Жеке әдісі – мұнда оқушылар тапсырмалар алып, әркім өз бетінше орындайды. Бұл әдіс басқа әдістермен ұқсас және оларды толықтыра түседі.
Айналма жаттығулар әдісі – ойын техникасын меңгеруге арналған. Бұл әдіс тапсырманың түрліше орындалуын талап етеді. Топтар берілген тапсырмаларды станция (бекет) деп аталатын арнайы орындарда орындайды. Станциялардың реттік нөмірі, аты және жаттығулар кестесі, түрі болады. Айналма жаттығулар әдісінде жүктеме ер балалар және қыздар үшін түрлі болады. Тапсырмаларды ауыстыруға болады. Бұл сабақтың қызықтың өтуіне әсер етеді. Сабақтың тиімділігі оқу үдерісінің ұйымдастырылу әдістерін шығармашылықпен қолдануға тікелей байланысты.
Сабақтардағы дене жүктемесі. Жаттығулардың адам ағзасына әсерлілігі –жүктеме деп аталады. Жүктеме – орындалған жаттығулардың тиімділігі мен көлемі арқылы анықталады. Көлемі – жаттығулардың қайталауы, эстафеталардағы аралықтың үлкендігі, тактикалық бағыттағы жаттығулардың ұзындығы т.б. байланысты. Тиімділігі – жаттығудың орындалу шапшаңдығы мен уақыт бойынша қайталануына тәуелді болады. Сабақ үстінде дене жүктемесін жүйеге келтіруге болады, доппен жаттығуды қозғалыс ойындарында жаттығулар саны мен түрін өзгертуге, алаң көлемін өзгертуге, ойыншы санын азайтуға болады. Дене жүктемесі сабақтың нақты болуы үшін сонымен қатар, жекелеген жаттығуларға берілетін уақытты және сабақтың ұйымдастыру бөлімін қысқартуға болады. Спорттық құрал-жабдықтың толық қамтамасыз етілуі де сабаққа әсерін тигізеді.
Оқушылардың үлгірімін бағалау. Сабақтың деңгейі, білімді бағалау, тексеру, үйренудің құрамдас бөлімі және шешуші кезеңі болып табылады. Олар оқу бағдарламасының сапалы меңгерілуі мен білім берудегі кейбір кемшіліктерді анықтайды. Тексеру мен бағалау сабақ әдістерінің тиімділігі мен әсерлілігін бақылайды және анықтайды. Тексеру мен бағалаудың нәтижесі оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы мен белсенділігін арттырады. Бағалау теориялық бөлімін қалай меңгергендігін, оқу нормативтерін орындау нәтижесін, үй тапсырмасы мен өз бетінше берілген тапсырманы қалай орындағанын анықтайды. Теориялық білімін тексеру тақырыптар бойынша өткізіледі. Дене мәдениетінің маңызы мен рөлі үйретілген спорт ойынының денсаулыққа пайдасы, еңбекке даярлық, шынығу, жеке бас тазалығы т.б. теориялық сұрақтарға спорт ойындарының ережесі кіреді.
«5» – теориялық білімді, ойын техникасы мен тактикасын толық меңгерсе, өз бетімен жүргізілетін ойындардың тәртібі мен ережесін жоғары деңгейде меңгерсе қойылады.
«4»-негізгі теориялық өте толық меңгермесе, жаттығулардың орындалуы жеткіліксіз болса қойылады.
«3»-теориялық білімі жеткіліксіз болса, жаттығулар қателіктермен орындалса қойылады.
«2»-теориялық білімі төмен болса, жаттығуларды орындамаса, ойын ережесін білмесе, өз бетінше сабақ өткізе алмаса, үй тапсырмасын орындамаса қойылады.
Оқушы білімі мен жұмысын бағалау үшін сабақта бақылау және сұрау әдісі қолданылады.
Бақылау әдісі. Сабақта бірнеше адамдар топталады және олардың жұмысы бағаланады. Оқушылар тапсырма алып өз бетінше орындайды және тапсырма орындалған соң сабақ соңында немесе бірден бағасы айтылады.
Достарыңызбен бөлісу: |