Бағдарламасы қызылорда, 2023 жыл «voa3206 «Волейболды оқыту әдістемесі»



бет26/88
Дата24.11.2023
өлшемі7.91 Mb.
#484360
түріБағдарламасы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   88
УМКД ВОЛЕЙБОЛ

Жарыс кезеңі – бұл күнтізбе бойынша жарыстардың өткізілу уақыты. Бұл кезеңнің міндеті – спорттық қалыптың жоғарғы деңгейін қолдау, функционалды дайындықты көтеру, техника мен тактиканы меңгеру. Спорт ойындарында жарыс кезеңі (6-7 жасқа дейін) ұзақ болғандықтан, келесі ойынға даярлықты дифференционалды жоспарлау қажеттілігі туады. Кезеңнің басында жүктеме көлемі дайындық кезеңінің деңгейінде болады. Содан соң көлемі біртіндеп қысқарады, бірақ, тиімділігі артады. Кезеңнің аяғына қарай, көлемі де, тиімділігі де түседі. Күнтізбелік кездесулер аралығында аралыққа байланысты жаттығудың оптималды саны анықталады. Ол аптасына 3-5-ке дейін болуы мүмкін. Оның көлемі мен тиімділігі жасына, дайындығына және т.б. себептерге байланысты болады. Бұл кезеңде ойыншылардың тактикалық және психологиялық жағдайына көп назар аударылады. Ойынның тактикалық жоспарына талдау жүргізіледі, жіберілген қателері және себептері түсіндіріледі. Теориялық дайындық техниканы білуге және кеңейтуге ойынның жекелеген эпизодтарында оны пайдалануға немесе күнтізбе кездесулеріне бағытталған. Жарыс кезеңінде психологиялық дайындық 1-кезекте тұрады. Қатысушылардан жоғары ерік-жігер қасиеттерін қалыптастыруды барлық күрделі спорттық жағдайларда психологиялық тұрақтылықты, тәртіптілікті қалыптастыруды талап етеді.
Ауыспалы кезең ресми жарыстардың соңынан басталады да жаңа циклдағы жаттығу сабақтарының басына дейін жалғасады. Бұл кезеңнің міндеті – жүктеменің тиімділігі мен көлемінің біртіндеп төмендеуі, белсенді демалысты ұйымдастыру және жаттығудың қажетті деңгейін сақтау болып табылады. Бұл спортшылардың басқа спорт түрлерімен айналысумен жетілдіреді. Ауыспалы кезеңнің 2-ші міндеті – оқу мен жаттығудың барлық үдерісінің сараптамасын жасау. Сонымен қатар, жыл бойы өткізілген жарыстарға қатысу нәтижесін сараптау болып табылады.
Сабақ жоспарын жазу әдістемесі
Сабақ жоспары 3 бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі және қорытынды бөлім. Кіріспе бөлімде қатысушыларды ұйымдастыру, сапқа тұрғызу, мәлімет беру, сабақтың мақсаты мен қатысушылардың дайындығы қамтылады.
Сабақтың негізгі бөлімінде сабаққа қойылған тәрбиелік, сауықтыру, білім беру міндеттері шешіледі. Дене қабілеттерін тәрбиелеу жаттығулардың көлемі мен тиімділігіне байланысты. Жаттығулардың тиімділігін арттыра отырып, жылдамдық пен күшті, төзімділікті меңгеруге болады. Үлкен дене жүктемелерін оқушылар қарсы әріптестер арасындағы жаттығулардан, екі жақты ойындардан алады. Ойындарда ойын элементтерін пайдалана отырып, техниканың жекелеген әдіс-тәсілдерін меңгеруді жоспарлауға болады. Ойын барысында этика негіздерін қалыптастыруға мүмкіндік бар.
Сабақтың қорытынды бөлімі дене жүктемесін жеңілдететін жаттығулардан, үй тапсырмасын беретін және сабақтың қорытындысын жасайтын бөлім болып табылады. Дене жүктемесін жеңілдетуге тыныс алуды қалыпқа келтіретін ойындар мен жаттығуларды қолдануға болады. Қорытындылау барысында техниканы қалай меңгергендігін, қимыл және жеке қасиеттерге қалай тәрбиелеуді атап өткен жөн. Оқушыларға бағдарлама материалын қалай меңгергендігін, оларға қойылған бағаны хабарлау керек. Үй тапсырмасын жоспарлау және оның орындалуын бақылау мұғалімнің міндетті жұмысы болып табылады. Тапсырмалар өз бетінше орындауға және оны меңгеруге жеңіл болуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет