2.1.Өңірдің жай-күйінің оң және теріс тұстары, сондай-ақ олардың елдің дамуының әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына әсерін бағалау;
2009 жылы ауданның әлеуметтік экономикалық дамуының негізгі бағыты Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арнаған «Дағдарыстан –жаңару мен дамуға» Жолдауында көрсетілген бағыттарына сәйкес болды, онда Мемлекет Басшысы белгілеген негізгі басымдықтар: бюджет қаражаттарын қатаң түрде үнемдеу, тұрғындарды жұмыспен қамту, қаржы саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету, экономиканы одан ары жаңғырту, дағдарыстан кейнгі даму жоспарын әзірлеу болатын.
Сондықтан жергілікті атқарушы органдардың бірінші кезектегі міндеті-дағдарыстың салдарын азайту, оның тұрғындарға әсерін төмендету, әдеуметтік-экономикалық дамудың тұрақтылығын қамтамасыз ету болды.
2009 жылы ауданның экономикалық даму көрсеткіштері барлық салалардағы негізгі индикаторлардың елеулі өсуімен сипатталды.
2009 жылы 2008 жылға қарағанда өнеркәсіп өнімдерінің нақты көлемі индексі 115,6 %, ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 104,4% құрады. Негізгі капиталға инвестициялар 70,6% өсті, бюджетке жиналған салық басқа төлемдердің жалпы көлемі 14,9%, соның ішінде жергілікті бюджет кірістері 10,7 % орындалды.
Инфляциялық процестерді тежеу мақсатында жұмыстың негізгі бағыты ішкі нарықты негізгі азық-түлік тауарларының түрлерімен қамтамасыз ету, өнім өндірісі бойынша жеке қуаттарын дамыту болды.
Жүргізілген жұмыс тұрғындарды негізгі азық-түлікпен қамтамасыз етуді елеулі жақсартуға және бұл өнімдерге бағаның негізсіз өсуіне жол бермеуге ықпал жасады.
2009 жылдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 6990,6 млн.теңгені құрады немесе 2008 жылғы деңгейге 170,6 %. 2009 жылы жалпы құны 567,9 млн.теңге тұратын 8 жоба аяқталды.
Халқы мен аумағы. Ауданның әкімшілік-аумақтық бөлінісі 20 елді мекенді қамтитын 7 селолық округтен тұрады. 2010 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша аудан халқының саны- Ақтөбе облысы статистика Департаментінің мәліметі бойынша 15,8 мың адам, халқының саны жөнінен Ақтөбе облысында ең төменгі орында.
Ақтөбе облысының дамуындағы Ырғыз ауданының жағдайы. Ырғыз ауданының экономикасы –ауыл шаруашылығына негізделген. Ауылшаруашылығында өндірілген өнімнің жалпы көлемі 4,0 млрд.теңгені құрады, немесе 2008 жылмен салыстырғанда өсім 4,6 % көрсетті. Бұл салада өндірілген өнім көлемі облыстың көрсеткішінің 4% құрайды.
Өндірілген өнеркәсіп өнімінің көлемі 2009 жылы 205,1 млн.теңгені құрады, бұл облыстың көрсеткішінің 0,02 % құрайды. Өнеркәсіп өнлірісінің негізгі бөлігін ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу өнімдері құрайды, 2009 жылы 438 тонна ет, 6 тонна сүт өңделген, 62 тонна нан өнімдері шығарылған, бұл облыстың көрсеткішінің ет өнімінен 7,6%, сүт өнімінің 0,03 %, пісірілген нанның 0,2 %.
Ауданның әлеуметтік –экономикалық жағдайы бірқалыпты, және қолайлы өсуде. Бұны демографиялық саладан да байқауға болады, бала туу көрсеткіші жоғарлап, өлім көрсеткіші төмендеген.
Тұрғындардың механикалық қозғалысы атап айтқанда төмендетілген. Адамдардың өмір сүру көрсеткіші жоғарылап, айлық жалақысы өскен. Кедейлік индексі 2008 жылғы 5,7% ден 3,0% -ке төмендеді, дегенмен облыстың орташа көрсеткішінен әлі де жоғары болып қалып отыр.
Көлiк инфрақұрылымы жеткiлiксiз дамыған болып табылады, себебі жолаушы және жүк тасымалы тек автокөлік жолдары арқылы жүзеге асырылып келеді.
Инвестициялық қызмет. 2004-2009 жылдар арасындағы мерзiм ішінде 10,9 млрд.теңге инвестиция, оның ішінде 2009 жылы 6,9 млрд. тенге инвистиция салынды, 2004 жылмен салыстырғанда бірнеше есеге артқан. 2009 жылы тартылған инвестицияның үлесі облыс бойынша көрсеткіштің 3,6 % құрайды.
Осы жылдары ауыз сумен қамтуға 673,9 млн.теңге, білім беру саласына 492,1 млн.теңге, денсаулық сақтау саласына 58,2 млн. теңге, тұрғын үй құрылысына 120,3 млн.теңге, инженерлік инфрақұрылымды дамытуға 55,9 млн.теңге, жергілікті көпірлер мен аэропорт құрылысына 165,9 млн.теңге, өзге де 833,7 млн.теңге, республикалық жолды қайта жарақтандыруға 8752,8 млн.теңге бағытталды.
2009 жылы тартылған инвестицияның 5,8 млрд.теңгесі (84%) республикалық бюджет қаражаты есебінен, 0,4 млрд.теңгесі (5,9%) жергілікті бюджет қаражат есебінен және 0,7 млрд.теңгесі (10,1%) жеке қаражаттар есебінен болды.
Бюджеттік инвестицияға білім беру саласында Аманкөл ауылында 180 орындық орта мектеп құрылысы аяқталды, денсаулық саласында Қалыбай аулында медициналық пункт құрылысы, ауыз сумен қамту саласында Құрлыс селосына су құбыры құрылысы жүргізілді. «Ырғыз-Тельман-Коминтерн» магистралды су құбырын жарақтандыру жұмысы жақын күндері аяқталады, жолдарға қатысты «Ырғыз-Нұра» бағытындағы көпірді қайта жарақтандыру, ауылшаруашылығында Құмтоғай селосында мал өлімтіктерін көметін шұңқыр құрылысын салу жобалары жүзеге асырылды. “Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерватының” әкімшілік ғимараты құрылысы салынуда.Инвестицияның негізгі бөлігі (80,0%) Самара-Шымкент тасжолының Қарабұтақ –Ырғыз учаскесін қайта жарақтандыруға бағытталған
Аймақтық қаржылық нарықтық инфрақұрылымы жайлы. Ауданда екніші деңгейдегі банктер филиалы тіркелмеген. Сол себептен, ауданның ШОК субъектілері 2009 жыл ішінде екінші деңгейдегі банктерден несие қаражаты алынбаған.
Несие қаражатымен қамтамасыз етуде 2 микрокредиттік ұйым тіркелген, 2010 жылдың 9 айында 11,1 млн.теңге тұратын 25 жоба, селолық кредиттік серіктестік арқылы 10,5 млн.теңгенің жобасы қаржыландырылған.
2.2.1. Өңірдің экономикалық дамуы Жалпы өңірлік өнім
Ауданның жалпы өңірлік өнімінің көлемі (ЖӨӨ) 2007 жылы 3,0 млрд.теңгені, 2008 жылы 3,4 млрд.теңгені, 2009 жылы 3,6 млрд.теңгені құрады.
1 Кесте – Ырғыз ауданының ЖӨӨ нақты индексі
2007 ж
|
2008ж
|
2009ж
|
104,0
|
113,3
|
105,8
|
1 кестеде көрсетілгендей, ауданның ЖӨӨ өсімінің нақты индексі 2009 жылы 2008 жылға қарағанда төмендеген, оның басты себебі өнеркәсіп өнімдерінің көлемі төмендеуінен болды.
2009 жылы ЖӨӨ құрылымында ауылшаруашылығының үлесі 72,8%, өнеркәсіп өнімдерінің үлесі 5,6% құрады.
2009 жылы ЖӨӨ-нің құрылымында ауылшаруашылығы өнімдерінің көлемі 2662,1 млн. теңге, өнеркәсіп өнімі 205,0 млн.теңге, құрылыс 249,0млн.теңге, сауда 433,0млн.теңге, көлік және байланыс 54,0 млн. теңге, басқалай тауарлар,қызметтер 50,0 млн.теңге болды.
Достарыңызбен бөлісу: |