Орта білім
Облыста күндізгі жалпы білім беру мектептерінің жалпы саны 2012-2014 жылдары 20 бірлікке қысқартылып, 2015 жылдың 1 шілдесіне 548 бірлікті құрады.
Облыс бойынша мектептер саны қысқаруының негізгі себебі болашағы жоқ ауылдық елді мекендердегі бастауыш мектептердің жабылуы және мектептер желісінің мемлекеттік кепілдендірілген нормативке сәйкес келмеуі болып табылады. Сонымен қатар, мектептерді жабу себептері тұрғындардың ауылдық өңірлерден қалаларға қоныс аударуы сияқты факторлар, сол сияқты, тұрғындардың өсіп-өну деңгейінің төмендеуі болды.
Облыста 2012-2014 жылдардағы мектептерді қысқартуымен қатар 2014-2015 оқу жылының басында оқушылардың саны 99793 адам құрай отырып, 1010 адамға қысқарды.
Академиялық дарынды балаларды оқытуды ұйымдастыру үшін облыста «Қостанай дарыны» ғылыми-тәжірибелік орталығымен және білім беруде жаңа технологиялардың өңірлік орталығымен тығыз байланыста жұмыс істейтін дарынды балаларға арналған 8 гимназия, 8 мектеп-гимназия, 1 физикалық-математикалық лицей, 4 мектеп-лицей және 3 мектеп-интернат жұмыс істейді. Бірлескен жұмыстың нәтижесі білімді сырттай бақылау қорытындылары бойынша жоғары нәтижелер болып табылады.
2015 жылдың ҰБТ-не 2676 бітіруші немесе 60,86% (2014 жылы-2828 немесе 60,02%) қатысты. ҰБТ-ң орташа балл 78,79 бірлікті құрады, бұл 2014 жылдың ұқсан кезеңнен 1,15 төмен (79,94, 2013 жылдан 3,35-ке жоғары-75,44, ҚР 79,44) республика көрсеткіштен 0,65-тен төмен. Білім сапасы 41,67% құрады (2014 жылы-41,06%), білім сапасының өсу оң қарқыны 0,61%-ға байқалады.
2015 жылдың қорытындылары бойынша облыста 9,1% (400) түлек 100 және одан да көп балл алды. Сондай-ақ, облыста 128 түлек ҰБТ-ны барлық пәндер бойынша «5» деген бағаға тапсырды, оның ішінде 41 түлек «Алтын белгі» аттестатын және 27-і – үздік аттестат алды.
Жыл сайын Қостанай облысының Білім басқармасы және «Қостанай дарыны» аумақты ғылыми-практикалық орталығы қазақ тілін білу үшін қазақ ұлты емес оқушылардың арасында «Тіл шамшырақтары» облыстық сайыс-байқауын өткізеді. 2012-2014 жылдары сайыста облыс мектептердің 4-11 сыныптарының 1000 оқушылар қатысқан. 2015 жылы сайысына 4-7 сыныптарының 95 оқушылар қатысқан.
2015 жылы 2734 оқушы түрлі мадақтарға ие болды.
2015 жылдың 1 қаңтарында облыстың жалпы орта білім беру мектептерінде 13409 педагог қызмет атқарады. Білімі жоғары педагогтардың жалпы қатарынан – 11415 (85,1%), арнайы орташа білім барлар – 1992 (14,8%), орта білім барлар – 2 (0,01%). 2012 жылмен салыстырғанда мұгалімдердің саны 0,3%-ға және жоғары мен бірінші санаттағы оқытушылардың саны – 6053 (45,1%) ұлғайды. 2014 жылдың 1 қыркүйегіне облыс мектептеріне 598 жас маман (2013 жылы – 456 адам) келді.
Облыста мектеп жасындағы балаларды оқумен толық қамту мақсатында оқушылардың контингентін сақтау және есепке алу жөнінде жұмыс жүргізілуде. Басты назар негізгі орта білім беру орындар түлектерінің одан әрі тиісті білім алуын жалғастыруына аударылуда.
Мектепте ыстық тамақты ұйымдастыру маңызды сауықтыру іс-шара болып табылады және ол жергілікті атқарушы органдар мен мемлекеттік білім беру мекемелері басшыларының басты назарында тұр. 2012 жылдан 2015 жылға дейінгі кезеңде облыста оқушыларды ыстық тамақпен қамту 1,2%-ға ұлғайды (2012-2013 жж.-89,1%, 2013-2014 жж.-89,5%, 2014-2015 жж.-90,3%).
Облыста оқушыларды тегін тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде белгілі жұмыс жүріп жатыр. 2012-2014 жылдары ішінде тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балалардың саны 2223 адамға азайды. 2015 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша облыс мектептерінде 100% тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген 45147 тұрмысы төмен отбасылардан шыққан бала оқып, білім алуда.
Облыста барлық мұқтаж оқушыларды 100% тасымалдау ұйымдастырылған. Балаларды тасымалдау үшін ыңғайлы және қауіпсіз жағдайлар жасау үшін облыста автокөлік құралдары паркін жаңарту бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.
2012 жылы аудандық бюджет қаражаты есебінен балаларды тасымалдауды ұйымдастыру үшін 5 бірлік көлік (4 шағын автобус: Әулиекөл ауданы – 2 бірлік, Алтынсарин ауданы – 1 бірлік, Ұзынкөл ауданы – 1 бірлік) сатып алынды.
2013 жылы Ұзынкөл ауданында 4 млн 690 мың теңге сомасына 1 бірлік автобус сатып алынды.
2014 жылы облыстық бюджеттен 32 млн. теңге сомасына 4 автобус сатып алынды Қарабалық ауданында және 3 шағын автобус: 2- облыстық бюджеттен 10 млн. теңге Қарабалық ауданында, 1-жергілікті бюджеттен 3 млн. теңге сомасына Таран ауданында.
Облыс бойынша апаттық мектептер мен үш ауысыммен оқитын мектептер жоқ. 2012 жылдан 2014 жылға дейін облыста 5 мектеп салынып, қайта жаңартылды.
Саланың дамыту жағдайын Swot-талдауы:
Күшті жақтары:
1.апаттық жағдайда тұрған және 3 ауысымдық мектептердің жоқтығы;
2.қосымша мектептердің құрылысы есебінен оқу орындарының тапшылығын жою;
3.жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатын алуға үміткерлер-түлектер санының өсуі және екінші жылға қалатын оқушылар санының төмендеуі;
4.Интернет желісіне мектептердің 100%-ы қосылды.
5.тұрмысы төмен отбасылардан шыққан оқушылардың 100% ақысыз ыстық тамақпен қамтылды.
|
Әлсіз жақтары:
1.халықтың көшуі есебінен педогикалық кадрлардың перманентті жетіспеушілігі (әсіресе математика, физика, информатика, химия, ағылшын тілі мұғалімдері);
2.экономикалық трансформация кезінде – 80-жылдардың соңынан 2001 жылға дейін бала туудың азаюына және халықтың көшіп-қонуына байланысты мектеп оқушыларының саны қысқаруда;
3.мектептердің жеткіліксіз материалдық-техникалық қамтамасыз етілу деңгейі; ауылдық елді мекендерде ыңғайластырылған жайларда орналасқан мектептердің болуы.
|
Мүмкіндіктері:
1.бюджеттік қаржыландыруды қамтамасыз ету және орта білім объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға байланысты шығындарды қаржыландыруға жеке сектордың қатысуын ынталандыру;
2.ыңғайластырылған жайда мектептердің орналасу тәжірибесін жою мақсатымен орта білім берудің осы замандық объектілерін салу саласында мемлекеттік-жеке әріптестікті дамыту;
3.жас педагогикалық кадрлардың өз істерін беріліп істеуіне және елді мекенге, оның ішінде ауылдық жерге сіңісіп кетуін ынталандыратын шаралар жүйесін әзірлеу.
|
Қауіп-қатерлері:
1.тұрғындардың жақсы еңбекақы және тұру жағдайларына тырысуы жоғары біліктілігі мен балалармен жұмыс істеу тәжірибесі бар педагогикалық кадрлардың білім беру жүйесінен жүйелі түрде кетуіне апарып соғады, бұл орта білімнің сапасын төмендетеді;
2.осы заманғы жаңа үлгідегі мектептердің құрылысына арналған шығындардың жеткіліскіз қаржыландырылуы ауылдық елді мекендерде ыңғайластырылған жайларда орналасқан мектептер үлесін сақтауды негіздейді.
|
Ағымдағы және әлеуетті проблемалар:
Мектептер жүйелердің мемлекеттік кепілдік мөлшеріне сәйкессіздігі.
Халықтың көші-қоны себептен педагогигалық кадрлардың тапшылығы.
Даму беталысы:
ыңғайластырылған ғимараттарда орналасқан білім беру ұйымдарының орнына, сондай-ақ нақты қажеттілікті қанағаттандыруды, оның ішінде қазақ тілінде оқытатын мектептерді ескере отырып, білім беру объектілерінің құрылысын бюджеттік қаржыландыруды қамтамасыз ету және жеке қаржыландыруды ынталандыру;
алыс ауылдық-елді мекендерде тұратын оқушылардың тұруы үшін кәсіби мектептердің; мектептердің жанындағы ресурстық орталықтардың құрылысын кеңейту;
мектептерді, мектептердің жанындағы интернаттарды күрделі жөндеуден өткізуге және қайта жаңғыртуға байланысты шығыстарды қаржыландыруды кеңейту;
12 жылдық оқытуға толыққанды көшуді қамтамасыз ету мақсатында және оқудың жаңа формаларын дамыту үшін білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға (физика, химия, биология, информатика пәндері бойынша лабораториялық кабинеттер, басқа да компьютерлік техника, интерактивтік тақта сатып алу, кітапханалық қорды толықтыру мен жаңарту, мультимедиялық кабинеттер сатып алу; кең жолақты Интернет желісіне қосылу, интерактивтік тақта, спорттық бұйымдар сатып алу) шығыстарды бюджеттік қаржыландыруды қамтамасыз ету және жеке қаржыландыруды ынталандыру;
ағылшын тілі, математика, физика, химия, биология және информатика пәндері мұғалімдерінің перманентті жетіспеушілігін, оның ішінде ауылдық жерлерде жетіспеуін болдырмауға бағытталған іс-шаралардың өңірлік жоспарын әзірлеу жөнінде жұмыс тобын қалыптастыру.
Білім берудің арнайы түзету ұйымдары
Облыста 7 арнайы түзету ұйымдары, оның ішінде 3 мектеп және 4 мектеп-интернат тұрақты жұмыс істейді.
Мектептердің және мектеп-интернаттардың материалдық базалары барлығы сенсорлық бөлмелермен, осы заманғы есту құрал-жабдықтарымен, ішінара интерактивтік тақталармен және т.б. жабдықталған.
2012 жылмен салыстырғанда жалпы білім беретін мектептердің маңында арнайы сыныптардың саны 12,4%-ға төмендеді (2012-234 арнайы сынып, оның ішінде-1575 оқушы, 2013-227 арнайы сынып, оның ішінде-1528 оқушы, 2014-205 арнайы сынып, оның ішінде-1432 оқушы бар).
2014-2015 оқу жылдары 219 балаға (2012ж.-301, 2013ж.-219, 2014ж.-219) үйде жеке тегін оқыту ұйымдастырылды.
2012-2014 жылдары 7 білім берудің арнайы ұйымдардан 9 сыныптағы 394 бітірушілер оқуын бітірді, оның ішінде 55 мүгедек-бала деңсаулық жағдайы себебінен оқуды жалғастырып алмады (2012-25,2013-10,2014-20), қалғандары 339 бітірушілер мемлекеттік тапсырыстың негізінде кәсіби колледждарға түсіпті.
Саланың дамыту жағдайын Swot-талдауы:
Күшті жақтары:
1.барлық интернаттық ұйымдар СанЕН осы заманғы талаптарға сәйкес келтірілген;
2. мектептерде логопедиялық пункттердің саны өсіп жатыр, бұл балалардың, әсіресе бастауыш мектеп жасындағы балалардың тіл кемістігінің түзетілуінде оң нәтижелер көрсетіп отыр;
3.білім берудің түзету ұйымдары осы заманғы жабдықтармен жабдықталуда, бұл дамуында мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуды тиімді ұйымдастыруға көмектеседі;
4.дамуында мумкіндіктері шектеулі балаларға ППТК-да түзету көмектерін алу мүмкіндіктері ұсынылған.
|
Әлсіз жақтары:
1.жалпы білім беретін мектептерде мемлекеттік тілде оқытатын түзету сыныптарының желісі жеткіліксіз дамыған;
2.5 ауданда (Алтынсарин, Жангелдин, Қамысты, Қарасу және Таран) ППТК ашылмаған.
|
Мүмкіндіктері:
1.мектептерді арнайы мамандармен, оның ішінде мемлекеттік тілде оқытуды қамтамасыз ету үшін түзету сыныптарын, ППТК ашуға, аудандар, қалалар әкімдерінің гранттары бойынша педгогикалық кадрлар даярлауға бюджеттік қаржыландыруды қамтамасыз ету;
|
Қауіп-қатерлері:
1.педагогикалық кадрлардың тапшылығы (дефектологтар, сурдологтар, тифлопедагогтар, олигофренопедагогтар);
2.инклюзивтік жағдайларда балаларды оқыту үшін педагогтардың біліктілігін жеткілікті жоғарылатпау;
3.арнайы түзету ұйымдарының оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен (бұдан әрі – ОӘК) жеткілікті қамтамасыз етілмеуі.
|
Ағымдағы және әлеуетті проблемалар:
Облыстың 5 аудандарында қазақ тілде оқытатын түзету сыныптардың жоқтылығы.
Педагогикалық кадрлардың тапшылығы
Даму беталысы:
мектептерді арнайы мамандармен қамтамасыз ету үшін түзету сыныптарын, ППТК ашуға,педгогикалық кадрлар даярлауға бюджеттік қаржыландыруды қамтамасыз ету;
білім берудің түзету ұйымдарын ОӘК мен оқулықтармен қамтамасыз ету;
білім берудің түзету ұйымдарын интерактивті тақталармен толық қамтамасыз ету үшін бюджеттік қаржыландыруды қамтамасыз ету;
ППТК мен ПМПК қажетті жабдықтармен аяғына дейін жабдықтау үшін бюджеттік қаржыландыруды қамтамасыз ету.
Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жүйесі
2015 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша облыста 3089 жетім бала және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тұрады. Осы қатардан 1819 бала қамқорға алынды және асырап алынды, 127 бала – қазақстан азаматтары жанұяларының қамқорлық тәрбиесінде, 1143 бала 16 білім беру, денсаулық сақтау және тұрғындарды әлеуметтік қорғау жүйелерінің мемлекеттік мекемелерінде тәрбиеленуде, 127 деңсаулық сақтау жүйесінің үш бала үйінде, 71 әлеуметтік қорғау жүйесінің психоневрологиялық интернат-үйінде, 948 білім жүйесінің 12 ұйымдарында.
Отбасылық құрылымның баламалы нысандарын насихаттау жөніндегі шаралардың жүйелік сипаттамасы осы үлгідегі ұйымдар санының қысқарумен және тәрбиеленушілер санының түсуімен дәлелденіп отыр (2012-2014 жылдары жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім жүйелері білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің саны 1109-дан 962 балаға дейін қысқарды).
Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар және жетім балаларға арналған балалар үйлері мен мектеп-интернаттар әкімшіліктері қазақстан азаматтарының қонақ отбасыларына (балаларды асырап алатын отбасылар) балаларды беру жөніндегі шараларды іске асырады: 2014 жылы құрылымның осы нысанымен 278 бала қамтылды.
2015 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша отбасылық құрылымның баламалы нысандарымен 129 (2012-129, 2013-144, 2014-155) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған тәрбиеленушілер қамтылған.
Саланың дамыту жағдайын Swot-талдауы:
Күшті жақтары:
1.құрылымның отбасылық нысандарымен қамтылған ата-анасының қарауынсыз қалған балалар мен жетім-балалардың саны ұлғаюда;
2.«Қазақстан балалары» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде енгізілген балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша мамандар санының ұлғаюына байланысты 2009 жылы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың анықталу жағдайы (мамандардың саны 23-тен 36-ға дейін өсті) көбейді.
|
Әлсіз жақтары:
1. қамқорлыққа алу немесе асырап алу органдары мамандарының жиі ауысуы;
2. кәмелетке толмағандарға қатысты ата-аналар құқығынан айырылғандар ата-аналардың жауапкершілігі (материалды немесе басқа да) шаралары, алимент төлету тетігі реттелмеген.
|
Мүмкіндіктері:
1. отбасы құрылымының баламалы формалары мен отбасы құндылықтарын насихаттау.
2.қамқорлыққа алу немесе асырап алу органдары мамандарының ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың және жетім-балалардың құрылымын деинституционалдандыру стратегиясын іске асыру жөніндегі курстардан өтуін қамтамасыз ету;
|
Қауіп-қатерлер:
1. мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын органдардың штат санын оңтайландыру шеңберінде қамқорға алу және асырап алу ұйымдары мамандарының қысқаруы
|
Ағымдағы және әлеуетті проблемалар:
қамқорлыққа алу немесе асырап алу органдары мамандарының жиі
ауысуы;
кәмелетке толмағандарға қатысты ата-аналар құқығынан айырылғандар ата-аналардың жауапкершілігі (материалды немесе басқа да) шаралары, алимент төлету тетігі реттелмеген;
Техникалық және кәсіби білім (ТжКБ)
2015 жылдың 1 шілдесіне облыста 43 техникалық және кәсіби білім оқу орындары қызмет етеді, оның ішінде 32 мемлекеттік,11 мемлекеттік емес. Соңғы үш жыл ішінде колледждердің контингенті сәл ғана өзгерді (2012-2013 оқу жылдары – 29 мың, 2013-2014 оқу жылдары – 27 мың, 2014-2015 оқу жылдары – 25 мың).
166 сыныптама бойынша мамандарды даярлау жүргізіліп отыр. Техникалық және кәсіби білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім тапсырысын арттыру жөнінде жұмыстар жүргіліп жатыр. 2014-2015 оқу жылдарына 5743 адам көлемінде мемтапсырыс бекітілді (2007-2008 оқу жылдарымен салыстырғанда 746 адамға өсті).
Облыста апаттық ғимараттарда орналасқан оқу мекемелері жоқ. Оқу корпустарын ағымдағы және күрделі жөндеуден өтті. 2013 жылы соңғы жылдардың ішінде алғашқы рет Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі оқу корпусын күрделі жөндеу аяқталады. Жұмыспен қамту 2020 жол картасының 1-ші бағыты шеңберінде Тобыл кәсіптік-техникалық колледж ғимаратының күрделі жөндеуі қарастырылған.
Соңғы 3 жылдары ішінде жатақханалардың саны өсуде. 2014-2015 оқу жылдарының басында 27 жатақхана жұмыс істейді, олардан 24-і мемлекеттік болып табылады. Жатақханаларда орындардың жалпы саны 3963-ке дейін жеткізілді.
2012-2014 жылдары бойынша оқу мекемелері желілерінің серпіні 2012 жылғы 48-ден 43-ке осыжылға дейін өзгеріп отыр. 2013 жылдың қаңтарынан бастап облыстың 15 кәсіби лицейлері колледждерге ауыстырылды, осылайша білім мекемелерінің мәртебесі артты. Білім ұйымдары кәсіби кадрларды даярлау жүйесіне жаңа тәсілдерін енгізуге ұмтылуда.
2012 жылдан бастап оқу мекемелерінде оқудың дуалдық жүйе элементтері енгізіліп жатыр, оның шеңберінде оқу процессінің 70%-ы өндірісте өткізіледі. Әулиекөл аудандағы ауыл шаруашылығы колледж негізінде 2 мамандық бойынша дуальдік оқуының Қазақстандық-неміс жобасы іске асыруда. 2015 жылдың аяғына дейін осы жобаға тағы 4 колледж 4 мамандық бойынша қосылады.
Таяу және қиыр шетелдермен халықаралық ынтымақтастық дамуда: Германия (Қостанай ауыл шаруашылығы колледжі), Франция (Қостанай политехникалық колледжі), Сингапур (Қостанай автомобильді көлік колледжі). Беделді ұйымдармен ынтымақтастық ең жақсы халықаралық бағдарламаларды енгізуге мүмкіндік береді, олар қазақстандық білім қызметтерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға себепші болады.
Білікті жұмыс кадрларын даярлау мәселелерінде ТжКБ ұйымдары мемлекеттік және жеке құрылымдармен жұмыс жасайды. Әлеуметтік әріптестік мынадай бағыттар бойынша іске асырылады: білікті мамандар даярлаудағы қажеттілікті болжау, арнайы пәндер бойынша жұмыстық оқу бағдарламаларын бірігіп түзету, кәсіби тәжірибені ұйымдастыру. 2014-2015 жылдардың 1 қаңтарына колледждер кәсіпорындармен және ұйымдармен әлеуметтік серіктестік туралы 2113 шарт жасасты.
Оқушылар мен жұмысшылармен қатар NEET тұқымы бар – 15-28 жас аралығындағы жастар, олар әр-түрлі экономикалық, әлеуметтік және саяси факторлардың себебімен оқымайды және жұмыс істемейді.
Білім, жұмыспен қамтуы немесе оқу жүйесінің тысында астар үлесінің ұлғаюы – жастардың нақты жұмысқа орналастырумен байланысты жастардың жұмыссыздықты шағылыстыратын индикатор.
Қостанай облысының техникалық және кәсіби білім жүйесінің бітірушілердің саны 2014 жылы 8722 студент (2013ж. - 9187 адам) құрады, соның ішінде мемлекеттік білім тапсырыс бойынша-4908 адам (2013ж. - 4615 адам). Жаулап алынған бітірушілердің үлесі 88% (2013ж.-88%), соның ішінде: 5745 адам (66%) (2013ж.-6880(75%) кәсіпорындарға жұмысқа орналастырылған, 1025 адам ЖОО-да оқу жалғастырып жатыр (11%) (2013ж.-814 адам (8,9%), 72 адам техникалық және кәсіби білімінің ұйымдарында оқуды жалғастырып жатыр (2013ж.-116 адам).
Білім, энергетика және электроэнергетика, медицина және фармацевтика, тамақ өнімдерін өндіру технологиялар саласының мамандықтары жоғары көрсеткіштер көрсетеді.
Жалпы, облыс бойынша техникалық және кәсіби білім дамуының оң үрдістері байқалуда. ТжКБ объектілері мен әлеуетті және нақты жұмыс берушілер арасында стратегиялық әріптестікті дамыту қажеттілігін, сондай-ақ еңбек нарығында нақты қажет мамандарды даярлауды қамтамасыз ету мақсатында олардың материалдық-техникалық базасын нығайтуды аталған саланың субъектілеріне тән келетін даму келешегі бар бағыттардың бірі деп айтуға болады.
2015 жылдың 1 қаңтарына 43 оқу орны техникалық және кәсіби білімді іске асырды, оның ішінде 32 мемлекеттік және 11 мемлекеттік емес. 25 колледжде жұмыс кәсіптері бөлімдері қызмет етті. 135 мамандық бойынша дайындық жүргізілді. Техникалық және кәсіби білім оқу орындарында оқитындардың жалпы контингенті 25,5 мың адамды құрады.
Саланың дамыту жағдайын Swot-талдауы:
Күшті жақтары:
1.мемлекеттік білім тапсырысын ұлғайту;
2.әлеуметтік әріптестікті дамыту;
3.дуалдық оқу жүйесін енгізу.
|
Әлсіз жақтары:
1. лабораториялар мен өндірістік шеберханаларды жабдықтаудың жеткіліксіз деңгейі;
2. ТжКБ жүйесінен кетуін негіздеп отырған өндірістік оқу шеберлерінің төмен еңбек ақысы сол немесе басқа да мамандық бойынша білім алушылардың тәжірибелік дағдыларын меңгеруі көзқарасымен білім беру үдерісі сапасының төмендеуіне әсер етеді және еңбек нарығында колледждер түлектерінің қажет болуын қиындатады.
|
Мүмкіндіктері:
1.колледждердің желілерін кеңейтуде мемлекеттік-жеке әріптестікті дамыту; білім беру жүйесінің, кәсіпорындар мен ұйымдардың тығыз байланысын жорамалдайтын, сонымен қатар дайын мамандарды жұмысқа орналастыру мәселелерін алып тастайтын корпоративтік білім қағидаттарын енгізу;
2. білікті кадрлардың ТжКБ жүйесіне, әсіресе ауылдық жерлерде ағымын ынталандыру шараларының жүйесін әзірлеу.
|
Қауіп-қатерлері:
1. бюджеттік қаржыландырудың жеткіліксіздігі колледждер желісінің кеңеюін шектейді және облыстың кейбір елді мекендерінде олардың болмауын шектейді, бұл әлеуетті білім алушылардың тұрғылықты жерінің аумағында оқу мүмкіндіктерін шектейді.
|
Ағымдағы және әлеуетті проблемалар
15-28 жас аралығындағы жастар жалпы санындағы NEET үлесі бар.
ТжКБ бітірушілердің жұмысқа орналастырудың төмен пайызы.
Даму үрдісі
Жұмыс берушілермен ТжКБ ұйымдары мұғалімдерінің тағылымдамадан және білім алушыларының тәжірибеден өтуі туралы шарттар жасасу;
Жұмыс берушілерді КЛ-дың оқу-материалдық және ақпараттық базаларын нығайтуға тарту.
Денсаулық сақтау
2015 жылдың 1 шілдесіне Қостанай облысының аумағында тұрғындарға емдеу-алдын алу көмегін көрсететiн 528 дәрiгерлiк ұйым жұмыс iстейдi (2012ж. – 580, 2013ж. – 566, 2014ж. - 549). Денсаулық сақтау желiлерiн нормативтерге сәйкес келтiруге байланысты олардың саны 2012-2014 жылдары 52 бiрлiкке қысқарды.
Қостанай облысы азаматтарының туған кезiндегі күтiлетiн өмiр сүру ұзақтығы 2014 жылы 70,39 жасты құрады және 2013 жылмен салыстырғанда (69,59 жыл) 1,15 жылға ұлғайды (2012ж. - 68,46, 2013ж. – 69,59).
2015 жылдың 1 қаңтарына тұрғындар саны 881,452 мың адам құрады, бұл 2012 жылдың деңгейінен 1511 адамға артық (Статистика департамент деректері бойынша).
Туудың ұлғаюы және өлiм-жiтiмнiң азаюы нәтижесiнде облыста табиғи оң өсiм (2012 жыл – +3,33; 2013 жыл – +3,27; 2014 жыл - +3,9; 2015 ж. 6 айы бойынша-+1,3) байқалып отыр. Осы көрсеткіш орташа республикалық деңгейден төмен (2012 жыл – +14,18; 2013 жыл – 14,75; 2014 жыл – мәліметтер жоқ).
Жалпы өлiм-жiтiм көрсеткiшi (тұрғындардың 1000 адамына шаққанда) төмендеу қарқынына ие және 2014 жылдың қорытындылары бойынша (10,69), 2012 жылмен салыстырғанда (11,6) 8,5%-ға (1000 тұрғынға шаққанда 2,56 жағдай) азайды, 2012 жылы-11,6, 2013 жылы-10,8, 2014 жылы-10,69.
Облыстың дәрiгерлiк ұйымдарында тiрi туудың жаңа өлшемдерiн енгiзуге байланысты нәресте өлiм-жiтiмі көрсеткiшiнiң 2012 жылы көрсеткіштің төмендеуі – 14,9, 2013 ж.-11,9; 2014 ж.-11,2 (ҚР: 2012 жылы – 13,6, 2013ж. – 11,5; 2014ж. -10,0, 2015 ж. 6 айы-9,9 ) байқалып отыр және нәресте өлім-жітімі жыл сайынғы төмендеу қарқыны соңғы 3 жылдары бойы 24,3% құрады.
2013 жылы көрсеткіш республикалық көрсеткіштен 3,5%-ға, 2014 жылы 12%-ға, 2015 жылдың 1 жартыжылдығы 9,8%-ға артты.
Бала өлімін төмендету және тұрақтандыру үшін 2013-2015 жылдары мынадай шаралар қолданылды:
- 2012 жылы Қостанай перинатальдық орталығы, 2014 жылы Рудный перинатальдық орталығы ашылды;
- 15 неонатолог, реаниматолог дәрігер Белоруссия медициналық академиясының көшпелі циклінде оқытылған;
- Астана қаласының Ғылыми аналық және балалық орталығының циклы бойынша біліктіліктерін арттырды, онда 26 педиатр оқытылған;
- 37 акушер-гинеколог Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінің оқытушыларымен Қостанай облыстық ауруханасының негізінде оқытылды;
- дәрігерлерді жетілдіру республикалық институттарында 52 акушер-гинеколог, 15 педиатр біліктілігін жоғарылатып, оқу курстарынан өтті;
- бала жастағы ауруларды емдеуге шоғырландырылған жетекшілік ететін 2 өңірлік орталық жұмысының шеңберінде балалар дәрігері мен орта медициналық қызметшілердің 55%-дан астамы оқытылды, тиімді перинатальдық көмек және емшекпен емізуді қолдау орталығы амбулаторлық және стационарлық бөлім медициналық қызметшілерінің 48%-ын оқумен қамтып отыр;
- бала тууды өңірлендіру және перинаталдық көмек бойынша жұмысты нығайту шеңберінде бала көтеруге мүлдем болмайтын және аурулары асқынған жүкті әйелдердің 66%-ы және бір жасқа дейінгі ауру балалардың 80%-ы облыстық медициналық ұйымдарға жолдама алды.
Аналық және нәрестелiк өлiм-жiтiмдi төмендету үшiн шұғыл шаралар қабылдау жөнінде өңірлік штаб және өлiмнiң әрбiр жағдайына қызметтiк тексеру өткiзу және қарау нәтижелерi бойынша нақты шаралар қабылдау үшiн нәрестелiк, аналық өлiм-жiтiмдi талдау жөнінде жұмыс комитетi жұмыс iстейдi (2012 жылы 5 мәжiлiс өткiзiлді). Әрбір ана өлiмінiң және 5 жасқа дейінгі балалар өлімінің жағдайына ай сайын мониторинг пен талдау жүргiзiледi. Балалардың, оның iшiнде 500-999 грамм салмақпен туылғандардың барлық жағдайлары туралы жедел ақпараттар жинақталады, сонымен бiрге «Мединформға» «АИС-МЛАД» бағдарламасы бойынша деректер қоры қалыптастырылады және берiледi. Консультациялық және тәжірибелік көмек көрсету мақсатында облыста жаңа туған және 1 жасқа дейінгі ауыр халдегі балалар туралы күн сайын мониторинг жүргiзiледi. Перинатальдық көмекті өңірлендіру қағидалары сақталады. Ана өлiмін және ауыр жағдайларды жасырын түрде тексеру енгiзілді.
2014 жылы: Қостанай қаласындағы перинатальдық орталықта уақытына жетпей туған балаларды бағу екінші кезеңдегі бөлімі ашылды, оған медициналық жабдық пен техника 23,5 млн. теңге сомасына орнатылған. 2 жылдары бойынша 42 адам оқытылған; бала жастағы аурулардың ықпалдаған жүргізу мен перинатальдық технологиясы бойынша 204 дәрігер мен 651 СМР оқытылған.
Аналық өлiм-жiтiмінiң көрсеткiшi (100 000 тірі туылғандарға шаққанда) соңғы 3 жылдары бойынша тұрақсыз болып қалады, бірақ қалыпты төмендеу үрдісі бар (2012 жылы – ана өлімі тіркелген жоқ; 2013 жылы – 15,3; 2014 жылы-7,86) (ҚР 2012ж.-13,5; 2013ж.-12,6; орташа республикалық көрсеткіштің 21%-ға артық; 2014ж.-7,9, орташа республикалығының 31,3%-ға (11,5) төмен).
Бұл жүкті әйелдердің мониторингін өткізу нәтижесінде қауіпсіз аналық, бала жастағы ауруларды емдеуге шоғырландырылған жетекшілік ету (бұдан әрі – БЖАИЖ) бағдарламасын енгізуге қол жеткізілді. Сондай-ақ аналар мен балаларға медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жоғарылату бөлігінде перинаталдық көмекті өңірлендіру толық жетілдірілді. Облыстық аурухана базасында санитарлық авиация бойынша жұмыс ұйымдастырылды, жоғары білікті профильді мамандардан: акушер-гинеколог, неонатолог, анестезиолог-реаниматолог, нейрохирург бригадалары қалыптастырылды.
Азаматтардың денсаулығына, олардың өмiр сүру ұзақтығына әлеуметтiк маңызы бар аурулар және олардан қайтыс болу маңызды ықпалын тигізіп отыр.
Облыстың аумағында қан айналу жүйесі ауруларымен (ҚЖА) ауыруды және аурулардан қайтыс болуды төмендету мақсатында көрcетiлген ауруларды ертерек анықтау үшін тұрғындарды алдын ала тексеру жүргiзiледi. Жасалған жұмыс нәтижесінде 100 000 тұрғынға шаққанда 2012 жылы-289,2, 2013 жылы-231,1, 2014 жылы-185,8, 2015 жылдың 6 айы бойынша-98,6 құрады.
2014 жылы ҚЖА-дан қайтқандардың саны 1636 адамды құрады, бұл 2012 жылға қарағанда-2544 адам, 2013 жылы-2033 адам, 1,6 есе аз. Қазіргі таңда 2012-2013 жылдарға арналған Қостанай облысында кардиологиялық, интервенциондық, кардиохирургиялық және неврологиялық көмекті әрі қарай дамыту жол картасы әзірленді.
Облыста 25 кардиологиялық профиль мамандары жұмыс істейді, мамандармен жинақталу 90% құрайды.
2014 жылы республикалық клиникалардың негізінде 53 дәрігер, 2015 жылдың 6 айы бойынша 266 дәрігер (Астана қ. ННМЦ негізінде 3 дәрігер, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медуниверситетімен 263 дәрігер, СМР-715 адам) оқытылды.
Дәрігерлер (115 адам) және бастауыш бөлімінің медициналық қызметшілер (334 адам) 2015 жылдың 6 айы бойынша оқытылды.
2012 жылдың қараша айынан бастап облыста кардиологиялық және инсультті орталық ашылды. 2013 жылдың мамыр айынан бастап, халыққа көрсететін жедел жәрдемді шоғырландыруға мүмкіндік беретін (халықтың жалпы саны 255208 адам болатын екі қала және төрт аудан), Рудный қаласында облыстағы екінші ангиографиялық зертхана іске қосылды. Ауруларды кардиоорталықтарына жедел жеткізу мақсатында, «алтын» уақыт принципі негізінде, бар реанимобильдер ЖМСЖ ұйымдарына бекітілген. Нәтижесінде облыста ҚЖА-дан өлімі 19,5%-ға төмендеді (2013 ж. 230,9-дан 2014 ж. 185,8-ге дейін).
Облыста соңғы 3 жылдары (2012-2014 жылдар) қатерлi ісіктермен ауыру жоғары деңгейде сақталып отыр (100 000 тұрғынға шаққанда), бұл жоғары радиациялық фонның болуына байланысты, олардың пайда болу көздері Рудный, Арқалық, Лисаков қалаларының аумағындағы кенiштер болуы мүмкін.
Қатерлі ісіктермен ауырудың көрсеткіші (2012 жылы – 291,9, 2013ж.-277,9, 2014ж.-293,7, 2015 ж. 6 ай-145,4) республикадан артық (2012 жылы-106,6, 2013 жылы-193,9, 2014 жылы-198,8). Онкологиялық ауруларды және олардан қайтыс болуды одан әрі төмендету мақсатында қатерлі ісіктерді анықтаудың скринингтік бағдарламаларын жалғастыру қажет, онкологиялық қызмет ұйымдарын ресурстық жабдықтау, осы заманғы химиялық препараттарды сатып алу көлемін ұлғайту қажет.
2012-2015 жылдары облыс бойынша 100 000 тұрғынға шаққанда туберкулезбен ауыру көрсеткішінің төмендегені байқалып отыр (2012 жылы–103,1; 2013ж.-87,0; 2014ж.-74,5; 2015 ж. 6 ай-36). Бірақ бұл көрсеткіш орта республикалық көрсеткіштен артық (2012-102,5; 2013-73,5; 2014-66,4).
Жоғары көрсеткіштері Жангельды, Амангельды, Науырзым аудандарында және Арқалық, Қостанай қалаларында сақталады. Облыс көрсеткіштерінің оң серпініне қарамастан, эпидемиологиялық көрсеткіш сол қалпында қалып отыр. Қостанай облысы туберкулезбен ауыру бойынша республикада 5 орынды алады. Туберкулезді таратуды, дәрілік тұрақтылықты және туберкулезден қайтыс болуды эпидемиологиялық қадағалау мәселелері өзекті болып қала беруде.
2012 жыл мен 2014 жыл аралығында және 2015 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша туберкулезден қайтыс болу 2 есе (2012 жылы 10,7-тен 2014 жылы 5,3 дейін, 2013 жылы-7,2; 2014 жылы-5,3; 2015 ж. 6 ай-2,5) төмендеді.
Мұндай табыстарға туберкулезге қарсы қызметтердің негізгі көрсеткіштерін үнемі бақылау, облыстың туберкулезге қарсы диспансер мамандарының белсенді ұйымдастыру - әдістемелік жұмыстарының, туберкулезге қарсы қызмет жұмысшыларының туберкулез жағдайларын тіркеу ошақтарында алғашқы медициналық көмек көрсету жұмыстарының жақсы жүргізілуі, халық арасындағы белсенді санитарлық-жарақтандыру қызметінің жүргізілуі нәтижесінде қол жеткізілді. Алайда, жоғары көрсеткіш болып Денисов, Әулиекөл, Амангельды аудандарында және Арқалық қаласында сақталады.
2015 жылдың 1 шілдесіне облыстың деңсаулық сақтаудың мемлекеттік секторына 528 медициналық объект кіреді (01.07.2014 жылы-549). 44 стационарлық ұйымдар және 471 амбулаторлық-емханалық ұйымдар мен алғашқы медициналық-санитарлық көмек объектілері халыққа емдеу-профилактикалық көмек көрсетеді (01.07.2014 жылына-44 және 492 тиісінше).
Облыс бойынша 758 фармацевтикалық объект халықты дәрілермен жабдықтау және медициналық ұйымдар іске асырайды.
Облыста 1705 дәрігер (01.07.2014 жылына-1872) және 6085 орта медицина қызметшілер (01.07.2014 жылына-6389) жұмыс істеіді.
2015 жылдың 1 шілдесіне халықтың 10 мың адам санына дәрігерлермен қамтамасыз ету 19,3 құрады (01.07.2014 жылына 21,3), орта медицина қызметшілермен-69 (01.07.2014 жылына-72,6).
Дәрігер кадрларын керектігі 268 дәрігер, соның ішінде ауылда 73 дәрігер құрайды.
2015 жылдың 1 шілдесіне облыс бойынша кумулятивдік АҚТҚ жұқтырған 1507 адам тіркелді, олардың саны жыл сайын 12-13%-ға өсуде (2012 жылы-1240 адам, 2013 жылы-1384 адам, 2014 жылы-1435 адам). Қазақстан Республикасы бойынша Қостанай облысы АҚТҚ инфекциясын тарату жағынан 5 орынды алады. АҚТҚ инфекциясының эпидемияның шоғырланған сатысында таралуын тұрақтандыру мақсатында алдын-ала шараларды кеңейтуді, сонымен қатар ЖҚТБ-мен ауруларға қажет ретровирусқа қарсы емді толық көлемде қамтамасыз етуді көздейтін ЖҚТБ эпидемиясына қарсы тұру бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.
Облыста үш жылжымалы медициналық кешен қызмет етеді, олар 32523 астам адамды қарап шықты. 9000 диагностикалық зерттеулер өткізілді. Санитарлық авиацияның жұмысы ұйымдастырылды, жоғары білікті профильді мамандардан бригада қалыптастырылды. Есептік кезең аралығында 389 көлікпен шығу (2012 ж. - 418), самолетпен ұшу – 54 (2013 ж. – 41) жүзеге асты, 490 (2012 ж. – 450) ауруға қызмет көрсетілді.
Жоғары білікті мамандарымен 1638-ден астам (2013 ж. - 449) кеңес өткізілген 15 медұйымдар, телемедициналық торға қосылған.
Кадрлармен қамтамасыз ету: 2012 жылы 1932 дәрігер және 6504 орташа медицина қызметкері, 2013 жылы 1913 дәрігер және 6465 орташа медицина қызметкері, 2014 жылы 1755 дәрігер және 6157орташа медицина қызметкері, 2015 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша 1705 дәрігер және 6085 орташа медицина қызметкері.
2012 жылдың басында кадрлардың жетіспеушілігі 360 дәрігер, 2013 жылы-265, 2014 жылы-268, 2015 жылдың 6 айы бойынша кадрлардың жетіспеушілігі бұрынғы деңгейде қалды-268 маман.
Дәрігерлік кадрлар тапшылығы мәселесін шешудің бірден бір жолы – «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек» 007 бюджеттік бағдарламасы шеңберінде медицина мамандығы бойынша оқуға әлеуметтік көмек көрсету, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз жігіне жататын жастардың өтініші тоқсан алдыңдағы тоқсан үшін Қостанай облысы бойынша бекітілген ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен жанбасына орташа табысы бар отбасылардан шыққан жастарға әлеуметтік көмек көрсетіледі. 2012 жылы - 113, 2013 жылы - 97, 2014 жылы - 71 студентке көмек көрсетілді.
Облыста жас мамандарды ауылдарға бекіту Бағдарламасы әзірленді. Жыл сайын жергілікті бюджеттерде көтерме жәрдемақылар төлеуге бюджеттік қаражаттар көзделіп, тұрғын үй бөлу мәселелері шешілуде.
Медициналық көмек сапасына облыста төмен деңгейде қалып отырған осы заманғы медициналық жарықтандырылуды қосқанда ұйымдардың және денсаулық сақтау объектілерінің материалдық-техникалық базасы әсер етеді.
2012 жылдан 2014 жылға дейінгі кезеңде облыста денсаулық сақтау ұйымдарының осы заманғы медициналық құралдармен және медициналық бағыттағы бұйымдармен жабдықталуында оң серпін байқалды. Жарақтандыру пайызы 2012 жылы 55,8%, 2013 жылы – 56,48%, 2014 жылы – 65,73% құрады. Қазақстан Республикасы бойынша бұл көрсеткіш: 2012 жылы – 57,78%, 2013 жылы – 63,16% көрсетіп отыр. Ауылдық ұйымдардың жарақтандырылуы 31,3%-ға ұлғайды (2007 жылғы – 35,9%-дан 2014 жылы – 67,2%-ға дейін) құрады. 2015 жылдың басында облыстық ұйымдардың жарықтандырылуы 58,85%; ұлғаю – 22,15% (2007 жылғы 36,7%-дан 2014 жылы 58,85%-ға дейін) құрады. Қалалық медициналық ұйымдардың жарықтандырылуы 2014 жылдың басында 64,3%; ұлғаю – 27,7% (2007 жылғы 36,6%-дан 2014 жылы 64,3%) құрады.
2014 жылдың аяғына қарай облыс бойынша медициналық ұйымдар ғимараттарының тозу деңгейі 33,4% құрады.
«100 мектеп және 100 аурухана» жобасын іске асыру шеңберінде Қостанай облысы 5 денсаулық сақтау обектісінің құрылысына (Қостанай және Рудный қалаларында 2 емхана және 2 аурухана, Қостанай қаласында Қан орталығы), 16,1 млрд. теңге бөлінді.
2013-2014 жылдары «350 дәрігерлік амбулаторлық, фельдшерлік-акушерлік пуктері және емханалары құрылысы» бағдарламасы шеңберінде 1 606,2 млн. теңге құрайтын 25 келушілерге арналған 13 дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталды.
Саланың дамыту жағдайын Swot-талдауы:
Күшті жақтары:
1.Медициналық қызметтерді көрсетуде бәсекелестіктің дамуы.
2.Салауатты өмір салты бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатқан БМСК ұйымдары желісінің кеңеюі.
3.Соңғы 3 жылдың ішінде жас мамандардың келуі.
|
Әлсіз жақтары:
1. Медициналық көмекке кеш жүгіну.
2. Медициналық ұйымдарда жүкті әйелдердің үнемі қаралуға деген ынталарының жеткіліксіздігі.
3. Жағымсыз әдеттердің денсаулыққа тиетін әсері туралы жеткіліксіз ақпараттандырылу.
4. Денсаулықты сақтаудың және салауатты өмір салтын жүргізудің төмен басымдылығы.
5. Жүрек-қан тамырлары ауруларының даму-ына себеп болатын тамақтану үлесіне әдет.
6. Жұмыс берушілер жұмыс орындарының сапасын және қауіпсіздігін жоғарылату мәселелеріне жеткілікті назар аудармайды.
7. Әлеуметтік проблемалар халықтың елеулі бөлігіне өз денсаулықтарын сақтау мен қарауына мүмкіндік бермейді.
8.Мінез-құлықтың жоғары қауіп-қатерлері (темекі шегу, алкоголь, есірткі).
|
Мүмкіндіктері:
1. Консультатциялық қамтамасыз ету мақса-тында телемедицинаны пайдалану.
2. Жергілікті компаниялар тарапынан салауатты өмір салты саласын қосымша қаржыландыруды тарту.
3.Халықты ұлттық скринингтік зерттеулер-мен қамтуды ұлғайту.
4.Аурулардың күні-түні болу стационарла-рын күндіз болу стационарларымен және үйде емделу стационарларымен алмастыру.
|
Қауіп-қатерлері:
1.Дәрігерлерге іс жүзінде үлкен салмақ түсуіне байланысты халыққа қызмет көрсету сапасының төмендеуі;
|
Достарыңызбен бөлісу: |