БАҒдарламасы ырғыз, 2011 жыл мазмұны рет саны


ЖҚБ – Жер қатынастары бөлімі ЖҚжӘББ – Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлімі



бет10/15
Дата16.06.2016
өлшемі1.33 Mb.
#139796
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

ЖҚБ – Жер қатынастары бөлімі

ЖҚжӘББ – Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлімі


МжТДБ – Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

БДШжСБ – Білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі


СҚҚжҚБ – Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі

АШжВБ – Ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімі


ҚБ – Қаржы бөлімі

ЭБЖжКБ – Экономика , бюджеттік жоспарлау және кәсіпкерлік бөлімі


ТКШЖКжАЖБ- Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі






  1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ





Атауы

Ырғыз ауданының 2011-2015 жылдарға Ауылдық аумақты дамыту Бағдарламасы

Әзірлеуге негіздеме

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы «Нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесін енгізу жөніндегі тұжырымдама туралы» №1297 қаулысы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы "Мемлекеттiк жоспарлау жүйесі туралы"№827 Жарлығы

Өңірдің негізгі сипаттамасы

Ырғыз ауданы Ақтөбе облысының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. 41,5 мың шақырымды қамтыған ауданның аумағы Ақтөбе облсының жерінің 13,7% алып жатыр.Халқының тығыздығы 1 шақырымға 0,3 адамды құрайды. Солтүстік шығысында Қостанай облысымен, шығысында Қарағанды облысымен, оңтүстігінде Қызылорда облысының Арал ауданымен,оңтүстік батысындаАқтөбе облысының Шалқар ауданымен,солүстігінде Әйтеке би ауданымен шектеседі. Аудан тұрғындарының саны 14,8 мың адам. Ауданның құрамында 7 селолық округ, 20 елді мекен бар. Ауданның орталығы –Ырғыз селосы, тұрғындарының саны -5,5 мың адам.

Ауданның экономикасының негізгі бағыты-ауылшаруашылығы өнімдерін, оның ішінде мал өнімдерін өндіру.



Бағыттары

  • Өңірдің экономикасының дамуы;

  • Әлеуметтік саланың дамуы;

  • Инфрақұрылымдық кешеннің дамуы;

  • Өңірдің аумақтық ( кеңістіктік) дамуы;

- Жергiлiктi мемлекеттік басқару және өзiн-өзi басқару жүйесінің дамуы;

Бағдарламаның мақсаттары

  • Тұрғындардың тұрмыс сапасының деңгейiн жоғарылату, сапалы әлеуметтiк қызмет түрлерiнiң барлық түрлерiмен қамтамасыз ету.

  • Тұрғындардың тiршiлiк әрекетi үшiн үйлестiрiлген энергетикалық дамыту, инженерлiк, көлiк, су шаруашылық инфрақұрылымның қамтамасыз етуi және қолайлы орта жасау.




Міндеттері

-Аграрлық-өнеркәсiптiк кешенді дамыту;

-Жағымды бизнес-орта қалыптастыру және отандық өнім

сапасын көтеру;

-Тұтынушыларды сапалы коммуналды қызметтермен қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесін жетілдіру және тиімділігін арттыру;

-Аудан елді мекендерімен аумақтық құрылысын тиімді дамыту;

-Қоршаған ортаның ластануын азайту және табиғатты қалыпты жағдайда үстау

-Ауыл тұрғындарының өмір сүру жағдайларын жақсарту;


  • Гендерлік теңдікті нығайту

-Аудан әкімі аппараты жұмысының тиімділігін және нәтижелілігін арттыру;

- Жергілікті бюджеттің кірістер түсімдерінің, бюджеттік бағдарламалардың атқарылуы және мақсатты трансферттердің тиімді ппайдаланылуының мониторингін жүргізу;

-Мемлекеттік басқарудың нәтижеге бағдарланған жаңа жүйесін енгізу .


Iске асыру кезеңдерi

1 –кезең –аралық- (3жыл) - 2011-2013 жылдар - бiрiншi кезектегi және дағдарысқа қарсы шаралардың iске асырылуы.

2-кезең- қорытынды - (2 жыл) - 2014-2015 жылдар – бағдарламада көзделген міндеттерді жүзеге асыру жәнеауданның ары қарай әлеуметтiк-экономикалық дамуы үшiн міндеттерінің негiзін жоспарлау.




Нысаналы индикаторлары

  • Аграрлық сектордағы еңбек өнімділігі көлемінің 2015 жылға қарай 1,5 есе өсіру;

  • 2015 жылы жұмыссыздық деңгейін 5,0%-ке дейін (2009ж. – 6,0%) төмендету;

  • 2015 жылға дейін 2 селолық округтердің бас жоспарларын әзірлеу;

  • Тұрғындардың орташа өмір сүру ұзақтығы 2015 жылы 70,1 жас (2009ж. – 68,2 жас);

  • 1000 адамға шаққанда жалпы өлім көрсеткішін 2015ж. – 7,62% дейін төмендету (2009ж. – 8,49%);

  • Жалпы білім беретін мектептердің ішінде арнайы білім беруге жағдай жасалған мекемелердің үлесі, олардың жалпы саны 2015ж. - 10% (2009ж. – 5,0%);

  • 2015жылы мектепке дейінгі тәрбиемен 100,0% қамту (2009ж-91,6%) жеткізу;.

  • Ауылдық елді мекендердің жалпы санының 40 пайызын орталықтандырылған сумен қамтуға жету

  • 2015 жылға село, ауыл тұрғындарының 41,3 % табиғи газбен қамту;



Қаржыландыру көздері мен көлемдерi

Қаржыландырудың көздерi: республикалық және жергiлiктi бюджет, инвесторлардың жеке қаражаты, несие.
Қаржыландырудың көлемдерi:

2011 жыл–441,55

2012 жыл–785,2

2013 жыл– 905,9

2014 жыл–

2015 жыл–

Барлығы 2132,65 млн. тенге.





2. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ



2.1.Өңірдің жай-күйінің оң және теріс тұстары, сондай-ақ олардың елдің дамуының әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына әсерін бағалау;

2009 жылы ауданның әлеуметтік экономикалық дамуының негізгі бағыты Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арнаған «Дағдарыстан –жаңару мен дамуға» Жолдауында көрсетілген бағыттарына сәйкес болды, онда Мемлекет Басшысы белгілеген негізгі басымдықтар: бюджет қаражаттарын қатаң түрде үнемдеу, тұрғындарды жұмыспен қамту, қаржы саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету, экономиканы одан ары жаңғырту, дағдарыстан кейнгі даму жоспарын әзірлеу болатын.

Сондықтан жергілікті атқарушы органдардың бірінші кезектегі міндеті-дағдарыстың салдарын азайту, оның тұрғындарға әсерін төмендету, әдеуметтік-экономикалық дамудың тұрақтылығын қамтамасыз ету болды.

2009 жылы ауданның экономикалық даму көрсеткіштері барлық салалардағы негізгі индикаторлардың елеулі өсуімен сипатталды.

2009 жылы 2008 жылға қарағанда өнеркәсіп өнімдерінің нақты көлемі индексі 115,6 %, ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 104,4% құрады. Негізгі капиталға инвестициялар 70,6% өсті, бюджетке жиналған салық басқа төлемдердің жалпы көлемі 14,9%, соның ішінде жергілікті бюджет кірістері 10,7 % орындалды.

Инфляциялық процестерді тежеу мақсатында жұмыстың негізгі бағыты ішкі нарықты негізгі азық-түлік тауарларының түрлерімен қамтамасыз ету, өнім өндірісі бойынша жеке қуаттарын дамыту болды.

Жүргізілген жұмыс тұрғындарды негізгі азық-түлікпен қамтамасыз етуді елеулі жақсартуға және бұл өнімдерге бағаның негізсіз өсуіне жол бермеуге ықпал жасады.

2009 жылдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 6990,6 млн.теңгені құрады немесе 2008 жылғы деңгейге 170,6 %. 2009 жылы жалпы құны 567,9 млн.теңге тұратын 8 жоба аяқталды.



Халқы мен аумағы. Ауданның әкімшілік-аумақтық бөлінісі 20 елді мекенді қамтитын 7 селолық округтен тұрады. 2010 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша аудан халқының саны- Ақтөбе облысы статистика Департаментінің мәліметі бойынша 15,8 мың адам, халқының саны жөнінен Ақтөбе облысында ең төменгі орында.

Ақтөбе облысының дамуындағы Ырғыз ауданының жағдайы. Ырғыз ауданының экономикасы –ауыл шаруашылығына негізделген. Ауылшаруашылығында өндірілген өнімнің жалпы көлемі 4,0 млрд.теңгені құрады, немесе 2008 жылмен салыстырғанда өсім 4,6 % көрсетті. Бұл салада өндірілген өнім көлемі облыстың көрсеткішінің 4% құрайды.

Өндірілген өнеркәсіп өнімінің көлемі 2009 жылы 205,1 млн.теңгені құрады, бұл облыстың көрсеткішінің 0,02 % құрайды. Өнеркәсіп өнлірісінің негізгі бөлігін ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу өнімдері құрайды, 2009 жылы 438 тонна ет, 6 тонна сүт өңделген, 62 тонна нан өнімдері шығарылған, бұл облыстың көрсеткішінің ет өнімінен 7,6%, сүт өнімінің 0,03 %, пісірілген нанның 0,2 %.

Ауданның әлеуметтік –экономикалық жағдайы бірқалыпты, және қолайлы өсуде. Бұны демографиялық саладан да байқауға болады, бала туу көрсеткіші жоғарлап, өлім көрсеткіші төмендеген.

Тұрғындардың механикалық қозғалысы атап айтқанда төмендетілген. Адамдардың өмір сүру көрсеткіші жоғарылап, айлық жалақысы өскен. Кедейлік индексі 2008 жылғы 5,7% ден 3,0% -ке төмендеді, дегенмен облыстың орташа көрсеткішінен әлі де жоғары болып қалып отыр.

Көлiк инфрақұрылымы жеткiлiксiз дамыған болып табылады, себебі жолаушы және жүк тасымалы тек автокөлік жолдары арқылы жүзеге асырылып келеді.

Инвестициялық қызмет. 2004-2009 жылдар арасындағы мерзiм ішінде 10,9 млрд.теңге инвестиция, оның ішінде 2009 жылы 6,9 млрд. тенге инвистиция салынды, 2004 жылмен салыстырғанда бірнеше есеге артқан. 2009 жылы тартылған инвестицияның үлесі облыс бойынша көрсеткіштің 3,6 % құрайды.

Осы жылдары ауыз сумен қамтуға 673,9 млн.теңге, білім беру саласына 492,1 млн.теңге, денсаулық сақтау саласына 58,2 млн. теңге, тұрғын үй құрылысына 120,3 млн.теңге, инженерлік инфрақұрылымды дамытуға 55,9 млн.теңге, жергілікті көпірлер мен аэропорт құрылысына 165,9 млн.теңге, өзге де 833,7 млн.теңге, республикалық жолды қайта жарақтандыруға 8752,8 млн.теңге бағытталды.

2009 жылы тартылған инвестицияның 5,8 млрд.теңгесі (84%) республикалық бюджет қаражаты есебінен, 0,4 млрд.теңгесі (5,9%) жергілікті бюджет қаражат есебінен және 0,7 млрд.теңгесі (10,1%) жеке қаражаттар есебінен болды.

Бюджеттік инвестицияға білім беру саласында Аманкөл ауылында 180 орындық орта мектеп құрылысы аяқталды, денсаулық саласында Қалыбай аулында медициналық пункт құрылысы, ауыз сумен қамту саласында Құрлыс селосына су құбыры құрылысы жүргізілді. «Ырғыз-Тельман-Коминтерн» магистралды су құбырын жарақтандыру жұмысы жақын күндері аяқталады, жолдарға қатысты «Ырғыз-Нұра» бағытындағы көпірді қайта жарақтандыру, ауылшаруашылығында Құмтоғай селосында мал өлімтіктерін көметін шұңқыр құрылысын салу жобалары жүзеге асырылды. “Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерватының” әкімшілік ғимараты құрылысы салынуда.Инвестицияның негізгі бөлігі (80,0%) Самара-Шымкент тасжолының Қарабұтақ –Ырғыз учаскесін қайта жарақтандыруға бағытталған



Аймақтық қаржылық нарықтық инфрақұрылымы жайлы. Ауданда екніші деңгейдегі банктер филиалы тіркелмеген. Сол себептен, ауданның ШОК субъектілері 2009 жыл ішінде екінші деңгейдегі банктерден несие қаражаты алынбаған.

Несие қаражатымен қамтамасыз етуде 2 микрокредиттік ұйым тіркелген, 2010 жылдың 9 айында 11,1 млн.теңге тұратын 25 жоба, селолық кредиттік серіктестік арқылы 10,5 млн.теңгенің жобасы қаржыландырылған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет