Облыстың ғылыми-технологиялық саясаты инновациялық процестерді белсендендіруге, жаңа технологиялық тәртіп енгізуге, өңдеу өнеркәсібінде жаңа белестерді игеруге, ғылыми ізденістер жүргізу үшін материалдық базаны нығайтуға, ғылыми-технологиялық әлеуетті дамытуға, ғылым мен өндіріс арасындағы алшақтықты жақындатуға, инновациялық қызметті ынталандыруға, халықаралық стандарттарды енгізуге бағытталған.
2009 жылдың қорытындысы бойынша кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі 4,4% құрады (2008 жылы – 6,0%). Инновациялық өнімнің көлемі 2008 жылмен салыстырғанда 3,5 есеге төмендеген және 2190,4 млн.теңгені құрған, 382,5 млн.теңге сомасында инновациялық қызмет көрсетілген. 2009 жылы статистика бойынша облыста 13 инновациялық-белсенді кәсіпорындар бар. Жаңа технологияларды, құрал-жабдықтарды, материалдарды, ғылыми-зерттеу қызметті енгізу, ғылыми-зерттеу бағдарламаларына қатысу олардың қызметінің негізгі түрлері болып саналады.
2010 жылы кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі 7,8%-ды құрайды және республика өңірлері арасында ең жоғарғы көрсеткіш болып табылады, 2011 жылы – 10,2%.
2012 жылы инновациялық өнімнің көлемі 2011 жылмен салыстырғанда 70,5%-ға өсіп, 19181,2 млн.теңгені құрады, 841,3 млн.теңгеге инновациялық қызметті көрсетілді. Кәсіпорындардың инновациялық қызметінің аяқталған инновацияның технологиясы бар негізгі түрлері жаңа технологияларды енгізу, жабдықтауды, материалдарды - 68%, ғылыми-зерттеу қызметін - 12%, инновациянын басқа түрлерін - 14% енгізу болып табылады.
Облыстың жоғары оқу орындарындарында, оның ішінде М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде, Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетінде, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту қолданбалы ғылым мен өндірісті біріктіруге, ЖОО-ның ғылымын экономикалық және әлеуметтік прогресті қамтамасыз етуге бағытталған зерттеулерге қайта бағыттауға, ғылымға сыйымды технологиялар енгізуге бағытталған. Аграрлық ғылым Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтымен («ҚазСШҒЗИ» ЖШС), Жамбыл облыстық тәжірибелік ауыл шаруашылығы және облыстық ветеринарлық станцияларымен, Меркі жеміс-жидек шаруашылығымен ұсынылады, олар республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын түрінде жұмыс істейді. Облыс кәсіпорындарының 6 – ауыл шаруашылығы дақылдарының асыл тұқымдарын өндірумен, 89 – асыл тұқымды мал шаруашылығымен, қой, шошқа, жылқы, түйе шаруашылығымен, 1 – жеміс-жидек дақылдарын отырғызуда сақтаумен және қамтамасыз етумен айналысады.
«Академик К.И. Скрябин атындағы Жамбылдық ветеринарлық ғылыми-зерттеу станциясы» ӨМҚК тиімділігі жағынан практикада қоладынылып жүрген импорттық аналогтарынан кем түспейтін және арзандылығымен ерекшеленетін бірқатар жаңа антигельминттік құралдарды ұсынды. «Облыстық тәжірибелік станциясы» жоғары сапалы тұқымды өндіру мен іске асырумен айналысады.
ҮИИД бағдарламасының шеңберінде инновациялық құрылымы бар, пайдалануға берілетін өндірістерге ерекше көңіл бөлінуде. Бұл цемент зауыты («Мыңарал Тас компани» ЖШС), онда цементті құрғақ әдіспен өндіру игерілген. Сонымен қатар, онда шикізат өңдеуден, оны тұтынушыларға дайын өнім ретінде жеткізуге дейін өндірістің толық циклі жалға қойылған. Басқа да Ақбақай кластері («АК Алтыналмас» АҚ) маңызды жобасын пайдалануға беру кенорындардың өндірісін «Доре» қойыртпасында жаңа инновациялық технология бойынша жылына 2,8 тонна алтын балқыта отырып, он есеге ұлғайтады. Кең спектрлі пайдаланылатын жарық диодты шамдар зауытында («Энерджи Тараз» ЖШС) - ауыспалы технологияларды пайдалану электр қуатын пайдалануды 70%ға үнемдейді. Жоғары сапалы жүннен тоқыма тоқуға арналған шикізат – ТОПС-ты өндіру бойынша Қазақстан бойынша бір ғана кәсіпорын («Фабрика ПОШ Тараз» ЖШС) Италиядан зертхналық зерттеуден өтіп, осы өнімді өндірушілердің әлемдік тізіміне енгізілді. «Жасулан и К» ЖШС жобасы бойынша жарық беретін пленканы пайдаланумен қатар өндірістік негізде гүлдерді өсіруде жаңа технологиялар пайдаланылды (1 кесте).
2012 жылы аяқталған инновацияларды көрсеткен кәсіпорындар
1 кесте
№
|
Кәсіпорындар атауы
|
Технологиялар атауы
| -
|
«Галеника» ЖШС
|
«Бифиленд» сүт өнімінің жаңа түрін өндіруді игеру.
| -
|
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ
|
Саз балшықты суспензияның су еріткіш полимер-стабилизаторының технологиясын әзірлеу.
| -
|
НДФЗ «Казфосфат» ЖШС Жамбыл филиалы
|
Натрий гексаметофосфатының өндірісі
| -
|
«Алтыналмас» АК АҚ
|
«Доре» құймасында алтын және күміс шығару
| -
|
«Энерджи-Тараз» ЖШС
|
Қуат үнемдейтін жарық диодты шамдар және майшамдары.
| -
|
«Blonder Beer- Taraz» ЖШС
|
Сыра өндірісін игеру.
| -
|
«Та-Мак» ЖШС
|
Макарон өнімдерінің өндірісі
| -
|
Тараз мемлекеттік пединситуты
|
Су еріткіш полиэлектролитті – жер қыртысының құрылымдық құрушысын алу әдісі патентелген.
| -
|
«Керамик-Инвест» ЖШС
|
Сақина, Батыс Еуропа - Батыс Қытай трассасы үшін көпір құрылғылары – темір бетондық бұйымдарды өндірудің жаңа жүйесі енгізілген.
| -
|
«Амангелді ГӨЗ» ЖШС Тараз филиалы
|
Шикі мұнайды өңдеу қондырғысының құрылысы.
| -
|
«Фабрика ПОШ- Тараз» ЖШС
|
Кардо-тарауға салынған ТОПС-жүн-айдарлы лентаны өндіруді игеру.
| -
|
«Жамбыл цемент өндіру компаниясы
|
Цемент зауытын іске қосуды енгізу.
| -
|
«Жасулан Флора» ЖШС
|
Өндірістік негізде голландиялық гүл өсіру.
| -
|
«Тараз құбыр зауыты» ЖШС
|
Пласстикалық құбырлар мен фитингтер өндірісі
| -
|
«Луговой жылқы зауыты» ЖШС
|
30000 бас шошқа бордақылау кешенінің құрылысы
| -
|
«Жаңатас» металлургия комбинаты» ЖШС
|
Болат құю өндірісін іске қосу, металл құрылғыларын шығару.
| -
|
«Құрылыс-Полимер» ЖШС
|
Пластмасс бұйымдарын ойша өңдеу
| -
|
«Қосалқы бөлшектер» АҚ
|
Қара металл кескінінен болат дайындықтарын құю
| -
|
«Толебай-май 2007» ЖШС
|
«Ақерке» күнбағыс майының өндірісі
| -
|
«SUPER PHARM» ЖШС
|
Бір рет пайдаланылатын медициналық бұйымдарды өндіру
| -
|
«Изен-Су» ЖШС
|
Желдің көмегімен электр энергиясын өндіру
| -
|
ҚР БҒМ жанындағы БҚПҒЗИ ИПКК РМК
|
Ғылыми-зерттеу жаңа шығарылымдар
| -
|
«Жасұлан және К» ЖШС
|
Лицензиялық бағдарлама құралын сатып алу
| -
|
«Строймаркет – Тараз» ЖШС
|
Жаңа өнім өндірісі – жазық иілген ьемір профильдері
| -
|
«БазаСервис» ЖШС
|
Құмблоктарын, дуалблоктарын және әрлеу кірпіштерін өндіру
| -
|
ЖГТУ
|
«ҚДҚ «Даму» АҚ «Бизнес-кеңесші» республикалық бағдарламасына қатысу
| -
|
Шу локомотив жөндеу зауыты ЖШС филиалы
|
Механикалық өңдеу, темір жолдың қозғалмалы құрамын жөндеу
| -
|
«Казфосфат» ЖШС Жамбыл филиалы
|
Күкірт қышқылы өндірісін жобалау және минералды тыңайтқыштар дайындау.
|
Қазақстандық үлес
Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау мақсатында Үкімет қабылдаған дағдарысқа қарсы шаралар шеңберінде жергілікті атқарушы органдардың негізгі міндеті тауар, жұмыс пен қызметтерді сатып алуда қазақстандық үлесті арттыруға ықпал ету болып табылады.
2009 жылы облыс кәсіпорындары мен ұйымдары тауар, жұмыс пен қызметтерді жеткеру жөнінде 42,3 млрд. теңге сомасында 62 меморандумға (ниет білдіру хаттамаларына) қол қойды. Қазақстандық тауарөндірушілердің ірі тұтынушылары – бюджеттік ұйымдармен жалпы сомасы 35,7 млрд. теңгеге түрлі жолдармен 33022 тауарларды (жұмыс пен қызмет) мемлекеттік сатып алуларды жүргізді, мұнда қазақстандық үлес 91,5% немесе 32,6 млрд. теңгені құрайды.
Облыстағы химия кәсіпорындарының жұмыстарын қолдау және тұрақтандыру үшін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «КазАгро» ұлттық холдингі, «Қазақстанның Агроодақ» ассоциациясы және «Казфосфат» ЖШС араларында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін 5,1 млрд. теңге сомасындағы 64,5 мың тоннаға дейінгі субсидиялық минералды тыңайтқыштармен қамсыздандыру жөніндегі меморандумға қол қойылды. Онда барлық келісім-шарт міндеттері орындалды.
2010 жылы қазақстандық үлесті арттыру жөніндегі жұмыстар жалғасты. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстың мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындары 2010 жылы жалпы сомасы 20,4 млрд. теңгеге сомасында 27347 тауарларды (жұмыс пен қызмет көрсету) мемлекеттік сатып алуларды жүргізді, мұнда қазақстандық үлес тауарларды сатып алуда 80,5%, жұмыс пен қызмет көрсетуді – 93,9%.
2011 жылы қазақстандық үлестің және «NADLoC» АҚ тиісті мәліметтерінің айсайынғы мониторингісіне жататын кәсіпорындардың есепті мәліметтері бойынша жүйе құрушы кәсіпорындардың сатып алу көлемі 31,3 млрд. теңгені құрады, оның ішінде отандық тауар өндірушілерде - 15,9 млрд. теңге, қазақстандық үлес 50,7% құрады. 23,7 млрд. теңгеге (37,7%) тауарлар сатып алынды, 1,7 млрд. теңгеге (99,6%) жұмыстар, 5,9 млрд. теңгеге (88,5%) қызметтер орындалған. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстың мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындары жалпы 43,2 млрд. теңге сомасында 18487 тауарларды (жұмыс пен қызмет көрсету) мемлекеттік сатып алуларды жүргізді, мұнда қазақстандық үлес 81%, оның ішінде тауарларды сатып алуда – 71,3%, жұмыс пен қызмет көрсетуде – 89,7%.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 шілдедегі «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы №366 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» №745 қаулысына сәйкес 2011 жылдың 1 тамызынан бастап мониторингке келесі кәсіпорындар жатады: «Тараз металлургия зауыты» ЖШС, «Қант» АҚ, «Жамбылгипс» АҚ, «ТаразКожОбувь» ЖШС.
2012 жылы 4 кәсіпорын бойынша жалпы сатып алу көлемі 1452,0 млн. теңгені құрады, оның ішінде отандық өнім өндірушілерден – 950,4 млн. теңге, қазақстандық қамтудың үлесі 65,5 % құрап отыр. 834,4 млн. теңгеге тауар сатып алынды (41,9%), 617,6 млн. теңгеге қызмет көрсетілді (97,3%). Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мекемелер тарапынан (жұмыстар мен қызмет көрсетуді) 2012 жылы 65,3 млрд. теңгені құрайтын 22, 7 мың мемлекеттік сатып алу жүргізілді, ондағы қазақстандық үлесі 82,9 пайызды құрады, оның ішінде тауар сатып алуда 72,0%-ды, жұмыстар мен қызметтерде 91,2 %-ды құраған. Мемлекеттік мекемелер мен жүйе құраушы кәсіпорындарда тауарларды, қызметтерді және жұмыстарды сатып алудағы қазақстандық үлес 78,1%-ды құрады.
«ТМЗ» ЖШС-і жалпы сатып алу көлемі 881,8 млн. теңгені құрады, ондағы қазақстандық үлесін 88,3% көрсетіп отыр. Оның ішінде, жалпы сомасы 393,4 млн. теңгеге тауар мен материал сатып алынған (73,3%), қызметтер 488,4 млн. теңгеге (100%). «Қант» АҚ бойынша жалпы сатып алу көлемі 31,3 млн. теңгені құрады (94,2%), оның ішінде жалпы сомасы 16,5 млн. теңгеге тауар сатып алынған (88,9%), жұмыстар мен қызметтер 14,9 млн. теңгеге орындалған (100%). «Жамбылгипс» АҚ бойынша жалпы сатып алу көлемі 137,4 млн. теңгені құрады (43,5%), оның ішінде жалпы сомасы 89,3 млн. теңгеге тауар сатып алынған (13,1%), жұмыстар мен қызметтер 48,1 млн. теңгеге орындалған (100%). «ТаразКожОбувь» ЖШС бойынша жалпы сатып алу көлемі 401,5 млн. теңгені құрады (20,6%), оның ішінде жалпы сомасы 335,2 млн. теңгеге тауар сатып алынған (9,9%), жұмыстар мен қызметтер 66,2 млн. теңгеге орындалған (74,9%).
2012 жылы облыс әкімдігінде индустриалды-инновациялық қызметпен айналысатын кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау құралдарын түсіндіру жөнінде семинар өткізілді, онда облыстың кәсіпкерлері, даму институттарының өкілдері («Ұлттық инновациялық қор» АҚ, «КИРИ» АҚ, «Казнекст Инвест» АҚ, «ҚДБ-Лизинг»АҚ, «NADLoC» АҚ), онда қазақстандық қамтудың үлесін арттыру бойынша жүйе құраушы кәсіпорындардың проблемалық мәселелер қаралды.
Астана қаласында өткен «Қазақстандық қамту - 2012» форумында облысымыздың 10 кәсіпорны қатысты ( «Казфосфат» ЖШС, «ТМЗ» ЖШС, «Мынарал Тас Компани» ЖШС, «Энерджи» ЖШС, «ТаразКожОбувь» ЖШС, «Жасулан-Флора» ЖШС, «Запчасть» АҚ, «ТҚЗ» ЖШС, «Ырыс Бахыт» ЖШС, «Супер Фарм» ЖШС).
Тараз қаласында «TARAZ–INVEST–2012» халықаралық инвестициялық форумы өткізілді, онда шетелдік компания, ұлттық компания, даму институттары, ірі компания, шағын және орта бизнес өкілдері қатысты. Секциялық жұмыс барысында өнеркәсіптің негізгі даму салалары, қазақстандық үлесті арттыру мәселелері қаралып, инвестициялық жобалардың тұсау кесері өткізілді және жаңа өндірістерді іске қосу саласында меморандумға қол қойылды. Форум аясында «NADLoC» АҚ, «Даму» КДҚ» АҚ, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ өкілдерінің, облыс кәсіпорындарының қатысуымен тауар өндірушілерге мемлекет тарапынан көрсетілетін басты қолдауды түсіндіру жөнінде семинар-кеңес өткізілді. Сонымен қатар, Тараз қаласында «Қазақстанның үздік тауары» атты аймақтық көрме-конкурсы өткізілді, оған облысымыздың тауар өндірушілері қатысты.
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 29 қазандағы №1135 қаулысымен бекітілген 2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында қазақстандық үлесті дамыту бағдарламасын іске асару жөніндегі іс-шаралар жоспарының 35 тармағын орындау мақсатында облыста келесі шаралар қабылданды:
- облыстың мемлекеттік органдарының және жүйе құрушы кәсіпорындарының басшыларымен қазақстандық үлес бойынша ақпарат ұсынуға жауапты тұлғалар бекітілді;
- облыстың жүйе құрушы кәсіпорындарымен сатып алудың 2015 жылға дейінгі болжамды жоспары құрылған;
- қазақстандық үлесті дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламаның іс-шаралар жоспарының 18 тармағын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес (жол картасы) кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасымен қысқа (1 жылға дейін) және орташа (5 жылға дейін) мерзімге қазақстандық үлесті дамытудың өңірлік жоспары келісіліп, бекітілген.
Тауарларды, жұмысты және қызметті сатып алудағы қазақстандық үлесті ұлғайтудың мақсатында жұмыстар жалғасып, нақты шаралар қабылдануда:
- отандық тауар өндірушілер Республикалық Форумдарына облыс кәсіпорындарының қатысуын ұйымдастыру, семинарлар, жұмысшы кездесулер жүргізу, сонымен бірже Қазақстан Республикасында бұйымдарды өндіру мүмкіндігі туралы мәселелерді өңдеу;
- облыс әкімдігінің, «NADLoC» АҚ сайттарында тауарлардың, жұмыстың және қызметтің тізімін ораналастырумен қатар облыстың тауар өндірушілерінің каталогын жаңарту;
- өнеркәсіп кәсіпорындарымен инновациялық өңдеуді енгізу;
- халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес менеджмент сапасының жүйесін енгізу бойынша жұмыстарды белсендіру;
- облыстың тауар өндірушілерінің жүйе құрушы кәсіпорындарымен, ұлттық компанияларымен жұмысшы кездесулерін жылсайын жүргізу;
- қазақстандық үлесті дамыту мәселелері бойынша облыс аудандарына шығу мәжілісін және семинарлар жүргізу;
- импорттық алмастырушы өнімді шығаруға бағдарланған жаңа өндірістерді ашуға және жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыруға ықпал ету;
- қазақстандық үлестің жүйе құрушы кәсіпорындарымен және облыстың мемлекеттік мекемелерімен тауарларды, жұмысты және қызметті сатып алудың жылсайынғы мониторингі.
Облыста сертификаттары бар тауар өндірушілердің тізілімі әзірленіп, таратылған, кәсіпорындармен және републиканың басқа да өңірлерімен меморандумдарға қол қойылған. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату және әрі қарай алға басуы, ҮИИДМБ жаңа технологияларды пайдаланумен қатар облыстағы жұмыс істеп тұрған өндірістерді жетілдіруге және жаңа өндірістерді құруға бағытталған шеңберінде инвестициялық жобаларды іске асыру, халықаралық сапа стандарттарын енгізу бәсекеге қабілетті және экспортқа бағытталған өнімді шығаруды қамтамасыз етеді.
2.2.2 Әлеуметтік сала
Білім беру
Білім беру жүйесінде компьютерлермен, жаңа үлгідегі және кең ауқымды Интернеті бар кабинеттермен жабдықтау негізінде мектептердің материалдық-техникалық жарақтандыру деңгейін арттырудың тұрақты үрдісі байқалуда, бұл сапалы білімге қолжетімділікті арттырады. Дарынды балаларға арналған арнайы мектептерде, гимназиялар мен лицейлерде оқығысы келетіндердің саны артуда. Бұл білім беру қызметтерінің деңгейіне және қазіргі заманғы талаптарға сай жағдайлар жасауға деген сұраныстың артқандығының белгісі.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының желісін және олардың санын, онда оқитын оқушылар санын арттыру экономиканың түрлі салаларын білікті мамандармен қамсыздандыруға мүмкіндік береді. Кәсіби лицейлер мен колледждерді бітірушілердің жұмысқа орналасу деңгейнің артуы жұмыссыздық деңгейін және өңірдегі халықтың өз бетінше жұмыспен қамтылуын қысқартуға мүмкіндік беруде.
Сонымен қатар, қолда бар әлеуетті толық пайдалануға және экономиканың дамуына кедергі келтіретін кемшіліктер де бар, олар балалардың мектепке дейінгі білім берумен, оқушылардың қосымша техникалық және кәсіби біліммен қамтылуының төмен деңгейі. Білім беру ғимараттарының физикалық және моральдық тұрғыдан барынша ескіргендігі 65-70%-ды құрайды, мектептердің 39%-ы ыңғайластырылған жайларда орналасқан, мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіби білім беру объектілерінің материалдық-техникалық жарақтандырылу деңгейі талаптар мен стандарттарға сай емес.
Педогогикалық кадрлардың кәсібилігін және мұғалім мамандығы беделін арттыру.
Педагогикалық кадрларды ауылда бекітуге немесе орнықтыруға мұғалімдерге әлеуметтік қолдау мен оларға материалдық ынталандыру жүзеге асырылады. Ауылдық аймақтар педагогикалық кадрларды тарту мақсатында жыл сайын әлеуметтік қолдауға бюджеттен қаражат қарастырады. Ауылдық білім мекемелеріне келген жас мамандардың тұрмыс-тіршілігі жағдайын қамтамасыз ету бойынша мәселелер шешілуде. ЖОО бітірген және ауылда жұмыс істеу мен тұруға қайтып келген жас мамандардың саны ұлғаюда; оқу орындарындағы түлектер мен білімгерлердің, мектеп оқушыларының санынан ауыл шаруашылығы үшін кадрлық әлеуеттер құрылуда; ауыл шаруашылық өндірісі мен ауылдағы әлеуметтік сала жүйесінің маңызды бөлігіне білікті кадрларды бекіту мен олардың ағымдылығын төмендету үшін жағдайлар жасалуда.
Жоғары білім алған педагогтар санының өсуі байқалуда. Егер 2009 жылы облыс мектептерінде жұмыс істейтін педагогтардың саны 21759 адамды құрайтын болса, оның ішінде 86%-ы (2007-82,7%) жоғары білімді, онда 2012 жылы педагогтар саны 22054 адамға дейін өсті. Оның ішінде 19626 (88,9%) – жоғары білімді педагогтар.
Егер 2009 жылы жоғары және бірінші категориялы мұғалімдер үлесі 42,2%-ды құраған болса, онда 2012 жылы педагогтардың шеберлігін арттыру мен біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіруі есебінен оның пайызы 47,5%-ға өсті.
2012 жылы «Өрлеу» Ұлттқ біліктілікті арттыру орталығы Жамбыл филиалында 1054 педагогтар оқытылды (2 деңгейде – 110 адамның еңбекақысы 70%-ға, 3 деңгейде – 1044 адамның еңбекақысы 30%-ға өскен). Бұдан басқа, мектептердің 157 басшысы (директорлар, олардың орынбасарлары) біліктілікті арттыру курсынан өтті.
Мәселелер:
Білікті педагогикалық кадрлар санының жетіспеушілігі, олардың әлсіз кәсіпқойлығы, қазіргі заман талабына сай еместігі, электронды оқыту, сабақты интерактивті тақталарды қолдана отырып өткізуге дағдылығының жоқтығы, мұғалім мамандығының беделін арттыратын іс-шаралардың жеткілікті өткізілмеуі.
Мектепке дейінгі білім беру
Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту бойынша облыста 2010-2014 жылдарға «Балапан» бағдарламасы әрекет етеді.
Облыста 2010 жылдың 1 қаңтарындағы жаңдай бойынша 134 бала бақша және 21,5 мың баланы қамтитын 59 шағын орталық жұмыс істейді. Облыстық бюджет есебінен 2010-2012 жылдары 571 млн. теңгеге 25 бала бақша ғимараты сатып алынды (2010 ж. – 235 млн. теңгеге 10 ғимарат, 2011 ж. – 261 млн. теңгеге 14 ғимарат, 2012 ж. – 75 млн. теңгеге 1 ғимарат).
«Балапан» бағдарламасын іске асырудың есебінен 2012 жылы құрылыс есебінен әрқайсысы 280 орындық 3 мемлекеттік балабақша (Меркі, Талас және Сарысу аудандарында), жаңғырту есебінен 11 мемлкеттік және 3 жекеменшік мектепке дейінгі мекемелер, 8 шағын орталықтар пайдалануға берілді, жұмыс істеп жатқан 455 орындық мектепке дейінгі мекемелерде қосымша топтар ашылды.
2013 жылдың 1 каңтарына 366 мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс істеуде, оның ішінде 355 мемлекеттік және 11 жекеменшік, онда 36,7 мың бала тәрбиеленіп, мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандар үлесі 45,5%-ды құрады, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 3,3 пайыздық тармаққа жоғары.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, балалардың туу деңгейінің жоғары болу тендециясы тұрақты болуда. Егер 2010 жылы облыста 59177 мектепке дейін жастағы балалар болса, онда 2012 жылдың 1 қаңтарына олар 80621-ге дейін өсті, яғни 21444 балаға артқан және қамтылу 45,5%-ды құрайды.
Мәселелер:
Мектепке дейінгі мекемелерге орналастыру үшін кезекке тұрған балалардың көптігі, мектепке дейінгі білім беру қызметімен балаларды қамтудың төмен деңгейі және мектепке дейінгі мекемелер жүйесінің жетіспеушілігінен балабақшаларда топтардың шектен тыс толуы.
Орта білім беру
2012 жылдың 1 қазанына білім беру қызметін 461 мектеп атқарады (456 жалпы білім беретін және 5 түзету мектептері)
2010 жылдың 1 қазанына үш ауысымда 10 мектеп жұмыс істеді, 2012 жылдың 1 қазанына – 4 мектеп (6 мектептің мәселесі жаңа құрылыстың есебінен шешілді).
Апатты жағдайдағы мектептер саны – 33. Облыста 81 мектеп саман кірпішті ғимараттарда орналасқан, 175 мектеп 1970 жылдарға дейін соғылған, сондықтан да апатты жағдайдағы мектептер саны әлі өсуде, 177 мектепке күрделі жөндеу қажет.
Мектептерді интерактивті тақталармен жабдықтау деңгейі 30%-ды құрайды, кең ауқымды Интернет желісіне қосылғандары – 90%.
2012-2013 оқу жылдарында 217 мектеп (456 жалпы білім беретін мектептің санынан 47,6%) лингафонды-мультимедиялық кабинеттермен қамтылды, 109 мектеп (27,9%) – биология кабинеттерімен, 96 (24,6%) – физика кабинеттерімен, 28 (7,2%) – химия кабинеттерімен қамтылды.
Мәселелер.
- білім беру қызметін көрсету сапасының тиісті деңгейде болмауы;
- саман кірпіштен соғылған, ыңғайластырылған ғимараттарда орналастырылған мектептер санының көп болуы есебінен апатты мектептер санының өсуі;
- жаңа модификациялы кабинеттермен жеткілікті қамтылмағандығы;
- интерактивті тақталармен мектептердің толық қамтылмауы және электронды білім беру жүйесінің толық енгізілмеуі;
- қосымша білім беру ұйымдары желісінің және олармен оқушыларды қамтудың жеткіліксіз дамуы;
- мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіби білім беру нысандарын қазіргі заман талабына және стандартқа сәйкес материалдық-техникалық қамтамасыз етудің төмен деңгейі.
Аз қамтылған отбасындағы балалардың жалпы санынан сапалы және тұрақты ыстық тамақпен қамтамасыз етілген аз қамтылған отбасындағы балалардың үлесі 2012 жылы 100%-ды құрайды, бұл 2010 жылдың деңгейімен салыстырғанда 21,1%-ға артық.
Даму мүмкіншілігі шектеулі балаларды қолжетімді білім берумен қамтамасыз ету бойынша облыста 2009-2011 жылдар аралығында Тараз қаласында 1 қалпына келтіру орталығы (2010 жылы), 1 қалалық психолого-медико-педогогикалық консультация (2010 жылы) ашылды.
2012 жылы облыс бойынша 5 (республике бойынша 58) психоло-медико-педогогикалық консультация жұмыс істейді, 4 (102) арнайы түзету бойынша мектеп-интернаттары, 7 (129) психолого-педогогикалық түзету кабинеттері, 2 арнайы логопедтік мектепке дейінгі мекемелер, 8 логопедтік топтары бар мектепке дейінгі мекемелер, 2 (479) логопункттер, 68 түзету сыныптары мен 1 қалпына келтіру орталығы бар 20 жалпы білім беру мектептері жұмыс істейді.
Бөгетсіз өтуге жағдай жасау мақсатында облыста 456 жалпы білім беру мектептерінің 261-нде пандустар мен тұтқалар, 250 мектепке – кең есіктер, 51 мектепке – демалу орындары орнатылды. 170 мектепке дейінгі мекемелер ішінде 38-не пандустар мен тұтқалар, 75-іне – кең есіктер орнатылды. Пандустар мен тұтқаларды стандартқа сай орнату, демалу бұрыштарымен жабдықтау жұмыстары жалғасуда.
Мәселелер:
Білім берудің инклюзивті бағдарламасымен балаларды қамтудың төмен деңгейі. Мектептерде, балабақшаларда қосымша логопедтік пункттер, инклюзивті білім берудің түзету кабинеттерін ашу қажет.
Кәсіби білім беру
2012-2013 оқу жылында облыста 35472 оқушы қамтылған 54 ТжКБ жұмыс істеді.
Жергілікті бюджеттен мемлекеттік білімнің тапсырыс көлемі жылсайын өсуде.
2011-2012 оқу жылдарында жергілікті бюджеттен және республикалық бюджеттен барлығы 4496 орын бөлінген, оның 3859 орны жергілікті бюджеттен. Осы оқу жылында ЖБ және РБ барлығы 4229 орын бөлінді, оның 3994 орны жергілікті бюджеттен, бұл өткен жылға қарағанда 135 орынға артық.
2012 жылы күндізгі бөлімнің 7307 түлектерінен 6277 адам (85,9%) жұмысқа орналасқан.
Техникалық және кәсіптік білім берентін кадрларды даярлау 121 мамандық бойынша жүзеге асырылуда.
Мәселелер:
ТжКБ мекемелерінің оқу-өндірістік шеберханалары мен зертханаларын қазіргі заманға сай оқу-өндірістік және технологиялық жабдықтау және жаңартуды қамтамасыз ету жеткіліксіз деңгейде, инженерлі-педогогикалық қызметкерлердің біліктілігінің төмен деңгейі, ағылшын тілінде арнайы пәндерді оқытушылардың жеткіліксіздігі, ТжКБ нысандарына қосымша нысандардың құрылысы қажет.
Балалар құқығын қорғау
Облыста 1577 жетім балалар және ата-анасының қарауынсыз қалған балалар бар.
2012 жылы 1436 бала қазақстандық азаматтарға асырауға берілді (2011 жылы – 1280 бала), 141 бала патронаттық тәрбие алуға берілді (2011 жылы – 143).
2012 жылдың 1 қазанына жетім балалар мен ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға білім беру жүйесінің 4 ұйымдарында (Қ.Сарымолдаев атындағы балабақша, «Улан» балабақшасы, В.Савва атындағы мектеп-интернаты, облыстық жасөспірімдер үйі) және жанұялық типтегі 2 балабақшада (Ержанов, Тимофеев жанұяларының) 421 бала тәрбиеленді.
Жамбыл облысы әкімдігінің 2012 жылғы 25 қазандағы №320 қаулысына сәйкес 83 баланы қамтитын «Ұлан» балабақшасы қазіргі таңда 196 баланы қамтып отырған Қ.Сарымолдаев атындағы балабақшамен біріктірілді.
Бүгінгі таңда, аталған ұйымдарда облыстық жасөспірімдер үйін (80) және жетім балалар мен ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға арналған В.Савва атындағы мектеп-интернатын (154) қосқанда 430 кәмелетке толмаған балалар тәрбиеленуде. Оның 81 (19%) – жетімдер, 49 - ата-анасының қарауынсыз қалған балалар, бұл ата-анасы тірі «әлеуметтік жетімдердің» 81%-н құрайды.
Жетім балалар және ата-анасының қарауынсыз қалған балалардың құқығын және мүддесін қорғау мақсатында 2001-2012 жылдары мемлекеттік тұрғын үй қорынан балалар үйінің түлектеріне 20 пәтер бөлінді, 40 тәрбиеленушіге өз қаражаты есебінен тұрғын үй сатып алында, 47 тәрбиеленушіге тыйым салу арқылы тұрғын үй сақталынды, оның 9-на ата-анасының, апасының және атасының өлімінен кейінгі мұрагерлік ашылды, 4-не сыйлау жолымен үй берілді, 6-на мүлікті заңдастыру арқылы үй заңдастырылды, 51 балаға үй бекітіп берілді, үй алуға 267 түлек жеңілдік кезекте тұр, оның ішінде 2011-2012 жылдары кезекке 77 тәрбиеленуші қойылды. 2010 жылдан 2011 жылға дейін 12 тәрбиеленушіге өз қаражаты есебінен үй сатып алынды. Соның ішінде 2010 жылы - 7-не, 2011 жылы – 5-не үй сатып алынды.
Жетім балалар мен ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары түлектерінің саны 2012 жылы 69-ды құрады (2011 жылы 67). Соның ішінде 9 сыныпты – 66, 11 сыныпты – 3 оқушы аяқтады, 10 сыныпта 4 оқушы оқуын жалғастырды. Оқу мекемерінің жатақханаларында – 44, туысқандарында – 2, облыстық жасөспірімдер үйінде – 17 бала тіркелген, 2 бала өз үйлеріне қайтарылды.
Әлеуметті жетімдік мәселесін шешу үшін келесі іс-шаралар жүргізілді: жетім балаларды отбасыларға орналастыру бойынша БАҚ арқылы ақпараттық-насихаттау жұмыстары, жетім балалар мен ата-анасының қарауынсыз қалған балаларды орналастырудың отбасылық түрлерін жариялауға бағытталған «Қуан, сәби», «Ризашылық», «Асыраушы күні» іс-шаралары.
КТБО 2012 жылы 258 кәмелетке толмағандар жеткізілді. Оның ішінде 159 ата-анасына және заңды асыраушыларына қайта жеткізілді, арнайы мектепке – 11, Қ.Сарымолдаев атындағы №1 және «Ұлан» балабақшаларына – 20, В.Савва атындағы мектеп-интернатына 39, транзиттік ҚТБО – 3, қамқоршыға – 10 бала берілді.
Ата-анасының қарауынсыз қалған балалар – 88, бақылаусыз және қараусыз – 159, арнайы мектептерге жеткізілген – 11 бала. Барлығы Орталықта 173 ұл (69%) және 85 қыз (31%) тәрбиеленді.
Орталыққа Ішкі істер органдарымен 252 (97%) кәмелетке толмаған бала, білім қызметкерлерімен – 4 (2%), халықты әлеуметтік қорғау өкілдерімен - 1 (0,5%), бөгде адамдармен - 1 (0,5%) жеткізілген.
Кәмелетке толмағандар орталығына жеткізудің себептері: отбасының аз қамтамасыз етілуінен – 94, өз еркімен үйінен кеткен – 151 және басқа да себептермен – 13.
Мәселелер.
Қазіргі таңда жетім балалар мен ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға арналған тәрбиеленушілер ұйымдарының саны 9%-ға қысқарған. Сонымен бірге, институттандыру деңгейі едәуір болып қалуда. 2012 жылы – 692 немесе 30,4% бала интернаттық мекемелерде тұрып жатыр. Осы орайда, аталған мекелердің 82% тәрбиеленушілері әлеуметтік жетімдер болып табылады.
Денсаулық сақтау
Халыққа медициналық қызметті 54 ауруханалық ұйым (оның 12 жеке меншік), 409 амбулаторлық-поликлиникалық мекеме (оның 25 жеке меншік), және 12 басқа да мекеме көрсетеді.
Облыстағы денсаулық сақтау саласында ана мен бала денсаулығын нығайту мен сақтау, әлеуметтік-маңызды ауруларға (туберкулез, онкологиялық аурулар, ЖҚТБ, жүрек-қан тамырлар аурулары, жарақаттанулар) қарсы әрекет ету жөніндегі жұмыстарды күшейту, материалдық-техникалық базаны нығайту, денсаулық сақтау жүйесін басқаруды жетілдіру басымды бағыттар болып табылады.
Халықпен жұмыс аурулардың алдын алуға және денсаулықты сақтаудағы жауапкершілікке, салауатты өмір салтын сақтауға бағытталған.
2009 жылдан бастап бала туу өсуде, 2009 жылы ол 26,00-ді (ҚР – 22,00) құраса, 2010 жылы – 27,24, 2012 жылы 1000 адамға 26,83 құрады.
Өлім көрсеткіші 2009 жылы 7,00-ні (ҚР – 8,00) 2010 жылы - 8,01, 2011 жылы – 7,62, 2012 жылы – 7,53-ні құрады.
Халықтың табиғи өсімінің коэффициенті халықтың 1000 адамына шаққанда 2009 жылы 18,00-ді (ҚР – 13,00), 2012 жылы 1000 адамға – 19,30 құрады.
Күтіліп отырған өмір сүру ұзақтығы облыс бойынша 2009 жылы 67,92 жасты (ҚР – 68,36) 2010 жылы – 68,13 жасты, 2012 жылы – 69,53 жасты (ҚР – 69,61 жас) құрады.
Ана өлімінің көрсеткіші тұрақты қысқаруда: 2009 жылғы 40,08-ден (ҚР – 36,8) 2010 жылы – 29,5-ке (ҚР – 23,1), 2012 жылы – 18,7-ға (ҚР – 13,5) дейін, сонымен бірге орташа республикалық көрсеткіштен жоғары болып қалуда. Ана өлімінің негізгі себептері - акушерлік қан кету (40,0%), гестоздар (40,0%), аборт жасату деңгейінің жоғарылығынан болатын экстрагенитальдық аурулар (20,0%).
Ана мен бала денсаулығын жақсарту мақсатында облыста Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен (ДДСҰ) ұсынылған бағдарламалар енгізілген: ана сүтімен емізуді қолдау және ынталандыру, қауіпсіз аналық, перинаталдық көмекті өңірлендіру, бала жасындағы ауруларды интегралдық жүргізу. Диагностика жасау мен емдеудің клиникалық хаттамалары барлық жерлерде енгізілген, халықты ақпараттандыру мен хабардар ету жұмыстары белсендендірілген, репродуктивті денсаулық саласындағы мамандардың біліктілігі арттырылуда. Жаңа туылған балаға хирургиялық көмек көрсету үшін облыстық перинаталдық орталық базасында 2012 жылы неоталдық бөлім кеңейтілді. Аталған қызметтің нәтижесі 2011 жылғы 11,93-тен 2012 жылғы 10,04 – ке дейін бала өлімінің қысқаруы болып табылады.
Облыста халықтың 100 мың адамға шаққанда қан айналымы жүйесі аруларының өсімі байқалуда, 2010 жылы ол 2254,0, 2012 жылы – 3357,8 (ҚР - 2194) құрады, оның ішінде қан қысымының жоғарылығы 2010 жылы – 1276, 2012 жылы – 1932,7. Халықаралық стандартарға сәйкес оңалту және сауықтыру төсектері бар қалалық №1 ауруханасының базасында инсульттік орталық ашылды. Орталық компьютерлік томографпен қамтылған және оны жүзеге асыру жұмыстары жалғастырылуда. Кардиологиялық төсектерді қайта ұйымдастыру жүргізілген, ангиографиялық зертхана ашылған, қалалық және ауылдық медициналық ұйымдарында «алтын уақыт» принциптері кеңінен пайдаланыла бастады.
Қатерлі ісіктермен ауыру деңгейі Жамбыл облысында төмен, ол 2010 жылы 100 мың халыққа шаққанда 125,3, 2012 жылы – 129,5 (ҚР – 188,4) құрады.
Онкоаурулардан өлу 2010 жылы 100 мың халыққа шаққанда 92,4, 2011 жылы – 92 құрады.
Өткен жылдарда туберкулезбен ауыру көрсеткіштерінің төмендегендігі байқалады, ол 2010 жылы 83,0, 2011 жылы – 78,4 (ҚР – 63,0), 2012 жылы - 77,2 құрады.
Жұқпалы ВИЧ көрсеткішінің артқандығы байқалады, 2011 жылы ол – 8,9, 2012 жылы – 9,6 құрады.
Шоғырланған сатыда ВИЧ-тің таралауының алдын-алу мақсатында алдын алу шараларын кеңейтуді көздейтін ЖҚТБ эпидемиясына қарсы әрекеттер жөніндегі бағдарламаларды іске асыру, сондай-ақ ЖҚТБ ауыратындарға антиретровирустық терапиямен толық көлемде қамтамасыз ету жалғастырылуда.
Жамбыл облысында жарақаттанудың деңгейі 2009 жылы 100 мың халыққа 3723,9 құрады және ҚР (4080,4) бойынша 6 орында, 2010 жылы - 4575,1, 2011 жылы - 4192,4 және 2012 жылы - 2899,0.
Жарақаттан, қайғылы оқиғалар мен уланулардан қайтыс болу облыстағы өлім себептерінің арасында екінші орында тұр. Өлімнің біршама ғана төмендегендігі байқалады 2009 жылғы 99,08-ден (ҚР – 108,37) 2010 жылғы 91,37-ге, 2011 жылы – 87,77-ге, 2012 жылы – 100 мың халыққа 88,2-ге дейін.
2012 жылы Шу қ. қалалық ауруханасында 40 төсекке ауданаралық жарақаттық бөлім кеңейтілді. Шу қ. қалалық емханасында денсаулық сақтау орталығы ашылды.
Санитарлық авиацияның ұшуына және шығуына қосымша қаражат бөлінді, бұл ұшақпен жедел көмек көрсетуді үш есе арттыруға мүмкіндік берді.
Жедел медициналық көмек көрсету үшін Жамбыл, Қордай, Т. Рысқұлов аудандарында шағын стансалар ашылды.
Материалдық-техникалық негізді жаңарту үшін 2009 жылы Қордай ауданының ОАА үшін 1 реанимациялық автокөлік, 2010 жылы 102,4 млн. теңгеге 7 реанимациялық автокөліктер сатып алынды (Тараз қаласында ЖМКС облыстық аурухананың санитарлық авиация бөлімі, 5 АОА үшін). Мемлекеттік бағдарлама аясында 600,8 млн. теңге сомасында 250 бірлік санитарлық автокөлік сатып алынды. Жергілікті бюджет есебінен 2010 жылы 4 784 мың теңге бөлініп, игерілді.
2012 жылы санитарлық автокөліктің 28 бірлігі сатып алынды, оның ішінде 2 - республикалық бюджет есебінен, 26 - жергілікті бюджет есебінен.
Әлеуметтік зерттеулердің қорытындысы бойынша: 2009 жылы темекі шегу - 21,4%, 2010 жылы – 21,2%, 2011 жылы – 21%, 2012 жылы – 21,0%, ішімдік ішу тиісінше 16,9%, 16,1%, 12% және 15,5% құрады.
Саладағы алдын алу бағыты күшейтілген, халықтың түрлі топтарын ақпараттық-білім беру материалдарымен қамту артуда, мінез-құлық факторлар қаупін төмендету және азаматтардың физикалық белсенділігін арттыру жөніндегі шаралар іске асырылуда. 2008 жылдан бастап психологиялық, кеңес беру, сауықтыру көмектерін көрсететін Жастар орталығы жұмыс істейді. Алғашқы медициналық қызмет көрсетудің тиімділігін арттыру үшін 2011 жылдан бастап әлеуметтік қызметкерлер, психологтар қызметі енгізілген. 2012 жылдан бастап 165 әлеуметтік қызметкерлер және 22 психолог облыс халқына қызмет көрсетуде.
Медициналық қызмет сапасын басқару жүйесін жетілдіру мақсатында медициналық мекемелер деңгейінде ішкі аудит енгізілген, барлығы 9922 медицина қызметкерлері дайындалды, оның ішінде 1982 дәрігерлер мен 7940 орта медициналық қызметкерлер. Олар Қарағанды мемлекеттік медициналық академиясы мен ДСҰЖМ базасында каскадты әдіспен дайындықтан өтті.
2009-2012 жылдары медициналық ұйымдарды аккредитациядан өткізу процедуралары жүргізілді, одан 116 емдеу-сауықтыру ұйымдарының 94-і өтті.
2010 жылы «100 мектеп, 100 аурухана құрылысы» жобасының шеңберінде 2 нысанның: облыстық 15 мың литрлік қан орталығының және Тараз қалалық 500 келушіге арналған №5 емханасының құрылысы аяқталды.
2011 жылы Шу ауданындағы Төле би ауылындағы орталық аудандық аурухананың құрылысы аяқталды.
Тараз қаласында 2012 жылдың желтоқсанында 200 төсек орындық көп бейінді облыстық балалар ауруханасы және 2013 жылы 200 төсектік қалалық балалар ауруханасы пайдалануға беріледі. Жамбыл ауданы Аса ауылында ауысымында 250 келушіні қабылдайтын орталық аудандық емханасының құрылысы жүргізілуде.
2010 жыл басына дәрігерлерге қажеттілік 312 (оның ішінде қала бойынша – 172, ауыдық мекендер бойынша – 140), 2010 жылы – 254 (АЕМ – 105), 2011 жылы – 240 (АЕМ - 61) құрады. 2013 жылдың басына дәрігерлердің жетіспеушілігі 211 адамды құрады.
Бір қатар аудандарда жас дәрігерлерге 100-400 мың теңге көлемінде көтерме ақы төленіп, әлеуметтік қолдау көрсетілген.
Халықты дәрі-дәрмекпен қамсыздандыруды жақсарту мақсатында 2008 жылы дәрілік құралдарды бірегей дистрибьютор жүйесі енгізілді. Дәрі – дәрмек айналымы саласында мемлекеттік реттеу тиімділігі артты.
2011 жылы дәрі – дәрмекпен қамтамасыз етуге 1022,6 млрд. теңге бөлініп, игерілді, бұл қамтылудың 75,1% құрайды, өсім – 1,7%. Халықтың бөлек топтарын амбулаториялық деңгейде дәрімен және арнайы азық-түлікпен қамтамасыз етуге қосымша қаражат бөлінді. 2012 жылы 1331,2 млрд. теңге бөлініп, игерілді, 75,4%-дың қамтамасыз етілуін құрады, 2011 жылға өсім 30,2%-ды құрады.
2010 жылдан бастап В және С гепатиттерімен ауыратын балаларды, сондай-ақ ауруға шалдығу деңгейі жоғары медициналық қызметкерлер мен студенттерді емдеу жүргізілуде. 2011 жылдан бастап халықаралық стандарттарға сай әр бір аурудың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, жаңа дәрілермен ересек адамдарды емдеу басталды. Ауруға шалдығу деігей жоғары топтарды В және С гепатитеріне тексеріп тұру нәтижесіне байланысты емдеумен қамту деңгейі ұлғайтылатын болады. «Саламтты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2011 жылдан бастап балалар арасында В және С гепатиттеріне скрининг жүргізуге қаражат бөлінді.
2010-2012 жылдары жылжымалы амбулаториялық кешен, жаңадан туылған нәрестелер үшін жылжымалы көліктік инкубатор, компьютерлік және магнитті – резеңкелі томограф, отқа күйгендерге арналған төсек, облыстық аурухана үшін ангиограф сатып алынып, кардиоорталық жарақтандырылды.
Емдеу мекемелерін жарақтандыру бойынша мақсатталған жұмыс нәтижесінде облыс бойынша медқұралдармен жарақтандыру деңгейі 2010 жылғы 36,48%-дан 2011 жылғы 43,1%-ға және 2012 жылғы 44,57%-ға дейін өсті.
Мәселелер:
-
бала туатын жастағы аналар және туылған балалар денсаулығының төмен деңгейі;
-
облыс бойынша жалпы қамтылу деңгейі республикалық көрсеткіштерден төмен болып сақталуда, жыл сайын жергілікті бюджеттен бөлінген қаражаттар облыстың емдеу-алдын-алу мекемелерінің қажеттілігіне жетпейді.
Жұмыспен қамту құрылымы
Жамбыл облысы халқының құрылымында экономикалық белсенді халықтың үлесі орташа республикалық көрсеткіштен жоғары, алайда жұмысқа жарамдылардың үлесі орташа республикалық деңгейден төмен болып қалуда.
Еңбекке жарамды халық пен экономикада жұмыс істейтін халық саны облыс бойынша артуда. 2012 жылы экономикалық белсенді халық саны 591,1 мың адамды (2009 жылғы деңгейге қарағанда өсім - 2,6%) құрады, оның ішінде облыс экономикасында 559,9 мың адам (өсім - 3,8%) жұмыс істейді.
2012 жылы жұмыспен қамту құрылымында жалдамалы жұмысшылардың саны 48,1%-ды, өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың саны – 51,9%-ды құрайды. Өз бетінше жұмыспен қамтылғандар үлесінің 2009 жылмен салыстырғанда 0,2 тармақтық пайызға төмендегенін атап өту керек.
2009 жыл мен 2012 жыл аралығында облыста 10988 әлеуметтік жұмыс орны, жастар практикасы бойынша 12305 жұмыс орны құрылды.
Жұмыссыздықтың деңгейін төмендету бойынша белсенді шаралардың қабылдаудың нәтіжесінде 2012 жылы ол 5,4%-ды құрады (2009 жылы - 6,5%).
Жасырын жұмыссыздық деңгейі 2009 жылы экономикалық белсенді халыққа шаққанда 0,2%-ды құрады. Жасырын жұмыссыздық тау-кен өндіру, өңдеу өнеркәсіптерінде тіркелген, 2010 жылдан бастап оның төмендегендігі байқалады.
2011 жылдың 1 шілдесінен бастап «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы іске асырылуда, оның іс-шараларымен 5814 адам қамтылды, оның ішінде 2009-2010 жылдардағы Жол картасы бойынша оқуларын 1504 адам жалғастыруда.
Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы аясында кәсіптік оқытумен 3601 адам қамтылды, оқуын аяқтаған 2133 адамның 1833-і (86%) жұмысқа орналасты.
Бағдарламаның қатысушыларымен персоналды жұмыс істеу мақсатында барлық аудандар мен Тараз қаласында 136 штаттық бірлікпен 11 Жұмыспен қамту орталықтары ашылды.
2012 жылы Бағдарламаны іске асыруға республикалық бюджттен 2,5 млрд. теңге және жергілікті бюджеттен 595,7 млн. теңге бөлініп, игерілді.бағдарламаның іс-шараларымен 8183 адам қамтылды.
Мәселелер:
- өз бетінше жұмыспен қамтылғандар және уақытша жұмысқа тұрғандардың, әсіресе ауыл шаруашылығы саласында үлесінің көптігі;
- жастарды жұмыспен қамту деңгейінің төмендігі;
- әйелдер жұмыссыздығының жоғары деңгейі, жұмыс күшінің біліктілігінің төмендігі.
Халықты әлеуметтік қорғау және еңбекті қорғау
Кірістері кедейшілік деңгейінен төмен халықтың үлесі 2009-2012 жылдары 2,4% -дан 1,2%-ға төмендеді.
Барынша мұқтаж азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсетуді қамсыздандыру мақсатында әлеуметтік төлемдер қарастырылған: атаулы әлеуметтік, тұрғын үй көмегі, балалардың жәрдемақылары, жергілікті уәкілетті органдардың шешімі бойынша аз қамтылған кейбір санаттағы азаматтарға берілетін көмек.
Мемлекеттік емес көздерден аз қамтамасыз етілген азаматтардың, мүгедектердің, ардагерлердің және жалғыз басты аналардың жанұяларына қосымша демеушілік көмектін түрінде қолдау көрсетіледі.
Өткен төрт жылда төлемдердің орташа көлемі 2,7 есеге артып, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 1,6 есеге қысқарды, бұл жәрдемақының атаулылығын және оның барынша кедей азаматтарға бағытталуының күшейгендігін көрсетеді.
Қолданып жатқан шараларға қарамастан және күнкөріс деңгейінің 2012 жылы 6%-ға өскенімен облыс халқының табысы республикамызда ең төмен болып отыр. Күнкөріс деңгейінен табысы төмен халықтың үлесі 2011 жылғы 5,1%-ға қарағанда 2012 жылы 4,9% деңгейіне дейін төмендеген.
Соңғы 4 жылда атаулы әлеуметтік көмек алушылар ішіндегі жұмысқа жарамды азаматтардың үлесі 13,4%-ға төмендеді, дегенмен олардың басымы табысы төмен өз бетінше жұмыспен қамтылған азаматтар.
Кәсіпорындарда адам өміріне өте қауіпті және зиянды еңбек жағдайларында жұмыс жасайтындарға жаңа еңбек стандарттарын енгізу қамтамасыз етіліп жатыр.
Өндірістік жарақаттанушылықты төмендету мақсатында кәсіпорындарда аттестация ұйымдастыру, қызметкерлерге сақтандыруды енгізу, жалақы бойынша қарыз бар кәсіпорындарға мониторинг жүргізу жұмыстары жүргізілуде.
Келісім-шарттық қатынастардың маңызы артуда – жасалған ұжымдық келісім-шарттардың саны 2 мыңнан астам.
Мәселелер:
- халықтың табыс деңгейі республика бойынша ең төмен болып сақталуда;
- күн көріс деңгейінен табысы төмен халықтың үлесі жоғары болып сақталуда;
- әлеуметтік көмек мөлшері – Қазақстан Республикасы бойынша ең төмен;
- атаулы әлеуметтік көмек алушылардың жалпы санында өз бетінше жұмыспен қамтылған еңбекке жарамды азаматтар үлесінің жоғарылығы;
- кедейшіліктен шығу жөніндегі белсенді шаралардың тиімділігінің төмендігі, жұмыссыздық нәтижесінде ауылда кедейшіліктің оқшаулануы, онда жұмысқа орналасу мәселесі өзекті болып қалуда;
- еңбек заңнамасына сәйкес еңбек ақы және өндірістік жарақаттанушылықтың бұзылуының бар болуы.
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау.
Мүгедектердің жағдайын жақсарту облыстың әлеуметтік саласындағы саясаттың басымды бағыттарының бірі болып табылады. Мүгедектерді оңалтудағы атқарылған жұмыстар әлеуметтік қызмет көрсету мекемелер жүйесін көбейтуге, мүгедектердің жеке қажеттілігін ескере отырып, техникалық құралдармен қамтамасыз етуге, жергілікті санаторлық-профилакториялық мекемелерде денсаулығын сауықтыруға мүмкіндік туғызды.
2012 жылы 3094 мүгедекке облыстық бюджеттен протез-ортопедиялық көмекке, кресло-арбалармен, сурдо-тифло құралдармен қамтамасыз етуге және санаторлы-курорттық емделу үшін 190,2 млн.теңге қаралса, 2009 жылы 2894 адамға 152,2 млн теңге қаралған болатын.
2012 жылы 5625 мүгедекке жеке көмекшінің, ымдау тілі маманының қызметін және гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджеттерден 433,0 млн. теңге бөлінді, бұл 2009 жылғыдан 13,6%-ға артық.
Сондай-ақ, 876 жалғыз басты қарттар мен мүгедектер және 1150 мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету мақсатында 2012 жылы 355 әлеуметтік қызметкерлерге 225,2 млн. теңге қаралса, 2009 жылы 108,9 млн. теңге қаралған болатын (759 жалғыз басты қарттар мен мүгедектер және 1000 мүмкіндігі шектеулі балалар үшін 268 әлеуметтік қызметкер).
2012 жылы медициналық - әлеуметтік мекемелерде 1233 мемлекет қамқорлығындағы азаматтарға 1260,7 млн.теңге қаралса, 2009 жылы 916 адамға 860,4 млн. теңге бөлінген болатын.
Мәселелер:
- облыста жүріп-тұруы қиын мүгедектерге арнайы жағдай жасалған қоғамдық көліктің жоқтығы;
- мүгедектерді жұмыспен қамту мәселесі;
- мүгедектерді арнайы әлеуметтік қызметтермен қамту деңгейінің төмендігі.
Мәдениет
Жамбыл облысындағы мәдениет пен өнер мекемелерінің желісі 528 объектіні құрайды. Оның ішінде 199 клубтар мен мәдениет үйлері (ауылда-195), 283 кітапхана (ауылда - 264), 6 мұражай (ауылда - 4), 10 автоклубтар (ауылда - 8), 2 кинотеатр (ауылда - 1), 22 киноқондырғылар (ауылда - 17), 2 облыстық драмалық театрлар, облыстық филармония, халық шығармашылығының облыстық орталығы және тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау мен қалпына келтіру жөніндегі дирекция.
2009 жылмен салыстырғанда мәдениет мекемелерінің желісі 7 клуб пен мәдениет үйлерінің, 5 кітапхананың, 1 мұражайдың ашылуы және Алатау жастар ансамбілі жабылуының есебінен 13 бірлікке артты.
2010 жылы 14 мәдени нысандарға күрделі және ағымды жөндеу жұмыстары 554,0 млн.теңгеге жүргізілсе, 2011 жылы 28 мәдени нысанға 104,9 млн.теңге, 2012 жылы 15 мәдени нысандарға күрделі және ағымды жөндеу жұмыстарына 58,8 млн. теңге бөлінді. Сонымен қатар, республикалық бюджеттен 15 нысанды күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізу үшін 240,4 млн. теңге бөлінді.
2010 жылы облыстық мәдени нысандардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға жергілікті бюджеттен 88,1 млн.теңге, 2011 жылы 189,3 млн.теңге игеріліп, 2012 жылы 164,3 млн.теңге қарастырылды.
Облыстық кітапханалардың кітап қорын толтыруға 2010 жылы жергілікті бюджеттен 7,9 млн.теңге, 2011 жылы 6,0 млн.теңге игеріліп, 2012 жылы 18,6 млн.теңге бөлінді. Облыста мәдениет және өнер саласын түсіндіріп тарату іс-шараларына 2010 жылы жергілікті бюджеттен 40,1 млн.теңге, 2011 жылы 41 млн.теңге игеріліп, 2012 жылы 56,4 млн.теңге бөлінді.
Облыста түрлі мәдени іс-шараларды өткізу үшін 60 млн.теңгеге ЛЭД-экран, жарық, сахна, аппаратура сатып алынды.
2012 жылы Облыстық қазақ драма театрына және облыстық филормонияға 50 млн.теңгеге әрқайсысы 45 орындық 2 автобус сатып алынды.
Облыстық кітапханаларда кітап қоры 3,2 млн. кітап бар. Кітапханаларда жаңа технологиялық аппараттар және электрондық базаны қалыптастыру жүргізілуде. РАБИС, АБИС және КАБИС бағдарламалары 71 кітапханаға орнатылды. 148 кітапхана компьютермен қамтамасыз етілген, 78 кітапхана интернет желісіне қосылған.
Республикалық «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру жұмыстарына 2010 жылы 67 млн.теңге бөлініп, игерілді. Сонымен қатар Жамбыл ауданының «Бектөбе» қалашығын зерттеуге 1,5 млн. теңге және Талас ауданының «Тамды» қалашығына 1,5 млн. теңге бөлініп, игерілді. 2011 жылы жергілікті бюжеттен ғылыми-зерттеу жұмыстарына «Көне Тараз», «Бектөбе», «Тамды» қалашықтарына 60,4 млн.теңге жоспарланып,игерілді. Уақытша қазба жұмыстары жүргізіліген жерге, консервация жасалынды. Ежелгі және ортағасырлардағы Тараз бен Жамбыл облысының қазыналарын насихаттайтын,тарихи кітап шығарылды.
2012 жылы ғылыми-қазба жұмыстарын жүргізіуге 49 млн.теңге бөлініп «Көне Тараз», «Жетітөбе» қалашықтарына ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар Мойынқұм және Шу аудандарының 13,8 млн.теңгеге тарих және мәдениет ескерткіштерінің жинағы шығарылды.
Жамбыл облысының талантты өнерпаздарын анықтау мақсатында жылсайын облыстық конкурстар, байқаулар және фестивальдар өткізіледі.
«ART-Mix» республикалық семинары, «Ұлы Жібек Жолы –саған» атты суретшілер Арт симпозиуымы, «Жерұйығым –Жамбылым» атты фольклорлық - этнографиялық фестивальі, облыстық «Би әлемі» атты би фестивальі, жас әншілердің «Жаңа есімдер» облыстық байқауы, ҚР Тұңғыш Президент саябағында Ашық аспан астында «Кино әлемі», «Арт-керуен» мәдени-ағарту жобасы, «Музей Түні» халықаралық акция, «Жамбыл STAR» телевизиялық-музыкалық конкурсы, «Жас Дәурен» облыстық вокалдық-аспаптар ансамблдерінің конкурсы, Ықылас Дүкенұлы атындағы «Жез киік» республикалық қобызшылар конкурсы, облыстық жас жазушылардың «Алтын қалам» конкурсы, жас режиссерлардың «Дебют» атты республикалық конкурсы және т.б.
Мәселелер:
-
саланың материалдық-техникалық базасының әлсіздігі;
-
ауылдық жерде білікті кадрлардың тапшылығы;
-
отандық мәдени өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі.
Тілдерді дамыту
Облыс халқының 89%-дан астамы мемлекеттік тілді меңгергенін ескере отырып, тіл саясаты ең алдымен аймақта тұратын басқа этностар өкілдерінің қазақ тілін үйренуіне жағдайлар жасауға және мемлекеттік тілге үйретудің тиісті әдістемелік базасын қалыптастыруға бағытталған.
Саланың инфрақұрылымы облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының жанандағы Мемлекеттік тілді оқыту орталығынан және Меркі, Шу, Қордай, Сарысу, Талас және Байзақ аудандық бөлімшелерінен құралады. Мұнда мемлекеттік тілді оқып-үйрену курсына қатысушылардың келесі динамикасы байқалады:
-
2009 жылы мемлекеттік тілді оқып-үйренушәлер саны 781 адам (119-ы қазақ, 662-і өзге ұлт өкілдері, соның ішінде 480-і мемлекеттік қызметкер);
-
2010 жылы орталықтарда 1356 тыңдаушы оқудан өтті (321-і қазақ, 1035-і өзге ұлт өкілдері, соның ішінде 214-і мемлекеттік қызметкер);
-
2011 жылы орталықтарды 2033 тыңдаушы оқыды (287-і қазақ, 1746-ы өзге ұлт өкілдері, соның ішінде 332-і мемлекеттік қызметкер).
-
2012 жылы 1687 адам білім орталығында оқытылды (99 адам - қазақ, 1588 адам - өзге ұлт өкілдері, соның ішінде 160 адам - мемлекеттік қызметкер).
Облыс бойынша мемлекеттік органдардағы құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің арасалмағына жүргізілген талдау 2009 жылы ісқағаздардың 89,1%-ы, 2010 жылы - 97,6%-ы, ал 2011 жылы - 98,6%-ы, 2012 жылы – 98,7%-ы мемлекеттік тілде рәсімделіп, жолданғанын көрсетіп отыр.
Облыста 60 БАҚ-ның 17 (28,3%) мемлекеттік тілде, 17 (28,3%) орыс тілінде жарияланады.
Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік тіл саясатын насихаттау бағытында жыл сайын «Үздік журналист» облыстық байқауы ұйымдастырылып отырады.
2009-2011 жылдары өңірдегі өзге ұлт өкілдерінің арасында, мемлекеттік тілді меңгеруіне және өз ана тілдерін сақтап, оны дамытуларына қолдау көрсету мақсатында «21 ақпан – Халықаралық ана тілі күні» мерекесіне орай этномәдени бірлестіктері өкілдерінің қатысуымен «Ана тілім – айбыным!» атты тіл фестивалі ұйымдастырылып, құрмет көрсетілді.
Ономастикалық және терминологиялық жұмыстар шеңберінде облыстың елді мекендерінің атауын өзгерту бойынша бірқатар іс-шаралар атқарылды. Атап айтқанда, 2009 жылы - 6 мектеп, 15 көше, 2010 жылы - 1 ауыл, 3 мектеп, 35 көше, 2011 жылы 1 ауылдық округ пен 1 мектеп атаулары өзгерді. 2012 жылы мораторийге байланысты аталған жұмыс уақытша тоқтатылған.
Дене шынықтыру және спорт
Жамбыл облысында 2011 жылы 43 мемлекеттік спорттық мекемелер, оның ішінде 32 балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептері (олардың 25- ауылдық жерлерде) жұмыс істейді. 2009-2011 жылдар аралығында облыста спортта дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернат, «Олимпиадалық жеткіншектерді дайындау орталығы» ММ-сі, «Тараз» Футбол клубы» КМҚК, «Әулие-Ата» Көкбөрішілер клубы» КМҚК, «Баскетболшылар клубы» КМҚК, «Волейболшылар клубы» КМҚК, «Лашын» Футбол клубы» КМҚК ашылды. Үлкен теннисті дамыту үшін 2009 жылы облыстық бюджет қаражаты есебінен заманауи 4 ашық және 2 жабық теннис корттары салынды.
2013 жылдың 1 қаңтарына облыста 1973 спорт нысандары тіркелген, оның ішінде:
-
19 стадион;
-
664 футбол алаңдары;
-
541 спортзалдар;
-
749 спорттың әр түріне арналған алаңшалар.
2012 жылы дене шынықтырумен және спортпен айналысатын барлық жастағы халықтың саны 205,7 мың адамды құрады, бұл халықтың жалпы санынан 19,3%, дене шынықтырумен және спортпен айналысатын балалар мен жасөспірімдер саны 13568 адамды құрады, бұл олардың жалпы санынан 10,6%.
Мәселелер:
1. Материалды-техникалық базалар мен спорттық инфрақұрылымдардың төмен деңгейі;
2. Жалпы және балалар мен жасөспірімдер спортының жеткіліксіз дамуы;
3. Кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттырудың деңгейі төмен.
Туризм
Жамбыл облысында туристік саланы дамыту Қазақстан Республикасы туристік индустриясының перспективалы бағыттарын дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес іске асырылады.
Облыс "Жiбек жолының тарихи орталықтарын жаңғырту, түркi тiлдi мемлекеттердiң мәдени мұрасын сақтау және сабақтастыру, дамыту, туризм инфрақұрылымын құру" мемлекеттiк бағдарламасына енгізілген және оның ішкі және халықаралық туризмнің дамуы үшiн үлкен мүмкiндiктерi бар. Облыс арқылы Ұлы Жібек жолы өткен (Сайрам кенті - Тараз - Акшолак-Ақыртөбе станциясы - Құлан - Меркі - Шу - Аспара - Қордай) және оның бойында қызықты тарихи және мәдени ескерткiштер орналасқан.
Жамбыл облысы әкімдігі мәдениет басқармасының тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясының мәліметтеріне сәйкес 2012 жылғы 1 қаңтардың есебі бойынша мемлекеттік есепке алынған ескерткіштердің жалпы саны 2117 құрайды, тарихи- мәдени ескерткіштердің саны - 713, ішкі және сыртқы туризм түрлері бойынша 25 туристік фирмалар қызмет етеді.
2009-2011 жылдар аралығында 4 туристік объектілер (Шу ауданында 3 қонақ үй, Тараз қаласында1 қонақ үй кешені) ашылды және 2012 жылдың 1 қаңтарында облыста 29 қонақ үй, 5 шипажай, 6 демалыс аймағы, 8 балалар сауықтыру лагері, 1 туризмді ұйымдастыру бойынша қоғамдық бірлестік және 1 аңшылық үйі бар.
Жамбыл облысының туристік мүмкіндіктері жылда Сеул, Пекин, Лондон, Берлин, Токио, Мадрид қалаларында өткізілетін халықаралық туристік көрмелерде ұсынылады. Жылда аймақтың туристік әлеуетін көрсететін жарнамалық-ақпараттық өнім шығарылады.
2011 жылы Жамбыл облысында туристік кластерді құру және дамытудың 2014 жылға дейінгі шебер-жоспары қабылданды. Осы шебер-жоспардың шеңберінде «Тау самалы» туристік кешені, «Қазіргі заман талабына және ұлттық нақыштарға сай келетін киіз үйлер қалашығын соғу», «Көксай» тау шаңғы базасын соғу жоспарлануда.
Туристік нысандарға көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша Ақыртас сарайы кешеніне апаратын жолдың, Жуалы ауданы «Тау Самалы» туристикалық кешеніне апаратын жолдың құрылысына ТЭН әзірленген, облыстың 5 ауданында: Қордай, Меркі, Байзак, Т.Рысқұлов, Жуалы аударында 8 жолбойғы сервистің кешенін (әрі-қарай ЖСК) салуға ыңлайлы орындар анықталған.
Балалар-жасөспірімдер туризмін дамытуға ерекше көңіл бөлінуде, келесі шаралар жүргізілуде:
- Халықаралық туризм күніне арналған күздік туриадалар;
- «Менің елім – Қазақстан» облыстық экспидициялар;
- облыс аудандарынан жане Тараз қаласынан толық емес және аз қамтылған отбасыларына шыққан мектеп оқушыларының, жалпы білім беру пәндері бойынша өңірлік және республикалық олимпиадаға қатысушылардың, 12-14 жастағы оқу озаттарының қатысуымен Астана қаласында өтетін турлер.
Жуалы ауданы Берікқара шатқалындағы орналасқан «Тау самалы» туристік кешенінінде 6 жыл бойы «Балалар туризмі» жобасы жүзеге асырылуда, жыл сайын Қазақстанның барлық аймақтарынан 1500 астам балаларды қабылдайды.
Сонымен қатар, облыстағы балалар туризмін дамыту мақсатында жас туристер станциясын құру жоспарланған.
2012 жылы ішкі туризм 2009 жылға қарағанда 56,4%-ға өсті, ал сырттан келу туризмі – 40,9%-ға азайды, туристік фирмалар саны – 6 бірлікке өсті.
Достарыңызбен бөлісу: |