БАҒдарламасы мазмұны кіріспе


-2013 жылдардағы машина жасау серпіні



бет5/18
Дата04.07.2016
өлшемі4.27 Mb.
#175937
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

2008-2013 жылдардағы машина жасау серпіні

6 сурет

2011 жылы өндірісті ұлғайту тенденциясы сақталған, онда саланың өндіріс көлемі 2010 жылмен салыстырғанда 1,2 есеге өскен (6 сурет). Еңбек өнімділігі 2010 жылғы 7,3 мың АҚШ долларын/адам қарағанда 9,1 мың АҚШ долларын/адам құрады.

Машина және құрал жабдық өндіруде тек «Таразкоммаш» атты жалғыз кәсіпорын өндірістік жуу машиналарын, киім кептіретін және кір сығатын машиналар ғана шығарады. Бірқатар шешілмеген мәселелердің салдарынан кәсіпорынды дамыту қарқыны баяу болып отыр, олар: ішкі нарықтың болар болмас көлемі, жабдықтардың моралдық және нақты ескіруінің жоғары деңгейі, өндірістік қуаттырын толық пайдаланбау, бәсекеге қабілеттіліктің төмен деңгейі.

Машина жасау көлемінде аса көп үлесті «Қамқор Локомотив» ЖШС филиалдары береді: қозғалыстағы темір жолдың құрылымын, оның түйіндерін және агрегаттарын күрделі жөндеумен және жетілдірумен айналысатын «Шу локомотив жөндеу зауыты» және «Тараз локомотив жөндеу депосы».

Темір жолдың құрылымын күрделі жөндеуге ішкі сұраныс облыста жүк вагондарының және локомативтердің тұтынушысы - «Қазақстан тeмip жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-мен (әрі қарай – «ҚТЖ» ҰК» АҚ) қалыптастырылады. Жүктасымалдаудың өсімі және теміржол техникасы паркілерінің ескіруінің өсімі салалардың өндіріс көлемдерін арттыруға негізгі әсер етуші факторлар болып табылады. Бірақ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ РМК барлық жүйесінде пайдалануға беруге 600-700 тепловоздар, жан-жақты зерттелген моторесурстар секілді жартысы есептен шығарылған, күрделі жөндеуден толық өткен парк есептелінді. Есепке алынатын паркті жаңартудан мен толықтырудан қызметінің мерзімі мен техникалық жағдайы бойынша жүк вагондарын қатардан шығару едәуір озық болып келеді, оған байланысты кәсіпорындар үшін жылсайын тапсырыс көлемі төмендеуде.

Кәсіпорынды сақтау мақсатында басшылықпен жаңа өндірістер және озық технологиялар енгізілуде. Сонымен, 2011 жылдың сәуірінен «Қамқор Менеджмент» ЖШС Шу локомотивтік зауытында жетілдендірілген «Енисей-Камкор» комбайнын жинау өндірісі іске қосылған. 2012 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 43 комбайн жиналды.

Сондай-ақ, электр жабдықтарын өндіруде 2011 жылы Индустриаландыру картасының шеңберінде кең спекторлы пайдаланудың жарық диодтық шамдарын өндіру – жолдарды, көшелерді және саябақтарды жарықтандыратын жарық диодты шамдардан 5 есе тиімді шамдарды өндіру бойынша зауыт («Энерджи Тараз» ЖШС) іске қосылды.

2012 жылы машина жасаудың өндіріс көлемі комбайндарды жинау бойынша тапсырыстардың төмендеуінен 7,5%-ға төмендеп, 9,2 млрд.теңгені құрады. Бірақ, 2013 жылы зауыт басшылығы қытай өндірісінің жоғары технологиялық маневрлік тепловоздары өндірісін қалыптастырды, онда 3,1 млрд. теңгеге 18 тепловоз құрастырылды. Нәтижесінде саладағы өнім өндіру 13,2 млрд. теңге көлеммен 1,3 есеге ұлғайған.

Сонымен, машина жасау облыс экономикасында маңызды роль атқармайтынын айтуға болады. Кәсіпорындар негізінен жинау өндірісіен айналысады. Бірақ облыста ауыл шаруашылықтық машина жасауды дамыту үшін барлық жағдайлар бар (комбайндар, тракторлар, дақылдарды қайта өңдеу жабдықтар және машиналары), өйткені өңір аграрлық-индустриалдық болып табылады және ауыл шаруашылығы өңір экономикасында маңызды орын алады.

Қазіргі таңда Қазақстанның ауыл шаруашылық машиналары мен жабдықтарының нарығы импорттық өніммен толықтай қамтылған, сондықтан облыстың жұмыс істеп жатқан кәсіпорындары басымды түрде ауыл шаруашылық және тракторлық машина жасауды дамытуы қажет, олардың даму стратегиясы жабдықты импорттау мүмкіндігімен қатар жаңа шет елдік технологияларды енгізуге, тәжірибе жинай отырып, жабдықтарды өз өндірісінде өндіруге бағытталады.
Металлургия

Облыста алтын кенін өндіру мен байыту, металл балқыту, сондай-ақ металдан бұйымдар жасау іске асырылуда. Ферроқойыртпалар, алтын және құрамында алтыны бар концентраттар өндіру аса маңызды салалар болып табылады.



2008-2013 жылдардағы металлургия өнеркәсібінің серпіні
7 сурет

2008 жылдан бастап өндіріс көлемінің өсуі «Тараз металлургиялық зауыты» ЖШС жаңа өндірісін ашу есебінен қамтамасыз етілген (ары-қарай «ТМЗ» ЖШС), бұл өңдеу өнеркәсібінің жаңа саласын, яғни қара металлургияны дамытуға жол берді. «ТМЗ» ЖШС-де болат балқытуға пайдаланылатын жоғары сапалы қойыртпаларды өндіру отандық нарықта ғана емес, сыртқы нарықтада талап етіледі, ал электрлік-термостық пештердің үздіксіз өздігінен ерітілетін электродтарын алу үшін арналған электродтық масса жоғары сұраныста пайдаланылуда.

2009 жылы «ТМЗ» ЖШС-де өндірістің төмендеуі сәуір айында жөндеу және тамыз айында жоспарланған жөндеу жұмыстары үшін тоқтатылуы, сондай-ақ ферросиликомарганец шығаратын шикізатпен қамтамасыз етілмеуі негізгі себеп болды. Нәтижесінде металлургия өнімін шығару шамамен 8%-ға қысқарған және 4,1 млрд. теңгені құраған.

Индустриаландыру бағдарламасы өндірісті 2010 жылы 4,7 млрд. теңгеден 2011 жылы 12,5 млрд.теңгеге дейін арттыруға мүмкіндік берді. Нақты көлем индексі 233,4%-ға дейін жетті. Саладағы өсім біріншіден «ТМЗ» ЖШС-де өнім шығарудың өсімімен қамтамасыз етілген, бұл 2010 жылы «Химпром-2030» ЖШС зауытын ферроқорыпа өндіруге қайта профилдеуге, болат балқыту, электркалцийлендірген антрацит өндірісін ұйымдастыруға байланысты, онда 2011 жылы 5,2 млрд. теңге сомасында 30,3 мың тонна ферросиликомарганец өндірілді.

Облыстың дайын металл бұйымдарын өндіру Тараз қаласында шоғырланған және «Құрылыс қондырғылары зауыты» ЖШС, «Имсталькон» (ЖМКЗ) ЖШС және «Керамик инвест» ЖШС-мен ұсынылады.

«Имсталькон» (ЖМКЗ) ЖШС Қазақстан мен таяу шетел нарығында болат конструкцияларын дайындау мен монтаждау бойынша беделді орынды иеленеді. Кәсіпорында көлемі 100-ден 20000 текше метрге дейінгі шикі мұнай мен мұнай өнімдерін, су мен басқа да сұйықтықтар сақтайтын болаттан жасалған тік шеңбер тәріздес ыдыстар шығаратын екі қуатты қондырғылар бар. Кәсіпорында IS0 9000 сапа менеджменті жүйесі енгізілді.

Темір бетондық плиталарды және фундаменттік блоктарды шығару бойынша «Керамик инвест» ЖШС болашақтың өндірісі деп атауға болады. Оңтүстікте аналогы жоқ импорттық технологияны пайдалана отырып, кәсіпорын Батыс Еуропа – Батыс Қытай жолдарының құрылысына бетондық дөңгелектерді және көпір ғимараттарын өндірудің жаңа үлгісін меңгерді, майда даналы бұйымдарды шығару цехын ашты, тапсырыс берушілердің қалауы бойынша әртүрдегі және конфигурациядағы темір бетондық бұйымдарды шығара алады.

ҮИИД мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салада 2010-2011 жылдар аралығында ферроқорытпа өндірісін жаңғырту және кеңейту («ТМЗ» ЖШС); легірленбеген болат шығаратын, шойын және болат құю бойынша қызметтер көрсететін электрометаллургиялық шағын зауыт («Запчасть» АҚ); кенорынның өнімділігін он есеге ұлғайтуға және жаңа инновациялық «Доре» балқыту технологиясы бойынша жыл сайын 1,3 тонна асыл металл балқытуға мүмкіндік беретін Ақбақай алтыншығару фабрикасының қуаттылығын арттыру бойынша инвестициялық жобалар іске қосылды.

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғыртудың арқасында металлургиялық өнеркәсіп өндірісі 2012 жылы 2011 жылмен салыстырғанда 1,5 есе өсіп, 16,4 млрд.теңгені құрады (ферросиликомарганец – 1,7 есе, күміс – 1,3 есе, алтын – 1,4 есе, шойын құю бойынша қызметтер – 1,6%).

Алайда, 2013 жылы металлургия өнімінің көлемі 41,2%-ға төмендеген (10,7 млрд.теңге). Облыстағы ферроқорытпа өндіру бойынша ірі кәсіпорындардың бірі – «Тараз металлургиялық зауыты» ЖШС-нің қаражат айналымының жоқтығынан тоқтап қалғанына, кен құрамындағы алтын мөлшерінің аз болуына («Алтыналмас» АК» АҚ) байланысты негізгі салалардың төмендеуі тіркелген: қара металлургия – 71,8%-ға, негізгі асыл және түрлі-түсті металл өндірісі – 9,6%-ға. Сонымен қатар, «Запчасть» АҚ-да құймадағы легірленбеген болат өндірісі қалпына келтірілді, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 3,4 есеге өсіп, 20,9 мың тоннаны құрады.

2014 жылы ҮИИДБ шеңберінде «Central Asia Gold Production» ЖШС-ң асыл металлдар балқыту өндірісі бойынша инвестициялық жобасын іске асыру жоспарлануда.

Кәсіпорынның тоқтап қалуы («ТМЗ» ЖШС) зауыт аумағында цехтар мен дайын өнім қоймаларын ауыстыру, жаңа үгіту-сорттау кешенінің құрылысы, теміржол жолдарын жөндеу, сондай-ақ, балқыту пештерінің тұрақты жұмыс істеуіне кедергі болған қондырғыларды жоспарлы алдын-ала жөндеуден өткізу бойынша жұмыстарды жүргізуге мүмкіндік берді.

2014 жылы өндіріс көлемін арттыру үшін зауытта РКО-25 №5,6 жаңа пештерінің құрылысы, сондай-ақ ФС45, ФС65, ФС75 маркалы ферросилиция өндірісін игеру және шығару, ферроқорытпаның альтернативті түрлерін өндіру, қосымша ШМП қайта бөлінген қалдықтарды ала отырып ФМн78 жоғары көміртекті ферромарганец балқыту технологиясын игеру және өндіріске енгізу жоспарлануда.

2016 жылы Индустриаландыру картасын өзектендіру аясында ферроқорытпа өндірісін және оның шикізаттық базасының қуаттылығын жылына 300,0 мың тонна ферросиликомарганец өндіруге дейін жеткізе отырып кеңейту бойынша инвестициялық жобаның екінші кезеңін жүзеге асыру кәсіпорынның басты қоры мен келешегі болып табылады.
Металл емес өзге минералды өнімдер өндірісі

Облыс кендік емес пайдалы қазбаларға – құрылыс материалдарына шикізаттар, оның ішінде өңдеу тастары, әктастар, әрлеу, құрылыс тастарына және т.б. өте бай. Облыста құрылыс материалдары өндірірісін дамытуға үлкен мүмкіндіктер бар.

2009 жылы өзге де металл емес минералды өнім шығару 3,9 млрд. теңгені, нақты көлем индексі – 80,3%-ды құрады. ЖӨӨ құрылымындағы құрылыс материалдары өндірісінің үлесі 2009 жылы – 0,6%-ға жетті. Экспорт көлемі 2009 жылы - 4305 мың теңге болды. Өңдеу өнеркәсібінің жалпы көлеміндегі металл емес өзге минералды өнімнің үлесі 4,4%-ды құрайды.

Әлемдік дағдарыс 2009 жылы құрылыс индустриясы кәсіпорындарының жұмысы мен құрылыс материалдары өндірісіне барынша қатты әсер етті. Цемент, кірпіш, ұсақ тас, әктас және т.б. өндіретін кәсіпорындар («Монолит» АҚ, «Ақтас» ЖШС, «Керамик-Инвест» және т.б.) жартылай немесе толығымен тоқтап қалды. 2009 жылы кірпіш өндіру көлемі 48%-ға қысқарып, 60,8 мың текше метрді құрады, ұсақ тас өндіру 34%-ға қысқарып, 553,6 мың текше метрді құрады, әктас пен гипс өндірісінің көлемі 884,7 мың тоннаға қысқарып, өткен жылдың деңгейінен 47%-ға төмендеген.

Тұрғын үй саясатын және ҮИИД мемлекеттік бағдарламасын іске асыру құрылыс материалдары өнеркәсібін дамытуға мүмкіндік берді. Күйдірілген, силикатты кірпіштер, темір бетондық бұйымдар, полиэтиленді құбырлар шығарудың жаңа өндірістік қуаттылықтары пайдалануға берілген, бұл 2010 жылы өзге метал емес минералды өнімдер өндірісін 1,6 есеге (6,1 млрд.теңге), 2011 жылы - 2,7 есеге (13,6 млрд.теңге), 2012 жылы – 1,5 есеге (22,0 млрд.теңге) арттыруға ықпал етті.

2012 жылы портландцемент өндірісі 1,7 есеге, гипс – 1,2 есеге, гипстан жасалған бұйымдар - 1,1 есеге, бетоннан жасалған бұйымдар - 1,5 есеге, гипсокартон – 1,1 есеге, бетон - 1,2 есеге, граниттен жасалған плиталар – 1,6 есеге өскен.

ҮИИДМБ шеңберінде 2010 жылы «АльБасар» ЖШС гранит пен одан жасалатын бұйымдарды өңдеу цехының құрылысын аяқтады. Шығарылатын өнімдер - жиектеме, қырлама және кеспелтек.

Құрылыс кешенінің қазіргі кездегі талаптарына сәйкес келетін құрылыс материалдары, құрылыс бұйымдары мен конструкциялары өндірісіне, сонымен қатар жоғары деңгейдегі өңдеу өнімдеріне арналған шикізаттың негізгі түрлерінің қолданыстағы кен орындарының бар екендігін көрсететін бірегей минералдық-шикізаттық базасы бар біздің облысымызда Мойынқұм ауданында цемент зауытының құрылысы бойынша 2 инвестициялық жоба іске асырылды, оның бірі 2010 жылы енгізілген «Мынарал Тас Компани» ЖШС, ал екіншісі 2011 жылы Хантау станциясындағы «ACIG» АҚ. Зауытты дамытудың ғылыми-технологиялық стратегиясы өндірістің тек құрғақ технологиясын пайдалануда болып келеді, бұл қауіпті қалдықтар санын біршама төмендетуге мүмкіндік береді, сондай-ақ өндірістің толық циклі мәселесі шешілген - шикізатты өңдеуден, оны қайта өңдеуден, тұтынушыларға дайын өнімді жеткізуге дейін. Бүгінгі таңда ылғал әдісі басым Қазақстан үшін бұл инновациялық әдіс болып келеді.

Бүгінгі таңда «ACIG» АҚ өнім шығаруға кіріспеген. Жаңа инвестор тартылып, жобаға 8 млн. АҚШ доллардан астам қаржы салынды, бұл қаражат қосымша жабдықтар мен материалдар сатып алуға (2,5 млн. АҚШ доллар), құрылыс монтаждау жұмыстарына (3 млн. АҚШ доллар), арнайы техниканы сатып алу (2 млн. АҚШ доллар), жобалық-сметалық құжаттаманы дайындауға (500 мың АҚШ доллар) бағытталды.

2011 жылы темір бетондық бұйымдарды өндіру («Бином Строй-Деталь» ЖШС), 2012 жылы - кірпіш зауытының құрылысы («База-Servis» ЖШС), 2013 жылы – полиэтиленді құбырларды және тамшылап суғаруға арналған құбырларды өндіру («Тараз құбыр зауыты» ЖШС) инвестициялық жобалары пайдалануға берілді. Озық технологияларды пайдалану «Тараз құбыр зауыты» ЖШС-де ауыл шаруашылығында тамшылап суару үшін полиэтиленді құбырларды өндіруге, құрылыс индустриасында газбен және сумен жабдықтау жүйелерін жаңғыртуға мүмкіндік береді. Экологиялық, коррозияға қарсы, жеңіл құрастырылатын жоғары өткізу қабілеттілігі бар және қолайлы бағадағы құбырлар.

Жаңа кәсіпорындарды іске қосудың нәтижесінде салада өндіріс көлемдері 2013 жылы 2012 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,1 есеге ұлғайып, 23,4 млрд.теңгені құрады. Құрылыс индустриясында еңбек өнімділігі 1,1 есеге артып, 2012 жылғы 58,6 мың АҚШ долларына қарағанда 2013 жылы 69,2 мың АҚШ долларына жеткен. Керамикалық кірпіш өндірісі – 1,2 есеге, портландцемент – 3,6%-ға, цемент және бетоннан жасалған тақташалар – 7,8%-ға, бетоннан жасалған құрама құрылыс конструкциялары – 1,4 есеге, тауарлы бетон – 2,6 есеге өскен.

Бүгінгі таңда құрылыстық кешеннің өнеркәсіптік базасын 24 шаруашылық субъектілерінің өндірістік қуаттары құрап отыр. Олармен тауарлы бетон, асфальт-бетон қоспалары, әктас, гипс, минералды ұнтақ және мрамор үгіндісі, металл немесе ағаш конструкциялары, гранит және мраморлық блоктар шығарылады. Іске қосылған 5 жаңа өндіріс есебінен портландцемент, күйдірілген және дымқыл құрылыс кірпіштері, керамикалық кірпіштер, өңделген тастар, цементтен жасалған бұйымдар секілді өнімдерге деген тапшылық жойылды.

Саланың әрі қарай дамуы шикізатты дайын өнімге дейін өңдейтін жаңа өндірістерге инвестиция тартуға байланысты. 2014-2016 жылдар аралығында Индустриаландыру картасы аясында келесі жаңа инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы жоспарланған, олар: «БиномСтройДеталь» ЖШС – құрылыс материалдары комбинатының базасында тұрғын үй-құрылыс комбинатының құрылысы; «Арайстроймаркет» ЖШС – радиаторлар өндірісі бойынша шағын-зауыт құрылысы; «Жамбылгипс» АҚ – құрғақ құрылыс қоспалары мен гипсокартон өндірісін кеңейту және жаңғырту; «AlinaHolding» ЖШС – «Құрғақ құрылыс қоспалары», «жұқа ұнтақталған толтырғыштар», «гипс» өндіру кешенінің құрылысы.

Сондай-ақ, «ТаразХимпарк» АЭА-да құрылыс материалдары өндірістерін (құрылыстағы бунақтар мәселелерін шешу үшін егу ерітінділері, пенопорит, изопласт, монолитті поробетон, түрлі-түсті жылуқорғағыш кірпіш, бетонға арналған суперпластификаторлар, биоірітілгіш полимерлер, пластикалық құбырлар) ұйымдастыру облыстағы құрылыс индустриясының дамуына серпін береді.


Жеңіл өнеркәсіп

Жеңіл өнеркәсіптің облыс экономикасының құрылымындағы үлесі көп емес. ЖӨӨ құрылымындағы жеңіл өнеркәсіп өнімдерін шығару үлесі 0,06%. 2009 жылы саладағы өнім өндірісінің көлемі жалпы өңдеу өнеркәсібіндегі көлемнің 0,4%-ын ғана құрады. Өндіріс көлемі 2009 жылы 325,8 млн. теңгені (НКИ - 112,1%) құрады.

Саладағы жұмыс істейтін кәсіпорындардың 80%-дан астамы моральдық тұрғыдан ескірген жабдықтармен жарақтандырылған шағын және орта бизнес субъектілері болып табылады.
Облыс қалалары мен аудандарындағы жеңіл өнеркәсіптің

негізгі кәсіпорындары

5 кесте



Кәсіпорын

Негізгі өндірілетін өнімдер

Орналасқан жері

«Фабрика ПОШ Тараз» ЖШС

жүн, топс

Тараз қ.

«Тараз былғары аяқкиім» ЖШС

былғары тері тауарлары және аяқ киім

Тараз қ.

«Сапаров» ЖК

киім

Тараз қ.

«Айвенго» ЖШС

тігін өнімдері

Тараз қ.

«Би Дуалет» ЖШС

ұлттық бұйымдар, киім, киіз үй

Тараз қ.

«Канагат Тараз» ЖШС

ұлттық бұйымдар, киім

Тараз қ.

«Ырыс Бахыт» ЖШС

киім

Қордай ауданы

Сала құрылымының үштен бірін былғары тері өнімдері алады және үштен екісін тоқыма және тігін өнеркәсібінің өнімдері құрайды, бұлар негізінен жүн өндірісімен айналысады.



2008-2013 жылдардағы жүн өндірісінің серпіні, тонна

8 сурет

2008 және 2012 жылдар аралығында жүн өндіру заттай түрде 1,1 есеге артты. Жуылған жүн (өңдеудің ең төмен дәрежесімен қырқылған жүн) облыстың жүн өнеркәсібінің негізгі өнімі болып саналады. 2008 - 2012 жылдар аралығында жүн өндірудің тұрақты өсімі байқалады (8 сурет). Сонымен 2009 жылы 5471 тонна жүн өндірілді, 2010 жылы – 5682 тонна, 2011 жылы – 5856 тонна, 2012 жылы – 5983 тонна. Қазақстан Республикасындағы жүн өндірісіндегі облысымыздың жоғары үлесі аймақтағы дамыған ешкі және қой шаруашылығының болуына байланысты. 2013 жылы жүн өндіру 14%-ға төмендеп, 5141 тоннаны құрады.

2010 жылы «Фабрика ПОШ-Тараз» ЖШС-де фабриканың қолданыстағы цехының базасында ТОПС өндіру бойынша инвестициялық жоба іске асырылды. Бұл жоғары сапалы жүн тоқу үшін пайдаланылатын шикізат – ТОПСты өндіретін, әлемде үлкен сұранысқа ие Қазақстандағы жалғыз кәсіпорын, Италия елінде лабораторлық зерттеуден өтіп, бұл тапшы өнімнің әлемдік өндірушілер тізіміне енгізілген.

Бүгінгі таңда жүн өндірісі нарығында топс өніміне тапсырыстардың жоқтығына, сондай-ақ, шикізаттың (биязы жүн) тапшылығына байланысты «Фабрика ПОШ-Тараз» ЖШС-нде тоқыма өнімдерінің төмендеуі бойынша мәселелер орын алуда. Шикізатты сатып алудағы мәселелері шикізат бағасының тұрақсыздығы, сатып алу қаражатының тапшылығы, сонымен қатар, Ресей және Қытай елдері тарапынан бәсекенің басымдығы болып табылуда.

Европа елдеріндегі дағдарысқа байланысты дайын өнімді өткеру атап айтқанда ТОПС өнімін өткеру бойынша мәселелері туындауда. Қазіргі таңда Ресей, Белоруссия және Қытай елдерінен жаңа өткеру нарықтарын іздестіру жұмыстары жүргізілуде.

Былғары тері өнеркәсібі аймақтағы жеңіл өнеркәсіптің үштен бірін құрайды, бұл, бірінші кезекте, облыста мүйізді ірі қараның көптігімен байланысты болса керек. 2007 жылдан 2009 жылға дейін саладағы өндіріс 205,5 млн. теңгеден 117,0 млн. теңгеге дейін төмендеді. Дағдарысқа қарсы шаралардың арқасында 2010 жылы былғары өнімін өндіруде бірден көтерілу байқалады, онда өсім 3,3 есені, 2011 жылы – 1,4 есені, 2012 жылы – 1,3 есені құрады. Алайда, 2013 жылдың қаңтар-желтоқсанының қорытындысы бойынша тапсырыстардың болмауы және тері бұйымдары өндірісіне қажетті ірі-қара мал терісінің тапшылығы себебінен өндіріс көлемі 35,4%-ға төмендеген. (9 сурет).


2008-2013 жылдар аралығында

облыстағы былғары өндірісінің серпіні, млн. теңге

9 сурет

Көп жылғы тоқыраудан кейін 2005 жылы қайта іске қосылған «Тараз былғары аяқ киім» ЖШС облыстағы аяқ киім өндіретін негізгі кәсіпорын болып табылады. Бүгінгі таңда кәсіпорын Жамбыл облысында 10 жыл өндіріліп келе жатқан былғары-аяқкиім өндірісін қай жандандыруда. Үш былғары және екі аяқкиім цехы жаңғыртылған, жаңа жабдық жөндетілген, екі қуатты DESMA неміс агрегаттары және жоғары өндірістік италяндық технологиялық жабдықтардың 7 бірлігі іске қосылған.

Фабриканың негізгі өнімі – республикамыздың қарулы күштері мен ведомстволарына арналған италяндық технология негізіндегі былғарыдан арнайы аяқ киім. Кәсіпорын болашақта көркемдігімен және сапасымен айрықшаланатын, қойлайлы бағада балалар мен әйелдерге арналған аяқ киімді өндіруді жоспарлауда.

Саладағы өнім көлемі киім өндірісінің ұлғаюы есебінен өсіп, 2012 жылдың сәйкес кезеңінен 11,6%-ға жоғары отыр. 2013 жылы 1,4 млрд. теңгенің жеңіл өнеркәсіп өнімі өндірілген. Нақты көлем индексі 78,8%-ды құрады.

Жамбыл облысындағы жеңіл өнеркәсіптің күшті жақтарына, бірінші кезекте, өңірде биязы жүнді қой шаруашылығы мен басқа да мал түрлерін өсіруге қолайлы жағдайдың барлығы жатады. Жамбыл облысындағы қойды көп өсіретін аудандар – Қордай (Жамбыл облысындағы қой басының 15%-ға жуығы), Талас (14% шамасында) және Т. Рысқұлов аудандары (13% шамасында). Жамбыл облысындағы жүн қырқу көлемі барлық аудандар бойынша бір келкі болып келеді.

Солай бола тұрғанмен де, өңірдің жеңіл өнеркәсібінің бірқатар әлсіз жақтары бар. Оның ішінде мал саны бойынша жеке шаруа қожалықтарының үлесінің жоғарылығы (ҚР қой мен ешкі санының 70%-ы), соның салдарынан жүн өндірісінің құрылымында бұл мәселе жүн сапасына кері әсерін тигізуде. ЖШҚ-ның негізгі кемшілігі асыл тұқымды отарлардың режимін және жеммен қамсыздандырылуын сақтау үшін олардың көлемінің жеткіліксіздігі болып табылады, әлемдік тәжірибе бойынша 3 мың бастан (немесе 1,5 мың бас аналық қойлардан) тұратын отар болу керек. Жүн өндіруде ЖШҚ-ның үлесінің жоғарылығы өнім сапасының төмендігіне алып келеді.

Жүн өнеркәсібінің тағы бір проблемасы бұл отар малдың құрамында биязы жүнді қойлардың аз ғана үлесі және қатты жүнді қойлардың үлесінің көптігімен байланысты.

Ауыл шаруашылығы малдарының терісін өңдеумен айналысатын кәсіпорындар ауыл шаруашылығы шикізатын өңдейтін кәсіпорындар тізіміне кірмегендігі себебінен, заңды жұмыс істеп келген кәсіпорындар маңызды салықтық жеңілдіктен қағылған. Осының салдарынан, шикізаты дайын тері өнімі болып табылатын отандық аяқ-киім өндіретін фабрикаларда зардап шеккен.


Мұнай-газ саласы

Облыста газ, бензин, дизельді отын және нығыздалған газдан және импортталған мұнайдан мазут өңдеу мен оны тасымалдау іске асырылады. Мұнай өңдеу өнеркәсібі Жамбыл облысында әлсіз дамыған: ЖӨӨ құрылымындағы оның үлесі 2009 жылы 0,2%-ды, ал облыстың өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 1%-дан төмен. Өнім өндірісінің көлемі 2009 жылы 1,3 млрд. теңгені (НКИ -142,3%) құрады, ал 2010 жылы – 2,2 млрд.теңге (162,2%), 2011 жылы – 4,3 млрд. тенге (256,1%), 2012 жылы – 10,3 млрд.теңге (222,1%), 2013 жылы 13,1 млрд. теңге (107,3%). Мұнай өңдеу өнімдері газ конденсатынан алынады. Облыста мұнай шикізаты өндірілмейді.

Жамбыл облысындағы газ өндіру 2003 жылдан бері Амангелді газ кен орнында жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда Амангелді газ кен орнынында газды кешенді дайындау қондырғысы; газды кәсіпорынішілік жинау жүйесінің 25 ұңғымасы жұмыс істейді.

Облыс аумағында екі өңдеу кәсіпорындары жұмыс істейді («Амангелді ГӨЗ» ЖШС және «Казхиминвест» НПФ ЖШС), олар бензин, дизельді отын жергілікті кен орындарындағы және облысқа Құмкөл кен орнынан (Қызылорда облысы) импортталатын газ конденсатынан мазут өндіреді. Өндірілген өнім көрші Оңтүстік Қазақстан облысы мен Қырғызстан Республикасына жөнелтіледі.

ҮИИДБ аясында «Амангелді ГӨЗ» ЖШС 2010 жылы шикі мұнайды өңдеу зауытының құрылысы бойынша инвестициялық жобаны іске асырды. 2013 жылы («Бірлік Энерго» ЖШС) шикі мұнайды қайта өңдеу бойынша зауыт іске қосылған.
Тау-кен өндірісі саласы және кеніштерді игеру.

Облыста барланған және игерілген алтын кен орындарының, барит кен орындарының, газ кен орындарының қолда болуы тау-кен өндіру кешенін дамытудың негізі болып табылады. Бариттердің (табиғи барий сульфаты) бағаланған кені 12 млн. тоннаны құрайды. Аумақта кварциттің 2 кен орындары бар – Жаңатастық (баланстық қор – 38800 мың тонна) және Мақбелдік (137040 мың тонна, еліміздің ең ірісі) кен орындары, бұл металлургиялық кремнийды өндіру үшін маңызды шикізат болып табылады.

2009 жылы өнеркәсіп құрылымында тау-кен өндіру саласы мен кеніштерді игеру 5,6%-ды құрайды. Негізгі капиталған салынған инвестициялардың көлемі 1,6 млрд. теңгені құрады. Салада 6,5 млрд. теңгенің (НКИ – 69,6%) өнімі өндірілді.

Дағдарысқа қарсы шаралардың арқасында 2010 жылы салада 2009 жылменсалыстырғанда 31,8%-ға өндіріс көлемінің өсіміне қол жеткізілген және 8,7 млрд. теңгені құрған, 2011 жылы – 39,8%-ға ( 12,9 млрд.теңге), 2012 жылы – на 6,8%-ға (17,1 млрд.теңге), 2013 жылдың қаңтар-желтоқсанында 15,4%-ға (17,6 млрд. теңге). (10 сурет).


2008-2013 жылдардағы кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу серпіні
10 сурет


2008-2013 жылдардағы кен өндіру саласы және кеніштерді игеру өнімдері негізгі түрлерін өндіру динамикасының өзгеруін көріп отырмыз (6 кесте), 2009 жылы облыста көмір (9,6%-ға), табиғи газ (4,6%-ға) өндіру артқан, 2010 жылы – әк тас және гипс (18,4%-ға), табиғи құм (6 есеге), тас үгіндісі, қиыршық тас, ұсақ тас (2,4 есеге), фосфат шикізаты (1,7 есеге), 2011 жылы – әк тас және гипс (1,5 есеге), тас үгіндісі, қиыршық тас, ұсақ тас (1,6 есеге), ұнқталған фосфат шикізаты (1,4 есеге), ұсақталған фосфат шикізаты (1,5 есеге), 2012 жылы – табиғи құм (1,1 есеге), тас үгіндісі, қиыршық тас, ұсақ тас (1,5 есеге), ұнтақталған фосфат шикізаты (3,4%), ұсақ ұнтақталған фосфат шикізаты (4,0%), 2013 жылы – газ конденсаты (2,8%-ға), алтын құрамды кен (8,8 есеге), мыс кені (2,4 есеге), әктас және гипс (1,1 есеге), табиғи құм (2,5 есеге), саз жене ақ саз (1,9 есеге), ескерткіштерге арналған тас (1,9 есеге), ұнтақталған фосфат шикізаты (1,1 есе).
2008-2013 жылдардағы кен өндіру өнеркәсібі және кеніштерді игеру саласы өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру динамикасы

6 кесте

Өнім атауы

өлшем бірлігі

жылдар

2008

2009

2010

2011

2012

2013

Көмір және лигнит өндіру




тас көмір

мың тн

324,0

355,0

375,0

281,0

80,0

80,0

Шикі мұнай мен табиғи газ өндіру




газ конденсаты

мың тн

26,3

26,0

24,2

21,9

21,3

21,9

табиғи газ

млн.текшем

338,4

354,0

344,1

326,5

324,1

321,8

Басқа салалар




әктас және гипс

млн. тн

1,7

0,9

1,0

1,6

1,5

1,7

табиғи құм

мың

текше м


53,6

29,7

171,8

122,2

137,5

348,4

тас үгіндісі, қиыршық тас, ұсақ тас

мың

текше м


838,6

553,6

1309,6

2128,5

3160,4

2495,2

ұнтақталған фосфат шикізаты

мың тн

207,0

74,8

148,1

211,2

218,3

247,5

ұсақталған фосфат шикізаты

-/-

154,4

84,9

124,4

185,6

193,1

147,0

2015 жылы Индустриаландыру картасы аясында Жамбыл облысының Нарқызыл кен орнынан барит кенін өндіру және қайта өңдеу бойынша тау-кен байыту кешені - «КазБарит» ЖШС инвестициялық жобасын іске асыру жоспарлануда.



Электрмен қамтамасыз ету, газ,бу беру және ауаны баптау

Өнеркәсіптің жалпы көлемінің 17,2%-ын құрайтын электрмен қамтамасыз ету, газ,бу беру және ауаны баптауда сұраныстың төмендеуінен 2009 жылы электр қуатын өндіру 65,3%-ға, жылу энергиясын беру – 7,3%-ға қысқарды.

2009 жылы өндіріс көлемі 19,9 млрд. теңгені (НКИ - 55,6%), 2010 жылы 18,3 млрд. теңге (80,7%) құрады (11 сурет). Электр қуатын өндіру, беру және таратудың 29,4%-ға қысқаруы есебінен 2010 жылы жұмыстың және қызмет көрсетудің өндіріс көлемі 19,2%-ға төмендеген.
2008-2013 жылдардағы

электрмен жабдықтау, газ,бу беру және ауаны баптау серпіні

7 кесте

Өнім атауы

Өлшем бірлігі

жылдар

2008

2009

2010

2011

2012

2013

Электр қуаты

млн. кВт /сағ

4388,7

1523,6

632,1

1057,7

1564,9

1801,9

Жылу энергиясы

мың Гкал

1 986,3

1936,0

2053,7

2272,0

2836,2

1951,0

2011 жылы жұмысты, қызметті өндіру көлемі 26,6 млрд. теңгені құрады, НКИ-125,9%, электр қуатын өндіру 1,7 есеге өсіп, 1057,7 млн. кВт/сағ құрады, жылу энергиясын – 1,1 есеге (2272,0 мың Гкал) артты. 2012 жылы – 21,8%-ға (31,9 млрд.теңге), электр энергиясы – 48%-ға, жылу – 24,8% өскен, 2013 жылы – салада төмендеу 1,3% (37,7 млрд. теңге), жылу энергиясында төмендеу – 31,2%, электр энергиясында өсім – 1,1 есе.


2008-2013 жылдардағы электрмен жабдықтау,

газ,бу беру және ауаны баптау серпіні

11 сурет

Облыста өнеркәсіптің дамуы кәсіпорындардың электр қуатымен қамтылуынан тікелей байланысты. Бүгінгі күні облыста өндірілетін электр қуаты қажеттіліктің 30%-ға жуығын қамтамасыз етеді, қалған қажеттілік солтүстік өңірлердің есебінен қамтамасыз етіледі. Облыста тұрақты және үзіліссіз электр қуатын беріп отыру ағымдағы кезеңнің өзекті мәселелерінің бірі болып қалуда. Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС-нің (өңірдегі ең қуатты энергия көзі) өнімінің шығыны жоғары, сондықтан да оның киловаттының бағасы көтерме нарықтағы бағаға қарағанда барынша қымбат. Электр қуатының жеткіліксіздігі өнеркәсіптің дамуына қатты әсер етуде.

Жамбыл облысы электр қуатын өндірудің төмен деңгейімен сипатталады, электр қуатын магистралды тасымалдаумен және диспетчерлеумен айналысатын «КЕГОК» АҚ өңірлік филиалы Шымкент қаласында орналасқан.

Жамбыл облысындағы электр қуатының жеткіліксіздігі, бір жағынан, облыс экономикасының электр сыйымдылығының жоғарылығына және халықтың тұрмыстық қажеттілікке электр энергиясын пайдалану үлесінің жоғарылығына, ал екінші жағынан, энергия көздерінің тиімсіз құрылымына, өзіндік электр энергиясын өндірудің бәсекеге қабілетсіздігіне байланысты.

Энергетика саласындағы энергия тиімділігі мен энергия үнемдеу бойынша негізгі іс-шаралар мыналар:

• электр және жылу энергияларын бірлесе өндіруді қамтамасыз ететін жабдықтарды кең көлемді ендіруге негізделген өндіру қуаттарын техникалық қайта жарақтандыру, газ нығыздау жабдықтарын ендіру;

• энергетикалық баланс құрылымын өзгерту және оны әртараптандыруды арттыру – көмір мен мазутты жағудың алдыңғы қатарлы және экологиялық таза технологияларын пайдалануға дайындау, отын мен энергия көздерінің қайта жаңғыртылған және дәстүрлі емес түрлерін қолдану мен дамытуға бағыттау;

• электр тарату желісі мен кіші стансалардың жаңаларын салу және қолда барларын қайта жаңғырту, электр энергиясын беру мен таратудағы шығынды төмендету мақсатында есепке алудың (АСКУЭ) қазіргі заманғы жүйесін енгізу.

Индустриаландыру Картасының аясында 2013 жылы 2 инвестициялық жоба енгізілді «Компания A & T - энерго» ЖШС – Тасөткел су қоймасындағы шағын ГЭС, қуаттылығы жылына 9,2 млн. мВт; «ЭнергоСтройПроект» ЖШС – Қарқыстақ өзеніндегі шағын ГЭС, қуаттылығы – 10,13 млн. кВт/сағ. 2014 жылы «Vista International» ЖШС – Қордай жел-электростанциясының құрылысы және іске қосу инвестжобасын іске асыру жоспарлануда.


Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда 2009 жылы 1,1 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, бұл 2008 жылғы деңгейден 37,6%-ға кем. 2010 жылы жұмыс пен қызметті өндіру көлемінің өсімі жинау, өңдеу және қалдықтарды жою қызметтері көлемінің 2,6 есеге өсуінің есебінен 26,3% құрады (1,5 млрд. теңге).

2011 жылы табиғи суды беру қызметінің 5,1%-ға төмендеуінің есебінен жұмыс пен қызметті өндіру көлемі 1,9%-ға (1,6 млрд. теңге) төмендеді.

2012 жылы қалдықтарды жою - 1,7 есеге, су - 7,2%-ға, кәріз жүйесі - 5,9%-ға өсуінің нәтижесінде салада өндіріс көлемі 1,3 есеге өскен (2,1 млрд.теңге).

Салада жұмыстар, жұмыс, қызметтер өндірісінің көлемі 2013 жылы суды өңдеу және бөлу, жинақтау бойынша көлемнің – 1,7%-ға (суды есепке алу құралдарын орнату, «Теміржолсу Тараз» ЖШС-гі және «Теміржолсу Шу» ЖШС-гі кәсіпорындарының бірігуі) және қалдықтарды жинау, өңдеу және жою – 17,1%-ға төмендеуі есебінен НКИ-87,4%, 2,6 млрд.теңгені, құрады.


Өнеркәсіп саласындағы мәселелер

  • негізгі өндірістік қорларды жаңарту деңгейнің төмендігімен олардың тозуының жоғары деңгейі;

  • облыста шикізаттың кокс және аммиак сияқты негізгі түрлері өндірісінің болмауы шығындардың өсуіне әсер етеді;

  • өнеркәсіп салаларының жоғары энергия сыйымдылығы;

  • қайта өндіретін қуаттарды жаңғыртудың төмен деңгейі;

  • білікті кадрлардың және инновациялық менеджмент саласында кадрлардың жетіспеушілігі;

  • өзіндік электроэнергиясының тапшылығы.


Индустриалды-инновациялық даму

Индустриалдандыру картасы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы «2011-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы және Қазақстан Республикасы Президентінің бірқатар жарлықтарын күші жойылған деп тану туралы» №958 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі №302 Қаулысына сәйкес Өңірлік Индустриалдандыру картасы әзірленді, ол облыс әкімдігінің 2010 жылғы 2 маусымдағы №156 қаулысымен бекітілді.

Облыста Үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасына сәйкес экономика салаларын әртараптандыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде. Облыс кәсіпорындарында жаңа өнім түрлері игерілуде, жаңа технология желісі ендірілуде, қосымша құны жоғары бәсекеге қабілетті өнім шығару артуда. Өнеркәсіптік кәсіпорындар өндірістік желісін компьютерлеу процестерін кең қолдануда және өндірісте жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануда.

Сонымен 2010-2014 жылдары индустриаландыру Картасының шеңберінде облыста 113,4 млрд.теңге сомасында инвестиция салынған 29 жаңа өндірістер соғылды. 4455 жұмыс орындары құрылды.



2010 жылы ҮИИДМБ сәтті басталуының арқасында өнеркәсіп дағдарыстан кейінгі жаңа жетістіктерге қол жеткізді, оның шеңберінде облыста 55,4 млрд. теңге сомасында 7 инвестициялық жоба пайдалануға енгізілген, 1958 жаңа жұмыс орындары ашылған (8 кесте).

1. «Жасұлан және К» ЖШС - өнеркәсіптік негізде гүл өндірісі, қуаттылығы жылына 10 млн. дана гүл, құны – 1050,0 млн. теңге, 100 жаңа жұмыс орны ашылды.

2. «АльБасар» ЖШС - гранит пен одан жасалатын бұйымдар өңдейтін цех, құны – 570,0 млн. теңге, 165 жаңа жұмыс орны ашылды. Жобанын қуаттылығы 50 мың ш/м жиектер.

3. «Амангелді ГӨЗ» ЖШС - шикі мұнай өңдейтін зауыт, қуаттылығы жылына 100 мың тонна мұнайды құрады құны – 3,0 млрд. теңге, 100 жұмыс орны ашылды.

4. «Фабрика ПОШ-Тараз» ЖШС - фабрикада жұмыс істеп тұрған цех базасында ТОПС өндіру, құны – 1116,4 млн. теңге, 100 жаңа жұмыс орны ашылды. Қуаттылығы жылына 800 тонна топс.

5. «Мыңарал Тас Компани» ЖШС - қуаты жылына 1,2 млн. тонна цемент шығаратын цемент зауыты, құны – 34,9 млрд. теңге, 350 жаңа жұмыс орны ашылды.

6. «Тараз металлургия зауыты» ЖШС - ферроқорытпа өндірісін кеңейту мен жетілдіру, құны – 11505 млн. теңге, 300 жұмыс орны ашылды. Қуаттылығы 72 мың тонна ферросиликомарганец.

7. «Запчасть» АҚ - электрометаллургиялық кіші-зауыты, құны – 3250,0 млн. теңге, 843 жаңа жұмыс орны ашылған. Қуаттылығы жылына 180 мың тоннаны құрайды.



2011 жылы құны 22,1 млрд. теңгені құрайтын 6 инвестициялық жоба іске асырылып, 1070 жаңа жұмыс орындары құрылды.

1. «Алтыналмас АК» АҚ - «Ақбақай кластері» құрамында алтыны бар кендерді өңдеу, құны - 9620 млн. теңге. 450 жұмыс орны құрылды. Құрамында алтыны бар кендерді өңдеу жобасының қуаттылығы жылына 1 млн. тоннаны құрайды (немесе 1,3 тонна бағалы металл өндірісі).

2. «Энерджи Тараз» ЖШС – кең спекторлы шамдарды өндіру зауытының құрылысы, қуаттылығы - жылына 5 мың шам. Жобаның құны - 129,6 млн. теңге. 20 жұмыс орны құрылды.

3. «Луговой жылқы зауыты» ЖШС - құны 3400 млн. теңгені құрайтын жаңа технологиялар қолданылатын 30000 басқа арналған бордақылау кешенінің құрылысы. 150 жұмыс орны құрылды. Жобаның қуаттылығы жылына 2500 тонна етті құрайды.

4. «ACIG»АҚ – қуаттылығы жылына 500 мың тоннаны құрайтын цемент зауытының құрылысы. Жобаның құны - 8250 млн. теңге, 250 жұмыс орны құрылды.

5. «SUPER PHARM» ЖШС – құны 520 млн. теңгені құрайтын медициналық бұйымдарды өндіру зауытының құрылысы. 100 жұмыс орны құрылды. Жобаның қуаттылығы жылына 15 млн. дана медициналық киімдер шығару.

6. «Бином Строй - Деталь» ЖШС - темірбетоннан бұйымдар өндіру зауытының құрылысы. Жобаның қуаттылығы жылына 10 мың текше метрді құрайды, құны - 150 млн. теңге. 100 жұмыс орны құрылған.

2012 жылы құны 2,1 млрд. теңгені құрайтын 6 жоба іске асырылып, 310 жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде:

1. «Куликов сүт өнімдері» ЖШС - сүт зауытының құрылысы (1 кезең). Жобаның қуаттылығы - жылына 3,6 мың тонна сүтті өңдеу, құны – 225,7 млн. теңге. 50 жұмыс орны құрылды.

2. «Kaz-Ir-Agro» ЖШС - майлы дақылдарды өңдеу зауытының құрылысы, жобаның қуаттылығы - жылына 600 тонна майлы дақылдарды өңдеу, құны - 855,0 млн. теңге. 100 жұмыс орны құрылды.

3. «База-Servis» ЖШС - 1814400 дана кірпіш шығару зауытының құрылысы, құны - 300,0 млн. теңге. 20 жұмыс орны құрылды.

4. «Карат-V» ЖШС - жиһаз ламинатын қаптау және әрлеу бойынша цехын іске қосу, құны 50,0 млн. теңге, қуаттылығы - 3000 м² акрилденген ламинат, 10 жұмыс орны құрылды.

5. «Казфосфат» ЖШС - натрий гексаметафосфатын және тағамдық фосфатты өндіруді ұйымдастыру, қуаттылығы – жылына 5000 тонна, құны - 500,0 млн. теңге. 20 жұмыс орны құрылды.

6. «Та-Мак» ЖШС - макарон өнімдерін өндірудің технологиялық желісін құру. Жобаның құны 180 млн. теңге, 110 жұмыс орындары құрылды. Қуаттылығы - жылына 2 400 тонна.

2013 жылы 20,9 млрд. теңгеге 8 жоба іске қосылып, 626 жұмыс орны құрылды.

1. «Құрылыс-Полимер» ЖШС - пластмасс бұйымдарын өндіретін зауыт. құны - 1776,0 млн. теңге, қуаттылығы - жылына 32 млн. м² изоляторлық плиталар ды құрады, 270 жұмыс орындары құрылды.

2. «Үміт Қордай» ЖШС - сүт өнімдерінің өндірісі, құны - 124,0 млн. теңге, қуаттылығы - жылына 3,0 мың тонна сүт өнімі, 100 жұмыс орындары құрылды.

3. «Компания A & T - энерго» ЖШС - Тасөткел су қоймасында ГЭС, құны - 1050,0 млн. теңге, қуаттылығы - жылына 9,2 мВт, 20 жұмыс орындары құрылды.

4. «Бірлік Энерго» ЖШС - шикі мұнайды өңдеу бойынша зауыт, құны - 199,0 млн. теңге, қуаттылығы - жылына 35 мың тоннаға дейін мұнайды өндіру, 38 жұмыс орындары құрылды.

5. «Казфосфат» ЖШС - күкірт қышқылы цехының құрылысы, құны - 14,0 млрд. теңге, қуаттылығы - жылына 600,0 мың тонна моногидрат, 138 жұмыс орындары құрылды.

6. «Тараз құбыр зауыты» ЖШС - полиэтиленді құбырлар, фитингтер мен тамшылап суару құбырларын өндіру бойынша зауыт, құны - 2424,0 млн. теңге, қуаттылығы - жылына 3,5 мың тонна құбыр өнімдері, 20 жұмыс орындары құрылды.

7. «ЭнергоСтройПроект» ЖШС – Жамбыл облысының Қарақыстақ өзеніндегі шағын ГЭС құрылысы, құны - 1018,0 млн. теңге, қуаттылығы - 10,13 млн. кВт/сағатына, 10 жұмыс орындары құрылды.



8. «Алкопищепром» ЖШС - ауыл шаруашылық шикізатын қайта өңдеу және консервілеу зауыты, құны - 300,0 млн. теңге, қуаттылығы - жылына 2,5 млн. дана, 30 жұмыс орындары құрылды.

2014 жылы құны 25,4 млрд. тенгені құрайтын, 1147 жаңа жұмыс орыны құрылатын 7 инвестициялық жобаның іске асырылуы жоспарлануда. Сонымен қатар, 2014 жылдың бірінші жарты жылдығында «Talas Investment Company» ЖШС – натрий цианидін өндіру зауыты іске қосылып, 491 жаңа жұмыс орны ашылды:

  1. «БиномСтройДеталь» ЖШС – құрылыс материалдары комбинатының базасындағы үй салу комбинатының құрылысы, құны – 500,0 млн. теңге. қуаттылығы – жылына 19 500 м³. 100 жаңа жұмыс орындары құрылды.

  2. «Talas Investment Company» ЖШС – натрий цианидін өндіру зауытының құрылысы, құны – 12,9 млрд.теңге, қуаттылығы – жылына 15000 тонна. 491 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарлануда.

  3. «Vista International» ЖШС – Қордай жел-электростанциясының құрылысы. Құны – 6362,0 млн.теңге, қуаттылығы – 21 мВт. 13 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарлануда.

  4. «Арайстроймаркет» ЖШС –радиаторлар өндіретін шағын зауыт құрылысы, құны – 360,0 млн.теңге, жылдық қуаттылығы – 250 мың дана. 25 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарлануда.

  5. «Central Asia Gold Production» ЖШС – бағалы металл қорытпаларын өндіру бойынша зауыты, құны – 2100,0 млн. теңге, жылдық қуаттылығы – 500 кг. 150 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарлануда.

  6. «Мын-Арал Компаниясы» ЖШС – балық өндеу бойынша зауытын қайта жаңғырту, құны – 600,0 млн. теңге, жылдық қуаттылығы – 1200 тонна. 250 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарлануда.

  7. «Оңтүстік Халал Тағамдары» ЖШС – Халал стандартына сай жоғары технологиялы ет өнімдері өндірісін құру, құны – 2560,0 млн. теңге. Жылдық қуаттылығы – 1757 тонна ет өнімдері. 153 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарлануда.

Сондай-ақ, 2015-2018 жылдары жалпы сомасы 471,3 млрд. теңгеге 7 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда, онда 3112 жаңа жұмыс орындары құру жосапарланған («Тараз металлургиялық зауыты» ЖШС – ферроқорытпа өндірісі мен оның шикізат базасын кеңейту және әртараптандыру 2 кезең, «AlinaHolding» ЖШС - өндіріс кешендерінің құрылысы, «Жамбылгипс» АҚ - өндірісті кеңейту және жетілдіру - жаңа цех құырылысы және қолда бар цехтарды жаңғырту, "Біріккен химия компаниясы" ЖШС - глифосат өндірісі, «Еврохим-Удобрения» ЖШС - Қаратау қаласында минералдық тыңайтқыштарды өндіру бойынша химзауытының құрылысы, «КазБарит» ЖШС – барит рудасын өндіру және қайта өңдеу бойынша тау-кен байыту кешені, «Біріккен химиялық компаниясы» ЖШС – калий сульфатының өндірісі).
Облыста Индустриаландыру картасының шеңберінде іске асырылатын инвестициялық жобалардың тізімі

8 кесте



Жобаның атауы

Жобаның тапсырыс берушілері

Сала

Жобаның құны, млн. теңге

Жыл бойғы жұмыс орындар

Жобалық қуаттылық

Құрылыс кезіндегі

Пайдалануға беру кезіндегі

2010 жыл – 7 инвестициялық жобалар

1

Граниттенжасалған бұйымдарды өндіру

«АльБасар» ЖШС

құрылыс индустриясы

570,0

30

165

50 мың ш/м жиектер өндіру

2

Өндірістік негізде гүл өсіру кешені

«Жасулан и К» ЖШС

АӨК

1050,0

35

100

жылына10 млн. дана гүл

3

Цемент зауыты

«Мынарал Тас Компани» ЖШС

құрылыс индустриясы

34953,0

80

350

жылына 1,2 млн. тонна цемент

4

Ферроқорытпаларын 72,0 мың тоннаға дейін өндіру бойынша металлургиялық зауыт

«Тараз металлургиялық зауыты» ЖШС

металлургия өнеркәсібі

11505,0

230

300

жылына 72 мың тонна ферросиликомарганец өндіру

5

Шикі мұнайды өңдеу зауыты


«Амангелді ГӨЗ» ЖШС

мұнай-газ өнеркәсібі

3000,0

80

100

жылына 100 мың тонна мұнайды қайта өңдеу

6

Шағын электрометаллургиялық зауыты


«Запчасть» АҚ


металлургия өнеркәсібі

3250,0

88

843

жылына 180 мың тонна металл бұйымдарын шығару

7

ТОПС өндірісі

«Фабрика ПОШ - Тараз» ЖШС

жеңіл өнеркәсіп

1116,4

20

100

жылына 800 тонна ТОПС

Барлығы_2010_жылы:__55444,4__563__1958'>Барлығы 2010 жылы:

55444,4

563

1958




2011 жыл - 6 инвестициялық жобалар

8

Ақбақай алтын шығару фабрикасын өнімділігін арттыру

«Алтыналмас АК» АҚ

металлургия өнеркәсібі

9620,0

131

450

жылына 1,0 млн. тоннаға дейін шикізат өнімділігін арттыру (жылына1308 кг бағалы металл)

9

Жарық диодты шамдарды өндіру

"Энерджи Тараз" ЖШС

электр қуаты

129,6

30

20

жылына 5,0 мың шам

10

Цемент зауыты

«ACIG» АҚ

құрылыс индустриясы

8250,0

300

250

жылына 500 мың тонна цемент

11

Бір рет пайдаланылатын медициналық киімдерді өндіру

«SUPER PHARM» ЖШС

фармацевтика

520,0

40

100

жылына15 млн. дана

12

30000 басқа арналған бордақылау кешені

«Луговой жылқы зауыты» ЖШС

АӨК

3400,0

200

150

жылына 2500 тонна ет

13

Темірбетоннан бұйымдар өндіру, құрылыс материалдарының комбинаты

"Бином Строй-Деталь" ЖШС

құрылыс индустриясы

150,0

50

100

жылына10 000 м3 темірбетоннан бұйымдар

Барлығы 2011 жылы:

22069,6

751

1070




2012 жыл - 6 инвестициялық жобалар

14

Макарон өнімдерін өндірудің технологиялық желісі

«Та-Мак» ЖШС

АӨК

180,0

240

110

жылына 2 400 тонна макарон өнімдері

15

Сүт және сүт өнімдерін шығару және өңдеу бойынша кәсіпорын

«Куликовский молочный продукт» ЖШС

АӨК

225,7

40

50

жылына 3,6 мың тонна сүтті өңдеу

16

Майлы дақылдарды өңдеу зауыты

«Kaz-Ir-Agro» ЖШС

АӨК

855,0

70

100

жылына 600 тонна майлы дақылдар

17

Жиһаз ламинатын қаптау және әрлеу бойынша цехын іске қосу

«Карат-V» ЖШС

жиһаз өндірісі

50,0

15

10

жылына 3000 м² акрилденген ламинат

18

Кірпіш зауыты

«База-Servis» ЖШС

құрылыс индустриясы

300,0

15

20

жылына 1814400 дана құм блоктары

19

Натрий гексаметафосфатын және басқа да тағамдық фосфатты өндіру

«Казфосфат» ЖШС

химия өнеркәсібі

500,0

50

20

жылына 4000 тонна Натрий гексаметафосфаты және тағамдық фосфат

Барлығы 2012 жылы:

2110,7

430

310




2013 жыл - 8 инвестициялық жобалар

20

Шикі мұнайды өңдеу бойынша шағын зауыт

«Бірлік Энерго» ЖШС

мұнай газ өнеркәсібі

199,0

32

38

жылына 35 мың тонна мұнай өңдеу

21

Пластмасса бұйымдарын өндейтін зауыт

«Құрылыс-Полимер» ЖШС

резеңке және пластмассалар өндірісі

1776,0

130

270

жылына 32 млн. м² (тор және пленка өнімдері), жылына30 мың м³ (изоляциялық плиталар)

22

Сүт өнімдерінің өндіру бойынша зауыты

«Үміт Қордай» ЖШС

АӨК

124,0

110

100

жылына 3,0 мың тонна сүт өнімі

23

Ауыл шаруашылық шикізатын қайта өңдеу және консервілеу зауыты

«Алкопищепром» ЖШС

АӨК

300,0

20

30

жылына 2,5 млн. шыны құты

24

Тасөткел су қоймасындағы ГЭС

«Компания A & T - энерго» ЖШС

энергетика

1 050,0

100

20

жылына 9,2 мВт

25

Полиэтиленді құбырлар, тамшылап суару құбырлары өндірісі бойынша зауыт

«Тараз құбыр зауыты» ЖШС

құрылыс индустриясы

2424,0

55

20

жылына 3,5 мың тонна құбыр өнімдері

26

Қарақыстақ өзеніндегі шағын ГЭС

«ЭнергоСтройПроект» ЖШС

энергетика

1018,0

80

10

10,13 млн. кВт/сағатына

27

Күкірт қышқылының өндірісі

«Казфосфат» ЖШС

химия өнеркәсібі

14000,0

350

138

жылына 600,0 мың тонна

Барлығы 2013 жылы:

20891,0

877

626




2014 жыл - 7 инвестициялық жобалар

28

Радиаторлар өндірісі бойынша шағын зауыт құрылысы

«Арайстроймаркет» ЖШС

өңдеу өнеркәсібі

360,0

20

25

жылына 250 мың дана

29

Құрылыс материалдары комбинатының базасындағы үй-салу комбинатының құрылысы

«БиномСтройДеталь» ЖШС

құрылыс индустриясы

500,0

50

65

жылына 19500 м³/

30

Натрий цианидін өндіру зауытының құрылысы

TalasInvestmentCompany» ЖШС

химия өнеркәсібі

12900,0

120

491

жылына15000 тонна

31

Қордай ЖЭС құрылысы және іске қосу

«VistaInternational» ЖШС

энергетика

6362,0

17

13

жылына62,6 млн. мВт

32

Бағалы металл қорытпаларын өндіру бойынша зауыты

«Central Asia Gold Production» ЖШС

металлургия өнеркәсібі

2100.0

76

150

жылына500 кг

33

Балық өндеу бойынша зауытын қайта жаңғырту

«Мын-Арал Компаниясы» ЖШС

АӨК

600,0

46

250

жылына1200 тонна

34

Халал стандартына сай жоғары технологиялы ет өнімдері өндірісін құру

«Оңтүстік Халал Тағамдары» ЖШС

АӨК

2560,0

106

153

жылына1757 тонна

Барлығы 2014 жылы:

25382,0

435

1147




2015-2018 жылдар - 7 инвестициялық жобалар

35

Ферроқорытпа өндірісі мен оның шикізат базасын кеңейту және әртараптандыру 2 кезең

«Тараз металлургиялық зауыты» ЖШС

металлургия өнеркәсібі

29 000,0

330

300

ферроқорытпа өндірісін жылына 300,0 мың тоннаға дейін арттыру

36

№ 3 зауыттың құрылысы. Жаңа цех құрылысы мен жұмыс істеп тұрған цехтарды кеңейту және жетілдіру

«Жамбыл-гипс» АҚ

құрылыс индустриясы

1715,0

30

50

жылына270,0 мың тонна құрғақ құрылыс қоспалары және гипсті бұйымдары

37

«Құрғақ құрылыс қоспаларын» және «Гипс» өндіру кешенінің құрылысы

«AlinaHolding» ЖШС

құрылыс индустриясы

3890,0

60

105

жылына 140 мың тонна

38

Глифосат өндірісі

"Біріккен химия компаниясы" ЖШС

химия өнеркәсібі

39540,0

500

300

жылына 10 мың тонна

39

Барит рудасын өндіру және қайта өңдеу бойынша тау-кен байыту кешені

«КазБарит» ЖШС

кен өндіру өнеркәсібі

300,0

100

70

жылына 15 мың тонна

40

Калий сульфатының өндірісі

«Біріккен химиялық компаниясы» ЖШС


химия өнеркәсібі

40283,0

861

287

жылына 300 мың тонна

41

Қаратау қаласында минералдық тыңайтқыштарды өндіру Химзауытының құрылысы

«Еврохим-Удобрения» ЖШС

химия өнеркәсібі

356555,0

3000

2000

жылына 1400 мың тонна минералдық тыңайтқыштар

Барлығы 2015-2018 жылдары:

471 283,0

4 881

3 112




Барлығы

597180,7

7937

8223





Мәселелер

  • қаражат айналымының жетіспеушілігіне байланысты «АСIG» АҚ-ы проблемалы инвестициялық жобасы өндірістік қуатын игермеуі.


Менеджмент және стандарттау жүйесі

ИСО сапа менеджменті жүйесі 2009 жылы облыстағы 233 кәсіпорындар мен ұйымдарда енгізілді.

Оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету саласында 34 ұйым, телекоммуникациялық және байланыс қызметін көрсетуде – 2, стандарттау қызметтерінде – 3, құрылыс-монтаж жұмыстары өндірісінде – 123, денсаулық сақтау саласындағы қызметтер – 3, білім беруде – 3, металлургия өнеркәсібінде және дайын металл өнімдерін өндіруде – 4, химия өнеркәсібінде – 1, жеңіл өнеркәсіпте – 2, сусындар мен темекіні қоса алғанда тамақ өнімдері өндірісінде – 10, басқа салаларда – 48.

Сұраныс халықаралық стандарттармен үлестірілген мемлекеттік стандарттарға, менеджмент, құрылыс өнеркәсібі, метталургия, машына жасау, энергетика жүйесінің стандарттарына 2009 жылмен салыстырғанда 30%-ға артқан.

Облыста шығарылатын өнімнің, жұмыстың, қызметтің халықаралық стандарттар сапасы (ISO – 9000, ISO – 14000 және басқалары) 330 шаруашылық субъектілерінде оның ішінде 2009 жылы – 71, 2010 жылы – 97, 2011 жылы 85, 2012 жылы – 36, 2013 жылы – 92 кәсіпорындарында енгізілген.

Облыста менеджмент жүйесін енгізу мәселелері бойынша халықаралық стандарттарға көшуге отандық өндірушілердің дайындығын анықтау жөнінде Жұмысшы топ құрылды. Техникалық регламенттер мен стандарттарды ендіру және оларға бейімделу мәселелері бойынша «дөңгелек үстелдер» мәжілістері өткізіледі, кәсіпорындарда менеджмент жүйесін енгізу мониторингі жүргізіледі. Облыс әкімінің сайтында техникалық реттеу мәселелері жөнінде ақпарат орналастырылған, кәсіпорындарда менеджмент жүйесін ендірудің мониторингі жүргізілуде.

«Казфосфат» ЖШС, «Тараз металлургия зауыты» ЖШС, «Имсталькон» ЖШС, Тараз желілік-өндірістік УМГ «ИнтергазОрталықАзия» кәсіпорындарында интеграцияланған менеджмент жүйесі енгізілген, оқыған білікті мамандары, аккредитацияланған тексеру орталықтары мен аттестациядан өткен зертханалары бар.

Нормативтік құжаттар (мемлекеттік және мемлекетаралық стандарттарға сұраныс) бойынша кәсіпорындардың: «Казфосфат» ЖШС, «Жамбылдық цемент компаниясы» ЖШС және «Запчасть» АҚ тапсырыстары қаралды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет