Облыста бәсекелестікті дамыту үшін кәсіпкерлік қызметті дамытумен жалпы бәсекелес ортаны жақсарту үшін қажетті инфрақұрылымды қалыптастыру жөніндегі шаралар іске асырылуда.
Шағын және орта бизнес барынша жоғары қарқынмен дамуда, белсенді шағын кәсіпкерлік субъектілері 2009 жылы 2005 жылғы 27290 бірлікке қарсы 38206 бірлікті, 2010 жылы – 37 268 бірлікті құрады.
2007-2009 жылдар аралығында 7228 сауда объектілері, оның ішінде 4427 дүкендер, 6 супермаркеттер, 1101 қоғамдық азық-түлік объектілері, 1694 қызмет көрсету объектілері енгізілді, онда 6078 жұмыс орындары ашылды. 2009 жылы олардан шағын және орта бизнестің (заңды тұлғалар) 301 кәсіпорны іске қосылды.
2011 жылдың басына облыста 15588 орындық 58 базар тіркелді, олардың түрлері бойынша: жабық – 8 бірлік, шағын базар – 14 бірлік, құрамдастырылған – 36 бірлік; тауарларды мамандандыру бойынша: азық-түлік – 8 бірлік, азық-түлік емес – 11 бірлік, мамандандырылған – 9 бірлік, әмбебап – 30 бірлік.
Облыста негізгі азық-түлік тауарларына деген бағаның артуына жол бермеу туралы қажетті шаралар қабылданды. Негізгі азық-түлік тауарларының 27 түрі бойынша баға мониторингі күн сайын жүргізіледі, оның ішінде 18-і Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген әлеуметтік-маңызды тауарлар. Азық-түлік тауарлары мен олардың қоймаларда қалған қалдықтарының қорының апталық мониторингін жүргізу іске асырылуда. Көтерме және бөлшек сауда жасайтын кәсіпорындармен азық-түліктік және азық-түліктік емес тауарлардың бағаларын негізсіз көтеруді болдырмау жөніндегі жұмыстар жүргізілуде.
Азық-түлік нарығы мен жанар-жағар май нарығындағы жағдайды реттеу жөнінде облыстық Штаб құрылды және ол жұмыс істеуде. Осы сияқты Штабтар Тараз қаласы мен облыстың аудандарында да құрылды. Әлеуметтік-маңызды азық-түлік тауарларына деген бағаның күрт өсуін болдырмау жөніндегі жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.
Қазіргі кезде облыста Тараз қаласы мен аудан әкімдіктерімен бірлесе отырып Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының шектік сауда қосымшалары бөлігіндегі нормаларын орындау жөніндегі мәселе қаралуда.
Облыстың ішкі нарығын жеміс-көкөніс өнімдерімен толтыру мақсатында облысқа Ресейден, Қырғызстаннан, Өзбекстаннан, Қытайдан және көршілес Оңтүстік Қазақстан облысынан жеміс-көкөніс өнімдері (картоп, пияз, қырыққабат, сәбіз, қызылша, қызанақ, қияр, жемістер, цитрустық өнімдер) әкелінеді, сондай-ақ жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне базар аумағынан тегін және жеңілдікпен сауда орындары беріледі, дөңгелекте және жол бойында сауда жасау ұйымдастырылуда, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі тұрақты түрде өткізіліп тұрады, арнайы белгіленген орындарда өз өнімдерін сатуға рұқсат берілген.
Жыл сайын күзгі мерзімде қала мен аудан әкімдіктері апта сайын жеміс-көкөніс өнімдерінің жәрмеңкелері базар нарығынан төмен бағамен өткізіледі.
Бәсекелестікті дамытудың бірқатар аспектілерін түсіндіру және әкімшілік кедергілерді қысқарту мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары арқылы бизнес пен «Атамекен» қоғамының өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстелдер өткізілуде. Осы тақырыпта облыстық және аудандық газет беттерінде материалдар жарық көруде.
Шағын және орта бизнес субъектілерінің қызметіндегі әкімшілік кедергілерді төмендету мақсатында облыста Жамбыл облысы әкімдігінің жанында рұқсат беру жүйесін оңтайландыру бойынша Сараптау Кеңесі (кеңес беру-келісімге келу органы) жұмыс істейді. Әкімшілік кедергілерді қысқарту жөніндегі Республикалық жұмысшы тобы мәжілісінің 2010 жылғы 4 мамырдағы хаттамалық шешімін орындау мақсатында облыстажергілікті деңгейдегі рұқсат беру жүйесін оңтайландыру жөніндегі жұмыстар жүргізілді. Әрбір облыстық және аумақтық мемлекеттік органда рұқсат беру рәсімдерін оңтайландыру жөнінде Жұмысшы топтар құрылды. Оның құрамына тиісті мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірге бизнес қоғамдардың өкілдері де енгізілді.
Жүргізілген жұмыстардың қорытындылары бойынша Төмендегідей ұсыныстар айтылды:
Жалпы анықталған рәсімдер санынан 6 рәсімді алып тастау;
72 рәсімді немесе жалпы анықталған рәсімдер санынан 86,7%-ды қалдыру;
27 рәсімді немесе қалдырылған рәсімдер санының 35%-ын оңтайландыру, оның ішінде лицензия немесе рұқсат беру мерзімін төмендету, қажетті құжаттар (жарғы, РНН, статистикалық карталар) тізбесін және құжат көшірмелерін нотариалды растау жөніндегі талаптарды қысқарту есебінен.
Кәсіпкерлік субъектілері үшін рұқсат беру жүйесін жеңілдету және оңтайландыру үшін төмендегілер ұсынылды:
- арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған лицензияны алып тастау;
- Қазақстан Республикасында орналасқан шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алуды алып тастау және ХҚКО-ға беру;
- медициналық қызметке, фармацевтикалық қызметке деген лицензия беру мерзімін қысқарту (жеңілдету);
- орталық жылыту жүйесіне қосылудың техникалық шарттарын беру мерзімін қысқарту;
- алкогольді өнімдерді оны шығару аумағында сақтау, көтерме және бөлшек саудаға салу жөніндегі қызметті іске асыруға, заңды тұлғаларға түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау, сақтау өңдеу және іске асыруға лицензиялар беру мерзімін қысқарту (жеңілдету);
- басқаруға берілген лицензия мерзімін қысқарту;
- құрылымдық бөлімшелер (Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары, архитектура және қала құрылысы, білім беру бөлімдері) арқылы берілген рұқсат ету құжаттарының мерзімін қысқарту.
Төмендегі рұқсат беру қағаздары тоқтатылсын: «Жер құрылысы жобасын бекіту туралы бұйрық»; «Техника мен лизинг сатып алу туралы анықтама беру»; «Қосалқы шаруашылығының барлығы туралы анықтама беру».
Ұсынылып отырған шаралардың нәтижесінде облыс кәсіпкерлерінің рұқсат беру құжаттарын алу кезіндегі операциялық шығындары 2010 жылы 30%-ға қысқарады.
Әкімшілік кедергілерді жою, оның ішінде рұқсат беру жүйесін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды дайындау жөніндегі облыстағы жұмыстар тиісті жұмысшы топтардың облыстық, қалалық және аудандық деңгейде жалғастырылатын болады.
Бәсекелестік ортаны жақсарту үшін кәсіпкерлік қызметті дамытуға қажетті инфрақұрылым жасау жөніндегі шаралар іске асырылатын болады, тауар нарығының жағдайын талдау мен дамыту тұрақты түрде жүргізілетін болады, облыстағы бәсекелестікті дамыту туралы бұқаралық ақпарат құралдарында үнемі жазылатын болады.
Талдау нәтижелері экономиканың бірқатар сегменттерінде бәсекелестікті дамытудың жеткіліксіздігін көрсетеді. Сонымен, Жамбыл облысындағы бензин мен дизельді отынды бөлшектеп сату нарығы нарықтық шоғырланудың жоғарылығымен және бәсекелестіктің дамымағандығымен сипатталады.
Бұл тауар нарығындағы бәсекелестікті дамыту үшін төмендегідей шаралар қарастырылған: тиісті жер учаскелерін Жанармай бекеті құрылысы үшін тек конкурс өткізу негізінде беруді іске асыру, бұл ретте конкурсқа қатысушылар мен оның ұйымдастырушыларының үлестестігіне жол берілмеу керек.
Тараз қаласындағы көтерме нан нарығы бәсекелестігі дамымаған нарықтық шоғырлануының жоғары деңгейімен сипатталады, мұнда нарыққа жаңа қатысушылардың енуі үшін кедергі негізінен әкімшілік кедергі болып табылады.
Бұл кедергілерге мыналар жатады:
жер учаскелерін беруге немесе ғимараттарды қайта жаңғыртуға кедергі болу, жобалық-сметалық құжаттамаларды дайындаудан құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге рұқсат алу мен басқа да құжаттарды алғанға дейінгі ұзын сонар рәсімдеу шаралары, сондай-ақ көп мөлшердегі инвестицияның қажеттігі.
Осыған байланысты, өңірдегі бәсекелестікті дамыту шаралары ретінде мыналар белгіленді: жаңа кәсіпкерлерді тарту мақсатында тауарлар мен қызметтер қажеттілігі, өңірлік нарықтар туралы ақпараттарды жинау, талдау және жариялауды ұйымдастыру, жергілікті мемлекеттік басқару органдары қызметінің ақпараттық айқындылығы бөлігіндегі жұмыстарды жалғастыру.
Осылайша, әкімшілік кедергілерді жою және бәсекелес нарықты дамыту жөніндегі облыстағы жұмыстар ары қарай да жалғасын табатын болады.
Достарыңызбен бөлісу: |