Облыста бәсекелестікті дамыту үшін кәсіпкерлік қызметті дамытумен жалпы бәсекелес ортаны жақсарту үшін қажетті инфрақұрылымды қалыптастыру бойынша шаралар іске асырылуда.
Шағын және орта бизнес барынша жоғары қарқынмен дамуда, белсенді шағын кәсіпкерлік субъектілері 2009 жылы 2006 жылғы 34181 бірлікке қарсы 36688 бірлікті, 2010 жылы – 31938 бірлікті, 2011 жылы – 36142 бірлікті құрады.
2011 жылы 950 орынға мейрамханалар, 1055 орынға кафе, 100 орынға асхана, 300 сауда орнына жабылған нарықтар мен павильондар, 44 сауда орнына ашық нарықтар, 308 кв. метрге супермаркеттер және 5979 кв. метрге сауда алаңдары ашылды.
2012 жылы облыста 18899 орындық 38 базар тіркелді, оның ішінде қалалық жерде – 14 базар, ауылдық жерде – 24. Түрлері бойынша төмендегідей бөлінген:
жабық – 11 бірлік (Тараз қаласында – 3, аудандарда – 8);
шағын базарлар – 11 бірлік (Тараз қаласында – 3, аудандарда – 8);
құрама – 16 бірлік (Тараз қаласында – 8, аудандарда – 8);
тауар түрі бойынша:
азық-түлік базары – 2 бірлік (Тараз қаласында – 1, Жуалы ауданында – 1);
азық-түлік емес – 2 бірлік (Талас ауданында);
арнайы мамандандырылған – 8 бірлік (Тараз қаласында – 4, аудандарда – 4);
әмбебап – 26 (Тараз қаласында – 9, аудандарда – 17).
Пайдалануға берілген және қайта жөнделген 184 павильон, 4295 шатырлар мен контейнерлер бар.
Облыста негізгі азық-түлік тауарларының түрлеріне бағаның өсуіне жол бермеу бойынша тиісті шаралар қолдануда. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген әлеуметтік-маңызы бар азық-түлік тауарларының 33 түрі бойынша тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі. Азық-түлік тауарлары мен олардың қоймаларда қалған қалдықтарының қорының апталық мониторингін жүргізу іске асырылуда. Көтерме және бөлшек сауда жасайтын кәсіпорындармен азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағаларын негізсіз көтеруді болдырмау жөніндегі жұмыстар жүргізілуде.
Азық-түлік нарығы мен жанар-жағар май нарығындағы жағдайды реттеу жөнінде облыстық штаб құрылды және ол жұмыс істеуде. Осындай штабтар Тараз қаласы мен облыстың аудандарында да құрылған.
Облыстың ішкі нарығын жеміс-көкөніс өнімдерімен толтыру мақсатында облысқа Ресейден, Қырғызстаннан, Өзбекстаннан, Қытайдан және көршілес Оңтүстік Қазақстан облысынан жеміс-көкөніс өнімдері (картоп, пияз, қырыққабат, сәбіз, қызылша, қызанақ, қияр, жемістер, цитрустық өнімдер) әкелінуде. Жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге базар аумағынан тегін және жеңілдікпен сауда орындары беріледі, дөңгелекте және жол бойында сауда жасау ұйымдастырылуда, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі тұрақты түрде өткізіліп тұрады, арнайы белгіленген орындарда өз өнімдерін сатуға рұқсат берілген.
Қала мен аудан әкімдіктерімен апта сайын төмен бағамен бойынша ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелері өткізіледі.
Бәсекелестікті дамытудың бірқатар аспектілерін түсіндіру және әкімшілік кедергілерді қысқарту мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары арқылы бизнес пен «Атамекен» қоғамының өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстелдер өткізілуде. Осы тақырыпта облыстық және аудандық газет беттерінде материалдар жарық көруде.
Шағын және орта бизнес субъектілерінің қызметіндегі әкімшілік кедергілерді төмендету мақсатында облыста Жамбыл облысы әкімдігінің жанында рұқсат беру жүйесін оңтайландыру бойынша Сараптау Кеңесі (кеңес беру-келісімге келу органы) жұмыс істейді.
Бәсекелестік жағдайды бағалау мақсатында 2011 жылы тиісті тауар нарықтарында отын – энергетика кешені, сауда және өнеркәсіп саласында 35 талдау жүргізілді. Талдау нәтижесінде 24 нарық жоғары шоғырланған, 4 – орташа, 2 төмен, 5 шоғырланбаған болып анықталды.
2012 жылы 24 талдау нәтижесінде 21 нарық жоғары шоғырланған, 2 нарық – аз шоғырланған, 1- шоғырланбаған деп анықталды.
Талдау нәтижелері экономиканың бірқатар сегменттерінде бәсекелестіктің жеткіліксіз дамығанын көрсетеді. Сонымен, Жамбыл облысындағы дәрі - дәрмекті көтерме сату, интернетке қол жеткізу қызметі нарықтарының шоғырланудың жоғарылығымен және бәсекелестіктің дамымағандығымен сипатталады.
Инвестициялар
ҚР көптеген өңірлері халықтың жан басына шаққанда инвестиция тарту көрсеткіштері бойынша біздің облыстан анағұрлым алда келеді. Жамбыл облысындағы халықтың жан басына шаққанда инвестиция тарту көлемі 2009 жылы 213 мың теңгені құрады, бұл ретте орташа қазақстандық көрсеткіш барынша жоғары және ол халықтың жан басына шаққанда 291 мың теңгені құрады.
Инвестиция көлемі бойынша бастапқы шарттары ұқсас облыстармен (Алматы, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстары) инвестиция тарту көлемінің 2003 жылғы динамикасын талдау көрсеткендей, 2003 жылдан 2009 жылға дейін ҚР өзге өңірлерінде инвестициялар көлемі үнемі артып отырған, ал біздің облысымызда оның төмендеуі де тіркелген. Нәтижесінде Жамбыл облысындағы инвестиция тарту көлемі 6,8 есеге артса, салыстырмалы өңірлерде 4,9 – 10 есеге артқан. 2008 жылы Жамбыл облысында инвестициялар көлемі Қытайға магистралды газ құбыры құрылысына тартылған 66 млрд. теңге (53%) шетел инвестициялары, сондай-ақ құрылыс материалдары, аграрлық-өнеркәсіптік өнімдер мен металлургия өндіріс салаларындағы жаңа жобаларға жұмсалған инвестициялар есебінен күрт өскен. 2008 жылғы инвестициялардың 10%-ы республикалық бюджеттен, 5%-ы – жергілікті бюджеттен, 32%-ы - өз және қарызға алынған, 53%-ы шетел қаржыларының есебінен қаржыландырылды.
2009 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 222,8 млрд. теңгені құрады, бұл 2008 жылғы деңгейден 71,5%-ға артық. Бюджет қаржыларының есебінен 7,7% инвестициялар (республикалық - 5,4%, жергілікті – 2,3%), өз қаржылары мен заемдық капиталдар – 15,6%, шетелдік капиталдарды тарту – 76,7%.
2010 жылғы негізгі капиталға салынған инвестициялар 146,8 млрд. теңгені құрады, бұл 2009 жылмен салыстырғанда облыс аумағында салынған Қытайға магистралды транзит газ құбыры құрылысына тартылған шетелдік инвестициялардың 4 еседен көп азайғаны есебінен 36,5% төмен.
Бюджеттік қаражат есебінен 15,1% инвестициялар қаржыландырылған, өз және қарызға алынған қаражаттардан – 47,8% және шетелдік капиталдан – 37,1%.
2011 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2010 жылмен салыстырғанда 30,9% (106,6 млрд. теңге) төмендеген. Бұл жалпы салынған капитал көлемінде үлесі 7%-дан артық құрайтын облыстағы тау кен шығаратын саладағы геология барлау жұмыстарына және газ тасымалдауды дамытуға бағытталған тікелей шетелдік инвестициялардың 7,3 есеге қысқаруынан болды. Сонымен, 2011 жылы халық санына шаққандағы тартылған инвестициялар көлемі 104-ке жуық мың теңгені құрады (халық санына шаққандағы орташа қазақстандық деңгейі - 299 мың теңге) немесе 2009 жылдан 2 есе аз.
2012 жылы инвестициялардың жалпы көлемі 152,4 млрд. теңгені құрады, бұл 2011 жылмен салыстырғанда 34,8%-ға артық. Инвестициялар білім, денсаулық сақтау, спорт, инженерлік-коммуникациялықинфрақұрылым, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандар құрылысына тартылған бюджеттік қаражаттар есебінен өскен (өткен жылғы денгейден 29,6%-ға артық).
«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автомобиль жолының құрылысын қаржыландыруға тартылған қаржы көлемінің (45,2 млрд. теңге) өсуіне байланысты қарызға алынған инвестиялар көлемі 61,3%-ға өсіп, 55 млрд. теңгені және инвестицияның жалпы көлеміндегі үлесі 36,1%-ды құрады.
2011 жылмен салыстырғанда шаруашылық субъектілерінің өз және халықтың қаражаттары 1,5 есеге өсіп, 48 млрд. теңгені құрады.
Достарыңызбен бөлісу: |