Бағдарламасы қызылорда, 2023 жыл «voa3206 «Волейболды оқыту әдістемесі»



бет32/88
Дата24.11.2023
өлшемі7.91 Mb.
#484360
түріБағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   88
УМКД ВОЛЕЙБОЛ

Сұрау әдісі – теориялық сұрақтар қойылып, оқушы білімі тексеріледі. Сұрау әдісін сабақ үдерісінде қолдануға болады.
Мектеп жасындағы оқушылармен сабақ өткізу ерекшеліктері
7-10 жас – бастауыш сынып;
11-14 жас – орта сынып;
15-17 жас – жоғары сынып.
Бұл жіктемеде биологиялық жасы мен ерекшеліктері ескерілген. Бұл жіктеменің әр буыны үшін дамудың өзіндік ерекшеліктері сипат береді. Сабақтарды өткізу әдістемесі әртүрлі жастағы топтардың анатомо-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктері мен жаттығулардың, ойындардың олардың ағзасына әсеріне тікелей тәуелді. Бір жас тобындағы оқушылардың жас ерекшеліктері бірдей бола бермейді. Бұл әртүрлі факторлармен түсіндіріледі. Биологиялық өсіп-жетілуі, дене дамуының өзгерісі, жүйке жүйесі мен тұрмыс жағдайы, спортпен шұғылдануы, психикалық дамуы, жүйке жүйесінің ерекшеліктерімен анықталады.
Кіші мектеп жасы (7-10 жас). Бұл кезеңде жүйе мен мүшелердің дамуы тең жүреді. Бұл әртүрлі жақты даму міндетін қорғайды, дене тәрбиесі сабақтарын қызықты өткізу міндетін алға қояды. Мектеп бағдарламасындағы қозғалыс ойындар мен спорт ойындарының элементтерін ұсынады. Ойын тәсілдерінің техникасы қозғалыс ойындары мен ойын жаттығуларында меңгеріледі. Бұл жастағы балалар шапшаң, епті болады, жүйке жүйелерінің қозғалғыштығы жоғары болады. Сабақ барысында батылдық, шешім қабылдағыштық, ерік-жігер қасиеттері туралы міндетті түрде түсінікті хабарлап отыру керек.
Орта мектеп жасы (11-14 жас). Бұл жаста қыздардың бойының жылдам өсуі байқалады. Салмағы артады. Жыныстық жетілу кезінде қыздардың терең морфологиялық және функционалдық өзгерісі болады. Ер балалардың дамуы қыздарға қарағанда баяу болады. Бұл жаста ер балалардың бұлшық еттері ұлғаяды, күші арта түседі, салмағы өседі. Бұл жастағы оқушылар күрделі техникалық әдістерді қалыптастыруға икемді болады, қозғалыстың дәл нақты параметрлерін анықтай алады. Жылдамдыққа арналған жаттығулар жасалады. Күш пен ептілікті дамыту үшін түрлі жаттығулар пайдаланылады. Мектеп оқушылары өздері психологиялық ситуацияларға мінез-құлығын бағалай біледі. Оқушыларды командасы, ұжымы алдында жауапкершілігі мен спорттық намысқа тәрбиелейді. Бұл жаста адамгершілік қасиеттерге баулу мүмкіндігі пайда болады. Тәжірибеде белгілі спортшылардың өмірі, қарапайымдылығы, шыншылдығы, намысшылдығы, қарсыласына деген құрметі, өзіне қоятын талапшылдығы туралы көптеген мысалдар келтіріледі. Бұл оқушылар бойында адами қасиеттерді сіңіруге септігін тигізеді.
Жоғары мектеп жасы (15-17 жас). Бұл жаста функционалды даму ересек адамдардың деңгейіне жақын болады. Бұлшық ет массасы ұлғаяды. Ер балалар қыздарға қарағанда тез өседі. Бұл кезеңде жыныстық жетілу тоқтатылады да жүйкесі бір қалыпқа келеді. Оқушылар өз іс-әрекеттерін талдай алады. Ойынның күрделі әдістерін меңгереді. Бұл жаста ер балалар мен қыздардың еңбекке ынтасы артады. Барлық дене дамуының базасында ептілік, күш, еңбекқорлық сияқты қасиеттерінің даму мүмкіндігі пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет