БАҒдарламасы мазмұны кіріспе


Аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатына талдау жасау



бет12/17
Дата04.03.2016
өлшемі5.58 Mb.
#41340
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

2.4. Аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатына талдау жасау

Қолданыстағы мемлекеттік реттеу саясаты облыстың маңызды әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге және халықты жұмыспен қамтуға, өмір сүру сапасын арттыруға, тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз етуге бағытталған.

Бұл бағытта облыста «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы табысты іске асырылуда. Жамбыл облысында «Өңірлерді дамыту» бағдарламасын іске асыру 2-ші бағыттың аясында іске асырылуда – бәсекелестікті жоғарылатуға және өңірдің экономикалық өсуіне ықпал ету.

Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға республикалық бюджеттен мемлекеттік қолдау көрсету 2 басымдық бойынша іске асырылады.

Республикалық бюджеттен 2013 жылға инженерлік инфрақұрылымдды дамытуға (2-ші басымдық) 1730 млн. теңге нысаналы трансферттер, жоғары және орташа даму әлуеті бар ауылдық елді мекендерді жайластыру шараларын іске асыру үшін жергілікті өзін-өзі басқаруды мемлекеттік қаржылай қолдауға (4-ші басымдық) – 512,8 млн. теңге бөлінген.

2-ші басымдықтың аясында 1 инвестициялық «Жамбыл облысы Талас ауданы Талас өзенінің арнасын реттеу үшін және су ағызуды қалпына келтіру мақсатында су құрылымдарын қайта жаңғырту» жобаны іске асыруына республикалық бюджеттен 229 млн. теңге, жергілікті бюджеттен қосымша қаржыландыруға 16,9 млн. теңге бөлінген.


4-ші басымдық аясында Жұмыс тобымен облыс бойынша 240 жобасы іске асыруға іріктеліп алынған. 2013 жылдың 8 айында жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен нақты 268,8 млн. теңге, немесе жоспардың 65,0%-зы игерілген. 168,9 млн. теңгеге 121 іс-шаралар іске асырылды.

Сонымен қатар, облыста 2012-2020 жылдарға арналған бір салалы шағын қалаларды дамыту бағдарламасын іске асыру аясында Жаңатас және Қаратау бір салалы шағын қалаларын дамытудың кешенді жоспарлары әзірленген және тиісті аумақтардың мәслихат шешімдерімен бекітілген.


2012 жылы Бағдарлама аясында Қаратау қаласына 106,9 млн. теңге бөлініп, «Даңқ» монументін және Жастар бағын абаттандыру, қалаға кіреберісті және Желтоқсан-Качесов, Пушкин, Шахтер, Алтынсарин көшелерін жарықтандыру, Қаратау қаласының қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны қоршауын ағымдағы жөндеу аяқталды.

Жаңатас қаласына 82,9 млн. теңге бөлініп, Бейбітшілік, Жібек жолы көшелерінің өоршауларын және тратуарларын, Тәуелсіздік саяжолын, Әулие-ата қақпасы мен көшесі қоршауын жөндеу жүргізілді.

Президенттің ЖӨӨ-нің 7 пайыздық өсімін қамтамасыз ету бойынша тапсырмасын іске асыру аясында облыстың қолда бар агро-өнеркәсіптік және туристік әлуетін тиімді пайдалануға мақсатталған жобаларды іске асыруды көздейтін экономика өсімінің резервтерін пайдалану бойынша іс-шаалар жоспары әзірленді.

2013 - 2015 жылдары облыстың әлеуметтік-экономикалық саясаты:

- экономиканы жаңғырту және әртараптандыру, бәсекелестікті дамыту және бизнеске қолайлы жағдай жасау, инвестициялық қызметті белсендіру арқылы тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз етуге;

- нақты еңбек өнімділігіне ерекше мән бере отырып, халықтың тұрмысын және өмір сүру сапасын арттыруға, жаппай әлеуметтік асырауды жоюға және орта кластың жағдайын жақсартуға бағытталған әлеуметтік жаңғыртуды жүргізуге;



- мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталатын болады.
3. ӨҢІР ДАМУЫНЫҢ БОЛАШАҚ КӨРІНІСІ
Жамбыл облысы Қазақстанның оңтүстігінің қарқынды дамитын және бәсекеге қабілетті, өнеркәсіптік-аграрлық өңір; Қытай мен Еуропа арасындағы қолайлы көлік дәлізі болатын өңір; ішік және сыртқы рыноктарда бәсекеге қабілетті химия өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп, тамақ өнімдері өндірісі бар өңір; өмір сүру деңгейі жоғары, дені сау және білімді халқы бар өңір; ірі және шағын бизнесті дамыту үшін қолайлы бизнес климаты бар өңір; жоғары білікті және тиімді жергілікті билігі бар өңір болады.
1 бағыт: «Жоғары инновациялық технологияларды ендіру негізінде өңір экономикасының жеделдетілген дамуы»

  • Жалпы өңірлік өнімінің нақты көлем индексі, % алдыңғы жылға;

  • 2009 жылғы деңгейге жалпы өңірлік өнімнің нақты көлем индексі (жоспар);

  • Халық санының өсуі/азаюы;

  • Өнеркәсіптік өнімінің нақты көлем индексі;

  • Өңдеу өнеркәсібіндегі өнім шығарудың нақты көлем индексі;

  • Кен өндіру өнеркәсібі және ашық кеніштерді игерудің нақты көлем индексі;

  • Электр энергиясын жұмсауды арттыру;

  • Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің НКИ;

  • Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнім шығаруының нақты көлем индексі;

  • Бөлшек сауданың нақты көлем индексі;

  • Негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлем индексі;

  • Инновация саласындағы белсенді кәсіпорындар мен ұйымдар деңгейінің өсімі (технопарктер, бизнес-инкубаторлар, индустриалдық парктер және т.б.);

  • Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жалпы көлеміндегі қазақстандық үлесті ұлғайту;


2 бағыт: «Әлеуметтік саланы дамыту және халықтың өмір сүру сапасы деңгейін арттыру, тұрақтылықты және қауіпсіздікті қамтамасыз ету»

  • Халықтың білім берудің қол жетімділігіне және сапасына қанағаттану деңгейі;

  • Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқумен қамту ( 3-тен 6 жасқа дейінгі);

  • Жастарды техникалық және кәсіптік біліммен қамту үлесі (14-24 жас);

  • Жамбыл облысы әкімдігінің балалар құқығын қорғау бойынша басқармасына түскен балалар құқығына қатысты анықталған бұзушылықтардың жалпы санынан жойылған бұзушылықтар үлесі;

  • Медицина қызметінің сапасымен тұрғындардың қанағаттануының деңгейі;

  • Халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығы;

  • 1000 адамға шаққандағы жалпы өлімнің азайюы;

  • Жұмыссыздық деңгейі;

  • Ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен табысы бар халықтың үлесі;

  • Арнайы әлеуметтік қызметтер ұсынумен қамтылған тұлғалардың үлес салмағы (қызмет алуға мұқтаж тұлғалардың жалпы санында);

  • Өндірісте зақым алу деңгейін төмендету;

  • Облыс халқының мәдениет саласы қызметтерінің сапасына қанағаттану деңгейі;

  • Мемлекеттік тілді меңгерген халық үлесі;

  • Жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын, барлық жастағы тұрғындарды қамтуды ұлғайту;

  • Туристтік қызмет саласында қызмет көрсететін ұйымдардың жиынтық табысын ұлғайту;

  • Мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының өзара қатынастарын оң бағалайтын тұрғындар үлесін арттыру;

  • 14 пен 29 жас аралығындағы тұрғындар арасында жастарға қатысты мемлекеттік саясатқа қанағаттану деңгейі;

  • Ішкі істер органдарына халық сенімінің болжамды деңгейі;

  • Төтенше жағдайлардан адамдардың және материалдық шығындардың азайюы;


3 бағыт: «Инфрақұрылымдық кешенді жетілдіру және сапалы тұрғын үй-коммуналдық және тасмалдау (транспорттық) қызметімен қамтамасыз ету»

  • Халықтың байланыс және коммуникациялар саласындағы қызметтер сапасына қанағаттану деңгейі;

  • Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі;

  • Тұрғын ғимараттарды пайдалануға беру көлемі;

  • Азаматтық қолданыстағы нысандарды сейсмотұрақтылыққа зерттеу;

  • Жақсы және қанағаттандырарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі;

  • Жүк айналымының көлемі;

  • Жолаушылар айналымының көлемі;

  • Тұтынушылардың коммуналдық қызметтердің сапасымен қанағаттанушылық деңгейі;

  • Тұрғындардың орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жетімділігінің деңгейін арттыру;

  • Жылумен қамту қызметтерінің қамтамасыз етілу деңгейін арттыру;

  • Халықтың су бұру қызметтерімен қамтамасыз етілу деңгейін арттыру;


4 бағыт: «Ауылдық елді мекендердің (агроқалашықтардың) дамуына жағдай жасау»

    • Жоғары әлеуеті бар ауылдық елді мекендерді дамытудың санын арттыру;

    • Зиянды заттардың жаппай шығарылуын төмендету;

    • Мемлекеттік орман қорының орман алқаптарының көлемі.


5 бағыт: «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасын арттыру»

    • Халықтың әлеуметтік маңызы бар қызметтерді көрсету сапасына қанағаттану деңгейі.


4. Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаттары, міндеттері, мақсатты индикаторлары және нәтижелер көрсеткіштері, қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдары және іске асыру бойынша тиісті шаралар
БАҒЫТ 4.1. «Жоғары инновациялық технологияларды ендіру негізінде өңір экономикасының жеделдетілген дамуы»
Мақсат 4.1.1.: Экономиканың тұрақты өсімін және халық санының ұлғаюуын қамтамасыз ету


Нысаналы индикаторлар, көрсеткіштер

өлшем бірлігі.

1 кезең

2 кезең

2011 (нақты)

2012

(нақты)


2013

2014

2015

1. Жалпы өңірлік өнімнің нақты көлем индексі, % алдыңғы жылға

%

112,9

109,8

105,8

107,1

106,4

2. 2009 жылғы деңгейге жалпы өңірлік өнімнің нақты көлем индексі

(жоспар)


%

114,1

119,2

126,2

135,2

143,9

Міндет 4.1.1.1. ЖӨӨ жыл сайынғы нақты өсімін қамтамасыз ету

    1. Жалпы өңірлік өнімнің көлемі




млрд. теңге

634,3

763,9

889,0

1024,3

1186,9

    1. Экспорт

млн. теңге

41953,9

(146,62*)



28406,5

(149,11*)



22083,7

(152,93*)



22591,7

(152,93*)



23296,4

(152,93*)



    1. Импорт

млн. теңге

44656,5

(146,62*)



44494,2

(149,11*)



47824,5

(152,93*)



50167,9

(152,93*)



52776,7

(152,93*)



    1. Инфляция деңгейі

%

108,6

106,0

106-108

106-108

106-108

Жауапты орындаушылар: Жамбыл облысы әкімдігінің басқармалары

3. Халық санының өсуі/азаюы

%

100,9

101,3

101,3

100,9

100,9

Жауапты орындаушылар: денсаулық сақтау, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары

* - Ұлттық банкінің ресми валюталық курсы
Қол жеткізу жолдары (2012-2015 жж.): Жалпы өңірлік өнімнің өсімі өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік және байланыс, сауда және басқа салалардағы өндіріс көлемінің ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілетін болады.

Сыртқы сауда айналымы сыртқы саудадағы мемлекеттік саясат шеңберінде жүргізілетін болады. Облыста өндірілетін өнімдердің экспортқа бағытталуын арттыру бойынша шаралар іске асырылатын болады.

Инфляция деңгейін 6-8% делізі деңгейінде ұстау үшін келесі жұмыстар жалғасытырылатын болады:

1) бөлшек саудада сатылатын азық-түлік тауарларының негізгі түрлерінің бағасына, және де өндіруші кәсіпорындардың жіберетін бағасына мониторинг жасау;

2) облыстағы негізгі азық-түлік тауарларын өндірушілермен және сатушылармен бағаны тұрақтандыру мәселесі жөніндегі өзара ынтымақтастық туралы меморандумдар жасау;

3) әлеуметтік сауда нүктелерін, жылжымалы сауда павильондарын ашу;

4) болашақта жетіспеушілігі немесе бағасының көтерілуі болжамданған азық-түлік тауарларын қажетті көлемде резервте сақтау жөніндегі шараларды жүзеге асыру;

5) қыс кезеңінде жеміс-көкөніс өнімдерін сақтауды және оны ары қарай ең төмен сауда үстемесімен көтерме-бөлшек желісі, сондай-ақ коммуналдық базарлар арқылы сатуды қамтамасыз ету;

6) жылыжай шаруашылығын дамыту;

7) тұрақты түрде ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін және басқа шараларды өткізу.

Халық санының өсуі бала туудың өсуі, өлімнің азаюы және көші-қонның теріс сальдосы есебінен қамтамасыз етіледі.

Мақсат 4.1.2.: Жамбыл облысының өнеркәсіптік әлеуетін арттыру


Нысаналы индикаторлар, көрсеткіштер

өлшем бірлігі

1 кезең

2 кезең

2011 (нақты)

2012

(нақты)


2013

2014

2015

1. Өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі

%

127,7

101,6

105,2

104,8

103,3

2. Өңдеу өнеркәсібіндегі өнім шығарудың нақты көлем индексі

%

127,4

98,2

106,0

105,7

103,0

3. Кен өндіру өнеркәсібі және ашық кеніштерді игерудің нақты көлем индексі

%

139,8

106,8

100,2

101,2

105,5

4. Электр энергиясын өндіруді арттыру

%

67,3

48,0

8,0

10,0

11,0

Міндет 4.1.2.1. Өнеркәсіптің басымды секторларын дамыту

1.1. Жалпы өңірлік өнімдегі өнеркәсіптің үлесі

%

18,7

15,8

17,0

18,0

18,0

1.2. Облыс өнеркәсібіндегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі

%

77,8

75,3

75,5

77,0

78,0

2.1. Жалпы өңірлік өнім құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі

%

14,3

12,4

13,0

13,5

14,0

2.2. . Өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігінің өсімі


мың АҚШ доллары/ адам

35,8

45,2

46,0

47,0

48,0

2.3. Өңдеу өнеркәсібі өнімін экспорттаудың өсімі

%

78,0

65,6

68,0

100,2

101,0

2.4. Химия өнеркәсібінің нақты көлем индексі

%

149,3

90,9

93,0

102,0

103,5

2.5. Химия өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігінің өсімі

мың АҚШ доллары/ адам

65,7

90,6

76,0

76,5

80,0

2.6. Металлургия өнеркәсібінің нақты көлем индексі

%

233,4

148,7

55,0

105,0

105,0

2.7. Металлургия өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігінің өсімі

мың АҚШ доллары/ адам

5,5

24,9

12,0

15,0

15,0

2.8. Өзге де металл емес минералды өнімдердің нақты көлем индексі

%

271,6

145,7

110,0

112,1

105,0

2.9. Өзге металл емес минералдық өнімдердің өндірісінде еңбек өнімділігінің өсімі

мың АҚШ доллары/ адам

32,6

58,6

60,5

62,0

65,0

2.10. Жеңіл өнеркәсібінің нақты көлем индексі

%

134,9

88,3

57,0

103,0

103,0

2.11. Жеңіл өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігінің өсімі

мың АҚШ доллары/ адам

12,9

10,9

5,0

7,0

7,5

2.12. Машина жасау өнеркәсібінің нақты көлем индексі

%

122,6

92,5

101,6

102,4

100,2

2.13. Машина жасау өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігінің өсімі

мың АҚШ доллары/ адам

9,1

10,5

10,8

10,9

11,0

Міндет 4.1.2.2. Электр қуатының альтернативтік көздерін дамыту

3.1. Электр қуатын пайдаланудың жалпы көлеміндегі қуаттың альтернативтік көздерінің үлесін ұлғайту

%

0,6

1,5

1,9

2,0

9,0

Жауапты орындаушылар:Жамбыл облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы, аудандар мен Тараз қаласының әкімдері


1-ші міндет бойынша қол жеткізу жолдары (2012-2015 ж.ж.): Өнеркәсіп өндірісінің өнім көлемінің ұлғаюына жұмыс жасап тұрған өндірістерді жетілдіру және қайта жаңғырту, ҮИИДМБ шеңберінде өнеркәсіп кәсіпорындарында менеджмент және стандартизация жүйесін енгізу бойынша жұмыстарды жалғастыру есебінен қол жеткізіледі.

Индустрияландыру Картасының шеңберінде 2013 жылы іске асыруға қарастырылған құны 22,6 млрд. теңгені құрайтын (676 жаңа жұмыс орны) 9 инвестициялық жобаның 20,9 млрд. теңгеге 8 жобасы іске қосылып, 626 жұмыс орны құрылған («Бірлік Энерго» ЖШС - шикі мұнайды өңдеу бойынша зауыты, «Құрылыс-Полимер» ЖШС - пластмасс бұйымдарын өндіретін зауыт, «Үміт Қордай» ЖШС - сүт өнімдерінің өндірісі, «Алкопищепром» ЖШС - ауыл шаруашылық шикізатын қайта өңдеу және консервілеу зауыты, «Компания A & T - энерго» ЖШС - Тасөткел су қоймасында ГЭС, «Тараз құбыр зауыты» ЖШС - полиэтиленді құбырлар өндірісі бойынша зауыт, «ЭнергоСтройПроект» ЖШС - Қарақыстақ өзенінде шағын ГЭС, «Казфосфат» ЖШС - күкірт қышқылы цехінің құрылысы). Жыл соңына дейін құны – 1715,0 млн. теңге, 50 жаңа жұмыс орнымен өндірісті жетілдіру және кеңейту бойынша «Жамбылгипс» АҚ-ы инвестициялық жобасы жүзеге асырылады.



2014 жылы құны 43,9 млрд. тенгені құрайтын, 5 инвестициялық жобаның іске асырылуы жоспарлануда, онда 693 жаңа жұмыс орнын құру жоспраланған: («Тараз металлургиялық зауыты» ЖШС-і – ферроқорытпа өндірісін және оның шикі базасын кеңейту (2 кезең), «Арайстроймаркет» ЖШС – радиаторлар өндіретін шағын зауыт құрылысы, «БиномСтройДеталь» ЖШС – құрылыс матералдары комбинатының базасындағы үй-құрылыс қомбинатының құрылысы, «Talas Investment Company» ЖШС – натрий цианидін өндіру бойынша зауытының құрылысы, «Vista International» ЖШС – Қордай жел-электростанциясының құрылысы).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет