БАҒдарламасы өскемен қ., 2012 жыл 1 паспорт



бет4/19
Дата24.02.2016
өлшемі9.73 Mb.
#12196
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

2.2.1.2 Өнеркәсіп.


Шығыс Қазақстан облысы Қазақстанның өндірісі дамыған өңірлерінің бірі болып табылады. Мұнда түсті металургия, машинажасау, энергетика, тағам, жеңіл және ағаш өңдеу өнеркәсібі, құрылыс индустриясы шоғырландырылған.

2010 жылға 641,3 млрд. теңгеге тауар өндірілді, бұл қолданыстағы бағада 2007 жылдың деңгейімен салыстырғанда 33,3% есе көп, республикалық көлемде – 5,4%. 2010 жылы табиғи көлем индексінің құлдырауы тоқтатылды, 2010 жыл қорытындысы бойынша ТКИ 2007 жыл (107,1%) көрсеткішінен артып, 107,3% құрады.


2007-2010 жылдардағы өнеркәсіптегі тауар өнімінің табиғи көлем индексі және өндіру көлемінің өзгеру динамикасы

4 сурет.

Өңір өнеркәсібі үш саланы қамтиды: тау-кен өндіру өнеркісібі, өңдеу өнеркәсібі және электр энергия, газ бен суды өндіру және тарату.

Таукен өнеркәсібінің негізін 62 жұмыс істейтін кәсіпорын, оның ішінде 47 шағын кәсіпорын, 11 орта кәсіпорын және 4 ірі кәсіпорын құрайды, олар кең тараған пайдалы қазбалар өндірумен айналысады.

Тау кен өнеркәсібінің өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінде 18,1% құрайды.

2010 жылы 115,9 млрд.теңгенің тауарлық өнімі шығарылды, бұл 2007 жылдың деңгейінен қолданыстағы бағадан 38,7 % артық, ал республикалық көлемдегі үлесі – 1,6%, таукен өнеркәсібі өнімінің табиғи көлем индексі 89,9% құрайды.
2007-2010 жылдардағы таукен өнеркәсібіндегі тауар өнімінің табиғи көлем индексі және өндіру көлемінің өзгеру динамикасы

5 сурет.
Таукен өнеркәсібіндегі 4 жылдағы тауар өнімінің өндіріс серпіні тұрақты өсімді көрсетеді, алайда өндіру көлемі әлемдік қор биржасындағы металдарға баға серпініне тәуелді екенін ескере кету қажет.

Өңірдің минералды-шикізат кешенінің перспективті ресурсты базасын дамыту пайдаланылатын қорды өсіру мақсатында ауқымды іздестіру және іздестіру- бағалау жұмысын өткізуді талап етеді.

Өнеркәсіп өнімін әртараптандырудың негізі болып табылатын өңдеу өнеркәсібіне келесі кіші салалар кіреді: металлургиялық өнеркәсіп және дайын металл бұйымдарын жасау (саладағы үлес салмағы 57,2%), машина жасау (13,7%), өзге де металл емес минералдық өнімдер өндірісі (7,2%), резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру (1%), химиялық өнекәсіп (2,5%), целлюлоздық-қағаз өнеркәсібі және баспа ісі (0,8%), ағаш өңдеу және ағаштан бұйымдар жасау (0,4%), тоқыма және тігу өнеркәсібі (0,4%). Өндеу өнеркәсібінде 798 кәсіпорын, соның ішінде 103 ірі және орта кәсіпорын қамтылған.

Өңдеу өнеркәсібінің облыстың өнеркәсіп әлеуетінің жалпы көлеміндегі үлесі 72,2% құрайды.

2007-2010 жылдардағы өңдеу өнеркәсібіндегі тауар өнімін өндіру динамикасы

6 сурет.
2010 жылы өңдеу өнеркәсібінде 463,2 млрд. теңге сомасына тауар өнімі өндірілді, бұл 2007 жылдың деңгейіне 127,0%, республикалық көлемде – 12%, табиғи көлемнің индексі 117,8% құрады, бұл 2007 жылғы деңгейден 7,7 пайыздық тармаққа жоғары.
2007-2010 жылдардағы металлургия өнеркәсібіндегі тауар өнімі өндірісінің табиғи көлем индексінің динамикасы

7 сурет.
Түсті металлургия саласының жүйе құраушы кәсіпорындары «Қазмырыш» ЖШС, «Өскемен титан-магний зауыты»АҚ, «Қазақмыс»корпорациясы» ЖШС, «Үлбі металлургия комбинаты» АҚ болып табылады.

2010 жылы кіші саладағы табиғи индекс көлемі 114% жетті (6 сурет) және 2007 жылмен салыстырғанда 8,7 пайыздық тармаққа өсті.



Машина жасау кешені өңірдегі динамикалық дамып келе жатқандардың бірі болып табылады. Өңірде машинажасау өнімін шығаратын 130 аса шаруашылық субъектісі белсенді жұмыс істейді. Барлық кәсіпорындар типінің өнеркәсіп өндірісі құрылымында 18 ірі және орта кәсіпорындардың үлес салмағы артады, олардың машинажасау көлеміндегі үлесі 80% -дан көп. 2010 жыл қорытындысы бойынша машина жасаудағы өндірілген өнеркәсіп өнімінің көлемі 63,7 млрд. теңгені құрады. «Автокөліктік құралдар өндірісінде» өнеркәсіп өнімінің табиғи көлем индексі 2,1 рет өсті.

Кіші саланың қарқынды өсуімен қатар бірқатар шешілмеген проблемалар бар:

өндіріс тиімділігін арттыруға кедергі келтіретін жабдықтың тозуының жоғары деңгейі (43-80%);

шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі, шектелген номенклатура және өнімнің ішкі тұтыну үлесінің төмен болуы;

қолда бар өндіріс қуаттарының толық пайдаланылмауы;

саланың төмен инвестициялық тартымдылығы және кәсіпорындардағы айналым қаражатының тапшылығы;

машинажасау кешені инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуы:

инфрақұрылымның айтарлықтай бөлігінін айырылуы (ғылыми-зерттеу институттары, конструкторлық бюро, тәжірибелік-эксперименталды база, сынақ өткізу және техникалық бақылау орталығы);

жоғары қосылған құны бар ғылымды қажетсінетін жоғары технологиялық бұйымдар өндірісіндегі төмен үлес.

Құрылыс материалдарын өндірумен 71 жуық ірі және орта кәсіпорындар айналысады. Құрылыс индустрия кәсіпорындары өнімнің үлкен ассортиментін өндіреді: цемент, керамикалық, силикат және шлак кірпіш, асбоцемент бұйымдар, шифер, тауар бетоны, бетоннан жинақталған құрылыс құрылымдар, керамикалық бұйымдар, тастан жасалған бұйымдар және т.б.

Құрылыс материалдары өнеркәсібінде өндіріс қуаттарының моралдық және табиғи ескіруі жалғасуда және, күтілетін экономикалық өсу кезеңінде, олар сапалы және бәсекеге қабілетті өнім шығара алмайды. Мәселен, «Бұқтырма цемент компаниясы» АҚ, «Семей цемент зауыты» ЖШС қолданыстағы зауыттарында цемент ескірген энергия шығынды «сулы» тәсілімен өндіріледі.

Соңғы жылдары облыста чех технологиясы бойынша керамикалық кірпіш, пластмассалық құбырлар, метал жабынқыш, пластмассадан жасалған ағаш бұйымдарын, құрғақ қоспалар, лак және бояу материалдарын және т.б. өндіру бойынша өндіріс орын алды. Құрылыс материалдар өндірісінің жыл сайынғы өсуі ішкі нарыққа, әсіресе тұрғын үй нарығына біркелкі сұраныстың болуымен қамтамасыз етілген.

Осы кіші салаға мынадай проблемалар тән:

өндірістің жоғары энергия сыйымдылығы;

негізгі қорларының тозуының жоғары деңгейі;

өнім өндірісінің жоғары өзіндік құны.

Құрылыс материалдары кіші саласындағы табиғи көлем индексі және тауар өнімі өндірісі өзгерісінің динамикасы 7-суретте көрсетілген.


2007-2010 жылдардағы құрылыс материалдары кіші саласындағы табиғи көлем индексі және тауар өнімі өндірісінің өзгерісінің динамикасы

8 сурет


Жеңіл өнеркәсіпте кәсіпорындардың 80 %-ын шағын және орта бизнес субъектілері құрайды, сондай-ақ сала кәсіпорындарының 75% ескірген жабдықтармен қамтылған, олардың жұмысының жүктемесі 30-40% аспайды.

Кіші саланың проблемалары:

- ішкі нарықтың жосықсыз импорттан қорғалмауы;

- айналым қаражаттарының жеткіліксіз болуы;

- технологиялық жабдықтың төмен деңгейі, оның моральдық және табиғи тозуы;

- екінші деңгейдегі банктердің несиелеу ставкаларының жоғары болуы;

- өндірілетін өнімнің бәскеге қабілеттілігінің төмендігі.

Ағаш өңдеу өнеркәсібінің орман шикізатын дайындайтын ағаш дайындаушыларға бекітілген барлық көлемді қайта өңдеу үшін өндіріс әлеуеті бар. Сала кәсіпорындарының көп бөлігі арамен кесу материалдарын ағаш дайындау тұрғын үй құрылысына арналған бөренелер, терезе және есікке арналған блоктар, жиһаз өндіруге мамандандырылған шағын бизнес субъектілері болып табылады.

2002 жылдан бастап қолданыстағы орман ресурстарының шикізат базасы тиімді пайдаланылмайды, ағаш өңдеу өнеркәсібінің өндіріс қуаттары орташа алғанда 20-40 % жұмыс істейді. Орман өнеркәсібі кешенінің жалпы ішкі өнімдегі орта әлемдік үлесі 3-3,5% құрайды. 1990 жылға дейін орман өнеркәсібі кешенінің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 4,7% жеткен. Бүгінгі күні осы көрсеткіш тек қана 0,2% құрайды.

Ағаш өңдеу өнеркәсібіндегі табиғи көлем индексі және тауар өнімі өндірісі өзгерісінің динамикасы 8-суретте көрсетілген.

Сүректі өңдеу және ағаштан жасалған бұйымдар өндірісінің көлемі 2009 жылы 1906,2 млн. теңгені құрады. Өнеркәсіп өнімінің табиғи көлем индексі 110,7% құрады.


2007-2010 жылдардағы арналған ағаш өңдеу өнеркәсібіндегі табиғи көлем индексі және тауар өнімі өндірісінің динамикасы

9 сурет.


Кіші саланың проблемалық мәселелері:

- төмен тауарлы және отын сүрегін кәдеге жарату бойынша өндірістің болмауы;

- кеден аумағында сыртқы экономикалық қызметке, барлық ағаш тұқымдас өнімдерінің экспорты мен реэкспортына тыйым салу.

Тамақ өнімдерін өндірумен, соның ішінде сусындар өндірумен 203 жұмыс істейтін, соның ішінде 27 ірі және орта кәсіпорындар мен өндірістер айналысады.

2010 жылы салада 60,7 млрд.теңгенің тауарлық өнімі шығарылды, бұл 2007 жылдың деңгейінен 40,8% артық, табиғи көлем индексі 121,7% құрады.


2007-2010 жылдардағы тамақ өнімдерінің, соның ішінде сусындардың табиғи көлем индексі және өндірісі динамикасы

10 сурет

Саланың негізгі проблемасы өндіріс үрдістерін механизациялау және автоматтандырудың төмен деңгейі, сала кәсіпорныбұрын пайдалануда болған өндірістік және технологиялық жабдықтармен жарақталған, олар физикалық және моральді тозған, бұл бәсекеге қабілетті өнім шығаруға мүмкіндік бермейді.

Химия өнеркәсібінде 26 кәсіпорын жұмыс істейді, олар негізінен таукен және металлургиялық өнеркәсіпке арналған өнім шығарады (қышқыл, газдар, жарылғыш заттар және басқалар).

Өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінде химия өнеркәсібінің үлесі 1,8% құрайды.

2010 жылы 11,7 млрд.теңге сомасына тауар өнімі өндірілді, бұл 2007 жылдың деңгейінен қолданыстағы бағада 2,5 % төмен, химия өнеркәсібінің өнім өндірісінің табиғи көлем индексі 89,9% құрады.
2007-2010 жылдардағы химия өнеркәсібінің табиғи көлем индексі және өндірісі динамикасы

11 сурет

Бұл саланы дербес сала ретінде дамыту үшін облыста жеткілікті ресурстық база жоқ (мұнайхимиялық кіші сала жоқ).

Негізгі фармацевтикалық өнімдер өндірісімен 4 жұмыс істейтін кәсіпорын айналысады. 2010 жылы фармацевтикалық өнеркәсіпте 464,7 млн.теңге сомасына немесе 89,6% тауарлы өнім өндірілді, химия өнеркәсібінде өнім өндірісінің табиғи көлем индексі 81,8% құрады.

2010 жылы «Полиэтилен құбырлары өндірісінің цехын салу» жобасын іске асыру, 2012 жылы «Жарма ауданында цемент зауытын салу» нысанын енгізу күтіледі, бұл тауар өнімін өндіру көлемін 1,5 есе ұлғайтуға мүмкіндік береді.

2011 жылы «Тері-былғары өндірісін қайта жаңарту және жаңарту» жобасын қолданысқа енгізу нәтижесінде өндіріс көлемін 1,7 есе ұлғайту жоспарланған.

«Жарылғыш заттар өндірісін құру» және «Радиациялық тігілген полиэтилен және термоорнатылған манжеттер мен ленталар өндірісін құру» жобаларын іске асыру химия өнеркәсібі өндірісін 1,2 есе ұлғайтады.

2013 жылы «Ромат» фармацевтикалық компаниясы» ЖШС медициналық препараттар зауытын қайта жаңарту» жобасы іске асырылады. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды қайта жаңарту өнім өндірісі көлемін кіші сала бойынша 1 млрд. теңгегге ұлғайтуға мүмкіндік береді.

2013-2015 жылдарға арналған моноқалаларды дамыту бағдарламасы шеңберінде, тұрақты жұмыс істейтін кәсіпорындардың өндірістік сыйымдылығына қарай моноқалаларды онтайландыру бағыты бойынша моноқалаларды тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамыту мақсатында төрт моноқаланың экономикалық әлеуеті, сондай-ақ перспективалы жаңа маманданулары анықталған.

Экономиканы әртараптандыру шеңберінде экономиканы ұзақ мерзімді әртараптандыру үшін 6 «зәкірлік» инвестициялық жобаны іске асыру бойынша іс-шаралар қарастырылған. Аталған жобаларды іске асыру нәтижесінде Зырян қаласында өнеркәсіп өнімін өндіру көлемін 2015 жылы 105%-ға, 2011 жылмен салыстырғанда инвестициялық жобаларды іске асыру есебімен 39691,0 млн. теңгеге дейін ұлғайту көзделген. «Зәкірлік» инвестициялық жобаны іске асыру нәтижесінде Курчатов қаласының өнеркәсіп өндірісінің көлемін 5994,9 млн. теңгеге дейін ұлғайту (2011 жылмен салыстырғанда 27,4%). «Зәкірлік» инвестициялық жобаны іске асыру нәтижесінде Риддер қаласының өнеркәсіп өндірісінің көлемін 64411 млн. теңгеге дейін ұлғайту (2012 жылмен салыстырғанда 1,9%), таукен өнеркәсібінің тауар өндірісін ішкі айналымға қайта бөлу есебімен. «Зәкірлік» инвестициялық жобаны іске асыру нәтижесінде Серебрянск қаласының өнеркәсіп өндірісінің көлемін 5145,0 млн. теңгеге дейін ұлғайту (2011 жылмен салыстырғанда 105%).

Саланың дамуы жағдайына SWOT-талдау:



Күшті жақтары

1. Меншікті материалдық шикізат базасының болуы;

2. Шикізатты терең және кешенді өндеу өндірістерін ұйымдастыру үшін отандық ғылыми-техникалық әзірлемелердің болуы;

3. Әлемдік нарықта сұранысқа ие металдарды өндіретін және шығаратын жетекші компаниялардың болуы;

4. Шығарылатын түсті және сирек металдар өндірісі негізінде жоғары қосымша құн жаңа өндірістерін құру мүмкіндіктері;

5. Бірінші кезекте аралас салалар тарапынан өсіп келе жатқан ішкі сұраныс;

6. Ірі импорттаушы нарықтарға жақындық (Ресей, Қытай);

7. Өндіріс әлеуетінің болуы;

8.Түсті металлургияның экспортқа бағытталуының жоғары деңгейі;

Әлсіз жақтары

1. Бөлудің төмен деңгейі және метал бұйымының аз номенклатурасы;

2. Пайдалы қазбалардың жаңа кен орындарын іздеу бойынша геологиялық жұмыстарға мемлекет қаражатын жеткіліксіз салу;

3. Шетелдік аналог кәсіпорындармен салыстырғанда өнім өндірісінің жоғары ресурстығы- және энергия сыйымдылығы;

4. Еңбек өнімділігінің төмен деңгейі;

5. Ішкі нарықтың көлемінің үлкен болмауы;

6. Білікті мамандардың тапшылығы;

7. Технологияның тозуы (70%), негізгі қордың баяу жаңаруы;

8. Айналым қаражатының өндірісті жаңарту және техникалық жарақтандыру үшін жеткіліксіздігі;

Мүмкіндіктер:

1. Метал бұйымдары, ғылыми сыйымды, функционалды материалдар, арнайы ерітінділер өндіру көлемдерін ұлғайту.

2. ТМК дамуы облыс экономикасын индустрияландырудың «локомотиві» бола алады.

3. Жоғары қосымша құн метал өнімдерінің ұлғаюы басым бағыт болып қалады;

4. Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасымен Кеден одағына кіруге байланысты нарықтың кеңеюі, бұл шикізат пен құрамдаушы экспорты мен импортын жеңілдетеді,

5. Ел ішіндегі және халықаралық кооперацияларды дамыту, соның ішінде әлемдегі ірі шикізат және құрамдаушы база жеткізушілерінің бірі ретінде Ресей мен Қытайға жақындықты пайдалану.



Қауіптер

1. ТМК өнімі экспортының шикізаттық бағытталуының сақталуы;

2. Машина, құралдар, механизмдер, импортының көптігі, машина жасау және аспап жасау саласының дамуын тежейді;

3. Тауар рудасын селективті өндіру және металлоломның экспорты салдарынан облыстың шикізат базасы мен металл қорының азаюы;

4. Қытай машина жасау саласы тарапынан бәсекелестіктің болуы;

5. Шикізат ресурстарына бағаның құлауы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет