БАҒдарламасы мазмұны кіріспе



бет10/17
Дата04.03.2016
өлшемі5.58 Mb.
#41340
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17

2010-2012 жылдардағы туризм көрсеткіштерінің динамикасы

кесте 9

Көрсеткіштің атауы

Өлшем бірлігі

2010

нақты

2011

нақты

2012

нақты

Туристік ұйымдардың қызмет көрсеткен көлемі

млн. теңге

296,4

987,1

926,6

Келу туризм көлемі

мың.адам

1,7

2,3

1,3

Ішкі туризм көлемі

мың.адам

53,9

62,6

70,4

Туристік фирмалардың саны

саны

19

24

27


Мәселелер:

- туристiк және көлiк инфрақұрылымның жеткiлiксiз дамуының салдарынан Жамбыл облысы аумағындағы Ұлы Жiбек жолы бөлігінде орналасқан маңызды тарихи орындарға жету қиындығы және ондағы сервистiң төмен деңгейі;

- турситік саланың кадрларын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру деңгейінің әлсіздігі, Жамбыл облысының ірі республикалық және халықаралық көрмелерде және жәрмеңкелерде туристік жарнама бойынша, алыс және жақын шетелдерден туристерді тарту бойынша іс-шаралардың жеткіліксіз жүргізілуі.

- ішкі туризмді ұлғайту бойынша жарнамалық қызметтің төмендігі, өңірде «Менің елім – Қазақстан», «Балалар туризмі» туристикалық экспидициясының, жасөспірімдер экологиялық туризмінің дамымағандығы.


Мемлекеттілікті және ұлт бірлігін одан әрі нығайту, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету.

Облыста 9 саяси партиялардың, 14 қозғалыстың, 645 үкіметтік емес ұйымдардың филиалдары, оның ішінде 62 жастар ұйымдары, 25 этномәдени бірлестік, 306 діни бірлестіктермен берілген 4 әртүрлі конфессия, сондай-ақ кәсіподақ ұйымдарының облыстық кеңесі жұмыс істейді. Өзара іс-қимылдың аса маңызды институттары ретінде Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы, үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі, діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңестер, барлық деңгейдегі әкімдіктер жанындағы Қоғамдық кеңестер жұмыс істейді.



Өңірлік ақпараттық кеңістікті дамыту.

2013 жылдың басына 42 БАҚ, оның ішінде 36 – баспа (олардың біреуі - «Жамбыл» журналы), 4 – электрондық бұқаралық ақпарат құралдары тіркелген және жұмыс істейді. Оның ішінде 18 – мемлекеттік баспасөз (42,9%), 24 – тәуелсіз (57,1%). Баспа БАҚ тираждары көлемі өсімінің оңды үрдісі байқалады.



Өңірде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру.

14 жастан 29 жасқа дейінгі жастар саны 2012 жылы 286947 адамды құрап, 2011 жылмен салыстырғанда 1,3%-ға азайды. 62 жастар ұйымы, 11 жастар орталығы жұмыс істейді. Жастар ұйымдары саны өсімінің оңды динамикасы байқалады: 2009 жылы – 53 , 2010 жылы – 58, 2011 жылы – 59, 2012 жылы - 62 (өсім динамикасы 17%). Жылдан жылға жастар ұйымдарының қызметіне қатысатын жастар саны өсуде. Атап айтқанда, егер 2009 жылы жастар ұйымдарының қызметіне қатысатын жастар саны 64000 адамды құраса, 2010 жылы - 66000 адам, 2011 жылы - 68000 адам, 2012 жылы - 70000 адам (өсім динамикасы – 9,3%) құрады. Жастар ұйымдарының мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберіндегі жобаларды іске асыруға қатысуының өсімі тіркелген. Егер 2009 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыруға 18 жастар ұйымы қатысса, онда 2011 жылы – 21, 2012 жылы – 20, (өсім динамикасы – 11,1%). Осының нәтижесінде жастардың жастар саясаты саласындағы іс-шараларға қатысуының сандық өсімі байқалады. Атап айтқанда, егер 2009 жылы іс-шараларды іске асыруға 68400 адам қатысса, 2011 ж. - 70600 адам, 2012 жылы – 75000 (өсім – 9,6%).

Сонымен бірге, жастардың барлық деңгейдегі мәслихаттарға қатысуының төмен деңгейі байқалады. 2010 жылы барлық деңгейдегі мәслихаттарда 3 адам ғана бар, бұл облыс депутаттары жалпы санының 1,5% құрайды. (Облыстың депутаттық корпусы 205 адамнан тұрады).

Барлық деңгейдегі әкімдіктердегі жастар ісі жөніндегі кеңестер, облыстық жастар форумдары, «Облыс жастар ұйымдарының қауымдастығы» мемлекеттік органдар мен жастар бірлестіктерінің өзара іс-қимыл институттары болып табылады.



Мәселелер:

  • жастарды іс-шаралармен қамтудың төмен деңгейі;

  • аудан деңгейінде үкіметтік емес секторларды дамытудың төмен деңгейі;

  • мемлекеттік жастар саясаты саласында құрылымдық бөлімдермен әдістемелік жұмыс жүйесінің жоқтығы;

  • жұмыста жастармен жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың жоғары деңгейінің жетіспеушілігі;

  • жастардың жұмысқа тұру, алғашқы еңбек дағдыларын меңгеру мәселелері.


Этникоаралық және конфессияаралық қатынастарды сақтау және нығайту.

Бүгінгі таңда Жамбыл облысында «ҚМДБ» РИДБ-ның 268 филиалдармен (мешіттер) Христиандық бағытындағы 39 діни бірлестіктер қызметтерін жүзеге асырады, оның ішінде: 6 православ, 1 католик, 32 протестанттық бағытта діни бірлестіктер.

Облыс әкімдігінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңес жұмысын атқарады.

«Исследование агрессивных культов» атты қоғам бірлестігі азаматтық қоғамдағы белсенді институт болып табылады, олар діни деструктивтік ағымдардан зардап шеккендерге көмегін көрсетеді.

Диалогтың дамуы мен қоғамдық үдерістерге халықты кеңінен тарту азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің конструктивтік өзара іс-қимылы арқылы қамтамасыздандырылады.

Діни ахуалды, діни бірлестіктердің және басқада азаматтық қоғам институттардың қызметтерін жүйелі мониторингілеу, олармен конструктивтік диалогтар мен өзара қарым-қатынастарын нығайту аумақтағы діни ахуалдың тұрақтылығына әсерін тигізеді.

Сонымен қатар, халық арасындағы ақпараттық-насихаттық жұмыстарды, сондай-ақ БАҚ арқылы, белсендіру және жетілдіру қазіргі күннің талабы болып отыр. Облыстық «Ақ жол», «Знамя труда», «Ар Ай» атты газеттерде «Руханилық», «Сөздің еркіндігі» және «Қауыпсыздық» атты айдарлар ашылған.

2011 жылдан бастап діни ағымдардың негізігі бағыты мен экстремизм мен терроризмнің алдын алу шаралары жүргізіліп отыр. Сонымен қоса, арнайы топтардан құралған жолсапарлар жүргізілуде. Олардың құрамында басқарма мамандары, ішкі істер департаментінің мамандары, зиялы дінтанушылар, дәстүрлі діни бірлестіктер және мемлекеттік емес үкіметтік ұйымның өкілдері бар.



Мәселелер:

- халықтың діни сауаттылығының төмендігі;

- отанға деген патриоттық сезімді қалыптастыру және нығайту жұмыстарының төмен денгейі;
Гендерлік саясат

Гендерлік аспектіде ерлер мен әйелдер санының біршама теңдей қатынасы қалыптасты. 2013 жылдың басына облыста 1069,9 мың адам тұрады, олардың 51,1% - әйелдер.

Әйелдердің облыстың қоғамдық және саяси өміріне белсене қатысуы байқалады, әйелдерді саяси және экономикалық алға жылжыту бойынша конференциялар, семинарлар мен тренингтер өткізіледі.

2012 жылы әйелдердің атқарушы және өкілеттік билік органдарындағы үлесі 2011 жылғы 8,4%-ға қарағанда 9% арты.

2012 жылы әйел депутаттар саны 4 адамға көбейді, облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттардың 205 депутаттарының 30-ы - әйелдер, олардың 6-ы қалалық мәслихатта, 18 - аудандық, 6 - облыстық мәслихатта.

32 аудан әкім орынбасарларының үшеуі әйел, 152 ауылдық және поселкелік округтердің жбесеуін әйелдер басқарады. Мемлекеттік органдарда, қала мен аудандарды қосқанда, басқарушы әйелдер саны – 51.

Шағын және орта бизнес кәсіпорындарының жұмысын басқаратын әйелдердің үлес салмағы 42,6% құрайды.

Облыс экономикасына әйелдердің қатысуы елеулі, 29% жуық әйелдер шаруа қожалықтарын басқарады, олардың 30%-ға жуығы көп балалы аналар.

Облыста 190 белсенді жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдар тіркелген, олардың 16-ы әйелдер және балалар проблемаларымен айналысады, олардың 12-і негізінен облыс орталығында, 8-і облыстың аудандарында шоғырланған.

Гендерлік саясатты іске асыру жөнінде белсенді ақпараттық-насихаттау жұмысы жүргізілуде, 2006-2016 жылдарға арналған ҚР гендерлік теңдік Стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар Жоспары бекітілген, облыс әкімдігі жанында отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі комиссия құрылған, оның штаттық саны 1 адамнан тұрады және 2 млн. теңге мөлшерінде дербес бюджеті бар.

Әйелдер көшбасшылығы мектебі жұмыс істейді. Әйелдер көшбасшылығы мектебінің республикалық желісінің құрамына Жамбыл облысынан үш қоғамдық бірлестік кіреді: «Жан дауа» АҚ, «Жамбыл облысының іскер әйелдер қауымдастығы», «Тараз бастама орталығы» қоғамдық бірлестіктері.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс есебінен облыстық мектеп қызметі, сондай-ақ, гендерлік стратегияны түсіндіру және насихаттау қаржыландырылады.

Әйелдер қоғамның қорғалмаған бөлігі ретінде тұрмыста да, көшеде де үлкен қауіптермен жиі ұшырасады. Әйелдерге қатысты жасалған қылмыстардың өсуі ең алдымен халықтың жұмыссыздығына, спирттік ішімдіктерді асыра пайдалануына, тұрмыстағы даулы мәселелерге байланысты орын алған.

Әйелдерді зорлықтан қорғау мақсатында ішкі істер органдары кездесулер өткізіп, БАҚ-та мақалалар жарияланады, оқу орындары мен ұжымдарда түсіндіру-алдын алу әңгімелері жүргізіледі.

Облыста 1996 жылдан бастап жүкті әйелдерді және балаларды сауықтыру бойынша «Ана мен баланы аялау» орталығы жұмыс істейді.

Мәселелер:

- қоғамның гендерлік мәдениетінің жеткіліксіздігі, өкілетті органдар билігіндегі әйелдер үлесінің аздығы.
Құқықтық тәртіпті қорғау.

Қауіпсіздікті нығайту, құқықтық тәртіпті сақтау және қылмыспен күрес облыстың әлеуметтік дамуындағы маңызды бір құрамдас бөлігі болып табылады.

2009 жылы, қауіпсіздікті нығайту мен қылмыспен күреске бағытталған ұйымдастыру іс жүзіндегі шаралардың нәтижесінде, облыстағы қылмыстылық көрсеткіші 3,2%-ға (4075-тен 3943 дейін) төмендеген. 2010 жылдан бастап 8,5%-ға (3943-тен 4279 дейін), ал 2011 жылы - 88,1%-ға (4279-дан 8050 дейін) өсуі байқалады. 2012 жылы қылмыстың өсімі 35,0%-ды құрады (8050-ден 10865-ке дейін).

2009 жылы облыста қоғамдық орындарда жасалған қылмыстардың 5,1%-ға қысқаруы байқалады (649-дан до 616 дейін), 2010 жылы 28,2%-ға (616-дан 790 дейін), 2011 жылы 128,5%-ға (790 дан 2595 дейін), 2012 жылы - 19,2% (2595-тен 3094-ке дейін) өсуі байқалады

2009 жылы жалпы қылмыстылықтың 10 мың халыққа шаққандағы деңгейі 38,7%, болса, 2010 жылы - 42,0%, 2011 жылы- 76,4% құрады. 2012 жылы жалпы қылмыстылықтың 10 мың халыққа шаққандағы деңгейі 105,0%-ды құрады.

Қылмыстың ашылуы 2009 жылы 70,2%, оның ішінде ауыр түрі 78,4%, аса ауыр түрі - 94,5% құрады. 2010 жылы - 71,3%, оның ішінде ауыр түрі - 75,4%, аса ауыр түрі - 89,2%, 2011 жылы - 49,2%, оның ішінде ауыр түрі - 58,2% және аса ауыр түрі - 88,9% құраған. 2012 жылы 19,1%-ды құрады, оның ішінде ауыр қылымтар – 54,1% және аса ауыр қылмыстар - 94,9%.

Қылмыс санының статистикалық өсуі және қылмыстың ашылуының төмендеуі алды ала болжамданған.

2011 жылғы қаңтарда ІІМ-нің кеңейтілген Алқа отырысында берілген, негізінен елдегі қылмыстың жай-күйі туралы шынайы статистика құру қажеттігі туралы саяси шешім болып табылатын Мемлекет басшысының нұсқауларына сәйкес, ІІМ және Бас прокуратурасымен бірлесіп қылмыстар туралы барлық өтініштер мен хабарламалардың толық және объективті тіркеуін қамтамасыз ету бойынша қатаң бағыт алынған.

Облыста жасалынған қылмыстар санының нақты статистикасы оларға қарсы адекватты шаралар қабылдауға, және сол шарала арқылы қылмысты мемлекеттік бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, азаматтарға Конституциямен кепілдендірілген сот әділеттілігінен қамтамасыз етеді. Қылмыс жөніндегі хабарламалар мен өтініштерді толық тіркеу осының алғы шарты болады.

Облыстағы құқықтық тәртіптің, азаматтарды қорғау жүйесінің, сонымен бірге мемлекеттік және қоғамдық институттардың қылмыстық жағдайына маңыздылығы жағынан елеулі бірқатар ішкі және сыртқы факторлар әсер етеді. Жаhандық экономикалық кризиске байланысты экономикадағы қиыншылдықтар, халықтың, оның ішінде жастардың жұмыспен толық қамтылмауы қылмыстың, оның ішінде пайдакүнемдік-зорлық қылмыстардың өсуіне ықпал ететін бірден-бір себеп болып табылады.

Жедел ахуалдың күрделенуіне әсер ететін фактордың бірі ұрлық болып табылады. Бірнеше жылда бойы олар жалпы қылмыстың жартысын құрайды, ал әрбір екі ұрлықтың біреуі ашылмай қалады. Әрбір тіркелген ұрлықтың үшіншісі пәтер ұрлығы. Соңғы жылдары беделді автокөліктерді ұрлап кету және айдап кету фактілері жиеленіп кеткен.

Ішкі істер органдарындағы алдын ала тергеу және анықтаудың бүгінгі жағдайы, облыстағы орын алған қылмыстардың 90%-нда сотқа дейінгі жеңілдетілген өндірістің кеңейтілген түрін қолдануы қажет етеді.

Бұл кеңейтілген түр 2010 жылдан бастап үлкен емес және орта дәрежелі қылмыстарды тергеу кезінде қолданылады, ал 2011 жылдан бастап ауыр дәрежелі қылмыстарды тергеу кезінде қолдануда, аталған шара азаматтардың, қылмыстық іске қатысушылардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға оң әсерін тигізеді.

Жамбыл облысында нашаның жабайы түрінің кең көлемде өсуі ахуалдың қиындауына және облыстың есірткі заттарын өндіру базасы болуына себеп болады.

2009 жылы 457 есірткі қылмысы, 2010 жылы – 452, 2011 жылы – 283, 2012 жылы – 279 анықталды. Жалпы есірткі қылмысының төмендеуі қылмыстық заңнаманың енгізілуіне байланысты, атап айтқанда 259 баптың 1 бөлімі әкімшілік құқық бұзушылық қатарына өткен.

Сонымен қатар, жыл сайын есірткі затын сату фактілері өсуде. 2009 жылы 87 есірткі затын сату фактісі анықталған, 2010 жылы - 87, 2011 жылы – 116, 2012 жылы - 118. Жыл сайын заңсыз айналымнан 11 тонна тәркіленіп, оның ішінде қомақты көлемі героин болып табылады.

Жылсайын халық арасында есірткі затын пайдалану деңгейі төмендеуде. 2009 жылы есепте 5536 адам тұрса, 2010 жылы – 5003, 2011 жылы – 4548, 2012 жылы – 2862 адам.

Соңғы жылдары облыста жол апаты деңгейінің негізгі көрсеткіштерінің төмендеуі байқалады. 2011 жылы жол көлік оқиғасының деңгейі 42,6-дан 2011 жылы 41,4, 2012 жылы – 50,3 дейін төмендеп (10 мың қолданатын автокөлікке шаққанда), жол көлік оқиғасында қайтыс болғандардың (100 жарақат алғандарға) 30,2 ден 20,7 дейін қысқарған. Жол көлік оқиғасында жарақат алғандар 2010 жылы (10 мың адамға шаққанда) 8,3, 2011 жылы 8,6, 2012 жылы – 13,2 құрайды.

Сонымен бірге, автокөлік кешені күрделі жағдайда жұмыс істеуде. Атомобиль паркінің және заманауи автокөліктердің жылдамдық көрсеткіштерінің өсуі көше-жол деңгейінің дамуына сәйкес келмейді. Республикалық маңызы бар жолдардың басым көпшілігі күрделі жөндеуді және жүру бөлігі кеңейтуді, бөлу қосалқыларымен жабдықтауды қажет етеді. Жергілікті жолдардың жағдайыда қанағатанарлық емес.

Жол қозғалысына қатысушылардың көліктік тәртібі де төмен, оның ішінде көлік жүргізушілері. Жүргізушілердің дайындық жүйесіде елеулі жақсартуды қажет етеді. Осы және басқада ахуалдар жол көлік оқиғасының ауыр жағдайға әкеп соғуына бірден-бір себебі болып табылады.



Мәселелер:

  • мақсатталған жедел-іздестіру іс-шаралар мен қылмысты ашу бойынша арнайы операциялардың жетіспеушілігі;

  • есірткі қылмысының жоғары деңгейі халықтың есірткі пайдалануы;

  • жол қозғалысы қатысушыларының төмен көліктік тәртібі.


Авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 28 тамыздағы №1298 қаулысын орындау шеңберінде облыста жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар басшылары енетін жергілікті деңгейдегі төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюдың Мемлекеттік жүйесі құрылған.

Жойқын жер сілкіністеріне және табиғи техногендік төтенше жағдайлардың басқа түрлеріне әрекет жасау мақсатында облыста құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды жүргізуге арналған күштер мен құралдар, олардың өзара іс-қимыл жасау, жан-жақты қамтамасыз етілу және оларды басқару тәртібі айқындалған.

Жергілікті деңгейдегі төтенше жағдайларды жою күштері мен құралдары мыналардан тұрады: өртке қарсы қызмет бөлімшелері, судан құтқару қызметі, авариядан құтқару және аварияны қалпына келтіру құрылымдары, 112 құтқару қызметі, ормандардағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметтері, АҚ аумақтық және объектілік құрылымдары, сел, су тасқыны және қар көшкіні қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметтері.

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлармен күресу үшін 70084 адамдық жеке құрамды 3709 құрылымдар бар, оның ішінде: 1551 адамдық жеке құрамды 167 штаттық кәсіби авариядан құтқару құрылымдары; 12244 адамдық жеке құрамды 487 аумақтық құрылымдар; 55589 адамдық жеке құрамды 3044 объектілік құрылымдар.

Жамбыл облысы аумағының үлкен бөлігі жойқын 8 баллдық жер сілкінісінің табиғи ошағында орналасқан. Жойқын жер сілкінісі болған жағдайда өңірлік сипаттағы төтенше жағдай туындауы мүмкін, халыққа гуманитарлық көмек қажет болады.

Облыс аумағының Жамбыл облысының бүкіл аумағы бойына табиғи өрттерге, Тараз қаласы, Жамбыл, Байзақ, Талас, Шу, Қордай, Мойынқұм, Жуалы аудандары аумақтарындағы Талас, Шу, Аса өзендері арналарының бойында су тасқынына, Жуалы, Сарысу, Талас, Мойынқұм және басқа аудандар аумақтарында омбы қарларға, Сарысу, Талас, Мойынқұм аудандары аумағында Конго-Қырым қанды безгегіне, сондай-ақ өнеркәсіп кәсіпорындарының өндірістік циклдерінде әсері күшті улы және жарылғыш заттардың қолданылуына байланысты техногендік авариялар мен апаттарға ұшырау қауіпі бар.

2009 жылы облыс аумағында 1018 төтенше жағдай тіркеліп, 634 адам зардап шекті, 62 адам қаза тапты, 291,9 млн. теңге залал келтірілді. 2010 жылы 851 техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар тіркелді, оның ішінде 458 адам зардап шекті, 93-ші қаза болды, 221,7 млн.теңге залал келтірілді (техногендік төтенше жағдайлар және уақиғалар салдарынан – 442 оқиға, табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан – 409). 2011 жылы 752 техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардан 458 - зардап шекті, 58 - қаза тапты, 79,3 млн.теңге залал келтірілді (техногендік төтенше жағдайлар және уақиғалар салдарынан – 348 оқиға, табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан – 404). 2012 жылы Жамбыл облысының аумағында 718 техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар тіркелді, оның ішінде 398 адам зардап шекті, соның 67-ші қаза болды, 172,6 млн.теңге залал келтірілді.

Адамдардың көптеп қаза табуының себептері мыналар болып табылады: халықтың өрттерден, дүлей зілзалалардан, авариялар мен апаттардан жеткіліксіз қорғалуы, медициналық құтқару көмегінің уақтылы көрсетілмеуі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 желтоқсандағы №1383 қаулысымен бекітілген төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюдың мемлекеттік жүйесін дамыту Бағдарламасын сапалы және тиімді іске асыру шеңберінде жергілікті жерлердегі төтенше жағдайларды жоюдың қолда бар күштері мен құралдарының бүгінгі таңда жекелеген материалдық-техникалық құралдармен жарақтандырылу деңгейі жеткіліксіз.

Өрт бөлімдерін арнайы техника мен жабдықтың жаңа түрлерімен қосымша жарақтандыру (АЦ-40, АЛ-54), ескірген техника мен жабдықтарды ауыстыра отырып штаттық авариялық-құтқару құрылымдарын қолданыстағы нормаларға сәйкес жарақтандыру; ғимараттар мен құрылыстарды сейсмикалық күшейту іс-шараларын орындау; өзендердегі жағалауды нығайту жұмыстарын жүргізу; Жамбыл облысының аумағында жергілікті және өңірлік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда халықты жеке қорғаныс құралдарымен және шатырлы қалашықтар салу үшін мүлікпен қамтамасыз ету қажеттілігі туындап отыр.

Мәселелер:

- жергілікті деңгейдегі төтенше жағдайларды жоюдың қолда бар күштері мен құралдарының материалдық-техникалық құралдармен жарақтандыры-луының жеткіліксіз деңгейі.


2.2.3. Инфрақұрылымдық кешен
Құрылыс

2010 жылдың 1 қаңтарына құрылыс қызметін 5 ірі, 23 орта және 253 шағын барлық меншік түрлеріндегі мердігерлік ұйымдар іске асырды. 2009 жылы мердігерлік ұйымдармен орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 51824 млн. теңгені құрады және 2005 жылмен салыстырғанда 2,8 есеге өсті (14834 млн. теңге).

Жамбыл облысының ЖӨӨ-де құрылыс секторының үлесі 6,7%-ды, жұмыс істейтіндердің үлесі 5,7%-ды құрайды, бұл Қазақстан бойынша орташа көрсеткіш болып табылады.

2010 жылы құрылыспен айналысатын ұйымдар саны 2009 жылмен салыстарғанда 32 данаға өскен (313 ұйымдар), оның ішінде: ірілері 3 данаға (8), орташасы 1 данаға (24) және кішісі 28 данаға (281) өсті. Бірақ, 2010 жылы мердігерлік ұйымдар орындаған құрылыс жұмыстар көлемі 52314,1 млн. теңгені құрап, 2009 жылдың денгейінен 2,3%-ға төмендеген.

2011 жылы құрылыспен айналысатын ұйымдардың өсуі жалғасып, жалпы саны 325 данаға жетті (12 ұйымға өскен), оның ішінде кіші бизнесте 296 ұйымдар әрекет еткен немесе 2010 жылдан 15 данаға көп. Орташа ұйымдар саны 1 данаға азайып, 23 дана және ірілері 2 данаға азайып, 6 дана құрады. Мердігерлік ұйымдар орындаған 2011 жылғы құрылыс жұмыстар көлемі 2010 жылмен салыстырғанда 20,3%-ға өсіп, 65573,2 млн. теңгені құрады.

2012 жылы құрылыс ұйымдарының жалпы саны 2011 жылға тиісінше 24 бірлікке өсіп, 349 бірліті құрады. Соның ішінде 8-і - ірі құрылыс ұйымдары, 24 – орта, 317 – шағын. Сонымен бірге, ірі мердігерлер ұйымының саны 2011 жылға тиісінше 2 бірлікке өсті, орта – 1 бірлікке, шағын – 21 бірлікке. Осы ұйымдармен орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 2012 жылы 117511,3 млн. теңгені құрады немесе 2011 жылдан 68,4% артық. Шамамен құрылыс жұмыстары көлемінің 88%-ы өнеркәсіп-азаматтық құрылыстың жаңа нысандарын қайта қалпына келтіруге (102999,7 млн. теңге), және 12%-ы күрделі мен ағымдағы жөндеуге (5741,3 млн. теңге және 8770,3 млн. теңге) келеді.

2009 жылы жалпы алаңы 240,0 мың шаршы метр құрайтын 2384 пәтер, оның ішінде қалалық жерлерде – 93,4 мың шаршы метрді құрайтын 860 пәтер және ауылдарда - 146,6 мың шаршы метрді құрайтын 1524 пәтер пайдалануға берілді.

2005 жылмен салыстырғанда пайдалануға берілген тұрғын жайлар көлемі 1,5 есеге өскендігін атап өту керек. Сондай - ақ, 2005 жылға қарағанда жеке құрылыс салушылармен 75,4% артық тұрғын үй пайдалануға берілген, ал Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорына және ипотекалық несиеге берілетін тұрғын үйлерді салу деңгейі қарастырылып отырған кезеңге қарағанда 22,9%-ға төмендеген. Сонымен қатар, тұрғын үйді пайдалануға беру адам басына шаққанда жылына 0,21 шаршы метр құрайды, бұл Республика бойынша ең төмен көрсеткіштердің бірі болып табылады.

2010 жылғы 1 қаңтарға халықты үй қоры регистрінің мәліметтері бойынша облыстың тұрғын үй қорының жалпы көлемі 15,9 млн. шаршы метрді, оның ішінде қалаларда – 7,4 млн. шаршы метрді, ауылдарда – 8,5 млн. шаршы метрді құрайды.

2010 жылдың 1 қаңтарына халықты тұрғын үй қорымен қамтамасыз ету адам басына 15,7 шаршы метр құрайды, бұл да Республика бойынша орташа көрсеткіштен төмен.

2010 жылғы пайдалануға берілген 2056 пәтердің, оның ішінде ауылдық жерде 1260 пәтердің, тұрғын үй көлемі 218,3 мың шаршы метрді құрады. 2009 жылмен салыстырғанда пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 9,1%-ға, оның ішінде жеке секторда 7,8%-ға, мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорындағы және ипотекалық несиеленген тұрғын үйлер көлемі 23,9%-ға төмендеген.

Статистикалық деректер бойынша 2011 жылғы 1 қаңтарға облыстағы тұрғын үй қорының жалпы алаңы 15,96 млн. шаршы метрді құрады, оның ішінде қаларда – 7,43 млн. шаршы метр, ауылдық жерде – 8,53 млн. шаршы метр.

2011 жылғы 1 қаңтарға халықтың тұрғын үй қорымен қамтамасыз етілуі бір адамға 15,7 шаршы метрді құрады, немесе 2009 жылғы көрсеткіш денгейінде қалды.

2011 жылы 6,2% өсу қарқынымен жалпы алаңы 231,9 мың шаршы метрлік 1974 пәтер пайдалануға берілді. Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорындағы және ипотекалық несиеленген тұрғын үйлер құрылысының денгейі 2010 жылмен салыстырғанда 3,8%-ға, жеке құрылысшылармен тұрғызылған тұрғын үйлер 5,5%-ға өскен.

Тұрғын үй қоры регистрі негізінде статистикалық деректер бойынша 2012 жылғы 1 қаңтарға облыстағы тұрғын жайдың жалпы алаңы 16,38 млн. шаршы метрді құрады, оның ішінде қалаларда – 7,85 млн. шаршы метр, ауылдық жерде – 8,53 млн. шаршы метр.

2012 жылғы 1 қаңтарға халықтың тұрғын үй қорымен қамтамасыз етілу денгейі бір адамға 16 шаршы метрді құрады, бұл 2010 жылғы осы көрсеткіштің денгейінен 0,3 шаршы метр артық. Қалалық жерде бір тұрғынға келетіні орташа есеппен 18,3 шаршы метр тұрғын үй қоры, ауылдық жерде – 14,3 шаршы метр.

Аталмыш тенденция қалада тұрақтанған халықты қол жетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуге және бюджеттік қаражаттар есебінен салынған инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген барлық жерде жеке тұрғын үйдің кең масштабты құрылысын жүргізуге бағытталған 2020 жылға дейін тұрғын үй құрылысы салалық бағдарламаларды іске асырудың арқасында орын алды.

2012 жылы 226,0 шаршы метрді құрайтын 1672 тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде 1665 жекеменшік сектордағы қосымша ғимараттар және 295 пәтерлі 7 көпқабатты тұрғын үй. Ауылдық жерлерде соғылған тұрғын үй көлемі 118,6 мың шаршы метрді құрайды (52,5%). Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің көлемі 2011 жылға қарағанда 2,5%-ға төмендеген, оның ішінде жеке секторда - 2,4%.



Мәселелер:

  • облыста, атап айытқанда облыстық орталықта тұрғын үймен камтамасыз етуге мұқтаж болған азаматтар саны азаймайды. Осыған байланысты ірі панельдік үйді соғуді енгізу арқылы жалға берілетін және ипотекалық тұрғын үй құрылысын ұлғайту, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту мен жайластыру қажет.


Көлік.

Жамбыл облысы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 5261,71 шқ, оның ішінде республикалық маңызы бар – 1056 шқ, областық – 2240,76 шқ, аудандық – 1964,95 шқ құрайды.

2009 жылға қарағанда жолаушылар көлігі бағыттары 3 бірлікке көбейді. Сонымен қатар, 2011 жылы 46 ауылдық елді мекендер тұрғындарының қоғамдық көлікті пайдалану мүмкіндігі болмады (2009 жылы - 53).

Облыстың 72% ауылдық елді мекендерінде автомобиль жолдары қанағаттанарлықсыз жағдайда.

Жергілікті мәндегі автомобиль жолдарын жөндеуге 2009-2013 жылдар аралығында қаржы көлемі 28,1 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер – 8,7 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен қаржы көлемі – 19,4 млрд. теңге қаржы бөлінді.

2009-2013 жылдар аралығында жөндеу жұмыстары жергілікті мәндегі 2363,75 км автомобиль жолдарында және елді мекендер көшелерінде жүргізілген, оның ішінде жаңа құрылыс - 14,3 шақырым, күрделі жөндеу - 104,8 шақырым, орташа жөндеу - 2244,6 шақырым.

2011 жылы жол жөндеу жұмыстарына 7,2 млрд. теңге бөлініп (республикалық бюджеттен – 1,4 млрд. теңге, жергілікті бюджеттерден – 5,8 млрд. теңге), жол жөндеу жұмыстарымен 691,2 шақырым жол қамтылды, оның ішінде жаңа жол құрылысы – 4,3 шақырым, күрделі жөндеу – 18 шақырым, орта жөндеу – 668,9 шақырым.

2012 жылы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеуге 6,0 млрд. теңге бөлініп (республикалық бюджеттен – 1,3 млрд. теңге, жергілікті бюджеттерден – 4,7 млрд. теңге), жол жөндеу жұмыстарымен 442 шақырым жол қамтылды, оның ішінде күрделі жөндеу – 18,7 шақырым, орта жөндеу – 423,3 шақырым.

Облыс ішіндегі 218 қалалық, қала маңындағы және қалааралық бағыттарда, жолаушылар және жүк тасымалымен 28 жеке меншік тасымалдаушылар айналысады.

2010 жылы барлық көлік түрлерімен 55,9 млн. тонна жүк тасымалданған, бұл 2009 жылға қарағанда 19,7%-ға артық, жүк айналымы 1707,7 млн. тонна/шқ құрады және тиісінше 3,2%-ға өсті. 2011 жылы облыстағы барлық көлік түрлерімен 70,4 млн. тонна жүк тасымалданды, бұл 2010 жылдың деңгейіне 25,9%-ға өскен, жүк айналымы 2246,9 млн. тонна/шқ құрады (31,6%-ға). 2012 жылы 80,4 млн. тонна жүк тасымалданды, бұл 2011 жылдың деңгейіне 114,1%-ды құрайды, жүкайналымы 10,3%-ға өсіп, 2477,8 млн. тонна шақырым құрады.

2010 жылы барлық жолаушылар көліктерімен 570,6 млн. жолаушы тасымалданды, 2009 жылдың деңгейіне 110,1%-ды құрады, жолаушы айналымы - 4027,5 млн. жолаушы/шқ (104,9%). 2011 жылы 745,8 млн. жолаушы тасымалданды, бұл 2010 жылмен салыстырғанда 30,7 пайызға артық, жолаушылар айналымы – 4728,7 млн. жолаушы шқ (17,4%-ға). 2012 жылы барлық жолаушылар көліктерімен 802,8 млн. жолаушы тасымалданды, бұл 2011 жылмен салыстырғанда 7,6%-ға артық, жолаушылар айналымы - 5031,4 млн. жолаушы/шқ құрады (6,4%-ға).

Мәселелер:


  • ауыр жүкті автокөліктермен бұзылатын жол табанының тасымалдау мүмкіндіктерінің жедел төмендеуі;

  • жалпы пайдаланымдағы жол бойындағы сервис жүйелерінің жеткіліксіз дамуы (кемпинг, эстакадтар, автокөлік тұрағы, мотельдер, шұғыл көмек көрсетілетін пункттер және т.б.);

  • жол саласында білікті кадрлардың және инженерлерлік құрамының тапшылығы;

  • облыстың қолданыстағы қоғамдық көліктерінің табиғи тозуы;

  • қоғамдық көліктер жұмысына тиісті бақылаудың жоқтығы және Тараз қаласындағы жолаушылар тасымалдау бойынша қоғамдық көліктер қызметі сапасының төмендігі.


Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық

Сумен жабдықтау және су жүргізу

Облыс бойынша су құбыры желісінің жалпы ұзындығы 2993,74 км, оның ішінде ауылдық жерлерде 2131,8 км құрайды, оның 15% жеке меншікте.

Облыс бойынша орталықтандырылған сумен жабдықтау 2013 жылдың 1 қаңтарына жалпы 77,5% құрады. 373 ауылдық елді мекеннің 289 ғана орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген. 76 ауылдық елді мекен орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз етілген және қалған 8 ауылдық елді мекенде тасымалданатын суды қолданады.

2012 жылы бюджет қаражаты есебінен Тараз қаласы бойынша 2010 жылы басталған «Бурыл А,Б,В алқабында су құбыры және сужүргізу желілерінің құрылысы» жобасы бойынша 199,7 млн. теңгеге жұмыстар жалғастырылды, аяқталуы 2013 жыл. Жаңатас қаласында 859,7 млн. теңгеге су жүргізу желілерін және сумен қамтамасыз ететін нысандарды қайта жаңғырту жұмыстары орындалды жоба 2011 жылдан іске асырылуда, 2013-2014 жылдары жалғасады. Осыған қоса Шу қаласында тазарту имараттарын және кәріз жүйелерін қайта жаңғырту жобасын іске асыру 191,3 млн. теңгеге жалғастырылды, жоба 2010 жылдан орындалуда, аяқталуы 2013 жыл.

Су жүргізудің жалпы ұзындығы 409,0 км. құрайды.

2012 жылы 9,0 км кәріздік желі іске қосылды.

2013 жылы «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша 14 елді мекенде 16 нысанды пайдалануға беруімен 33 сумен қамту және су бұру нысандарының құрылысы және қайта жаңғыртуы жүргізілуде.

Жампы сумен қамту жүйелерін дамытуға 2013 жылы 7,4 млрд. теңге бюджеттік қаражат бөлінген, бұл 2012 жылдан 8,8%-ға артық.



Мәселелер:

- облыста әсіресе, ауылды елді мекендерде орталық сумен және су ағызумен қамтамасыз етудің төмен деңгейі;

- ағынды суларды тазалау имараттарының жоқтығы;

- сумен жабдықтау және суды бұру, кәріз жүйелерінің тозуы.


Жылумен қамтамасыз ету

2013 жылдың 1 қаңтарына орталық жылумен қамтамасыз етумен тұрғын үй қорын қамту 26,4%-ды құрайды, біржола төмен көрсеткішке жатады.

Сонымен бірге, Жамбыл облысының жылумен қамту жүйесі жылу қуаттарының көптігімен және нормадан тыс шығындармен сипатталады, әсіресе облыстың шағын қаларында (Жаңатас, Қаратау, Шу). Облыста жылу қуаттарының көптік проблемасы орын алып отыр: 2011-2012 жылдары облыстың генераторлық қуаттары сомалық қуаттылықтың тек 38%-да пайдаланылған.

Жамбыл облысының жылу жүйелері мен генераторлық қуаттары тозған және ары қарай қайта жаңғырту мен ауыстыруды талап етеді. 2012 жылы барлығы 21,0 км жылу жүйелері қайта жаңғыртылған және ауыстырылған. Жылу энергия станциясын, үлкен қазандықтар мен жылу желісін энергия үнемдеу құралдары мен технологияларды (алдын ала жекеленген құбырлар, газ поршенді немесе газ турбинді электростанциялар) орнату арқылы жетілдіру қажет.



Мәселелер:

- жылу желісінің және генераторлық қуаттардың тозуы;

- облыстық маңызды қалаларында жылу қуаттарының тозуы (Жаңатас, Шу, Қаратау).
Газбен қамтамасыз ету

Жамбыл облысы тұтынушыларына табиғи газды жеткізу мен сатуды, пайдалануды, техникалық қызмет көрсетуді және газбен қамту жүйелерін (газ тарату пункттері мен қондырғылар, жоғарғы, орта және төмен қысымды газ тарату жүйелері) жөндеуді «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ЖӨФ іске асырады.

Кәсіпорын балансында тұрған жалпы газ құбырларының ұзындығы 2601,116 км, оның ішінде: жоғарғы қысымдағы – 120,548 км, орта – 544,773 км, төмен – 1935,795 км құрайды.

2012 жылы 157,8 км газ жүйелері іске қосылған. 373 елді мекендерден 88 елді мекен (23%) газдандырылған.

2012 жылы Жамбыл облысында газ тасымалдау жүйесін дамытуға ҚР Мұнай және газ министрлігі республикалық бюджеттен 1 992 809 мың теңге қаражат бөлді, жергілікті бюджеттен – 220 753 мың теңге бөлінді, барлық бөлінген қаражат – 2 213 562 мың.теңгені құрап отыр. Бөлінген қаржыға Меркі (10 ауыл), Т.Рысқұлов (13 ауыл) және Жуалы (10 ауыл) аудандарының 33 елді мекендерінде газ тарату құбырларының құрылысы аяқталды.

2012 жылы «КазТрансГаз Аймак» АҚ 3,6 млрд. теңге қаражаттың есебінен «Жамбыл облысының «Қордай» АГРС-нан Шу қаласына дейін газ құбырын тарту құрылысы» жобасын іске асырылды. Бұл болашақта 36 елді мекендерді, оның ішінде магистралды газ құбырының бойында орналасқан Қордай ауданының 14 елді мекенін, Шу ауданының 22 елді мекенін газдандыруға мүмкіндік береді.



Мәселелер:

- газбен қамтамасыз етудің төмен деңгейі;

- Амангелді газ кен орнының төмен қуаттылығы және ішкі магистральді газ құбырлары жүйесінің дамымағандығы;
Тұрғын үй қорын басқару

2012 жылдың 1 қаңтарына облыс бойынша тұрғын үй қоры жалпы 16379,2 мың шаршы метрді құрайды, оның ішінде 98,1 пайызы жеке меншікте (16068,6 мың шаршы метр), сонын ішінде қалалық мекеннің жеке меншігінде 97% және ауылдық мекенде 99,1%.

Көп пәтерлі үйлердің (кондоминиум нысандарын) алаңы 5744 мың шаршы метрді құрайды (1361 үй). Оның ішінде 1012 мың шаршы метр (681 үй) күрделі жөндеудің кейбір түрінен өткізуді қажет етеді және 625,5 мың шаршы метр (362 үй) апатты тұрғын үй ретінде тұруға жарамсыз болғандықтан бұзуға жатады.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бағдарламасы аясында 2011-2020 жылға дейін кондоминиум нысаналарын жөндеуге және жөндеу жұмыстарын қажет ететін тұрғын үйлердің көлемін 10 пайызға төмендету жоспарлануда.

Жалпы облыс бойынша 1361 көппәтерлі тұрғын үйдің ішінде 681 үй немесе 50%-ы күрделі және ағымдағы жұмыстарды қажет етеді.

2011 жылы Тараз қаласының 33 көппәтерлі тұрғын үйлерін күрделі және ағымдағы жөндеуге республикалық бюджеттен 326,250 млн.теңге ағымдағы нысаналы трансферт бөлінді, оның ішінде: 11 үйді күрделі жөндеуге 120,0 млн.теңге және 22 үйді ағымдағы жөндеуге 206,250 млн.теңге бөлінді. 33 көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу жұмыстары аяқталған.

Атқарылатын жұмыстардың нәтижесінде 21523,19 м2 шатыр, 11063 м2 үйдің келбеті, 25674,6 ш.м. инженерлік желісі және 3020,7 м2 кіреберістер жөнделді.

2012 жылы 74 көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуге республикалық бюджеттен 812,5 млн. теңге игерілді, оның ішінде: 22 тұрғын үйді күрделі жөндеуге 312,5 млн. теңге, 52 үйді ағымдағы жөндеуге 500,0 млн. теңге, соның ішінде Тараз қаласында 33 үй, Жаңатас қаласында 3 үй, Қаратау мен Шу қалаларында 8 үйден жөнделді.


Электр энергетикасы

Облыс бойынша электр қуатын тасымалдау және таратумен «ЖЭС» ЖШС-гі айланысады, оның балансында 15094,0 км электр тасымалдау желісі 0,4-110 кВ және 3213 трансформаторлық кіші стансалар 6-10-35-110—220 кВ бар, оның жиынтық қуаттылығы 1961,15 мВА. құрайды.

Жамбыл облысы бойынша 2012 жылы электр энергиясын пайдалану 3,9 млрд кВт/сағ құрады, оның ішінде «ЖЭС» ЖШС-гі – 1,3 млрд.кВт/сағ. 2013 жылға болжам – 4,2 млрд.кВт/сағ.

Электр энергиясының өндірісі 2012 жылы 1,6 млрд.кВт/сағ. құрады, «ЖГРЭС» АҚ-ның үлесі - 1,3 млрд.кВт/сағ. және 2011 жылмен салыстырғанда 30%-ға өскен.

Жамбыл облысына электр қуатын жеткізу «ЖГРЭС»АҚ-мы, «ТЭЦ»АҚ-мы, «Гидроэнергетическая компания» ЖШС-гі, Меркі ГЭС, «Қордай – 1» ЖЭС «Изен-Су» ЖШС, Отар поселкесіндегі СЭС, Тасөткел ГЭС, Қарақыстақ ГЭС және Қазақстанның солтүстік энергия көздерінен қамтамасыз етіледі.

Облыс аумағында орнатылған электр қуаты көздерінің қуаттылығы:

- «ЖГРЭС»АҚ – 1230 МВт;

- «ТЭЦ»АҚ – 60 МВт;

- «Гидроэнергетическая компания » ЖШС – 2,1 МВт;

- Меркі ГЭС-3 – 1,5 МВт;

- «Қордай – 1» ЖЭС «Изен-Су» ЖШС – 1,5 МВт;

- Отар поселкесіндегі СЭС – 0,5 МВт;

- Тасөткел ГЭС – 9,2 МВт;

- Қарақыстақ ГЭС – 2,1 МВт құрайды.

Тараз қаласында «Байтерек» мөлтек ауданында халықты және локалдық қызындықтарды электрмен қамту мақсатныда 2012 жылы ЛЭП-110 кВ және ПС-110/10 кВ ПС «Байтерек» құрылыстық монтаждық жұмыстар аяқталған.

Қазіргі таңда ПС 110/10 кВ «Байтерек» екінші кезеңінің құрылысына ЖСҚ әзірленуде.

Тиімді қуат саясатын іске асыру бұл экономиканы жетілдірудің және индустраилды-инновациялық дамуды есепке алғанда қуат қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басты тетігі болып табылады. Қазақстан Республикасының 2012-2015 жылдарға арналған қуат тиімділігін жоғарылату кешенді жоспары қабылданған. Бұл жоспар заңнамалық, ұйымдастырушы, ғылыми, техникалық, экономикалық және қаржылық шаралар кіретін қуат көзін сақтау және қуаттың тиімділігін арттыру бойынша тәжірибелік шараларды енгізуге және іске асыруға бағытталған.

Осының бәрі аталған бағытта жүйелік жұмысты бастауға мүмкіндік береді. Үдемелі индустриаландыру жағдайында қуат секторы өңір экономикасының өмір сүруді қамтамасыз ететін салаларының бірі болып табылады. Өңірді қуатпен қамтамасыз етудің мәселесін шешу үшін қалпына келтірілетін қуат көзін дамытуға көп көңіл бөлінеді. Бұл жұмыс республикамызда "Жасыл экономика" тақырыбында «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесін өткізуге байланысты өзекті болып шешіледі.

Соңғы үш жылда Жамбыл облысында қуаттылығы 186 МВт және құны тартылған инвестициялардың 390 млн. АҚШ долларын құрайтын ЖЭК 9 жобасы басталып, іске асырылуда.

2010-2012 жылдар аралығында қуаттылығы 1,5 мВт құрайтын Меркі ГЭС, Қазақстанда бірінші рет қуаттылығы 1,5 мВт құрайтын Қордай ЖЭС-1 жел электростанциясы пайдалануға берілді, бұл өңірлік электрлік желілік компаниясының желісінде өз электр қуатын беруде.

Қордай ауданы Отар с. 2011 жылы Қазақстандағы бірінші өнеркәсіп масштабындағы күн электростанциясы пайдалануға берілген және Қазақстанның біріңғай қуаттық жүйесіне қосылған. Бірінші кезеңнің қуаттылығы 504 кВт құрайды. Стансаның бірінші кезеңін пайдалануға беру тәжірибесінің нәтижесі бойынша 2013 жылы оның қуаттылығын 7 МВт дейін ұлғайту жоспарлануда.

Сонымен бірге, 2013 жылы Индустриаландыру картасының шеңберінде қуаттылығы 2,1 МВт құрайтын Қарақыстақ ГЭС және қуаттылығы 9,2 МВт құрайтын Тас-Өткел ГЭС құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.



2014-2015 жылдары қуаттылығы 100 МВт құрайтын Жанатас ЖЭС құрылысы және оны пайдалануға беру жоспарлануда. Оның инвесторы «Central Asia Green Power» компаниясы. Fonroche Energie Француз компаниясымен Жамбыл ауданында қуаттылығы 24 МВт құрайтын күн элктростансының құрылысын бастау жоспарлануда. Жобаның құны 80 млн. АҚШ долларын құрады. «TarazGreenPowerJenco» Ресей компаниясымен қуаты 19,8 МВт құрайтын Меркі ГЭС каскадының құрылысы жүргізілмек. Жобаның құрылысын 2015 жылдың желтоқсанында аяқтау жоспарлауда. Құны 32,7 млн млн. АҚШ долларын құрайды.

Аталған жобаларды іске асыру облысымызды "жасыл қуатпен", яғни 15%-дан астам электр қуатын тұтынуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. "Жасыл" технологиялардың бәсекеге қабілеттілігі тез өсуде, альтернативтік қуат технологиялардың көбісі алдағы уақытта ескі қуат көздерімен салыстырғанда электр қуатын өндірудің өндірісіне шығындарды азайтуға алып келеді.

Алдағы уақытта 2015 жылға дейін Меркі ГЭС каскадын, қуаттылығы 100 МВт құрайтын Жаңатас ЖЭС, қуаттылығы 24 МВт құрайтын СЭС құрылысын бастау және «Отар» СЭС қуаттылығын 7 МВт дейін арттыру жоспарлануда.

Мәселелер:

- энергия жабдықтарының қатты тозуы және осыған байланысты электроэнергиясы шығындарының және пайдалану шығындарының көп болуы, электрэнергияны беруде бәсекенің болмауы және электрсыйымдылықтың жоғары болуы;

- дәстүрлі отын ресурстарының болмауы;

- өз электроэнергиясының тапшылығы, сапаның тұрақсыз болуы;

- энергоресурстарға бағаның жоғары болуы.
Телекоммуникация.

«Қазақтелеком» АҚ-ның жоспарлары мен даму стратегиясына сәйкес Жамбыл облыстық телекоммуникация дирекциясының қызметі заманауи желісін ары қарай құруға және ұсынылатын жоғары сапалы байланыс қызметінің спектрін кеңейтуге бағытталған.

2012 жыл ішінде негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштер бойынша біршама нәтижелерге қол жеткізілді. Облыс бойынша 11177 телефон, оның ішінде қалаларда – 5754 телефон және ауылдық жерлерде – 5423 телефон орнатылды.

2013 жылдың 1 қаңтарына телекоммуникация құралдарының қолданыста болуы келесі көрсеткіштермен сипатталады:



  • коммутациондық пунктер саны 266 (АТС, УБ және БС) құрады (1.01.2011 ж. – 183221 номерді), оның ішінде ауылдық жерлерде 178;

  • телефондық станциялардың саны – 249 (1.01.2012 ж. – 211), оның ішінде ауылдық мекенде - 144 (143);

- электрондық стансалар саны – 183 (1.01.2012 ж. – 171), оның ішінде ауылдық мекенде – 111 (106);

- коммутациондық пунктер жалпы монтаждалған сыйымдылығы (АТС, УБ және БС) облыс бойынша 197178 номерді құрады (1.01.2012 ж. – 187 807), оның ішінде ауылдық мекенде – 82 060 номерді (78 950);

- жаңа технология бойынша монтаждалған сыйымдылығы санынан 185 535 номер немесе 94,09% жұмыс істейді (1.01.2012 ж. – 173 243 немесе 92,2%);

- коммутациондық пунктердің іске қосылған сыйымдылығы 185 576 номерді немесе 94,1%-ды (1.01.2012 ж.180 855 немесе 96,2%), оның ішінде ауылдық мекенде – 80 815 номер немесе 98,4%-ды (1.01.2012 ж. – 78 091 немесе 98,9%);

- ШПД монтаждалған порттық сыйымдылығы 38 261 құрады (1.01.2012 ж.– 38 096), оның ішінде ауылдық мекенде – 13 728 (1.01.2012 ж. – 12 440);

- ШПД іске қосылған порттық сыйымдылығы 32 102 немесе 83,9% құрады (1.01.2012 ж. – 32 960 немесе 86,5%), оның ішінде ауылдық мекенде – 11 847 немесе 86,2% (1.01.2012 ж. – 10 254 немесе 82,4%);

- облыс аумағында жер бетіндегі спутниктік байланыс жүйесінің 61 станциясы жұмыс істейді (1.01.2012 ж. – 33 станция). НССС «ДАМА» - 12, Sky Edge – 49;

- облыс бойынша 100 жанұяға шаққанда кең желілі жетімділікті интернет қызметіне енудің ортақ көрсеткіші 15,3%-ды, Тараз қаласы - 24,8%-ды құрайды;

- облыс бойынша 100 жанұяға шаққанда телефон қызметіне енудің ортақ көрсеткіші 69,7%-ды, Тараз қаласы - 102,3%-ды құрайды;

- облыс бойынша 100 тұрғынға шаққанда телефон тығыздығы 15,5 бірлікті, оның ішінде Тараз қаласы – 22,7 бірлікті құрайды;

- облыс бойынша 100 жанұяға ШПД сыйымдылығы 3,4 бірлік, Тараз қаласы - 5,5 бірлікті құрайды.

Интернет пайдаланатын халықтың саны 01.01.2013 ж. - 42 804 бірлік, ШПД пайдаланушылар - 42 203 бірлікті құрайды.

«Электрондық үкіметті» қалыптастыру бағдарламасын іске асыру қорытындысы бойынша облыста ақпарат алмастырудың қағазсыз технологиясы – электрондық құжат айналымы енгізілген, «Адрестік регистр» АИС мәліметтер базасын (МБ) толықтыру жүргізілуде, басқармаларда локальдық есептейтін желісі (ЛЕЖ) енгізілген, облыс басқармаларымен және аудандармен жоғары сапалы желісі арқылы байланыс құрылған, Жамбыл облысы әкімінің www.zhambyl.kz сайты әзірленген, мәліметтерді тұрақты толықтыру және жаңарту жүргізілуде. Құрылған www.zhambyl.kz сайтымен келесі е-қызметтері ұсынылады: ақпараттық жаңалықтар, мемлекеттік органдардың құрылымы және байланыстары туралы мәліметтер, орталық атқарушы органдардың ақпараттық ресуртарына сілтемелер, нормативтік актілер, қызмет көрсетуге тарифтер, жұмыстардың регламенті және т.б.; интербелсенді ықтимал қоғамдық қабылдау бөлмесі, Тараз қаласының қонақ үйінің, мейрамханаларының, тұрмыстық, көлік және басқа қызмет көрсетуді ұсынатын кәсіпорындарының көрсетілуімен интербелсенді картасы құрылған, аудандық әкімдердің өңірлік сайттары құрылған.

Облыстық веб-сайттың редизайны және қайта құрылымдау бойынша жұмыстар жүргізілген. Бүгінгі таңда портал арқылы 146 ақпараттық және 5 интербелсенді қызмет көрсету бар, оладың арасында облыс әкімінің блогы, электрондық қабылдау бөлмесі, бизнесті қорғау бөлімі, жаңалықтарға жазылу, мемлекеттік сатып алу бойынша қызмет көрсету және басқа, сонымен қатар порталда ЖАО көрсететін 22 мемлекеттік қызмет көрсету ішінара автоматтандырылған. Барлық қалалардың және облыс аудандарының әкімдіктерінің сайттары ашылған және жұмыс істейді.

Халықты компьтерлік сауаттылыққа оқыту орталығы ашылған.

Жамбыл облысының «е-әкімдігін» іске асыру шеңберінде бүгінгі таңда келесі бағыттар бойынша іс-шаралар орындалған:


    • техникамен қамту;

    • ведомстволық ақпараттық жүйені әзірлеу және енгізу;

    • мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматтандыру;

    • «е-әкімдіктің» ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Бүгінгі таңда «е-әкімдікті» дамыту бағыттарының мәліметтері бойынша төмендегі жұмыстар орындалған:

    • 12 серверден серверлік түйін құрылған;

    • портал құрылған, онда өтініш беру саласында ішінара ЖАО көрсететін 22 қызмет көрсету автоматтандырылған;

    • «Корпоративтік электрондық құжат айналымы» ақпараттық жүйесі енгізілген;

    • «Кадрлық іс жүргізу» ақпараттық жүйесі енгізілген;

    • «мемлекеттік органдарға білім беру және тестілеу» ақпараттық жүйесі енгізілген;

    • басқарудың ақпараттық-талдау жүйесі енгізілген;

    • «Бюджеттеу» ақпараттық жүйесі енгізілген;

    • «Ауыл шаруашылығын» әзірлеуге және енгізуге жобалық-ізденуші жұмыстары жүргізілген;

    • «Денсаулық сақтауды» әзірлеуге және енгізуге жобалық-ізденуші жұмыстары жүргізілген;

    • электрондық құжат айналымын, локальдық есептейтін желісін, серверлерді, порталды тіркеу жүзеге асырылуда.

Басқару органдарын компьютерлік техникамен қамту 80% құрайды, Интернет желісіне қосылу байланыс каналында орташа 2 mb/s өткізу қабілеттілігімен бірге ұйымдастырылған.

ЖАО ЛЕЖ-не облыстық және аудандық деңгейде 31 ұйым қосылған (аудандық және қалалық әкімдіктер, Жамбыл облысы әкімдігінің басқармалары).

Электрондық құжат айналымына Жамбыл облысы әкімінің аппараты қосылған.

Мәселелер:


    • облыс халқы арасында компьютерлік сауаттылықтың төмен деңгейі.


2.2.4. Аумақтық даму

Облыста 4 қала, 10 әкімшілік аудан, 153 ауылдық және селолық округтер, 373 ауылдық елді мекендер бар. Орта есеппен 31% пайыз облыс халқы Тараз қаласында шоғырланса, 8% - Шу, Жаңатас, Қаратау қалаларында, қалған 61%- ауылдық, селолық жерлерде тұрады.

Облыс аумағы 144,3 мың шаршы метр, халық қоныстауының тығыздығы 1 шаршы метрге 7,4 адам құрайды.

Облыстың қалаларында тұратын халық саны 427,9 мың адамды, ауылдық жерлерде тұратын халық 642 мың адамды құрайды.

Ағымдағы санақ мәліметі бойынша 2012 жылы облыс орталығы Тараз қаласында 343,3 мың адам тіркелген, бұл 2009 жылдың басымен салыстырғанда 19,7 мың адамға көп. Тұрғындарының саны бойынша ең үлкен аудан - Қордай ауданы, бұл ауданда 132,5 мың халық тұрады. Үлкен өңірлер қатарында саналатын Шу ауданында 96,7 мың халық бар. Жер көлемі ең үлкен саналатын Мойынқұм ауданы (жер көлемі 50,4 мың шаршы метр) халық ең аз тұратын өңірге жатады, ол ауданда бар болғаны 32,3 мың адам тұрады. Облыс орталығымен шекаралас аудандар: Байзақ ауданында – 93,9 мың адам, Жамбыл ауданында – 77,8 мың адам, Жуалы ауданында – 51,8 мың адам тұрады. Облыс орталығынан шалғайлау орналасқан: Т.Рысқұлов ауданында – 65,0 мың адам, Меркі ауданында – 81,7 мың адам, Талас ауданында – 52,1 мың адам, Сарысу ауданында 42,9 мың адам тұрады.

Тараз – облыстың әкімшілік, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми, білім және мәдениет орталығы. Осы себепті Тараз қаласы бүтіндей алғанда, бүкіл облыстың экономикалық және әлеуметтік дамуының басты бағыттаушы күші болып табылады. Бұл тарапта, аудандармен салыстырғанда, ондағы инфрақұрылымның дамуы ықпал етеді.

Облыстың аудандарының бір-екі ғана бағытқа (Сарысу, Талас, Жуалы, Мойынқұм, Меркі аудандары – бір бағытқа, Байзақ, Шу, Қордай, Т.Рысқұлов аудандары – екі бағытқа) маманданып, даму үрдісі байқалады. Көпсалалы бағытқа маманданған аймаққа Тараз қаласы мен Жамбыл ауданы ғана жатады.

Ауылдық елді мекен (АЕМ) тұрғындарын денсаулық сақтау қызметімен қамтамасыз ету мақсатында аудан орталықтары мен ауылдық жерлерде 10 аудандық орталық аурухана, 7 ауылдық аурухана, 1 қалалық аурухана, 8 аудандық орталық емхана, 5 туберкулезге қарсы ауруханасы, 2- диспансер, 1 – жекеменшік аурухана, 11-орталық аудандық емхана, 10-ауылдық емхана, 111 - дәрігерлік амбулатория, 117 медициналық пункттер, 60 - фельдшерлік-акушерлік пункттер, тиісті ғимараты жоқ 56 медициналық қызметкер, 15 – стоматологиялық көмек көрсету бойынша жекеменшік амбулаториялық- емханалық мекемлер жұмыс істейді.

2012-2013 жылғы оқу жылында орта білім беру ұйымдарының желісі 112057 оқушылары бар 369 ауыл мектептерін құрады, оның ішінде бастапқы мектептер саны – 63, негізгі мектептер – 36, орта мектептер – 270.

Ауыл мектептерінде 16667 мұғалімдер жұмыс істесе, олардың ішінде жоғары білімдісі – 14634, аяқталмаған жоғары білімдісі – 24, орта арнаулы білімдісі – 2009. Ауыл мектептерінде жоғары білікті дәрежелері бар 3107 мұғалім жұмыс істейді.

2013 жылдың 1 қаңтарына Жамбыл облысының ауыл тұрғындарына мәдени қызмет көрсетумен 490 мемлекеттік мәдениет мекемелері жұмыс істейді, оның ішінде мәдениет үйлері мен клубтар – 195, автокөлік клубы – 8, кітапханалар – 264, мұражайлар – 4, кинотеатрлар - 1 бірлікті, киноорнатулар - 17 бірлікті құрады.

2013 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша облыста 289 ауылдық елді мекен (77,5%) орталықтандырылған ауыз сумен, 76 ауылдық елді мекен (20,4%) орталықтандырылмаған ауыз сумен, 8 ауылдық елді мекен (2,14%) тасып әкелінетін ауыз сумен қамтамасыз етілген. Тасып жеткізілетін ауыз суды Мойынқұм ауданының – 8 елді мекені пайдаланады.

Ауылдық жерлердің автокөлік жолдарын дамыту үлкен маңызға ие. Жүргізілген мониторинг жұмыстарының қорытындысы көрсеткендей, облыста жергілікті мәндегі жолдар 4223,7 шақырымды құрайды, оның ішінде, 2258,8 шақырым жол – облыстық мәндегі, 1964,9 шақырым жол – аудандық мәндегі жолдар. Олардың ішінде, 425 шақырым жол күрделі және орташа жөндеуді қажет етеді.

Облыс бойынша 2 ауылдық елді мекен (Мойынқұм ауданының Байтал, Арал ауылдары) телефондандырылмаған, бұл елді мекендерде ешкім тұрмайды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 қарашасындағы №1389 қаулысымен бекітілген Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасын іске асыру мақсатында облыста даму әлеуеті жоғары 55 елді мекен, төмен әлеуетті – 32, орташа әлеуетті – 292 елді мекен бекітілген. Бір халқы жоқ елді мекен рейтингтік бағалауға алынбаған.

Аумақты дамыту «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында іске асырылуда, 2012 жылы инженерлік инфрақұрылым жобаларын іске асыруға 1199,4 млн. теңге (оның ішінде жергілікті бюджеттен 109,7 млн. теңге) бөлініп, 2013 жылы 0,6 млрд. теңге бөлу жоспарлануда. Даму әлеуеті жоғары және орташа АЕМ жергілікті өзін-өзі басқаруды қаржылық қолдау көрсету шеңберінде 2012 жылы 31 АЕМ 48 жобаны іске асыруға республикалық бюджеттен 85,1 млн. теңге, 2013 жылы 180 АЕМ 240 іс-шараларын іске асыруға 512,5 млн. теңге бөлінді.

Жамбыл облысында 2 моноқала бар, оның бірі даму әлеуеті орташа - Қаратау қаласы және Шу шағын қаласы.

Бағдарлама аясында 2012 жылы моноқалаларды жайластыруға (көгалдандыру, абаттандыру және жарықтандыру) РБ 190,3 млн. теңге бөлінді, 2013 жылы - 1363,8 млн. теңге, оның ішінде өңірді жайластыруға рсепубликалық бюджеттен 612,1 млн. теңге, инженерлік инфрақұрылымды дамытуға 530,4 млн.тенге және кәсіпкерлікті дамытуға 221,3 млн. теңге бөлінді.



Мәселелер:

2013 жылдың 1 қаңтарына облыстың 373 АЕМ 76-ы орталықтандырылған ауыз сумен және 8-і тасып әкелінетін ауыз сумен пайдаланады. Ауылдық жерлердегі ауыз сумен қамту мәселесі 2 себептен тұрады: сумен жабдықтау жүйесінің жоқтығы және бұзылуы. Өз кезегінде, сумен қамту инфрақұрылымдардың ескіруі оны дамытуға және қамтуға қаражаттың жоқтығының салдарынан болып отыр.

2013 жылдың 1 тамызына 23,5% АЕМ газдандырылған (373 АЕМ-ден 88).

АЕМ газдандырудың төмен деңгейі магитралды желілердің аудандардан алыста орналасқанына және бюджеттік мүмкіншіліктің шектелуіне байланысты.

Облыстық және аудандық жолдардың өңірдің балансына берілуіне байланысты жылдан жылға оларды қаржыландыру және қамту жағдайы нашарлап келеді, бұл күнделікті ескіруге және қолда бар жолдардың және оларды жасанды салудың бұзылуына әкеп соғады.

АЕМ арасында автокөлік хабарландыру, және оларды аудандық пен облыстық орталықтармен байланыстыратын автокөлік хабарландыру онша дамымаған.

Облыстың кейбір аудандарында әлеуметтік саланың нысандарын дамытуға бюджеттік шығындардың жылсайын өсуіне қарамастан апатты мектептер санының өсімі сақталуда (облыста 80-нен астам самандық мектептер жылсайын апатты мектептер санатына ауысуда).

Дәрігерлік кадрлар тапшылығы мәселесі туындап отыр, әсіресе Байзақ және Жамбыл аудандарында. Денсаулық сақтау, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мекемелерінің үлкен үлесі қосымша ғимараттарда, жалға алынған мекемелерде орналасқан.


Аймақтың экологиясы

Жалпы 2012 жылы облыс бойынша атмосфераға эмиссия көлемдері 18,7 пайызға немесе 4,468 мың тоннаға өсуі жұмыс көлемінің ұлғаюына және жаңа кәсіпорындар ашылуына байланысты. Айталық, «Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС-і» АҚ-ында өнім шығару көлемінің ұлғаюына байланысты, сондай-ақ отын балансында мазут отынын жағу үлесінің артуынан атмосфераға эмиссия көлемі 2532 тоннаға ұлғайған. Кен-байыту саласы кәсіпорындарында кен өндіру көлемі артып, «Шығыс кенбасқармасы» ЖШС, «Ақтас» ЖШС және басқаларында эмиссиялар көлемі 72 тоннаға ұлғайған. Қосымша газ құбырларының, КС-4 компрессорлық станциясының құрылысын жүргізу және пайдалануға беру есебінен атмосфераға эмиссиялар көлемдері 273 тоннаға ұлғайды.

Қоршаған ортаға тигізілетін қолайсыз әсерді төмендету мақсатында кәсіпорындар атмосфералық шығарындыларды кәдеге жаратуға бағытталған жобаларды ендіруде. Айталық, «Қазфосфат» (ЖЖФЗ) ЖШС-інде агломерат пен натрий триполифосфатын өндіруде пештегі газды кәдеге жаратуды енгізу есебінен табиғи газ тұтыну көлемі кемітіліп, үнем 584,526 мың текше метрді құрады, зиянды заттар шығарылымының кемуі 9,919 тоннаны құрады.

«Т.И.Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС-і» АҚ-ында қазандықтарды режимдік карталарға сәйкес пайдаланған кезде зиянды заттар шығарылымы көлемі 7,3 тоннаға кеміп, турбиналардың конденсаторларының түтіктерін шаю кезінде шығарындылар көлемі 5,79 тоннаға азайтылды.

Тұтастай алғанда, Жамбыл облысы бойынша 2012 жылы ең ірі кәсіпорындар ауа бассейнін қорғауда жалпы сомасы 676,3 миллион теңгеге табиғат қорғау шараларын атқарды, шығарындылар көлемі 183,4 тоннаға кеміді.

Автомобиль көліктерінен шығындылар көлемі жалпы шығындылар көлемінде әлі де 70 пайыздан жоғары үлесті құрайды. Нормативтік- құқықтық негіздің болмауына байланысты экологиялық таза жанар-жаңар май қолдану үлесін арттыру, электр қуатымен жүретін қалалық көлік санын арттыру, катализатор-нейтролизатор қолдану мәселелері іс жүзінде шешілмеуде.

Облыс бойынша автомобиль көліктерінің шығарындылар көлемін азайту бойынша жол полиция басқармасы тарапынан 2012 жылы 7713 заң бұзушылық анықталды, 4617 әкімшілік құқық бұзушылық хаттамамен 14,9 млн.теңге сомасында айып салынып, оның ішінде 2927 хаттамамен 9,5 млн.теңгесі, немесе 63,4 пайызы өңдіріліп алынды.

Жамбыл облыстық гидрометеорология орталығының зертханасының мәліметтері бойынша 2012 жылы жер үсті сулары нысандарының барлығында ластану деңгейі төмендеген.

Билікөл көлі бойынша судың ластану индексі 6,41 бірлік құраған. Биологиялық оттегіні тұтыну бойынша ең жоғарғы концентрациясы 39,8 ШРК-ты құрайды, фторы ШРК-тан 2 есе асады. Ластану индексі бойынша көл 6-сыныпты өте лас су қоймаларына жатады.

Шу, Талас және Аса өзендерінің сулары судың ластану индекс мөлшері бойынша судың сапасы өлшеміне сәйкес қалыпты ластанудың 3- сыныбына жатады. Трансшекаралық Ақ су, Тоқташ өзендері шекті шамада ластанған су айдындарына, ал Қарабалта өзені – ластанған су айдындарына жатады.

Жалпы облыс бойынша ластаушы заттарды тастау «Тараз Су» КМК шығындыларының азаюына байланысты 3,086 мың тоннаға немесе 18,6 пайызға төмендеген.

2012 жылы облыс аумағында 11271,301 мың тонна қалдықтар, оның ішінде 6196,243 мың тонна қатты тұрмыстық қылдықтар жиналған.

Жиналған қалдықтардың көлемі 1136,5 мың тоннаға немесе 10,1 пайызға көбеуі «Восточное рудоуправление» ЖШС, «Ақтас» ЖШС, «Қаратау» ТКӨ-да, «Алтыналмас» АҚ өндірілген көлемдерінің өсуіне байланысты.

Кәсіпорындарда табиғат қорғау шараларын жүргізудің есебінен, ЖЖФЗ үшін «Химпромның» көптен жатқан фосфорит ұсақтары үйінділерін (81,479 мың тонна ) шикізат ретінде пайдалану, ЖЖФЗ-ның граншлактарын (81,479 мың тонна) тұтынушыларға тиеп, жөнелту, сондай-ақ, Тараз металлургия зауытында 19,652 мың тонна көлемінде өнеркәсіп қалдықтарын кәдеге жарату («байытылған» шлактарды, электрод өндірген кезде пайдаланылған стерженьдерді өндірісте пайдалану, шлакты ұсақ тастарды өткеру), «ДАНК» ЖШС-інде қалдықтарды (846,908 тонна) кәдеге жарату есебінен өнеркәсіп қалдықтарын орналастыру көлемінің 1288,314 мың тоннаға кемуі орын алды.

Қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу, сұрыптау бойынша цехтардың болмауына байланысты қалдықтарды жою жүргізілмеген.

2011-2012 жылдары Меркі, Қордай ауылдарында сиымдылығы 150 мың текше метр, Шу қаласында сиымдылығы 200 мың текше метр, Жаңатас қаласында сиымдылығы 550 мың текше метрді қрайтын қатты тұрмыстық қалдықтардың полигоны құрылысы аяқталды, Б.Момышұлы ауылында полигонның құрылысына жобалау-сметалық құжаттама әзірленді.

Тараз қаласындағы жалпы алаңы 30 га құрайтын жұмыс істеп жатқан полигонын 53,928 млн.теңге сомасында жаңғырту жұмыстары жүргізілген, оның ішінде қалдықтарды жою бойынша «Раскад» арнай техника сатып алынды, полигон аумағы темір бетондық плиталармен қоршалды.

Жамбыл облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасында Мойынқұм, Жамбыл аудандарында полигон құралыстары жоспарланған.

ҚР құрылыс істері бойынша агенттігімен және ТКШ-мен 2012 жылдан бастап Қазақстан Республикасында ҚТҚ басқару жүйесін жетілдіру бағдарламасы әзірленуде. 2012 жылға қалалардың тізіміне ҚТҚ басқару жүйесіне ТЭН әзірлеу үшін 9 қала қосылған, оның ішінде Тараз қаласы да.

Бүгінгі күні қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу зауытының құрылысын жүргізу мақсатында Жамбыл ауданының «Көлқайнар» ауылдық округінің аумағындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды орналастыратын полигон маңындағы жер қорынан 20 га жер телімі таңдалып алынған.

Таңдалған жерге құрылыс жүргізуге тапсырыс беруші - «Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, заем жинаушы - «Жасыл Ел - Тараз» ЖШС-і.

Осы таңдалған жер телімінің санитарлық ережелер мен гигиеналық талаптарға сай екендігі туралы санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысын берілген.



Мәселелер:

    • кәсіпорынды дамыту жоспарында облыстың ірі кәсіпорындарымен қоршаған ортаны ластау деңгейін төмендету бойынша табиғатты қорғау, автокөлік кәсіпорындарымен – Евро-3 стандартқа сәйкес келетін автобустар сатып алу іс-шаралары толық көлемде жоспарланбаған;

    • ағын суларды механикалық тазарту құрылысын салу, аудандарда тазалау қоймаларын салу және қайта жаңғырту.


2.2.5. Мемлекеттік қызметті дамыту

Жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысымен бекітілген жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізіліміндегі (әрі қарай – Тізілім) 132 қызметтің 31-і жергілікті атқарушы органдармен, оның ішінде 4 қызмет баламалы негізде халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы (әрі қарай – ХҚКО) көрсетілген.

2009 жылы барлығы 486 893 қызмет, оның ішінде 98 ХҚКО-ы арқылы көрсетілді.

2010 жылы «Бір терезе қағидатын» жүзеге асыру және жалпы тұтынушыларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді сапалы әрі қолжетімді ету мақсатында жергілікті атқарушы органдармен ХҚКО-ы арқылы көрсетілетін қызметтер саны ұлғайтылды. Көрсетілетін 49 қызметтің 31-і ХҚКО арқылы көрсетілетін болды.2010 жылы ХҚКО арқылы 12500 қызмет көрсетілді. 2009 жылмен салыстырғанда жергілікті атқарушы органдармен ХҚКО-ы арқылы көрсетілетін қызметтер түрі 8 есеге артқан.

2011 жылы Тізілімге сәйкес 544542 қызмет, оның 25461-і ХҚКО-ы арқылы көрсетілді.

2010 жылы пилоттық режимде облыс әкімдігінің 2 басқармасы мен аудан әкімдігінің 1 бөлімінде жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету тиімділігін бағалау жүргізілді. Нәтижесінде облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасы 56,84 балл, туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы – 34,93 балл және Талас ауданы – 38,94 балл алды.

«Мемлекеттік қызметтерді көрсету регламенттерін бекіту мен жаңартылуы», «Мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта көрсету» және «Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен атқарушы органда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің түрлерінің үлесі» өлшемдері бойынша бағалар төмен болды.

2010 жылмен салыстырғанда 2011 жылы жергілікті атқарушы органдармен мерзімдері бұзылып көрсетілген қызметтер саны 80-нен 37-ге дейін, шағымдар саны 32-ден 8-ге қысқарды. Сонымен қатар, 2011 жылы жергілікті атқарушы органдар ұсынатын 49 мемлекеттік қызметтің 37 түрі бойынша регламент бекітілді. Нәтижесінде 2011 жыл қорытындысы бойынша «мемлекеттік қызмет көрсету» бағытында тиімділікті бағалаудың жалпы бағасы 56,78 балды құрап, өңірлер арасында облыстың 4-ші орыннан 3-ші орынға көтерілуне себеп тигізді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет