БАҒдарламасы ырғыз, 2011 жыл мазмұны рет саны


Өңірдің экономикалық дамуы



бет11/15
Дата16.06.2016
өлшемі1.33 Mb.
#139796
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

2.2.1. Өңірдің экономикалық дамуы

Жалпы өңірлік өнім


Ауданның жалпы өңірлік өнімінің көлемі (ЖӨӨ) 2007 жылы 3,0 млрд.теңгені, 2008 жылы 3,4 млрд.теңгені, 2009 жылы 3,6 млрд.теңгені құрады.

2 Кесте – Ырғыз ауданының ЖӨӨ нақты индексі



2007 ж

2008ж

2009ж

104,0

113,3

105,8

1 кестеде көрсетілгендей, ауданның ЖӨӨ өсімінің нақты индексі 2009 жылы 2008 жылға қарағанда төмендеген, оның басты себебі өнеркәсіп өнімдерінің көлемі төмендеуінен болды.

2009 жылы ЖӨӨ құрылымында ауылшаруашылығының үлесі 72,8%, өнеркәсіп өнімдерінің үлесі 5,6% құрады.

2009 жылы ЖӨӨ-нің құрылымында ауылшаруашылығы өнімдерінің көлемі 2662,1 млн. теңге, өнеркәсіп өнімі 205,0 млн.теңге, құрылыс 249,0млн.теңге, сауда 433,0млн.теңге, көлік және байланыс 54,0 млн. теңге, басқалай тауарлар,қызметтер 50,0 млн.теңге болды.

Өнеркәсіп


2009 жылы 2008 жылға қарағанда өнеркәсіп өнімдерінің нақты көлемі индексі 115,6 %, ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 104,4% құрады.

2010 жылдың болжамы бойынша өнеркәсіп өнімдерін өндіру 0,6 %-ке артады.

Өнеркәсіп өнімдерін өндіруде ауданның үлесі облыста 0,02% құрайды. Ауданның өнеркәсіп өнімінде негізгі үлесті өңдеу өнеркәсібі, оның ішінде тамақ өнімдерін өңдеу өнімдері құрайды. Бұл салада ет өнімдерін өндіретін 24 кәсіпорын , ауыз су өндіретін 1 кәсіпорын жұмыс жасайды.

Өнеркәсіп саласында жұмыс жасап тұрған өндіріс орындарын қайта жарақтандыру, жаңғырту, технологиялық қайта жарақтандыру және мамандандыру негізінде өндірісті әртараптандыру жалғастырылады.


Индустриалды инновациялық даму


2010 жылы 4 мал сою алаңы құрылысы салынды.

Қызылжар селолық округі Шеңбертал ауылдық елді мекенінде «Ізмағанбет-Қожа» ауылдық тұтыну кооперативі, жобаның құны 2,0 млн.теңге;

Құмтоғай селолық округі Қарақұдық ауылдық елді мекенінде «Алтын-Әсел» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, жобаның құны-2,0 млн.теңге;

Тәуіп селолық округі Құйлыс ауылдық елді мекенінде «Сер-мақ» шаруа шаруашылығы,жобаның құны-2,0 млн.теңге;

Нұра селолық округі Мамыр ауылдық елді мекенінде «Құмкөл» шаруа шаруашылығы, жобаның құны 2,0 млн.теңге.
Негiзгi қорлардың жағдайы.

Аудандағы мүліктің жалпы құны 1 млрд.228 млн.теңге, құрамы бойынша бюджеттік ұйымдар мен мекемелерде 28%, мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарда 26%, шаруашылық субъектілерінде 38%, ауылшаруашылығы құрылымдарында 9%, жеке кәсіпкерлерде 3%, жеке тұлғаларда 6%.

Кәсiпорындар көбiнесе ескі мүліктермен жабдықталған, жаңадан жабдықтар алу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Агроөнеркәсіптік кешен


Бүгінгі таңда ауданның агроөнеркәсіптік кешеніндегі жағдай өндірістің тиімді өсімімен, ауылдағы қаржы қызметі нарығының дамуымен, ауыл халқының өмір сапасының жақсаруымен сипатталады.

2009 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 4 млрд.41 млн. 700 мың теңгені немесе нақты көлем индексі 104,6 пайызды құрады.

Жыл сайын ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестициялар артуда. 2008 жылы инвестиция салу 54 млн. 809 мың теңге, 2009 жылы 56 млн. 701 мың теңге инвестиция тартылды.

Ауданның ауыл шаруашылық жер көлемі 3425,6 мың гектар, оның ішінде 2009 жылы пайдаланғаны 506,8 мың гектар, немесе 14,8 пайызы ғана. Ауыл шаруашылығы жайлымдық жердің пайдаланбай тұрғаны 2889,6 мың гектар, немесе 85,5 %, шабындық пайдаланбай тұрғаны 29,2 мың гектар немесе 59,9% яғни мал шаруашылығын әрі қарай дамытуға ауданның потенциалы жоғары.

Аудан бойынша 2009 жылы ауыл шаруашылығы құрылымдарының саны 205, оның ішінде 24 жауапкершілігі серіктестігі, 19 өндірістік кооперативі, 162 шаруа қожалықтары жұмыс жасады. Өткен 2008 жылмен салыстырғанда 2 бірлікке шаруашылық саны өсті.
Өсімдік шаруашылығы. Аудан бойынша 2009 жылы 162 га картоп, 59,4 га көкөніс, 81,6 га жерге бақша, барлығы 303 га алқапқа суармалы бау- бақша егілді. 2008 жылмен салыстырғанда 5,9 пайызға артты. Егілген картоптан 1153 тонна өнім жиналды, бұл көрсеткіш 2008 жылмен салыстырғанда 100,9 % құрады, ал көкөніс 274 тонна жиналды немесе 115,6 % құрады. Екпелі шөппен айналыспай отыр.Аудан тұрғындарына ішкі қажеттілігіне 980 тонна картоп қажет болса, қамтамасыз етілуі 190,1%, 1260 тонна көкөніс қажет болса қамтамасыз етілуі 55,5% құрады. Қажетті картоп көкөністер дүкен склатарында, бала бақша, аурухана қоймаларында сақталады.

1999-2009 жылдардағы егіс алқабының құрлымы

га


жылдар

барлық егіс алаңы

оның ішінде

картоп

көкөніс

бақша


1999

246,7

132,1

51,8

62,8

2000

296,6

162,8

49,2

84,6

2001

313,5

173,9

51,4

88,2

2002

302,7

170,8

50,3

81,6

2003

285,0

155,1

48,0

81,9

2004

296,0

157,0

52,7

86,3

2005

257,6

140,6

41,7

75,3

2006

286,1

150,1

50,0

86,0

2007

286,3

150,1

50,2

86,0

2008

286,0

150,0

50,0

86,0

2009

303

162

59,4

81,6

Жергілікті бюджет есебінен ауыл шаруашылық құрылымдарына және жеке тұрғындарға картоп тұқымын, жанар-жағар май алу үшін 34 ауыл шаруашылығы құрылымына 1 млн. 560 теңге, 66 жеке азаматтарға 1 млн. 140 мың теңге, барлығы 2 млн. 700 мың теңгенің қаражаты бөлінді

Аудан бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 2009 жылы 4041 млн.700 мың теңге, 2008 жылмен салыстырғанда 4,6% өсті. Оның ішінде мал шаруашылығы саласында жылма жыл жоғарғы нәтижеге жетуде, Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемінің 58 % құрайды.

Машина-трактор паркі

Ауданда 15 жылдан астам уақыттан бері машина-паркі жаңармаған техникалардың 80-85 пайызының тозығы жеткен. Физикалық тозумен бірге машиналардың моральдық ескеруі байқалады. Машино-трактор паркін толық жабдықтау үшін ауылшаруашылығы құрлымдарында қаражат жетіспейді. Ауданда құрылған жалғыз «МТС» өндірістік кооперативі ауыл шаруашылық құрылымдарына түрлі ауыл шаруашылық науқандары өндірістік мәселелерді шешуге, сондай ақ жөндеу, сервистік қызмет көрсетуге тиіс болатын Алайда «МТС» өндірістік кооперативі материалдық-техникалық базасының нашарлығынан, машина –трактор паркін жаңартуға және айналым қорын толықтыруға экономикалық көмектің көрсетілмеуі басты себеп болып отыр. «МТС» өндіріс кооперативі 2009 жылы 4100,0 мың теңгенің қызметін қорсеті.

Меншіктің барлық түрлері бойынша мал басы өсіп мал шаруашылығы өнімдері артуда.

2009 жылы ет өнімі барлық категориялар бойынша 5780,3 тоннаға өсті, 2008 жылмен салыстырғанда (329,5.тонна) 6,0%, сүт – 8900 тонна (100 тонна) 1,1 %, жұмыртқа – 1000,0 мың дана, жүн – 149,4 тонна (14,5 тонна) 10,7 %-ке, 2005 жылмен салыстырғанда ет - (2503,6 тонна) 76,4 %, сүт – (1019,7 тонна) 12,9 %, жүн – (45 тонна) 43,1 % өсімді көрсетті.

Мал шаруашылық саласында шаруашылықтардың барлық санатында 2009 жылы малдар мен құстар санының өсуі 2008 жылмен салыстырғанда мүйізді ірі қара - 29434 бас, немесе 1,8 %-і; қой-ешкі - 105942 бас, немесе 2,3 %-і; жылқы – 5373 бас, немесе 3,9 %-і; түйе – 1010 бас, немесе 2,6%-і; Құстар –7250 басқа, немесе 3,3%-і құрады.

2009 жылы мал басы мүйізді ірі қараның жеке қожалықтардағы 23660 бас) 80,4%-ін, ауыл шаруашылығы заңды тұлғаларда – (1759 бас) 6,0%-ін, шаруа қожалықтарында–(4015 бас) 13,6%-ін;

қой-ешкі– жеке қожалықтарда (67075 бас) 63,3%-ін; ауыл шаруашылық заңды тұлғаларда (17699 бас) 16,7%-ін; шаруа қожалықтарында (20917 бас) 19,7 %-ін;

жылқы – жеке қожалықтарда (3015 бас) 56,1%-ін; ауыл шаруашылық заңды тұлғаларда (1264 бас) 23,5%-ін; және шаруа қожалықтарында (1094 бас ) 20,3%-ін;

түйе – жеке қожалықтарда (838 бас) 83 %-ін; ауыл шаруашылық заңды тұлғаларда (16 бас) 1,6 % -ін және шаруа қожалықтарында ( 156 бас) 15,4 %-ін,

құстар – жеке қожалықтарда (7250 бас) 100,0 % үлесін құрайды.

2009 жылы мал өнімінің өнімділігі 2008 жылмен салыстырғанда ұлғайды, жұмыртқа 1 мекиенге шаққанда орташа – 152 дана немесе 1,6% өсім ( 2008 жылы 159,2 дана), 1 қойдан қырқылған жүн орташа 1,92 кг 1,0 % өсім (2008 жылы 1,9 кг), 1 сиырдан алынған сүт орташа – 897 кг 2,7% өсім (2008 жылы 873 кг).

Мал басын асылдандыру мақсатында ауданда 6 селолық округте аналық сиырды қолдан ұрықтандыру пунктері жұмыс жасайды. 2009 жылы 700 бас сиыр малы қолдан ұрықтандырылып, 2008 жылмен салыстырғанда 7,3%-ке өсті.

Аудан мал шаруашылығымен айналысуына байланысты ет клластрі жасалынады. 2010 жылы «Сер-Мак» шаруа қожалығы Құйлыс селосынан, «Уәлі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Нұра селосынан, «Барыс-62» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Құрлыс селосынан, «Алтын-Әсел» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қарақұдық селосынан өз жеке қаражаттар есебінен мал сою алаңдарын салды. Ырғыз селолық округінен «АгроОдақ-Ырғыз» ауылдық тұтыну кооперативі несие қаражатын алу арқылы бұрынғы ет комбинатын шағындап қайта жасақтап іске қосты.

Сонымен қатар мал тұқымын асылдандыру жұмысын дамытуда қазақтың жартылай қылшықты жүнді Ақтөбе типін өсіру бағытында «Алтын - Әсел» ЖШС-і асыл тұқымды қой өсіретін шаруашылық статусын алып жұмыс жасауда. 2010 жылдың 1 қаңтарына серіктестің асыл тұқымды 292 бас қошқары, 4300 бас саулық қой бар, аудандағы асыл тұқымды малдың пайыздық үлес салмағында 4,3%-ін құрайды.



Мал азығы.

Аудандағы ауыл шаруашылығы құрлымдары мен үй шаруашылықтарында мал үшін шабындықтың 40%, жайлымның 14,5% пайдалануда.


Пайдаланудағы жайлымдық және шабындық жерлер

Аудан


Алаңы (мың. га)

оның ішінде пайдаланылудағы

Пайдалану %

Шабын-дық

Жайлым-дық

Шабын-дық

Жайлым-дық

Шабын- дық

Жайлым-дық

Ырғыз

17,7

684,2

5,6

144,0

31,6

21.0

Аманкөл

8,7

407.2

6,0

58,7

68.9

14,4

Қызылжар

10,3

364,6

5,1

72,4

49,5

19.8

Құмтоғай

3.6

362,8

1,5

124.1

41.6

34.2

Нұра

1,2

405.3

0,7

7.5

58,3

14.3

Тәуіп

1.9

343.8

0,2

56,9

10,5

16.5

Жайсаңбай

5,3

809,0

0,4

23.7

7.5

0.9

Жиынтығы

48,7

3376,9

19,5

487,3

40.0

14.4


Ветеринария. Ветеринария саласында аудандағы эпизоотиялық қолайлылық және мал шаруашылығы азық-түлік-түрлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілді.

Адамдар мен жануарлар арасында аурулардың таралмауының алдын алу мақсатында мал өлекселерін көметін орын 2008 жылы Ырғыз елді мекенінде 1, 2009 жылы Құмтоғай елді мекенінен 1 салынды. Аудан бойыша әлі 18 елді мекенге мал өлекселерін көметін орнын салуды қажет етеді. Аудан көлемінде жыл сайын мерзімінде қабаған итерді, ауру малдарды жою шаралары алынуда.

Аудандағы негізгі бағыт-эпизоотияға қарсы ветеринарлық-профилактиалық шаралар мен диагностикалық зерттеулер арқылы мал өнімін қауіпсіз сапаға келтіру.

2009 жылы республикалық бюджеттен мал ауруларының диагностикалық шараларын жүргізуге 8 млн. 841 мың теңге, аса қауіпті және жұқпалы мал мен құс аурулары қарсы ветеринарлық-профилактиалық шаралар жүргізуге 11 млн. 667 теңге бөлінді. 2010 жылы осы бағыттарға 26 млн. 335 мың теңге, аудандағы жергілікті атқарушы органдардың ветеринария мамандарын ұстау мен олардың материалдық техникалық базасын нығайтуға 9,5 млн. теңге бөлінді.



Мамандармен қамтамасыз ету

Агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытуда ең басты қажеттілік жоғары білімді мамандармен қамтамасыз ету болып табылады. Қазіргі уақытта жоғары және арнаулы орта оқу орындарында мамандарды даярлау төменгі деңгейге түсіп кетті.

Аудан экономикасының деңгейі мен қарқынды дамуында, халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуде, ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру мен өңдеу басты сала болуда.

Сол себептен, аумақтық бағдарлама мәселесін орындауда ең бірінші кезекте төмендегі қажеттіліктерді шешу керек:

1.Ауданда агроөнеркәсіп кешенін жолға қоюда қазіргі кезде төмендегі мамандар мен жұмысшыларды дайындау:

-жоғары біліммен: инженер-технолог (сүт, ет, балық өңдеу, тері илеу), инженер-механик, мал дәрігері және т.б.

-арнаулы орта біліммен: ауылшаруашылығы техникаларын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі техник-механик, азық-түлік жөніндегі технолог маман және т.б.

-жалпы мамандығы бар жұмысшылар (тракторист-машинистер, автокөлік жүргізушілері, электриктер, слесарлар және т.б.)

2.Ауылшаруашылығы құрылымдарында штат бірлігінің болмауына және материалдық-техникалық базаларының нашарлығына байланысты ауылшаруашылығы колледжін бітірген мамандардың жұмысқа орналасуы қиындық туғызып келеді.

АӨК инфрақұрылымдарының дамуы

Аудан бойынша 4 ауылдық тұтыну кооперативтері құрамында 11 ауыл шаруашылығы құрылымдары, 44 жеке тұлға есебінен құрылған кооперативтің иелігінде 1428 бас мүйізді ірі қара, 17914 бас қой-ешкі, 416 бас жылқы, 9 бас түйесі бар.

Ауыл шаруашылық құрлымдарын несиелендіруде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілер үшін несие алуға қол жетімдігін көрсету мақсатында «Ырғыз селолық кредиттік серіктестігі» ЖШС-гі ашылып, 2005 жылдың 1 сәуір айынан бастап өз құрылтайшыларына несие беруді бастады. 2009 жылы серіктестікке мүше шаруашылық құрылымдарының саны 20-дан 48-ге, жарғылық қоры 15 млн. теңгеден 21 млн. 942 мың теңгеге өсті. Несиелік лимиті 87 млн. 668 теңгеге ұлғайтылды. 2010 жылдың 1 қаңтарына дейін 12 шаруашылық құрылымына 27 млн. 201 мың теңге несие қаражатын алды. Селолық кредиттік серіктестігі жұмыс істей бастағанан бері 69 құрылтайшысын жалпы сомасы 130 млн. 612 мың теңге қаражатпен қаржыландырды. Серіктестіктің 48 құрылтайшысының иелігінде 271243 гектар жері, 2947 бас мүйізді ірі қарасы, 23655 бас қой-ешкісі, 1450 бас жылқысы, 95 түйесі бар.

Ауыл шаруашылық өнімін өндіріп қайта өңдеу.

Ырғыз селосынан «АгроОдақ-Ырғыз» ауылдық тұтыну кооперативі несие қаражатын алу арқылы бұрынғы ет комбинатын шағындап қайта жасақтап іске қосты. (күндік нормасы 1,5 тонна).

2010 жылы «Сер-Мак» шаруа қожалығы Құйлыс селосынан, «Уәлі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Нұра селосынан, «Барыс-62» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Құрлыс селосынан, «Алтын-Әсел» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қарақұдық селосынан өз жеке қаражаттар есебінен мал сою алаңдарын салды. Құрлыс селосынан «Ізмағанбет-қожа» тұтыну кооперативі жүнді алғашқы (ПОШ) цехын ашу мақсатында 12,0 млн. теңге несие қаражатын алу үшін «Аграрлықнесие корпарациясы» АҚ – на құжаттарын тапсырды.

Аудан бойынша 3 микрокредиттік ұйымы жұмыс істеуде. 2009 жылы «Ырғыз микрокредиттік ұйымы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 6 млн. 885 мың тенгенің несие қаражатын алып ынталандыру мөлшері 9 пайызбен мал алуға 4 кәсіпкерге 5 млн.885 мың теңге, бизнестің басқа түрлерін айналысатын 3 кәсіпкерге 1,0 млн. теңге берді.

Ауданда «Казагромаркетинг» АҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалының маманы ауыл шаруашылық құрылымдарына және басқа да мекемелелерге, ауыл тұрғындарына қажетінше маркетинг жөнінен мәліметтермен қамтамасыз етуді жүзеге асырып келеді. 2009 жылы ауыл шаруашылық тауарын өндірушілерге қызмет түрі ұсынылып, 057 бағдарламасын дамыту аясында «Агроөнеркәсіптік кешендерін ақысыз негізде ақпаратармен қамтамасыз ету» жөніндегі әртүрлі ақпараттар берілуде.

2009 жылы ауданда бейне материалдардың көмегімен «Ауылшаруашылығы кооперацияларын құру және оның тиімділігі» атты шара өткізілді.

Ауылдық ақпараттық кеңес беру орталықтарының қызметкерлерімен ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін және өндірістік кәсіпорындардан мәлімет алу сияқты жұмыстар жүргізіп келеді. Әр апта сайын ауылшаруашылық тауарын өндірушілерден бағалар жөнінде мәліметтер аудандық бөлімдер арқылы жүзеге асады.

«Казагромаркетинг» АҚ аймақ аралық «Облыс-аудан-ауыл» атты ауылшаруашылық кешендерін басқарудың біріңғай автоматты жүйесін құру керек.

Ауыл шаруашылығын дамытуда мынандай праблемалық мәселелер бар:

Өсімдік шаруашылығы бойынша

Картоп, көкөніс сақтайтын қоймалардың қазіргі талаптарға сай техникалық жабдықталмауы, өнімдерді дайындау, сақтау және өңдеудің жолға қойылмауы;

Маусымнан тыс уақытта көкөніс тапшылығы, оның бағасының өсуі.

Мал шаруашылығы бойынша

Барлық шаруашылық категорияларындағы мал санының 80 пайызға жуығы ұсақ жеке қожалықтарда, асыл тұқымды малдың үлес салмағы төмен, мал шаруашылығы процестерін механикаландыру және автоматтандыру деңгейінің өте төмендігі, ауыл шаруашылығы малдарын ұстаудың зоогигиеналық және ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкессіздігі; жемшөп базасының әлсіздігі, жұмысшылардың еңбек ақысының төмендігі, ет өнімдерінің экспортқа шығарылмауы, мал шаруашылығының дамуына тежеу блуы саланы дамытуға кері әсер етуде.

Малдың ескіинфекциялық ошақтарының (бруцеллез,туберкулез, ликоз) сақталуы; елді мекендерде мал соятын пункттердің (алаңдардың) жоқтығы және өлген малды көметін орындардың аз болуы; ауыл шаруашылығы жануарларын күткенде зоогигиеналық және ветеринарлық-санитарлық талаптардың сақталмауы; республикалық бюджеттен қаржыландырылған тізімге кірмеген аурулардың алдын алу және емдеу бойынша ветеринарлық қызмет көрсету нарығын дамытудың нашарлығы; мал денсаулығын тексеретін және емдейтін мемлекеттік ветеринарлық кәсіпорындардың болмауы, ветеринария саласы мамандары біліктілігінің арттыру мәселесі толық шешімін таппауы.

Мал шаруашылығы өнімдеріне сұраныстың аздығы, малшылардың еңбек ақысы төмен, мал басын өсіруге жер ресурстары, жайылым мен шабындықтардың 2918,8 мың га пайдаланылмай отыр.

Мал шаруашылығын дамытуға кәсіпорындардың қаражат тапшылығы, несие алуға кепілдемелерінің несие беруші мекемелерінің талаптарына сай болмауы. ҚазАгро Ұлттық басқару холдингінің талаптарына сай кәсіпкерлердің 15% мөлшердегі төлеу қабілеттілігінің болмауы, ұлттық қордан бөлінген қаражатқа қол жетпеуі.

Мал шаруашылығында жұмыс жасаудың беделі де еңбегі де, әлеуметтік жағдайының төмендігі, мал өнімдерінің өткізу нарығының тапшылығы, бағаның төмендігі.

Жайылым, шөп шабатын, мал өсіретін жерлердің толық пайдаланылмауы. Мал шаруашылығында жұмыс жұмысшы тапшылығы қол байлау тежеу факторы болып отырғаны.

3. Ауданның АӨК даму бағытының қөзқарасы

Ырғыз ауданы келешекте аумақта дамыған инфрақұрлымымен және тұрақты өмір сүру қаблетінің өсуі бойынша ең ірі ауылшаруашылық тауарын өндіретін, оны өңдейтін өңірге айналады.



Жұмыспен қамту

Аудан бойынша 2010 жылдың 1 қаңтарына 15 жастан жоғары экономикалық белсенді тұрғындар саны 7510 болды. Еңбек нарығында соңғы жылдары халықты жұмыспен қамтуда бір қалыпты өсу байқалды. Аудан бойынша жұмыссыздық деңгейі 2010 жылдың 1 қаңтарына 6,3 % құраса, 2010 жылдың жарты жылдығында жұмыссыздық деңгейі 5,9% болды. Статистикалық мәліметтер көрсетуіне сәйкес экономикалық белсенді тұрғындардың ең көп шоғырлануы Ырғыз селосына келеді . Ол аудандағы экономикалық белсенді тұрғындардың 40 %.

2010 жылдың 1 қаңтарына аудандағы жұмыспен қамтылғандар саны 7037 адам болды, одан жалданып жұмыс жасайтындар-2078, өзін-өзі қамтығандар-4959 адам.

Экономикалық белсенді тұрғындар саны бойынша ауданда ең көп экономикалық белсенді тұрғыны бар селолық округтер Ырғыз (46%),Аманкөл (14%), Қызылжар (13%). Ең көп жұмыссыздық Ырғыз селолық округіне келеді .

Жалпы аудан бойынша соңғы жылдары жұмыссыздық саны төмендеуде.

Статистикалық органдардың берген мәліметтері бойынша 2009 жылы 6,3%, соңғы 3 жылдықтағы ең төменгі көрсеткіш, 2006 жылы- 9,7, 2007 жылы 7,8 және 2008 жылы 7,1% болды.

Аудан бойынша еңбек нарығында ерекше жағдайдың бірі, оның гендерлік құрамы. Ауданның еңбек нарығында жұмыс жасайтын ерлердің саны әйелдердің санынан анағұрлым көп.Сондықтан жалпы жұмыссыздардың 82 пайызын әйелдер құрайды.

Жұмыспен қамтылған тұрғындардың өсуіне 2009 жылы 230 жаңа жұмыс орнының құрылғаны ықпалын тигізді, бұл 2008 жылғы нақты көрсеткіштің 115% құрайды.

Жаңадан құрылған және бос жұмыс орындарына 317 жұмыссыз орналастырылды, 2008 жылға қарағанда 101% , ақылы қоғамдық жұмыстарға 305 адам қатысты, 20 жұмыссыз жаңа немесе қосымша мамандықтарды иемденді.

Аз қамтылған отбасылардың әлеуметтік жағдайын жақсартуда жүргізілген шаралар нәтижесінде 2009 жылы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті 467 адам алды, немесе 2008 жылға қарағанда 348 адамға төмендеді.

Кедей және аз қамтылған азаматтардың саны 2010 жылы 147 адам , яғни 2009 жылмен салыстырғанда 320 адамға төмендеді.

2008 жылы азық-түлік себетінен төмен кірісі бар 724 отбасының 2237 баласына 27219,8 мың теңге балалар жәрдемақысы тағайындалды. 2010 жылы балалар жәрдемақысы 18 жасқа дейінгі 1902 балаға 22760 мың теңге төленеді.

Аудан тұрғындарының әлеуметтік-әлсіз тотарын қосымша қолдау мақсатында 2008 жылы жергілікті уәкілетті және атқарушы органдардың шешімдерімен жалпы сомасы 12461,7 мың теңгеге 401 азаматқа жеңілдіктер, өтемақылар және басқада қосымша төлемдер, 2009 жылы жергілікті уәкілетті және атқарушы органдардың шешімдерімен жалпы сомасы 8607,2 мың теңгеге 422 азаматқа жеңілдіктер, өтемақылар және басқада қосымша төлемдер төленді.

2010 жылы мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы негізінде 1164,2 мың теңгеге 11592 дана гигиеналық жабдық алынды. 1-топтағы 6 мүгедекке жеке көмекші тағайындалды. 23 адам сауықтыру орындарына жіберілді.


Шағын және орта кәсіпкерлік
Аудан бойынша 2010 жылдың 1 қаңтарына тіркелген ШОК субъектілер саны 452 құрайды. Оның ішінде заңды тұлға 62, жеке кәсіпкерлік 228, шаруа қожалықтары 162, 2008 жылмен салыстырғанда 28 бірлікке немесе 6.6% артты.

Белсенді жұмыс жасаушы адамдар саны -1797 адам, оның ішінде заңды тұлғаларда- 465, жеке кәсіпкерлікте-755, шаруа қожалықтарында-577, 2008 жылмен салыстырғанда 46 адамға немесе 2,6 % ұлғайды.

Кәсіпкерлікте 2010 жылдың 1 қаңтарына 561,0 млн.теңгенің өнімі өндіріліп, қызметі көрсетілді, 2008 жылмен салыстырғанда 3,4 % артты.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа онжылдық -Жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстан 2020 стратегиялық жоспарын жүзеге асыру мақсатында «Бизнес жол картасы-2020» бағдарламасы енгізілді.

Бағдарлама келесідей үш бағыттар бойынша жүзеге асырылуда:

1)Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау; (Жобаларды іске асыру үшін банктердің кредиттері бойынша пайыздық ставканы субсидиялау, банктердің кредиттері бойынша кепілдіктер беру, бизнесті жүргізуге сервистік қолдау көрсету, өндірістік инфрақұрылымды дамыту.

2) кәсіпкерлік секторды сауықтыру;

3) экспортқа бағытталған өндірісті қолдау

Бағдарлама аясында аудан бойынша:

-бизнесті жүргізуге сервистік қолдау көрсетуге «Ақсуат-1» ЖШС -0,6 млн теңгеге;

-өндірістік инфрақұрылымды дамытуға «АгроОдақ» ЖШС – 22,5 млн. теңгеге су құбыры мен электр тарату желілерін жүргізуге қаржылық агент, қатысушы банк және кәсіпкерлік субъектілер арасында субъсидиялау жөнінде келісім жасалды

Шағын кәсіпкерлікті қаржылай қолдау мақсатында 2010 жылы 18,0 млн.теңге несие берілді. оның ішінде 1 жобаға – 1,5 млн.теңге «Ырғыз-несие» МКО арқылы, 17,5 млн.теңге «Облыстық ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы.


Бәсекелестіктің дамуы

Аудандағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің 14,7 пайызы сауда саласында. Сауда саласында жұмыс жасаушылар 264 адам. Тұрғындарға қызмет көрсетіп отырған 84 сауда нүктесі бар, оның ішінде 82 дүкен, 2 базар. 15- қоғамдық тамақтану, 19 -басқалай қызмет көрсетулер.

Аудандағы бизнестің тартымды салалары тұрмыстық қызметтер, бөлшек сауда, ауыл шаруашылығы. Құрылыс, туризм салаларында кәсіпкерлік тиісті түрде дамымай отыр.

Ауданда негізгі тауарлардың бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында аудан әкімдігінің қаулысымен тұрақты жұмыс істейтін аудандық штабы құрылды.

Тұтыну рыногындағы бағаны тұрақтандыру жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін аудандық штаб функциясында мына мәселелерді қарау және шешу көзделеді.

-ауданның тұрғындарын азық-түлікпен және тамақ өңдеу өнеркәсібіне арналған шикізаттармен тұрақты қамтамасыз ету;

-ауданда ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындаудың, сақтаудың және өңдеудің дамыған ірі жүйесі бар ірі көтерме азық-түлік рыноктарын құруды ұйымдастыру;

-сауда инфрақұрылымдары, автокөліктері, қаржы ресурстары бар жергілікті кәсіпкерлер санатынан жеміс-көкөніс өнімдерін сатып алу және өткізу жөніндегі іс-шараларға қатысушыларды анықтау;

- көтерме және бөлшек сауда орталықтарындағы негізгі азық түлік тауарларына мониторинг жасап отыру;

- апталық қор көлемін қадағалау:

Жыл ішінде негізгі азық түлік тауарларының бағаларын негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында 3 меморандум жасалды.

Аудан әкімі жанындағы сараптамалық кеңесте «Рұқсат беру рәсімдерін оңтайландыру және қайта қарау жөнінде жұмыс тобын құру» мәселесі бойынша 2 отырыс өткізілді. Барлығы 5 мемлекеттік органнан көрсетілетін әкімшілік кедергілерді азайтуда 17 қызмет түрлеріне үлгілік регламент бекітілді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет