Мәдениет
Соңғы жылдары аймақтың мәдениет саласының қызметі бірқалыпты дамуда. 2012-2014 жылдары мәдениет саласына бөлінген қаржы көлемі 1443 млн. теңгені құрады. 2013 жылмен салыстырғанда 2014 жылы бюджеттен бөлінген қаржы көлемі 9,3% өскені байқалады.
2014 жылдың 1 қаңтарына қалада мемлекеттік мәдениет мекемелері қызмет ететін желі: 2 драма театры, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония, облыстық камералық оркестр, 24 көпшілік кітапхана, 5 автоклуб, 2 кинотеатр, 20 аула клубтары, 4 мәдениет және демалыс саябағы, көрме залы, облыстық тарих және археология орталығы, тарихи-мәдени мұраны сақтау мемлекеттік инспекциясы, зағиптар қоғамы, саңыраулар қоғамы клубтарымен қалалық мәдени-ағарту бірлестігі, облыстық халық шығармашылығы орталығы мен жастар шығармашылығы орталығы.
2014 жылы театрлар 455 спектакль қойды, соның ішінде мемлекеттік тілде - 193 (42%). Театр өнеріндегі жаңа қойылымдардың үлесі 3,0% құрады. Есепті мерзімде қазақ драма театры мен А.Островский атындағы драма театр 15 жаңа қойылым қойды.
2012 жылмен салыстырғанда театрларға келушілер саны 4,7 мың көрерменге немесе 6,1% өскен.
Клуб мекемелері 2014 жылы 16140 мәдени-көпшілік шара (фестивальдар, байқаулар, форумдар, акциялар, айтыс, концерт, шығармашылық есеп және т.б) өткізіп, 336 мың адам қамтылды.
2013 жылмен салыстырғанда (16000 мәдени-көпшілік шара, 335,1 мың адам қамтылған) өткізілген мәдени-көпшілік шаралар – 140-қа (1%-ға), келушілердің 0,9 мың адамға (2%-ға) өскені байқалады.
Облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалдары – С.Ғұмаров музейі мен Табиғат және экология музейлерінің экспозициясы 6,2 млн. теңгеге қайта жаңартылып, жалпы сомасы 6,3 млн. теңге құрайтын 302 жәдігер сатып алынды.
Қала кітапханаларының кітап қоры 2235,5 мың дананы (2012 ж. – 2190,4 мың дана) құрайды.
Кітапхананың жалпы оқырмандар саны 95,7 мың, бұл 2012 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 0,4 мың оқырманға көбейген.
Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының сирек кездесетін кітап қорынан 372 кітап сандық форматқа аударылды. 2012-2014 жылдарда барлығы 1138 дана кітап сандық форматқа аударылған.
Республикалық бюджеттің трансферттері есебінен «Жұмыспен қамтудың 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында 2013 жылы мәдениет саласының 7 объектісіне 414,5 млн.теңгеге, оның ішінде облыстың 6 аудандық мәдениет үйі және М.Горький атындағы Орал қалалық кітапханасына күрделі жөндеу жүргізілді.
Жастар мәдениет үйінің төбесіне жөндеу жүргізілді.
Тарихи ғимараттар мен ескерткіштерге жөндеу-жаңғырту жұмыстары жүргізілді: «Братская могила», «Этих дней не смолкнет слава», Мәңгілік Даңқ Алауымен Жеңістің мемориалдық кешені және М.Гаврилов, Т.Масин мен Г.Жуков мүсіндері.
Мәдениет саласы бойынша SWOT-талдау
Күшті жақтары
|
Әлсіз жақтары
| -
аймақтың жоғары тарихи-мәдени әлеуеті;
-
мәдениет саласына, мәдениет нысандарының реконструкциясы мен жөндеуіне бөлінген қаржының көбеюі.
| -
қаланың жаңа шағын аудандарында кітапханалар мен балалар аула клубының, типтік мәдениет үйлерінің ғимараттарының құрылысындағы қажеттілік;
-
ауылдық мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасының төмен деңгейі, ауылдық жерлерде мамандандырылған кадрлардың жетіспеушілігі;
|
Мүмкіндіктер
|
Қауіп-қатерлер
| -
ұсынылатын мәдени қызметтің өсуі мен дамуы;
-
кітапхана процестерін автоматтандыру мен ақпараттандыру.
| -
мәдениет саласы қызметкерлері жалақысының төмен болуына байланысты, еңбек нарығында мамандандырылған кадрлардың айтарлықтай болмауы;
|
Қаладағы мәдениет саласындағы негізгі көрсеткіштер өскенімен, тұрғындардың мәдениет мекемелерінің қызметіне әркелкі қолжетімділігі, мәдениет нысандарының салынуы, сонымен қатар өскелең ұрпаққа тарихи-мәдени мұраның тиісті деңгейде насихатталмауы мәселелері шешілмей тұр. Мысалы, қаланың жаңа шағын аудандарында (4,6,9 ш/а), ет комбинаты ауданында, Желаев ауылы, Серебряков ауылы, Круглоозерный, Зачаган кенттерінде аула клубтары жоқ, кітапханалар саны жеткіліксіз. Тұрғындарға заман талабына сай сапалы мәдени қызмет көрсету үшін мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық жағдайының төмендігі (музыкалық аспаптардың, заманауи жабдықтар мен сахналық киімдердің жоқтығы) кері әсер беріп отыр.
Мәдениет саласының мекемелерінде реставратор, бутафор, бағдарламашылар, шығармашылық көшбасшылар мен жаңа типтегі басқарушы кадрлар мамандары тапшы.
Мәдениет саласының дамуына алдағы уақытта қарастырылатын басты бағыттар:
еңбекке ынтасын, кәсіби табыстарға жетуін қалыптастыратын әлеуметтік бағыттағы ұлттық мәдениет өнімдерінің үлесін көбейту (кино, кітаптар, театралдық қойылымдар, телебағдарламалар);
мәдениет мекемелеріне келушілердің санын арттыру;
аймақтағы тұрғындарды қоғамның дамуына үлес қосуына, әлеуеметтік белсенділік танытуға мәдени-көпшілік шаралар өткізу арқылы тарту.
Үштілділікті дамыту
Қаладағы тіл саясаты Қазақстан халқын біріктіруші фактор ретінде тілдік ортаны дамытуға, сонымен қатар аумақтың лингвистикалық капиталын дамытуға бағытталған.
Қалада мемлекеттік тілді оқыту бойынша «Ағартушы» орталығы, мемлекеттік тілдіоқытатын мультимедиялық кабинет қызмет істейді. Еркін және тегін мемлекеттік тілді үйрену үшін жыл сайын тілді оқыту курстары ұйымдастырылады.
Оқыту процесі мемлекеттік стандарттарға, мемлекеттік тұжырымдама мен келісілген оқу бағдарламаларына сәйкес ұйымдастырылды, оқу үдерісінде оқытудың жаңа технологиялары мен инновациялық әдістері қолданылды.
Сонымен қатар, қалада ресми түрде қазақ тілімен қатар орыс тілі де қолданылады, ағылшын тілін үйренуге барлық жағдайлар жасалған.
2009 жылдан бастап ағылшын тілін меңгерген тұрғындардың үлесін арттыру мақсатында жыл сайын ағылшын тілін оқытудың тегін курстары ұйымдастырылып келеді. 2012-2013 жылдары курсты 1200 адам оқып шықты. Алдағы жылдан бастап оқушылар санын көбейту жоспарлануда.
Қаланың білім беру саласында мемлекеттік тілдің қолданылуында да оң тенденция байқалады. 2014 жылы 49 мектепке дейінгі ұйымдардың 27 (55%) және 22-аралас (45%). 100-ден аса басқа ұлт өкілдерінің балалары қазақ балабақшаларында тәрбиеленуде. 47 мемлекеттік күндізгі мектептердің 20-да оқу қазақ тілінде жүргізіледі,15 мектепте оқыту орыс тілінде және 12 аралас орыс және қазақ тілінде оқыту кластары бар.
БАҚ-та мемлекеттік тіл саясатын орыс тілінде насихаттау, тіл саясаты жөнінде қоғамдық пікір қалыптастыру, мемлекеттік тілді дамыту және қолданыс аясын кеңейту мақсатында жергілікті ТДК-42 телеарнасынан «Язык – зеркало нации» айдарымен 50 орыс тіліндегі, «Ана тілі - бала тілі», «Тіл - парасат көрсеткіші» айдарларымен 24 балалар мен жасөспірімдерге арналған танымдық-тағылымдық бағдарламалар жұртшылық назарына ұсынылды.
Облыстық деңгейде мәнерлеп оқу және орыс жастары арасында тіл біліктілігі байқаулары, мемлекеттік тілді, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген жастар арасында олимпиадалар, мемлекеттік тілді техника тіліне айналдыру мәселелері бойынша ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізіледі.
Қалада 2013-2015 жылдары аралығында ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тестілеу өткізілді. 2013-2014 жылдары 161 мемлекеттік қызметшілер тестілеуге қатысты. 2015 жылы шілде айында тестілеу сынағына қатысқан 13 мемлекеттік қызметші сертификат алды. Қараша айында 102 мемлекеттік қызметші сертификатқа тест тапсырады. 198 білім саласының қызметкерлері дигностикалық тест тапсырады. Бұл жұмыстар алдағы жылдары да жалғасын таба береді.
Ағылшын тілін меңгерген тұрғындардың үлесін арттыру және «Тілдердің үштұғырлығы» жобасын жүзеге асыру мақсатында 2009 жылдан бері тегін ағылшын тілін оқыту курстары ұйымдастырылып келеді.
Ономастика саласындада бірқатар жұмыстар атқарылып келеді.Зашаған кенті әкімдігінің шешіміне сәйкес 53 жаңа көшеге, Круглоозерный кентінде 24 көше жаңа атаулары берілді. Бұл көшелерге Қазақстанның белгілі адамдарының аттары берілді.
«Тілдердің үштұғырлығы» жобасын жүзеге асыру мақстаында жыл сайын тілдер айлығы, мәдени-бұқаралық шаралар өткізіліп келеді.
Тілдерді дамыту бойынша SWOT-талдауы
Күшті жақтары
|
Әлсіз жақтары
| -
мемлекеттік тілді оқыту инфрақұрылымдары: қазақ тілінде білім беретін балабақшалар мен мектептер айтарлықтай кеңейтілген;
-
іс жүргізуді мемлекеттік тілге көшіру үдерісі белсенді жүзеге асырылған;
-
мемлекеттік тілді оқытудың әдістемелік қоры қалыптасуда.
| -
қоғамның мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі біркелкі емес.
-
мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік кеңістікке енгізілуі жеткіліксіз.
|
Мүмкіндіктер
|
Қауіп-қатерлер
| -
мемлекеттік тілді оқыту процесіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізу, интернет-порталдарды жасақтау және тұрақты түрде жаңарту;
-
мемлекеттік тілдің коммуникативтік қызметін нығайту (электронды БАҚ-тағы қазақ тіліндегі көрсетілімін, сондай-ақ мемлекеттік тілдегі баспа БАҚ-тардың көлемін кеңейту).
| -
қазақстандық қоғамдағы тіл мәдениетінің төмендеуі;
|
Қол жеткізген нәтижелерге қарамастан, мемлекеттік тілдің қоғам өмірінің барлық салаларында қолданылу төмендігі байқалады. Саланың ағымдағы және перспективадағы мәселелерінің арасында мемлекеттік тілдің қаржы, бизнес, ғылым, қызмет көрсету, мемлекеттік қызметтер ұсыну салаларындағы төмен қолданысы байқалады және мемлекеттік тілді оқыту әдістемесінің дамуы тиісті деңгейде емес.
Дене шынықтыру және спорт
Орал қаласында 61 спорт түрі дамытылған, оның ішінде: 28 олимпиадалық, 16 олимпиадалық емес, 6 ұлттық, 5 техникалық, 4 мүгедектер және 2 басқа спорт түрлері.
Қала бойынша спорттық ғимараттардың саны 2012 жылмен салыстырғанда 25 бірлікке көбейіп, 352 бірлікті құрады.
8 сурет
Қалада 14 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, спортта дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернат, Облыстық жоғары спорттық шеберлігі мектебі, Олимпиада резервтерін даярлау орталығы және 3 кәсіби клуб (волейбол, футбол, спорттық ойындар) жұмыс істейді.
2014 жылы спортпен тұрақты шұғылданушылардың жалпы саны 77 222 адамды немесе қала халқының 27,3% құрады. Бұл көрсеткіш 2012 жылмен салыстырғанда 3% өскен.
9 сурет
2014 жылы балалар спорт ұйымдарында спортпен шұғылданушылардың саны 2012 жылдан бері 252 адамға өсіп, 5241 адамды құрады.
2014 жылы қалалық және қала аралық деңгейдегі 150 жарысқа 30 000 спортшы қатысты.
2015 жылдың 9 ай ішінде қалада теннис орталығы, Деркул шағын ауданында орналасқан «Орал» дене шынықтыру сауықтыру кешені, Зашаған кенттік округінде орналасқан «Арман» дене шынықтыру сауықтыру кешені және Жаңа орда шығын ауданында орналасқан бір көпфункционалды спорт алаңы қолданысқа тапсырылды.
Спортты дамытудағы SWOT-анализі
Күшті жақтары
Қаланың қолайлы географиялық жағдайы;
Спорттың бұқаралық сипат алуы, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі адамдардың спортпен қамтылуы;
Спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шаралар санының тұрақты өсуі;
Ұлттық спорт түрлерінің серпінді дамуы;
Әлсіз жақтары:
Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін жабдықталған арнайы спорт ғимараттарының жоқтығы;
Мемлекеттік-жеке серіктестік тетіктері қалыптастырылмаған;
Мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру мекемелерінің спорттық материалдық-техникалық базаларының осалдығы;
Нормативтік құжаттық базаның нашар қамтамасыз етілуі.
Мүмкіндіктер:
Дене шынықтыру мен спорт саласында мемлекеттік-жеке серіктестікті дамыту;
Материалдық-техникалық базаны нығайту;
Дене шынықтыру және спортпен белсенді шұғылданатын адамдардың үлесін арттыру;
Ресей Федерациясының көршілес облыстарының және басқа да шетелдердің спортшыларымен қаларалық турнирлер, біріншіліктер өткізу.
Қауіп-қатерлер:
Компьютерлік ойындар сынды ойын-сауық түрлерімен салыстырғанда дене шынықтыру мен спорттың бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуі;
Спорт кешендерінің жетіспеушілігі және дене шынықтыру мен спорт саласының жеткіліксіз қаржыландырылуы бұқаралық спортты дамытуда үлкен қиындықтар туғызып отыр.
Бар факторлық жағдайларды бағалау мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың дене тәрбиесін жетілдіру, оқу орындарындағы оқушылар мен студенттердің дене тәрбиесі, тұрғындар арасындағы дене шынықтыру-бұқаралық қозғалысы, мүгедектердің дене дайындығы, дене шынықтыру мен спортты насихаттау бойынша шаралар алынғанын көрсетіп отыр.
Дене шынықтыру мен спортты дамытуға бірқатар ішкі факторлар, негізінен әлеуметтік-экономикалық факторлар, әсер етеді. Спорттық ғимараттардың тапшылығы мен жеткіліксіз қаржыландыруы спорттың дамуына ықпал ететін ішкі фактор болып табылады.
Қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіп
Қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алудағы басқа мемлекеттік органдармен бірлесе отырып қабылдап жатқан ішкі істер органдарының шаралары облыстағы криминогендік жағдайды тиісті бақылауды жүзеге асыруды, әлеуметтік-құптауға лайық деңгейде ұстауға мүмкіндік береді. Атап айтсақ, есепке алу-тіркеу тәртібіндегі критерийлердің өзгеруіне байланысты, қылмыстың жалпы санының өсуі жедел ахуалдың күрделенуіне әкелмегенмен, соңғы үш жылда қалада аса ауыр қылмыстардың саны (2012 жылы 127-тен 2014 жылы 50-ге дейін) және ауыр қылмыстардың саны (2012 жылы 732-тен 2014 жылы 599-ға дейін) төмендеді.
19-кесте
Тіркелген қылмыстардың деңгейі
Көрсеткіштер
|
2012 ж.
|
2013 ж.
|
2014 ж.
|
2014ж.
2012 ж. %
|
Тіркелген қылмыстар мен оқиғалардың барлығы
|
6169
|
6985
|
6832
|
110
|
олардың
|
|
|
|
|
аса ауыры
|
127
|
67
|
50
|
39
|
ауыры
|
732
|
658
|
599
|
81,1
|
Қабылданған алдын алу шараларының нәтижесінде соңғы үш жылда кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстардың үлес салмағы (2012 ж. 3,0%-дейін төмендеді.
20 кесте
Көрсеткіштер
|
2012ж.
|
2013ж.
|
2014ж.
|
Кәмелетке толмағандар тарапынан жасалған қылмыстардың саны
|
111
|
127
|
90
|
Кәмелетке толмағандар тарапынан жасалған қылмыстардың үлес салмағы, %
|
6,3
|
6,7
|
3,8
|
Сонымен қатар қылмыс жасауға қатысқан кәмелетке толмағандардың басым бөлігі оқушылар болып отыр: 2012 жылы – 73,1%, 2013 жылы – 72,3 % және 2014 жылы – 71,6 %.
Қылмысқа қарсы күрес бойынша жұмыстың басым бағыттарының бірі есептегі контингентпен, әсіресе бұрын сотталған адамдармен профилактикалық жұмыстарды ұйымдастыру. Қабылданған профилактикалық шаралардың нәтижесінде бұрын сотталған тұлғалар тарапынан жасалған қылмыстардың үлес салмағы 2012 жылы 28,9% 2014 жылы 19,7% төмендеді.
21 кесте
Көрсеткіштер
|
2012ж.
|
2013ж.
|
2014ж.
|
бұрын сотталған адамдармен жасалған қылмыстардың саны, бірлік
|
512
|
485
|
466
|
бұрын сотталған адамдармен жасалған қылмыстардың үлес салмағы
|
28,9
|
25,7
|
19,7
|
көшеде жасалған қылмыстар саны, бірлік
|
1818
|
1733
|
1504
|
көшеде жасалған қылмыстар санының үлес салмағы, %
|
30,1
|
25,3
|
22,7
|
Бұрын сотталған адамдардың қайталап қылмыс жасауына ықпал ететін басты жағдай – бұл бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан тұлғалардың әлеуметтік қорғансыз болуы және оларды әлеуметтік бейімдеу механизмінің тиімсіздігі, бұл өз кезегінде бұрын сотталғандар арасында жұмыссыздық деңгейінің өсуіне әкеліп отыр.
Сонымен қатар, криминогендік жағдайдағы оң өзгерістер тұрақты сипатқа ие бола қойған жоқ. 2012-2014 жылдарда көше қылмыстарының саны азайғанымен, олардың үлес салмағы жалпы қылмыс саны бойынша жоғары (2012 жылы – 30,1 %, 2013 жылы – 25,3 % және 2014 жылы – 22,7 %).
Көше және басқа да қоғамдық орындарда криминогендік ахуалдың күрделілігі қоғамдық орындарда, көп қабатты үйлердің аулаларында орнатылған бейне қадағалау камералары желісін одан әрі дамытуды талап етеді.
2012-2014 жылдар аралығында облыста жол-көлік оқиғасы салдарынан 77 адам қайтыс болып (2012 жылы – 26, 2013 жылы – 34, 2014 жылы –17), 1124 адам әр түрлі дене жарақатын алды (2012 жылы – 363, 2013 жылы –416, 2014 жылы – 345).
22-кесте
Жол-көлік оқиғаларының көрсеткіштері
Көрсеткіштер атауы
|
2012 ж.
|
2013 ж.
|
2014 ж.
|
2014 ж. 2012 ж. %
|
Тіркелген ЖКО барлығы
|
320
|
369
|
237
|
74
|
олардың
|
|
|
|
|
Қайтыс болған адамдар саны
|
26
|
34
|
17
|
65,1
|
Жарақат алған адамдар саны
|
363
|
416
|
345
|
95,3
|
Аталған теріс көріністердің басты себебі жергілікті маңызы бар жолдардың техникалық жағдайының өте нашарлығы, көшелердің тиісті деңгейде жарықтандырылмауы, жасанды жол бұдыры, жаяу жүргіншілер мен тротуар қоршаулары санының жеткіліксіздігі екендігін атап өту қажет.
Автомобиль парктері санының өсуі көше-жол желісінің даму қарқынына әсер етуде. Жол қозғалысына қатысушылардың, әсіресе көлік құралдарын жүргізушілер тарапынан жол тәртібінің сақталуы төмен болып отыр.
Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп бойынша SWOT-талдау:
Күшті жақтары
|
Әлсіз жақтары
| -
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғау бойынша жағдай жасалған;
-
облыстық ішкі істер органдарының техникалық қамтамасыз етілуін жаңарту және күшейту жүргізілді.
| -
«мектеп» полиция инспекторларының штат саны тиісті нормаға сәйкес жасақталмаған;
-
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әлеуметтік оңалту және бейімдеу, оларды жұмысқа орналастыру мәселелері деңгейінің жеткіліксіздігі;
-
көшелерде және қоғамдық орындарда қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралардың жеткіліксіздігі;
-
жол қозғалысына қатысушылардың, ең алдымен көлік құралдарын жүргізушілердің тәртібінің төмендігі.
|
Мүмкіндіктер
|
Қауіп-қатерлер
| -
апатты алдын алу субъектілері қызметін үйлестіруді арттыру;
-
құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың санын өсуге жол бермеу бойынша уақытылы шаралар қабылдау;
-
құқық бұзушылықтардың алдын алу жүйесін жетілдіру. Қоғамдық орындарда, көп қабатты үйлердің аулаларында орнатылған бейне қадағалау камераларының желісін кеңейту;
-
жолдардағы құқық бұзушылықтарды автоматты түрде жазып алатын техникалық құралдарды қолдана отырып, жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін нығайту.
|
-
жұмыс орындарының қысқартылуына байланысты жұмыссыздықтың артуына орай қылмыстың, соның ішінде бөтеннің мүлкін ұрлау қылмыстарының өсу қаупі;
-
автомобиль парктерінің күрт өсу қарқынынан жол-көлік оқиғаларының арту қауіпі.
|
Негізгі мәселелер болып табылады:
білім беру ұйымдарына бекітілген ювеналдық полиция қызметкерлері («мектеп» инспекторлары) жетіспейді. Облыс бойынша ювеналдық полиция қызметкерлерінің жалпы саны 17, ал облыс аумағында 58 орта жалпы білім беретін мектеп бар, онда 36,9 мың оқушы, 22 орта-арнаулы оқу орнында 20,9 мыңнан астам оқушы және 3 жоғарғы оқу орнында 28,4 мыңнан астам студент білім алуда;
ІІО-ға есепке қойылғанына қарамастан сотталған тұлғалар тұрғындарды жұмыспен қамту орталықтарына жолданады. Олардың ішінде жұмысқа орналастырылғандары санаулы, күн көріс қамы көп жағдайда қайта қылмыс жасауға әкеліп жатады;
көптеген көшелер мен көп қабатты үйлердің аулаларының жарықтандырылмауы ұрлық пен тонау қылмыстарының жасалуына ықпал етеді;
жол қозғалысына қатысушылардың, ең алдымен көлік құралдарын жүргізушілердің тәртібінің төмендігі.
Аталған мәселенің шешімін табу үшін 2016-2020 жылдар аралығында «мектеп» полиция инспекторлары лауазымдарының штат санын кезең-кезеңмен көбейту қажет, бұл оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарымен ертерек айналысуға мүмкіндік береді;
балалар мен жасөспірімдердің каникул кезінде бос уақыттарын ұйымдастыру, жаңадан сауықтыру лагерлерін, спорт залдар мен алаңдар құру бойынша белсенді жұмыстану қажет;
бұрын сотталған тұлғалар үшін жұмыс орындарына квота бөлу туралы кәсіпорындармен меморандум бекіту;
бұрын қылмыс жасаған тұлғаларды бақылауды қатаңдату, түзелу жолына түспегендерге қатысты әкімшілік қадағалау орнату, мерзімінен бұрын шартты түрде босатылған адамдарды бас бостандығынан айыру орындарына кері қайтару сияқты заңды түрде ықпал ету шараларын қолдану;
2016-2020 жылдар аралығында облыстағы елді мекендердегі көшелерді кезең-кезеңмен жарықтандыру бойынша жұмыстар жүргізу;
жүргізуші кадрларды даярлау жүйесін жақсарту;
жол қозғалысы ережелерін бұзушыларға қатысты жауапкершіліктерді қатаңдату;
техникалық жылдамдық өлшеуіш құралдары және «зияткерлік қиылыстар» желісін ұлғайту.
Ішкі істер органдары тарапынан құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар облыста қылмыстың деңгейін төмендетуге, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етуге, құқық қорғау органдарына деген сенімін арттыруға ықпал етуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |