Шығыс Қазақстан облысы экономикасының басым салаларында бәсекелестікті дамыту тұрақты түрде, соның ішінде тауар нарықтарында жаңа қатысушылардың пайда болуы үшін қажетті жағдайларды жасау жолымен жүзеге асырылатын болады.
Экономиканың нақты секторында өңірдің басты байлығы болып басқа да негізгі металлдармен қатар қосымша бағалы, жерде сирек кездесетін металлдары құрамында бар поллиметаллдық рудалар қорының айтарлықтай көлемінің болуын айтады.
Полиметаллдық рудалардан басқа өңірдің жер қойнауында қалайы, тантал, титан, никель, кобальт, молибден және тас және қара көмір, цемент, кірпіш өндірісі үшін минералдық шикізат бар, іздестіру жұмыстарымен мұнай және газдың барлығы анықталды.
Өңірде 3 айтарлықтай көмір разрезлері бар – Қаражыра, Майқұба және Кендерлі. Алынып жатқан қатты отып тек қана өңірдің ішкі қажеттілігін толытырып қоймай республиканың басқа облыстарына отын тасымалын жүзеге асырады және оның аумағынана тыс жерлерге экспортталады.
Көмір нарығында негізгі проблема болып көмірдің жекелей нарығында соңғы тұтынушылар үшін жылыту кезеңінде бағаның маусымдық жоғарлауы болып табылады. Көмір бағасының өсуіне әсер ететін факторлардың бірі болып қосымша құрылымдардың үлкен көлемі болып табылады. Сонымен бірге өнімділігі жоғары емес қосымша құрылымдардың қызметі заңмен шектелмеген.
Мысалы, «Қаражыра ЛТД» ЖШС жыл сайын қосымша құрылымдар арқылы көмір сатуды жүзеге асырады, соның ішінде ашық конкурстар өткізу жолымен, ол соңғы тұтынушыларға, соның ішінде табиғи монополиялар субъектілеріне көмірге бағаның негізсіз өсуіне әкеліп соқтырады.
Тұтыну нарығының оң бағыттарының бірі болып сауданың дүкендік формасына біртіндеп ауысумен сауда кәсіпорындарын нығайтумен және мамандандырумен байланысты жеке сауда инфрақұрылымын жетілдіру болып табылады.
Сонымен қатар бүгінде республикадағы сияқты өңірде сауданы дамыту бағыттарының нақты көрінісі жоқ, ал ішкі сауда стихиялы түрде дамуда. Экономиканың ірі салаларының бірі жүйелік түрленуге, заңнамалық базаның жағаруына, түсуші дамудың механизмдерін енгізуге мұқтаж екені айдан анық.
Бүгінгі күні шағын кәсіпкерлік саласында келесі мәселелер проблемалық болып табылады:
оның даму деңгейіне, қызмет түрі және қалпына келу уақытына байланысты салық салу кезінде дифференциалдық көзқарастың жоқтығы;
кепілдік қамтамасыз етудің жоқтығы кезінде нақты секторда бизнесті ашу мүмкіндігінің жоқтығы, яғни жаңа іс ашқысы келетін азаматтарда бизнесті ұйымдастыру мүмкіндігінің жоқтығы;
формальдік шығындарды талап ететін формальдік, бизнестің жоғары операциялық шығындары;
бизнес қызметінің жоспарлық және жоспардан тыс тексерулерінің үлкен көлемі;
несиелер бойынша екінші деңгейлі банктердегі жоғары сыйақы мөлшерлемесі және оларды қайтару механизмінің жетімсіздігі;
сауда қызметін реттеу саласында әлсіз заңнамалық қамтамасыз ету;
қосымша құрылымдардың үлкен көлемі.
Өткізілген жұмыс нәтижелеріне сәйкес өңірде процедуралардың 69 түрлері бойынша рұқсатнама құжаттарын ұсынудың мерзімдерін төмендету мүмкіндіктері жайлы шешімдер қабылданды.
Ұсынылған шаралар негізінде рұқсатнама құжаттарын алу кезінде өңір кәсіпкерлерінің қорытыды әкімшілік издержкалар 35% қысқарады, ол сондай –ақ тауар нарықтарында бәсекелестіктің дамуына әсер етеді.
Содан басқа келесі шаралар қарастырылады:
әлеуметтік маңызы бар тауарларға бағалар және сауда мөлшерлемесіне тұрақты мониторингпен қамтамасыз ету;
тартылған несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау;
бағаларды тұрақтандыру бойынша облыстық және аудандық штабтардың жұмысын жалғастыру;
Агроөнеркәсіп секторындағы сараптама нәтижесінде бәсекелестікті дамыту бойынша іс – шаралар ұсынылды:
халыққа ауыл шаруашылығы тауарларын, соның ішінде облыстық қалалары және аудандарында «демалыс күні» жәрмеңкелері және нарықтары арқылы тікелей сату тәжірибесін жалғастыру;
нарықтарда сауда орындарымен ауыл шаруашылығы таруарларымен қамтамасыз етуге көмек көрсету.
Энергетикалық кешенде AES Компаниясымен инвестициялық міндеттерді орындамау бөлігінде Қазақстан Республикасының «Электр энергетикасы туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Үлгілік инвестициялық келісім-шартты бекіту туралы» 2009 жылғы 10 наурыздағы № 276, «Есептік тарифті анықтау ережелерін, шекті және жеке тарифті бекіту туралы» №277 қаулыларына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге, инвестициялық міндеттерді орындауға міндетті сараптаманы өткізу және оларды жергілікіті атқарушы органдармен мақұлдау бөлігіне өзгерістер енгізу тиімді.
Жеке тауар нарығында 20 нарық субъектісі бар, сонымен бірге AES Компаниялар тобына кіретін «Шығысэнерготрейд» ЖШС басым бағыты бар, ол 2007 жылғы 1 сәуірден бастап өзінің бастамасы бойынша Шығыс Қазақстан облысының тұтынушылары үшін электр энергиясын тасымалдаушы міндетін өзінен алып тастады.
Қазіргі уақытта облыста кепілдендірілген электр энергиясын тасымалдаушы жоқ, және электрмен қамтуға келісім-шарт жасаудан ауытқулар, электр энергиясын тасымалдаудан бас тарту және электр энергиясын тасуда шектеуліктер бар.
Осыған байланысты:
1) тұтынушыларды электрмен қамтамасыз ету бойынша, жиынтық қаражат сомасын төмендету бөлігінде нарық субъектілері үшін қойылатын біліктілік талаптарына өзгерістер енгізу;
2) электр шығаратын ұйымдармен тұтынушыларды электрмен қамтамасыз ету мақсатында электр энергиясын сатып алуға лицензия беруге тиым салу;
3) кепілдендірілген тасымалдаушы статусы үшін бірінші кезеңде бәсекелестікті дамытуға жағдай жасау мақсатында кепілдендірілген тасымалдаушы статусын беру бойынша электрмен қамтамасыз ететін ұйымдарға конкурс өткізу ережесін әзірлеу.
4) «Шығысэнерготрейд» ЖШС жағынан болжанбаған өзгерісті ескере отырып кепілдендірілген тасымалдаушы – ЭСО құру мүмкіндігін қарастыру.
5) электр энергиясының толайым нарығында бәсекелестікті құру мақсатында электр энергиясын орталықтандырылған сату ережесінің электр энергиясына сатып алу – сату келісімдерін жасау және рәсімдеу кезінде толайым нарығының субъектілеріне талаптарды қатайту бөлігіне өзгерістер мен тлықтырулар енгізу бойынша мәселені қарастыруды ТМРА тапсыруды қажет деп санаймыз.
Содан басқа Ережеден орта мерзімдік және ұзақ мерзімдік кезеңдерге орталықтанған сауданы өткізу бойынша электр энергиясының минималды жіберілетін сағаттық көлем – көрсеткішті алып тастау қажет. Өйткені ОС электр энергиясын сатып алуды жүзеге асыратын шағын ЭСО мүмкіндіктерін жоятын сатып алу/тұтыну шағын көлемі бар ЭСО ОС қатыса алмайтын жағдайда электр шығаратын ұйымдар өтінімде электрэнергиясының минималды көлемін көрсетеді.
Осыған байланысты өңірде бәсекелестікті дамыту шараларымен келесілер анықталды:
- жаңа кәсіпкерлерді тарту мақсатында өңірлік нарықтар, тауарларға және қызметтерге қажеттілік жайлы ақпаратты жинауды, талдау және жариялауды ұйымдастыру;
- жергілікті мемлекеттік атқару органдарының қызметінің ақпараттық айқындылығын жоғарлату бөлігінде жұмыстың жалғасуы.
Облыста әкімшілік барьерлерді және бәсекелестік нарықты дамыту бойынша бұдан арғы жұмыс жалғастырылатын болады.
Содан басқа жергілікті атқарушы органдардың қызметі Бүкіләлемдік экономикалық форумның бәсекеге қабілетті әлемдік индексінің «жергілікті бәсекелестік артықшылығы» көрсеткіші бойынша Қазақстан ұстанымының жақсаруына әсер ететін іс-шараларды әзірлеуге және өткізуге бағытталатын болады.
«Бәсекелестік туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес 50% астам акциясын (үлесін) мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар сатуға қоюға жатады.
ШҚО Бәсекелестікт қорғау туралы ҚР агенттігінің өткізген қорытындылары бойынша жарғылық капиталында 50% астам акциясын мемлекетке тиесілі үлесі бар мемлекеттік кәсіпорындарды, жауапкершлігі шектеулі серікткстікті және акционерлік қоғамның барлығының әрі қарай қызметін келісу бойынша жұмыс жауапкершілікі шектеулі 18 серіктестіктерде қатысу үлесін көрсететін көрмеге сатып алуға қоюға жатады.
Аталған үлестер аукциондық сатуларда көрсетілген. Қазіргі уақытта 2 жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталында 51% үлесі сатылды, қалғандары бойынша аукциондық сауда жарияланған.
Саланың даму жағдайына SWOT-талдау:
Күшті жақтары:
-
Сауданың дүкендік формасына біртіндеп ауысумен сауда кәсіпорындарын ұлғайтумен және мамандандырумен байланысты жеке сауда инфрақұрылымын жетілдіру.
Әлсіз жақтары
-
Қосымша құрылымдардың үлкен көлемі бағаның айтарлықтай өсіміне алып келеді;
Мүмкіндіктер
-
Әкімшілік барьерлерді және бәсекелестік нарықты дамыту бойынша бұдан арғы жұмыс;
-
«Жергілікті бәсекелестік артықшылығы» көрсеткіші бойынша Қазақстан ұстанымының жақсаруына әер ететін іс-шараларды әзірлеу және өткізу;
Қауіптер
Сауда дамуының нақты көрінісінің жоқтығы.
Инновациялық сала көрсеткіштерінің динамикасы
7 кесте.
Көрсеткіштер
|
2007ж.
|
2008ж.
|
2009ж.
|
2010 ж.
|
Кәсіпорынның инновациялық белсенділігінің деңгейі
|
5,6
|
4,3
|
5,9
|
6,4
|
Инновациялық-белсенді кәсіпорындар саны, бірлік.
|
55
|
41
|
47
|
60
|
Инновациялық өнім көлемі, млн. теңге
|
26015,4
|
5 118,2
|
6 939,5
|
13 855
|
Зерттеулермен және әзірлеулермен айналысатын персонал саны, адам
|
657
|
542
|
1757
|
1852
|
Өнеркәсіпте технологиялық инновацияларға шығындар, млн. теңге
|
7901,2
|
34777,8
|
15344,2
|
139 825
|
Облыс кәсіпорындарының инновациялық белсенділігі 2010 жылы 6,4 % құрады, бұл 2008 жылдың деңгейінен 2,1 пайыздық тармаққа жоғары, алайда орта республикалық маңыздан жоғары (4,3 %). 2004-2010 жылдар аралығында осы көрсеткіш 2,8%-дан 6,4%-ға дейін өсті. Облыс 2010 жылы кәсіпорындардың инновациялық белсенділігінің деңгейі бойынша республикада 3 орынға ие болды. Кәсіпорындар инновациялық қызметінің негізгі бөлігі жаңа технологиялар, жабдықтар мен материалдар енгізуге бағытталды.
2007 жыл деңгейіне келесі көрсеткіштер үрдісінің өсімі бар: инновациялық белсенді кәсіпорындар, инновациялық өнім көлемі, технологиялық инновацияларға шығыныдар.
Жалпы республикалық көлемде инновациялық өнім көлемінің үлес салмағы 2010 жылы 9,7% құрады, Павлодар, Қарағанды облыстарынан кейін үшінші орын.
Өнеркәсіпте технологиялық инновацияларға шығындар бойынша облыс республикада жүлделі орынды алады. 2010 жылы шығындар 139,8 млрд. теңгені құрады (жалпы республикалық көлемнен 64 %).
Отандық зерттеулер мен әзірлемелердің көпшілігі нақты нарық талаптарына бағытталған және импорты ғылымды қажетсінетін өнімдер және қызметтермен бәсекеге қабілетті емес. Дайын ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізу тәртібі жоқ.
Ғылыми-зерттеу, жобалау-құрастырушылар бөлімшелерінің саны 2010 жылы 105 бірлікті құрады.
2010 жылы инкубаторлаудың техникалық бизнесінің бағдарламасы бойынша Шығыс Қазақстан облысы Ұлттық инновациялық қорға 16 өтінім жолдады, оның ішінде 4 жоба пысықталды (облыс үлесі – 11 %). Қаржыландыру сомасы 28 759 000 теңге. Мақұлданған жобалар Алтай Технопаркінің базасында технологиялық бизнес инкубаторлау процедурасынан өтті:
1. «Өскемен Вибромаш» ЖШ - «Технология және құралды әзірлеу, сондай-ақ құрғақ пантылардан және бұғы мүйіздерінен өнім өндірісін өнеркәсіптік игеру»;
2. «Өскемен Вибромаш» ЖШ - «Автоклатсыз әдіспен балшық силикатынан сұйық шыны шығару бойынша тәжірибелік-өнеркәсіптік телім құру»;
3. Н.С. Нұғыманов – «Пайдалану бойынша экспериментті жұмыстар жүргізумен автомобиль жолдарын бағдарлы жөндеу бойынша кешенді жаппа құралының тәжірибелі үлгісін жасау»;
4. «FORT SYSTEMS» ЖШС - «е-жедел жәрдем».
Облыста сәйкес инновациялық инфрақұрылым бар. Өңірлік және салалық технопарктер жұмыс істейді, университет жандарында ғылыми-зерттеу зертханаларының және орталықтарының желілері құрылды, ол жерде әркім жұмыс істеп және әзірлемелерін және жаңа құбылыстарын аяқтай алады. Конструкторлық бюро құрылған және сервистік орталық жұмыс істейді.
Индустриялды-инновациялық қызметтің белсенді жұмыс істейтін элементтерінің бірі тау-металлургиялық құралының Конструкторлық бюросы болып табылады. Конструкторлық бюро Қазақстанда бұрын соңғы шығарылмаған немесе ішкі нарықта ғана емес шетелдердеде үлкен сұранысқа ие құралдары үшін құжаттаманы әзірлеумен айналысады. Конструкторлық бюро 26 конструкторлық-технологиялық құжаттама түрін әзірледі, бұйымдардың 11 тәжірибелік түрі дайындалды.
Қазақстандық қамту мәселелерінде негізгі міндеттерді орындау үшін тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде 2009 жылдан бастап мемлекеттік сатып алуларда және жүйеқұраушы кәсіпорындарда қазақстандық үлесті арттыру бойынша салдарлы жұмыстар, ұлттық өндірушілермен байланысты нығайту және отандық өндірушілерді қолдау басталды.
2009 жыл қорытындылары бойынша 4 жүйеқұраушы кәсіпорын бойынша мониторинг өткізілді осы орайда қазақстандық қамту үлесі 60,3% құрады. 2010 жыл қорындылары бойынша жүйе құраушы кәспорындардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу мониторинг 152,4 млрд. теңгені құрады, соның ішінде қазақстандық құрам 51,6% немесе 78,6 млрд. теңге.
ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2010 жылғы 21 мамырдағы № 81 бұйрығына сәйкес есептілікті ұсыну формасының өзгеруіне байланысты 2009 жылмен алыстырғанда жүйеқұраушылар бойынша сатып алуларда қазандық құрам үлесі 8,4 пайыздық тармаққа төмендегені байқалады.
Облыстың мемлекеттік мекемелері 2009 жылы 18,8 млрд. теңгеге тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алды, соның ішінде қазақстандық қамту 15,3 млрд. теңгені құрады немесе 81,52%, 2010 жылы 17,6 млрд. теңгеге соның ішінде қазақстандық қамту – 14,7 млрд. тенге немесе 83,46 %.
2009 жылы ірі және орта өнеркәсіп кәсіорындар 414,9 млрд. теңгеге өнім шығарды, соның ішінде ішкі нарыққа - 220,9 млрд. тенге оның ішінде: 2,3 млрд. тенге – ұлттық компанияларға, 1,8 млрд. тенге – мемлекеттік сатып алулар аясында. 2010 жылы өнімді іске асыру өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35,3% артты және 521,4 млрд. тенге құрады, соның ішінде Қазақстан өңірлері бойынша 21,4% және 252,5 млрд. теңгені құрады.
Өнім өткізумен байланысты проблемаларды шешуде облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындары жәрдем көрсету мақсатында 2009 жылы Өскемен қ. тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуды арттыру бойынша үш форум өткізді, «Самрұқ-Қазына» ҰБФ» АҚ ұлттық компаниялары 13 республиканың облыс орталықтарына және жақын шетел өңірлерінде жергілікті өнімнің 13 шығыс резентацияларын ұйымдастырды.
Бұл іс-шаралардың барлығының нәтижелері 24,6 млрд. теңге жалпы сомаға 40 меморандум жасау болды, 13,2 млрд. теңге сомаға 87 келісімшарт жасалды, соның ішінде 10,8 млрд. теңгеге ұлттық компаниялармен келісім шарт жасалды, басқа өңірлердіңі жүйе құраушы кәсіпорындарымен – 2,4 млрд. теңег сомаға.
2009 жылы 95 кәсіпорындар өнеркәсіп өнімінің 1519 түріне 280 сертификат алды. 2010 жыл қорытындылары бойынша 125 кәсіпорын 2,1 есе өсіммен өнеркәсіп өнімінің 5456 түріне 598 СТ-KZ сертификаттар алды.
Өңірдің инновациялық дамуының жағдайын бағалау үшін SWOT-талдау жүргізілді:
Күшті жақтары:
1. Саяси тұрақтылық;
2. Тиімді географиялық жағдай;
3. Инновациялық компаниялар көмегімен тиімді игеріле алатын минералды-шикізат ресурстарының болуы;
4. Тұрғындардың жоғары білім деңгейі;
5. ЖОО, ҒЗИ, ғылыми-техникалық кадрлардың болуы;
Әлсіз жақтары:
1. Төмен өнімділік;
2. Ғылым және өнеркәсіп арасындағы әлсіз байланыс;
3. Отандық өнімнің төмен сапасы;
4. Бизнестің инновациялық белсенділігінің төмен деңгейі;
5. Кәсіпорынның техникалық артта қалуы;
6. Инновациялық мәдениеттің болмауы;
7. Инновациялық өнімге ішкі сұраныстың болмауы;
Қауіптер:
1. Ғылым мен өнеркәсіп арасындағы бөліністің күшеюі;
2. Дамыған елдерден технологиялық артта қалуды сақтау және ұлғайту;
3. Интеллектуалдық ресурстардың ағуы;
4. Минералды шикізаттың және металлургиялық кешеннің басымдылығы;
Мүмкіндіктері:
1. Өнеркәсіп және ғылым арасындағы өзара қарым-қатынастың жақсаруы;
2. Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдаудың механизмдерін пайдалану;
3. Технологиялық артта қалуды қысқарту;
4. Технологиялық деңгейдің жоғары деңгейіне жылдам ауысуы;
5. Жоғарытехнологиялық салаларды құру және дамыту;
6. Инновациялық инфрақұрылымның элементтерін пайдалану;
7. Инвестиция тарту мәселелерінде өзара қарым-қатынасты кеңейту.
2.2.1.9 Негізгі капиталға инвестициялар
2010 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында негізгі капиталға инвестиция көлемі қайта бағалауды ескере отырғанда 144,7 млрд. теңгені құрады, бұл 2007 жылмен салыстырғанда 14,3 %-ға артық.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша негізгі капиталға инвестициялар көлемінің динамикасы
18 сурет.
Қаржыландыру көздері бойынша инвестиция көлемінің 2010 жылғы үлес салмағы: кәсіпорындар мен ұйымдардың меншікті қаражат есебінен – 92,7 млрд. теңге (64,1%), республикалық бюджет қаражат есебінен – 31,6 млрд. теңге (21,8%), қарызға алынатын қаражат есебінен – 12,9 млрд. тенге (8,9%), жергілікті бюджет қаражат есебінен – 5,8 млрд. тенге (4%), шетел инвестициялар қаражат есебінен – 1,7 млрд. тенге (1,2%) құрады.
Өнеркәсіп инвестициялық салымдар үшін ең тартымды сала болып қала береді, оның үлесі инвестиция жалпы көлемінің 57,6%-ын құрады.
Өңдеу өнеркәсібіне 44003,8 млн. теңге (30,1%), кен өндіру өнеркәсібіне – 26020,6 млн. теңге (18,0%), көлік және байланысқа – 12258,6 млн. теңге (8,5%), құрылысқа – 3035,2 млн. теңге (2,1%), ауыл шаруашылығына – 4722,5 млн. теңге (3,3%), денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтерге – 5089,1 млн. теңге (3,5%) инвестицияланды.
8 кесте
Қолдану бағыттары бойынша негізгі капиталға инвестициялар көлемінің динамикасы
Жылдар
|
2007
|
2010
|
% 2007 ж
|
Облыс бойынша барлығы, млн.теңге
|
126537,4
|
144669,8
|
114,3
|
Соның ішінде:
|
|
|
|
Өнеркәсіп
|
67015,9
|
83703,9
|
124,9
|
Инвестицияның жалпы көлеміндегі өнеркәсіптің үлес салмағы, %-да
|
53,0%
|
57,6%
|
|
Соның ішінде
|
|
|
|
Тау кен өндіру өнеркәсібі
|
22409,9
|
26020,6
|
116,1
|
өңдеу өнеркәсібі
|
33757,9
|
44003,8
|
130,4
|
Электр энергетикасын, газ бен суды өндіру және үлестіру
|
10848,2
|
9223,5
|
85,0
|
Құрылыс
|
3233,3
|
3035,2
|
93,9
|
Ауыл, орман және балық шаруашылығы
|
1647,4
|
4722,5
|
в 2,9 р.
|
Көлік және байланыс
|
22664,6
|
12258,6
|
54,1
|
Сауда; автомобильдерді, тұрмыстық бұйымдар мен жеке қолдану заттарын жөндеу
|
3628,2
|
3761,2
|
103,7
|
Қонақ үйлер мен мейрамханалар
|
1036,3
|
715,6
|
69,1
|
Білім
|
4188,3
|
7551
|
в 1,8 р.
|
Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер көрсету
|
3128,6
|
5089,1
|
в 1,6 р.
|
Басқа салалар
|
9506,6
|
14609,2
|
153,7
|
Индустриялық аймақтар
Облыстың экономикалық дамуын жеделдету және бизнесті жүргізу үшін жағдайды қамтамасыз етуге қолдау көрсету мақсатында индустриялық аймақтар құру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Өскемен қаласында «Өркен –ЖМК» бизнесті дамыту аймағында келесі жұмыстар жүргізілген: темір қоршау (60%), индустриалдық аймақта құрылатын өндірістік кәсіпорындарды электроэнергиямен қамту үшін қуаты 7мВт орталық тарату пункті тұрғызылды.
2011 жылдың желтоқсанында Арматур зауыты ауданында Өскемен қ. Машиностроитель к. Бойында бизнесті дамытудың индустриялды аймағының құрылысы аяқталды. Аталған индустриялды аймақта келесі ғимараттарды және имараттарды орналастыру қарастырылған: көтерме су құбыры сорғыш станциясы; нөсер ағындарының тазалау имараттары; тазартылған ағын сулардың резервуарлары; жылу сорғыш станция; түсіру лаңдарымен теміржол тұйықтары; электрмен қамту, бөлу кіші станциялары; жеңіл автомобильдер парковкасы; алаң ішілік жолдардың және жүргінші жолдардың құрылымы.
Аталған индустриялды аймақта орналастыру үшін жобалардың жоспарланған тізімдемесі:
-
«Ер-сай» ЖШС «Металлконструкция, металл бұйымдары және құрылыс материалдарын шығару бойынша өндіріс құру»;
2. Қалиева Г.К. ЖК «Жылқы, қой, сиырдан, сондай-ақ Халал технологиясы және стандарттары бойынша құс етінен ұлттық ет деликатестернінің өндірісін дамыту. Ет өңдеу бойынша цех құрылысы.»;
3. «ЛИК ЗПКИ» ЖШС - «Полиэфирлі шайыр және композитті материалдар өндірісі бойынша зауыт құрылысы.»;
4. «Өскеменпромлифт» ЖШС - «Жылына 1000 лифт қуатымен лифт құрылысы зауытының құрылыс».
Қаланы экономикалық дамыту және шағын кәсіпкерлік инфрақұрлымын кеңейту мақсатында «Өндіріс» бизнесін дамытудың индустриялды аймағы құрылды, ол Семей қ. Би Боранбай көшесінде орналасқан. Жер телімінің алаңы – 92 га.
Бүгінгі күні «Өндіріс» бизнесін дамытудың индустриялды аймағында келесі жұмыстар жүргізілуде:
«Игеру» ШҚ» ЖШС нысандары орналастырылды – қозғалмалы теміржол құрамы үшін тежегіш құдық өндірісі және тозған көлік шиналарын тапсыру технолгияларын пайдаланумен әр түрлі резина үгінділерінің фракциясына өңдеу және қайта өңдеу;
«Куанов Р.А.» ЖК жер телімдері бөлінді – зарарсыздандыру құралдарын шағыру бойынша зауыт құрылысы үшін 5 га көлемінде, жылыжай құрылысы үшін «Демеубаева А.А.» жеке кәсіпкерге 7 көлемінде, «Теріні кешенді өңдеу өндірісін ұйымдастыру және жоғары өндіруші құрал сатып алу» жобасын іске асыру үшін «Семей Руно» ЖШС 10,7 га. көлемінде»;
батыс технологияларын пайдаланумен темір бетонды бұйымдар шығару бойынша зауыт құрылысы үшін «Фирма Азия» ЖШС 2 га көлемінде жер телімін бөлуге өтінім берілді.
Күшті жақтары:
-
Экономикалық және саяси тұрақтылықпен сақталатын өңірдің қолайлы бизнес-климаты;
-
Бай табиғи және минералды ресурстарына байланысты өңірдің жоғары инвестициялық тартымдылығы;
-
Шығыс Қазақстанның Ресей мен Қытайдың ірі тұтынушы нарықтарына ұтымды географиялық орналасуы;
-
Мемлекеттік инвестициялық саясаттың басымдылығын түсіну;
Әлсіз жақтары:
-
Мемлекеттік инвестициялық саясатты жүргізуде жүйеліліктің жоқтығы;
-
Елде Заңдар мен келісім қатынастардың сақталуын қамтамасыз ететін заң шығарудың тұрақсыздығы және тетіктердің жоқтығы;
-
Инвестицияларды тарту бойынша әлсіз бәсеке шарттары (кедендік және валюталық режим);
-
Инвестицияларды тартуды қамтамасыз ететін инфрақұрылымның дамымауы (арнайы аймақ, қаржы, банктік, ақпараттық-сараптама, консалтингтік, көліктік және басқа.);
-
Инвестицияларды тарту бойынша мемлекеттік басқару жүйесінің тұрақсыздығы;
-
Визалық режим;
Қауіптер:
-
Шикізат базасының азаюына байланысты өңірдің инвестициялық тартымдылығының жоғалуы ;
-
Мемлекеттік саясаттың тиімсіздігі нәтижесінде индустриялық аймақтардың инвестициялық тартымдылығының жоғалуы;
-
Экономика мен инвестицияның бағытталуының шикізаттық диспропорциясына байланысты жоғары тәуекелді экономиканың сақталуы;
-
Негізгі капиталға инвестициялардың төмен көлеміне байланысты өнеркәсіптік-өндірістік әлеуеттің жоғалуы;
-
Инвестициялар тартуға бағытталған қаражаттың тиімсіз қолданылуына байланысты жергілікті бюджеттің тікелей шығындары;
Мүмкіндіктер:
-
Инвестициялар тарту көлемі бойынша өңірлік көшбасшы позицияна шығу;
-
Әлемдік капитал нарықтарында өңірдің оң инвестициялық имиджін құру;
-
Инвестициялар тарту бойынша жүйелі және бірізді мелмекеттік саясат құру;
-
Инвестициялар тарту бойынша тиімді мемлекеттік және жеке меншік инфрақұрылым құру;
-
Кеден одағы және басқа елдер нарықтарына шығу;
-
2015 жылға қарай ҮИИД МБ индикаторларына жету;
-
Өндіруші сектордан қайта өндеуші секторға инвестицияларды қайта бөлу есебінен тұрақты және қалыпты экономикалық өсімді қамтамасыз ету.
2.2.1.10 Қоршаған орта жағдайы
Өңір табиғи ресурстардың жоғары әлеуетіне ие, бұл экономиканың өнеркәсіптік секторының кең дамуы жәрдемдеседі. Бұл салдар ретінде экологиялық проблемалардың спекторын алып жүреді.
Шығыс Қазақстан облысы Қазақстанның ең сумен қамтамасыз етілген аймақтарының біріне жатады. Сонымен қатар тау-кен кешені әсерінен су объектілерінің (Брекса, Глубочанка, Красноярка өзендері) ауыр металдармен жоғарғы ластануы бақыланады. Үстіңгі және жер асты суларының жағдайына әсер ететін негізгі фактор тарихи ластанулар болып табылады (таулы жыныс үйіндісі, артқы сақтау орны, өндірістік қалдықтар, өндірістік қалдықтарды жинау орны).
Өскемен, Семей, Зырян, Риддер қалаларының атмосфералық ауа сапасына әсер ететін негізгі факторлар өндірістік кәсіпорындардың шығарындылары және қозғалыстағы көздердің шығарындылар санының өсуі болып табылады. Сонымен қатар облыс аумағы Семей ядролық сынақ полигоны зардаптарының әсеріне шалдыққан.
Соңғы жылдарда шығарындының стационарлы және қозғалмалы көздері санының өсуі байқалуда, бұл облыстың экономикалық дамуының тікелей салдары болып табылады. Жыл сайын ластау көздерінің саны орташа алғанда 14 % артуда. Пайда болатын ластаушы заттардың көлемі шығыны 1,5 млн тоннаға өскен. Ластаушы заттардың нақты саны ауаға, су және жер ресурстарына теріс әсерін тигізуді жалғастыруда, дегенмен оларды ұстау және залалсыздандыру 90,1 % жеткен. Ақаба суларының жалпы көлемінде ластанған су көлемі 34 % құрайды.
Облыс бойынша атмосфераға барлық шығарындылардың 80 % астамы Өскемен, Семей, Зырян, Риддер қалаларына келеді. Өскемен қаласында шектеулі жол берілетін концентрациясының жоғарлауы азот диоксиді, фенол, формальдегид, күкірт диоксиді, шаңдар бойынша бақыланады. Сонымен бірге ластаушы заттардың валды шығарындыларының жалпы көлемінде төмендеу тенденциясы байқалған.
Ертіс өзені бассейнінде су шаруашылық жағдайының тұрақтануы байқалуда. Бірақ Красноярск, Глубочанка сияқты су нысандары тарихи ластанулар мен тау-кен және байыту кәсіпорындары «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС әсерінен төтенше ластанған болып қалуда.
2007-2010 жылдарға арналған атмосфераны ластайтын заттар қалдықтары көлемінің өзгеруі динамикасы
19 сурет
Ертіс өзені бассейнінің су ресурстарын пайдалану соңғы бес жылда экономика салаларында су пайдаланушылар санының өскенін көрсетеді, бірақ су тоғанының төмендеу тенденциясы байқалады. Облыстың су нысандарында су шаруашылығы жағдайының талдауы су сапасы класының және ластау индексінің көрсеткіштері бойынша беттік су сапасы тұрақтылығының жалғастыру тенденциясын көрсетеді.
2007-2010 жылдары үшін тоған көлемінің өзгеруі және су ресурстарын пайдаланудың динамикасы
млн. куб.м.
20 сурет
Кәсіпорындарда әр жыл сайын өндірістік қалдықтардың 40-46 млн. тонна қатары пайда болады. Облыс аумағында тарихи ластануды есепке алғанда бұндай қалдықтардың 1,4 млрд. тоннасы жиналып қалған. Олардың ең көп бөлігі Шемонаиха, Зырян, Глубокое аудандарында, Риддер, Семей, Өскемен қалаларында орналасқан. Сонымен қатар әр жыл сайын тұрмыстық қатты қалдықтардың 400 мың тонна қатары пайда болады. Қабылданған шаралар аймақты дамыған елдер стандарттарына әлі жуықтатпайды.
Басымдылық бағыттардың бірі болып өндірістік тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу технологиясын енгізу болып табылады.
Осыған байланысты:
- автомобильді көліктердің атмосфералық ауаның ластануының өсуі;
-
Ертіс өзенінің трансшекаралық ластануы;
-
Семей полигонында ядролық сынақ зардаптарының экологиялық мәселелері;
-
облыстың елді мекендеріндегі тазалау имараттары және кәріз желілерінің жоғарғы тозуына қатысты;
-
облыстың көп елді мекендерінде тұрмыстық қатты қалдықтарды көму үшін полигондардың жоқ болуы ең проблемалық сұрақтар болып қалады;
Өңірдің ормандары орман тұқымдарының құрамы бойынша және өңірдің табиғи–климаттық ерекшеліктері негізінде жоғары өрт қауіптілігімен сипатталады, бұл өртке қарсы алдын алу іс-шараларын және өрт ошақтарын жою жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлуді қажет етеді.
2007-2010 жылдары орман өрттерінің пайда болу динамикасы
21 сурет
Орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерімен ормандардағы өрт қауіпсіздігін сақтау ережелерінің сақталуын бақылау жөніндегі барлық шаралар қабылданған. Бірақ өртке қарсы құрал-жабдықтың қажетті санының жоқтығына байланысты 2010-2011 жылдары орман өрттерін сөндіру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру кезінде шиеленісті жағдай байқалды.
Осы жағдайларда орман дақылдарын егу арқылы орманды қалпына келтіру жөніндегі жұмыстар, сондай-ақ орманның табиғи жаңаруына әсер ететін іс-шаралар ерекше маңызға ие болады.
2008-2010 жылдарға арналған орман дақылдарын егу динамикасы
22 сурет
Орман қорының есебіне сәйкес 2010 жылы орман көмкерген алаң 1336 гектарға өсті және миллион гектардан астам жерді құрады. Алаңдардардың ұлғаюы орман дақылдық жұмыстарды жүргізу, орманның табиғи жаңаруына жәрдемдесу және табиғи өсіру шараларын жүргізу нәтижесінде болды.
Табиғат қорғау іс-шараларын орындау өндірістік өнеркәсіп көлемінің өсімінің жағдайларында экологиялық жағдайды тұрақтындыруға мүмкіндік берді. Қазіргі заманғы техногенді ластанулармен байланысты кері экологиялық факторлардың әсері төмендейді. Өнім сапасы ИСО 9000 басқарудың және қоршаған орта сапасы ИСО 14001 халықаралық стандарттарын енгізу енгізу жалғасуда. Экологилық білім және халықты ағарту жүйесі дамуда, қоршаған орта жағдайы туралы азаматтарды ақпараттандыру жүйесі жетілуде.
Қоршаған ортаны қорғау саласында шешімді қажет ететін келесі мәселелерді атап өтуге болады:
ғаламдық сипатта:
-
Семей таспалы бор аумағын қысқарту;
ұлттық сипатта:
-
бұрынғы Семей сынақ ядролық полигонының болуы;
-
тау-кен өндірісінің қызметінен тарихи ластанған нысандардың саны;
-
жер асты суларының авиакеросинмен ластануы (Семей қаласы);
-
апаттық жағдайдағы кәріз дюкерлерін пайдалану кезінде шекаралас Ертіс өзенінің ластану қауіпі (Өскемен және Семей қалаларында);
-
Өскемен және Семей қалаларындағы толық биологиялық тазалаудағы тазарту имараттарындағы толығымен тазартылмаған ақаба сулардың трансшекаралас Ертіс өзеніне тасталынуы;
локальды сипатта
-
Өскемен және Семей қалаларындағы атмосфералық ауаның автокөліктен шыққан пайдаланылған газдың атмосфералық ауаны ластануының өсуі;
-
Өскемен қаласында радиоактивті ластанудың локальді ошағының бар болуы.
Сала дамуының жағдайы келесі SWOT талдауда көрсетілген:
Күшті жақтары:
1. Өнеркәсіптік өндіріс көлемінің өсімі жағдайындағы экологиялық ахуалды тұрақтандыру.
2. Қоршған орта сапсын бақылудың автоматтандырылған жүйесін енгізу оңтайлы басқару шешімін қабылдау үшін оның жағдайының объективті бейнесін алуға мүмкіндік береді, бұл соңында тұрғындр өмірінің жағдайын жақсартуда көрінеді.
3. Ормандардың сақталуын қамтамасыз ету.
4. Орман алқаптарымен жабылған алаңдарды біртіндеп ұлғайту.
5. Ормандарды өрттерден сақтауды, зиянкестер мен аурулардан қорғауды жақсарту;
6. Жастар еңбек отрядтары бағдарламаларын орындау бойынша іс-шараларға тарту.
Әлсіз жақтары:
-
Автокөліктердің санының үздіксіз өсуі кезінде ірі қалаларда көліктерді дамыту тұжырымдамасының болмауы.
-
Ірі қалалардың көше-жол желілерін жетілдіру мәселелерімен жұмыс істелмеген, қажетті мөлшерде көлік айрықтары жоқ.
-
Балама энергия көздерін нашар енгізу.
4. Сапалы көшет материалдарын қарқынды өндіру бйынша инновциялық технологиялардың жетіспеушілігі.
Мүмкіндіктері:
-
Қалдықтарды екінші рет өңдеу және пайдалануды енгізу энергия үнемдеу ресурстарының саясатын іске асыруғ мүмкіндік береді, бұл табиғи ресурстарды үнемдеуге, қалдықтар көлемінің азаюына әкеп соғады.
2. Азаматтарға табиғи ресурстарды пайдалануға саналы қатынасты қалыптастыру.
3. Орман тұқым және шаруашылық кеңейту;
Қауіптер:
-
Шекарааралық Ертіс өзенінің ластануы
2. иесіз, өнеркәсіптік, уытты және тұрмыстық қалдықтардың жинақталу үрдісі байқалады, сондай-ақ екінші қайтара өңдеу және пайдаға жарату технологиялары жоқ.
3. табиғи-климаттық жағдайлардың шұғыл өзгеруі;
4. жалпы экономикалық жағдайдың нашарлауы, орман, орман өндеу, орман химиялық өнеркәсіп өнімінің нарық конъюктурасының нашарлауы, орман шаруашылығы өнімі бөлігінде экспорттық-импорттық операция кеден ережелерінің өзгеруі,
5. жанар-жағармайға бағалардың айтарлықтай жоғарылауы, бұл энергия тасушыларға бағалардың тұрақсыздығымен байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |