БАҒдарламасы қостанай, 2015 жыл мазмұНЫ



бет8/23
Дата21.06.2016
өлшемі4.64 Mb.
#152019
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23

Облыс АӨК күшті жақтары:

1. Облыс бидай және бидай ұнын өндіру бойынша жетекші орында келеді;


2. АӨК даму бағдарламасын мемлекеттің қолдауының анағұрлымлылығы;

3. Жер және су ресурстарымен қамсыздығы;


4. Агротехнологиялардың жиналған үлкен тәжірибесі.

Ағымдағы және әлеуетті проблемалары

1. АӨК төмен еңбек өнімділігі;

2. АӨК субъектілері тиімділігінің төмен деңгейі;

3. Сала өнімдері бағаларының ішкі және сыртқы конъюктурасының нашарлауымен негізделген;

4. Табиғаттық-климаттық жағдайлардың қолайсыз өзгерулері (су ресурсы тапшылығының өсуі, ауа райы жағдайының құбылмалылығы және т.б.);

5. Табысқа қысқа мерзімді бағытталу және ресурстарды пайдаланудағы ғылыми-ұсынысты нормативтерін орындамау салдарынан жер, су, биологиялық ресурстардың жүдеуі.



Даму беталысы

1. Импортты алмастырудың дамуы және экспорттық потенциалдың іске асуы;


2. Саланы мемелекеттік қолдаудың тиімді қалыптасуы;
3. ІҚМ етін экспортының, жайылымдық мал шаруашылығының дамуы;

4. Майлы және т.б. дақылдардың өндірісінің дамуы.


Ауыл шаруашылығы айналымға ауыл шаруашылығына арналған жерлерді қатыстыру.

2012-2014 жылдары бойынша ауыл шаруашылығына арналған жерлердің алаңы 143,6 мың га ұлғайтылды және 01.01.2015 жылына 10530,7 мың га, соның ішінде егіндік – 5974,0 мың га (2012 жылдың деңгейіне 100,8%), пішен шабу – 108,1 мың га (2012 жылдың деңгейіне 113,7%), жайылым – 4283,1 мың га (2012 жылдың деңгейіне 101,6%).

Жер заңнамасы бойынша, мемлекет меншігінде тұратын және жер пайдалануға кірмейтін жер телімі немесе жер телімнің жалдау құқығы беруі сауда (сайыс, жарыс сауда) ретінде жүзеге асырады.

22-кесте
Ауыл шаруашылығына арналған жерлерді беру бойынша сайыстарын өткізу серпіні

мың га




2010

2011

2012

2013

2014

2012 жылға қарағанда 2014ж, %

Жалпы алаңы,

соның ішінде:



332,8

449,1

804,6

281,1

411,5

51,1

егіндік

52,8

53,9

40,8

54,5

45,9

112,5

пішен шабу

8,3

12,2

27

5,3

21,5

79,6

жайылым

265,2

375,4

719,2

216,7

329,9

45,8

басқалары

6,5

7,6

17,6

4,6

14,2

80,6

2010-2014 жылдары бойынша ауыл шаруашылығы айналымға жер қорлардың 2279,1 мың га енгізілуіне қарамастан, ауыл шаруашылығына арналған жер алаңы тек қана 894,3 мың га ұлғайтылды, соның ішінде егіндік – 487,0 мың га, пішен шабу – 21,3 мың га, жайылым – 381,3 мың га, төменде көрсетілген жайттарға байланысты:

-жер телімнің жалдау мерзімі өтіп кетті және жерлер жер қорына қайтарылған;

-ауыл шаруашылығы жер-суларды өндеу болымсыздықтан жер пайдаланушылардың жер телімдерінен бас тартуы;

400-ден астам мың га ауыл шаруашылығы жер-сулардың пайдаламандықтан немесе ұтымсыз пайдаланымдықтан жер телімдердің жалдау келісім-шарттардың бұзу арқылы мемлекеттік меншігіне қайтарылды.

Ауыл шаруашылығы айналымға қатыстырылған жерлердің үлесі жыл сайын 4% құрайды.



Ағымдағы және әлеуетті проблемалары

1.Ірі шаруашылықтарда жер телімдері барлығы, белгілеу бойынша пайдаланымбаған (мал шаруашылығын жүргізуі).

2.Шаруа қожалығылармен егіс айналымы қолдануы, олардың жер пайдаланымы 400 га артық емес аланыңда орналасқан, бұл кішкентай аландарына бөлуіне әсер етеді, сондықтан топырақтың механикалық жөндеуі тиімсіз және үнемшіл емес болады.

3. Ұсақ ауыл шаруашылығы мен тауар өндірушілерді егіс айналымды және жайылымның ауысуды енгізуге ниеттенетін әсершіл мемлекеттік тұтқышылардың жоқтығы.



Даму беталысы

1.Қолданбамалы мен игерілмеген жерлердің немесе заңнама бұзумен қолданбалы жерлердің мәжбүрлік алып тастауы бойынша мөлшерінің жетілдіруі.

2.Қолданбамалы ауыл шаруашылығына арналған жерлеріне жер салық пен бірыңғай жер салығының базалық еңбек ақылардың 10 есе көтерілуі.

3.Ауыл шаруашылығы айналымға қолданбамалы жерлердің енгізуі.

4.Мал шаруашылығы жүргізу үшін жалдау негізінде шаруашылықтарына беру мақсатында ірі қаржы-тұрақсыз шаруашылықтардан қолданбамалы жер телімдерді алып тастау.

5.Ауыл шаруашылығы жер-сулардың түгел қолданбалы жерлерінде егіс айналым мен жайылымның ауысуы жүйесін енгізуі.


Тауарлық балық өнімдерін өндіру

Балық қорларын ұлғайту және оның биологиялық әртүрлілігін сақтау тауарлық балық өсіруді дамытусыз мүмкін емес. Соңғы 3-5 жылда орта жылдық балық аулау көлемі (14 тонна тауарлық балық өндіруді қосқанда) 966 тоннаны құрады. Соңғы уақытта балық аулау көлемінің төмендеу үрдісі байқалып отыр. Табиғи су қоймаларында балық өсіру арқылы балық ресурстарын қалпына келтіру балық ресурстарының жағдайын қалыпты деңгейде ұстауға мүмкіндік берсе де, балық өнімдерінің көлемін ұлғайту мәселелерін шеше алмай отыр. Балық саласының басым бағыттары тауарлық балық өсіру болып табылады. Бірақ бұған: тауарлық өндірісті дамытуға нақты жауапты уәкілетті органның болмауы; тауарлы балық өндірумен айналысқан кезде су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы жүргізудің әділетсіздігі және мақсатқа лайықты болмауы, жергілікті бюджеттің қаржылық қаражаттарының тапшылығы сияқты мәселелер кедергі жасап отыр.



Шағын және орта кәсіпкерлік, сауда

2012 жылдан 2014 жылға дейін ШОК-та белсенді жұмыс істейтіндердің саны 5,1 есе және 145832 адам құрады.

Шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субьектілерінің өнім (тауар мен қызмет көрсету) шығаруы 39,1-ға өсті және 486025 млн. теңге құрады.

2015 жылдың 1 қантарына облыста 44321 белсенді шағын және орта кәсіпкерлік қызмет етеді, бұл 2012 жылғы деңгейден 14 жоғары, олардан 3378 - шағын кәсіпкерліктің заңды тұлғалары, 285-орта кәсіпкерліктің заңды тұлғалары, 35837 жеке кәсіпкерлер және 4821 шаруа қожалықтары қызмет етеді.

2014 жылдың қорытындылары бойынша ШОК-та жұмыс істейтіндердің саны 145,8 мың адам құрады, бұл 2012 жылдан 5,1 артық, оның ішінде: шағын кәсіпкерліктің заңды тұлғаларында – 54,6 мың адам, орта кәсіпкерліктің заңды тұлғаларында – 32 мың адам, жеке кәсіпкерлікте – 63,5 адам, шаруа қожалықтарында – 9,9 адам жұмыспен қамтылған.

2014 жылы екінші деңгейдегі банктер филиалдары шағын кәсіпкерлік субьектілеріне 31635,7 млн. теңге сомасына кредит берді, бұл 2012 жылғы деңгейінен 24,6 төмен.

Берілген кредиттік ресурстар бойынша орташа пайыздық кредиттік мөлшерлеме 12,2 құрады.

Ауылдық кредиттік серіктестіктер 2014 жылы 2994 млн. теңге сомасына 370 кредит берді.

ЖӨӨ құрылымында өңдеу өнеркәсібінің үлесін ұлғайту, жаңа жұмыс орындарын құру үшін облыста «Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) белсенді іске асырылуда.

«Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік қолдау үшін жыл сайын республикалық бюджеттен берілген трансферт сомасы арттырылады.

Егер 2010 жылы осы мақсаттарға 73,1 млн. теңге, 2011 жылы 176,6 млн. теңге берілсе, ал 2012 жылы 556,8 млн. теңге, 2013 жылы 1,0 млрд. астам теңге берілді.

Қостанай облысы бағдарламасын іске асыру шеңберінде жеке кәсіпкерлікті дамытуға 2014 жылы 1860,3 млн. теңге сомасына нысаналы ағымдағы трансферт, сондай-ақ өндірістік инфрақұрылымды дамытуға 878,5 млн. теңге мөлшерінде нысаналы трансферт бөлінді.

2014 жылы Бағдарлама шеңберінде жалпы 8801,0 млн. теңге сомасына 152 жоба мақұлданды, 18,0 млн. теңге сомасына 12 грант берілді, 4 кәсіпорындарға өндірістік инфрақұрылымы шығарылды, 2453 кәсіпкер қаржы емес қолдау алды.

23-кесте


Облыста шағын және орта кәсіпкерлік даму көрсеткіштерінің

серпіні

Көрсеткіштер

2007 ж.

2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

Шағын кәсіпкерліктің белсенді субьектілерінің саны, бірлік

41653

43345

45599

33850

42720

39045

43731




44321

Шағын кәсіпкерлікте жұмысқа тартылған адамдар саны, оның ішінде

89877

98427

99237

142292

137292

138770

140931

145832

Шағын кәсіпкерліктің барлық субьектілерінің өнімдер шығаруы, млн. теңге

114031

142849

157697

314447

370197

349367

384915

486025

Кәсіпкерлерге ақпарат беру, тегін кеңестік көмек көрсету үшін облыста 2012 жылдан бастап кәсіпкерлікті қолдаудың мобильді орталығы қызмет етеді, Рудный, Лисаков, Арқалық және Жітіқара қалаларында кәсіпкерлікті қолдау орталықтары ашылды, онда облыс кәсіпкерлері облыс орталығына бармай-ақ сол жерде консалтингтік қызметтер ала алады.

2013 жылдың қыркүйек айында CityKostanai бизнес-орталықтың бірінші қабатында орналасқан Қостанай қаласындағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету Орталығы (ҚКО) ашылды. ҚКО-да банк, бағалау, сақтандыру, кеңестік компаниялардың қызметкерлері, бизнес-жоспар құрастырушы маманы, қордың бағдарламаларында және басқа қолдаушы мемлекеттік бағдарламаларда бағыттап, көмек көрсететін «Даму» қорының менеджерлері жұмыс істейді.

Ағымдағы және әлеуетті проблемалары


  • әлемдік қаржы дағдарысы әсерінен шағын кәсіпкерліктің белсенді субъектілер санының қысқаруы;

  • ШОБ қаржылық проблемалары: кепілзаттың жоқтығынан несиелік ресурстарға қол жеткізудің шектеулілігі, сыйақы пайыздық мөлшерлемелердің жоғарылығы, несиелік мекемелерде құжаттарды қарастырудың мерзімдерінің ұзақтылығы;

  • салалық теппе-теңсіздік және шағын бизнес диверсификациясының төмен деңгейі.

Даму беталысы

1.Франчайзинг және аутсорсинг қағидаттары негізінде ірі және орта кәсіпорындарымен өзара тиімді бірлесу қатынастарын жақсарту.

2.Шағын кәсіпкерліктің өндірістік инфрақұрылымын дамыту үшін әлеуеттің барлығы.

3.Нарықтағы сұраныс және ұсыныс, бәсекелестер, шикізат жеткізушілері, дайын өнімді өткізу мүмкіндіктері және тендерлерде қатысу жөнінде ақпарат банкін құру.

4.Кіші кәсіпорындардың тиімді қызметін қамтамасыз ететін нарық инфрақұрылымын дамыту.

5.ШОБ-ке консалтингтік және кеңестік қызметтер көрсету.


Ішкі сауда

Облыста соңғы жылдары ішкі сауда саласында тұрақты оң серпін байқалуда: халыққа сату көлемінің ұлғаюы, сауда желісі мен қызметтер инфрақұрылымының дамуы, оның ішінде осы заманғы технологияларды қолдана отырып, тауарларды сату үдерісін іске асыратын сауда обьектілері.

3 жылда (2010-2012 жылдары) бөлшек сауда тауар айналымы 1,6 есе ұлғайды және 159,7 млрд. теңгені құрады. 2013 жылы бөлшек сауда айналымының жалпы көлемі 154,4 млрд. теңге құрады. 2014 жылы бөлшекті тауар айналымының жалпы көлемі 197 млрд. теңге құрады және 2012 жылмен салыстырғанда 23,4-ға ұлғайды.

Қоғамдық тамақтану кәсіпорындардың қызмет көрсету көлемі тұрақты ұлғаю тенденциясын көрсетуде, талданып отырған мерзім аралығында (2012-2014жылдары) 3,6 млрд. теңгеден 4,4 млрд. теңгеге дейін, немесе 1,2 есе ұлғайтылды.

Көтерме тауар айналымы 2014 жылы 2012 жылға қарағанда 27,7-ға ұлғайды және 484 млрд. теңге құрады.

Тиімді сауда саясатын жүргізу өңірлердің аумақтық дамуын, халықтың ауқаттылығын жоғарылатудың қамтушысы болып табылады.

Жаһандану және қатал бәсекелестік жағдайында бәсекеге қабілеттілікті арттыру мәселесі маңызды болып отыр. Кәсіпорындарға ішкі және әлемдік нарықтарда қолданыстағыларын бір қалыпта ұстап, жаңа «орындарды» өзіне бағындыруға тура келеді.

2015 жылдың 1қаңтарына облыста 7368 сауда обьектісі, олардың ішінде 3752 елді мекендерде, 958 қоғамдық тамақтану обьектілері, оның ішінде ауылдық жерлерде 510-і бар.

2014 жылы, әрекеттегі сауда базарлардың паспорттандыру қорытындылары бойынша облыста 43 сауда базары, 7,2 мың сауда орындары тіркелген, оның ішінде 2 базар коммуналдық нысанға ие. Қалалық жерлер бойынша 26 базар, ауылда – 17 тіркелген. Базарлардың түрлері бойынша азық-түлік-2, азық-түлік емес-16, мамандандырылған-2 және әмбебап-23 болып бөлінеді.

2014 жылы облыста көтерме сауда айналымы 484 млрд. теңге сомасында қалыптасты, бұл 2012 жылға қарағанда 127,7% құрады.

Ішкі сауда кәсіпорындары облыс халқына 197 млрд. теңге сомасына тауарлар мен өнімдер сатты. Республикалық көлемде облыс саудасының үлес салмағы 3,3% құрады. Облыстың бөлшек сауда тауар айналымы 20,9%-ға ұлғайды, Республика деңгейінде (12,1%).

2014 жылы қоғамдық тамақтану кәсіпорындары халыққа 4,4 млрд. теңге көлемінде немесе 2012 жылға қарағанда 118,9% қызмет көрсетті.


Бәсекелестікті дамыту

Облыс экономикасының ерекшеліктерін ескере отырып және нақты тауарлар нарығының әлеуметтік маңыздылығын назарға ала отырып, бірнеше маңызды салалар анықталды, оларда атқарушы органдардың бәсекені дамыту жөніндегі шараларды іске асыруы мақсатына лайық және барынша тиімді:

агроөнеркәсіп кешені;

бөлшек сауда;

ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен байланыс;

отын-энергетикалық кешен.

Агроөнеркәсіп кешеніндегі бәсекені дамытуға саланың айрықша ерекшеліктері әсер етеді. Бәсекені шектейтін факторлардың бірқатары орын алуда: материалдық және қаржылық ресурстардың тапшылығы, өнімдер өндірісінде вертикалдық интеграцияның жеткіліксіз дамуы, кооперацияны дамыту деңгейінің төменділігі, мемлекеттік-жеке меншік әріптестігінің болмауы.

Бәсекенің жағдайына қоймалар, қамбалар, бастапқы өнімдерді қабылдау пунктерінің болмауы, ауыл шаруашылығы өнімдерін биржа арқылы сатудың дамымағандығы да әсер етеді.



Ағымдағы және әлеуетті проблемалары

Бәсекенің дамуына кедергі болатын негізгі бөгеттер:

1. тұрақты тауарлар өткізетін нарықтың болмауы, бұл шағын тауар өндірушілердің өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдерін облыстың ішкі нарығында және оның шегінен тыс нарықтарда өз бетімен сатуына (немесе делдалдардың аз саны арқылы) кедергі болуда;

2. ауыл шаруашылығы бағытындағы жерлерді алу бойынша рәсімдердің ұзақтығына, нан қабылдайтын кәсіпорындардың қызмет көрсетуі жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін рұқсат беретін құжаттарды алуға байланысты әкімшілік кедергілер;

3. энергетикалық және өткізу инфрақұрылымының кемшіліктері.

Даму беталысы

Өңірлік саясатты жүргізу шегінде жергілікті атқарушы органдар азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, бәсекеге қабілеттілікті өсіру және елдің интеграция жағдайында өңірдің аграрлық өндірісін бейімдеу мақсатында агроөнеркәсіп кешенінің салаларын қарқынды дамыту жөнінде тиісті шаралар қабылдайтын болады және мынадай мүмкіндіктер қарастырылды:

1. ішкі нарықтың азықтық тәуелсіздігін қамтамасыз ету бойынша (меморандумдар жасау арқылы, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды тарту арқылы және т.б.);

2. ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге жаңа технологиялар енгізу бойынша (фермалар, жылы жайлар, құс фабрикаларын, сүт және ет өнімдерін өңдейтін және өндіретін цехтар салу, қайта жаңғырту және жаңарту);

3. аграрлық өнеркәсіп саласында мемлекеттік-жеке әріптестікті дамыту бойынша.

Ағымдағы және әлеуетті проблемалары

Бөлшектеп сату саласының кемшіліктеріне:

1. дамыған көлік-логистикалық жүйесінің болмауы;

2. қысқа мерзімді жинақтау жүйесінің дамымағандығы.

Облыстың бөлшектеп сату саласы бәсеке деңгейін арттыруға бағытталған шараларды қабылдауды талап етеді (кәсіпкерлік қызметпен айналысу, тұтынушыларға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру үшін кедергілерді анықтау және жою).

Даму беталысы

Жергілікті атқарушы органдар ішкі сауданы дамыту саласындағы бәсекелестікті дамыту жөнінде мынандай шаралар қабылдайтын болады:

1. халықаралық, өңіраралық, шекара маңындағы ынтымақтастықты дамыту арқылы облыстың экспортқа бағытталған кәсіпорындарына жағдай жасау (Кеден одағы шегінде субъектілердің өзара қарым-қатынастарын жақсарту);
2. республикалық және жергілікті бюджеттен жобаларды қаржыландыру (инвестициялау) арқылы нарық объектілерінің санын ұлғайту үшін жағдай жасау;

3. сауда орындарының инфрақұрылымын жетілдіру (жабық павильондар салу және қолданбайтын коммуналдық меншіктегі объектілерді мемлекеттік көмек көрсету шегінде жалдауға беру («Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабы).

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті дамыту агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) өңірлерде бәсекелестікті дамытуды бағалау индикаторларының жүйесі (бұдан әрі – Рейтинг) бекітілді. Рейтингке сәйкес бәсекелестікті дамыту дәрежесін тікелей көрсететін 5 көрсеткіш белгіленді.

2012 жылы бәсекелестікті дамытуды бағалау индикаторлары жүйесінің нәтижелері бойынша Қостанай облысы Рейтингте 8 орынды алады, оның ішінде индикаторлар бойынша:

1. өткен жылмен салыстырғанда экономикадағы жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан шағын және орта кәсіпкерліктегі өсу қарқыны – 1,84 (11 орын);

2. бәсекелік ортаға берілетін жалпы саннан бәсекелік ортаға берілген, акцияларының 50 астамы мемлекетке жататын мемлекеттік кәсіпорындар мен заңды тұлғалардың үлесі – 100 (1 орын);

3. мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы фактілер бойынша ЖАО қатысты шығарылған ден қою актілерінің саны – 0 (1 орын);

4. мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы фактілер бойынша ЖАО қатысты шығарылғанның жалпы санынан ден қою актілерінің үлес салмағы – 0 (1 орын);

5. кәсіпкерлікті монополияландыру деңгейі – 1,77 (7 орын).

Менеджмент және стандарттау жүйелері

Өндірілетін өнімнің сапасын жақсарту және бәсекеге қабілеттілікті жоғарылату мақсатында ХАССП жүйелерінің халықаралық стандарттардың негізінде осы замандағы басқару стандарттары, сапа менеджменттің жүйелері енгізілуде.

ИСО 9000, 14000, Облыста 9001, 14000, 22000, ОНSAS 18000, ХАССП SА 8000 сериялары ИҚО халықаралық стандарттарының негізінде сапа менеджменті жүйесін енгізу мониторингі жүзеге асырылуда.

2014 жылдың 1 қантардағы жағдай бойынша 176 кәсіпорында: «ССКӨБ» АҚ, «Қостанай минералдары» АҚ, «ДЕП» ЖШС, «Қазақстан алюминийі» АҚ КБКБ ЛФ, «Имсталькон» АҚ Филиалы, Рудный металл конструкциялары зауыты, «Космис» ЖШС филиалы, «RG Brands Kazakhstan», «Қостанай диірмен комбинаты» АҚ, «Баян-Сұлу» АҚ, «Асалия» ЖШС, «АгромашХолдинг» АҚ КФ, «Милх» ЖШС, «Дормаш» ЖШС, «Большевичка» ӨК, «Фирма «Арасан» ЖШС, «Мотор-Деталь» ЖШС, «Экспро» ЖШС, «Шаймерден» АҚ, «Қостанай минералдары» АҚ (ОНSAS 18001-2007), «Костанайполиграфия» ЖШС және т.б. өндірістік өнеркәсіптердің бірқатары 9001-2000 ИҚО сай сертификаттарға ие.

Шығарылатын өнімдердің сапасын жақсарту және бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөнінде жұмыстар жүргізілуде, атап айтқанда:

ИҚО 9000, 14000, ХАССП жүйелерінің негізінде ҚМК-ң сертификаттау мен енгізу мәселелері бойынша семинарлар және «дөңгелек үстелдер»;

ХАССП жүйесі 9000, 14000 ИҚО серияларының ХС енгізуіге байланысты мәселелер бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Өнімдер мен қызметтердің сапасы туралы мәселелер бойынша газеттерде мақалалар басылып, сондай-ақ телеарналарда қазақ және орыс тілдерінде телесұхбат көрсетілді;

стандарттау мәселелері бойынша 2014 жылы 100 кәсіпорынға тегін кеңестер берілді. Өнімдірді сертификаттау мәселелері жөнінде және өлшеу құралдарын тексеру жөнінде үнемі кеңестер жүргізіледі;

Облыс кәсіпорындарына сапа менеджментінің жүйесін енгізу мәселелері бойынша тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсетілді. Өнімдер мен қызметтерді сертификаттау жөніндегі жұмыс үшін төлеу барысында шағын бизнес кәсіпорындарына 5-дан 40-ға дейінгі мөлшерде жеңілдіктер берілді;

ТРМЖ тауарлар мен қызметтердің әртүрлі салалары бойынша ҚР мемлекеттік стандарттарының 357 жобасы бойынша ұсыныстар қарастырылды және берілді;

«Фемида+» тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамымен тұрақты негізінде жұмыс жүргізілуде;

сатылатын тауарлардың бақылау мен қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастық мәселелері жөніндегі Меморандум негізінде базарлардың басшыларымен кездесулер және кеңестер өткізіледі.


Инновациялар мен инвестициялар

2014 жылдың қорытындылары бойынша облыстың 204 шаруашылық субъектісінде технологиялық инновация болды (2013 ж. – 164 кәсіпорын), 24,4%-ға ұлғайды.

Кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі 2012 жылы – 14,1, 2013 жылы – 11,8 жылы – 13,6% құрады.

24-кесте


Кәсіпорындардың инновациялық белсенділігінің негізгі көрсеткіштері




2012ж

2013ж

2014ж

Зерттеулер мен әзірлемелер

329,9

445,3

574,0

Кәсіпорындардың инновациялық белсенділігінің деңгейі, %

14,1

11,8

13,6

Инновациялық өнім көлемі, млн. теңге

29769,7

35728,9

57633,9

2014 жылы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарына жұмсалған ішкі шығындары 2013 жылмен салыстырғанда 28,9-ға, 2012 жылмен салыстырғанда 74%-ға ұлғайып, 574,0 млн. теңге құрады. Ішкі шығындардың жалпы көлемінде іргелі зерттеулер – 2,8 және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарына – 10,3 құрады.

Облыста ірі кәсіпорындардың арасынан ең жоғары инновациялық белсенділікті танытқандар 39,7 құрады. танытқан ең (есеп берген 121 ірі кәсіпорындардың 48-і инновациялық қызмет атқаруда).

Инновациялық өнімдер көлемі 2012 жылмен салыстырғанда 93,6%-ға, 2013 жылмен салыстырғанда 61,3%-ға өсіп 57633,9 млн. теңге құрады, және оның ішінде 38143 млн. теңге сомма көлемінде өнім өткізілді. Экспортқа қойылған инновациялық өнімнің көлемі 2869,8 млн. теңге құрады.

2014 жылы 2013 жылмен салыстырғанда өнімдік және процесті инновацияларға шығындар 68,6%-ға ұлғайып, 26991,6 млн. теңге құрады (2013 жылы – 16011,1 млн. теңге). Бұл ретте, кәсіпорындардың меншікті қаражаты 4081,7 млн. теңге және инновациялық қызметті атқарудағы жалпы шығындар көлемінен 15,1 құрады.

Ішкі шығындарды қаржыландыру көздердің құрамында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарына тартылған қаражат есебінен – 91,9, меншіктік қаражат есебінен – 8,1.

2014 жылы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарымен 565 маман, олардың ішінде 419 адам зерттеуші-мамандар айналысты. Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарын орындайтын ғылым докторларының саны – 29 адам, ғылым кандидаттарының саны – 167 адам және магистрлер саны – 60 адам.

Инновациялардың өңірлік офисін, сондай-ақ Инвесторлардың қызмет көрсету орталықтарын (бұдан әрі – Орталық) құру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес облыс кәсіпорындарының, өнертапқыштар мен ЖОО ғылыми қызметкерлерінің инновациялық қызметін белсендіру мақсатында «Тобыл» ӘКК» АҚ құрылымында 2012 жылдың сәуірінде ақпараттық насихаттау шараларының кешенін жүзеге асыратын, кеңес қызметтерін, облыс аумағына жобаларды іске асыруға инвесторлар іздеу және тарту қызметтерін көрсететін Инвестицияларды тарту және инновацияларды қолдау орталығы құрылды.

Тау-кен өнеркәсібі облыс экономикасының жалпы жағдайын анықтап, және облыс өнеркәсібінің құрылымында 50-дан астам үлесін құрайды.

Соңғы жылдары облыста өнеркәсіптің өңдеу салаларының дамуы байқалады.

Өңдеу өнеркәсібіндегі көлемлердің ұлғаюы, тамақ өнеркәсібі саласына, машина жасау, металлургия, басқа да металл емес минералды өнімдер өндірісі саласына әсерін тигізеді.

Сонымен бірге, облыстың жалпы өндіріс көлемінде бір пайыздан аз үлес құрайтын өңдеу өнеркәсібінде бірнеше сала түрі бар, оларға: химиялық өнеркәсіп өнімдері, қағаз және қағаз өнімдері, жеңіл өнеркәсіп және т.б. өндірісі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет