тақырып. Оқу іс-әрекеті субъекттерінің жас ерекшелік сипаттамалары
1.Оқушы жас ерекшелік кезеңнің өкілі ретінде.
2.Жас ерекшелік кезеңдерге бөлу – оқу іс-әрекеті субъектерін жеке ыңғайдан қарастыру негізі ретінде.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1.Кіші және жоғары сынып оқушыларының оқу мотивациялары немен ажыратылады?
2. Адам дамуының қандай жас ерекшеліктік кезеңі оның оқу іс-әрекеті субъектінің позициясына әсер етеді?
3.Студент пен оқушының оқу іс-әрекеті субъекттері ретіндегі ажыратушы ерекшеліктері қандай?
Әдебиет:
1. Кон И.С. Психология старшеклассника.М.,1980.
2.Кондратьев М.Ю. Подросток в замкнутом круге общения.М.-Воронеж,1997.
3.Мухина В.С. Детская психология.М.,1985.
4.Фельдштейн Д.И.Возрастная психология. М.,1997.
5. Эльконин Д.Б. Психическое развитие в детском возрасте // Избр. психологические труды. М.,1989.
6.Якунин В.А. Психология учебной деятельности студентов. М.,1994.
Жоспарлау басқару қызметінің бір ретінде
Басқару еңбегінің өрісінде іс-әрекет жағдайына талдау жасау, жоспарлау, іс-әрекетті ұйымдастыру, қабылданған шешімдердің орындалу барысын бақылау мен реттеу сияқты қызметтер бар. Тиімді де нәтижелі басқару үшін аталған қызметтердің барлығының үйлесімді өз ара әрекеттестігін қамтамасыз ету қажет, олардың біреуін орындамау тұтастай ұжым іс-әрекетінің нәтижелеріне әсер етеді. Барлық басқару қызметтерінің үйлесімді өз ара байланысы жоспарлауға негізделеді. Жоспарлау /іс-әрекет жоспарын құру/ дегеніміз іс-әрекеттің негізгі түрлері мен тұтас іс-әрекеттің тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды анықтау. Тиімді жоспарлау дегеніміз:
-жұмыс жай-күйін жан-жақты және мақсатты есепке алу және іс-әрекеттің қол жеткізген нәтижелеріне объективті баға беру;
-алдағы уақыттағы іс-әрекеттің негізгі мақсаттары мен міндеттерін анықтау;
-алға қойылған міндеттерді шешетін тиімді жолдар мен тәсілдерді, құралдарды айқындау, оларды шешудің қолайлы жолдары мен құралдарын таңдау.
Бұлардың барлығы басқару жүйесіндегі істің жай-күйі туралы объективті ақпараттың болуын талап етеді. Ақпарат дегеніміз басқарылатын жүйенің жай-күйін сипатайтын, сондай-ақ оның дамыту жақсарту үшін қолданылатын пайдалы мағлұматтар, деректер, мәліметтер жиынтығы. Ақпараттың көлемі мен мазмұны жүйенің іс-әрекетінің мақсатымен, негізгі бағыттары мен аумағымен анықталады. Бағытына қарай олар төмен және жоғары бағытталған ақпарат болып бөлінеді. Төмен бағытталған ақпараттар басқару субъектісінің басқарушылық іс-әрекетін көрсететін ақпараттар / нормативті, жоғары тұрған органдардың, соның ішінде білім беру органдарының ұйымдастырушылық-бұйрықтық құжаттары/. Жоғары бағытталған ақпарат басқарылатын жүйенің жай-күйін сипаттайды / есеп берулер, тексеру нәтижелері бойынша анықтамалар, мектеп ішіндегі күнделікті ақпарат/. Басқарушылық іс-әрекеті үшін ақпараттың екі түрі де өте маңызды. «Басқарудың нәтижелі болуы, негізінен, қажетті аақпараттың болуына, басқарушылық шешімдерді дер кезінде және сапалы түрде қабылдай алынуына және тұтас білім беру жүйесінің мониторингін ұйымдастырылуына байланысты» / Қазақстан Республикасының орта білім беруді дамыту Концепциясы/
Жалпы білім беретін мектепті басқару, кез-келген басқарушылық іс-әрекет сияқты, барлық іс-әрекеттің негізді жоспарлануын талап етеді. Мектептегі ең маңызды жоспар мектептің жылдық жұмыс жоспары, ол жалпы мектеп өмірінің жетекші құжаты болып саналады. Онда мектеп іс-әрекетінің барлық жақтары қамтылып, олардың бірлігі, ішкі және сыртқы байланыстары мен өзара тәуелділігі есепке алынады. Жылдық жоспардың терең ойластырылуы, негізді және мақсатты болуы мектеп жұмысының нәтижелілігін анықтайды.
Мектептің жылдық жұмыс жоспары мына принциптер негізінде құрастырылады:
а/ Жоспарлаудың ғылымилығы. Жоспар іс-әрекеттің әлеуметтік және экономикалық шарттарын, педагогикалық процестің психологиялық-педагогикалық заңдылықтарын, жалпы білім беру жүйесі мен жекелеп алғандағы мектептің дамуының тенденциялары мен болашағын ескере отырып құрастырылуы қажет. Жоспар педагогикалықжағынан мақсатты болуы қажет.
ә/ Үйлесімді де қолайлы жоспардың құрамында алға қойылған мақсаттарға жету үшін іс-әрекеттің, нақты шаралардың қажетті және жеткілікті мөлшері болуы қажет. Бұл принцип жоспардың шынайы болуына, мектеп ұжымының іс-әрекетінің қолайлы жолдары мен құралдарын таңдауға, жоспардың құрамды бөліктерінің мақсатты түрде өзара қатынасын қамтамасыз етуге бағытталған.
б/Жоспардың нақтылығы. Жоспарда қандай шараларды жүргізу қажет, орындаушыларға берілетін тапсырмалар, шараларды өткізуге кім жауап беру керек, оның мерзімі, орны мен уақыты нақты көрсетілуі қажет. Белгілі бір міндеттерді табысты шешуге жағдай жасайтын нақтылы шарттар есепке алыну қажет. Нақтылық принципін жүзеге асыра отырып жоспардың қажетті нақтылығын қамтамасыз етеді.
в/ Жоспардың перспективтілігі. Жоспарда жуық арадағы мақсаттар мен міндеттерге қоса, мекиеп іс-әрекетінің болашағы да көрініс табуы қажет. Жоспарда мектеп жұмысының келер жылдары да алдына қойылатын оқу-тәрбие міндеттері ескерілуі қажет.
г/Ұжымдық принципі мұғалімдердің, тәрбиешілердің, мектептің басқа да қызметкерлерінің жоспарды талдау мен құруға белсенді түрде қатысуын қарастырады. Мектеп жоспары ұжымдық шығармашылықтың жемісі болуы қажет, алайда ол ұжымның әрбір мүшесінің жеке дара жауапкершілігін талап етеді.
Мектеп жұмысының жылдық жоспарын дайындаудың бағдар жолы:
-
Нормативті құжаттамаларды, жоспарлау мәселелері бойынша психологиялық-педагогикалық әдебиетті менжаңа педагогикалық технологияларға арналған арнайы әдебиеттерді оқып зерттеу.
-
Мектептің өткен уақыттағы оқу-тәрбие процесі туралы жинақталған ақпаратқа жан-жақты талдау жасау, негізгі кемшіліктер мен жіберілген қателерді айқындап, мектеп ұжымының іс-әрекетіндегі маңызды жетістіктерін анықтау.
-
Мектеп дамуының болашақ жоспарларын, сондай-ақ келер жылғы іс-әрекеттің маңызды мақсаттары мен міндеттерін анықтау.
-
Жұмыстағы кемшіліктерді жоюға арналған тиімді жолдар мен құралдарды анықтап, оң нәтижелерді ары қарай дамыту. Мақсатқа жетудің қолайлы жолдары мен құралдарын таңдау.
-
Негізгі, жалпы мектептік маңызы бар шаралар мен сыныптар бойынша, сынып топтары бойынша өткізілуге міндетті шараларды анықтау. Жоспардың жұмыс нұсқасын жасау.
-
Жоспардың жұмыс нұсқасына ұжымдық талдау жасау. Ұсыныстарға сәйкес жоспарға қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізу.
-
Мектептің жұмыс жоспарының соңғы нұсқасын жасау мен оны қабылдау.
Бұл бағдаржолдың тармақтары бір-бірімен тығыз байланысты, олар бірінен соң бірі орындалуы тиіс. Жоспарды дұрыс жасау үшін қажетті әдебиеттерді оқып зерттеу қажет. Мақсат пен міндеттерді, жолдар мен құралдарды таңдап, бекіту де осылайша жүзеге асады.
Жоспардың сараптамалық бөлімін дайындау.
Мектептің оқу-тәрбие процесі туралы, оның тиімділігінің деңгейі туралы ақпарат талдауы / мектеп жұмысының талдауы/ жоспар құрудың маңызды кезеңі болып табылады. В.А.Сухомлинский: «Мектептің өткен жылғы жұмысына терең талдау жасамай келер жылға жоспар құру мүмкін емес. Кемшіліктерді түзету өткен жылғы жұмысқа қаншалықты терең әрі жан-жақты талдау жасалғанына байланысты», -деп санаған. Жұмыстың талдауы мектеп ұжымының алдағы іс-әрекетіндегі себеп-салдарлық және қызметтік байланыстар мен өзара тәуелділікті айқындауы қажет. Талдау оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің нақты нәтижелері қандай, педагогикалық мақсаттарға жетудің жолдары мен құралдары қаншалықты мақсатты болғанын, қандай жалпы кемшіліктер болғанын анықтауы қажет. Қысқаша айтқанда, мектеп жұмысын талдауы «мұғалімдер ұжымын оқушылардың мықты білімі мен өте жақсы үлгерімі үшін, кемшіліктерді тез және дер кезінде жою үшін күреске жұмылдыру сияқты мақсат негізінде» /Ю.А.Конаржевский/ жүргізілуі қажет.
Мектептің өткен оқу жылындағы жұмысына талдау жасаудың көптеген әдістері бар. Ю.А.Конаржевскийдің әдісі бойынша талдауда мектеп іс-әрекетінің мынандай тараулары туралы қажетті ақпараттар болу қажет:
-
мектепті басқару бойынша әкімшіліктің іс-әрекеті;
-
мектептегі әдістемелік жұмыстың жай-күйі;
-
білім берудің жай-күйі, білім беру деңгейін көтеру бойынша мұғалімдер ұжымының жұмысы;
-
мұғалімдер ұжымының оқушылар ата-аналарымен жұмысының жай-күйі;
-
қоғамдық оқушылар ұйымдары жұмысының нәтижесін жақсарту үшін мұғалімдердің көмегі;
-
оқушылардың тәрбиелілік деңгейі;
-
оқушылардың сабақтарға қатысуының жай-күйі;
-
оқушылардың білім, білік және дағдаларының жай-күйі;
-
жалпыға міндетті оқуды жүзеге асырудағы ұжымның іс-әрекеті.
Мектеп жұмысына талдау жасау кезінде оқушылардың тәрбиелелік пен білімділігінің деңгейін, сондай-ақ жалпы міндетті орта білім алу туралы ережелердің орындалуын бірінші орынға қою қажет.
Мектеп жұмысы жоспарының түрлері және оған қойылатын негізгі
талаптар
Мектеп жұмысының жоспарын дайындау оның орындалуының шынайылығын, нақтылығын, үздіксіздігін қамтамасыз ететін бірқатар талаптарды сақтауды қажет етеді. Ол ең алдымен мақсатты бағытының талабын сақтауға байланысты. Мақсатты бағыттылық дегеніміз белгілі бір мақсатты қондырғы деп бағалауымыз керек. Оның мәні педагог және оқушылар ұжымы жұмысының негізгі бағыттарын дамытып және тереңдетіп, мектеп жұмысының барлық тәжірибесін есепке алу деген сөз.
Бұл мұғалім, сынып жетекшісі, қоғамдық ұйымдар әрекетіне және мақсаттар қою болып табылады.
Жоспарлауға қойылатын перспективалық талап біріншіден мақсаттың жақындығы, түсініктілігі, қолайлылығы сияқты сезімдік сипатын білдірсе, екіншіден стратегия ретінде мақсаттың ұзақ мерзімділігін, сонымен бірге іске асыруға болатын шынайылылығын танытады. Ал жоспарластырылуға қойылатын комплекстілік талап жоспарды түзу барысында әртүрлі құралдар, әдіс, тәсілдер мен әрекет түрлерін біртұтас байланыста қарастыруды қажет етеді. Ендігі бір талап түрі объективтілік. Ол мектеп қызметінің объективті жағдайын, орналасқан жерін, қоршаған табиғи, әлеуметтік ортасын, педагог және оқушылар ұжымының мүмкіндіктерін ескеруді қажет етеді.
Мектеп жұмысында бұл талаптарды ескермеу талдау негіздемесінің жетімсіздігіне, шашыраңқылығына, мектептегі өзге басқару құрылымдарының жоспарымен үйлеспеушілікке апарып соғады. Мектептердің тәжірибесі көрсеткендей, кейде мектеп басқарудың функциясы ретінде жоспарлауды жоғары қояды да басшының барлық күш-жігері жақсы жоспар жасауға жұмылдырылады, ал ол жоспар ұйымдастырушылық жұмыспен қамтамасыз етілмейді.
Мектеп жұмысының практикасында жоспардың негізгі үш түрі кең қолданылады: перспективалық, жылдық және ағымдық.
Перспективалық жоспар мектептің соңғы жылдардағы жұмыстарына терең талдау жасау негізінде бес жылға жасалады.
Оның құрылымы мына сипатта болуы мүмкін:
-
Жоспарланған мерзімдегі мектептік міндеттері.
-
Оқушылар контингентінің жылдар бойынша дамуы, сыныптардың арту мүмкіндігінің перспективасы.
-
Оқу-тәрбие процесін жаңалаудың, педагогикалық инновация енгізудің перспективасы.
-
Мектептің педагог кадрларға деген сұранымы.
-
Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру / МБЖИ, курстар, семинарлар, тренингтер және т.б/
-
Мектептің материалдық-техникалық базасы мен оқу-әдістемелік жарақтандырылуын дамыту / құрылыс жұмыстары, ЭЕТ және компьютер жабдықтары, кітап қорын толықтыру, кабинет безендіру/.
-
Оқушылар мен мұғалімдерді әлеуметтік қорғау, олардың тұрмысын, еңбек және демалыс жағдайын жақсарту.
Жылдық жоспар жазғы каникулды қосқанда бүкіл оқу жылын қамтиды. Мектептің жұмыс жоспарын дайындау ағымдағы оқу жылында басталады да бірнеше кезеңді қамтиды. Бірінші кезеңде / бірінші оқу тоқсаны/ мектеп директоры, оның орынбасарлары дамыту мен білім беру, соның ішінде жоспарластыруға да қатысты теориялық және әдістемелік, нормативтік және нұсқау сипатындағы құжаттармен танысады. Екінші кезеңде / екінші оқу тоқсаны/ директордың басшылығымен жоспар, жобасының құрылымын жасау, қажетті мағлұмат көздерін тауып, мәлімет жинақтайтын бастамашыл топ құрылады. Үшінші кезеңде / үшінші оқу тоқсаны/ жинақталған мәліметтер талданады, комиссия мүшелерінің есептері талданады, қалыптасқан қиындықтардың себебі айқындалып, оларды жоюдың жолдары қарастырылады. Төртінші кезеңде / төртінші тоқсанның соңы/ жоспар жобасы дайындалып, талқыға салынады.т Жоба оқу жылының алғашқы педкеңесінде мектептің жұмыс жоспары бекітіледі.
Ағымдағы жоспар жалпы мектептік жоспарды нақтылау үшін оқу тоқсанында жасалады. Осылайша жоспарлардың негізгі түрлері педагог, оқушы және ата-аналар ұжымдарының әрекетін үйлестіруге мүмкіндік береді. Бұл жоспарлар мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің жұмысы үшін стратегиялық жоспар болып табылады.
Мектептің жылдық жұмыс жоспарының үлгі мазмұны
Мектептердің жылдық жоспарларының түрлі нұсқаларын жинақтай келіп, жоғарыда жоспарластыруға қойылған талаптарды ескеріп, жылдық жоспардың мынадай үлгі жоспарын көрсетуге болады:
-
Мектеп жұмысының өткен оқу жылының қысқаша қорытынды талдауы және жаңа оқу жылының міндеттері.
-
Мектеп ұжымының жалпы білім қорының жұмысын атқаруы. Жұмыс жоспарының бұл бөлігінде мектеп мөлтек ауданы анықталады. Нақты мектептану мүмкіндігі ескеріледі. Мектеп оқушылардың жалпы орта білім алуына бағытталған шараларды жоспарластырады. ҚР «Білім туралы» заңның баптарының орындалуын басшылыққа алады, ата-анасы жоқ, қамқорлыққа зәру балаларға материалдық көмек ұйымдастырады. Бұл жоспар бойынша баланың құқын қорғау, оларды үйде оқыту, тәрбиесі қиын оқушыларға көмек көрсету мәселелері де қамтылады. Педұжым мен ата-аналардың жұмыс жоспарында балалардың дербес шығармашылық дамуына жағдай жасау да қарастырылуы тиіс.
-
Педагогикалық ұжымның оқу-тәрбие процесінің сапасын көтеру қызметі
Оқушы мен мұғалім қызметінің барлық саласын қамтитын болғандықтан жоспардың бұл бөлімінің көлемі барынша мол болады. Бұл, әсіресе, білімнің, дағдының іскерліктің сапасын қамтамасыз ету, ол үшін оқу процесін ұйымдастырудың жаңа түрлерін қолдану, оқытуды дербестендіру және жіктеу болып табылады. Сыныптан тыс және сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыру, оқушы тұлғасының мәдени базасын қалыптастырудағы мектеп қызметінің алуан түрлілігі оқушылардың өзін-өзі басқаруын дамыту, балалардың қоғамдық ұйымдарын қолдаудың «Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясына» сәйкестігі.
-
Мектептің, отбасының, қоғамдық ұйымдар мен еңбек ұжымының оқушылар тәрбиесіндегі бірлескен жұмыстары. Мектептің ата-аналардың педагогикалық білімін көтерудегі жұмыстары. Бұл жұмыстың мазмұны отбасы мен қоғамдық бірлескен әрекетіндегі мектептің ұйымдастырушы орталық ретіндегі ролін нығайтуға бағытталады. Ол мазмұнға ата-аналар ұжымы мен мектеп кеңесінің жұмысы, педагогикалық лекторийлер, жалпы мектептік педагогикалық конференция, педагогикалық университет сабақтары, ата-аналар үшін ашық есік күндері енеді. Ата-аналарды үйірме, секция, студия және т,б қоғамдық жұмыстардың жетекшісі ретінде оқушылардың тәрбие жұмыстарына тарту, сол сияқты ата-аналармен дербес жұмыс жүргізу де осы бағыттың мазмұнын құрайды.
-
Педагог кадрлармен жұмыс. Педагог кадрларды аттестациялау, олардың кәсіптік дайындығының деңгейіне баға беруде информатика мен ЭЕТ құралдарын пайдалану, мектеп ұжымының жалпы мектептік ғылыми-әдістемелік мәселелермен- семинар, конференция, педоқу, әдістемелік кеңес отырыстары, педагогикалық кеңес өткізу. Озық педагогикалық тәжірибе мектебінің жұмысын жолға қою. Пән мұғалімдері мен сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестіктері қызметінің мазмұнын айқындау. Педагогткалық тәжірибені зерттеу, жинақтау және таратуға басшылық жасау. Мектепте инновациялық орта қалыптастыру, педагогикалық инновацияны бағалау және енгізу.
-
Мектепішілік бақылау жүйесі. Бұл тарауда бақылауға байланысты арнайы іс-әрекет бағдарламасы қарастырылады.
-
Мектептің оқу-материалдық базасын нығайту мектептің материалдық құндылықтары, оқытудың техникалық құралдары, оқу құралдарын түгендеп отыру жыл бойына жоспарластырылады. Оқу кабинеттерін безендіру және қайта жабдықтау. Ұзартылған күн тобы мен 6 жасар балалармен жүргізілетін сабақ жұмыстарын жетілдіру. Спорт, туризм, техникалық шығармашылықпен айналысудың материалдық-техниаклық базасын нығайту. Мектеп кітапханасының қорын толықтыру. Мектепті ағымдағы және күрделі жөндеуден өткізудің бағдарламасы.
-
Ұйымдық-педагогикалық іс-шаралар. Жоспардың бұл бөлімінде мектеп кеңесі отырысының, педагогикалық кеңестің, өндірістік жиынның тақырыптары жазылады. Мектеп басшылары арасында міндет бөлісіледі, мектептің біртұтас жұмыс тәртібі, кезекшілік кестесі анықталады, оқу жүктемесі, сынып жетекшілігі, кабинет меңгерушілігі және т.б бөлініп беріледі.
Біртұтас басқару циклында жоспарластыру қызметін іске асыру мектеп қызметінің тиімділігін арттырады.
Мектеп құжаттамасының басқа түрлері.
Тұтас мектеп ұжымы мен жеке мұғалімдердің жұмысы мен іс-әрекеті мектептің жылдық жоспарынан басқа да жоспарлармен белгіленеді.Олардың ішінен мектептің стратегиялық мақсаттары мен оларға жетудің жолдары белгіленген перспективалық жоспарды бөліп қарауға болады. Перспективалық жоспар, әдетте, бес жылға құрылады, осы уақыт аралығында басты мәселелік міндеттерді шешуге бағытталады. Онда оқушылардың жылдағы мөлшерін жоспарлау үшін өте маңызды демографиялық сипаттаға болжамдарды қамтылып, педагогикалық ұжымның құрамы жаңаруы қарастырылады. Бұл жоспардың мектептегі оқу-тәрбие процесін жетілдіру бойынша жүргізілуі тиіс міндеттер көрсетілген сараптамалық бөлімі бар. Перспективті жоспар тарауларының атаулары жылдық жоспардың атауларымен сәйкес келуі мүмкін. Перспективті жоспардағы алдыға қойылған міндеттер, оларды жүзеге асыру деңгейі жылдық жоспарды құру кезінде ескеріледі. Мұғалімнің сыныптар арасындағы оқу пәнінің мазмұнын оқып зерттеудің күнтізбелік жоспары мен әрбір сабақтың жеке жоспары болуы қажет. Тәрбиешілер мен сынып жетекшілері тәрбие жұмысының жоспарын құрайды. Факультативтер, үйірмелер мен секциялар жұмысының жоспарлары құрылады. Жалпы мектептік және сыныптық ата-аналар комитетінің, оқушылардың қоғамдық ұйымдарының, өзін-өзі басқару органдарының іс-әрекеті жұмыс жоспарына сәйкес жүргізіледі. Мектеп кітапханасы жұмысының жоспары құрылады.
Мектеп басшыларының күнделікті жұмысының күнделікті және апталық жоспарлары құрылады. Олар еркін түрде құрастырылады. Мектеп басшыларының күнтізбе-жоспары болған жағдайда мектептегі шараларды өткізуді бақылау да оңай болады. Күнтізбе-жоспардың бірінші графасында өткізілетін шаралар тізімі жазылады.Одан кейін он графа сызылады, оқу жылының әрбірайына жеке-жеке графа арналады. Тиісті тор көзде белгілі бір шараны өткізуге белгіленген айдың күні жазылады. Мұндай жоспар ешбір уақыт шығынынсыз жүргізіліп жатқан жұмыстың бағыты, ұқсас шаралардыңкі қайталану жиілігі бойынша салыстырмалы талдау жасауға мүмкіндік береді.
Кейбір мектептерде циклограммалар жасалады. Циклограмма дегеніміз мектептегі шараларды өткізудің апталық графигі. Циклограммаларды пайдалану іс-әрекеттің нақты ырғағын анықтауға көмектесіп, бақылауды орандауды жеңілдетеді.
Кейбір мектептерде іс-әрекеттің жағдайларына байланысты жұмыс жоспарларының басқа да түрлері құрылады. Мектеп қызметінің белгілі бір шарттарының өзгеруі, алдын-ала жоспарланбаған жаңа жағдайлардың пайда болуы жұмыс жоспарына өзгерістер мен түзетулер енгізуге себеп болады.
Сонымен, әртүрлі жұмыс жоспарлары жалпы мектептің, мұғалімдер мен тәрбиешілердің іс-әрекетінде ерекше орын алады, ал мектептің жылдық жоспары олардың ішіндегі ең негізгісі болып табылады. Жоспар жекелеген шаралардың жай ғана тізбегі емес, педагогикалық негізделген шаралар жүйесі болуы қажет. Жоспардың барлық түрі бір-бірімен тығыз байланыста және мектеп іс-әрекетінің маңызды мақсаттарына жеткізетін міндеттерді шешуге бағытталулары қажет.
Жоспардан басқа мектепте басқа да құжаттама жүргізіледі, оны шартты түрде үшке бөліп қарауға болады: оқыту-педагогикалық құжаттама, мектеп ішіндегі ақпарат және қаржы-шаруашылық құжаттамалар. Оқыту-педагогикалық құжаттама:
-
журналдар: сынып журналдары, факультатив сабақтарының журналдары, дайындық сабақтарының журналдары, қалдырылып кеткен және орны ауысқан сабақтарды есепке алу журналы;
-
кітаптар: оқушылар тізімінің алфавитті кітабы, бланктер мен беруді есепке алу кітабы / орта білім туралы аттестаттар мен негізгі сатыны бітіргені туралы куәліктерге арналған жеке кітаптар/, «Алтын белгі» белгісін есепке алу кітабы, мақтау грамоталары мен мақтау қағаздарын есепке алу кітаптары, мектеп мұғалімдерінің жекелік құрамын есепке алу кітабы, мектептен шыққан және мектепке келген хаттарды тіркеу кітабы, тексерушілердің ескертулері мен ұсыныстарының кітабы;
-
оқушылардың жеке құжаттары;
-
оқушыларға белгілі бір мамандық алғаны туралы анықтамаларлы беру ведомосі / бастапқы кәсіби оқыту ұйымдастырылған мектептерде/;
-
жоғары мекемелерден келіп түскен бұйрықтар, жарлықтары мен басқа да бұйрықтық-ақпараттық құжаттама;
-
мектеп аттестациясының материалдары, мектептің оқыту іс-әрекеті лицензиясы;
-
мектепті тексеру нәтижелері туралы актілер, анықтамалар, баяндама хаттарының көшірмелері;
-
білім беруді басқаратын жоғары мекемелермен және басқа ұйымдармен хат алысу.
Мектеп ішіндегі ақпарат ауызша және жазбаша болады. Уақытына қарай ақпарат қолма-қол / күнделікті, апталық, айлық/, тоқсан сайынғы және жылдық болып бөлінеді.
1/ Күнделікті қолма-қол ақпарат бақылау нәтижесінде, пәндік мұғалімдермен, сынып жетекшілерімен, оқушылар мен олардың ата-аналарымен жүргізілген әңгіме-сұқбат нәтижесінде, сынып журналы мен мектеп ішіндегі басқа да құжаттамаларды оқып зерттеу нәтижесінде қалыптасады. Онда оқушылардың үлгерімі мен сабаққа қатысуы туралы, олардың тәртібі туралы, мектептің, оқу бөлмелерінің, оқу шеберханаларының санитарлық күйі туралы мәліметтер бар. Күнделікті ақпарат басқарудың шапшаң шешімдерін қабылдау үшін қажет.
2/ Апталық қолма-қол ақпаратты мектеп директорының оқу-тәрбие жұмысы бойынша орынбасары жинастырады. Онда бір апта бойындағы күнделікті ақпарат, шапшаң мәжілістердегі пікір алысу нәтижелері, мұғалімдерден, сынып жетекшілерінен келіп түскен мәліметтер есепке алынады. Апталық ақпаратта еркеше бақылауға алынған оқушылардың және сыныптардың үлгерімі мен сабаққа тқатысуы туралы, сыныпта және мектептен тыс шаралар туралы, сынып журналдарын, оқушылар дәптерлері менкүнделіктерін жүргізудің жай-күйі туралы мәліметтер болады.
3/ Айлық қолма-қол ақпарат апталық ақпараттарды қорытындылап, толықтырады. Онда оқу бағдарламасының орындалу барысы туралы, пәндік мұғалімдер мен сынып жетекшілері жұмысының сапасы туралы, жекелеген сыныптардың үлгерімі, сабаққа қатысуы, тәртібі туралы, арнайы тексеру мен бақылау жұмыстарының нәтижелері туралы оқушылардың қоғамдық ұйымдарының жұмысы туралы мәліметтер болады.
4/ Сыныптар мен оқу пәндері бойынша үлгерімі туралы тоқсандық ақпаратты мұғалімдер мен сынып жетекшілері жазбаша түрде дайындайды, оны мектеп дирекциясы сараптайды, жұмыс барысындағы пайда болған кемшіліктерді түзету жолдарын анықтау мақсатында педагогикалық және әдістемелік кеңестерде / пәндік бірлестіктерде/ талқыланады.
5 /Жылдық ақпарат тоқсандық ақпараттар деректері, сыныптан сыныпқа өту мен мектеп бітіру емтихандарының нәтижесінде қалыптасып, оқушылардың тәрбиелілігі мен білімділігі деңгейіндегі динамиканы айқындауға мүмкіндік жасайды. Бұл ақпарат мектеп жұмысының жылдық жоспарының сараптамалық тарауын құрудың негізі болады.
Қаржы –шаруашылық құжаттаманың құрамныда мектептің техникалық құжаты, мұғалімдердің көрсеткіштік тізімі, негізгі құралдардың тізімі, материалдардың қоймалық есебінің кітабы, құндылығы төмен тез тозатын заттар қозғалысын қолма-қол есепке алу ведомосі, мектеп кітапханасы қорының инвентарлы кітабы, материалдық құндылықтарды қолданыстан шығару актілері бар.
Мектеп құжаттамасын нақты және дұрыс жүргізуді ұйымдастыру мектеп ішіндегі тиімді басқарудың маңызды шарттары болып табылады. Аталған құжаттарды дер кезінде және оларды жүргізудің нұсқауларына сәйкес толтыру қажет. Сонда ғана мектеп ұжымы іс-әрекетінің барлық бағыты бойынша қажетті нақты ақпарат алуға болады. Ал бұл істің жай-күйіне объективті баға беріп, басқаруда тиімді шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
-
Достарыңызбен бөлісу: |