Бағдарламасы Жосалы кенті, 2015 жыл Мазмұны



бет9/9
Дата04.07.2016
өлшемі0.85 Mb.
#176008
1   2   3   4   5   6   7   8   9

5. Қажетті қаржы

Бағдарламаларды іске асыру үшін қажет қаржылық ресурстардың жалпы көлемі 30 402,2 млн теңгені құрайды, оның ішінде:



Көрсеткіштер

2011 жыл нақты

2012 ж.

нақты


2013 ж.

нақты


2014 ж.

нақты


2015 ж.

жоспар


Қаржы көлемі

5 334,0

5 370,8

6 488,1

8 232,0

8 311,0

Бағдарламаны іске асыруға республикалық және жергілікті бюджет қаражаты, сондай-ақ бюджеттен тыс қаражаттар жұмсалады.

Бағдарламаны қаржыландыру көздері Қазақстан Республикасының заңдылығына сәйкес тиісті қаржы жылда республикалық және жергілікті бюджетті бекіту кезінде нақтыланатын болады.

6. Бағдарламаны басқару
Қармақшы ауданының 2011-2015 жылдарға арналған аумақтық даму бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі стратегиялық бағыттарын айқындайтын басты стратегиялық құжат болып табылады. Осының ізімен жасалған салалық және аудандық жоспарлар, бағдарламалар өңірлік дамудың іріктелген стратегиялық курсына сәйкестендірілетін болады.

Бағдарлама стратегиялық басқару жүйесін қалыптастыру негізін жасайды және өңірді дамытудың стратегиялық мақсаттарына жету үшін әкімшіліктің ағымдық қызметінің қажетті бағдарларын анықтайды.

2011- 2015 жылдарға арналған Қармақшы ауданының аумақтық даму Бағдарламасын жүзеге асырудың құралы болып 5 жылға әзірленген әртүрлі кезеңдегі инвестициялық жобалардың мақсаттары мен міндеттерін орындауға бағытталған Қармақшы ауданының аумақтық даму Бағдарламасының іске асыру Іс-шаралар жоспары табылады.

Бағдарламаны басқару процесі мына сатыларды қамтиды: аралық және нақты нәтижелерге мониторинг, бағалау мен бақылау жүргізу.

Бағдарламаның мониторингісі облыстың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі өкілетті органымен Бағдарламаны жүзеге асыруға қатысушы мемлекеттік органдар – тең атқарушылар ұсынған ақпараттар негізінде ұсынылған есептерді қалыптастыру жолымен жүзеге асырылады.

Мониторинг мыналарды зерделеу және талдау үшін ақпаратты үнемі жинау арқылы жүзеге асырылады: ресурстарды пайдалану, жоспарланған қызметті орындау, жоспарланған нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу.

Белгілі бір қызметті, іс-шараларды, тікелей және түпкілікті нәтижелерді (нысаналы индикаторларды) жүзеге асыруға арналған шығындар мен ресурстар, сондай-ақ, осы қызметтің сапалы нәтижелері мониторингтің мәні болып табылады.

Мониторинг «Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсаттық индикаторлар және нәтижелік көрсеткіштер» бөлімінде ұсынылған міндеттер көрсеткіші бойынша жүзеге асырылады.

Бағдарламаның мониторингісі жылдың қорытындысымен жылына бір рет жүзеге асырылады.

Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті өкілетті орган мониторинг қорытындысымен Бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі есепті қалыптастырып оны облыс әкімдігінің веб-порталына орналастырады.

Қармақшы ауданының аумақтық даму Бағдарламасы мониторингінің негізгі нәтижесі - мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, міндеттер мен нәтижелер көрсеткіштеріне толық және уақытылы қол жеткізуді қамтамасыз ету болып табылады, тұжырымдарды қалыптастыру жолымен.

Бағдарламаның жүзеге асырылуын бағалау жыл сайын «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы №954 Жарлығымен бекітілген жыл сайынғы орталық мемлекеттік және республикалық маңызы бар қалалар, астана, облыстардың жергілікті атқарушы органдар қызметтерінің тиімділігін бағалау жүйесі шеңберінде жүзеге асырылады.

Бағдарламаның іске асырылуына бақылау жасау мониторинг нәтижелері, бағалау және Бағдарламаны іске асыру бойынша бақылау іс-шараларын жүргізу негізінде жүзеге асырылады.

Қысқартылған сөздердің тізімі


ӨНКИ-Өнімнің нақты көлем индексі

ЖІӨ -Жалпы ішкі өнім

ЖӨӨ -Жалпы өңірлік өнім

ЖШС-Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

ЖҚҚ- Жалпы қосымша құн

ҚАӨКжТБ – Қармақшы аудандық өнеркәсіп кәсіпкерлік және туризм бөлімі

ҚААШБ- Қармақшы аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі

ҚАДжСБ –Қармақшы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі

ДСБ -Денсаулық сақтау бөлімі

ҚАББ- Қармақшы аудандық білім бөлімі

ҚАТКШЖКжАЖБ-Қармақшы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімі

ҚАМжТДБ –Қармақшы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

ҚАҚБ – Қармақшы аудандық құрылыс бөлімі

ЭжБЖБ -Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі

ҚАІСБ –Қармақшы аудандық ішкі саясат бөлімі

ҚАЖҚ,ӘБжАХАТБ – Қармақшы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі

ҚАІІБ –Қармақшы аудандық ішкі істер бөлімі

ҚАҚБ –Қармақшы аудандық қаржы бөлімі

АӨК - Агро өнеркәсіптік кешен

ЖАО- Жергілікті атқарушы органдар

АҚ-Акционерлік қоғам

АҚШ – Америка Құрама Штаты

ЖК- Жеке кәсіпкер

АЕМ-Ауылдық елді мекендер

АКТ - Ақпараттық-коммуникациялық технология

ТжКБ- Техникалық және кәсіби білім

ЕПҰ -Емдеу-профилактикалық ұйым

ҒЗжТКЖ - Ғылыми-зерттеу және тәжірбие-конструкторлық жұмыстар

ҮЕҰ -Үкіметтік емес ұйымдар

ҚАА- Қан айналым ауруы

БМСК -Бастапқы медициналық-санитарлық көмек

БАҚ - Бұқаралық ақпарат құралдары

ӘКК -Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация

ЖДАҚжАДААжЖҰБ - Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасы



ТРжТПРБ-Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет