Бағдарламасы қызылорда, 2023 жыл «voa3206 «Волейболды оқыту әдістемесі»



бет33/88
Дата24.11.2023
өлшемі7.91 Mb.
#484360
түріБағдарламасы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   88
УМКД ВОЛЕЙБОЛ

Оқыту қағидалары.
Көрнекілік қағидасы – өтілетін сабақтың түсіндірмесі (схема, плакаттар, бейне таспалар, интерактивтік тақталар, теледидар, т.б.). Көрнекілікті барлық сабақ барысында қимыл-қозғалыстарды, дене жаттығуларын меңгеру, қателіктерін анықтау, комбинациялар жасау, үздік командалардың ойындарын, ойыншылардың техникасын, команданың тактикалық айла-амалдарын талқылау үшін пайдаланады. Көрнекілік құралдарды пайдалану үшін оқытушының жаттығуды, ойынды талдай білу қабілеті жоғары болуы тиіс. Оқушылар көрнекі құралдарды көре ұғынып, тыңдау арқылы түсінетінін естен шығармау керек.
Реттілік қағидасы – оқытудың мақсатын анықтайды. Бұған оқуды дұрыс жоспарлау арқылы жетуге болады. Өтілетін жаңа материал, өткен материалдың негізіне сәйкес құрылуы тиіс. Ол қозғалыстың ауқымын кеңейтіп, оны есте сақтауға көмектеседі. Алдымен, ең негізгі әдістерін (яғни, волейболда допты қағып алу, беру; волейболда – допты беру, қабылдау; футболда – допты тоқтату, тебу, т.б.) реттілікпен үйрету керек. Одан кейін күрделі әдістерді меңгереді. Бірінші қарапайым оңай әдістерден кейін күрделі қиын әдістерге көшу керек. Егер оқушы қимыл-қозғалыстарды, жаттығуларды үнемі қайталап тұрмаса, тез ұмытып қалатынын есте ұстау қажет.
Біртіндеушілік қағидасы – қимыл көлемін біртіндеп ұлғайта беруге, күрделендіруге негізделеді. Ол адамның ерік-күшін шынықтырып, әртүрлі әдістерді меңгеруге көмектеседі. Әдістерді, жаттығуларды күрделендіру кезінде мұғалім оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру қажет. Бұл арада дәрігерлер, басқа да мамандық иелері көмекке келуі тиіс.
Жекелік қағидасы – ол жаттығу кезінде оқушының ынта-жігерін, бейімділігін анықтауға көмектеседі. Яғни, оқушылардың қайсысына көп көңіл бөлу қажеттілігін анықтайды. Мұғалім жеке жоспар жасағанда оқушылардың жүйке жүйесінің бірқалыптылығын, мінез-құлқын, ойлау қабілетін, қимыл-екпінін ескеруі қажет. Әсіресе, қыз балалардың психологиясы ұлдарға қарағанда ерекше екендігін ұмытпау керек. Қыздарды волейбол ойнауға дайындағанда жаттығуларды, қимыл-әрекеттерді асықпай, ыждаһаттылықпен көрсетіп, түсіндіріп және оның дұрыс орындалуын қадағалуы тиіс.
Еріктілік, ынталылық қағидасы – оқу-жаттығуға өз еркімен ынталанып, алға қойған мақсаттарды орындау жолында құлшыныс танытуға негізделеді. Мұғалім оқушының оқу-жаттығу жұмысына ынталылығын арттыра отырып тәрбиелік жұмысты да атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет