Қазақстандағы минералды шикізаттар
мен минералды тыңайтқыштар өндіру
3 сурет
2009 жылы «Казфосфат» ЖШС-нің бөлімшесі ЖЖФЗ-мен 15,7 млрд.теңгенің өнімі өндірілді. Өндірістің құлдырауы жақын және алыс шетел нарығындағы химия өнімдеріне деген сұраныстың шектеулілігімен байланысты болды. 2009 жылдың ішінде компания кәсіпорындарының жұмысында ауытқулар болды, тамыз айынан бастап сары фосфор шығаратын рудотермикалық пеш іске қосылды, қыркүйекте екінші пеш іске қосылды.
«Казфосфат» ЖШС-нің «Минералды тыңайтқыштар» бөлімшесі 5,2 млрд. теңгенің өнімін өндірді, 42,8 мың тонна фосфор тыңайтқыштары (96,1%), 7,8 мың тонна – азот тыңайтқыштары (116,1%) өндірілді.
Облыс экономикасын тұрақтандыру жөніндегі дағдарысқа қарсы іс-шараларды іске асыру шеңберінде 2009-2010 жылдары облыстың жергілікті атқарушы органдары кәсіпорын жұмыстарын тұрақтандыру және өндірілетін өнімнің әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін сақтау жөніндегі іс-шаралар қабылдауда. Осылайша, «Казфосфат» ЖШС үшін 2010 жылдың 1 қазанына дейін солтүстік электр көздерінен электр энергиясына деген тарифті 1 кВт/сағат үшін ҚҚС-сыз 3,6 теңге деңгейіне дейін төмендету жөнінде келісім жасалды.
Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін «Казфосфат» ЖШС өндіретін минералды тыңайтқыштар құнын субсидиялау жөніндегі мемлекеттік дағдарысқа қарсы бағдарлама шеңберінде Үкімет қабылдаған шаралар азот тыңайтқыштары өндірісін 2008 жылмен салыстырғанда 1098 тоннаға арттыруға негіз болды. 2009 жылы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Казфосфат» ЖШС, «КазАгро» Ұлттық холдингі және «Қазақстанның Агроодағы ассоцияциясы» ОЮЛ арасында жасалған меморандумға сәйкес ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен 5,1 млрд.теңге сомасында 64,5 мың тоннааға дейін минералды тыңайтқыштар жеткізуге келісім жасалды, мұнда тасымалдау бойынша барлық келісім міндеттері орындалды. Бұл шаралардың барлығы дағдарыс кезіндегі өңірдің химия саласының жұмысын тұрақтандыруға мүмкіндік берді.
2005-2010 жылдардағы химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру көлемі мен нақты көлем индексінің өзгеру динамикасы
4 сурет
4 суреттен көргеніміздей, 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда химия өнімдерінің тауарлары 41,9%-ға аз өндірілді, өндіріс көлемі 21,6 млрд. теңгені құрады. 2005 және 2008 жылдар аралығындағы кезеңде фосфор өндіру көп ауытқыған жоқ, өндірістің орташа көлемі жылына 74 мың тоннаны құрады.
Химия өнеркәсіптерінің қуаттары республиканың қажеттілігін өтеп қана қоймайды, сонымен қатар өнімдерін әлемдік нарыққа шығаруға да мүмкіндіктері бар. Алайда, 2009 жылы әлемдік дағдарыс салдарынан машина жасаудағы, құрылыстағы, ауыл шаруашылығындағы, Евроодақтағы сары фосфор өніміне деген сұраныстың күрт төмендеуінен сары фосфор мен минералды тыңайтқыштар бағасының (3-3,5 есеге) төмендеуінен, электр қуаты (50%), табиғи газ (23%), электр қуатын тасымалдау (17%), сондай-ақ теміржол тасымалы бағасының өсімінен химия өнімдерін өндіру төмендеді.
2005 жылдан 2007 жылға дейін екі еседен аса төмендеген тыңайтқыш өндірісінің көлемі қазіргі кезде жылына 40-45 тонна деңгейінде. 2007 жылы өндіріс құрылымында бірқатар өзгерістер болды, тиімділігі төмен болғандықтан, 2005 жылы шығарылым үлесі 28%-ды құраған суперфосфат өндіру тоқтатылды.
2009 жылдың қаржылық дағдарыс экспортты бағытталған химия кәсіпорындарының жұмыстарында байқалды. Дегенмен, қабылданған шаралардың арқасында оның салдары төмендетілді. 2010 жылы химия өнеркәсібін шығару көлемі 2009 жылмен салыстырғанда 38,9% - ға артқан және 29,0 млрд. теңгені құрған, оның үлесі өңдеу өнерксібі саласында 30%-дан астамға жеткен. Өнімнің негізгі түрлерін өндіруді арттыру байқалуда, 2009 жылғы 35,0 мың тоннаға қарсы 62,5 мың тонна фосфор шығарылған.
Химия саласын дамыту мәселесі бүгінгі таңда өте өзекті болып саналады. Оның келешегі фосфориттерді әрі-қарай дамытумен, фосфорды өңдеумен, минералды тыңайтқыштардың көлемін өсірумен және өнімнің түр-түрін кеңейтумен байланысты. Бұл жерде жылдармен анықталған, өңделген әлеует бар – ол ресурстық, кадрлық, технологиялық, инновациялық.
Қазіргі таңда химия өнеркәсіптері жаңа инновациялық және бәсекеге қабілетті өндіріс орындарын ашу үстінде үздіксіз жұмыс атқаруда, өнімнің қосымша құнын арттыру әлеуетін пайдалана отырып инвестициялық жобаларды іске асыруды жоспарлап отыр.
Сонымен Қазақстанның 2010-2014 жылдарға арналған индустриаландыру картасының шеңберінде «Казфосфат» ЖШС Тараз қаласында күкірттік-қышқылдық цехтың құрылысы, Жаңатас қаласында кен өндіру кешенінің аумағында фосфориттерді суспензиялық-флотациялық қамту цехының құрылысы және жаңғырту бойынша 2 инвестициялық жобаны іске асыруда.
Ауыспалы технологияларды кәсіпорындарда жоспарлы пайдалану елдің химия өнеркәсібін дамытуға, шикізатты – күкірт қышқылын жеткізушілерге тәуелділікті есептемегенде қазақстандық үлесті өсіруге, шығарылып жатқан тауарлардың сапасын жақсартуға, ең бастысы қосымша жұмыс орындарын ашуға, өңірдің экологиясын жақсартуға, қалдықсыз өндірісті ұйымдастыруға және минералды тыңайтқыштардың өзіндік табысын төмендетуге мүмкіндік береді.
Машина жасау
2009 жылы машина жасау өнімдерін шығару 7 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі 2008 жылы – 91,5%-ды, ЖҚҚ көлемі – 3,5 млрд. теңгені құрайды. ЖӨӨ құрылымындағы машина жасау өнімдерін шығарудың үлесі 1,2%-ды құрады. Салада жуу техникалары басымдықпен шығарылады. Бұл саланың республика көлеміндегі үлесі аз ғана, бар болғаны 2 пайыз ғана және облыстың өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 8 пайыз ғана.
Машина жасаудағы өндірістің құлдырауы 2006 жылдан басталды, бұл өнімге деген сұраныстың инвестициялық сипатымен байланысты, өнім шығару көлемі 2007 жылы 2006 жылға қарағанда 7,3%-ға, 2008 жылы 2007 жылға қарағанда – 31%-ға. 2010 жылы 2009 жылға қарағанда – 3,8%-ға өскен (6 сурет).
2005-2010 жылдардағы машина жасау өндірісінің көлемі
және нақты көлем индексінің өзгеру динамикасы
6 сурет
Машина жасаудың даму қарқыны баяу. «Таразкоммаш» атты жалғыз кәсіпорын өндірістік жуу машиналарын, киім кептіретін және кір сығатын машиналар ғана шығарады, онда бірқатар шешілмеген мәселелер бар:
- жабдықтардың ескіру деңгейі өте жоғары (43-80%);
- шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі, түрлерінің аздығы және өнімді ішкі тұтыну үлесінің төмендігі;
- қолда бар өндіріс қуаттырын толық пайдаланбау;
- саланың инвестицияға тартымдылығының төмендігі және айналым қаржыларының үнемі жеткіліксіздігі;
- инфрақұрылымның біршама бөлігінің (конструкторлық бюро, тәжірибелік-эксперименттік база, тексеру және техникалық бақылау орталығы) жоғалуы;
- өндірісті дамытуға қаржы тартудың пайыздық мөлшерлемелерінің жоғарылығы.
Машина жасау көлемінде аса көп үлесті «Қамқор Локомотив» ЖШС филиалдары береді: «Шу локомотив жөндеу зауыты» және «Тараз локомотив жөндеу депосы».
Металлургия
Облыста алтын кенін өндіру мен байыту, металл балқыту, сондай-ақ металдан бұйымдар жасау іске асырылуда. Ферросплав, алтын және құрамында алтыны бар концентраттар өндіру барынша маңызды салалар болып табылады.
ЖӨӨ құрылымындағы металлургия өнімдерін шығару үлесі - 1%. Облыстың экспорттық-импорттық операциялар құрылымындағы металлургия өнімдерін шығару үлесі 6% шамасында. Металлургия өнімдерін экспорттау 2009 жылы 2,1 млрд.теңгені, саладағы ЖҚҚ көлемі - 3,7 млрд. теңгені құрады.
2005-2010 жылдардағы металлургия өнеркәсібі өндірісінің көлемі және
нақты көлем индексінің өзгеру динамикасы
7 сурет
7 суретте көрсетілгендей, 2005-2006 жылдары металлургия өнімінің біртіндеп өсуі байқалуда, ал 2007 жылдан бастап өндіріс көлемінің өсуі «Тараз металлургиялық зауыты» ЖШС жаңа өндірісін ұйымдастыру есебінен қамтамасыз етілген (әрі-қарай «ТМЗ» ЖШС), өңдеу өнеркәсібінің жаңа саласын дамытуды берді – қара металлургия. 2009 жылы өнім шығару шамамен 8%-ға қысқарған және 4,1 млрд. теңгені құрған, ал 2010 жылы 6,9% (4,7 млрд. теңге).
Саланың өсімі біріншіден «ТМЗ» ЖШС-де өнім шығарудың өсуімен қамтамасыз етілген, бұл 2007 жылдан бастап «Химпром-2030» ЖШС зауытын қайта жаңғырту бойынша ферро қойыртпалық өнімді өндіруге, болат балқыту өндірісін, электркалцийлендірген антрацитті ұйымдастыруға инвсетициялық жобаны іске асыруда.
2009 жылы кәсіпорын 1,8 млрд. теңгенің тауар өнімдерін шығарды және 9,7 мың тонна ферросиликомарганец, 6,6 мың тонна – электродты массалар, 659 тонна – жөндеу массаларын шығарды. 2007-2009 жылдардағы кәсіпорынды қайта жаңғыртуға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 6,5 млрд. теңгені құрады. Алайда 2009 жылғы өндіріс көлемінің төмендеуіне пештің сәуір айында жөндеу үшін және тамыз айында жоспарлы түрдегі жөндеу жұмыстары үшін тоқтатылуы, сондай-ақ ферросиликомарганец шығаратын шикізатпен қамтамасыз етілмеуі негізгі себеп болды.
Бүгінгі таңда елдің индустриаландыру картасының шеңберінде «ТМЗ» ЖШС ферроқорытпа өндірісі мен оның шикізаттық базасын, қуаттылығын жылына 300 мың тонна ферроқойыртпаларына дейін жеткізумен бірге әртараптандыру және кеңейту инвестициялық жобасының 2 кезеңін іске асыруда.
Облыстың дайын металл бұйымдарын өндіру Тараз қ. шоғырланған және «Құрылыс қондырғылары зауыты» ЖШС және «Имсталькон» (ЖМКЗ) ЖШС-мен ұсынылады.
«Имсталькон» (ЖМКЗ) ЖШС Қазақстан мен таяу шетел нарығында болат конструкцияларын дайындау мен монтаждау бойынша беделді орынды иеленеді.
Кәсіпорында көлемі 100-ден 20000 текше метрге дейінгі шикі мұнай мен мұнай өнімдерін, су мен басқа да сұйықтықтар сақтайтын болаттан жасалған тік шеңбер тәріздес ыдыстар шығаратын екі қуатты қондырғылар бар. 2009 жылы металл конструкцияларына деген тапсырыстың қысқаруынан кәсіпорындағы өнім шығару 38,5%-ға төмендеді. Кәсіпорында IS0 9000 сапа менеджменті жүйесі енгізілді.
2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриалды-инновацилық даму мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде «Жаңатас» «Металлургия комбинаты» ЖШС болат балқытатын цех құрылысы 2010 жылы аяқтады. Ал Тараз қ. «Қосалқы бөлшектер» АҚ-да электрометаллургия шағын зауытының құрылыс бойынша инвестициялық жобасын іске асырды. Жобаның бастамашылары жылына металл сынықтарын 120 мың тоннадан 180 мың тоннаға дейін өндіру қуаттылығын арттыру бөліміне өзгерістер енгізген, осыған байланысты пештерді дайындау бойынша іске қосу - реттеу жұмыстары жүргізілуде. Жобалық қуаттылыққа шығу 2012 жылы жоспарлануда.
Алтын өндіру Мойынқұм ауданындағы Ақбақай кен орнында шоғырланған, оның үлесінде Қазақстанда барланған алтын қорының 9%-ы сәйкес келеді. Құрамында алтыны бар кенді өңдеумен Ақбақай ТМК айналысады және олар құрамында алтыны бар концентрат, алтын және күміс шығарады.
«Ақбақай» жер асты кен орнының жылдық өнімділігі 150,0 мың тоннаны, ал ашық тау жұмыстарын жүргізетін учаскелердегі жылдық өндіріс 230,0 мың тонна топтық сілтісіздендіру үшін құрамында пайдалы қазбасы аз кен өндіреді. Ескі өндіріс орны бүгінгі таңда физикалық та, моральдық та тұрғыдан ескірген, 2010 жылдың көктемінде шахтаның бірқатар бөліктері судың астында қалды. «Алтын Алмастың» жаңа басшыларының алдындағы алғашқы кезеңдегі міндеттердің бірі – өндірістік мәселелерді шешу.
2011 жылдың 1-ші жартыжылдығында «Алтын Алмас» АК» АҚ жаңа автоматтандырылған технологияларыд пайдаланумен қоса жаңа өндірісті құруды қарастыруда және алтын құрамды кенді қайта өңдеу бойынша «Ақбақай кластері» инвестициялық жобаны іске асырды. Жоба Қазақстанның 2010-2014 жылдарға арналған республикалық индустриаландыру картасына енгізілген.
Облыс қойнауындағы көптеген пайдалы қазбалардың ішінде мыс ерекше орын алады. Қазақстандағы мыс кенінің 3%-ға жуғы біздің облысымыздың үлесінде. Мыс кенінің базасы Қордай-Шатыркөл мысты ауданында шоғырланған және ол өнеркәсіптік игеруге дайындалған Шатыркөл және Жайсан (Шу ауданы) кен орындарымен көрініс береді.
Металл емес өзге минералды өнімдер өндірісі
Облыста кендік емес пайдалы қазбаларға – құрылыс материалдарына шикізаттар, оның ішінде өңдеу тастары, әктастар, әрлеу, құрылыс тастарына және т.б. өте бай. Облыста құрылыс материалдарын өндіруді дамытуға үлкен мүмкіндіктер бар.
2009 жылы металл емес өзге минералды өнім шығару 3,9 млрд. теңгені, нақты көлем индексі – 80,3%-ды құрады. Саладағы ЖҚҚ көлемі 2,3 млрд. теңгені құрады. ЖӨӨ құрылымындағы құрылыс материалдары өндірісінің үлесі 2009 жылы – 0,6%-ға жетті. Экспорт көлемі 2009 жылы - 4305 мың теңге болды. Құрылыс материалдарының өндірісі 2007 және 2008 жылдары өсті, алайда 2009 жылы өндіріс көлемі біршама қысқарды. Өңдеу өнеркәсібінің жалпы көлеміндегі металл емес өзге минералды өнімнің үлесі 4,4%-ды құрайды.
Әлемдік дағдарыс 2009 жылы құрылыс индустриясы кәсіпорындарының жұмысы мен құрылыс материалдары өндірісіне барынша қатты әсер етті. цемент, кірпіш, ұсақ тас, әктас және т.б. өндіретін кәсіпорындар («Монолит» АҚ, «Ақтас» ЖШС, «Керамик-Инвест» және т.б.) жартылай немесе толығымен тоқтап қалды.
2009 жылы кірпіш өндіру көлемі 48%-ға қысқарып, 60,8 мың текше метрді құрады, ұсақ тас өндіру 34%-ға қысқарып, 553,6 мың текше метрді құрады, әктас пен гипс өндірісінің көлемі 884,7 мың тоннаға қысқарды, бұл алдағы жылдың кезеңінен 47%-ға төмен.
Әктас пен ұсақ тасты экспортқа шығаратын «Ақтас» 2009 жылдың бірінші жартыжылдығында тоқтап тұрды, себебі өнімге деген сұраныс болмады, олар өз жұмысын жылдың тек екінші жартысында ғана қайта бастады. Бұл кезең аралығында 352,8 млн. теңгенің өнімі өндірілді.
Индустриалды-инновациялық бағдарламасы шеңберінде 2009 жылы «Құрылыс материалдарын шығаратын комбинат құрылысы» инвестициялық жобасы іске асырылды, Жаңатас-1 әктас кен орны мен Жаңатастық құрылыс тастарының кен орны оған шикізат базасы ретінде қызмет етеді. Ал 2010 жылы «АльБасар» ЖШС гранит пен одан жасалатын бұйымдарды өңдеу цехының құрылысын аяқтады. Шығарылатын өнімдер - жиектеме, қырлама және кеспелтек.
Құрылыс кешенінің қазіргі кездегі талаптарына сәйкес келетін құрылыс материалдары, құрылыс бұйымдары мен конструкциялары өндірісіне, сонымен қатар жоғары деңгейдегі өңдеу өнімдеріне арналған шикізаттың негізгі түрлерінің қолданыстағы кен орындарының бар екендігін көрсететін бірегей минералдық-шикізаттық базасы бар біздің облысымызда Мойынқұм ауданында 2 цемент зауытының құрылысы жоспарлануда, оның бірі 2010 жылы енгізілген «Жамбылдық цемент өндірісі компаниясы» ЖШС, ал екіншісі 2011 жылдың 2 жартыжылдығында жоспарланған Хантау станциясындағы «ACIG» АҚ.
Сонымен бірге, 2011 жылдың 1-ші жартыжылдығында құрылыс индустриясында полиэтиленді құбырларды («Тараз құбыр зауыты» ЖШС) өндіру бойынша жоба іске асырылып, темір бетондық бұйымдарды өндіру («Бином Строй-Деталь» ЖШС) бойынша инвестициялық жобалары да іске асырылуда. Жобалар өңірлік индустриаландыру картасына енгізілген.
Жеңіл өнеркәсіп
Жеңіл өнеркәсіптің облыс экономикасының құрылымындағы үлесі көп емес. 2009 жылы саладағы өнім өндірісінің көлемі жалпы өңдеу өнеркәсібіндегі көлемнің 0,4%-ын ғана құрады. Өндіріс көлемі 2009 жылы 325,8 млн. теңгені (НКИ - 112,1%) құрады. Саладағы ЖҚҚ көлемі 263,2 млн. теңге. Инвестиция көлемі 1,3 млрд. теңгені құрайды.
Саладағы жұмыс істейтіндер саны облыс экономикасында жұмыс істейтіндердің 0,5%-ын құрайды. ЖӨӨ құрылымындағы жеңіл өнеркәсіп өнімдерін шығару үлесі 0,06%. Экспорттың жалпы көлеміндегі жеңіл өнеркәсіп өнімдері экспортының үлесі бар болғаны 1,1% ғана. Саладағы жұмыс істейтін кәсіпорындардың 80%-дан астамы моральдық тұрғыдан ескірген жабдықтармен жарақтандырылған шағын және орта бизнес субъектілерімен көрініс береді.
Облыс қалалары мен аудандарындағы жеңіл өнеркәсіптің
негізгі кәсіпорындары
5 кесте
Кәсіпорын
|
Негізгі өндірілетін өнімдер
|
Орналасқан жері
|
«Фабрика ПОШ Тараз» ЖШС
|
жүн, топс
|
Тараз қ.
|
«Руно» ЖШС
|
жүн
|
Тараз қ.
|
«Тараз былғары аяқкиім» ЖШС
|
былғары тері тауарлары және аяқ киім
|
Тараз қ.
|
«Сапаров» ЖК
|
киім
|
Тараз қ.
|
«Айвенго» ЖШС
|
тігін өнімдері
|
Тараз қ.
|
«Дизайн Студио» ЖШС
|
киім
|
Тараз қ.
|
«Би Дуалет» ЖШС
|
ұлттық бұйымдар, киім, киіз үй
|
Тараз қ.
|
«Канагат Тараз» ЖШС
|
ұлттық бұйымдар, киім
|
Тараз қ.
|
«Ырыс Бахыт» ЖШС
|
киім
|
Қордай ауданы
|
Сала құрылымының үштен бірін былғары тері өнімдері алады және үштен екісін тоқыма және тігін өнеркәсібінің өнімдері құрайды, бұлар негізінен жүн өндірісімен көрініс береді.
2010 жылы тоқыма бұйымдарын өндіру көлемі 532,5 млн. теңгені құрған, былғары және былғарыға жататын өнімдер – 530,2 млн. теңге.
2005-2010 жылдардағы жүн өндірісінің динамикасы, тонна
8 сурет
2005 және 2010 жылдар аралығында жүн өндіру заттай көрінісінде 1,2 есеге артты, өсімнің орташа жылдық қарқыны 4%-ды құрады. Жуылған жүн (өңдеудің ең төмен дәрежесімен қырқылған жүн) облыстың жүн өнеркәсібінің негізгі өнімі болып саналады. 2005 - 2010 жылдар аралығында жүн өндірудің тұрақты өсімі байқалады (8 сурет). Сонымен 2009 жылы 5471 тонна жүн өндірілді, 2010 жылы – 5682 тонна. Қазақстан Республикасындағы жүн өндірісіндегі облысымыздың жоғары үлесі аймақтағы дамыған ешкі және қой шаруашылығының болуына байланысты.
«Фабрика ПОШ-Тараз» ЖШС облыстың жүн өнеркәсібінде жалғыз ірі кәсіпорын болып саналады, өнімді қайта өңдеумен айналысады – жүн жуу.
Елбасының 2010 жылдың қыркүйегіндегі Жамбыл облысына іс-сапары кезінде «Фабрика ПОШ-Тараз» ЖШС-де фабриканың қолданыстағы цехының базасында топс өндіру бойынша инвестициялық жоба мерзімінен бұрын іске қосылды. Бүгінгі таңда фабрика жылына 2 мың тонна меринос қойының жүнін қайта өңдей алады және 800 тонна топсты өндіре алады.
Былғары тері өнеркәсібі аймақтағы жеңіл өнеркәсіптің үштен бірін құрайды, бұл, бірінші кезекте, облыста мүйізді ірі қараның көптігімен байланысты болса керек. 2005 жылдан 2008 жылға дейін саладағы өндіріс 13%-ға төмендеді және 2009 жылы ол 117,0 млн. теңгені құрады, алайда 2010 жылы былғары өнімін өндірудің кенет өзгеруі болды, онда өсім 327,4%-ды құрады (9 сурет).
Облыстағы былғары өндірісінің динамикасы, млн. теңге
9 сурет
Облыстағы аяқ киім өндірісі 2006-2009 жылдары 50%-ға төмендеді, бұл ретте Қазақстандағы жалпы аяқ киім өндірісі жылына 18%-ға өсіп отырған.
Көп жылғы тоқыраудан кейін 2005 жылы қайта іске қосылған «Тараз былғары аяқ киім» ЖШС облыстағы аяқ киім өндіретін негізгі кәсіпорын болып табылады. Кәсіпорын былғары тері бұйымдарын халықтан сатып алады, ал тиісті қосалқы материалдар мен химикаттарды шетелден алады. Фабриканың негізгі өнімі – республикамыздың қарулы күштері мен ведомстволарына арналған арнайы аяқ киім. Кәсіпорын болашақта балалар мен әйелдерге арналған аяқ киім тігу арқылы өз ассортиментін кеңейтуді жоспарлауда. Аяқ киіммен қатар, кәсіпорын теріден жасалған жартылай фабрикаттар, “Вет-блю” және ”Краст” маркалы былғарылар өндіреді, оның 30%-ы Италияға, Пакистан мен араб Эмираттарына экспортталады. Бүгінгі таңда «Тараз былғары аяқ киім» ЖШС қуаттырының бар болғаны 10%-ы ғана іске қосылған, ал өндірістік қуаты жылына 700 мың пар аяқ киім.
2008 жылы фабрика желінің ассортиментін кеңейту үшін шетелдік жоғары өнімді жабдық сатып алу мақсатында 5 жылдық мерзімге $10 млн. заемдық қаржылар тартты. Ассортиментті кеңейтумен қатар, кәсіпорын жоспарына аяқ киім өнімдерінің өзіндік өткізу желісін ашу да енеді.
Былғары қол сандықтар, чемодандар, сөмкелер, портфельдер, белдіктер өндірісі Қазақстанда да, Жамбыл облысында да дамымаған: ел нарығындағы қазақстандық өнімнің үлесі тек 0,1% ғана.
Жамбыл облысындағы жеңіл өнеркәсіптің негізгі кәсіпорындары Тараз қаласында шоғырланған.
Жамбыл облысындағы жеңіл өнеркәсіптің күшті жақтарына, бірінші кезекте, өңірде биязы жүнді қой шаруашылығы мен басқа да мал түрлерін өсіруге қолайлы жағдайдың барлығы жатады. Жамбыл облысындағы қойды көп өсіретін аудандар – Қордай (Жамбыл облысындағы қой басының 15%-ға жуығып), Талас (14% шамасында) және Т. Рысқұлов аудандары (13% шамасында). Жамбыл облысындағы жүн қырқу көлемі барлық аудандарда кеңінен тараған.
Солай бола тұрғанмен де, өңірдің жеңіл өнеркәсібінің бірқатар әлсіз жақтары бар. Оның ішінде мал саны бойынша жеке шаруа қожалықтарының үлесінің жоғарылығы (ҚР қой мен ешкі санының 70%-ы), соның салдарынан жүн өндірісінің құрылымында бұл мәселе жүн сапасына кері әсерін тигізуде. ЖШҚ-ның негізгі келеңсіз жағы асыл тұқымды отарлардың режимін және жеммен қамсыздандырылуын сақтау үшін олардың көлемінің жеткіліксіздігі болып табылады, әлемдік тәжірибе бойынша 3 мың бастан (немесе 1,5 мың бас аналық қойлардан) тұратын отар болу керек. Жүн өндіруде ЖШҚ-ның үлесінің жоғарылығы өнім сапасының төмендігіне алып келеді.
Жүн өнеркәсібінің тағы бір проблемасы биязы жүнді қойлардың аз ғана үлесіне қарсы қатты жүнді қойлардың үлесінің көптігімен байланысты.
Сондай-ақ елімізде жүн сапасын тексеретін аккредитациядан өткен зертханалар да жоқ, бұл қазақстандық өнімнің сыртқы нарыққа шығуын қиындатады. Мәселен, жүнді сертификаттау жүннің килограмының құнын 1-1,5 АҚШ долларына қымбаттатады.
Мұнай-газ саласы
Облыста газ, бензин, дизельді отын және нығыздалған газдан және импортталған мұнайдан мазут өңдеу мен оны тасымалдау іске асырылады. Мұнай өңдеу өнеркәсібі Жамбыл облысында дамымаған: ЖӨӨ құрылымындағы оның үлесі 2009 жылы 0,2%-ды, ал облыстың өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 1%-ды құрайды. Өнім өндірісінің көлемі 2009 жылы 1,3 млрд. теңгені (НКИ -142,3%) құрады, ал 2010 жылы алдын-ала мәліметтер бойынша – 2,2 млрд.теңге (162,2%). Мұнай өңдеу өнімдері газ конденсатынан алынады. Облыста мұнай шикізаты өндірілмейді.
Жамбыл облысындағы газ өндіру 2003 жылдан бері Амангелдігаз кен орнында жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда Амангелдігаз кен орнының аумағында газды кешенді дайындау қондырғысы, газды кәсіпорынішілік жинау жүйесі, 25 ұңғыма жұмыс істейді.
Облыс аумағында екі өңдеу кәсіпорындары жұмыс істейді («Амангелді ГӨЗ» ЖШС және «Казхиминвест» НПФ ЖШС), олар бензин, дизельді отын жергілікті кен орындарындағы және облысқа Құмкөл кен орнынан (Қызылорда облысы) импортталатын газ конденсатынан мазут өндіреді. Өндірілген өнім көрші Оңтүстік Қазақстан облысы мен Қырғызстан Республикасына жөнелтіледі.
Мұнай және газ өнімдерін өндіру 2009 жылы 2,1 млрд. теңгені құрады, бұл ретте өндірлген өнімнің 63%-ы бензин, 25%-ы – дизельді отын, 12%-ы – мазут.
ҮИИДБ аясында «Амангелді ГӨЗ» ЖШС Жамбыл ауданының Аса ауылында Амангелді кен орнының шикі мұнайын өңдеу зауытының құрылысы жобасын іске асыруда, мұнда бензин, дизельді отын мен мазут өндірілетін болады. Жобаның құны – 3,0 млрд. теңге. Жоба бойынша 100 жаңа жұмыс орны ашылады.
Тау-кен өндірісі саласы және кеніштерді игеру.
Облыста барланған және игерілген алтын кен орындарының, барит кен орындарының, газ кен орындарының қолда болуы тау-кен өндіру кешенін дамытудың негізі болып табылады. Бариттердің (табиғи барий сульфаты) бағаланған кені 12 млн. тоннаны құрады. Аумақта кварциттің 2 кен орындары қолда бар – Жаңатас (баланстық қор – 38800 мың тонна) және Мақбел (137040 мың тонна, еліміздің ең ірісі), бұл металлургиялық кремнияны өндіру үшін маңызды шикі зат болып табылады.
Өнеркәсіп құрылымында тау-кен өндіру саласы мен кеніштерді игеру 5,6%-ды құрайды. 2009 жыл салада 6,5 млрд. теңгенің (НКИ – 69,6%) өнімі өндірілді (8 сурет). Дағдарысқа қарсы шаралардың арқасында 2010 жылы салада 2009 жылмен салыстырғанда 31,8%-ға өндіріс көлемінің өсіміне қол жеткізілген және 8,7 млрд. теңгені құрған (10 сурет).
2005-2010 жылдардағы тау-кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді игерудегі тауарлық өнім өндірісінің көлемі мен нақты көлем индексінің өзгеру динамикасы
10 сурет
2009 жылы дайын өнімге деген сұраныстың төмендеуінен фосфор шикізатын, барит және құрамында алтыны бар кен, әктас пен гипс, көмір, құм, ұсақ тас өндіру көлемдері қысқарды.
Тау-кен өндірісі саласында «Казтрансгаз» БК АҚ кәсіпорныдарымен 1,4 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, табиғи газ өндіру 4,7%-ға (354,2 млн. текше м.). артты. Сонымен қатар, газ конденсатын өндіру 1,5% -ға немесе 25,9 мың тоннааға төмендеді.
«Ақбақай ТМК» АҚ-да өнім шығару көлемі 2,5 млрд. теңгені құрады, құрамында алтыны бар кен өндіру 48,4%-ға немесе 151,6 мың тоннаға, құрамында алтыны бар концентрат – 46,9%-ға (11,0 мың тоннаға) кеміді.
«Шығыс кен басқармасы» ЖШС-де өнім шығару көлемі 379,6 млн. теңгені құрады, кен мен барит концентраттарын өндіру – 48,3%-ға немесе 135,1 мың тоннаға кеміді.
«Казфосфат» ЖШС бөлімшелері «Қаратау» және «Шолақтау» ТӨК-тері құрамында фосфоры бар өнімдерген деген сұраныстың азаюынан фосфор шикізатын өндіруді – 55%-ға төмендетті.
2005-2009 жылдардағы тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді игеру өнімдерінің негізгі түрлерін өзгерту динамикасынан көріп отырғанымыздай (6 кесте), 2009 жылы облыста көмір (9,6%-ға), табиғи газ (4,6%-ға) өндіру артқан, 2010 жылы – әк тас және гипс (18,4%-ға), табиғи құм (6 есеге), тас үгіндісі, қиыршық тас, ұсақ тас (2,4 есеге), фосфат шикі заты (1,7 есеге).
2005-2010 жылдардағы тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді игеру
өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру динамикасы
6 кесте
Өнім атауы
|
өлшем бірлігі
|
жылдар
|
2005
|
2006
|
2007
|
2008
|
2009
|
2010
|
Көмір және лигнит өндіру
|
|
тас көмір
|
мың тн
|
20,0
|
20,0
|
66,0
|
324,0
|
355,0
|
375,0
|
Шикі мұнай мен табиғи газ өндіру
|
|
газ конденсаты
|
мың тн
|
28,4
|
24,7
|
26,3
|
26,3
|
26,0
|
24,2
|
табиғи газ
|
млн.текшем
|
300,0
|
279,8
|
319,9
|
338,4
|
354,0
|
344,1
|
Басқа салалар
|
|
әктас және гипс
|
млн. тн
|
1,5
|
2,2
|
2,0
|
1,7
|
0,9
|
1,0
|
табиғи құм
|
мың текше м
|
20,4
|
34,6
|
13,7
|
53,6
|
29,7
|
171,8
|
тас үгіндісі, қиыршық тас, ұсақ тас
|
мың текше м
|
303,5
|
329,8
|
626,3
|
838,6
|
553,6
|
1309,6
|
ұнтақталған фосфат шикізаты
|
мың тн
|
206,2
|
197,3
|
152,2
|
207,0
|
74,8
|
148,1
|
ұсақталған фосфат шикізаты
|
-/-
|
131,9
|
79,6
|
77,5
|
154,4
|
84,9
|
124,4
|
Электрмен қамсыздандыру, газ,бу және ауа желдеткішін беру
Өнеркәсіптің жалпы көлемінің 17,2%-ын құрайтын электрмен қамсыздандыру, газ,бу және ауа желдеткішін беруде сұраныстың төмендеуінен 2009 жылы электр қуатын өндіру 65,3%-ға, жылу энергиясын беру – 7,3%-ға қысқарды.
2010 жылы жұмыстың және қызмет көрсетудің өндіріс көлемі 19,2%-ға төмендеген, оның ішінде электр қуатын өндіру, беру және тарату есебінен 29,4%-ға.
Электрмен қамсыздандыру, газ,бу және ауа желдеткішін беру
саласында өнімнің негізгі түрлерін өндіру динамикасы
7 Кесте
Өнім атауы
|
Өлш.бір
|
жылдар
|
2005
|
2006
|
2007
|
2008
|
2009
|
2010
|
Электр қуаты
|
млн. кВт.сағ
|
1 285,7
|
1 597,9
|
3 144,7
|
4 388,7
|
1 523,6
|
632,1
|
Жылу энергиясы
|
мың Гкал
|
2 015,2
|
1 649,1
|
1 797,8
|
1 986,3
|
1 936,0
|
2053,7
|
2009 жыл өндіріс көлемі 19,9 млрд. теңгені (НКИ – 55,6%), 2010 жылдың алдын-ала мәліметтері бойынша – 18,3 млрд. теңгені (80,7%) құрады (11 сурет).
2005-2009 жылдардағы электрмен қамсыздандыру, газ,бу және ауа желдеткішін берудегі тауарлық өнім өндірісінің көлемі мен нақты көлем индексінің өзгеру динамикасы
11 сурет
Облыста тұрақты және үзіліссіз электр қуатын беріп отыру ағымдағы кезеңнің өзекті мәселелерінің бірі болып қалуда. Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС-нің (өңірдегі ең қуатты энергия көзі) өнімінің шығыны жоғары, сондықтан да оның киловаттының бағасы көтерме нарықтағы бағаға қарағанда барынша қымбат. Электр қуатының жеткіліксіздігі өнеркәсіптің дамуына қатты әсер етуде.
2009 жылдың мамырынан бастап өндірілетін электр қуатының өз құнынан жоғарылығынан станция тоқтап тұрды және тек қазан-қарашада ғана №5 және №4 блоктардың жұмыстары қайта жанданды, осыған байланысты жыл қорытындысы бойынша «ЖГРЭС» АҚ-ғы электр қуатын өндіру 67,9%-ға төмендеді және 1348,7 млн. кВт/с құрады. 2009 жылы электр қуатының жетімсіздігінде 44%-ға, облыстың өзінің электр станциясы 20%-дан да аз жұмыс жасады.
Жамбыл облысы электр қуатын өндірудің төмен деңгейімен сипатталады, электр қуатын магистралды тасымалдаумен және диспетчерлеумен айналысатын «КЕГОК» АҚ өңірлік филиалы Шымкент қаласында орналасқан.
Облыста электр қуатын тасымалдау мен таратумен «ЖЭС» ЖШС айналысады, оның балансында 15076,99 км электр тарату желісі, 1961,15 мВА қуатты 6-10-35-110-220 кВ 0,4-110 кВ және 3213 бірлік трансформаторлық кіші станциялар бар.
Жамбыл облысына электр энергиясы «ЖГРЭС» АҚ, «ТЭЦ» АҚ, «Гидроэнергетикалық компания» ЖШС есебінен және Қазақстанның солтүстік энергия көздерінен жеткізіледі.
Жамбыл облысындағы электр қуатының жеткіліксіздігі, бір жағынан, облыс экономикасының электр сыйымдылығының жоғарылығына және халықтың тұрмыстық қажеттілікке электр энергиясын пайдалану үлесінің жоғарылығына, ал екінші жағынан, энергия көздерінің тиімсіз құрылымына, өзіндік элетр энергиясын өндірудің бәсекеге қабілетсіздігіне байланысты.
Электр қуатының тарифтері қазақстандық орташа деңгейден 30%-ға артық, Қазақстанның өзге өңірлерімен салыстырғанда облыс халқының табыс деңгейінің төмендігін ескерсек, бұл үй шаруашылығы бюджетіне үлкен күш салып отыр.
Өзіміздің электр станциясындағы электр қуатын өндіру құнының жоғарылығы Орталық Азия елдерінен импортталатын қымбат отынды пайдаланумен байланысты болып отыр. Электр станцияларының энергия көздері құрылымындағы мазуттың үлесі 70%, қалған 30%-ы газбен жұмыс істейді. Бұл ретте мазут пен газдан алынатын электр қуатының құны көмірден алынатын электр қуатының құнынан тиісінше 18 және 7 есеге артық.
Жамбыл облысындағы электр қуатын өндіру мен таратудағы қорлардың ескіру деңгейінің жоғарылығы, жаңару қарқынының баяулығы пайдалану шығындарының көп болуына алып келеді және де болашақта энергия жабдықтарының істен шығу санының артуы болжануда. Жамбыл облысындағы электр қуатын өндіру мен таратудағы орташа жылдық инвестициялар Қазақстандық орташа көрсеткіштен 25%-ға төмен, қорлардың жаңару жылдамдығы 70%-дан кем.
Облыстағы электр қуатын өндіру көлемі 2009 жылы 65,3%-ға төмендеді және 1,5 млрд. кВт/с құрады.
Энергетика саласындағы энергия тиімділігі мен энергия сақтау жөніндегі негізгі іс-шаралар төмендегідлер болуы керек:
• электр және жылу энергияларын бірлесе өндіруді қамтамасыз ететін жабдықтарды кең көлемді ендіруге негізделген өндіру қуаттарын техникалық қайта жарақтандыру, газ нығыздау жабдықтарын ендіру;
• Энергетикалық баланс құрылымын өзгерту және оны әртараптандыруды арттыру – көмір мен мазутты жағудың алдыңғы қатарлы және экологиялық таза технологияларын пайдалануға дайындау, отын мен энергия көздерінің қайта жаңғыртылған және дәстүрлі емес түрлерін қолдану мен дамытуға бағыттау;
• электр тарату желілері мен кіші станциялардың жаңаларын салу және қолда барларын қайта жаңғырту, электр энергиясын беру мен таратудағы шығынды төмендету мақсатында есепке алудың (АСКУЭ) қазіргі заманғы жүйесін енгізу.
Бүгінгі таңда төмендегі жобаларды іске асыру жоспарлануда:
- ЭМРМ мен ПРООН-ның «Қазақстан – жел энергетикасы нарығын дамыту бастамасы» жобасының шеңберінде Қордай ауданында қуаты 35 мВт жел электростанциясының құрылысы жоспарлануда. Бүгінгі күнде құрылыс болатын орында метеорологиялық діңгек туралы ақпарат жинау аяқталды, инвестицияалды зерттеулер жүргізілді, оның қорытындысы бойынша қуаты 16,5 мВт-дан 41,25 мВт-ға дейін жететін ЖЭС салу мүмкін болмақ және ол ЖЭС жабдықтарының жабдықталуына байланысты болады;
- Шу ауданындағвы Тасөткел су қоймасында қуаты 10 мВт су электр станциясын салу болжануда. Қажетті инвестиция сомасы 1250,0 млн. теңгені құрайды.
Сондай-ақ Тараз қаласында да РК-4 алаңында қуаты 50 мВт электр қуатын, 40 Гкал жылу энергиясын өндіретін когенерациялық газ поршендік электр станциясын салу жоспарлануда. Өтемділік мерзімі 5-7 жыл.
ЭМРМ бекіткен Қазақстан Республикасындағы 2007-2015 жылдарға арналған электр энергетикасы саласын дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарының 6 тармағына сәйкес Тараз қаласында ТЭЦ-4 алаңында электр қуаты 200 мВт, жылу қуаты 160 Гкал когенерациялық газ поршендік электр станциясын салу жоспарлануда. Өтемділік мерзімі 5-7 жыл.
Қаратау қаласында қуаты 50 мВт және 40 Гкал когенерациялық газ поршнедік электр станциясын салу мәселесі қарастырылуда.
Бұл жобаларды іске асыру электр және жылу энергияларын бірге өндіру есебінен отын ресурсын (90%-ға дейін) барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік береді, тиісінше жылу мен электр энергиясын өндіруге арналған шығындарды төмендетуге алып келеді.
Қазақстанның 2014 жылға дейінгі индустриалды-инновациялық дамуын тездету мемлекеттік бағдарламасының қабылданғандығын ескерсек, оның шеңберінде өңірде ірі, энергия сыйымдылығы жоғары өндіріс орындарын іске қосу болжануда, электр энергиясының жетімсіздігі жылдан-жылға арта түсуде, сондықтан электр энергиясы тарапынан қымбат бағаға сатып алу көлемі арта түсетін болады, бұл тарифтің қалыптасуына кері әсерін тигізеді.
Осыған байланысты салаға төмендегі мәселелер тән:
- электр қуатының жетімсіздігінің өсуі;
- электр қуатының тарифінің жоғарылығы;
- электр қуатының баламалы көздерін (күн, жел) пайдаланудың үлес салмағының төмендігі.
2010 жылы индустриализация картасының шеңберінде облыста «Энерджи Тараз» ЖШС кең спектрде пайдаланылатын жарық диодты шамдарды шығару зауытының құрылысы бойынша инвестициялық жобаны іске асыруда, қыздырылатын шамдардан 5 есе тиімді шағын люминесценттік шамдар, жолдарды, көшелерді және парктерді жарықтандыруға жарық диодты шамдар өндірісі, сонымен бірге шамдарды іске жарату бойынша құралдар сатып алынады және халықтан мерзімі өткен шамдар қабылданады.
Сумен қамсыздандыру, канализация жүйесі, қалдықтарды жинау мен орналастыруды бақылауда 2009 жылы 1,1 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, бұл 2008 жылғы деңгейден 37,6%-ға кем, 2010 жылы – 1,5 млрд.теңге (НКИ – 126,3%).
Индустриалды-инновациялық даму
Индустриалдандыру картасы
Қазақстанның 2011-2014 жылдарға арналған мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы алдағы жылдары еліміздің экономикалық дамуына жетекшілік жасайтын негізгі құжат болып табылады (әрі-қарай МҮИИДБ). Бұл құжаттың бағыты, мақсаты, методологиясы Облысты дамыту бағдарламасын әзірлеуге негіз болды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы «2011-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы және Қазақстан Республикасы Президентінің бірқатар жарлықтарын күші жойылған деп тану туралы» №958 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі №302 Қаулысына сәйкес Өңірлік Индустриалдандыру картасы әзірленді, ол облыс әкімдігінің 2010 жылғы 2 маусымдағы №156 қаулысымен бекітілді.
Индустриалды-инновациялық дамуын тездету мемлекеттік бағдарламасына сәйкес облыста экономика салаларын әртараптандыру жөнінде жалғасты жұмыстар жүргізуде. Облыс кәсіпорындарында жаңа өнім түрлері игерілуде, жаңа технологиялық желілер ендірілуде, қосымша құны жоғары бәсекеге қабілетті өнім шығару артуда. Өнеркәсіптік кәсіпорындар өндірістік желілердің компьютерлік процестері қолдануда және өндірісте жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануда.
2010 жылы МҮИИДБ сәтті іске қосылғанына орай өнеркәсіп дағдарыс кезеңінде жаңа жетістіктерге қол жеткізді, бағдарламаның шеңберінде 55,9 млрд. теңге сомасында 8 инвестициялық жоба пайдалануға енгізілген, 2018 жаңа жұмыс орындары ашылған (8 сурет).
1. «Жасұлан және К» ЖШС өнеркәсіптік негізде гүл өндірісін ұйымдастыру жобасын іске асырды, қуаттылығы жылына 10 млн. дана гүл, құны – 1050,0 млн. теңге, 100 жаңа жұмыс орны ашылды.
Инвестициялық жоба 2010 жылдың 28 маусымында пайдалануға берілген. 2010 жылы кәсіпорын 55,5 млн. теңге сомасында 800 мың дана гул өсірді немесе қуаттылықты игерудің 9,6%. Өндірістің маусымдық сипаты бар. 2011 жылы 8 млн. дана гүл өсіру жоспарлануда, толық жобалық қуаттылыққа шығу 2012 жылы жоспарлануда.
2. «АльБасар» ЖШС гранит пен одан жасалатын бұйымдар өңдейтін цех құрылысын аяқтады, құны – 570,0 млн. теңге, 165 жаңа жұмыс орны ашылды. Шығарылатын өнімдер - жиектеме, қырлама және кеспелтек. Жобанын қуаттылығы 50 мың ш/м жиектер.
Инвестициялық жоба 2010 жылдың 28 маусымында пайдалануға берілген. Бүгінгі таңда 84,5 млн. теңге сомасында 10 мың ш/м жиектеме өндірілді немесе қуаттылықты игерудің 24%. 2011 жылы 30 мың ш/м жиектеме өндіру жоспарлануда, толық жобалық қуаттылыққа шығу 2012 жылы жоспарлануда.
3. «Фабрика ПОШ-Тараз» ЖШС фабрикада жұмыс істеп тұрған цех базасында топс өндіру жобасын іске асырды, қуаттылығы жылына 873 тонна топс, құны – 1116,0 млн. теңге, 100 жаңа жұмыс орны ашылды.
Инвестициялық жоба 2010 жылдың 27 қыркүйегінде пайдалануға берілген, 172,5 млн. теңге сомасында 230 тонна топс өндірілген немесе қуаттылықты игерудің 39,5%. Жобалық қуаттылыққа шығу 2011 жылы жоспарлануда.
4. «Жаңатас металлургиялық комбинаты» ЖШС болат балқыту цехының құрылысы жобасын іске асырды, қуаттылығы 36 мың тонна арматура, құны – 450,0 млн. теңге, 60 жаңа жұмыс орны ашылды.
Инвестициялық жоба 2010 жылдың 28 қыркүйегінде пайдалануға берілген. 2010 жылы 92,6 млн. теңгеге 1026 тонна өндірілген. Жобалық қуаттылыққа шығу 2012 жылы жоспарлануда.
5. «Мыңарал Тас Компани» ЖШС қуаты жылына 1,2 млн. тонна цемент шығаратын цемент зауытының құрылысын іске асырды, құны – 34,9 млрд. теңге, 350 жаңа жұмыс орны ашылды.
Инвестициялық жоба 2010 жылдың 15 желтоқсанында пайдалануға берілген. Жобалық қуаттылыққа шығу 2012 жылы жоспарлануда.
6. «Амангелді ГӨЗ» ЖШС шикі мұнай өңдейтін зауыт құрылысын жүзеге асырды, құны – 3,0 млрд. теңге, 100 жұмыс орны ашылды.
Инвестициялық жоба 2010 жылдың 15 желтоқсанында пайдалануға берілген. Толық жобалық өндіру қуаттылығына (жылына 100 мың тонна мұнай) шығу 2011 жылға жоспарланған. 2500 тонна шикі мұнай шикізаттық базасы бар.
7. «Тараз металлургия зауыты» ЖШС-і ферроқорытпа өндірісін кеңейту мен жетілдіру жөніндегі жобаны іске асыруды аяқтады, қуаттылығы 120 мың тонна ферросиликомарганец, құны – 11 505 млн. теңге, 300 жұмыс орны ашылды.
Инвестициялық жоба 2010 жылдың 30 желтоқсанында пайдалануға берілген. Ферроқойыртпаларды шығаратын жаңа металлургиялық рудотермикалық РКО-25 екі пешінің құрылысы аяқталған және іске қосылған (2011 ж. 25 мамырында №3 пеші және 2011 ж. 8 мамырында №4 пеші). Жобалық қуаттылыққа шығу 2012 жылы жоспарлануда.
8. «Қосалқы бөлшектер» АҚ электрометаллургиялық кіші-зауытының құрылысы жобасын іске асыруды аяқтады, құны – 3 250,0 млн. теңге, 843 жаңа жұмыс орны ашылған.
Инвестициялық жоба 2010 жылдың 30 желтоқсанында пайдалануға берілген. Бастамашылар жобаның жылына 120 мың тонна металломнан 180 мың тоннаға дейін қуаттылықты арттыру бөліміне өзгерістер енгізді. Қазір пештерді дайындау жұмыстары жүргізілуде. Жобалық қуаттылыққа шығу 2012 жылы жоспарлануда.
2011 жылы облыста МҮИИДБ-ын іске асыру шеңберінде экономиканың өңдеу саласында сыртқы және ішкі инвестициялық ресурстар едәуір белсендіріледі, индустриаландыру картасына енгізілген, құны 21,5 млрд. теңгені құрайтын, 8 инвестициялық жоба іске қосылады, онда 1139 жаңа жұмыс орындары ашылады. (8 сурет)
1. «Алтын Алмас» АҚ – алтын құрамды кенді өңдеу бойынша «Ақбақай кластері» (1 кезең), құны 8140 млн. теңге, 450 жаңа жұмыс орны ашу жоспарлануда.
Инвестициялық жоба 2011 жылдың 27 маусымында пайдалануға берілді.
2. «Тараз құбыр зауыты» ЖШС – полиэтиленді құбырларды шығару зауытының құрылысы, қуаттылығы 250 кг/сағ. полиэтиленді құбырлар, құны 695,0 млн.теңге, онда қосымша шамамен 50 жаңа жұмыс орындары ашылады. Зауыт төмен және орташа қысымдағы газ жүйесін, сумен қамту және тамшылап суару жүйесін құрылыс индустриясындағы өз өнімдерімен қамтамасыз етеді.
Инвестициялық жоба 2011 жылдың 7 маусымында пайдалануға берілді.
3. «Энерджи Тараз» ЖШС – кең спектрде пайдаланылатын жарық диодты шамдарды шығару зауытының құрылысы, қуаттылығы жылына 5 мың шам (бірінші жылына 2 мың шам өндіру жоспарлануда). Жобаның құны - 129,6 млн. теңге, қосымша шамамен 20 жаңа жұмыс орындары ашылмақ.
Инвестициялық жоба 2011 жылдың 15 маусымында пайдалануға берілді.
4. «Луговой жылқы зауыты» ЖШС – 30000 бас шошқа шаруашылығы кешенінің құрылысы, жаңа технологияларды пайдаланумен бірге құны 3400 млн. теңге, онда 150 жаңа жұмыс орны ашылмақ.
Бүгінгі таңда соғымдық цехінің құрылысы аяқталды. Жоба бойынша дайындық деңгейі 92%-ды құрайды.
5. «ACIG» АҚ - цемент зауытының құрылысы, қуаттылығы жылына 500 мың тонна, құны – 8 250,0 млн. теңге, 300 жаңа жұмыс орындары ашылмақ.
Жоба бойынша дайындық деңгейі 75%-ды құрайды. Саны 174 адамды құрайтын шетелдік жұмыс күшін әкелуге квота берілген.
6. «SUPER PHARM» ЖШС - тоқыма емес матадан (стерильденген және стерилденбеген) бір реттік пайдаланымға арналған медициналық киімдер өндіру. Жобаның құны 520,0 млн. теңгені құрайды. 50 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда.
Жоба бойынша дайындық деңгейі 60%-ды құрайды.
7. «Бином Строй-Деталь» ЖШС – темір бетондық бұйымдарды өндіру, қуаттылығы 10 мың текше м/жылына, құны – 150 млн.теңге, онда 100 жаңа жұмыс орындары ашылмақ.
Жоба бойынша дайындық деңгейі 65%-ды құрайды.
8. «Бурный ірімшік зауыты» ЖШС – ультрапастерленген сүт өңдірісі, қуаттылығы жылына 1,7 млн. литр сүт өңдеу. Жобаның құны – 191,4 млн. теңге. 19 жаңа жұмыс орындары ашылмақ.
Жоба бойынша дайындық деңгейі 70%-ды құрайды. Жобаны іске қосу 2011 жылдың желтоқсанында жоспарланып отыр.
Бұдан басқа, 2011 жылы 55,9 млрд. теңгеден астам сомада 3 инвестициялық жоба іс қосылады:
1. «Тараз металлургия зауыты» ЖШС-і ферроқорытпа өндірісін және қуаттылығын жылыны 300 мың тонна ферроқорытпаларға дейін жеткізумен бірге оның шикізаттық базасын кеңейту мен жетілдіру жөніндегі жобаны іске асыру. Жобаның құны – 29,0 млрд. теңге.
«Казфосфат» ЖШС 2 жобаны іске асыруда:
2. Күкірт қышқылы цехінің құрылысы, қуаттылығы 650,0 мың тонна моногидрит, құны – 8,1 млрд. теңге.
3. Фосфориттерді суспензиялық-флотациялық қамту цехінің құрылысы және жаңғырту, құны – 18,8 млрд. теңге.
Индустриаландыру картасының шеңберінде инвестициялық жобаларды іске асыру Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына оңды әсерін тигізеді. Өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемінде жаңа өндірістерді енгізу 2015 жылға 18,3%-ды немесе 11,8 млрд. теңгені құрайды, бюджетке салық түсімдерін 24 млрд. теңгеге арттырады, бұл өз кезегінде облыстың жалпы ішкі өнімін арттыруға септігін тигізеді, оның құрылымында индустриаландыру картасының жаңа өндірістері 5,3%-ды құрайтын болады. Сонымен қатар, 3,5 мыңнан астам жұмыс орындары ашылатын болады, бұл жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру мәселелерін шешуге септігін тигізетін болады.
Тездетілген индустриалды-инновациялық даму шеңберінде облыста іске асырылатын инвестициялық жобалар тізбесі
8 кесте
№
|
Жобаның атауы
|
Кәсіпорын атауы
|
Жоба басшысының аты-жөні
|
Орындалу мерзімі
|
Қаржыландыру көлемі
|
Ашыл. жұмыс орын-ң саны бір.
|
млн. АҚШ дол.
|
млн. теңге
|
2010 жылы іске асырылатын жобалар
|
1
|
* Өндірістік негізде гүл өсіру кешені
|
«Жасұлан және К» ЖШС,
Тараз қ.
|
Директор
Омарова Жұмагүл Сағымбекқызы
|
2010 жылдың
28 маусымы
|
7,1
|
1050,0
|
100
|
2
|
* Гранит пен одан жасалатын бұйымдар өңдейтін цех құрылысы
|
«АльБасар» ЖШС, Мойынқұм ауданы
|
Директор
Жұмаділ Бауыржан
|
2010 жылдың
28 маусымы
|
3,9
|
570,0
|
165
|
3
|
* Топс өндірісі
|
«Фабрика ПОШ-Тараз» ЖШС, Тараз қаласы
|
Директор Момышев Болат Амангелдіұлы
|
2010 жылдың
27 қыркүйегі
|
7,6
|
1116,0
|
100
|
4
|
* Болат құю цехы
|
«Жаңатас» металлургия комбинаты, Сарысу ауданы
|
Директор Көкебаев Бейсен Керимбайұлы
|
2010 жылдың
28 қыркүйегі шілдесі
|
3,1
|
450,0
|
60
|
5
|
** Цемент зауыты
|
«Мыңарал Тас Компани» ЖШС Мойынқұм ауданы
|
Бас директор
Сарғасқаев Айбар Саятұлы
|
2010 жылдың
15 желтоқ
саны
|
237,2
|
34953,0
|
350
|
6
|
* Шикі мұнай өндіретін зауыт
|
«Амангелді ГӨЗ» ЖШС,
Жамбыл ауданы
|
Атқарушы директор
Исакаев Оралбай Ибрайұлы
|
2010 жылдың
15 желтоқ
саны
|
20,4
|
3000,0
|
100
|
7
|
**Ферроқорытпа өндірісін кеңейту және жетілдіру
|
«Тараз металлургия зауыты» ЖШС,
г. Тараз
|
Бас директор
Сартаева Күлзария Құсайынқызы
|
2010 жылдың
30 желтоқ
саны
|
78,1
|
11505,0
|
300
|
8
|
*Электрометаллур-гиялық кіші зауыты
|
«Қосалқы бөлшектер» АҚ,
Тараз қ.
|
Директор
Мыргыясов Ярмахамед Асмахунович
|
2010 жылдың
30 желтоқ
саны
|
22,1
|
3250,0
|
843
|
2010 жылғы жобалар бойынша барлығы
|
|
|
379,5
|
55894,0
|
2018
|
2011 жылдың 1 жартыжылдығында іске асырылған инвестициялық жобалар
|
9
|
**Ақбақай кластері
|
«АК «Алтын Алмас» АҚ, Мойынқұм ауданы
|
Президент Қанашев
Диар Бахытбекұлы
|
2011 жыл 27 маусым
|
55,7
|
8140,0
|
450
|
10
|
* Полиэтиленді құбырларды шығару зауытының құрылысы
|
«Тараз құбыр зауыты» ЖШС Байзақ ауданы
|
Директор Жанглішов Ринат Бауыржанұлы
|
2011 жыл 7 маусым
|
4,8
|
695,0
|
50
|
11
|
* Кең спектрде пайдаланылатын жарық диодты шамдарды шығару зауытының құрылысы
|
«Энерджи Тараз» ЖШС Тараз қ.
|
Директор Баратов Курманәлі Сапарәліұлы
|
2011 жыл 15 маусым
|
0,9
|
129,6
|
20
|
2011 жылдың 2 жартыжылдығында іске асырылатын инвестициялық жобалар
|
12
|
* 30000 бас шошқа шаруашылығы кешенін салу
|
«Луговой жылқы зауыты» ЖШС, Т.Рысқұлов ауданы
|
Директор
Базаралиев Халит Базарбайұлы
|
2011 жыл
|
23,2
|
3 400,0
|
150
|
13
|
* Цемент зауытының құрылысы
|
«ACIG» АҚ, Мойынқұм ауданы
|
Президент
Жүзбаев Жанат Құрманғалиұлы
|
2011 жыл
|
56,4
|
8250,0
|
300
|
14
|
* Тоқыма емес матадан (стерильденген және стерилденбеген) бір реттік пайдаланымға арналған медициналық киімдер өндіру
|
«SUPER PHARM» ЖШС Жамбыл ауданы
|
Директор Үсенова Айман Назарбекқызы
|
2011 жыл
|
3,6
|
520,0
|
50
|
15
|
* Темір бетондық бұйымдарды өндіру
|
«Бином Строй-Деталь» ЖШС Жамбыл ауданы
|
Директор Олжабеков С.Б.
|
2011 жыл
|
1,0
|
150,0
|
100
|
16
|
*Ультрапастерленген сүт өңдірісі
|
«Бурный ірімшік зауыты» ЖШС –
|
Директор Бирюков Марат Владиленович
|
2011 жыл
|
1,3
|
191,4
|
19
|
2011 жылғы 8 жоба бойынша барлығы
|
|
|
146,9
|
21 476,0
|
1 139
|
2011 жылы іске қосылатын инвестициялық жобалар
|
17
|
** Ферроқорытпа және оның шикізатының өндірісін әртараптандыру және кеңейту (2-кезең)
|
«Тараз металлургия зауыты» ЖШС,
Тараз қ.
|
Бас директор
Сартаева Күлзария Құсайынқызы
|
2012-2014
|
198,3
|
29 000,0
|
300
|
18
|
** Күкірт қышқылы цехінің құрылысы
|
«Казфосфат» ЖШС
|
Бас директор
Ескендіров
Мұқаш
Зұлқарнайұлы
|
2011-2012
|
55,4
|
8 100,0
|
138
|
19
|
** Фосфориттерді суспензиялық-флотациялық қамту цехінің құрылысы және жаңғырту
|
«Казфосфат» ЖШС
|
Бас директор
Ескендіров
Мұқаш
Зұлқарнайұлы
|
2011-2013
|
128,2
|
18 750,0
|
300
|
3 жоба бойынша барлығы
|
|
|
381,9
|
55 850,0
|
738
|
Барлық 19 жоба бойынша ҚОРЫТЫНДЫ
|
|
|
908,3
|
133220,0
|
3595
|
Ескерту:
* - Аумақтық Қазақстанды индустриаландыру картасына енгізілген жобалар:13 жоба
** - Республикалық Қазақстанды индустриаландыру картасына енгізілген жобалар: 6 жоба
Қазақстанның Ұлттық Банкінің мәліметі бойынша 1 АҚШ доллары 2010 жылы 147,34 теңге, 2011 жылдың 28 маусымына 146,27 теңге
Қазақстандық мазмұн
Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау мақсатында Үкімет қабылдаған дағдарысқа қарсы шаралар шеңберінде жергілікті атқарушы органдардың негізгі міндеті тауар, жұмыс пен қызметтерді сатып алуда қазақстандық мазмұнның үлесінарттыруға ықпал ету болып табылады.
2009 жылы облыс кәсіпорындары мен ұйымдары тауар, жұмыс пен қызметтерді жеткеру жөнінде 42,3 млрд. теңге сомасында 62 меморандумға (ниет білдіру хаттамаларына) қол қойды. Сонымен қатар жергілікті тауар өндірушілермен облыс кәсіпорындары 24,4 млрд. теңгенің 14 меморандумына (ниет білдіру хаттамаларына), бюджеттік ұйымдар – жалпы сомасы 17,9 млрд. теңгелік 48 меморандумға (ниет білдіру хаттамаларына) қол қойды.
27,0 млрд. теңгеге 572 келісім-шартқа, жергілікті тауар өндірушілермен бюджеттік ұйымдар – жалпы сомасы 29,6 млрд. теңге 16234 келісім-шартқа қол қойды.
Облыстағы химия кәсіпорындарының жұмыстарын қолдау және тұрақтандыру үшін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «КазАгро» ұлттық холдингі, «Қазақстанның Агроодақ» ассоциациясы және «Казфосфат» ЖШС араларында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін 5,1 млрд. теңге сомасындағы 64,5 мың тоннаға дейінгі субсидиялық минералды тыңайтқыштармен қамсыздандыру жөніндегі меморандумға қол қойылды. Минералды тыңайтқыштарды жөнелту жөніндегі барлық келісім-шарт міндеттері орындалды.
«НК «КТЖ» АҚ мен «Мақсат А» АҚ арасында орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге арналып жасалған Меморандум шеңберінде «Мақсат А» АҚ мен «Қамқор Менеджмент» ЖШС арасында 3,5 млрд. теңге сомасындағы 9 субмердігерлік келісім-шарт жасалды.
2009 жылы «Казфосфат» ЖШС түрлі жеткерушілермен жалпы сомасы 15,2 млрд. теңгенің 438 келісім-шартын жасады, сонымен қатар «Тараз металлургия зауыты» ЖШС жалпы сомасы 1,8 млрд. теңгенің 97 келісім-шартын жасады.
«Тараз Тұлпары» ЖШС мен «Қамқор Менеджмент» ЖШС жалпы сомасы 5,5 млрд. теңгелік тауар, жұмыс пен қызметтерді жеткеру жөнінде 11 келісім-шартын жасады.
«Қосалқы бөлшектер» АҚ жалпы сомасы 570,1 млрд. теңгелік тауар, жұмыс пен қызметтерді жеткеру жөнінде 13 келісім-шарт жасады.
«Шығыс кен басқармасы» ЖШС жалпы сомасы 85,8 млрд. теңгелік тауар, жұмыс пен қызметтерді жеткеру жөнінде 7 келісім-шартын жасады.
Бюджеттік ұйымдардың да қазақстандық тауар өндірушілердің ірі тұтынушысы екендігін атап өтуіміз қажет.
2009 жыл қорытындысы бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстың мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындары жалпы сомасы 35,7 млрд. теңгеге түрлі жолдармен 33022 тауарларды (жұмыс пен қызмет) мемлекеттік сатып алуларды жүргізді, мұнда қазақстандық мазмұнның үлесі 91,5% немесе 32,6 млрд. теңгені құрайды.
2010 жылы да қазақстандық мазмұнды арттыру жөніндегі жұмыстар жалғасын табады. 2010 жылдың ақпанында Тараз қаласында өткен қазақстандық мазмұнды дамыту мәселелері жөніндегі өңірлік Форумда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Казфосфат» ЖШС араларында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін 7,0 млрд. теңге сомасындағы 100 мың тонна көлеміндегі субсидиялық минералды тыңайтқыштармен қамсыздандыру жөніндегі меморандумға қол қойылды.
Наурыз айында Астана қаласында «Мемлекеттік тапсырыс – 2010» семинар-кеңесі өтті, оның жұмыстарына облыстың өндірістік кәсіпорындары қатысты («Казфосфат» ЖШС, «ТМЗ» ЖШС, «Жамбылгипс» АҚ, «Жамбылкожобувь» ЖШС және басқалары).
Қазан айында облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы «NADLoC» жергілікті қамтуды дамыту ұлттық агентігі» АҚ бірлесіп отандық тауар өндірушілермен, жерқойнауын пайдаланушы-кәсіпорындармен және «Интернет-портал «Қазақстандық үлес» және «Жерқойнауын пайдалану және оларды өндірушілер бойынша операция жүргізуде пайдалынылатын тауарлар реестрі, жұмыс және қызмет көрсету» ақпараттық жүйесін таныстырушы жүйелік компаниялармен оқыту семинарын жүргізген.
2010 жылы «Казфосфат» ЖШС тауар, жұмыс пен қызметтерді жеткеру жөнінде жалпы сомасы 18,2 млрд. теңгелік келісім-шарт жасады, онда қазақстандық мазмұнның үлесі 80%-ды құрайды.
«ТМЗ» ЖШС тауар, жұмыс пен қызметтерді жеткеру жөнінде жалпы сомасы 1,9 млрд. теңгелік келісім-шарт жасады, онда қазақстандық мазмұнның үлесі 63%-ды құрайды.
Бюджеттік ұйымдар қазақстандық тауар өндірушілер өнімін ірі тұтынушылардың бірі болып саналатындығын айта кеткен жөн болар. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстың мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындары 2010 жылы жалпы сомасы 20,4 млрд. теңгеге сомасында 27 347 тауарларды (жұмыс пен қызмет көрсету) мемлекеттік сатып алуларды жүргізді, мұнда қазақстандық үлес тауарларды сатып алуда 80,5%, жұмыс пен қызмет көрсетуді – 93,9%.
Мәселелердің, қауіптердің, бәсекелестік басымдықтар мен мүмкіндіктердің кешендік сипаттамасы.
Өңірдегі өнеркәсіптің жүйеқалыптастырушы кәсіпорындарының тауарлар сатып алуындағы қазақстандық мазмұн деңгейінің төмендігіне мыналар әсер етеді:
шикізат сатып алуға мәжбүр республика экономикасының қосымша салалары дамуының жеткіліксіз деңгейі,
өңдеу саласын өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі, бұл бәрінен де бұрын кәсіпорындардың технологиялық деңгейінің төмендігімен, жабдықтардың физикалық тұрғыдан ескіруімен және моральдық ескіруімен байланысты;
отандық кәсіпорындардың инновациялық белсенділігінің төмен деңгейі;
айналым қаржыларының жеткіліксіздігі мен пайыздық мөлшерлемесі төмен ұзақ мерзімді кредиттердің қол жетімсіздігі.
Сонымен қатар, өнеркәсіптік кәсіпорындардың маркетингтік қызмет деңгейінің әлсіздігі тұтынушылар тарапынан сұраныстың төмен болуына алып келеді.
Бұл мәселені шешу үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып облыстағы жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жетілдіруге және жаңа өндіріс орындарын ашуға, бәсекеге қабілетті және экспортқа бағытталған өнім шығаруды қамтамасыз ететін халықаралық сапа стандарттарын ендіруге бағытталған Қазақстанның 2011-2014 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық дамуын тездету мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде сертификаттары бар облыстағы тауар өндірушілердің реестрлері жасалған және таратылған; бәсекеге қабілеттілігін арттыру және өнімді ары қарай дамыту мақсатында кәсіпорындармен және Республиканың өзге өңірлерімен меморандумдар жасалған.
Менеджмент және стандарттау жүйесі
ИСО сапа менеджменті жүйесі 2009 жылы облыстағы 233 кәсіпорындар мен ұйымдарда енгізілді.
Оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету саласында 34 ұйым, телекоммуникациялық және байланыс қызметін көрсетуде – 2, стандарттау қызметтерінде – 3, құрылыс-монтаж жұмыстары өндірісінде – 123, денсаулық сақтау саласындағы қызметтер – 3, білім беруде –3, металлургия өнеркәсібінде және дайын металл өнімдерін өндіруде – 4, химия өнеркәсібінде – 1, жеңіл өнеркәсіпте – 2, сусындар мен темекіні қоса алғанда тамақ өнімдері өндірісінде – 10, басқа салаларда – 48.
Сұраныс халықаралық стандарттармен үлестірілген мемлекеттік стандарттарға, менеджмент, құрылыс өнеркәсібі, метталургия, машына жасау, энергетика жүйесінің стандарттарына 2009 жылмен салыстырғанда 30%-ға артқан.
2010 жылы ИСО жүйесі облыстың 245 шаруашылық субъектілеріне, оның ішінде облыстың 130 кәсіпорындарына және ұйымдарына енгізілген.
Облыста менеджмент жүйесін енгізу мәселелері бойынша халықаралық стандарттарға көшуге отандық өндірушілердің дайындығын анықтау жөнінде Жұмысшы топ құрылды. Техникалық регламенттер мен стандарттарды ендіру және оларға бейімделі мәселелері бойынша «дөңгелек үстелдер» мәжілістері өткізіледі, кәсіпорындарда менеджмент жүйесін енгізу мониторингі жүргізіледі.
«Казфосфат» ЖШС, «Тараз металлургия зауыты» ЖШС, «Имсталькон» ЖШС, Тараз желілік-өндірістік УМГ «ИнтергазОрталықАзия» кәсіпорындарында интеграцияланған менеджмент жүйесі енгізілген, оқыған білікті мамандары, аккредитацияланған тексеру орталықтары мен аттестациядан өткен зертханалары бар.
Нормативтік құжаттар (мемлекеттік және мемлекетаралық стандарттарға сұраныс) бойынша кәсіпорындардың тапсырыстары қаралды: «Казфосфат» ЖШС, «ТМЗ» ЖШС, «Жамбылдық цемент компаниясы» ЖШС және «Құйма-механикалық зауыты» ЖШС («Қосалқы бөлшектер» АҚ).
Достарыңызбен бөлісу: |