БАҒдарламасы орал, 2016 мазмұны 1


Медициналық-демографиялық, эпидемиологиялық жағдайдың



бет6/10
Дата03.07.2016
өлшемі1.38 Mb.
#175374
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Медициналық-демографиялық, эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануы байқалады, бұл жалпы өлім көрсеткіші мен өмір сүру ұзақтығының артуы көрсеткішінде көрінеді.

Күтілетін өмір ұзақтығы 1жасқа көбейді және 2012 жылғы 69,5 жастан 2014 жылы 70,

46 жасқа дейін.

Туу көрсеткіші 2014 жылы -22,23 (2012 ж.- 22,82), халықтың жалпы өлімінің көрсеткіші 2014 ж. – 9,6 ( 2012 ж. – 10,34) құрады.

2012-2014 жылдары 2 денсаулық сақтау объектісі салынды: Зашаған кентінде 1 емхана, Мичурин және Деркөл кенттерінде 2 емхана. Қалалық 300 кереуеттік көпбейінді аурухананың құрылысы жалғастырылуда.

2-сурет

2012-2014ж.ж. аралығындағы жетістік нәтижелері

-2012-2014 жылдар аралығында қала бойынша ана өлімі тіркелген жоқ;

-Нәресте өлімі көрсеткіші 3 жылда 9,3%-ға өскені байқалады, 8,6 (2012ж.) 9,4-ға дейін (2014ж.).

Облыста ана, сәби және бала өлімінің деңгейін төмендету бойынша іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді. Облыс әкімі орынбасарының төрағалығымен ана және сәби өлімін төмендету жөніндегі Облыстық штаб өз жұмысын жалғастыруда. 2014 жылы Облыстық штабтың 3 мәжілісі өткізілді.

Балалар жасындағы ауруларды ықпалдастыра жүргізу (БЖАЫЖ) стратегиясын одан әрі енгізу мақсатында мультимедиялық аппаратуралармен, компьютерлермен, оқыту аппараттарымен, фантомдармен, үлестіру материалдарымен, тақырыптық стенділерімен жарақтандырылған Көп бейінді облыстық балалар ауруханасы базасында оқыту-тренингтік орталығы жұмыс жасайды.

-ҚАЖА-дан (қан айналымы жүйесі аурулары) өлім көрсеткіші 13,81%-ға 316,7 (2012ж.) дан 367,8 (2014ж.) өсіп және ҚАЖА-нен өлім 16,1-ға, 273,6-ден 229,6-ға дейін кеміп отыр. Қан айналымы жүйесі ауруларын скрининг шеңберінде ерте анықтау бойынша 2014 жылы 35319 адам қаралды, 10,2% анықталды, диспансерлік есепке 99,86% алынды. Қанайналым жүйесі ауруларымен ауырған науқастарға медициналық көмек көрсетудің сапасын көтеру үшін Инсульт орталығы ашылды, мұнда ми қанайналымының жіті бұзылуларымен 800 науқас емделді. «Алтын сағат» кезеңінде нейровизуализация көмегін 70% науқас алды.

Туберкулезбен ауру көрсеткіші 19,9%-ға 97,5 (2012ж.) 78,1 (2014ж.) және туберкулезден өлім 100 мың адамға 17,3%-ға (2012ж.)12,6-дан (2014 ж.) 8,6-ға төмендеді. Аурудың асқынған түрлері жоқ.

Қайтыс болған науқастар құрылымында IVсанатты көптеген дәрілерге төзімді туберкулез түрімен ауыратын науқастар саны басым. Туберкулездің созылмалы мультирезистенттік түрінің асқынған формасы туберкулезден өлімнің негізгі себебі болып табылады.

Туберкулезге күдікті адамдардан туберкулезбен аурушаңдықты анықтау үшін микроскопия және диагностикалық алгоритмді өткізу барлық медициналық ұйымдарда пациенттерді мұқият таңдау және туберкулездің жұқпалы формасын анықтауды жақсарту бойынша қолданылатын шаралар жұмыстары жүргізіледі. 2012 жылдан бастап облыстық туберкулезге қарсы диспансер базасында экспресс-тексеру жүргізіледі, тексеруді өткізу үшін HAINTEST және GEINXpert заманауи зертханалық жабдықтары сатып алдынды.

2014 жылы әлеуметтік көмек 77037,1 мың теңге көлемінде 2814 туберкулезбен ауыратын науқастарға көрсетілді.

- Онкологиялық науқастарды 23,4%-ға төмендету 503,1-ден (2012ж.) 385,6-ға дейін (2014ж.) және қатерлі жаңа пайдаболулардан өлім тұрғындардың 100 мың адамға шаққанда 9,1%-ға азайды, (2012ж.) 127,65-тен (2014ж.) 115,94.;

Онкологиялық науқастарды ерте 1-2 сатыларында анықтау есебінен, аурудың асқынған түрлерін (3-4 саты) төмендету және бес жылдық өмір сүру қабілеттілігін арттыру есебінен көрсеткіш 50%-ға төмендеді. 2014 жылы қалпына келтіру және паллиативтік көмекпен 916 науқас қамтылды, онкологиялық сақтық қағидалары бойынша 341 дәрігер, 425 орта медицина қызметкері оқытылды. 2014 жылы ерте диагностикалау 54,0-ден 54,4-ке дейін ұлғайды.

Жедел медициналық көмек жұмысын жетілдіру және автоматтандыру шеңберінде қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы базасында қашықтан басқару және бақылау көмегімен барлық аудандық медициналық ұйымдардың жұмысын бақылайтын АДИС-бағдарламасы орнатылды. Жедел жәрдем жұмысында жаңартулардың енгізілуі пациентке жету уақытының 40%-ға қысқаруына әкелді және «алтын сағат» кезеңінде уақтылы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік туғызды.



Кадрлармен қамтамасыз ету.

Қала бойынша дәрігерлер саны 1146-дан 1188-ге дейін 3,6-ға өсті. (ДСӘДМ жүйесі) жұмыс істейді, 10 мың тұрғынға дәрігерлермен қамтамасыз етілу 42,3 құрайды. Орта медицина қызметкерінің саны -3401,және 10 мың тұрғынға қамтамасыз етілу – 121,1.

2014 жылы 427 дәрігер, 2697 орта медицина қызметкері ел ішінде кәсіби біліктіліктерін арттырады. 14 дәрігер шет елде оқытылды, оның ішінде «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқытылғандар – 5. Қалаға 2014 жылы 32 жас маман келді. Олардың барлығы да жұмысқа орналастырылған.

2014 жылы 1 шілдеден Батыс Қазақстан медициналық колледжі базасында дәрігерлер және орта медицина қызметкерлерінің практикалық дағдыларын жетілдіру үшін аймақтық симуляциялық орталық ашылды. Симуляциялық орталық оқыту-жаттығу құралдарымен, манекен және нақпішіндермен жарақтандырылған.



Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету

Қазіргі уақытта қалада алғашқы медициналық-санитариялық көмекті 7 ұйым көрсетеді, олардың ішінде 6-уы мемлекеттік, 1-уі жеке «Медициналық орталық» ЖШС-і.

2014 жылдан бастап электрондық денсаулық сақтау шеңберінде облыстың МСАК ұйымдарында «Кешенді-жанбасылық нормативке арналған амбулаторлы-емханалық көмек» (АЕК) ақпараттық жүйесі енгізілді.

Облыс емханаларында «Кезексіз емхана» ұранымен әлеуметтік –бағдарланған көмек, соның ішінде «Электрондық үкімет» веб-порталында, халықты бекіту тіркелімі, дәрігерді үйге шақырту, дәрігердің қабылдауына жазылу т.б. мемлекеттік көрсетілетін қызметтер ұйымдастырылды.


ЖММК дамуы

2014 жылдың ағымдағы кезеңінде 673 ЖММК көрсетілді: облыстық клиникалық аурухана – 307 жағдай, облыстық кардиологиялық орталықта - 194 жағдай, облыстық онкологиялық диспансерде - 80 жағдай, облыстық перинаталдық орталықта – 50 жағдай, облыстық көпбейінді балалар ауруханасында - 7 жағдай, «Медициналық орталық» ЖШС-де - 35 жағдай.

Жалпы облыс бойынша травматология, кардиохирургия, офтальмология, нейрохирургия, онкология, гинекология және балалар хирургиясы салаларына жоғары мамандандырылған медициналық көмектің (ЖММК) 90 түрі енгізілді.

Қалада дәрімен қамтамасыз ету 216 дәріхана ұйымы арқылы жүзеге асырылады, дәріхана желісінің жалпы санынан – 4-уі мемлекеттік болып табылады.

Халықты амбулаторлық және стационарлық деңгейде дәрімен қамтамасыз ету 100 % құрады.

Дәрімен қамтамасыз ету және препараттарды тағайындаудың негізділігі мәселелері, қолданыстағы нормативтік актілердің талаптарын сақтау Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының үнемі бақылауында тұр.

Профилактикалық медицинаны және денсаулық сақтаудың әлеуметтік бағыттылығын едәуір күшейту денсаулық сақтау саласындағы негізгі басымдыққа айналады. Осы мақсаттарда қоғамдық денсаулықты қорғау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігі арттырылады, профилактикалық іс-шаралар, скринингтік зерттеулер күшейтіледі, негізгі әлеуметтік елеулі ауруларды диагностикалау, емдеу және сауықтыру жетілдіріледі.

Денсаулық сақтауды азаматтардың өз денсаулығы үшін ынтымақты жауапкершілігі тетігінің енгізілуін ескеріп дамыту басымды бағыт болып табылады. Азаматтардың өз денсаулығы үшін ынтымақты жауапкершілігі қағидасы денсаулық сақтау саласында да, сонымен бірге күнделікті өмірде де мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болуы тиіс. Бұл шылым шегудің, алкогольды шамадан тыс тұтынудың, күйзелістің, дене қимылының төмендігінен және дұрыс тамақтанбаудың салдарынан туындайтын ауруларды қысқартуға мүмкіндік береді.

Қойылған нысаналы индикаторларға қол жеткізу, жаңа инновациялық технологияларды дамыту, медициналық ақпараттық жүйені дамыту, кадрлық әлеуетті дамыту бойынша іс-шаралар одан әрі жалғастырылады.


Денсаулық сақтау бойынша SWOT- талдама

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

  • иммунизациямен жоғары қамтумен көптеген жұқпалы аурулар бойынша тұрақты эпидемиологиялық жағдай;

  • стационарлық көмек көрсететін ұйымдармен қамтамасыз етілу;

  • заманауи медициналық технологиялар мен жоғары мамандандырылған медициналық көмек трансфертінің (бұдан әрі -ЖММК) тәжірибесі;

  • көліктік медицинаның дамуы;

  • аккредиттеу жүйесінің енгізілуі.

  • МСАК-ты қаржыландыру деңгейінің жеткіліксіздігі;

  • денсаулық үшін ынтымақты жауапкершілік тетіктерінің болмауы;

  • еңбек ынтасының және медицина қызметкерлерінің кәсіби төмендігі.

Мүмкіндіктер

Қауіп-қатерлер

  • енгізілген нарықтық механизмдер негізінде әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу;

  • денсаулық сақтау нарығында бәсекеге қабілеттілікті арттыру және денсаулық сақтаудағы мүмкіншілікті тікелей инвестициялар.


Облыстың денсаулық сақтау саласындағы негізгі проблемалар: нәресте өлім-жітімі көрсеткішінің төмендемеуі; халықтың әлеуметтік елеулі аурулармен: қатерлі ісік ауруларымен, қан айналым жүйесі ауруларымен сырқаттануының деңгейі; кадр мәселелері; халықтың тарапынан өз денсаулығы үшін жауапкершіліктің жеткіліксіздігі болып қалуда.
Білім беру

Мектепке дейінгі оқыту.

Мектепке дейінгі ұйымдар желісі 90 бірлікті құрайды, соның ішінде 50 мектепке дейінгі ұйымдар, 1 мектеп-балабақша, 26 жалпы білім беру мектептерінің шағын орталықтары, 7 жеке шағын орталықтары, 6 жеке балабақша. Соларда 13232 бала тәрбиеленеді, соның ішінде 1001 бала шағын орталықтарда, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың саны 10397 құрайды. 3 жастан 6 жасқа дейінгі барлық балалардың саны 11117, бала бақшаға баратын бала саны 10913 баланы құрайды. Кезекте ұйымдастырылған және тіркелген балалардың жалпы саны 15149 құрайды. Балалардың мектепке дейнігі тәрбие мен оқытумен қамтылуы 1-6 жастар аралығында – 58,1 %, 3-6 жастар аралығында – 98,1 % құрайды.

Барлық балаларды балабақшамен қамту үшін 280 орындық 41 балабақшалар салу қажет.

Қалада 3648 бала 27 балабақша қазақ тілінде оқыту және 4725 бала 23 балабақша аралас тілде оқытады.12 арнайы топ 122 баладан 4 балабақша мұмкіндігі шектеулі балалармен жүмыс жасаса, туберкулез ауруымен ауыратын баламен де шипажай балабақшасы жұмыс жасайды.

Соңғы 9 жылдықта 22 балабақша жанадан ашылды.

2006 жылы жобалау қуаттылығы 150 орындық 3 балабақша ашылды: Круглоозерный ауылында 25 орындық балабақша, 2-ші завокзальный тупик мекенжайында орналасқан 100 орындық балабақша, Серебряков ауылында 25 орындық балабақша.

2007 жылы жергілікті бюджеттен Ремзавод ауданында 250 орындық №29 «Балауса» балабақшасы және Механикалық завод ауданында «Чебурашка» балабақшасы сатып алынып, 78,7 млн тенге соммасына ғимаратқа жөндеу жүргізілді.

2008 жылы барлық жобалық қуаттылығы 920 орындық 4 бала бақша ашылды: 7 шағын ауданында №34 «Балбұлақ» және №37 «Жұлдыз ай» шет елдік инвесторлар есебінен салынды, облыстық трансферттер есебінен №35 «Шұғыла» 270 орындық, №45 мектеп интернат ғимаратын №36 «Балақай» 90орындық балабақшаға берілді.

2009 жылы жалпы жобалық қуаттылығы 735 орындық 3 бала бақша ашылды: облыстық трансферттер есебінен №38 «Жазира» 170 орындық Зашаған кентінде сатып алынды, шетелдік инвестиция есебінен Зашаған кентінде №40 «Болашақ» 280 орындық бала бақша салынды, шетелдік инвестиция есебінен 9 шағын ауданында №39 «Салтанат» 280 орындық бала бақша ашылды.

2010 жылы барлық жобалық қуаттылығы 700 орындық 4 бала бақша салынды: №2 балалар үйін жөндеп 4 емханада №41 «Ақтілек» 140 орындық ашылды, медициналық колледж жатақханасын жөндеу жүргізіп №42 «Алтын сақа» 240 орындық бала бақша ащылды, Вальдорф бағытындығы гимназияны №3 ЖОББМ ауыстырып №43 «Өркен» 120 орындық бала бақша ашылды, 4 емхана ауданынды №44 «Мерей» 280 орындық бала бақша салынды.



2011 жылы 580 орынға 5 мкр.-да 2 балабақша және 2012 жылы Самал көшесі бойында 360 орынға № 47 «Байтерек» балабақшасы ашылды. 2013 жылдың қыркүйек айында 350 орынға № 48 «Мурагер» балабақшасы ашылды.

2014 жылы бұрынғы №42 мектеп гимназиясы орнына 360 орындық №49 «Ақниет» бала бақшасы және 360 орындық №50 «Заңғар» бала бақшасы ашылды.

Соңғы жылдары мектепке дейінгі оқытуға қаржы бөлу 50% өсті және 5 бала бақша жөнделді, 3 бала бақша қайтадан сатып алынды. Сонымен қатар 36% 18 бала бақшаға күрделі жөндеу жүргізу қажет етеді.

Жалпы білім беру.

Қалада жалпы блім беретін 48 мектеп бар, бала саны 37579 оқушы және 320 оқушы 4 жеке мектептерде тәрбиеленуде.

Қала бойынша сыныптардың орташа толымдылығы орташа 22,3 оқушыны құрайды. Ана тілінде қазақ ұлты балаларының жалпы санынан 80 % оқиды. Екі ауысымдық тәртібінде 43 мектеп (90%), №38, 35 мектептері, ВБМГ, ЭБМ – бір ауысымда оқиды. Қаланың 5 мкр.-да №42 мектеп-гимназиясының жаңа ғимаратын пайдалануға берілісімен №44 мектепке жүктеліс азайды.

Қала бойынша оқушылардың білімінің сапасы 84,74%, өткен жыл нәтижелерімен салыстырғанда қалыпты. 2014-2015 оқу жылында орта мектеп курсын 1430 түлек және кешкі мектеп курсын 294 түлек аяқтады. Олардың ішінде 945 түлек ҰБТ-не қатысты. Қала бойынша 889 оқушы өте жақсы (жақсы) түлек аяқтады.

2014 жылы Жанаорда ауданында 600 орындық №46 ЖОББМ және 2015 жылы Сарытау ауданында 1200 орындық №47 ЖОББМ ашылды.

Барлық 48 мектептерде 56% ыстық тамақпен қамтамасыз етілді, алыс аймақтардағы 2050 оқушыларды мектептен автобуспен тасымалдау қарастырылған.

Қаланың 48 мектебі интернет желісіне қол жетімділігі бар. Қалада Merits Pythagoras и Байтерек сияқты бағдарламалық пакеттер орнатылған 46 мультимедиалық лингафондық бөлмелер (қажеттіліктен 86,6%) жұмыс істейді.

Қаланың барлық мектептерінде медициналық бөлмелер бар, бөлмелердің жабдықталуы 100% құрайды.

Барлық 2471 мүмкіндігі шектеулі балалар, оның ішінде инклюзивтік оқитын 1475 бала.

Соңғы бесжылдықта 10 мектептер жөнделді. 42% пайызда, яғни 20 мектеп күрделі жөндеуді талап етіп отыр.




    1. Көрсеткіштер

    2. Білім беру.

Мақсат 2.1. – Балалардың қорғау мен заңдық құқықтарын қорғауды өсіру , қолжетімді және арнайы білім беру.
18 кесте



Мақсатты көрсеткіштер

Өлшем

бірлігі


2016

2017

2018

2019

2020

Жауапты орындаушы

11

Апаттық жағдайдағы мектептер саны

өлшем

0

0

00

00

0

ОО

22

Мектептердегі жаратылыстану-матиматикалық бағытты (өте жаксы/жаксы) игерген тұлектер пайызы

%

62,5

62,8

63

63,5

63,8

ОО

33

Мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивтік оқытумен қамтылғаноқушылар пайызы

%

59,8

59,9

60

60,1

60,2

ОО

44

(3-6 жыл) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту

%

98,2

98,4

100

100

100

ОО

55

Мемлекеттік нормативтік жүйеге сәйкес жалпы орта білім берумен мекемелерді қамту.

%

97,9

97,9

97,9

97,9

100

ОО


Қосымша білім беру. 2014-2015 оқу жылында қала мектептерінің оқушылары облыстық жәнге республикалық деңгейдегі 95 әр түрлі сайыстарға қатысты. 1020 бала жеңімпаз және жүлдегер болып жарияланды.

2015 жылы «Атамекен» қала сыртындағы лагерінде жергілікті бюджет қаражаттары есебінен 2 ауысымда нашар қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан балалар, жетім балалар және ата--аналардың қамқорынсыз қалған балалар демалды. 2015 жылы дарынды балалар үшін 50% жеңілдігі бар ауысым - 230 бала.

2013 жылдың мамыр айында ГЦДЮТ және «Атамекен» Э базасында қаланың 230 баланы қамтыған әскерге дейінгі жасқа толмаған жастар үшін әскери-патриоттық жиындар өткізілді.

Білім беру бөлімімен 1700 бала қамтыған «Мирас» және «Рахат» палаталық лагерьлер ұйымдастырылды. Круглоозерное а.-да Круглоозерное ОБМ жанында 30 баланы қамтыған еңбек және демалыс лагері ұйымдастырылды. 2012 жылдың шілде айынан бастап дәстүрлі түрде № 26,17,26,6,3,38,12,24,13,234 ОБМ и Круглоозерное ОБМ-де 600-ден астам бала жалпы қамтуы бар палаталық лагерьлер және девиантты мінез-құлқы бар балалар балалары үшін 230 кәмелет жасына толмаған баланы қамтыған «Кайсар-Мужество» ұйымдастырылды. 20.06.2015 жылға жазғы демалыспен қамтылу 7742 баланы құрады.


Әлеуметтік жетімдікті алдын-алу және балаларды отбасылық жабдықпен қамтамасыз ету.

Қаланың 48 мектебінде өздерінің алдын-алу жұмыстарын ОДН 44 мектеп инспекторы мен ОДН 14 аймақтық инспекторы атқарады. Мектеп ішілік бақылауда (31) және ОДН (149) 180 бала тұрады.

Қаланың 48 мектебінде негізгі міндеті өз құрбыластары арасында құқықтық жалпы оқытуды қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтарды алдын-алу болып табылатын жас полициялардың топтары құрылды.

Қаланың барлық мектептерінде 35759 оқушылар жалпы контингенті бар қамқоршылық Кеңестері құрылды. 13 мектепте төрағалар ретінде мектеп директорлары, ал 8 мектепте төрағалар ретінде ата-аналар қоғамшылдығы болып табылады. Кеңестің негізгі функциясы мектептердің қоғамдық өміріне қатысу, қажеттілік бойынша және әр түрлі акциялар кезінде демеушілік көмек көрсету болып табылады. Кеңес өз жұмысында Қазақстан Республика сының заңдары, мектеп, гимназия, лицей жарғысына, осы ереже және тағы басқа заңнамалық актілеріне сүйенеді.

Қалада 599 жетім балалар, Жалпы балалар саны 0-18 жас аралығындағы 1,2 % ата –анасынан қамқорынсыз қалған балалар, осының ішінде 591 бала асырап алған балалар, 51 бала патронаттық тәрбиеге берілді.

Білім беру бойынша SWOT- талдау

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

  • білімді дамытудың нақты айқындалған басым бағыттары;

  • мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен жоғары қамтылуы;

  • мектепке дейінгі және орта білім объектілері желісінің ұлғаюы;

  • Ұлттық бірыңғай тестілеуде жоғары көрсеткіштер.




  • білім беруді қаржыландырудың жеткіліксіздігі;

  • жоғары білікті педагог кадрлардың тапшылығы;

  • балалар құқықтарын қорғау мамандарының саны жеткіліксіз;

  • білім беру саласында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жүйесі толық дамымаған;

  • білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасының нашарлығы;




Мүмкіндіктер

Қауіп-қатерлер

  • білім беру нысандары құрылысында мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамыту;

  • электрондық оқытуды енгізу;

  • жеке балабақшалар ашу;

  • қосымша білім беру ұйымдарының желісін көбейту;

  • отбасылық үлгідегі үйлерді ашу.




  • білім беру нысанының пайдалану мерзімінің өтуіне байланысты ғимараттардың тозуы;

  • саланы жеткіліксіз қаржыландыру білім беру ұйымының материалдық және техникалық базасының айтарлықтай тозуына әкеліп соғады.

Білім беру саласында мектепке дейінгі ұйымдардағы педагог кадрлардың жоғары емес сапалық құрамына, мүмкіндіктері шектеулі балаларды толық қамту дәрежесінің төмендігіне, мектепке дейінгі ұйымдарға кезектіліктің көптігіне қатысты мәселелер орын алуда (2015 жылдың 1 қаңтарына – 20532 бала).

Демографиялық процестер (туылғандар санының өсуi) және көшi-қон жағдайлары балаларды мектепке дейiнгi тәрбиемен және оқытумен қамтудың төмендеуiне әкелуі мүмкін.

Білім беру объектілерінің пайдалану мерзімінің өтуіне байланысты ғимараттардың тозуы оқушы орындарының тапшылығы мен апатты жағдайдағы және үш ауысымда оқытатын мектептер санының көбеюiне әкеліп соғуы мүмкін. Мектеп ғимараттарына қосымша құрылыс салуды жүзеге асыру, апатты жағдайдың алдында тұрған мектеп ғимараттарына күрделi жөндеу жүргiзу қажет.

Көптеген азаматтардың жетім балаларды отбасыларға орналастыру мәселесіне немқұрайлы қарауы нәтижесінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар саны азаймай отыр. Жетім балалардың және тәуекел тобындағы балалардың мәселелерін шешудің оң тәжірибесін насихаттау, қолдау, дамыту, тарату бойынша белсенді түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

12 жылдық білім беруге көшуге байланысты оқушылар контингентінің өсуі күтіледі. Бастауыш мектепке балаларды қабылдау 6 жастан бастап жүзеге асырылатын болады. 6 жасар балаларға жағдай жасау, қосымша ойын бөлмелерін ашу қажет.

Білім беру саласындағы негізгі бағыттар Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасының, соның ішінде 2010-2020 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасының стратегиялық міндеттерін іске асыруға бағдарланатын болады.

Мектепке дейінгі білім беру саласындағы саясат мектепке дейінгі ұйымдар желілерін кеңейтуге және мектепке дейінгі тәрбие сапасын арттыруға бағытталады.

Жалпы орта білім беру жүйесінде негізгі күш оқыту сапасын арттыруға және ақыл-ойы, дене бітімі мен жан дүниесі дамыған азаматты қалыптастыру үшін барынша жағдайлар жасауға жұмсалатын болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет