияны жабдықтауды ең қымбат машиналардан бастамай, даму мен тәжірибенің жинақталуына байланысты жетіспейтін құрал-жабдықтарды шетінен сатып алып отырған жөн. Типографияның баспалық қызметінің негізгі бағытына сәйкес құрал-жабдықтарды таңдау бірнеше өлшемдер бойынша жүргізілуі мүмкін.

Егер типография көп жағдайда ақ қара материалдар шығаратын болса, онда ризограф иелену пайдалы. Ризограф жұмысының жылдамдығы мен үнемділігі арқасында шағын типографияларда кеңінен пайдаланылатын танымал құрал болды. Жеке басылымның өзіндік құнының, энергия шығынының төмендігі, экологиялық тұрғыдан зиян еместігі, шығын материалдарының қолжетімділігі ризографтың негізгі басымдықтары болып табылады. Бұдан бөлек, ризографты пайдалану баспа үдерісін дайындауда қосымша шығынды және дербес арнайы оқытуды талап етпейді. Бұл машиналар «талғаусыз қоректенеді» және кез келген сападағы, арзан және жұқа қағаздан бастап картонға дейінгі қағазбен жұмыс істей алады.

Полиграфия қызметі нарығының бірқатар мамандары қайтадан құрылған типография үшін негізінен жаңа ризограф алу керектігін алға тартады. Бұл оған иелік етушіні өндірістің басты элементінің мүмкін болатын сынып қалулары мен тоқтап қалуларына қатысты проблемалардан құтқарады.

Егер типография одан да қиын тапсырыстарға мамандануға ниет етсе, онда ризографтың орнын басатын құрылғы – күрделі түстерді құра алатын, оларды араластыратын, сондай ақ ауқымды тапсырыстарды орындай алатын толыққанды офсеттік машина.



Офсеттік машинаны пайдалану, ризографты пайдалануға қарағанда қымбатқа түседі, бірақ сапа мен өнімнің өзіндік құнының арақатынасы сенімді түрде бұл олқылықтың орнын толтырады.

  1. Қызметкерлер. Қызметкерлерді таңдау барысында үміткерлерге жоғары талап қойыңыз. Сіздің дамуыңыз көбінесе баспашыға байланысты. Әдетте штатта мынадай қызметкерлер болады: баспашы, оның көмекшісі, маман, кесуші, тапсырыс бойынша менеджер. Баспашы маманының жалақысы жоғары болғанымен, оны табу оңай емес. Өйткені оның еңбегі ауыр әрі үнемі бояумен жұмыс істейтіндіктен денсаулығына зиян. Сонымен, сіздің типографияңыздағы басты қызметкерлер – баспашы мен тапсырыс жөніндегі менеджер. Әдетте, тапсырыста күзге қарай және жыл басына қарай көбейеді.

  2. Болжамды есептеулер.

5.1. Шығыстар:

  • ризограф, моделіне байланысты – 450 000 теңгеден жоғары.

  • кескіш, моделіне байланысты – 10 000 теңгеден жоғары.

  • ламинатор, моделіне байланысты – 12 000 теңгеден жоғары.

  • брошюрашы – 20 000 теңгеден бастап.

  • ғимарат жалдау 30 м² – 80 000 - 90 000 теңге.

  • қағаз, бояу – 150 000 теңгеден жоғары.

Барлығы: шамамен 750 000 теңге.

    1. Баспа өнімдерінің негізгі түрлерінің орташа өзіндік құны:

  • Парақша: формат А4, толық түсті, 2-жақты басып шығару, жылтыр, 500 дана, өзіндік құны – 40 000 теңге, соңғы баға – 55 000 теңге.

  • Журнал: А4, 48 жолақ, қара-ақ, түрлі түсті мұқаба, 1 000 дана, өзіндік құны – 110 000 теңге, соңғы баға – 160 000 теңге.

  • Буклет: А3, 1000 дана, өзіндік құны – 42 000 теңге, соңғы баға – 60 000 теңге.

  1. Пайдалы сілтемелер:

http://www.openbusiness.ru/html/mini_tipografia.htm

http://www.hobiz.ru/business/bplan/tipograf/

http://www.business-magazine.ru/ideas/startups/pub109762/

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «шағын полиграфия» және т.б. кілт сөздерді теру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет