БАҒдарламасы ырғыз, 2011 жыл мазмұны рет саны



бет9/15
Дата16.06.2016
өлшемі1.33 Mb.
#139796
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15

БАҒДАРЛАМАНЫ БАСҚАРУ

Ырғыз ауданының Аумақты дамыту Бағдарламасы аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі стратегиялық бағыттарын анықтайтын басты стратегиялық құжат болып есептеледі.


Ырғыз ауданының «Аумақты дамыту бағдарламасын» іске асыру аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың тиісті стратегиялық жоспарларын іске асыру арқылы жүзеге асырылады. Аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар Жоспарын ауданның мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы әзірлейді және оны аудан әкімі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жоғары тұрған уәкілетті органмен келісім бойынша «Аумақты дамыту бағдарламасы» бекітілгеннен кейін бір ай мерзімде бекітеді.

«Аумақты дамыту бағдарламасын» (бұдан ары-Бағдарлама) бақылауды мәслихаттың тексеру комиссиясы өзінің жұмыс жоспарына сәйкес жүргізетін бақылау іс-шаралары шеңберінде жүргізеді

Бағдарламаны бақылау, Бағдарламаның толық және уақтылы орындалуын, соның ішінде заң бұзушылықтарды анықтау, жою және оларға жол бермеу мақсатында жоспарлы және жоспардан тыс тексерістер жолымен жүзеге асырылады.

Бғдарламаны бақылау жүргізілген мониторинг немесе есеп нәтижелерін ескере отырып жүзеге асырылады. Мониторингтің мақсаты- күтілетін нәтижелерге тиісінше және уақтылы қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін Бағдарламаның іске асырылу барысын жақсарту болып табылады.

Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы есептер мен басқа да ақпаратты жинау, жүйелену, талдау және қорыту мониторинг деп аталады, мониторинг Бағдарламаны әзірлеуші және жүзеге асырушы мемлекеттік органдар жасайтын жедел есептілік негізінде жүзеге асырылады.

Ырғыз ауданының «Аумақты дамыту бағдарламасының» мониторингін ауданның мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы бір жылда екі рет: есепті жылдың бірінші жарты жылы үшін –есепті жылдың 15-шілдесінен кешіктірмей, жылдың қорытындысы бойынша –есепті жылдан кейінгі жылдың 1-ақпанынан кешіктірмей Бағдарламаны әзірлеуге және іске асыруға жауапты мемлекеттік органдардың өз құзыреті шегінде ұсынған жедел есептілік негізінде жүзеге асырады.

Жоспарды дайындаушы орган жүргізілген мониторингтің нәтижелері бойынша қорытынды есеп дайындайды және ауданның мәслихатына береді. Мониторингтің қорытынды есебі жедел есептілікте берілген ақпаратты талдау және қорыту қорытындыларын, лауазымды тұлғалардың жоспарланған іс-шараларды іске асыру тиімділігін арттыруға және қойылған мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған қажетті шаралар қабылдауы жөніндегі ұсынымдарды, Бағдарламаны түзету туралы; қаржыландыру көлемі мен көздері жөніндегі; қолданыстағы заңнаманың өзгеруі туралы және басқа да ұсынымдар мен тұжырымды қамтиды.

Ырғыз ауданының «Аумақты дамыту бағдарламасына» жүргізілген мониторингтің нақтылығы мен толықтығына жауапкершілік әзірлеуші мемлекеттік орган және әзірлеуге және іске асыруға жауапты мемлекеттік органдарға жүктеледі.

Бағдарламаны бақылау қортындысымен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган Бағдарламаны бақылау қорытындысын әзірлейді.

Мәслихаттың тексеру комиссиясы өзінің жұмыс жоспарына сәйкес жүргізетін бақылау іс-шаралары шеңберінде «Аумақты дамыту бағдарламасына» жүргізген бағалау қорытындылары тиісті бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша мәслихаттың тексеру комиссиясы ұсыныс қабылдағаннан кейін жергілікті атқарушы органға және бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік органдарға жіберіледі.

Үш жылдық мерзімде аралық бағалау, бес жылдықтан кейін қорытынды жүргізіледі.


ЫРҒЫЗ АУДАНЫНЫҢ

2011-2015 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН

АУМАҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Ырғыз, 2011 жыл



МАЗМҰНЫ


Рет саны

Атауы

Бет номері

1

Бағдарламаның төлқұжаты

3-5

2.1

Ағымдағы жағдайды талдау

6-7




Өңірдің жай-күйінің оң және теріс тұстары, сондай-ақ олардың елдің дамуының әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына әсерін бағалау




2.2.1.

Өңірдің экономикалық дамуы

8-18

2.2.2.

Өңірдің әлеуметтік саласы

18-26

2.2.3

Өңірдің инфрақұрылымдық кешені

27-32

2.2.4

Өңірдің аумақтық (кеңістіктік) дамуы

32-33

2.2.5

Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару жүйесінің дамуы

33-40

2.3.

Негізгі проблемалардың, тәуекелдердің, тежеуші факторлардың, аумақтардың орта мерзімді перспективада тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының бәсекелес артықшылықтары мен мүмкіндіктерінің кешенді сипаттамасы

40-41

2.4.

Аумақты әлеуметтік-экономикалық дамытуды мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатын талдау

41-42

3.

Өңірді дамытудың пайымы

42-43

4

Негізгі бағыт, мақсат, міндеттер, нысаналы индиаторлар, көрсеткіштер нәтижесі және оған жету жолдары

43

4.1

Өңірдің экономикасының дамуы

43-49

4.2.

Әлеуметтік саланың дамуы

49-70

4.3.

Инфрақұрылымдық кешен

70-79

4.4.

Аймақтың құрылымының дамуы

80-92

4.5.

Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару жүйесінің дамуы

75-83

5.

Қажетті қаражат көздері

92-93

6.

Бағдарламаны басқару

94-95



Қолданылатын қысқартулардың тiзiмі
АК - Агроөнеркәсiптiк кешен

АӘА- Аудан әкімі аппараты

ЖӨӨ - Жалпы өңірлік өнiм

МАӘК - Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек

МДҚ- Мемлекеттiк деректер қоры

МБЖ - Мемлекеттiк балалар жәрдемақысы

МО - Мемлекеттiк орган

ММ - Мемлекеттiк мекеме

МЖӘ- Мемлекеттiк -жеке әрiптестiк

БЖСМ – Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебi

ЭҚАБЖ - Электрондық құжат айналымының бiрынғай жүйесi

ИКТ - Информациялық - коммуникациялық технологиялар

АЖ - Ақпараттық жүйе

ИКТ-Инфокоммуникациалық технология

АДИ - Адамгершiлiк даму индексі

ФКИ - Физикалық көлемнiң индексi

КМК - Коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорын

ЖҚШ - Жеке қосалқы шаруашылық

ЖАО - Жергiлiктi атқарушы орган

ШОК - Шағын және орта кәсiпкерлiк

ҮЕҰ - Үкiметтiк емес ұйым

БАҚ - Бұқаралық ақпарат құралдары

ӘКК - Әлеуметтiк - кәсiпкерлiк корпорация

ІСБ – Ішкі саясат бөлімі

АОА –Аудандық орталық аурухана



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет