Бағдарламасы Өскемен қ, 2010 жыл Мазмұны 1


Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін өзі басқару жүйесі



бет6/25
Дата25.02.2016
өлшемі3.7 Mb.
#24156
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

2.2.5 Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін өзі басқару жүйесі


Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін өзі басқару саласында бірыңғай мемлекеттік саяаттыс іске асыру үшін басқару жүйесін жетілдіру, өкілді және атқару органдары жұмыстарының тиімділігін және нәтижелелілігін арттыру қажет.
2.2.5.1 Мемлекеттік басқару.

Өскемен қаласының мемлекеттік органдар құрылымын құрайды: қалалық мәслихат аппараты, қала әкімі аппараты, Меновной ауыл округінің әкім аппараты, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын 13 атқарушы орган.

Өскемен қаласында 2010 жылдың 1 қаңтарында 319 мемлекеттік қызметкер саналған, олардың 4-і саясаттық және 315 әкімшілік қызметкерлер.

Мәслихат аппаратының саны 7 бірлікті құрайды. Жергілікті өкілетті органда депутаттар саны 25 адамды құрайды.

Өскемен қалалық мәслихаты аппаратының қызметі мемлекеттік саясатты іске асыруға, мемлекеттік қызмет көрсетуді жақсартуға, қызметкерлердің мамандық деңгейін арттыру, теориялық және практикалық білімді жаңарту, техникалық мүмкіндіктерді арттыруға бағытталған. Мәслихаттың қызметіндегі басты бағыт өздерінің таңдаушыларымен тығыз қатынас орнату болып табылады. Депутаттардың таңдаушылармен байланысын арттыру, азаматтардың мәселелерін шешуге жедел әрекет ету ақпараттық-коммуникациялық мүмкіндіктерді белсенді пайдалануды болжайды.

Өскемен қаласы әкімі аппаратының қызметі тек ақпараттық, аналитикалық, ұйымдастырушылық қана емес және басқа да әкімдіктің, қала әкімінң және оның орынбасарлары қызметінің қолдауын жоспарлайды. Қазіргі уақытта бірінші жоспарға жергілікті атқару органдарының іскерлігінің координациясын және тиімділігін арттыру кіреді.

Мемлекеттік басқарудың жаңа жүйесін енгізу мемлекеттік органдардың іскерлігінің деңгейінің мөлдірлігін арттыруды қажет етеді. Осы мақсатпен Өскемен қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік өкілетті органдарының виртуалды қабылдау бөлмелері жұмыс істейді, қалалық сайтта үнемі тұрғындардың интерактивті әлеуметтік сауалнамасы жүргізіледі, қаланың дамуы бойынша ең негізгі мәселелерді талқылауға арналған Форум қызмет жасайды. Соңғы мәліметтер бойынша Форумда 1713 адам тіркелген.

Өскемен қаласының www.oskemen.vko. gov.kz ресми сайты қала тұрғындарына қажет максималды базалық ақпаратты қамтиды, оның ішінде: қалалық жаңалықтар, мемлекеттік құрылымнан шыққан құжаттар, қаулылар, анықтамалық ақпараттар, адрестер, телефондар, қабылдау сағаттары, сонымен қатар барлық мемлекеттік бөлімдердіңсенім телефондары, қызметтік өкілдікті бөлу, сонымен қатар әр түрлі қоғамдық ұйымдар, кәсіпорындар және т.б. туралы ақпараттар.

Сайт қазақша, орысша және ағылшын тілдерінде жұмыс жасайды. 2010 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша сайттың орысша версиясында 4771 web-беттер сналды, қазақшада - 1961 web-бет, ағылшыншада – 384 web-бет.

Сайт 36 бөлімнен тұрады: Қала туралы, Өкімет, Форум, Әлеуметтік сала, Ішкі саясат, Экономика, Білім беру, Мәдениет, Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, Денсаулық сақтау, Таңдаулар, Экология, Көлік, ТЖ, Статистика, Спорт және туризм, Анықтамалық қызмет, Құжаттар, Галерея, Сілтеме, Өкіметке сұрақ қой, Азаматтық қоғам, Маңызды мәселелер, Оқиғалар күнтізбесі, Президенттің Жолдауы, Электронды әкімдік, Ауыл шаруашылығы, Бизнес, Құрылыс, Жер мәселесі, Мемлекеттік символдар, Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы, Мемлекеттік органдардың тұрғындар көзімен WEB-Ресурстары, Бос орын, Интерактивті сауалнама, Мемлекеттік қызметтер.

2010 жылдың басынан жаңа айдарлар құрылды:

1. «Өскемен қаласы әкімі И.Ә. Әбішевтің тұрғындар алдындағы есептік кездесулері»;

2. «Өскемен қаласы мемлекеттік мекемелерінің стратегиялық жоспарлары».

3. «Өскемен қаласының бюджеті».

4. «Жеңістің 65 жылдығы».

Ресми сайттың негізгі бетінде 2010 жылға жемқорлықпен күресу бағдарламасын іске асыру бойынша қала бөлімдері бастықтарының есебі, 2010 жылға жемқорлықпен күрес бағдарламасын іске асыруды ақпараттық сүйемелдеудің медиа-жоспары, «Өзіңнен баста» акциясы бойынша материалдар, қала әкімі аппараты және Өскемен қаласы мемлекеттік басқару органдары басшыларының кірістері және мүліктері туралы мәліметтер орналасқан «Жемқорлық» баннері орналасқан.

Жаңа кіші рубрикалар құрылды:


  1. «Дипломмен ауылға»;

  2. Әкімшілік мемлекеттік қызметке түсу, мемлекеттік қызметтің бос қызмет орындары туралы мәліметтер орналасқан «Мемлекеттік қызмет».

  3. «Заңнама».

Өскемен қаласының ресми сайтында тоқсан сайын жаңаратын әр түрлі мәселелер бойынша тұрғындарың пікірін білуге болатын интерактивті ауалнама құрылған.

Қазіргі күні мемлекеттік қызметтердің базалық санатын автоматизациялау аясында төмендегі іс-шаралар іске асырылған.

2010 жылдың ақпанында Өсемен қаласы әкімі аппаратында «электрондық әкімдікті» дамыту бойынша аппарат қызметкерлерінен жұмыс тобы ұйымдастырылды. Жұмыс тобы әкімдіктің бар платформасымен танысып және ары қарайғы әрекет жоспарын анықтады.

Жұмыс тобымен «электрондық әкімдікті» дамыту үшін барлық бағыттарды қамтитын 8 сектор анықталды:

- электрондық құжат айналым секторы;

- жер мен сәулет кадастры және қала кадастырының секторы;

- электрондық қызмет секторы;

- жеке тұлғалар үшін қызметті оңтайландыру секторы;

- СМК ИСО секторы;

- азаматтық кадастр секторв;

- электрондық білім беру секторв;

- ТҮКШ лектрондық секторы.

Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысында ұшқыр аймақ ретінде «Е-акиматты» ары қарайғы дамыту бойынша іс шаралар өткізілуде – 2010-2012жж. Кезеңіне электрондық қызметті енгізу. «НИТ» АҚ, байланыс және ақпараттандыру министрлігі электрондық үкімет орындалудағы бағдарламасы аясында қоғамды дамытудың ақпараттық сүйемелдеу Қорымен электронды мемлекеттік қызметтердің жоба алдылық тексеруі өткізілді.

«Е-әкімдіктің» ИС енгізудің келесі кезеңі қызмет көрсетудің бизнес-процесіне қатысатын мемлекеттік мекемелермен бизнес-процестердің реинжиниринг процесін сипаттаумен электрондық регламентті енгізуді жасау, келісу ұйымдастыру болып табылады.

«Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппараты» ММ Өскемен қаласы әкімі аппаратымен бірге кіріс және шығыс үлгілері жобаларын, сонымен қатар өкілетті мекемелерге берілген бизнес-процестерге толық талаптарды келісті: «Білім беру бөлімі» ММ, «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, «Жер қатынастары бөлімі» ММ, «ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ, «Сәулет және қала салу бөлімі» ММ.

«Е-әкімдіктің» ақпараттық жүйесін енгізу бойынша жоспарлық жұмыстары аясында мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысатын жауапты қызметкерлер заңды тұлға ретінде Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландыру орталығынан электронды сандық қолтаңба алды (ЭСҚ ҰКО ҚР). Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Башысы Орынбасарының 1 наурыздағы № 41-7.83 тапсырмасын іске асыру барысында жеке тұлғаларға, Өскемен қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметкерлеріне және өкілетті мекемелерге ЭСҚ рәсімдеу ойынша жұмыстар ұйымдастырылды.

Өскемен қаласы әкімі аппаратының бірлескен басқару жүйесінің және мемлекеттік қызмет сапасын дамыту саласында негізгі қажеттіліктер мен мәселелері келесіде қорытындалады:

- кешенді стратегиялық құжаттар дайындағанда жергілікті мемлекеттік органдардың ведомство аралық және сала аралық функционалды өзара әрекетінің жеткіліксіз жоғарғы деңгейі;

- жергілікті атқару органдарының мемлекеттік қызметтердің мониторинг жүйесін және сапа бағасын пысықтаудың жетіспеушілігі;

- стратегиялық құжаттар дайындауға және басқару мен дамыту бойынша шешімдер қабылдағанда тұрғындарды және азаматтық қоғам институтын тарту және пікірлерін ескерудің жеткіліксіз деңгейі;

- веб-ресурстар арқылы әлеуметтік маңызды мемлекеттік қызмет көрсету процестерінің қол жетуіне артуы және тиімділігіне қажеттілік.

«е-үкіметінің» базалық құрамдас бөліктерімен ықпалдастық

Е-үкіметінің Өскемен қаласы әкімі аппаратымен жұмыс жүргізілетін базалық құрамдас бөліктері болып табылатындар:



  1. ҚР электронды құжат айналымының бірыңғай жүйесі (ары қарай ЭҚАБЖ).

  2. «Адрестік регистр» мемлекеттік ақпараттық жүйесі.

«ЭҚА бірыңғай жүйесі» (ары қарай ЭҚАБЖ) электронды құжат айналым секторы бойынша: 2010 жылдың 1 шілдесінен бастап өскемен қаласы әкімі аппаратында тәжірибелік пайдалануға электронды құжат айналымның бірыңғай жүйесі (ЭҚАБЖ) енгізілді. Өткен уақытта оны жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілді, жеке сканерлеу, есеп, ескерту модулі енгізілді, корреспондент және тұтынушы базасы жасалды. ҚР КППСиСУ ГП жеке және заңды тұлғалар өтініштері бойынша анықталған мәліметтерді беру үшін тұлғалар өтініштері бойынша есеп және ескертулер бойынша түсірілу, сонымен қатар жоғары буын басшылары, жеке бөлім бастықтары және Өскемен қаласы әкімі аппараты басшыларының орындалуындағы құжаттар және азаматтар өтініштері, сонымен қатар мерзімі өткен құжаттардың түсірілуі іске асырылды. Жүйені жаңғырту жалғастырылуда. Қазіргі уақытта «НИТ» АҚ азаматтар өтініштері бойынша тоқсан сайынғы есептер жасалуда, сонымен қатар ведомство аралық деңгейге өту үшін құжаттардың жаңа қалыптары пайдалануға енгізілуде.

Қазіргі уақытта жүйеге қала әкімі аппаратының барлық қызметкерлері қосылған, сонымен қатар 10 жеке бөлімдер. 2011 жылы ЭҚАБЖ-ға ЖӨӨБК және Меновной ауылдық округі әкімі аппаратын қосу жоспарлануда. Сонымен қатар, ведомство аралық деңгейге өту мақсатында қараша айының басынан «НИТ» АҚ кызметкерлерімен әр бөлімде ЭҚАБЖ енгізуге техникалық дайындық сәйкестігіне тексерулер өткізілуде. Тексерулер нәтижесі бойынша ЭҚАБЖ енгізуге және сүйемелдеуге 2011 жылға бюджеттік қаражаттар салынатын болады, сонымен қатар компьютердік техника доукомплектациясына және жүйемен жұмыс үшін жергілікті желіні құруға. Ведомство аралық деңгейге өту мақсатында электронды құжатқа қол қою үшін жоғары бөлім басшылары және кеңсе қызметкерлерімен 6 дана E-Token электронды тасығыштары сатып алынды.

Күн сайын жүйемен жұмыс бойынша электронды құжатайналым қатысушыларымен кеңестік жұмыстар, сонымен қатар кеңсе қызметкерлері және жеке бөлімдердің іс жүргізушілері «НИТ» АҚ өкілдерімен бірге жоспарлық оқыту жүргізіледі.

Қазіргі уақытта электрондық құжат айналым базасында 2500-ден артық азаматтар өтініші, сонымен қатар 1000-нан аса құжаттар мен хаттар тіркелген.

Жүйені жаңғырту бойынша жұмыстар келіп түскен өтініштер және кеңсе талаптарына сәйкес жалғастырылуда.

Бюджеттің шығындарын төмендету үшін «НИТ» АҚ алдында қоғамдық қол жеткізу пункттері (ҚҚЖП) 28 ҚҚЖП санында дербес қызмет көрсетуге алынған. «НИТ» АҚ ҚҚЖП-ларды қамтамасыз ету үшін алғашқы салынған шығындар сомасы қысқартылды.

Интернет ҚҚЖП желісіне қосылуға шығындарды оңтайландыру мақсатында Интернет желісіне қосылуға ең сәйкес тарифті жоспарды таңдауға мүмкіндік беретін әр қосылу орны бойынша Веб-ресурстарға ай сайынға келушілік мониторингі өткізіледі.

ЭП және қол жеткізу механизмі базалық инфрақұрылымының даму аясында мемлекеттік орган және мекемелер арасында ақпараттық аламсуды қамтамасыз ететін телекоммуникациялық инфрақұрылымды көрсететін Бірыңғай тасымалдау ортасы (ары қарай БТО) құрылды. Қазіргі уақытта БТОға Өскемен қаласы әкімі аппараты және 10 ведомствоға қарасты бөлімдер қосылған: «Білім беру бөлімі» ММ, «Жұмыспен қамтамасыз ету және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, «Жер қатынастары бөлімі» ММ, «Түкш. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ, «Сәулет және қала саул бөлімі» ММ, «Ішкі саясат бөлімі» ММ, «Кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ, «Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ, «Құрылыс бөлімі» ММ, «Дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ.

«Бір терезе» принципі бойынша сапаны арттыру және мемлекеттік қызметті қол жетерлік алуының құралдарының бірі халыққа қызмет көрсету Орталығы болып табылады (ары қарау ХҚКО).

Елбасының 2005 жылғы 18 ақпандағы «Қазақстан


экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару
жолында» Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында және 2007 жылғы 5 қаңтардағы № 1 Үкімет Қаулысын орындауда ҚР әділет министрлігімен мемлекеттік мекемелерді – халыққа қызмет көрсету орталығын (ХҚКО) құру және ашу бойынша шаралар өткізілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қаулысына сәйкес ХҚКО баламалы және баламасыз негізде өтініштерді қабылдау және құжаттарды беру бойынша тұрғындарға мемлекеттік қызметтердің 67 түрін көрсетуді қамтамасыз етеді. Өскемен қаласының аумағында «Шығыс Қазақстан облысындағы № 1 ХҚКО», 2 Өскемен филиалы, сонымен қатар Согра және Меновной аймақтарының филиалдары орналасқан.

2008 жыл кезеңінде 157 551 құжат берілді (149 673-жеке тұлғаларға, 7 878 – заңды тұлғаларға), 2009 жылы – 291 636 құжат (272 809 – жеке тұлғаларға, 18 827 – заңды тұлғаларға).
2.2.5.2 Гендерлік саясат

Өскемен қаласында 2010 жылдың 1 қаңтарында 300342 адам тұрған. Тұрғындардың жалпы санында әйелдер саны 165775 адам құрады немесе 55,2%. Әйел адамдар ер адамдармен бірге қаланың экономикалық қызметінің барлық саласында белсенді қатысады. Олардың үлесі жалданған жұмысшылардың жалпы санының 46,5% құрады,бұл 2008 жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінен 0,3%-ға артық. Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет саласында саладғы жұмыс бастылардың жалпы санынан әйел адамдар 85,1% құрайды (2008 жылы 84,6%), қонақ үй ресторнадық бизнесте – 80,3% (2008 жылы 82,9%), білім беру саласында – 77,5% (2008 жылы 73,2%), басқа да коммуналдық, әлеуметтік және арнайы қызметтерде – 62,6% (2008 жылы 60,1%), сауда және үй шаруашылығын жүргізу бойынша қызметтерде – 47,0% (2008 жылы 48,6%).

Экономикалық қызметте әйелдердің пайыздық салмақ үлесі 2008 жылмен салыстырғанда 2009 жылы білім беру саласына, басқа да коммуналдық, әлеуметтік және арнайы қызмет, қаржы қыземті жағына қарай өсті. 2009 жылы әйелдердің пайыздық үлес салмағы қонақ үй ресторандық бизнесте, сауда және үй шаруашылығын жүргізу бойынша қызметтерде азайды.

Ер және әйел адам еңбекақысындағы айырмашылық сақталуда. Орташа қала бойынша ерлердің еңбек ақысы әйел адамдарға қарағанда 29,2%-ға артық. Өнеркәсіпте – 21,9%, құрылыста – 19,5%, саудада – 18,7%, қаржылық қызметте – 21,3%. Басқа салаларда еңбек ақы әйелдерде ер аламдарға қарағанда 0,1 – 38,4% аз.

Еңбек ақы ер адамдарда 2009 жылы орта 67459,7 теңге деңгейде қалыптасты және 2008 жылдың деңгейінен 7,3%-ға артық. Әйел адамдардың сол кезеңдегі еңбек ақысы 11,5%-ға артты және 52214,4 теңгені құрады. Әйел адамдардың еңбек ақысы ер адамдардың еңбек ақысына қатынасы 77,4% құрады, 2008 жылы – 74,5%.

Қаланың саяси өміріне әйел адамдар да қатысады. Өскемен қалалық мәслихатының 25 депутатының 5-і әйел адамдар, 3 қала әкімі орынбасарының 1-і әйел, 12 қаланың атқарушы билік органдарының басшыларының 3-і әйел адамдар. Өскемен қаласына 1 Меновной ауылдық округі жатады, әкімі мен әкім орынбасары ер адамдар.

Берілген мәліметтерден көрініп тұрғандай, қалалық деңгейдегі өкілетті органдарда әйелдер үлесі тек 20% ғана құрайды, атқарушы органдарда – 23,5%.

Мықты жақтары:


  • Әйелдер саны тұрғындардың жалпы санынан 55,2% құрады.

Экономикалық қызметтің кейбір түрлері бойынша әйелдер үлесі асып түседі.

Әлсіз жақтары:

  • Биліктегі шешім қабылдау деңгейінде әйелдер жеткіліксіз іске тартылған.

  • Ер және әйел еңбек ақыларында айырмашылық сақталуда.

Мүмкіндіктер:

  • Әйелдердің құқығы мен мүмкіндіктерін кеңейтудің саяси жылжуы.

Қауіптер:

  • Әйелдердің құқығын сақтамау.

  • Жыныстық ерекшеліктері бойынша әйелдерді дискриминациялау.


2.2.5.3 Қала бюджеті

Өскемен қаласының бюджеті әрекеттегі заңнама есебімен бар салықтық база негізінде және жеке кірістерінің жылдық деңгейімен құралған.

Өскемен қаласы бюджетінің көлемі құрады: 2007 жылы – 11 082,5 млн. теңге, 2008 жылы – 10 154,4 млн. теңге, 2009 жылы – 16 145,9 млн. теңге, оның ішінде жеке кірістердің үлесі құрады: 2007 жылы – 68,5%, 2008 жылы – 68,1%, 2009 жылы – 47,1%.

Облыстың ірі кәсіпорындарының қаржылық-шаруашылық қызметінің тұрақсыздығынан, әлемдік қаржылық дағдарыс және 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасынң жаңа Салықтық кодексініңенгізілуіне байланысты экономиканың шикізаттық емес секторына салықтық жүктің азаюымен байланысты 2008, 2009 жылдары жеке кірістер түсімдерінің базалық жылға 23%-ға төмендеуі байқалуда.

Трансферттер және жоғары тұрған бюдеттен субвенция үлесі құрады: 2007 жылы – 24,8%, 2008 жылы – 26,2%, 2009 жылы – 47,3%.

Жыл сайын тұрғын үй құрылысын дамыту Мемлекеттік бағдарламасына республикалық бюджеттен несиелік ресурстар бөлінуде. 2007 жылы 648,2 млн. теңге бөлінді, 2008 жылы – 573,0 млн. теңге, 2009 жылы – 896,0 млн. теңге.

Қала бюджетінің шығыс бөлігі 2007 жылы 99,5%-ға орындалды, 2008 жылы – 97,9%, 2009 жылы – 99,3%.

Бюджеттің шығындарын қаржыландыру ел Президенті анықтаған приоритеттерден шыға отырып, дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру, ауданды дамыту аймақтық бағдарламалары аясында іске асады.

Экономикалық дағдарыстың әсер етуіне төтеп беру үшін ел Үкіметімен дағдарысқа қарсы шаралар жасалды, оның ішінде «Жол картасы» аясында қарастырылған бюджеттік шығындар арқылы қарастырылғандар да болды. 2009 жылы оы бағдарлама аясында орындалған шаралар аймақтың шаруашылық қызметінің әр түрлі салаларында ағымдық және күрделі жөндеу жүргізуге мүмкіндік берді және дағдырыс кезеңінде жұмыссыздық деңгейінің айтарлықтай әсер етті. «Жол картасы» бағдарламасына 2009 жылы 6 017,5 млн. теңге сомасындағы қаражаттар бағытталды.

Осылай, сыртқы факторлармен пайда болған қиын экономикалық жағдайларда тек бюджеттің әлеуметтік бағытын сақтап қалуды ғана емес, сонымен қатар бюджеттік шығындар арқылы дағдарыстың салдарын жеңілдету үшін шарттарды құруға септігін тигізді.



Коммуналдық меншік жүйесін басқару тиімділігін арттыру

2007-2010 жылдар кезеңінде коммуналдық меншікті басқару бойынша жұмыстарының негізгі бағыттарының бірі Өскемен қаласының коммуналды меншік мүлкінің тізімін жүргізу болып табылады, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 шілдедегі № 833 «Жеке негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналған (айналуға жататын) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және ары қарайғы пайдаланудың бірнеше мәселелері» Қаулысына сәйкес иесіз мүліктерді анықтау, есепке алу және ары қарайғы пайдалану бойынша шараларды іске асыру.

2010 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қалалық сотының шешіміне сәйкес иесіз және қалалық коммуналдық меншікке түскен 5 нысан анықталды.

Қала әкімдігінің заңды тұлғалар балансында 330 жылымайтын мүлік нысаны бекітілген (әкімгерлік ғимараттар мен бөлмелер), автокөліктік жабдықтардың 218 бірлік; 431 құрылыс (гараждар, қоймалар, сукернеуіш мұнаралар және т.б.); 18 668 негізгі қаражааат атаулары.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет