Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы жағдайды талдау облыстағы соңғы 3 жыл бойында әлеуметтік қамту саласын дамытудың оң серпінін көрсетті: әлеуметтік саланы дамытуға бөлінетін бюджеттік қаражаттардың тұрақты өсіп отыруы, аз қамтылғандар санының 15,7 % төмендеуі, жұмысқа орналасқан жұмыссыздар санының жыл сайын өсуі, жұмыссыздық деңгейінің 0,7 пайыздық пунктке төмендуі.
2010 жылы экономикалық белсенді тұрғындар саны 769,8 мың теңге құрады. 2008 жылмен салыстырғанда жұмыспен қамтылған тұрғындар санының 10,2 мың адамға өсуі және жалпы жұмыссыздар санының 5,4 мың адамға қысқаруы есебінен 4,8 мың адамға өсті. Жұмыссыздар деңгейі 0,7 пайыздық пунктке азайып, 5,7 % құрады. Өзін өзі жұмыспен қамтығандар саны 0,3 мың адамға қысқарды.
Еңбек нарығындағы жағдай бойынша жұмыс күшіне ұсыныс соңғы жылдары жұмыс берушілердің белгілі кәсіптер мен мамандар жұмысшыларына қажеттілікті 3-4 есеге асқан. Селодағы жұмыс күшіне сұраныс және ұсыныс дисбалансының негізгі себебі болып жұмыссыздар кәсібінің бар жұмыс орындардың құрылымына сәйкес келмеуі, сондай-ақ бос орындардың орналасқан жері жұмыссыздың тұратын жеріне сәйкес болмауы табылады, яғни тұрғын үй нарығы жұмыс күшінің өңірлік жеделділігін әлсіз қолдайды.
2010 жылы тартылатын шетелдік еңбек күшінің құрамындағы білікті мамандар үлесі 88,4 % құрады. Тартылатын шетелдік еңбек күшінің саны және оның ішіндегі білікті мамандардың үлесі жұмысберушілердің өтінімдеріне байланысты, соның негізінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Квоталар бөлу туралы» бұйрық шығарады.
Нысаналы топқа жатқызылған жұмыссыз және жұмыспен қамтылмаған азаматттарды, оның ішінде репатрианттарды жұмыспен қамтуға жәрдем беру жөніндегі жұмыстың негізгі бағыттары болып мыналар табылады:
- еңбек нарығындағы жағдай және ұсынылатын қызметтер кешені туралы ақпараттық қамту;
- жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу;
- жұмыссыздарды кәсіптік оқыту;
- қайта оқыту және біліктілігін арттыру;
- уақытша жұмыспен қамту: қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру.
Одан басқа, халықты жұмыспен қамту мәселелері Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру арқылы шешілетін болады. Бағдарламаны iске асыру бiрiншi кезекте оқытуға, тұрғылықты жерi бойынша жұмысқа орналастыруға, өзiнiң жеке iсiн ашуға және кеңейтуге жәрдемдесуге, ал мұндай мүмкiндiктер болмаған жағдайда, жұмыспен нәтижелi қамтудың қолжетiмдiлiгiн кеңейту мақсатында экономикалық әлеуетi төмен елдi мекендерден экономикалық әлеуетi жоғары елдi мекендерге және экономикалық даму орталықтарына өз еркiмен көшуiне жәрдемдесуге бағытталған.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметшілерін әлеуметтік қолдау мақсатында ұжымдық келісім-шарттар жасасу бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2010 жылы ұжымдық келісім-шарттармен қамту 65,6% құрады, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 49,7% артады. Бұл ұжымдық келісім-шарттарды жаңа мерзімдерге қайта жасасу, және де келісім-шартқа отырмаған кәсіпорындармен жұмыстар жүргізу арқылы қол жеткізілді.
2010 жылы барлық бюджеттік әлеуметтік бағдарламаларды орындауға республикалық бюджеттен трансферттерді ескере 4,9 млрд. теңге бөлінді.
Экономиканың барлық салаларының және әлеуметтік саланың дамуымен байланысты шаралар кешенін іске асыру нәтижесінде шығысқазақстандықтардың өмір сүру деңгейі едәуір жоғарылады. 2008 жылмен салыстырғанда аз қамтылған азаматтардың саны 15,7 % қысқарды және 2010 жыл соңында 39,7 мың адамды құрады.
2008-2010 жылдары аз қамтылған азаматтар санының
өзгеру серпіні
32 сурет.
Ең төменгі күн көріс мөлшері 2008 жылдан 2010 жылғы мерзімде 11778 теңгеден 13063 теңгеге дейін ұлғайды.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 2007 жылмен салыстырғанда 21,7 % азайып, 2010 жылы 23205 адамды құрады.
2010 жылы жәрдемақының осы түрін 22011 отбасы алды, онда 51528 бала бар, бұл 2008 жылдан 6,4 % төмен (аз қамтылған отбасыларынан балаларға мемлекеттік жәрдемақылардың төлемі мен тағайындалуы 2006 жылы басталды).
Тұрғын үй көмегін 2010 жылы 17213 отбасы алды, бұл 2008 жылға қарағанда 8,7 % кем. Көмек мөлшері 2010 жылы орташа алғанда 1138 теңге (2008 жылы - 1123 құрады).
Атаулы әлеуметтік көмек алушылары ішіндегі еңбекке жарамды тұрғындардың үлес салмағы 2008 жылмен салыстырғанда 1,6 % азайып, 2010 жылы 33,9 % құрады.
Атаулы әлеуметтік көмектің орта мөлшері 2010 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 1475 теңгеден 1598 теңгеге ұлғайды.
Атаулы әлеуметтік көмектің орта мөлшерінің үлесі (1598 тенге) 2010 жылы ең төменгі күнкөріс мөлшерінен 12,2% құрайды, бұл 2008 жылға (12,5 %) қарағанда 0,3 % аз.
Жұмысқа орналасқан этникалық реппатрианттардың үлесінің ртуы байқалады, 2010 жылы 69,0 % құрады.
ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне, соларға теңестірілген адамдарға 5 және 2 мың теңге мөлшерінде коммуналдық қызмет шығындарын жартылай өтеуге материалдық көмек беріліп отырады.
Облыста:
- 13 медициналық-әлеуметтік мекеме жұмыс істейді (бұдан әрі – МӘМ), оның 8 МӘМ-жалпы үлгідегі қарттар мен мүгедектерге арналған, 3 МӘМ – мүмгедектерге және психохронниктерге арналған, 1 МӘМ ақыл-есі төмен балаларға арналған және 1 МӘМ тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балалар үшін, онда 2605 адам тұрады және қажетті күтім мен ем алады. Жыл сайын оны ұстауға 1,8 млрд.теңгеге жуық сома бөлініп отырады.
2010 жылы 43 жалғызілікті қарт азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімдері, онда 4766 адамға қызмет көрсетілді, бұл 2008 жылға қарағанда 3,9 % көп (4585). Мүмкіндігі шектеулі 1743 балаға 17 үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімі қызмет көрсетті, бұл 2008 жылға қарағанда 5,4% көп.
2010 жылы 150 балаға қызмет көрсету үшін 81,5 млн.теңге мөлшерінде қаражаттар бөлінді.
2009 жылы үкіметтік емес ұйымдар 64,2 млн.теңге сомаға психоневрологиялық патологиясы бар 400 балаға қызмет көрсетті. 2010 жылы қаражаттар сомасы 124,7 млн.теңгеге ұлғайды.
«Уба» шипажайы Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, оларға теңестірілген адамдар, Совет Одағының батырлары, Социалистік еңбек Ерлері, «Халық каһарманы» атағына ие адамдар; республика және облыс алдындағы ерен еңбегі үшін зейнетақы алатын зейнеткерлер, тыл еңбеккерлері, көпбалалы аналар, мүгедектер, жасына байланысты зейнеткерлердің қысқа мерзімді демалуы және санаторлы емделуіне арналған мемлекеттік мекеме болып табылады.
Жыл сайын облыстық бюджет қаражаттары есебінен «Уба» шипажайына емделуге 1900 ардагер мен мүгедек жіберілді.
2011 жылы облыстық бюджет қаражаттары есебінен шипажайды жалпы сомасы 369,7 теңгеге 100 орынға кеңейту жоспарлануда. Қосымша корпусты пайдалануға енгізу мерзімі 2012 жылдың екінші жартыжылдығы. Осы корпусты пайдалануға енгізу есебімен жыл сайын 3800 адамға қызмет көрсету жоспарланып отыр.
Саланың даму жағдайын SWOT-талдау:
Күшті жақтары:
-
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке өтініш бергендер санының 21,7 % төмендеуі және төлемдердің орта мөлшерінің 8,3 % өсуі жеке атаулы көмекті нығайту туралы куәландырады.
-
Табысы кедейлік белгісінен төмен тұрғындар үлесін 2,1 %-дан 1,7 %-ға дейін төмендету.
Әлсіз жақтары:
-
облыстың 9 қалалары мен аудандарында табысы кедейлік белгісінен төмен тұрғындар үлесі орта облыстық деңгейден 339,6 теңгеге аз;
-
Облыстың 8 қалалары мен аудандарында тұрғын үй көмегінің орта мөлшері орта облыстық мөлшерден орта алғанда 172,6 теңгеге артта қалуда.
Қатерлері:
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің жеткіліксіз әдісі, есепке табыстары алынып, шығыстары алынбайды.
Мүмкіндіктері:
-
тұрақты және уақытша жұмыс орындарына жұмысқа орналстыру, кәсіптік даярлыққа және қайта даярлыққа жіберу, қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындарын құру сияқты жұмыспен қамтудың белсенді түрлерін қолдану, сондай-ақ тұрғындардың аталған санатын кедейлік шеңберден шығару бойынша өңірлік бағдарламалар әзірлеу;
-
тұрғындардың іс жүзіндегі кірісінің өсуі;
-
үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік қызметтер секторындағы жұмысты бесендіре түсіру.
2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдайда жұмыспен қамту органдарында тіркелген жұмыссыздар саны 5,3 мың адам құрады, бұл 2008 жыл басынан 1,6 есеге аз.Экономикалық белсенді тұрғындар санының үлесі 2008 жылмен салыстырғанда 0,7 пайыздық пунктке азайып, 2010 жылы 0,7 % құрады (24 сүрет).
2008-2010 жылдары тіркелген жұмыссыздар санының өзгеру серпіні
33 сурет
Саланың даму жағдайын SWOT-талдау:
Күшті жақтары:
1. Жұмыспен қамтылған тұрғындар саны 2008 жылдан 2010 жылға дейін 10,2 мың адамға көбейді, 715,1 мың адамнан 726,1 мың адамға дейін.
2. Жұмыссыздық деңгейі 0,2 пайыздық тармаққа төмендеп, 6,4 % құрады.
3. Әлеуметтік серіктестік дамуы, әкімдік, облыстық кәсіподақ бірлестігі және облыстық жұмысберушілері бірлестігі арасындағы Шығыс Қазақстан облысының 2009-2011 жылдарға арналған үшжақты Келісімі қолданылуда, ірі – 100 %, орта - 98,9%, шағын – 75,7% - мемлекеттік кәсіпорындарды тарта отырып ұжымдық келісім-шарттарға кол қойған кәсіпорындар саны ұлғая түсуде.
4. 2010 жылдан бастап аз қамтылған жұмыссыздарды кедейлік шеңберден шығару бойынша пилоттық жобалар іске асырылуда.
Әлсіз жақтары:
1. Еңбек нарығындағы жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың дисбалансы, онда дәрігерлер, жүргізушілер, электргаз дәнекерлеушілер, сатушылар, күзетшілер жоғары сұранысқа ие.
2. Экономиканың кадрларға қажеттілік белгілеу механизмінің жоқ болуы кәсіпорындарда кадрларға қажеттілік туралы ақпаратты қалалар мен аудандардың әкімдіктері арқылы жинақтау және жалпылау сияқты болжауға әкеп соғады.
Қауіптер:
Кәсіпорындарда және мемлекеттік секторда бос жұмыс орындар санын қысқарту салдарынан жүмыссыздарды жұмысқа орналастыру бойынша мүмкіндіктерді шектеу.
Мүмкіндіктер:
1. Жұмыс берушілер қоятын талаптарға сәйкесжұмыссыз тұрғындардың кәсіби даярлығы мен қайта даярлығы бағдарламаларын жетілдіру.
2. Өңірде дайындығы жүзеге асырылмайтын мамандықтар бойынша шетелдік жұмыс күшін тарту.
3. Тұрғындарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік белсенді бағдарламалары спектрын кеңейту.
4. Жұмыссыз азаматтардың ауылды жерлердің тұрғындары үшін басмыдылықпен кәсіпшілік бастамаларын дамытуға жәрдемдесу.
2.2.2.4 Мәдениет
Мәдениет саласының қызмет етуіне бөлінген қаржы көлемі 2010 жылы 3,7 млрд. теңге құрады. 2010 жылғы бюджет қаражаты 2007 жылға қарағанда 1,8 млрд. теңгеге (2 есе) өсті.
Мәдениет қызметкерлері еңбекақысының көбеюі мен «Жол картасы» бағдарламасы арқасында қаржыландыруы да өсті. Қаржыландырудың жалпы көлемінен, 2004-2010 жылдарға арналған Шығыс Қазақстан облысы ауыл аймақтарын дамыту Өңірлік бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары аясында, 2007-2009 жылдары ауылдық мәдениет ұйымдар нысандарын дамытуға жергілікті бюджет есебінен 620 млн. теңге немесе 7,2% жіберілді.
2010 жылы мәдениет мекемелері желісі 671 бірлік құрады, олардың 648-і мемлекеттік мәдени ұйым, оның ішінде: 275 клуб, 312 кітапхана, 10 мұражай, 2 театр, 4 концерттік ұйым, 1 халық шығармашылығы және мәдени-демалыс қызметі орталығы, 1 тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі мекеме, 1 хайуанаттар бағы, 2 кинотеатр, 3 Достық үйі, 1 саябақ, 36 басқа мекемелер. Соның ішінде ауылды мекендерде 263 кітапхана, 257 клуб және мәдениет үйі, 1 кинотеатр және 1 мұражай қызмет көрсетеді.
Облыс аумағында 627 тарих және мәдениет ескерткіші тіркелген, соның ішінде: 15 республикалық және 612 жергілікті маңызы бар ескерткіш. 4 жылда 31 ескерткіш және монумент орнатылды, бұл 2005 жылғы көрсеткіштерден 5,2% артық (627/596бірл).
2007-2010 жылдары мәдениет нысандары желісі 56 бірлік немесе ұлғаю 9,1 % құрады.
34 сурет
2007 жылдан бері орталық аудандық кітапханаларының «Бірыңғай ақпараттық компьютерлік желі» жобасы табысты әрекет етуде. Жалпы облыс бойынша Ғаламторға шығу және электрондық поштаны 34 кітапхана. Ғаламтор-қызметтерімен пайдаланушылар саны 18,1 мың адам құрайды. Облыс кітапханаларындағы компьютерлердің жалпы саны 341 бірлік, көшірме-көбейту техникасының саны 65 бірлік құрайды.
2010 жылы театрларда 501 спектакль қойылды, оның ішінде мемлекеттік тілде – 168 (33,5%), олардың 21-і жаңа қойылым. Облыста театр өнері саласында жаңа қойылымдар үлесі 4,2% құрады. 2010 жылы халыққа театрлық қызметтерді көрсетудің үрдісі 2009 жылға салыстырғанда 2% төмендеді.
110 мыңнан астам мәдени-көпшілік іс-шаралар (концерттер, фестивальдер, конкурстар, форумдар, акциялар, айтыстар, шығармашылық есептер, облыс әкімінің қабылдаулары және т.б.) өткізілді, оның ішінде Шығыс Қазақстан облысының шығармашылық ұжымдар мен орындаушыларының концерттерінің саны 73 және 2009 жылға ұлғаю 12,3% құрады.
«Халықтық» атағы бар көркемөнерпаз шығармашылық ұжымдар саны -119, «Үлгілі» ұжымдар саны - 18, 2009 жылмен салыстырғанда ұлғаю 3,7%-ға құрайды.
Облыс мұражайлары 11577 мәдени-көпшілік іс-шара өткізді, оның ішінде: 281 көрме, оның ішінде 26 вернисаж безендірілді; 1361 дәріс пен семинар – өткізілді, оның ішінде 224-і мемлекеттік тілде, 9 мыңнан астам экскурсия, оның ішінде 1,4 мыңы мемлекеттік тілде; мұражайға келушілер саны 518,8 мың адамды құрады. Мұражай қорларын жаңа экспонаттармен жаңарту үлесі 5,4% (21,2 мың экспонат) құрады.
Облыс кітапханаларының кітаптар қоры 5162,5 мың дананы құрайды, оның ішінде 1017,9 мың дана мемлекеттік тілде, жаңартылған кітаптар қорының үлесі - 0,3% құрайды. Кітапхана оқырмандарының жалпы саны 356,8 мың адам, келушілер саны 577,7 мың адам құрады. Облыс кітапханалары 10825 мәдени-демалыс іс-шаралар (семинарлар, дәрістер, конференциялар, кәсіби сайыстар, кітап көрмелері, дөңгелеу үстелдер және т.б.) өткізді немесе 2009 жылмен салыстырғанда ұлғаю 13% құрайды.
Облыс тұрғындарының мәдениет саласы бойынша қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейі 2010 жылы 23% құрады.
Шығыс Қазақстан облысының Аумақтарын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы, Моноқалаларды дамытудың 2012 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасы және 2020 Жұмыспен қамту бағдарламасын іске асыру шеңберінде мәдениет нысандарының құрылысы, қалпына келтіру, күрделі және ағымдағы жөндеуді жүргізу жоспарланды.
Саланың даму жағдайына SWOT –талдауы жүргізілді.
Күшті жақтары:
1. Мәдениет нысандарына қатысу деңгейі орындар санының өзгертілмегенінде 2007 жылмен салыстырғанда 1,3 есе ұлғайды;
2. Мәдени нысандарының қызметтерімен халықты қамтамасыз ету дәрежесі 2007 жылдағы 5,9-дан 2010 жылы 7,2-ге ұлғаюы байқалады.
Әлсіз жақтары:
1. Мәдениет саласындағы қызметкерлер саны 2007 жылмен салыстырғанда 6,2%-ға төмендеді;
2. Мәдениет саласындағы пайдаланатын ғимараттар мен құрылыстардың тозу дәрежесі аса жоғары, 2010 жылғы жағдай бойынша тозуы 90,1% құрайды. Аудан бюджеттерінен күрделі және ағымдағы жөндеуге бөлінген қаржы жеткіліксіз.
Мүмкіндіктер:
1. Әлеуметті осал топтар өкілдері үшін тегін қызмет көрсету мәдени қызметтердің қол жетімді болуға мүмкіндік береді.
Қауіптер:
1. Мәдени мемлекеттік емес мекемелері санының қысқаруы сектордағы бәсекелестік деңгейін төмендетеді, бұл ұсынылатын қызметтердің сапасы мен құнына теріс ықпалын тигізу мүмкін;
2. Мәдени мекемелері қызметтерінің орта құнын 2 есе көбейткен жағдайда халықтың белгілі әлеуметтік топтары үшін аталған қызметтерге қол жетпестікке апару мүмкін.
Өткізілген SWOT–талдауы негізінде мәдениет саласында дамуды шектейтін негізгі проблемалар анықталды. Олар:
1. Мекемелер желісі облыс қажеттіліктерін қанағаттандырмайды. Облыстың 194 елді мекенде (немесе 23,7 %) кітапхана және клубтар жоқ. Жылжымалы мәдени мекемелердің тапшылығы (барлығы 7 видеомобиль, 1 автоклуб) болғандықтан шалғайдағы шағын аудандары мен өңір ауылдары мәдени жарақтандырумен қамтылмайды.
2. Материалдық-техникалық жабдықтаудың нашарлығы (музыка құралдарының жетіспеушілігі, қазіргі заманғы құралдары, сахналық костюмдердің жетіспеушіілігі орын алуда) мәдени мекемелері қызмет көрсетудің сапасына әсеретеді және адамдардың мәдени қажеттіліктеріне сәйкес келмейді. Цифрлауға арналған жабдықтың болмауына байланысты өңір тұрғындары мұражайлар қорларына қол жеткізе алмайды.
Аудандық және ауылдық кітапханалардың кітап қорларын орталықтандырылған жинақтау үшін қаржыландыруы жеткіліксіз. 1000 тұрғынға шаққанда 2 жаңа кітап келеді, ал халықаралық стандарттар бойынша 250 жаңа кітап қажет. Ауыл кітапханаларында компьютерлеу, Ғаламторға кірудің болмауы (облыстың 10 орталық аудандық кітапханасынан басқа) облыстық, ұлттық кітапханалардың ресурстарына қол жеткізуге мүмкіндік болмайды.
Ақшалай қаржының тапшылығы келесіні қиындатады: ескерткіштердің сақтауын қамтамасыз ету мен оларды қалпына келтіру, мұражайлар мен кітапханалар қорларын цифрлеу, жоғары деңгейде мамандандырылған реставратор мамандарды, компьютерлік бағдарламалау бойынша мамандарды, «Тарихи-мәдени мұрасы нысандарын қорғау және пайдалану туралы» Заңын сақтау бойынша заңгерлерді тарту.
3. Мәдениет қызметкерлерінің жас мөлшерінің ұлғаюы (қартаюы), әсіресе, кітапхана және мұражай саласында байқалады. Облыста мәдени қызметкерлерінің кадрларды даярлау және қайта даярлау орталығы жоқ, мәдени мекемелерде (немесе үлкен тапшылықта) тар көлемді мамандар (реставраторлар, каталогизаторлар, бағдарламашылар) жоқ, маркетинг және арт-менеджментті меңгерген шығармашылық басшы мен жаңа үлгідегі басқарушы кадрлардың тапшылығы байқалады.
2.2.2.5 Тілдерді дамыту
Өнірдің тілдік саясаты саласындағы дамуы ұлттық бірегейлікті қалыптастыру, мемлекеттік тіл саясатын ақпаратпен тиімді сүйемелдеу, қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығайтуға бағытталған.
Мемлекеттік қызметшілер мен азаматтардың басқа санаттарын оқыту мақсатымен облыста оқыту орталығы жұмыс істеуде: Өскемен, Риддер, Курчатов, Зырян қалаларында, сондай-ақ Глубокое, Бородулиха, Бесқарағай, Шемонаиха аудандарында осындай орталықтар қызмет атқарады. Бұл орталықтарда мемлекеттік органның 2084 тыңдаушысы, мемлекеттік емес мекемелердің 229 тыңдаушысы, барлығы 2313 тыңдаушысы мемлекеттік тілді үйренуде.
Сондай-ақ, облыс бойынша 6000 тыңдаушыны қамтумен 22 мемлекеттік емес орталық мемлекеттік тілді оқытуды жүргізеді.
Бұдан басқа, Қазақстан халқы Ассамблеясы XV сессиясының шешіміне сәйкес облыстың елді мекемелеріндегі 329 мектептің негізінде 651 үйірме ашылып, 7980 тыңдаушы дәріс алып жатыр.
Облыстың жалпы білім беру мектептерінде 56% оқушылар қазақ тілінде білім алуда. 39 мектепке дейінгі балалар мекемелерінде 10 % бала қазақ тілінде тәрбиеленеді.
Бүгінгі күні Жалпы облыстағы оқу орындары мен мектептердегі тіл үйрету үйірмелерін қоса есептегенде облыста 240 мыңнан астам тыңдаушы мемлекеттік тілді үйренуде.
Оқыту сапасын арттыру үшін ересектерге арналған оқу құралдары, оқытудың І-деңгейіне арналған электронды оқулық, салалық сөздіктер (қаржы, мәдениет, спорт, кеден, кәсіпкерлік пен өнеркәсіп, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары және басқа), үйірме басшыларына арналған мәтіндер жинағы, курс тыңдаушыларына арналған дәптерлер әзірленді және бекітілді.
Тіл саясаты бойынша ақпаратық орталықтардың рөлін атқаратын облыс мемлекеттік органдарының сайттары қызмет істеуде.
Бұқаралық ақпарат құралдардағы мемлекеттік тіл саясатына қатысты материалдардың саны келесідей. 2007 жылы – 383, 2008 жылы – 386, 2009 жылы - 426 материал жарияланып, алғашқы кезеңге қарағанда 11,2 пайызға өсті.
Егер 2007 жылы облыста қазақ тілінде 15 (8,2%) БАҚ шықса, орыс тілінде – 104 (58,5%), қазақ және орыс тілдерінде – 65 (33,3%), ал 2009 жылы қазақ тіліндегі БАҚ саны – 17 (10,9%), орыс тіліндегі – 62 (39,8%), қазақ және орыс тілдеріндегі – 77 (49,3%) болды. 2009 жылы қазақ тілінде басылатын 6 жаңа қалалық және аудандық газеттер мемлекеттік тіркеуден өтіп, облыстың барлық қалалары мен аудандарына таратыла бастады.
19 қала мен ауданда және 19 облыс басқармасында ісқағаздар мемлекеттік тілде жүргізіледі. 2007 жылдың басында құжат айналымдағы қазақ тілінің үлесі 28,1 пайыз болса, 2010 жылы – 88,2 пайыз құрады.
Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде 2007 жылмен салыстырғанда (57 %) қазақ тілін білу деңгейі артты және барлық оқыту орталықтарының мәліметтері бойынша қазақ тілін меңгерудің деңгейі 65 пайызды құрады. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстық басқармаларда қазақ тілін меңгеру деңгейі 70 пайыз, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын департаменттерде 72 пайызды құрады.
Дегенмен, қол жеткізілген қортындыларға қарамастан, айтып кететін жайт, қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы мемлекеттік тілдің қажетілік деңгейі әлі де жеткіліксіз. Қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің арасында мемлекеттік тілді қызметтік жұмысты іске асыратындай деңгейде меңгерген қызметкерлер аз. Мемлекеттік тілде оқытылатын мектептер, метепке дейіңгі мекемелерде қажеттілік туындауда. Үйірмелер топтамасында, мемлекеттік тілді оқыту орталықтарында ұлғаю қажеттілігі бар.
Облыста аумақтың қоғамдық өмірдің барлық негізгі салаларында тілдік құрылыс процестерін ары қарай кеңейту мен тереңдетудің алғышарттары жасалған. Ол мемлекеттік органдар, ұйымдар мен жалпы қоғамның мақсатты бағытталған үйлестіре күш салудың нәтижесінде болды. Тілдік құрылысының оңтайлы үдерісі облыс өмірінің әлеуметтік тұрғыдан ең маңызды аспектілердің бірі болып табылады. Өйткені этнолингвистикалық және мәдени қажетіліктерді толыққанды іске асыруын қамтамасыз ететін қоғамдағы азаматтық келісім мен оның ары қарай жұмылдыруын нығайтуына ықпал етеді.
Оңтайлы функционалдық-лингвистикалық кеңістікті құруында мемлекеттік органдардың қызметі бірқатар тенденцияларға байланысты.
Біріншіден, өңірдің дамуындағы жаңа кезеңінде тілдерді дамыту саласында жаңа шешімдер іздестіру мәселелеріне ерекше назар аударылу қажет. Ең бастысы, ары қарай тұрақты даму үшін ұлт алдындағы тұрған стратегиялық міндеттерді бірыңғай түсінуі негізінде облыс халқының жұмылдыру қажет.
Екіншіден, қоғамдық өмірдің барлық салаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыруына байланысты әлемдік саяси-экономикалық жүйедегі Қазақстанның рөлін өзгерту.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік тіл орыс тілімен бір деңгейде ресми қолданылуда. Орыс тілінің жалпы қоғамдық функциялары сақталуда және дамуда.
Сонымен қатар ағылшын тілін оқыту жағдайы жасалады. Осылайша әділет департаментінде 13 адам оқитын ағылшын тілін оқыту бойынша 1 топ құрылды, бұдан басқа ұлттық-мәдени қаумдастықтағы жексенбілік мектептерде 260 тыңдаушысы бар, 13 топ құрылды. Ағылшын тілін оқыту облыстың орта білім беру мектептеріндегі барлық оқушылар үшін міндетті болып табылады
Сонымен қатар ана және басқа тілдері оқыту үшін қазір облыстағы 73 этномәдени бірлестіктердің жанынан жексенбілік мектептер мен үйірмелер құрылған. 2010 жылы 103 топта 1408 тыңдаушылар 15 ана және басқа тілдерде оқытылуда. Осылайша мысалы, Өскемен қаласындағы «Возрождение» жексенбілік мектебіндегі 46 топта 15 ұлттың 773 тыңдаушысы ана тілдерін, соның ішінде 5 топта 81 тыңдаушы мемлекеттік тілді үйренуде.
Ұлттық-мәдени орталықтардың жанында ашылған жексенбілік мектептері: Достық үйінде қызмет ететін 9 жексенбілік мектебі және 1 ұлттық жандандыру мектебінде облыста тұратын 15 этностардың тілдері оқытылуда.
2007-2009 жылдары қаржыландырудың көлемі 81 119 мың теңгені құрады: 2007 жылы – 28 595 мың теңге, 2008 жылы – 27 498 мың теңге, 2009 жылы – 25 260 мың теңге бөлінді. 2010 жылы облыстық бюджеттен 30 млн. теңге бөлінді.
Саланың даму жағдайын SWOT талдау:
Күшті жақтары:
1 мемлекеттік тілмен Қазақстан халқының тілдерін оқытудың инфрақұрылымы кеңейді;
2 мемлекеттік тілді оқытуды қамтамасыз етудің әдістемелік жүйесі құрылды;
3 мемлекеттік тілді үйрету үдерісінде жаңа ақпараттық технологияларды жасау және енгізу қамтамсыз етілді;
4 мемлекеттік тілде іс жүргізу үдерісі белсенді түрде іске асты;
5 көп тілділікті сақтау жағдайында мемлекеттік тілдің қолданылу аясы кеңеюде;
6 Қазақстанда тұратын этностардың тілдерін үйренуді мемлекеттік қолдаудың тиімді жүйесі құрылды.
Әлсіз жақтары:
1 мемлекеттік тілді оқытудың бірыңғай стандарты жоқ;
2 тілдік саланың жеткіліксіз нормативтік-құқықтық қамтамасыз етілуі.
Мүмкіндіктері:
-
Қазақстан халқының рухани және ұлттық бірлігінің басты факторы ретінде мемлекеттік тілдің рөлін көтеру;
2 көптілділік орта жағдайында әлеуметтік-коммуникативтік кеңістікке мемлекеттік тілді енгізу;
-
Қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын дамыту.
Қауіптер:
1 мемлекеттік тілді қолдану аясындағы құқықтық кемшіліктердің бар екендігі;
-
Қазақстандықтардың тіл мәдениетінің төмендеу мүмкіндігі.
2.2.2.6 Дене шынықтыру және спорт
Облыста 72 спорт түрлері бар: жазғы олимпиада түрлері – 24, қысқы олимпиада түрлері – 8, олимпиадалық емес түрлері – 40.
2010 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша спорт құрылғыларының саны 2804 бірлікті құрады (оның ішінде жалпы білім беру мектептеріндегі спорт залдар), олардың 1786-сы ауылдық жерлерде, бұл көрсеткіш 2008 жылмен салыстырғанда 25 бірлікке артық.
Облыста дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шынығып жүргендердің саны 2008 жыл мен 2010 жыл кезеңінде 68,7%-ға өсті және 214 352 адамды немесе тұрғындардың жалпы санының 15,1%-ын құрады (8 кесте).
Облыста шаңғы спортын тарататын 142 секция бар, онда 3,8 мың адамнан астамшаңғышы шынығады, 25 шаңғы базалары жұмыс істеп тұр, оның 17-сі қалаларда, 8-і аудандарда. Облыста шаңғы спортынан жыл сайын 65 спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шаралары өткізіледі.
12 кесте
2008-2010 жылдардағы спортты дамытудың негізгі көрсеткіштерінің динамикасы
№ п/п
|
Көрсеткіштер атауы
|
2008 ж.
|
2009 ж.
|
2010 ж.
|
1
|
ШҚО тұрғындарының саны, адам
|
1417384
|
1413756
|
1398083
|
2
|
Дене шынықтыру және спортпен шұғылданатындардың саны, адам
|
128032
|
140450
|
214352
|
3
|
Дене шынықтыру және спортпен шұғылданатындарды қамту, %
|
9,0
|
9,9
|
15,1
|
4
|
Дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын 6 –дан 18 жасқа дейінгі адамдар
|
73724
|
79364
|
149064
|
5
|
Спорт объектілерінің саны, бірлік
|
2779
|
2795
|
2804
|
Облыс аумағында спорттың мына түрлері бойынша 7 кәсіби спорт клубтары жұмыс істеуде: футбол, волейбол, көкпар, гандбол.
2010 жылда облыстың құрама командалары кешенді республикалық жарыстарға қатысты, оның ішінде: спорттың 14 түрлерінен Қазақстан Республикасының I жасөспірімдер ауылдық спартакиадасы – республиканың 14 командалары арасында 3 орын, 1орын алған волейболшы ұлдар мен қыздар, қазақ күресінен жас спортшылар, жалпы командалық 2 орын алған ауыратлеттер жақсы өнер көрсетті. Шығыс Қазақстан облысының құрама командасы барлық 14 спорт түрлерінен қатысты және ойынның нәтижесі бойынша жалпыкомандалық есепте 1 орын алған Солтүстік Қазақстан облысына және 2 орын алған Қостанай облысына жол беріп үшінші орынды иеленді.
2010 жылы спорт мектептерінде 19561 адам оқытылды, бұл 2009 жылдан қарағанда 217 адамға артық. Аталған мектептерде АВД топтары жұмыс істейді - 761 (2008-794, 2009-765), ОЖТ – 688 (2008-650, 2009-703), СЖ – 98, (2008-99, 2009-108), ЖСШ – 26 (2008-28, 2009-23).
2010 жылда дайындалды:
- халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері – 9 адам (2009 ж.-14 адам)
- спорт шеберлері – 84 адам (2009 ж. -79 адам)
- спорт шеберлігіне үміткерлер – 292 адам (2009 ж. - 279 адам)
- 1 разрядты спортшылар – 444 адамк (2009 ж. - 401 адам)
Облыста, облыстың мектеп жасындағы балалардың 1,4%-ын ғана қамтый алатын мүмкіндігі бар 34 балалар-жасөспірімдер спорт мектептері бар. Тұратын жерлерде және жаппай демалу орындары бойынша спорт алаңдары және имараттары жеткіліксіз. Инфрақұрылымның дамымағанына байланысты ауылда айналысатын жастардың және балалардың санының көрсеткіші төмен болып қалады. Бүгінгі күні облыстың 775 кентінде не бәрі 6 жабық спорт кешендері бар және спорт бойынша 45 әдіскер жұмыс істейді. Ашық спорт алаңдарының саны 349 бірлік.
Қажеттілікті қанағаттандырмайтын материалдық-техникалық база, сапалы спорт құрал-жабдықтары мен саймандарының жоқ болуы спорт резервін және халықаралық дәрежедегі спортшыларды жоғары деңгейде дайындауға мүмкіндік бермейді. Балалар-жасөспірімдер клубтары жүйесі жеткіліксіз дамыған, тұрғылықты орындар мен бұқаралық демалыс орындарында қарапайым спорт алаңдары жеткіліксіз.
Саланың даму жағдайын SWOT талдау:
Күшті жақтары :
1. Дене шынықтыру және спортпен шұғылданатындар саны 2010 жылы (214 352 адам) 2008 жылмен салыстырғанда (128 032 адам) салыстырғанда 67,4 %,-ға, яғни 86 320 адамға артты;
2.Спорт объектілерінің саны 2010 жылы (2 804 бірлік) 2008 жылмен салыстырғанда (2 779 бірлік) 0,9 % -ға немесе 25 бірлікке артты;
3. Шаңғы спортын дамыту үшін жағдайлар жасалды;
4. Шаңғы спортын дамыту үшін қолайлы климаттық жағдайлар.
Әлсіз жақтары:
1. Спорт объектілерінің материалдық-техникалық базаларының әлсіз жабдықталуы.
Мүмкіндіктері:
1. Облыстық инфрақұрылымда дене шынықтыру және спортпен шұғылдану үшін мүмкіндік жасау (шағын-футбол, волейбол, баскетбол, үлкен теннис, шайбалы хоккей үшін алаңдар құру).
Қауіптер:
Өткізілген SWOT талдау нәтижесінде облыстың өңірлерінде дене шынықтыру және спорттың дамуын тоқтататын негізгі мәселелер анықталды:
-
Бұқаралық және балалар-жасөспірімдер спортының әлсіз дамуы.
2. Спорт инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуы, спорт ұйымдарының материалдық-тхникалық жабдықталуының төмен деңгейі:
1) облыста жоғары спорт жетістіктерін дамыту үшін жазғы олимпиадалық спорт түрлері бойынша жоғары спорттық шеберлік мектептері жоқ;
2) ауылда спорт құрылғыларының, спорт құрал-жабдықтары және саймандардың жетіспеушілігі қатті сезіледі.
2.2.2.7. Ішкі саясат
Мемлекеттілікті нығайту, демократияны дамыту, азаматтық қоғам институттарын қолдау, қоғамдық тұрақтылықты, ұлтаралық және дінаралық келісімді қамтамасыз ету, тұрғындар арасында кең ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, мемлекеттік жастар саясатын іске асыру, ақпараттық кеңістіктің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, тұрғындардың әлеуметтік сенімін қалыптастыру ішкі саясаттың негізгі басымдықтары болып табылады.
Облыста 9 саяси партия филиалы және республикалық қоғамдық-саяси ұйымдардың 3 өкілдігі, 569 үкіметтік емес ұйымдар, 82 этномәдени орталықтар, 365 діни бірлестіктер, бұқаралық ақпарат құралдары тіркелген.
Мемлекеттік органдардың азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастығын дамыту үшін келесі консультативтік-кеңестік органдар мен дилог алаңдары пайдалануда:
-
ҮЕҰ байланыс жөніндегі кеңес;
-
Жастар ісі жөніндегі кеңес;
-
Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес;
-
Саяси клуб;
-
Қоғамдық кеңес;
-
Бас редакторлар клубы;
-
Ақпараттық саясат жөніндегі кеңес.
Әлеуметтік шиеленіс ошақтарының алдын алу және анықтау бойынша мүдделі құрылымдармен бірлесе отырып жергілікті жердегі қоғамдық-саяси ахуалға мониторинг жүргізу жүйесі құрылған, сондай-ақ діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша жергілікті жердегі әлеуметтік шиеленістердің картасы әзірленуде, БАҚта жарияланған сын материалдарға шұғыл әрекет ету сызбасы жұмыс істеуде.
Қоғамдық-саяси, ұлтаралық және дінаралық жағдайды зерттеу, жүргізіліп отырған мемлекеттік саясатқа тұрғындардың қарым-қатынасын, мемлекеттік саясаттың басымдықтары туралы ақпараттануын, жастардың проблеммаларын, саяси күштерді белгілеуді анықтау үшін, жыл сайын 24 мыңға жуық адамды қамтитың 26-ға тарта әлеуметтік зерттеулер жүргізіледі.
Жалпы алғанда мониторинг қорытындысы бойынша азаматтардың дінге деген көзқарастарының, жалған діни және жаңадан пайда болған діни құрылымдар белсенділігінің артқаны байқалады. Сондай-ақ егер олардың діни сезімдеріне нұқсан келтірген жағдайда, өз конфессиясы үшін ашық қақтығысқа шығуға әзір діншілдердің санының артып келе жатқандығы алаңдатуды тудыруда.
2009 жылдан бастап, діни экстремизим мен терроризм идеяларының алдын алу, діни ағымдар туралы түсіндіру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Арнайы облыстық ақпараттық-насихат тобының шығуы өткізілуде.
ҮЕҰ әлеуметтік маңызды жобаларына қатысты мемлекеттік тапсырыс көлемі жыл сайын артуда. Ол 2010 жылы 2007 жылмен салыстырғанда 31 %-ға артып, 17 млн. теңгені құрады.
Қоғамның әлеуметтік маңызы бар міндеттерін шешудегі үшінші сектордың қатысуын кеңейтудің қажеттілігі артуды. Солай бола тұра, ішінде тек қана республикалық деңгейде шешімін таба алатын проблеммалық мәлелелер реті бар. Олар:
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру және құру саласындағы заңнаманың, әлеуметтік-экономикалық және ұйымдастыру-әдістемелік қамтамасы етудің жетілмеуі;
Жергілікті жерлерде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды үш жылдық қаржыландыру жүйесін іске асыру механизмдерінің болмауы;
Әлеуметтік жобаларды іске асыру мониторингінің бірыңғай жүйесінің болмауы;
Қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешудегі ауылдық ҮЕҰ әлсіз дамуы және ролінің төмендігі;
Телевизиялық өнімдер мен мерзімді баспа басылымдарының деңгейі өсіп, сапасы артуда, жаңа БАҚ құрылуына байланысты ақпараттық кеңістік кеңейуде;
Облыстың ақпараттық кеңістігін 158 тіркелген бұқаралық ақпарат құралы құрайды, оның ішінде жұмыс істеп тұрғаны – 156, соның ішінде 130-і басылымдық (28 журнал, 102 газет), 26-сі электрондық ақпарат құралы.
Жеке сайттары бар БАҚ саны да артты.
Тұрғындар арасында отандық сандық хабар таратудың артықшылықтарын түсіндіру жұмыстары жалғастырылды, БАҚ материалдар жарияланды. «Қазтелерадио» АҚ бірге OTAU TV бағдарламасымен таныстыру, көрсетілімін ұйымдастыру, түсіндіру, жарнамалау және үгіт жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, OTAU TV құрылғысы құнының жоғары болуы, отандық телеарналардың бәсекеге қабілеттілігінің төмен болуына байланысты, ақпараттық нарықта OTAU TV -ның таралуының нашарлығы байқалады.
Келесі шараларды қабылдау қажеттіліктері бар:
-
ақпараттық-насихаттық жұмыстар және «диалогтық алаңшаларды» дамыту арқылы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары туралы барлық мақсатты топтар мен қоғамның ақпараттану деңгейін арттыру;
-
өңірлік БАҚпен ақпаратты қолдаудың сапасын арттыру және кеңейту;
-
БАҚ құқықтық мәдениетін арттыру және ақпараттық саладағы заңнаманы сақтауды қамтамасыз ету, журналистік қауымдастықпен этикалық нормаларды сақтау (БАҚ мониторингін жүргізу);
-
мемлекеттік электрондық БАҚ саралау (жеке мешік деректі және көркем фильмдерді, әлеуметтік роликтер, балалардың және көңіл көтеру бағдарламалары);
-
мемлекеттік БАҚ қадрлық қамту және ұйымдастыру бойынша шаралар қабыдау (БАҚ мақсатқа бағытталған іс-шаралар дайындау және өткізу, кадрлардың біліктілігін арттыру, соның ішінде журналистердің кәсібилігін арттыру мектептерін, семинар-тренингтерді және танымал журналистермен шеберлік-сағаттарын өткізу);
-
мемлекеттік БАҚ жан-жақты жаңғырту (әлемдік масс-медиа стандарттарына негізделген материалды-техникалық базаны, БАҚ сапалық деңгейін жақсарту, ғаламтор желісі жәнемесс-медианың веб-сайттарының болуы, ЖТС сатып алу);
-
бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына жәрдемдесу (БАҚ өкілдеріне облыс әкімінің гранттарын бөлу, мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орындауға тарту).
Бүгінгі таңдағы жастар саясаты саласындағы басты басымдық елдің болашақ дамуын қамтамасыз етуге қабілетті зиятты және рухани-адамгершілік қасиеттерге ие тұлғаларды қалыптастыру.
Шығыс Қазақстан облысында 14 пен 29 жас аралығындағы 369297 жастар тұрады. Бұл облыс халқының төртен бір бөлігін құрайды. (1 398083 адам). Олардың ішінде: қалалықтар саны 224 607 адам (60,8%), ауылдық жерлердегі жастар саны 144690 адам (39,2%).
Жалпы орта білім беретін мектептердің түлектері аз қамтылған отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмектер көрсету мақсатында, облыстың ЖОО-да оқу ақыларын төлеу үшін жоғары педагогикалық және медициналық білім алу бойынша облыс әкімінің гранты тағайындалды.
«Дипломмен-ауылға» бағдарламасы іске асуда, оның негізгі мақсаты ол, ауылдық аумақтарда кадрлық әлеуетті арттыру болып табылады.
2010 жылы ауылдық елді мекендерге 262 маман келіп, жұмысқа орналасып, оларға бір жолғы көтерме ақылар, тұрғын-үй сатып алуға жеңілдетілген кредиттер берілді. 2011 жылы 498 маман қолданды, 202 жылы 370 маманды қолдау жоспарланып отыр.
Мемлекеттік органдар тарапынан жастарды жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру мәселесіне баса назар аударылады. Оқушылар мен студент жастарды жазғы демалыс кезінде уақытша жұмыспен қамту мақсатында, облыстық студенттік құрылыс отрядтарының штабы мен «Жасыл ел» қозғалысы ұйымдастырылды. 2009 жылы облыс бойынша облыс бойынша ССМТО қозғалысы 2 187 жастарды қамтыды (оның ішінде Жол картасы бойынша 635 жұмысқа орналастырылды), 99,05 млн. теңге сомаға жұмыс көлемі орындалды.
Нашақорлық проблемасын шешудің тиімді тәсілдерінің бірі ол жастардың спортпен шұғылдануларына жағдайлар жасау, салауатты өмір салтын белсенді түрде насихаттау болып табылады. Облыс аумағында 30-дан астам балалар-жасөспірімдердің аула клубтары жұмыс істеп, ол жерге 3000 астам жасөспірім тартылған.
Жастарды ынталандыру және қоғамдық өмірге белсен атсалысудағы ерекше еңбектерін бағалау мақсатында, «Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруда қосқан үлесі үшін» атты облыс әкімінің сыйақысы «Жастардың көшбасшысы», «Студенттердің көшбасшысы», «Жастардың жыл акциясы», «Жастар ұйымдары», «Жас журналист», «Жас кәсібилер», «Жас отбасы» атты 7 номинация бойынша тағайындалды.
Облыста «Жастардың клубы», «Жаңа әлем жастары», Шемонаиха ауданында «Жастардың форматы» атты газеттер жарық көруде. Әрбір қалалық және аудандық газеттерде жастардың аудиторияларына арналған арнайы басылымдар шығып тұрады, сондай-ақ облыстық телеарнаның жаңалықтар блогында тұрақты түрде арнайы сюжеттер көрсетіліп тұрады. Қазіргі жастар ортасының жағдайы жастардың бұқаралық ақпарат құралдарындағы басылым көлемін ұлғайту мен сапалы материалдар ұсыну арқылы ақпараттық қамтамасыз етудің сандық көрсеткіштерін ұлғайтуды талап етеді.
Жастардың ортасында білім алу, жұмысқа орналасу, баспанамен қамтамсыз ету сияқты проблемалар ең өзектілердің бірі болып қала береді.
Жастар саясатын іске асыруда кадрлық, ғылыми және ақпараттық қамтамасыз ету әлі де болса жеткіліксіз. Жастардың халықаралық алмасулары дамымаған. «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша кейбір өңірлер үшін квота ұлғайту қажет.
Саланың даму жағдайына SWOT-талдау:
Күшті жақтары:
1. Қоғамдық саяси ахуалға, саяси партиялар мен басқа да қоғамдық институттардың қызметтеріне әр түрлі әлеуметтік әдістер мен сарапшыларды тарта отырып, мониторинг жүргізіледі;
2. 7 өңірде бұрын қазақ тіліндегі БАҚ шықпаған, қазіргі уақытта қазақ тіліндегі жаңа қоғамдық-саяси газеттер шығарыла бастады;
3. азаматтық қоғам институттарының қатысуымен өткізілетін сұхбат алаңдарының белсенді жұмыстары қамтамсыз етілді;
4. жастарға арналған ресурстық орталықтар құрылып жұмыстар атқаруда;
5. ҮЕҰ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жүйесі арқылы әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге белсендірек тартылуда;
6. «жастардың бастамаларын дамыту орталығы» КММ құрылды.
Әлсіз жақтары:
1. 73 елді мекен қазақстандық телехабарлармен қамтылмаған;
2. ауылдық өңірлердегі үкіметтік емес ұйымдардың жұмыс деңгейінің төмендігі.
3. кейбір қалалар мен аудандарда үкіметтік емес және жастар ұйымдарын қолдау мақсаттарына қаражат бөлінбейді.
Мүмкіндіктер:
1. қоғамдық-саяси, соның ішінде діни ахуалдың күрделенуіне жол бермеуге қатысты алдын ала шаралар қабылдау;
2. халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту;
3. сандық теледидарды енгізудің мемлекеттік бағдарламасын жеделдете іске асыру;
4. ауылдық өңірлерде жұмыс істейтін ҮЕҰ әдістемелік көмектер көрсету;
5.өңірлерде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруына қаражат бөлуін арттыруы;
6. облыс қалалар мен аудандарында мемлекеттік тапсырысты орналастыруы;
Қауіптер:
-
облыстағы қоғамдық-саяси ахуалдың күрделенуі;
-
деструктивті діни ағымдардың таралуы;
-
деструктивті діни ағымдарына жастардың тартылуы.
-
Қытай тарапынан ақпараттық кеңістікті бұзу;
-
Ресейдің тарапынан ақпараттық ықпалы;
2.2.2.8 Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп
Жалпы облыс бойынша криминогенді жағдай тұрақты болып қалады. 2010 жылы 16363 қылмыс тіркелген бұл 2009 жылдан 1,58 % аз. Ауыр және аса ауыр қылмыс түрлерінің саны төмендеді, соның ішінде кісі өлтіру, денсаулығына ауыр зиян келтіру, ұрлық және қарақшылық. Жалпы қылмыстық қылмыстың ашылуы 63,8 % құрады.
35 сурет
Сонымен қатар, облыстағы жедел жағдай күрделі болып сипатталатынын атай кету қажет. Өңірде мемлекет бойынша тұрғындар санына қарағанда қылмыстың ең жоғары көрсеткіші сақталған. Өскемен, Семей, Риддер, Зырян қалаларында, Шемонаиха және Глубокое аудандарында аса жоғары деңгей сақталуда
Халықаралық есірткі трафигі мен есірткіні сату жолдарының жолын кесу бойынша құқық қорғау органдарының күші жеткіліксіз. Алдымен, ұйымдасқан қылмыстық топтардың құрамында жасалған қылмыстар. Есірткі бизнесінің қылмыстық құрылымдары Ресей мен европалық мемлекеттерге есірткі құралдарын тасымалдау үшін облыс аумағын пайдаланады. Жыл сайын заңсыз айналымнан есірткі құралдары алынады. Халықты есірткілерді пайдалануға тарту деңдейі жоғары болып қалуда. Нашақорлықты ерте алдын алу жүйесін құру, сондай-ақ мамандандырылған медициналық мекемелерді дамытуды талап етеді. Есірткіге қарсы күресті насихат жалпы мемлекеттік жүйені қалыстастыруға әкелетін жолдардың ұйымдастырылуын жетілдіруді, оның ішінде заңнама деңгейінде. Осыған байланысты барлық мемлекет органдары мен бұқаралық ақпарат құралдарының әлеуетін пайдалана отырып пәрменді ақпараттық-насихаттау шаралар кешенін қабылдау қажет.
Зорлық-зомбылық бағытта жасалған қылмыстар саныны артуда, әсіресе, бөтеннің мүлкін ұрлау, оның үлесі құрылымда 63 % астамды құрайды. Аталған түр қылмысын ашудың үлесі 2009 жыл қорытындылары бойынша 53,9 % құрды. Осыған байланысты, ұрлыққа қарсы әрекет – ішкі істер органдарының негізгі тапсырмаларының бірі болып табылады, ол 57 % ұрлықты ашты. Осы жағдайларда бөтеннің мүлкін ұрлауды алдын алу және ескерту әмәселелері өзекті болып табылады.
Қоғамдық орындарда жасалған қылмыстың үлес салмағының көрсеткішшінің жылдам ауысуының, және қылмыстың ауыр және аса ауыр түрлерін ашу үлесіның себебі қылмыстар туралы азаматтардың өтініштерін толық тіркеуді қамтамасыз ету және қылмысты жасаған орнын анықтау бөлігінде статистикалық есептілікке прокуратура органдарымен бірлескен объективті қатынасқа байланысты ішкі істер орагандарының қызметін бағалау жүйесіндегі 2011 жылғы болған өзгерістер (есептеу-тіркеу тәртібін сақтауға ведомствалық бақылауды күшейту және орындаушылардан сияқты басшыларданда есептегі қылмысты жабуға жауапкершілікті қатайту), сондай-ақ қылмыстың ауыр және аса ауыр түрлерін ашуды есептеудің әдістемесіндегі 2012 жылғы өзгерістер болып табылады.
Полиция қызметкерлерінің белсенділігі арнайы мекемелердің қолданыстағы мүмкіндіктерімен ұсталады. Облыста барлығы 3 медициналық айықтырғыш жұмыс істейді, 3 СЛПУ, 4 арнайы қабылдағыш. 2010 жылы 1245 ішінен 370 жағдайдың сот шешімдері СЛУ орындардың жоқтығына байланысты орындалмай қалды.
Қылмыстық істердің шараларын қабылдаумен қатар құқық қорғауды және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықты оңалту жүйесі құру жүйесін жетілдіру қажет.
Сауықтыру орталықтарының, сауда орындарының және дүкендердің бейне камералармен міндетті жабдықтауы қажет екендігі туралы мәселе бірнеше рет көтерілген болатын. Алайда, қазіргі уақытқа дейін тіпті жаңа нысандарды пайдалнуға енгізу кезіндеде олардың иегерлеріне бұл мәселе қойылмайды. 2010 жылы сауықтыру орталықтарында 268 қылмыс жасалған немесе әрбір қылмыстың үшіншісі қоғамдық орындарда жасалған.
Қоғамдық тәртіптің және қоғамдық қауіпсіздік жағдайының индикаторы болып табылатын қоғамдық орындарды, соның ішінде көшелерде жасалатын қылмыс өсімінің әлеуеті сақталады. 2009 жылы көшелерде 2183 қылмыс жасалған болатын, олардың үлес салмағы 2008 жылы 8,9% дан 2009 жылы 14% дейін артты.
Көшелердегі және басқа қоғамдық орындардағы жоғары криминогендік жағдай Жедел басқару орталықтарының әрі қарай дамуын талап етеді, олардың ашылуы Семей, Зырян, Риддер, Шемонаиха қалаларында. «Қауіпсіз аула» бейнебақылау жүйесін дамыту. Патрульдік-бекеттік қызметтерді материалды техникалық және кадрлық нығайту, автопатрульдердің санын, жылжымалы және стационарлық полиция пунктерін арттыру, біріктірілген деректер банкіне қол жеткізе отырып оларды компьтерлік техникамен жабдықтау қажет.
Тұрақтылығына қарамастан кәмелеттік жасқа толмағандар арасында қылмыстық оңалту мәселелерінде проблемалар бар (2010 жылы – 20). Дене шынықтыру және спорт саласында мүмкіндіктер қажетті емес мөлшерде әрекет етеді. Облыстық орталықта салынған хоккей қораптары негізінен бос тұр, балалар спорт клубтарының қызметі ұйымдастырылмаған. Полицияның «мектеп» инспекторларының институттарын әрі қарай дамыту қажет, бұл оқушылар арасындағы құқық бұзушылықты алдын алумен айналысуға мүмкіндік береді.
Азаматтарды және үкіметтік емес ұйымдарды құқық бұузышылықтаржы алдын алуға тарту бойынша жұмысты әрі қарай дамыту қажет. Қоғамдық тәртіпті қорғауда азаматтардың және қоғамдық қалыптастырулардың қатысуы жыл сайын қысқарып келеді. 2009 жылы қалыптасулар саны 735 құраған, ал оларың мүшелерінің саны 4 597 адам, 2010 жылы облыс бойынша 4 365 адам санында 717 қызмет атқарған.
Бұрын сотталғандарды әлеуметтік бейімдеу және жұмысқа орналастыру мәселелері өзекті болып қалады. Аталған тұлғалардың санаттары үшін жұммыс орындарына квота бөлу туралы кәсіпорындармен меморандумдар жасау қажет.
Облыс жолдарындағы апат жағдайы күрделі болып қалуда. Оның себебі Автокөлік құралдары парктерінің өсуі, жолдардың қозғалыс қарқындылығының сәйкес еместігі, жүргізушілер дайындығының сапасы мен тәртібінің төмен деңгейде болуы.
2007-2010 жылдардағы ЖКО саны, қайтыс болғандар мен жарақаттанғандар санының өзгеру динамикасы
36 сурет
Жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін арттыру үшін, жол қозғалысын бақылау және реттеулдің заманауи техникалық құралдарын қолдану қажет. Осы мәселелерді шешу жол көлік оқиғалар санының жыл сайын 2-3%-ға төмендеуіне мүмкіндік береді
Саланың даму жағдайына SWOT-талдау:
Күшті жақтары
-
Азаматтардың заңды мүдделерін, құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша жағдай жасалған;
-
Құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың өзара іс-қимыл жасасуын қамтамасыз етудің нақты субъектілері анықталды.
-
Қоғамдық тәртіпті қорғау және құқық бұзушылықтардың алдын алуда қатысатын азаматтар мен ұйымдардың өзара іс-қимыл жасасу нысандары келісілді.
Әлсіз жақтары
-
ІІО-да есепте тұрған тұлғалар арасында отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша іс-шаралардың жеткіліксіздігі;
-
Тұрмыстық маскүнемдік, Маскүнемдік пен нашақорлықтың алдын алу мәселелерінің шешілмегендігі;
-
Тұрмыс жағдайы ауыр тұлғаларды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту деңгейінің жеткіліксіздігі;
-
Облыстың ішкі істер органдарының қажеттілік нормасына дейін қамтамасыз етілмеуі, оларды үлгілік әкімшілік ғимараттарымен қамтамасыз етілмегені, жұмыс істеп тұрған ғимараттарды қайта салу қажеттілігі.
Мүмкіндіктер
-
Құқық бұзушылықтардың алдын алу жүйесін жетілдіру;
-
Құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың өсуіне жол бермеу бойынша уақтылы шараларды қабылдау;
-
Алдын алу субъектілерінің жұмысын үйлестіруді арттыру.
Қауіптер
1. Облыстың географиялық орналасу орны Ресей мен еуропалық мемлекеттерге есірткі заттарды тасымалдау үшін мүмкіндік береді.
2. Кедендік одақ пен болашақ бірыңғай экономикалық кеңістігін қалыптастыру аясында трансұлттық байланыстары бар қылмыстық топтардың іс-әрекеттері белгілі бір қатерін ұсынады.
3. Облыста түзеу мекемелерінің үлкен шоғырландыруы.
2.2.2.9. Азаматтық қорғаныс жүйесін дамыту
Шығыс Қазақстан облысы аумағының әртүрлі табиғи, кен-геологиялық және геодинамикалық жағдайлары оның – жер сілкінісі, су тасқыны, сел, көшкін, қар көшкіні, дауыл, орман және дала өрттері, температураның күрт төмендеуі және қарлы боран, індет және эпизоотия сияқты табиғи апаттарға айтарлықтай бейім болатындығын алдын ала анықтайды. Құралдар мен негізгі қорлардың, жылжымалы құрамның және көліктегі инфрақұрылымның ескіруі мен тозуы, табиғи ресурстарды өңдеуді қарқындандыру, оларды тасымалдау мен қайта өңдеу көлемін арттыру техногендік қауіп-қатердің өсуі үшін нақты алғышарттар жасайды.
Уақтылы қабылданатын шараларға қарамастан жол-көлік апатын қоса алғанда табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың және апаттардың серпіні, зақымданушы және қаза болғандар саны, мтериалды жоғалту осы орайда келесідей болып табылады:
13 кесте
|
2008 жыл
|
2009 жыл
|
2010 жыл
|
2011 жыл
|
Төтенше жағдайлар саны
|
3408
|
2326
|
2650
|
2585
|
с.і. төтенше жағдайлар кезінде
|
197
|
218
|
201
|
222
|
Зардап шеккендер саны, барлығы
|
559
|
813
|
527
|
478
|
с.і. төтенше жағдайлар кезінде
|
206
|
475
|
265
|
248
|
Қаза болғандар саны, барлығы
|
291
|
224
|
183
|
165
|
с.і. төтенше жағдайлар кезінде
|
175
|
160
|
164
|
150
|
Материалдық жоғалту, барлығы
|
1169,1
|
437,8
|
8851,7
|
601,6
|
с.і. төтенше жағдайлар кезінде
|
0
|
0
|
8500,0
|
0
|
Соңғы жылдар ішінде төтенше апаттар және төтенше жағдайлардың тұрақтың санына қатысты төтенше апаттар және төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккен және қаза болған адамдар санының төмендеуі байқалады. Адами және материалды ресурстар санының әрі қарай азаюы облыс инфрақұрылымының сел және су тасқыны, сел, көшкін, жер сілкінісі және өрт әсерлерін қамтамасы ету деңгейін арттыру кезінде мүмкін.
Облыстағы 194 гидротехникалық имарат (соның ішінле 4 ірі), оның ішінде 119 коммуналдық меншік нысаны теңгерім ұсатушыға бекітілген болатын, олардың жағдайына үнемі бақылау жасалып отырады. Гидротехникалық имараттардың көбі бөлшектік инструментальді зерттеуді және құрастыруды күшейту бойынша жұмыстар жүргізуді талап етеді. Биік таула көл өзендерінің және мұздықтарының болуы көктемгі-жазғы кезеңде 44 ошақ жалпы санында селдік қатерді туғызады. Көшкі құраушы 336 телімге 107 нысан қауіп төндіреді.
Жыл сайынғы залалады облысқа су апатымен (су тасқыны, су басу) байланысты төтенше жағдайлар әкеледі. Облыста су тасқынының туындауы бойынша әлеуетті қауіпті 157 учаске бар, онда тұратын халықтың жалпы саны 82 мың адам болатын 157 елді мекен орналасқан. 2010 жылғы көктем кезеңінде қолайсыз келген стихиялық ауа-райы шарттарына байланысты су тасқыны кезеңінде, наурыз айының ортасында ауа температурасының +17º-қа дейін күрт жылынуынан қар қорларының жаппай еруі орын алып, соның салдарынан Абай, Аягөз, Зайсан, Күршім, Тарбағатай және Ұлан аудандарындағы 52 елді мекенді су басты. Су тасқынының салдарынан 1739 тұрғын үй, 237,5 шақырым автомобиль жолдары, 84 су өткізу құрылыстары мен көпірлер, 3 білім беру объектісі, 4 денсаулық сақтау объектісі, 99 шақырым сумен қамту желілері, 44,5 шақырым электр жіберу желіліері бүлінді және қирады. Төтенше жағдайлар аумағынан 12 мыңға жуық адамдар көшірілді, 20 мыңнан астам бас мал қырылды. Дүлей апаттардың салдарын жоюға, жөндеу-қалпына келтіпу жұмыстарын өткізуге және келтірілген залалды қайтаруға 8,5 млрд. астам теңге жұмсалды.
Шығыс Қазақстан облысы климатының шұғыл континенттік жағдайларында және елді мекендердің бір бірінен айтарлықтай алыс қашықтықта болуынан қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлар адамдар өмірі мен денсаулығына қауіп туындатады. Осылай, 2010 жылдың қаңтар айының ортасында қар көшкіндерінің және жалғасқан дауылдардың салдарынан автожолдардың тұрақтылығының жойылды және 150-ден астам елді мекендермен көлік қатынас тоқтатылды. Облыстың 12 аудандарында шамамен 126 мың адамның өмір сүру жағдайы бұзылған болатын.
Мемлекеттік мағынасы бар ірі елді мекендер, қалалар, өнеркәсіп объектілерінің көптеген бөлігі облыстың 7-9 балға дейін күші бар қиратушы жер сілкінісіне ұшырайтын аумағында орналасқан. 2.03-30-2006 ҚР құрылыс нормалары және ережелеріне сәйкес Шығыс Қазақстан облысында сейсмикалық қаупі 7 және одан да көп балдық аумақта 89 елді мекен орналасқан. Облыстық сейсмикалық қаупі жоғары аумағына аумақтың 165,4 мың шаршы километр крді, бұл облыстың барлық аумағының 60 % құрайды, онда облыс тұрғындарының жалпы санының шамамен 981,0 мың адам немесе 62,5 % тұрады. Сейсмикалық қаупі жоғары аумақ Өскемен, Зырян, Риддер қалаларын, Глубокое, Зайсан, Зырян, Катонқарағай, Көкпекті, Күршім, Тарбағатай, Ұлан, Үржар аудандарын қамтиды. Әлеуметтік-мәдени мақсаттағы және тіршілік ету әрекетін қамтамасыз ететін 476 нысанның 68 нысаны авариялық жағдайда (соның ішінде 22 денсаулық сақтау нысаны, 46 білім нысаны). 417 нысандар бойынша ғимарат және құрылыс конструкциясының жай-күйі туралы мамандандырылған ұйымның тексеру қорытындысы жоқ. Облыстың елді мекендеріндегі сейсмикалық микроаудандау карталарының жоқтығы сейсмикалық қауіптілікті бағалауға және инженерлік қорғау мен жер сілкінісі апаттарының салдарын төмендету шараларын қабылдауға мүмкіндік бермейді.
Сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі орын алған мәселелерді бірізді шешуді, туындаған жер сілкінісінен болуы мүмкін материалдық шығын болжамын, сонымен қатар конструкцияларды күшейту жолымен шығынды айтарлықтай азайтуды талап ететін кешенді болып табылады. Сейсмикалық күшейтуді инженерлік қорғау бойынша шараларды тексеру және өткізу облыстың бюджетінде жоқ бірсыпыра қаражаттың салымын қажет етеді.
Облыстың орманды алқаптарындағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағдайы күрделі болып отыр, онда жыл сайын 20-ға дейін ірі өрттер болып тұрады, 12 мың гектарға дейін орман алқаптары құртылады. Тұрғын секторда өрт шығу деңгейі жоғары болып қалуда, мұнда жыл сайын барлық өрттердің 75 пайызына дейін және өрт кезіндегі адам өлімінің 90 пайызына дейін болады. Барлық өрттердің 60 пайыздан астамы ауылдық жерлерде болады. Облыста ҚР ТЖМ өртке қарсы бөлімшелері жоқ елді мекендерде орналасқан 63 өрт сөндіру тірек пунктері жұмыс істейді. Елді мекендерді қажетті қорғаумен қамтамасыз ету үшін және орман-дала өрттерін сөндіру жұмыстарын өткізуге 38 ауылдық мекендерде қосымша базалар құру және өртке қарсы техникамен толықтыру қажет.
2010 жылғы су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайлардың салдарын жою тәжірибесі зардап шеккен және көшірілген халықтың тіпшілігін қамтамасыз ету үшін облыс әкімінің және қалалар мен аудандар әкімдерінің резервінде материалдық-техникалық қорлардың жеткіліксіз салынғандығын, әлеуетті-қауіпті жерлерде инженерлік және жағалауды бекіту жұмыстарын өткізу деңгейінің төмендігін, АҚ және ТЖ аумақтық қызметтерінің қажетті құралдар және қондырғылармен нашар жарақталғанын көрсетті.
Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу, алдын ала дайындалу дүлей апаттар, авариялар, катастрофалар кезінде пайда болатын қауіп-қатерлерден халықты, облыс экономикасын, материалдық және мәдени құндылықтарды әсерлі қорғаудың міндетті шарттары болып табылады.
Саланың даму жағдайына SWОT талдау:
Күшті жақтары.
Табиғи өрттердің пайда болу және көктемгі су тасқыны қаупі кезеңіндегі қар қорының еруі ошақтарын алдын ала анықтау бойынша ғарыш мониторингінің болуы.
Жыл сайын бекітілген жоспар бойынша басқару органдары, облыстық қызметтер, АҚ және ТЖ объектілік және аумақтық қызметтерімен командалық-штабтық оқу-жаттығулары өткізіледі.
Төтенше жағдайлардың қаупі және пайда болуы кезінде әрекет ету және өзара әрекеттесу жоспарлары жасалды.
Облыстың АҚ және ТЖ мәселелері бойынша басшы құрамы облыстық және республикалық оқыту курстарында жиі дайындықтан өтеді.
Қалалар мен аудандар әкімдіктерімен орман-дала өрттерін сөндіру және шалғай орналасқан елді мекендерді қорғау үшін 63 өрт сөндіру тірек пунктерінің қызметі ұйымдастырылды.
Әлсіз жақтары.
Халықты құлақтандырудың қолда бар жүйесі табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың қаупі немесе пайда болған кезде халыққа ақпаратты жедел толық көлемде жеткізуге қабілеті жоқ.
АҚ және ТЖ аумақтық құрылымдары авариялар және дүлей апаттар аумақтарында шұғыл құтқару жұмыстарын өткізуге қажетті құралдар, қондырғылар және құтқару жарақтарымен нашар жабдықталған.
Жағалауды бекіту жұмыстарын өткізуді және кезек күттірмейтін қорғауды қажет ететін, елді мекендер мен инженерлік құрылыстарға тікелей қауіп тудыратын, су тасқыны және су басуы пайда болатын әлеуетті-қауіпті учаскелер бар.
Сейсмикалық күшейту бойынша жұмыстарды қаржыландырудың жоқ болуына байланысты қатты жер сілкінісі жағдайында адамдар өлмінің болдырмау мүмкіндігінің жоқ.
Оның капитал тығыздығына байланысты апаттың және дүлей апаттың кері әсері және оны жою бойынша шаралар кешінін жүзеге асыру толық көлемде емес.
Мүмкіндіктері.
Тұрғындар арасында АҚ және ТЖ саласындағы білімді бұқаралық ақпарат құралдары арқылы насихаттау, әртүрлі түрдегі төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл ережесінің көрнекілік құралдарын тарату жөніндегі кең көлемдегі жұмыстар ТЖ болатын шығындарды айтарлықтай азайтады.
Өрт сөндірудің тірек пункттерін дамыту және мөлшерін артыру табиғи өрттерден болған шығындарды айтарлықтай азайтуға, сондай ақ аудан орталықтарынан шалғайда жатқан елді-мекен пункттерін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Облыс әкімінің және қалалар мен аудандар әкімдерінің материалдық-техникалық запастарын күшейту төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен тұрғындардың кепілді тіршілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қауіптер.
Облыс аумағында күші 7-ден 9 балға дейін болатын күшті жер сілкінісі туындауының нақты каупі бар. Бұл аймақта өнеркәсіптік жағынан дамыған Өскемен, Зырян, Риддер қалалары және халық көп шоғырланған ауылдық аудандар орналасқан.
Объектілерді тексеру және сейсмикалық күшейту жөніндегі қаржыландыру жобасының болмауы қирататын жер сілкінісі туындаған жағдайда адам өліміне, сонымен қатар тұрғын үйлердің, ғимараттардың, құрылыстардың жаппай бүлінуіне соқтырады және тек облысқа ғана емес республикаға да айтарлықтай шығын келтіреді.
Су құрылыстарының кепілді мықтылығын қамтамасыз ету жөніндегі кешенді тәсілдің болмауы бөгеттердің жай-күйін тексеру және оларды күшейту жөніндегі іс-шараларды қаржыландырмаудан техногендік авариялар туындап, адамдар өмірі мен денсаулығына айтарлықтай қауіп төндіреді.
Тұрғындарға арналған қазіргі заманның жеке қорғаныс құралдарын сатып алуға қаражат бөлмеу аумақтың химиялық ластануы болған жағдайда адамдар өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз етпейді.
Қазіргі заманның қосалқы қорғалған басқару пункті құрылысына қаржыландырудың болмауы ерекше кезеңде АҚ және ТЖ күштері мен құралдарының сенімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге қауіп төндіреді.
2.2.2.10 Мұрағат ісі
Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісінің дамуына жасалған талдау соңғы жылдар ішінде мұрағат өрісінің қызмет ету саласында ілгерілеудің позитивті үрдісінің байқалатындығын көрсетті.
Облыста 1 облыстық және 15 аудандық мемлекеттік мұрағаттар, Риддер қаласының мемлекеттік мұрағаты және Семей қаласында Шығыс Қазақстан облысының қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы бар.
2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыста 1200-ден астам мекеме, ұйымдар, кәсіпорындар – мемлекеттік мұрағат құжаттарын жинақтау көздері болып есепке алынған. Шығыс Қазақстан облысының Ұлттық мұрағат қорының көлемі 2007 жылдың 1 қаңтарында 2 142 610 сақтау бірлігін, 2010 жылдың 1 қаңтарында 2 252 468 сақтау бірлігіне дейін жетті (көлем 109 858 сақтау бірлігіне көбейді).
Облыстың мұрағаттық мекмелерінде материалдық-техникалық базаларын модернизациялау, компьютерлендіру, автоматтандырылған мұрағат технологияларын құру және енгізу және Шетел мұрағаттарында және Қазақстан Республикасының мұрағаттарында сақтаудағы Қазақстан тарихы жөніндегі құжаттарды (көшірмелерін) іздеу және сатып алу жүргізілуде.
Ведомстволық сақтаудағы мерзімі өткен құжаттарды мемлекеттік сақтауға тапсыру жұмысы жалғасуда. 2010-2015 жылдар ішінде сақтаудың барлық түрлерінде 200 мыңнан астам істі мемлекеттік сақтауға қабылдау жоспарлануда. Мұрағат қоры өскен кезде облыстың мемлекеттік мұрағат мекемелері қызметкерлерінің саны бұрынғы деңгейде қалды.
Ведомстволық сақтау кезеңіндегі сақталуын қамтамасыз етудің болмауы қызметкерлердің еңбек қызметін және олардың зейнетақымен қамтамасыз етуге ақша аударуы жөніндегі мәліметтерді растайтын құжаттардың мұрағат мекемелеріне келіп түсетін әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұраныстардың 20 % астамы оң растау алмауына әкеліп соқтырды. Сонымен қатар, мемлекеттік органдар құрылымдарының 40 %-да ведомстволық мұрағаттар жоқ.
Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету үшін 1 млн. сақтау бірлігіне арнап Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағатына арналған арнайы ғимарат құрылысы қажет. Сонымен қатар, аудандарда да арнайы үй-жайлар жоқ.
Аталған мәселелерді шешу мұрағат ісі мен құжаттама жүйелерінің және облыстың мұрағат саласының тиімді қызмет етуінің идеалды моделіне жақындауға мүмкіндік берер еді.
Саланың даму жағдайына SWОT талдау:
Күшті жақтары:
- Басқарма және облыстың мемлекеттік мұрағаты мемлекеттік органдарының бірыңғай транспорттық желісіне қосылған. (интернет порталына шығу, облыс әкімінің ресми сайты, билік өкілінің порталы, электрондық қызмет орталығына шығу). Облыстың барлық 18 мұрағат мекемелерінде модем орнатылған, «Шығыс Қазақстан облысының мұрағат қызметі» сайты белсенді жұмыс істейді.
Әлсіз жақтары:
- нормативтік –құқықтық базасының жетілмегендігінде, облыста мұрағат ісі құжаттарды сақтау саласында және мұрағат мекемелері жұмысында білікті мамандардың жетіспеушілігінде көрінетін мұрағат саласының инфрақұрылымы дамуының төмен дәрежесі;
- мемлекеттік мұрағаттарда сақталатын құжаттама көлемінің өсуі мен мұрағат қоймалар көлемімен сәйкес келмеуі;
- Қазақстан халқының құжаттық мұрасын зерттеу, дамыту мен насихаттауының жеткіліксіз деңгейі;
Мүмкіндіктер:
-
Облыстың мұрағат мекемелеріне электрондық қызмет көрсетуі, заңды форматтағы ұлттық мұрағат қоры көлемінің өсуі, азаматтардың мұрағат ақпаратына қол жетуінің кеңейюі.
Қауіптер:
-
Мұрағат саласындағы жергілікті атқарушы органдардың тиімсіз жұмысы, жергілікті атқарушы органдарынан кадрлардың кетуі.
Достарыңызбен бөлісу: |