БАҒдарламасы қостанай, 2015 жыл мазмұНЫ


Тамақ өнімдері өндірісі көлемінің серпіні



бет5/23
Дата21.06.2016
өлшемі4.64 Mb.
#152019
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

Тамақ өнімдері өндірісі көлемінің серпіні





Бір лік

2008 ж

2009 ж

2010 ж

2011 ж

2012 ж

2013 ж

2014 ж

Тамақ өнімдерін өндіру көлемі, сусындарды қоса алғанда, оның ішінде:

млн. теңге

73014

79371,7

74790

90186

104656

127695

127034,8

- етті өңдеу және консервілеу

млн. теңге

3162,7

4080,2

4789

6053,6

8156,2

8589,2

10546,9

- сүт тағамдарын өндіру

млн. теңге

13220,1

13891,9

18871

19212,7

19275

21832,6

26548,0

- ұн тағамдарын өндіру

млн. теңге

32209,8

33374,8

27572

37915,7

49407,8

57380,9

44193,2

- сусындарды өндіру

млн.

теңге


5470,4

5506,6

7284

8180,7

8709,6

8823,4

9432,7

Саладағы өндіріс көлемдерінің өсуіне инвестициялық жобаларды іске асыру жаңа өнім түрлерін игеру, өндірістерді жаңашаландыру, жаңа технологияларды енгізу есебінен қол жеткізілді.

Индустриаландыру картасының шеңберінде азық-түлік өндіретін кәсіпорындарда 2010-2012 жылдары «Қостанай қаласында тәулігіне 150 тонна сүт шикізатын қайта өңдейтін жаңа зауыт құрылысы және жабдықтар сатып алу»; «Қостанай қаласында «Баян Сұлу» АҚ-да «Жылына қуаттылығы 4 250 тонна штампталған орамадағы қатты карамель өндірісін ұйымдастыру»; «№ 2 шоколад цехінің құрылысы»; «Қарасу Ет» ЖШС «Қостанай ауданының Затобол кентінде жылына қуаттылығы 5,4 мың тонна ет беретін етті қайта өңдейтін кешеннің құрылысы»; «Қостанай мелькомбинаты» АҚ-да «Сағатына қуаттылығы 4,2 мың кг қысқаша кесілген макорон өнімдерін өндіретін цехтің құрылысы» сияқты ірі инвестициялық жобалар іске асырылды.

Сондай-ақ, азық-түлік өнеркәсібі кәсіпорындарының бірқатары күнбағыс майын өндіру, етті қайта өңдеу, диірмен кешендерінің құрылысы бойынша жобаларды іске асырды.

Облыстың жеңіл өнеркәсібін тоқыма бұйымдар өндірісі, киім, былғары өндірісі кәсіпорындары қамтиды.

Ірі кәсіпорындар: «Большевичка» ӨК (тігін бұйымдар, оның ішінде республиканың әскери құрылымдары үшін формалық киім-кешек, мұнайшылар, газ жұмысшылары, теміржолшылар, медицина қызметкерлері үшін арнайы киім және т.б.), «Алпамыс» аяқ-киім фабрикасы ЖШС (қарулы күштерге аяқ-киім, халыққа арнайы және жұмыс аяқ-киімі), «Қостанай киіз аяқ киімінің фабрикасы» ЖШС (басылған аяқ-киім, қышқылдан қорғайтын қолғап өндіру) болып табылады.



2007-2014 жылдары жеңілөнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі 11,3%-ға ұлғайып, 3213,1 млн. теңге құрады. 2014 жылы жеңіл өнеркәсіп НКИ 93,6% құрады.
15-кесте

Жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемінің серпіні





Бірлік

2007 ж.

2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж

2014 ж.

Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының өндіру көлемі, оның ішінде:

млн. теңге

2886

2781

3236,3

3446,4

3840,5

4571

4703

3213,1

тоқыма бұйымдарын өндіру

млн. теңге

*

956,4

1312,3

1430

1753

2473

2454,3

1315,3

тоқыма бұйымдарын өндіру НКИ

%

**




113,9

108,4

99

118,2

80,9

84,0

киім өндіру

млн. теңге

*

1237,7

1173

1190

1327,7

1453,1

1718,8

1667,0

киім өндіруінің НКИ

%

**




80,9

105,8

98,1

78,4

99,5

95,9

тері және былғары өнімдерін өндіру

млн. теңге

949

586,9

751,1

826,5

759,8

644,7

530

230,8

тері және былғары өнімдерін өндіру НКИ

%

183,1

74,2

132,8

91,1

86,4

85,4

45,5

122,1

* Статистикалық деректер «тоқыма және тігін өнеркәсібі» кіші тарауға біріктірілді және 1937 млн. теңгені құрайды

** Статистикалық деректер «тоқыма және тігін өнеркәсібі» кіші тарауға біріктірілді және 118,9  құрайды

2012 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасының бірінші бағыты «Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау» шеңберінде, бюджет қаражаты есебінен «Большевичка» өндірістік кооперативтің пайыздық мөлшерлемелерін субсидиялауы жүзеге асырылды.

2013 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасы шеңберінде аймақтық Үйлестіруші кеңесімен Қостанай облысының жеделдету индустриалды дамуы бойынша келесі жобалар мақұлданды: «Жастық, мамық, көрпе тігу және жаңалау ательесін құру», өтініш беруші ЖК Тулебаева (бизнес-жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттарды беру жағынан) және «Матрас және синтепон өндірісі: негізгі құралдарды сатып алу», өтініш беруші «Мебелькомп» ЖШС (банк несиелері пайыздық мөлшерлемелерін субсидиялау).

Машина жасау. Облыстың машина жасау негізін «Агромашхолдинг» АҚ, «Агротехмаш» ЖШС, «СарыарқаАвтоПром» ЖШС, «Дормаш» ЖШС, «Болашақ А» ЖШС, «Дон Мар» ЖШС және басқалары құрайды.

Облыс өндеу өнеркәсібінің құрамында машинажасау саласының үлесі 2014 жылдың қантар-желтоқсан айындарын бойынша 24,5құрады.

Облыс машинажасау кәсіпорындармен 2014 жылы бойынша 61062,6 млн. теңгеге өнім өндірілді, бұл 33,7ға2013 жылдан артық. Нақты көлемі индексі 107,3құрады. Өткен мезгіл бойынша 390 комбайн, 8570 автомобиль (2215 – Ssang Yong, 125 – Chance, 895 – Peugeot, 128 – Iveco,87 – жүк таситын автомобильдер, Iveco-682, 129 – Iveco 10 және одан әрі адам тасымалдау үшін, 84 – Ssang Yong Nomad, 750 – Toyota, 3424 – Хюндай, 733 - Geely), 200 дәнсепкіш, 280 жатка құрастырылған.

Металлургия. Металлургия өнеркәсібінің үлесі 2014 жылы өңдеу өнеркәсібінің көлемінде 14,4% құрады. 2014 жылы сала кәсіпорындары 36,1 млрд. теңге сомасына немесе 2013 жылға қарағанда 146,9% өнімдер өндірді, 2010 жылға қарай саладағы өндіріс көлемі 99,4%-ға ұлғайды(2010 жылы – 18,1 млрд. теңге).

«Доре» ертіндісін өндіру 2013 жылдың деңгейіне қарағанда 28,3%-ға ұлғайды (2010 жылы – 3178 кг, 2014 жылы – 4078 кг).

Облыстағы металл өнімдерінің негізгі өндірушілері: «ССКӨБ» АҚ, «Рудный металл құрылыс зауыты – Имсталькон» ЖШС, «МехЛитКом» ЖШС.

2010 жылдың маусымында «ССКӨБ» АҚ «Құны 7500 млн. теңге жылына қуаттылығы 75 мың тонна дайын өнім шығаратын металл прокат зауытының құрылысы» жобасын іске асырды, 513 жұмыс орны құрылды. Зауытты іске қосқан сәттен бастап жалпы 8,4 млрд. теңге сомасына 89475 тонна өндірді.

2013 жылы «ЕвразКаспианСталь» ЖШС «Қостанай қаласында жылына 450 мың тонна ұсақ сортты прокат станының құрылысы» жобасы іске асырылды. Өнімнің өндірісі 2014 жылдың қаңтарынан басталды. Жобалық қуатына жету-2015 жылдың қазан айында. Аталған зауытты іске қосу ішкі нарықты және құрылыс индустриясы кәсіпорындарын сапалы прокатпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Облыста құрылыс материалдары өндірісі қарқындауда. 2013 жылы сала кәсіпорындары 9,5 млрд. теңгеге (2012 жылы – 15,1 млрд. теңгеден артық) өнім өндірді.

2014 жылдың 12 айындарын қорытындылары бойынша құрылыс материалдар өндіріс көлемі 21,1 млрд., бұл өткен жылдың көрсеткішке қарағанда 107,2-ға құрайды.

Өткен жылғы сәйкес мезгіліне бойынша құрылыс арматураның өндіріс көлемі 7,3 есе ұлғайтылды, 108,8 мың тонна құрады, тауарлық бетон 22,9%-ға (823,7 мың тонна), этилен полимерлерден жасалған құбырлар 13,8%-ға (1034,0 тонна), құрылыс мақсаттар үшін бетондан жасалған бұйымдар 13,1%-ға (260,9 мың тонна), пластмассадан жасалған терезе мен есік блоктар 11,4%-ға (1819,2 тонна), бетондан жасалған құрылыс конструкциялар 6,5%-ға (8,2 мың тонна), шағыл 4,1%-ға (1256,0 мың куб.м.), отқа берік бұйымдар 0,6%-ға (17,3 мың тонна) ұлғайтылды.

Сонымен бірге өнімнің төмендегі түрлері бойынша өндірісі төмендеді: қаптау керамикалық кірпіш-94,5% (70,4 мың куб.м.), құрылыс құрамалардың металлдық конструкциялары-88,2% (6,0 мың тонна), жабылған құрыш қағаздан жасалған сэндвич-панельдар-62,2% (467 тонна).

Өндіріс көлемінің төмендеуіне байланысты негізгі себептері: өнімге сұраныстың төмендеуі.

Облыста қызмет ететін құрылыс материалдарын өндіретін кәсіпорындармен қатар соңғы жылдары жаңа кәсіпорындар құрылды, оларда инвестициялық жобалар іске асырылады.

Қостанай облысында Индустриаландыру картасының шеңберінде құрылыс индустриясы саласында 8 жоба іске асырылды, олардан 2011 жылы «Иволга - Холдинг» ЖШС «Қостанай қаласында қуаттылығын 10 млн. дана кірпіш өніміне дейін ұлғайтып, кірпіш зауытын жаңғырту» (60 жұмыс орны құрылды); «Металл Инвест Сауда-Өнеркәсіп Компаниясы» ЖШС «Рудный қаласында диаметрі 110-450 мм полиэтилендік құбырлар және жалпы қуаттылығы жылына 1,6 мың тонна фитингтер өндірісін ұйымдастыру» (10 жұмыс орны құрылды); «Пластстандарт» ЖШС «Жылына қуаттылығы 12 мың тонна диаметрі 500-1200 мм полиэтилендік құбырлар өндірісін ұйымдастыру» (20 жұмыс орны құрылды); «Қостанай МБИ» ЖШС «Қостанай қаласында жылына қуаттылығы 33,5 мың текше м. ұсақ даналы бетондық өнімдер өндіретін автоматтандырылған зауыт құрылысы» (25 жұмыс орны құрылды) инвестициялық жобалары пайдалануға берілді.

2013 жылы мемлекеттік қабылдау комиссиясының 2013 жылдың 2 тамыздағы актымен құны 982 млн. теңге болатын «Жиналмалы темірбетон өндіретін зауытының құрылысы» «БК-Строй» ЖШС-нің жобасы іске қосылды.

2014 жылдың маусым айында «Қостанай МБИ» ЖШС-нің «Қостанай қаласындағы үй салатын комбинатының құрылысы» инвестициялық жобасы, 4370 млн. теңге құнымен (150 жұмыс орны құрылды) пайдаланымға енгізілді.

2015 жылдың желтоқсан айында «Рудный қаласындағы цементтік зауыты» ЖШС-нің 13615 млн. теңге құнымен, 224 жұмыс орындардың құрумен «Рудный қаласында цементтік зауыттың құрылысы» жобасының жіберілуі жоспарлануда.

Ағымдағы және әлеуетті проблемалары


  1. Өндірістің тиімділігін арттыруды тежейтін көптеген өңдейтін сала кәсіпорындардың жабдықтарының жоғары тозғандығы.

  2. Бар өндірістік қуаттардың толық пайдаланбауы.

  3. Кәсіпорындарда айналым қаражатының тұрақты тапшылығы.

  4. Машина жасау кешені инфрақұрылымы дамуының жеткіліксіздігі: инфрақұрылымның айтарлықтай бөлігінің жоғалуы (ғылыми-зерттеу институттарын, конструкторлық бюроларын, тәжірибелік-эксперементалды базаларын, сынау және техникалық бақылау ортаықтарын);

  5. Қосымша құны жоғары болатын ғылымды талап ететін, жоғары технологиялық бұйымдар өнімдерін өндірісі үлесінің төменділігі.

Даму беталысы

  1. «Бизнестің жол картасы 2020» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде өнеркәсіп кәсіпорындарын жаңғыртуын іске асыру.

  2. «Өнімділік-2020» бағдарламасы шеңберінде инновациялық технологияларды енгізу жолымен өнеркәсіп кәсіпорындарында еңбек өнімділігін арттыру.

  3. Индустриялық Өңірде инновациялық жобаларды енгізу және дамыту үшін индустриялық аймақты құру.


Электрмен жабдықтау

Қостанай облысы электр энергиясына тапшы болып есептеледі. Облыс аумағында орналасқан электр стансаларының электр энергиясын өндіруі жалпы пайдаланудың 34%-нан аспайды (2013 жыл бойынша жалпы облыс бойынша энергияны пайдалану – 5,59 млрд. кВт.с, 2012 жылы – 5,8 млрд. кВт.с ) және 1,88млрд. кВтс құрайды. Облыс энергиясының тапшылығы 1500 км қашықтықта орналасқан Екібастұз энергия кешенінен оны тасымалдау есебінен жабылады.

Облыс қалаларын электрмен жабдықтауды мынандай кәсіпорындар: Қостанайда – «ЭПК forfait» ЖШС; Рудныйда – «РудныйЭнергоКомпаниясы» ЖШС; Арқалықта – «Қостанайюжэлектросервис» МҚК; Жітіқарада – «Жітіқаракоммунэнерго» МҚК; Лисаковскта – «Лисаковскгоркоммун-энерго» МҚК ШОҚ жүзеге асырады.

Облыстың ауылдық елді мекендерін электрмен жабдықтауды облыстың 14 солтүстік ауданына қызмет көрсететін «Қостанайский ЭнергоЦентр» ЖШС және Амангелді мен Жангелдин аудандарына қызмет көрсететін «Қостанайюжэлектросервис» МҚК жүзеге асырады.

35-220 кВ желілері бойынша облыста электр энергиясын жеткізуді «Межрегионэнерготранзит» ЖШС, 0,4-10 кВ желілері бойынша – «ЭПК forfait» ЖШС, Рудный қаласы бойынша – «Жарық Жол» ЖШС жүзеге асырады.

Электр желілерінің жалпы ұзындығы – 30 мың км жуық, оның ішінде кабельдік желілер – 1277,6 км. Облыс аумағында кернеулігі 35 кВ құрайтын және одан жоғары 326 қосалқы станса және 4568 РП, ТП, КТП 6-10/0,4 кВ бар. Облыстың негізгі энергия өндіруші көздері: қуаттылығы 267 МВт «ССКӨБ» АҚ Рудный ЖЭС, қуаттылығы 12 МВт Қостанай ЖЭС, қуаттылығы 4 МВт Арқалық ЖЭС болып табылады. Олар өндіретін электр энергиясы стансалардың қажеттіліктерін жабуға пайдаланылады.

Рудный ЖЭО-на қуаттылығы 63 МВт алтыншы энергоблокты енгізу облыстың энергияға тапшылығы мәселесін шешпейді.

Облыс бойынша 2014 жылдың 5 айында электр энергиясын пайдалану көлемі 2,45 млрд. кВтс құрады.

Жергілікті көздерден электр энергиясын өндіру 2012 жылмен салыстырғанда 0,6%-ға төмендеді және 0,81 млрд. кВтс құрады. Бұл Рудный және Қостанай ЖЭС-да жылу жұмысының артуымен байланысты.

Облыс энергетикалық көмір қорларына бай. Уралгипрошахт институтының мәліметтері бойынша облыстағы көмір кен орындарында қуаты жылына 119 млн. тонна көмір өңдеу разрезін салуға болады. Электр энергиясының тапшылығын жабу үшін экспорттық әлеуетті ұлғайту үшін қара көмір кен орындарын пайдаланып, облыс аумағында отын-энергетикалық кешенін салудың, оның ішінде «Приозерный» разрезінің базасында қуаттылығы 2000 МВт Торғай (Құсмұрын) ЖЭС салу мақсатқа лайық. 2009 жылы «Энергия» институты қуаттылығы 2000 МВт Торғай ЖЭС құрылысының мақсатқа лайықтылығын дәлелдейтін техникалық-экономикалық зерттеуді өткізді.

Осы жобаны іске асыру облыстың тұрақты экономикалық және әлеуметтік дамуын ұзақ мерзімге қамтамасыз етуге, қосымша жұмыс орындарын құруға, бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Энергетикалық жабдықтардың қатты тозуы облыс энергетиктерінің негізгі проблемасы болып табылады, пайдаланудағы электр жабдықтарының тозуы ВЛ-10 кВ – 78,3%, ВЛ-0,4 кВ – 77,3%, КЛ-10-0,4 кВ – 68,4% құрайды.

Электр энергиясын тұтыну деңгейінің өсуі байқалуда. Жалпы облыс бойынша қалалардағы желілердің кернеулігі жоғары. Алайда қала мен ауыл арасындағы электр-жылу желілері тығыздығының сәйкессіздігін айтып өту керек.

Қайта жаңартылып жатқан энергетика

Бүгінгі күні қайта жаңартылып жатқан энергия көздерін пайдаланып, энергетиканы дамытуға айрықша назар аударылуда. Қостанай облысы жалпы алғанда жақсы жел әлеуетіне ие. БҰҰ дамыту бағдарламасының мамандары біздің облысымыздың жел әлеуетін бағалау жөнінде зерттеу жұмысын өткізді. Осыған байланысты, жел электр стансасының құрылысына Арқалық қаласында жоғары жел жүктемелері аймағында орналасқан алаң таңдалды, бұл электр энергиясын үлкен ауқымда өндіру үшін жел энергетикасын пайдалану мүмкіндігін береді.

Арқалық қаласында жалпы қуаттылығы 48 МВт жел электр стансасының құрылысы жоспарланып отыр. «Synergy Astana» ЖШС 20.02.2012 жылғы № 0311-ПП-Т.1 техникалық-экономикалық негіздеме әзірледі, ол 24.04.2012 жылғы №01-48/12 мемлекеттік сараптамадан өтті. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологияларлар министрлігі электр энергиясы тарифін бекітуге ТЭН келістірді.

Облыс әкімдігі қайта жаңартылатын энергияны пайдалану жөніндегі жобаларды іске асыруға шетел инвестицияларын тарту жөнінде жұмыс жүргізуде.



Агроөнеркәсіптік кешені

Ауыл шаруашылығы саласы облыс материалдық өндірісінің екінші жетекші саласы болып табылады.

2014 жылы ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 232,9 млрд. теңге (оның ішінде өсімдік шаруашылығы – 160,3 млрд. теңге, мал шаруашылығы 71,6 млрд. теңге) құрады, бұл 2012 жылға қарағанда 126,0 құрайды. Нақты көлем индексі 2014 жылы – 99,5 (оның ішінде өсімдік шаруашылығы – 97,4, мал шаруашылығы – 104,9).

Қолайсыз ауа-райылық жағдайлар болғандықтан астық жинайтын алаңы өткен жылмен салыстырғанда 315,7 мың гектарға азайыпты, сондықтан бұл астық өндірісінің көлемі 280,3 мың тоннаға төмендеді және сондай көрсеткіштердің қол жеткізуіне әсер етті: «Ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлемі индексі», «Өсімдік шаруашылығы өнімінің (қызметтердің) жалпы шығарымның нақты көлемі индексі», «АӨК жалпы қосылған құны».

16-кесте

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі, млрд.тенге




2007

2008

2009

2010

2011

2012

2013

2014

2014 ж 2012 жылына,

Жалпы өнім, барлығы

188,9

237,9

249,3

213,5

394,4

184,9

230,8

232,9

126,0

Соның ішінде, өсімдік шаруашыылығы

115,7

147,4

145,4

97,1

265,9

90,2

164,8

160,3

177,7

Мал шаруашылығы

73,1

90,5

103,9

115,8

127,6

93,7

64,5

71,6

76,4

Нақты көлем индексі, барлығы

113,2

90,3

101,9

80,8

159,7

48,5

136,6

99,5

205,2

Жалпы республикалық көлемдегі ауыл шаруашылық жалпы өнімінің үлесі 2014 жылы – 9,3 2013 жылы – 10,4%, 2012 жылы – 8,2 құрады.


Өсімдік шаруашылығы

Жалпы республикалық астық жинауда Қостанай облысы үшінші орынды алады. 2012-2014 жылдары астық өнімі жылына 3,6 млн. тоннадан артық болды. 2012 жылға қарағанда 2014 жылы 62,8-дан артық астық өндірілді.

Облыстың егін шаруашылығын дамытуда астық өндірісі басым болып табылады, ол өсімдік шаруашылығы жалпы өнімінің 76 алады.

2012 жылы облыстың негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алаңы 4345,1 мың гектар құрады, 2014 жылмен салыстырғанда 235,8 мың гектарға азайды және 4109,3 мың га құрады. Барлық егістік алаңы 5148,2 мың га құрады, 2014 жылы 5086,2 мың га, 62 мың гектарға азайды.

01.01.2015 жылғы жағдай бойынша облыста 5722 агроқұрылым, оның ішінде 2 ӨК, 5 АҚ, 456 ЖШС мен 5259 шаруа қожалықтары бар.

Облыста 15 ауылдық несиелік серіктестіктер құрылған, жарғылық қоры 1044,9 млн. теңге құрайды, қатысушылар саны – 528. АНС қызметін бастаған күннен бастап 22225,8 млн. теңге кредиттік қаражат, оның ішінде 2014 жылы 2994,0 млн. теңге сомасына 76 кредит берілді.

Кредиттер айналым қаражаттар алу үшін беріледі, жылдық сыйақы мөлшерлемесі 8-9 құрайды.

17-кесте




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет