БАҒдарламасы мазмұны кіріспе


Шағын және орта кәсіпкерлік



бет7/17
Дата04.03.2016
өлшемі5.58 Mb.
#41340
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17

Шағын және орта кәсіпкерлік


Өңірде шағын және орта кәсіпкерлік жолға қойылған экономикалық сала ретінде бағаланады. Шағын және орта бизнес халықтың жұмыспен қамтылуының айтарлықтай пайызын, тауарлар мен қызметтердің кең көлемді саласын қалыптастыруды, бюджетке салық түсімдерінің маңызды үлесін қамтамасыз етеді. Облыстағы шағын және орта кәсіпкерліктің дамуының көрсеткіштері қарқынды динамикаға ие, бұл экономиканың осы саласының дамуында оңды үрдістері барын көрсетеді.
2007-2012 жылдардағы шағын және орта кәсіпкерлік

көрсеткіштерінің өзгеру серпіні
1 кесте

Көрсеткіштер атауы

Жылдар




2007

2008

2009

2010

2011

2012

Белсенді субъектілер саны, бірлік

33822

36181

36688

31938

36142

36454

Өнім шығару, млрд. теңге

84,0

59,5

113,7

150,7

172,5

185,8

Барлық жұмыс істейтіндер саны, мың адам.

137,7

136,2

129,1

119,0

132,3

118,4

1 кесте көрсетілгендей 2010 жылы облыста 31 мыңнан астам белсенді шағын және орташа кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істеп, онда 119,0 мың адам жұмыспен қамтылып, 150,7 млрд. теңгеге өнім өндірілді.

2012 жылдың 1 қаңтарына 36142 шағын және орташа кәсіпкерлік субъектілері, оның ішінде 1496 шағын бизнес, 189 – орта бизнес, 18933 – жеке кәсіпкерлік субъектілері, 15524 – шаруашылық қожалықтары жұмыс істейді. Шағын және орташа кәсіпкерлікте осы кезеңде жұмыспен қамтылғандар саны 132274 адамды құрайды.

Шағын және орташа кәсіпкерлік субъектілерімен өндірілген өнім (жұмыс, қызмет көрсету) көлемі 172512 млн. теңге немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 105,7% құрайды, оның ішінде шағын бизнес субъектілерімен – 41617 млн, теңгеге, орта бизнес – 82670 млн. теңгеге, жеке кәсіпкерлермен – 13007 млн. теңгеге, шаруашылық қожалықтарымен – 35218 млн. теңгеге өнім өндірілді.

Статистиканың мәліметтері бойынша 2013 жылдың 1 қаңтарына 36454 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері, оның ішінде 1508 шағын бизнес, 201 – орта бизнес, 19566 – жеке кәсіпкерлік субъектілері, 15179 – шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Шағын және орта кәсіпкерлікте осы кезеңде жұмыспен қамтылғандар саны 118411 адамды құрайды.

Статистиканың мәліметтері бойынша 2012 жылы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен өндірілген өнім (жұмыс, қызмет көрсету) көлемі 185,8 млрд. теңге немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101% құрайды, оның ішінде шағын бизнес субъектілерімен (заңды тұлғалар) – 36,3 млрд. теңгеге, орта бизнес – 99,6 млрд. теңгеге, жеке кәсіпкерлермен – 17,0 млрд. теңгеге, шаруа қожалықтарымен – 32,9 млрд. теңгеге өнім өндірілді.

2012 жылы 307 жаңа шағын бизнес субъектілері тіркелген, қосымша 1791 жұмыс орындары құрылған.

Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың пәрменді шараларының бірі шағын кәсіпкерліктің субъектілерін несиелеу болып табылады. Шағын кәсіпкерліктің субъектілерін (ШКС) несиелеу жергілікті, республикалық бюджеттер және екінші дейгейдегі банктердің облыстық филиалдарының қаражаты есебінен жүргізіледі.

ҚР Ұлттық банктің Жамбылдағы филиалының ақпараты бойынша 2011 жылы шағын кәсіпкерліктің субъектілеріне екінші дейгейдегі банктермен 20494 млн. теңге сомасына несие берілген (2010 жылы – 10570 млн. теңге). 2012 жылы екінші деңгейлі банктермен шағын кәсіпкерлік субъектілеріне -27588,1 млн. теңге сомасында несиелер берілді.

2011 жылы «КazMicroFinance» шағын несие ұйымы» Тараз филиалымен – 2281,3 млн. теңге сомасында 11064 несие, 2012 жылы - 3627,4 млн. теңге 16691 несие берілді.

Кәсіпкерліктердің белсенділігін және бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында жылсайын «Қазақстанның үздік тауарлары», «Алтын сапа» және «Парыз» атты байқаулар өткізіледі. Сонымен 2010 жылы «Алтын сапа» байқауының «Қазақстан мекемелеріне ең жақсы қызмет көрсетушілер» номинациясында «Тараз қаласының кардиохирургиялық орталығы» жеңімпаз болып танылды. Ал «Казфосфат» және «Бином» ЖШС-тері «Парыз» бизнесінің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша республикалық байқауда жүлделі орынға қол жеткізді. 2011 жылы «Қазақстанның үздік тауарлары» республикалық байқауында «Халық үшін ең үздік тауар» номинациясы бойынша «Ырыс Бахыт» ЖШС-гі екінші орынға ие болды.

2012 жылы «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясы бойынша бірінші дәрежедегі дипломмен «Казфосфат» ЖШС, екінші дәрежедегі - «Super-pharm» ЖШС, үшінші дәрежедегі - «Фабрика ПОШ Тараз» ЖШС марапатталды. Ал «Халық тұтынатын үздік тауарлар» номинациясы бойынша бірінші дәрежедегі дипломмен «Энерджи Тараз» ЖШС, екінші дәрежедегі - «Асыл Дизайн» ЖШС, үшінші дәрежедегі - «Айналайын» ЖШС; «Үздік азық түлік тауарлары» номинациясы бойынша бірінші дәрежедегі - «Амангелды» ЖӨК, екінші дәрежедегі - «Злиха» ШҚ, үшінші дәрежедегі - «Мешелова» ЖК марапатталды.

«Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурстың «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясы бойынша екінші дәрежелі дипломмен «Қазфосфат» ЖШС-гі, «Халық тұтынатын үздік тауарлар» номинациясы бойынша үшінші дәрежелі дипломмен «Энерджи Тараз» ЖШС-гі марапатталды.

Инвестицияны тарту мақсатында облыста екінші халықаралық инвестициялық «Taraz Invest - 2012» форумы өткізілді, онда Қазақстан, жақын және алыс шет елдерінен 300-ден астам делегаттар қатысты. 14 инвестициялық жоба көрсетілді. Форумның қорытындысы бойынша Тараз қаласында жаңа әуе-жай терминалының, «Тараз» АҚЛО», «Меркі» тұқым зауыты» АҚ кеңейту және жетілдіру», қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу зауытының құрылысы, гипсокартон, құрғақ құрылыстық қосындыларды, ұсақ тартылған мрамор толықтырушыны өндіру және Тараз қаласында шиша ыдыстар зауытының құрылысы секілді инвестициялық жобалар бойынша 6 меморандум және келісімге қол қойылды. Жоғарыда аталған келісімдерді іске асыру 109 млрд. теңгеден астам инвестиция салымын тартуға мүмкіндік береді.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында, республикалық, облыстық, аудандық газеттерде шағын кәсіпкерліктің жағдайы мен дамуы жарияланып, семинар-кеңестер, дөңгелек үстелдер өткізіледі.

Кәсіпкерлік саласын, біріншіден, шағын және орта бизнесті қолдауға және жақсарту үшін 2010 жылы іске қосылған арнайы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы әзірленген.

Бағдарламаны іске асырудан бастап барлық қаржы тетіктері бойынша Аймақтық үйлестіру кеңесімен 30,6 млрд. теңге сомасында 219 жоба мақұлданды, оның ішінде бағдарламаның бірінші және үшінші бағыттарының шеңберінде «пайыздық мөлшерлемені субсидиялау» тетігі бойынша 21,2 млрд. теңгеге 165 жоба мақұлданды (2010 жылы – 1 жоба, 2011 жылы – 24, 2012 жылы – 87, 2013 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында – 53).

«Кредиттер бойынша жеке кепілдіктер беру» құралы бойынша - сомасы 551,3 млн. тенгені құрайтын 19 жоба (2011 жылы - 3 жоба, 2012 жылы - 5 жоба, 2013 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында - 11 жоба)

«Гранттық қаржыландыру» құралы бойынша Аймақтық үйлестіру кеңестің шешімімен қаржыландыруға жалпы сомасы 18,0 млн. теңгені құрайтын 6 кәсіпкердің жобалары мақұлданған.

«Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту» құралы бойынша - сомасы 6,4 млрд. теңгені құрайтын 38 жоба (2011 жылы –10 жоба, 2012 жылы –12 жоба, 2013 жылы - 16 жоба).

«Кәсіпкерлік секторды сауықтыру» 2-ші бағытының «пайыздық ставкаларды субсидиялау» құралы бойынша жалпы сомасы 3,0 млрд. теңгені құрайтын 10 жоба мақұлданған (бұл бағыттағы жобалар тек 2011 жылы жүзеге асырылған).

«Кәсіпкердің әлеуетін күшейту» 4-ші бағытының «Топ менеджментті оқыту» компоненті бойынша 2011 жылы 4 кәсіпкер, 2012 жылы – 10 кәсіпкер оқытылды, 2013 жылы – квотаға сәйкес 20 кәсіпкерді оқыту қарастырылған. «Іскерлік байланыстар» компоненті бойынша – 2011 жылы – 1 кәсіпкер, 2012 жылы – 24 кәсіпкер оқытылды, 2013 жылы – квотаға сәйкес 9 кәсіпкерді оқыту қарастырылған.

«Жұмыс істеп жатқан бизнесті сервистік қолдау» компоненті бойынша 2011 жылы – сервистік қолдау 65, 2012 жылы – 181 кәсіпкерге көрсетілген, 2013 жылы – сервистік қолдау 200 кәсіпкреге көрсетіледі деп күтілуде.

«Бизнес-кеңесші» компоненті бойынша кәсіпкерлік негізіне 2011 жылы – 1004 адам, 2012 жылы – 964 адам оқытылды, 2013 жылы 1000 адамнан астам оқытылады деп күтілуде.

Бүгінгі күнге облыстың шағын және орта кәсіпкерлігінің жағдайы көрсеткіштерімен сипатталады, бұған оның барлық түрлерінің сапалы және тұрақты дамуы үшін жергілікті атқарушы органдармен барлық жағдай және қажетті алғы шарттар жасалуы себеп тигізді.

Өңірдің кәсіпкерліктегі мәселелері

- кәсіпкерлік саласын, әсіресе ауыл кәсіпкерлерін жеткіліксіз қаржыландыру;

- несие беру көлемінің төмендігі және несие ресурстары жеткіліксіз қолжетімділігі;

- несие сыйақылары мөлшернің жоғарлығы;

- несиені рәсімдеудің күрделі және ұзақ үрдісінің;

- кәсіпкерліктің даму деңгейі мен өңірлерде кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымы дамуының тепе-теңсіздігі.


Сауда

Бөлшек тауар айналымының көлемі 2011 жылы 103,4 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі 2010 жылғы деңгейге – 141,0%, 2012 жылы – 119,7 млрд.теңге (НКИ – 111,0%). Көтерме сауда айналымы 2011 жылы 177,5 млрд. теңгені құрады (НКИ – 103,8%), 2012 жылы 158,2 млрд.теңге (НКИ – 86,5%) (1 кесте).


2006-2012 жылдардағы көтерме сауда динамикасы, млн. теңге

1 кесте




2006

2007

2008

2009

2010

2011

2012

Көтерме тауар айналымы

37299,6

53281,0

95593,1

113819,6

142252,8

177492,8

158182,3

Бөлшек тауар айналымы

36255,2

44038,5

53699,3

58957,4

67869,5

103441,4

119672,2

Азық-түлік тауарлары бойынша бөлшек тауар айналымының көлемі

11657,5

15960,3

15327,3

22643,8

28954,5

43792,8

47195,7

Азық-түлік емес тауарлар бойынша бөлшек тауар айналымының көлемі

24597,7

28078,2

38372,0

36313,6

38915,0

59648,6

72476,4

Сауда кәсіпорындарының бөлшек тауар айналымының көлемі 43866,3 млн. теңгені (42,4%), жеке кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлғалар мен базар айналымы – 59575,1 млн. теңгені (57,6%), 2012 жылы – тиісінше 52269,1 млн. теңгені (43,7%) және 67403,1 млн.теңгені (56,3%) құрады (2 кесте).



2 кесте




2006

2007

2008

2009

2010

2011

2012 г.

Сауда кәсіпорындарының тауар айналымы, млн. теңге

21665,0

25154,5

34435,6

28771,7

33202,3

43866,3

52269,1

Үлес салмағы, %

59,8

57,1

64,1

48,8

48,9

42,4

43,7

Базарлардың тауар айналымы, млн. теңге

14590,2

18884,0

19263,7

30185,7

34667,2

59575,1

67403,1

Үлес салмағы, %

40,2

42,9

35,9

51,2

51,1

57,6

56,3



Халықтың жұмыспен қамтылуындағы сауданың үлес салмағы

3 кесте




2006

2007

2008

2009

2010

2011

2012 г.

Жұмыспен қамтылған халық – барлығы:

мың адам


463,9

506,2

530,1

539,2

551,3

557,0

559,9

Оның ішінде:

Сауда, автокөлік, жеке қолданыстағы тұрмыстық заттар мен бұйымдаржөндеу, – мың адам



106,6

113,3

116,1

119,5

120,9

121,8

118,5

Үлес салмағы, %-бен

23,0

22,4

21,9

22,2

21,9

21,9

21,2

Сауда кәсіпорындарының жалпы санында қазіргі заманғы гипер-супермаркеттердің үлесі аз ғана.

2011 жылы республиканың 1000 адамына 199,7 м2 сауда кәсіпорындарының барлық түрлері тиесілі. Жамбыл облысы сауда аумақтарымен қамтамасыз етілуі ең төмен аумақ – 1000 адамға шаққанда 90 м2, бұл орташа республикалық көрсеткіштен 55%-ға төмен.

Талдау нәтижесі бойынша 2011 жылы республика халқы «А» санатының сауда аудандарымен 86 м2-қа қамтылған, Жамбылдың облысы «А» санатының сауда аудандарымен қамтылуы төмен топқа кіреді – 28 м2. Ал «С» санаты бойынша облыс алдыңғы қатарды, облыста мұндай сауда аудандары 53% құрайды.


Сауда алаңдарының санаты бойынша

республика өңірлеріндегі сауда алаңдарының құрылымы

Ақпарат көзі: «Сауда саясаттын дамыту орталығы» АҚ.



Қоғамдық тамақтандыру қызметтері, млн. теңге

4 кесте





2006

2007

2008

2009

2010

2011

2012 г.

Қызмет көлемі, барлығы:

1312,6

1763,1

2467,6

2836,3

3961,0

4915,1

4777,1


Өңірдің сауда саласының мәселелері

- бөлшек сауда кәсіпорындар, тұтыну кооперативтері, ірі супермаркеттер мен гипермаркеттер қауымдастығында сатып алу орталықтары жоқ;

- «А», «Б» санаты бойынша 1000 адамды сауда орындармен аз қамтылған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет