2010 жылы Шығыс Қазақстан облысының жалпы өңірлік өнімі 1244,1 млрд. теңгені құрады.
2007-2010 жылдары жалпы өңірлік өнімнің өзгеру
динамикасы
(млрд. теңге)
1 сурет
Жалпы өңірлік өнім 2007 жылдан 2010 жылға дейін қарқынды өскен, оның көлемі облыс бойынша 2010 жылы 1,5 есе өсті немесе 2007 жылға қарағанда 443,6 млрд. теңге құрады.
Республикалық ЖӨӨ көлемінде облыс 5,7% орында, азаю шкаласы бойынша 6 орында.
2007 жыл мен 2010 жыл аралығында облыстың ЖӨӨ құрылымында келесі өзгерістер орын алды: ауыл шаруашылығы үлесі 7,3% тен 8,1 %, сауда – сәйкесінше 10,9%дан 14,4%, басқа қызметтер 34,3%дан 34,7%. Бұл ретте өнеркәсіп секторы 31,0%дан 27,9% азайды, құрылыс – 6,4%дан 5,6%, көлік және байланыс 10,2%-дан 9,3%.
Өнеркәсіп секторы өнімінің жалпы көлемі 98,9 млрд. теңге, ауыл шаруашылығы 42,7 млрд. теңге, сауда – 92,5 млрд. теңге, көлік және байланыс – 34,5 млрд. теңге және басқа қызметтер 382,3 млрд. теңге, құрылыста өнім көлемі 18,0 млрд. теңгеге өсті.
1 кесте
Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2007-2010 жылдары
ЖӨӨ өзгеру динамикасы
№ р/с
|
Атауы
|
2007 ж.
|
2008 ж.
|
2009 ж.
|
2010 ж.
|
2009 ж. 2010 ж. өсу қарқыны
|
2007 ж. 2010 ж. өсу қарқыны %
|
млрд. тенге
|
құрылым %
|
млрд. тенге
|
құрылым %
|
млрд. тенге
|
құрылым %
|
млрд. тенге
|
құрылым %
|
млрд. тенге
|
%
|
млрд. тенге
|
%
|
1
|
ЖӨӨ көлемі, млрд.тенге
|
800,5
|
100,0
|
890
|
100
|
983,7
|
100,0
|
1244,1
|
100,0
|
260,4
|
126,5
|
443,6
|
155,4
|
|
Өнеркәсіп
|
248,0
|
31,0
|
254,2
|
28,6
|
288,3
|
29,3
|
346,9
|
27,9
|
58,6
|
120,3
|
98,9
|
139,9
|
|
Құрылыс
|
51,6
|
6,4
|
48,6
|
5,5
|
41,7
|
4,2
|
69,6
|
5,6
|
27,9
|
166,9
|
18,0
|
134,9
|
|
Сауда
|
87,1
|
10,9
|
122,8
|
13,8
|
126,4
|
12,9
|
179,6
|
14,4
|
53,2
|
142,1
|
92,5
|
206,2
|
|
Көлік және байланыс
|
81,2
|
10,1
|
89,2
|
10,0
|
83,3
|
8,4
|
115,7
|
9,3
|
32,4
|
138,9
|
34,5
|
142,5
|
|
Ауыл шаруашылығы
|
58,4
|
7,3
|
65,1
|
7,3
|
101,2
|
10,3
|
101,1
|
8,1
|
-0,1
|
99,9
|
42,7
|
173,1
|
|
Басқа
|
274,1
|
34,3
|
220,1
|
24,7
|
342,8
|
34,8
|
431,2
|
34,7
|
405,0
|
1,6 р.
|
382,3
|
8,8 е.
|
Кеден статистикасы мәліметтері бойынша сыртқы сауда айналымы 2010 жылы 2988,1 млн. АҚШ доллары, соның ішінде экспорт көлемі – 2112,2 млн. АҚШ доллары, импорт – 875,9 млн.АҚШ доллары.
2 сурет.
2008 жылға дейін сыртқы сауда айналымы көлемі қарқынды өскен, бірақ 2009 жылы оған әлемдік қаржы дағдарысы айтарлықтай ықпал еткен. 2010 жылы сыртқы тауар айналымының өсімі байқалады.
3 сурет
Экспорт пен импорт құрылымы тұрақты құрылымға ие, алайда қарастырылып отырған кезеңде 2007 жылдан 2010 жылға дейін химия өнімдері (3,4 есе), ағаш пен орман материалдары (2 есе), тоқыма мен тоқыма бұйымдары (43 есе) аяқ-киім, бас киім, бұйымдар және галантерея тауарлары (14 есе) экспортының көлемі қысқарған, бұл импорт бойынша ұқсас өнімдердің өсіміне әкелді.
2007 жылы тауар экспорты көлемі 1953,6 млн.АҚШ долларын, 2008 жылы – 1666,1, 2009 жылы – 1521,4 млн.АҚШ долларын, 2010 жылы – 2112,2 млн. АҚШ долларын құрады, республикада экспорт көлеміндегі үлес салмағы тиісінше 3,3 %, 3,5 % және 2,9 %.
Экспорт құрылымында қарастырылып отырған кезеңде өнеркәсіп өнімдері орташа 45 % (руда, концентрат, сирек топырақты, түсті және қымбат металдар, жарылғыш заттар), ауыл шаруашылығы – 4 % (бидай, ұн, жарма, балық өнімдері, күнбағыс майы және басқалар), құрылыс – 0,3% (цемент, асбестоцемент бұйымдары, кірпіш) және басқа тауарлар – 24,4 % құрайды.
Экспорттың жалпы құрылымында облыс үлесінің өзгеруі республика бойынша, сондай-ақ жылдар бойынша экспортталатын таууарлар құрылымының көлемінің өзгеруі негізінен сыртқы нарықтағы конъектураға байланысты.
Сонымен қатар, осы саладағы негізгі проблема көптеген тауарлардың бәсекеге қабілеттігінің төмендігі (түсті металлургия өнімдерінен басқа) болып табылады, осыған орай экспорт көлемі 2010 жылдың қорытындысы бойынша нақты секторда шығарылатын өнім көлемінен 46,4 % аспайды.
2011 жылғы 1 қаңтарда өңірде екінші деңгейдегі банктердің 28 филиалы қызмет атқарған.
Екінші деңгейлі банктердің берген кредиттерінің көлемі 2010 жылы 124,7 млрд. теңгені құрады немесе 2008 жыл деңгейіне жақындады. Кредиттер бойынша негізгі қарыздар 2008 жылға 10 млрд. теңгеге немесе 4,3 % төмендеді және 224,3 млрд. теңгені құрады, соның ішінде мерзімі өткен берешек 3 есе өсті және 17,7 млрд. теңгені құрады.
Заңды және жеке тұлғалар депозиттерінің көлемі 108,1 млрд. теңгеге жетті, 2008 жылмен салыстырғанда 36,1 млрд. теңгеге ұлғайды (50,1%).
Достарыңызбен бөлісу: |