Бағдарламасы «ертеңін үшін аянба! »



бет27/53
Дата20.06.2016
өлшемі3.3 Mb.
#148933
түріБағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   53

47. Терезе алдындағы бақша


  1. Жалпы ақпарат. Жаңа піскен көкөністер – диеталық және аз калориялы азық түлік. Оларды үнемі пайдалану ас қорыту процесін жақсартады және қалыпқа келтіреді. Жаңа піскен көкөністердің құндылығы ең алдымен ағза үшін аса қажет С, Р және басқа да дәрумендердің болуына байланысты. Әсіресе, бұндай дәрумендерге, сондай ақ каротиндерге жас жапырақтар мен татымды дәмді көкөніс өсімдіктері бай. Бірақ, жаңа піскен көкөністер жеткілікті деңгейде тек жаз бен күз басында ғана пайдаланылады. Қыс пен көктемде және жаз басында көкөністерге яғни дәрумендерге деген қажеттілікті ішінара бөлмедегі «бақша» алмастыра алады. Тұрғын үйде көкөністер өсіру – бұл ерекше шығынды талап етпейтін, жыл бойы табыс әкелетін отбасылық бизнес үшін керемет идея. Бұл бизнестің тағы бір пайдасы балалардың әуестігі мен байқағыштығын дамытады, өсімдіктер өмірін жақсы білулеріне септігін тигізеді. Көкөніс өнімдері әдемі көрінеді және бөлме өсімдіктерінің басым бөлігімен жақсы үйлеседі.

  2. Технология. Көкөніс өсімдіктерін бөлме жағдайында бірнеше тәсілдермен өсіруге болады: ұрықты тұрақты орынға себу арқылы, көшет отырғызу арқылы, әрі қарай аяғына дейін өсіру арқылы және т.б. Бұдан бөлек, бақша учаскесі үшін көкөніс дақылдары көшеттерін өсіруге де болады.

Көкөніс өсімдіктерінің түрлері. Бөлме жағдайында өсірілетін көкөніс өсімдіктерін бірнеше топқа топтастыруға болады:

  • жеміс беруші: қияр, қызанақ, ащы және тәтті бұрыш.

  • пиязды: түйінді пияз, жуан пияз.

  • қырыққабаттық: түсті қырыққабат, пекин қырыққабаты.

  • біржаздық жапырақты: салат жапырағы, жапырақты горчица, кресс салат шпинаты, аскөк, қияр шөбі.

  • татымды дәмді біржылдық: базилик кориандр, жебір.

  • тамыржемісті: салатты шашыратқы, ақжелкен, сельдерей, аспаздық қызылша, мангольд.

  • көпжылдық: рауғаш, қояншөп, қымыздық, пияз-батун және шнитт, сондай ақ татымды дәмді көпжылдықтар: эстрагон, бұрышты жалбыз, қысқы жебір, фенхель, зере.

Көкөніс өсіруде орын, уақыт пен өсіру тәсілін таңдау олардың жарықсүйгіштігіне байланысты. Бұл ретте көкөніс өсімдіктерін 3 топқа бөледі:

1) жарықты көп мөлшерде қажет ететіндер – бұл ұрық егу арқылы өсірілетін барлық өсімдіктер (қияр, қызанақ, бұрыш, салат, пекин қырыққабаты), сондай ақ ашық топырақта өсетін көшеттер;

2) жарықты аз мөлшерде қажет ететіндер – қайта отырғызып, әрі қарай аяғына дейін өсіретін көкөніс дақылдары;

3) жарықты қажет етпейтіндер – қараңғыда өсірілетіндер – қояншөп, рауғаш, салат цикориясы.

Тұрғын үйдің бір жерінен қайталап, сатылап және нығыздағышты пайдалана отырып егу арқылы жыл бойына ұдайы көкөністер алуға болады. Біржаздық және қайта өсіретін өсімдіктерді бір орында бірінен кейін бірін егу арқылы немесе бір мезгілде, бірақ әртүрлі орындарда өсіруге болады. Оларды сол ыдысқа өнімді жинап алғаннан соң қайта егеді. Бұндай әдіс бір жерден 3-6 рет өнім алуға мүмкіндік береді. Салат жапырақтарын, қыша жапырақтарын, кресс-салат шпинатын, аскөкті және т.б. қайталап себе береді. Егу мен жинау арасындағы аралық қайталап себу күнін (15-40 күн шамасында) анықтайды.

Барлық жарықсүйгіш көкөніс өсімдіктерін терезеге жақын жерге, терезе алдының ішкі және сыртқы жағына, балконға, дәліз бен лоджияға орналастырады. Көкөніс өсіру үшін тұрғын үйдің терезе алдындағы жарық алаңын пайдалану ұзақтығы 6-9 айды құрайды (қазан – мамыр – маусым), балкон мен лоджияда 5-6 ай (сәуір - қазан). Дәлізде көкөністерді ерте көктемде (сәуір-мамыр) және күзде (қазан, қараша) өсіреді.

Ең қиыны - күз бен қыстың қысқа әрі бұлтты күндері (қараша-ақпан) көптеген жарықсүйгіш көкөніс өсімдіктерін жарықтандыру. Бұл кезеңде жасанды жарықтандыру арқылы өсіруге болады.

3. Құрал-жабдықтар. Көкөністерді өсіру үшін аса қолайлысы – жәшік. Оларды қайың мен шырша ағашынан немесе қалыңдығы 1,5-2 см, биіктігі 12-15 см, ені 20 дан 35 см ге дейін болатын тақтайшалардан жасайды. Жәшіктің ең қолайлы ұзындығы 40-50 см. Стационарлы жәшіктерді терезе алдына және балконға ұзыннан ұзақ жасаған дұрыс. Су ағыны үшін жәшік түбіне диаметрі 1,5-2 см, арасы 15-20 см болатын екі тесік жасайды. Жәшіктің түбіне ол тұғырықта нығыз тұруы үшін көлденең тақтайшалар қағады. Тұғырықты жәшікке қарағанда 2-3 см кең әрі ұзын жасайды. Жәшікті балкон қоршауымен бекітеді, терезе алдына, үстелге, тіреуге қояды, контейнерге іледі.

4. Сату. Сіз өсірілген көкөністерді дүкендерге, мейрамханаларға, кафелерге немесе жергілікті базарларға өткізе аласыз. Сату нүктелеріне хабарласып, тұрақты клиент табуыңыз да әбден мүмкін.

5. Болжамды есептеулер. Шығыстарға ұрық сатып алу кіреді (1 қалташасы, өсімдік түріне қарай, 90 теңге және одан жоғары). Кәдімгі топырақты, оған минералды тыңайтқыш қосып пайдалануға болады (1 қалташасы шамамен 200 теңге), бұлай жасау шығыныңызды үнемдейді.

Сіздің бизнесіңіз жыл бойы табыс әкеледі, ал қысқы уақытта көкөністеріңіз ерекше сұранысқа ие болады. Мәселен, қарапайым аскөк ұрығының қалташасы 70-90 теңге тұрады, ал қыста бір бумасы 2-3 есеге қымбат болады, дәл осы қағида басқа да көкөністерге қатысты.



6. Пайдалы сілтемелер:

http://ogorod-doma.ru/index.html

http://ogorod-doma.ru/str4.html

http://psu.at.ua/publ/ovoshhi_i_zelen_v_teplicakh/1-1-0-18

48. Жекеменшік балабақша ұйымдастыру



1. Жалпы ақпарат. Үлкен қалаларда жекеменшік балабақша ұйымдастыруға қажеттілік байқалуда. Мұндай қажеттіліктің себебі түсінікті – ата-аналардың қолы бос емес, балаларға қарайтын ешкім жоқ, ал мемлекеттік мекемелерде бос орын табу өте қиын. Жастарына қатысты психологияға сәйкес, ерте және мектепке дейінгі балалық шақта ( 1 жылдан 6 жасқа дейін) бала тұлға ретінде дамиды, әлеуметтік топқа жатады. Сондықтан да осы жаста қалыптасатын тәлім-тәрбие, білім мен әдет баланың одан кейінгі дамуына қатты әсер етеді. Сондықтан да балаға жақсы мектепке дейінгі білім беретін, оны жақсы қарайтын ақжүрек, сезімтал педагогтар қызмет ететін балабақша ашу маңызды.

Неден бастау керек? Бірінші кезекте заңды тұлға ретінде тіркелу қажет. Одан кейін ҚР Білім және ғылым министрлігінің жергілікті атқарушы органына барып, лицензия, СЭС қорытындысын алуы керек (оны алу үшін жөндеуден өткен ғимарат пен балабақшаның жақсы материалдық техникалық базасы болуы тиіс), СЭС нұсқауы бойынша бірқатар зерттеулер жасалуы тиіс (жарықтандыру, радиация өлшемі, балабақшаға келетін су анализі және т.б.), өртке қарсы қызмет қорытындысы (тегін беріледі, бірақ барлық өртке қарсы талаптар, оның ішінде өрт дабылы, өрт дабылына қызмет көрсетуге қатысты келісім, өрт сөндіру жабдықтарымен қамтылуы толық орындалуы керек) қажет.

2. Ғимарат. Ол тұрғын үйдің немесе жеке ғимараттың бірінші қабатында орналасуы тиіс, оның балалар алаңы үшін жанама территориясы болуы міндетті. Сонымен қатар паркингтің болғаны да дұрыс (бірақ балалар алаңынан алыс болуы керек).

Жекеменшік балабақша үшін ғимаратқа қойылатын ерекше талаптар. Топтарға арналған ғимарат алаңдары: шешінетін жер (қабылдау) – алаңы 18 м²-ден кем емес; ойнайтын бөлме – алаңы 50 м²-ден кем емес (ясли топтары үшін 1 балаға 2,5 м²-ден кем емес, мектепке дейінгі топтарда 2,0 м²-ден кем емес деген есеп бойынша); буфет - алаңы 10 м²-ден кем емес; ұйықтайтын бөлме –алаңы 50 м²-ден кем емес; (ясли топтары үшін 1 балаға 1,8 м²-ден кем емес, мектепке дейінгі топтар үшін - 2 м²-ден кем емес деген есеп бойынша); дәретхана – алаңы 16 м²-ден кем емес (ясли топтары үшін 1 балаға 0,8 м²-ден кем емес деген есеп бойынша).

3. Құрал-жабдықтар. Балалар үшін шағын балалар жиһазы - үстелдер, орындықтар, кереуеттер, шкафтар; балалар ойыншықтары, балалар алаңдары, спорттық жабдықтар, кеңсе заттары, үлкен теледидар және т.б.

4. Технология. Балабақшаға балалар 3 жастан бастап қабылданады, топтар жас бойынша қалыптасады. Топтарда 12-ден артық бала болмауы керек. Қызметі мен бос уақыты жұмыс күнінің басынан басталады – сағат 8 ден ең «соңғы балаға» дейін, 4 рет тамақтанады, ойындар мен сабақтар, серуендеу, күндізгі ұйқылары мен бос уақыттары ұйымдастырылады.

Тамағына таңғы ас, түскі ас, бесіннен кейінгі ас және кешкі ас кіреді. Барлық азықтың сапасы жоғары, белгілі бір дәрумендер құрамы болуы керек және балалар ерекшеліктерінің ескерілуі (аллергиялық реакциялар және т.б.) тиіс, ас мәзірі әр маусымға құрылады.

Балабақшаның дағдылы міндетті шарты – бұл балалардың күндізгі ұйқысы, (13.00-15.00), себебі ол мықты денсаулық пен жақсы дамуды қамтамасыз етеді.

Дамытатын ойындар, үйірмелер мен дене қозғалыстарын жүргізуге арнайы әдістемелер жасалуы керек (жаттығу, спорт ойындары). Жарыстар, театрға, жануарлар мен құстар көрмесіне және т.б. баруды ұйымдастыру ұсынылады. Балалар мерекесін және ертеңгіліктер ұйымдастыру (ата-аналар келісімімен) құпталады.



Қызметтер кешені. Балаға қарау мен білім беру және оларды тәрбиелеудің толық кешені ұсынылады. Сондай ақ әртүрлі қызметтер түрі мен формасын ұсынуға болады: жыл бойғы тәртіп; үйірмелер мен білімнің көптеген түрлері: математикаға, логикаға және т.б. оқыту. Эстетикалық даму - ырғақ, музыка, би, бейнелеу, ән; балалар мерекесін және ертеңгіліктер өткізу; қуыршақ театрына, драма театрындағы балалар спектакліне баруды ұйымдастыру; жануарлар мен құстар көрмесіне баруды ұйымдастыру.

Бұның барлығы, әдетте, ата-аналардың тілегіне орай жасалады.



5. Қызметкерлер. Педагогтар (тәрбиешілер), медицина қызметкерлері, менеджер, қызмет көрсету жұмысшылары (мәселен ас үй), көмекші қызметкерлер (күтуші, жинаушы және т.б.), күзетші.

6. Сату. Балабақшаның қызметін табысы жоғары (орташасы да болуы мүмкін) қызметкерлер, сондай ақ ауқатты отбасылар мен бизнесмендер пайдаланады. Бұл жобада жұмыс кестесінің икемділігі мен әр балаға жеке күтімнің болуы басты рөл атқарады. Ауқатты қызметкерлер, өз баласының қамын ойлайтындар мемлекеттік мекемелерде бос орындардың болмауына байланысты міндетті түрде жекеменшік балалар бақшасының қызметін пайдаланады.

7. Болжамды есептеулер.

7.1. Шығыстар:

Сіз он балаға арнап балабақша аштыңыз делік (ясли тобы).



  • ғимаратты жалға алу – 120-130 м² * 800-1 000 теңге = ай сайын 96 000-104 000 теңге (өз ғимаратыңыз болмаса).

  • балабақша ашуға лицензия алу 10 АЕК * 1 413 теңге = 14 130 теңге.

  • балалар жиһазы (үстел + орындық) – 10 кісіге * 12 000 теңге = 120 000 теңге.

  • балалар керуеті – 10 тал * 10 000 теңге = 100 000 теңге.

  • ойыншықтар – 30 000 теңге.

  • асүйге арналған жабдықтар (плита, ас үстелі, тоңазытқыш, ыдыс-аяқ және т.б.) – 100 000-110 000 теңге.

  • қызметкерлер жалақысы (1 тәрбиеші, 1 күтуші, 1 аспаз, 1 асүй жұмысшысы, жинаушы және кезекші тәрбиеші) – ай сайын 250 000-260 000 теңге.

  • азық түлік - ай сайын 90 000-100 000 теңге.

Барлығы: шамамен 800 000  теңге. Ескеретін нәрсе, шығыстардың 50%-ға жуығы бір реттік шығыстар.

7.2. Табыс:

Жекеменшік балабақшаның бағасы бір балаға айына 40 000 - 45 000 теңге * 10 балаға = ай сайын 400 000 теңге.

Осылайша бизнестің өзін өзі ақтау мерзімі 3-4 айды құрайды.

Ескеретін жайт, бүгінгі күні барлық жерде «Балапан» бағдарламасы жүзеге асуда, ол мемлекеттік-жекеменшік әріптестігін ұсынады. Сондықтан, жекеменшік балалар бақшасының қызметіне жүгінген ата-аналар осы бағдарламаның қатысушысы бола отырып, ай сайын балабақша төлемінің бір бөлігін ғана өтейді де, ал қалған бөлігін жергілікті әкімдіктер төлейді. Мәселен, егер Астанада жекеменшік балабақшаның қызметтері 35 000 теңге болса, онда ата аналары ай сайын 25 000 теңге төлейді, ал мемлекет атынан әкімдіктер қалған 10 000 теңгені өтейтін болады. Бұл мемлекеттік балалар бақшаларында орынның жетіспеуі кезінде ата-аналар үшін жақсы балама болып табылады.



8. Пайдалы сілтемелер:

http://www.bi-plan.ru/catalog/uslugi/biznes_plan_detskogo_sada/

http://www.slotos.ru/detskij_sad.html

http://www.e-ideas.ru/idea-258.html

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «жеке меншік балабақша» және т.б. кілт сөздерді теру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет