Бағдарламасы қызылорда, 2023 жыл «voa3206 «Волейболды оқыту әдістемесі»



бет77/88
Дата24.11.2023
өлшемі7.91 Mb.
#484360
түріБағдарламасы
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   88
УМКД ВОЛЕЙБОЛ

16. Шабуыл соққысы.
16.1. Допты ойынға қосу мен тосқауылды қоспағанда қарсылас жағына доп бағыттау нәтижесіндегі бүкіл қимылдар, шабуыл соққылары деп саналады.
16.2. Шабуыл соққы түрі ретінде доп лақтырылмаған және допты ұзақ қолда ұстамаған жағдайда алдауға рұқсат етіледі.
16.3. Доп тордың вертикаль жазықтарын толық қиып өтеді де немесе қарсыластың ойыншысына тиген кезде, шабуыл соққы аяқталады.
16.4. Шабуыл соққыдағы шектеулер.
16.5. Алдыңғы шеп ойыншысы доппен байланысы оның командасы кеңістігі шегінде жүзеге асырылған жағдайда кез-келген биіктікте шабуыл соққы орындалады.
16.6. Артқы шеп ойыншысы алдыңғы аймақ артындағы орыннан кез-келген биіктікте шабуыл соққысын орындай алады.
16.6.1. Секіргенде ойыншының табаны шабуыл сызығына тимеуге, одан аспауы да тиіс.
16.6.2. Соққыдан соң ойыншы алдыңғы аймақ шегіне отыра алады.
16.7. Артқы шеп ойыншысы, алдыңғы аймақпен шабуыл соққысын аяқтай алады, егер тигізу кезінде доптың кез-келген бөлігі тордың жоғарғы шетінен төмен болса.
16.8. Ойыншыға доп алдыңғы аймақта болғанда немесе тордың жоғарғы шетінің үстінен толық қарсылас бергеннен кейін тікелей шабуыл соққы жасауға рұқсат етілмейді.
16.9. Шабуыл соққысындағы қателер.
16.9.1. Ойыншы қарсы команданың ойын кеңістіктігі шегінде допқа тиеді.
16.9.2. Ойыншы допты «тысқары» бағыттайды.
16.9.3. Артқы шеп ойыншысы алдыңғы аймақтан шабуыл соққыны аяқтайды және соққы кезінде доп тордың шеті үстінде толық болады.
16.9.4. Қарсыластың беруімен, доп алдыңғы аймақта және тордың жоғарғы шеті үстінде толық болады, артқы шеп ойыншысы шабуыл соққыны аяқтайды.
16.9.5. Егер соққы кезінде доп тордың жоғарғы шетінің үстінде толық болса, либеро шабуыл соққыны аяқтайды.
16.9.6. Либеро саусақтарымен алдыңғы аймақтың үстінен доп жөнелтсе, ол тордың үстіңгі шетінен жоғары шабуыл соққыны аяқтайды.
17. Тосқауыл
17.1. Тосқауылдау.
17.1.1. Тосқауылдау-торға жақын ойыншылардың қарсыластан келген допты ұстап қалу әрекеті. Алдыңғы шеп ойыншысына ғана тосқауылға қатысуға рұқсат етіледі.
17.1.2. Тосқауыл әрекеті. Тосқауыл әрекеті допқа тимей тосқауылдау қимылы.
17.1.3. Жүргізілген тосқауыл. Тосқауылдаушы допқа кез-келген жанасу болса, тосқауыл жүргізілді.
17.1.4. Ұжымдық тосқауыл.
Ұжымдық тосқауыл бір-біріне жақын тұрған 2 немесе 3 ойыншымен орындалады және олардың біреуі допқа тисе, жүргізілген болып табылады.
17.2. Тосқауылдаудағы допқа тигізу.
Тигізулер бір қимыл негізінде жасалған жағдайда тізбек тез не ұзақ тигізулер бір немесе екі тосқауылдауда жүргізілуі мүмкін.
17.3. Қарсылас кеңістігіндегі тосқауыл.
Ойыншы тосқауылдағы осы әрекеті қарсылас ойынына кедергі келтірмесе білезігіне қолын тордың арғы жағына сала алады. Қарсылас жағында, қарсыластың шабуыл соққысы орындалғанға дейін қарсылас жағында допқа тиюге рұқсат берілмейді.
17.4. Тосқауыл және команда тигізулері.
17.4.1. Тосқауылда тигізу команда тигізуі болып есептелмейді. Тосқауылға тигізгеннен соң командаға допты қайтару үшін 3 тигізу беріледі.
17.4.2. Тосқауылдан соң бірінші тигізу. Тосқауылда допқа тиген ойыншыны қосқанда, кез-келген ойыншымен орындалады.
17.5. Допты ойынға қосуды тосқауылдау.
Қарсыластың допты ойынға қосу кезінде тосқауылдауға тиым салынады.
17.6. Тосқауылдаудағы қателер.
17.6.1. Тосқауылдаушы қарсыласының шабуыл соққысымен бірге не одан бұрын қарсылас кеңістігінде допқа тигізеді.
17.6.2. Артқы шеп ойыншысы немесе либеро тосқауылдайды немесе тосқауылға қатысады.
17.6.3. Қарсыластың допты ойынға қосуын тосқауылдау.
17.6.4. Доп тосқауылдан тысқары кетеді.
17.6.5. Қарсылас кеңістігінде антенналардан тыс доп тосқауылдау.
17.6.6. Либероның жеке немесе ұжымдық тосқауыл жасау әрекеті.
18. Ойындағы дағдылы үзілістер
Ойындағы дағдылы үзілістер, тайм-ауттар мен ойыншыларды алмастыру болып табылады.
18.1. Әдеттегі үзілістер саны.
Әр командаға екі минуттық үзіліске және әр кезеңде ойыншылар алты рет алмастыруға құқық беріледі.
18.2. Әдеттегі үзілістерді сұрату.
18.2.1. Үзілістер жаттықтырушы немесе ойын капитанымен және тек солармен ғана сұратылады. Сұраныс тиісті қимыл доп ойынынан тыс және беруге ысқырығына дейін болғанда жүзеге асырылады.
18.2.2. Кезең басталғанға дейін алмастыру сұратуға рұқсат етіледі. Бұл алмастыру осы кезеңдегі әдеттегі алмастыру ретінде тіркеледі.
18.3. Үзілістер реттілігі.
18.3.1. Бір немесе екі минуттық үзіліс құрату және кез-келген команда ойыншысын алмастыру туралы сұраныс астында жаңадан бастау қажеттілігінсіз, бірінен соң бірі орындалады.
18.3.2. Алайда командаға ойында бір үзіліс ішінде ойыннан алмастыруды реттілікпен сұрауға рұқсат етіледі. Бір үзіліс кезінде екі не одан көп адам ойыншы алмастырылады.
18.4. Дұрыс емес сұраныстар.
18.4.1. Үзілістерді дұрыс емес сұрату.
18.4.1.1. Допты ойынға қосу кезінде немесе беру ысқырығынан соң ойында болса
18.4.1.2. Осыған құқысы жоқ, команда мүшесімен
18.4.1.3. Осының алдында ойынды алдын-ала жаңғыртпай алмастыру жасаған, команда ойыншысын алмастыруға:
- минуттық үзілістер мен ойыншы алмастырудың рұқсат етілген санын пайдаланғанынан кейін
- ойынға әсер етпейтін және оны кідіртпейтін, бірінші дұрыс емес сұраныс қандай болмасын зардаптарсыз қайтарылу тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет