Бағдарламасы Шолаққорған 2011 жыл Мазмұны бағдарлама паспорты 3


Созақ ауданы бойынша электр энергиясын



бет2/29
Дата23.02.2016
өлшемі3.69 Mb.
#11548
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29

Созақ ауданы бойынша электр энергиясын өндіруші кәсіпорындар жоқ. Электр энергиясымен жабдықтаушы “Оңтүстік-жарық” АҚ Созақ аудандық филиалы жұмыс жүргізуде. Ол аудан халқы мен аудандағы барлық мекеме, кәсіпорындарды \Таукент, Қыземшек поселкелері халқы мен ірі уран өндіруші кәсіпорындардан басқа\ электр энергиясымен қамтамасыз етіп отыр. Электр қуатын пайдалану көлемі 2008 жылы 67,5 млн.теңге болса, 2009 жылы 71,2 млн.теңгені құрады.

Дегенмен, өнеркәсіп кәсіпорындарында шешуді қажет ететін мәселелер әлі де сақталуда. Атап айтқанда:

     - «Теріскей» ЖШС зауыттың еңбек нарығында геологиялық барлау саласында білікті тәжірибесі мол мамандардың тапшылығы, кешеннің уәкілетті органдардан қашық жерде орналасуы және жаңа қондырғыларды орнату жұмыстарына қаражаттың жеткіліксіздігі.

- кәсiпорындарда халықаралық сапа стандарттарын белсендi енгiзу.



  • Аудандағы минералды шикізат базасын рационалды пайдалану.

  • Пайдаланылған учаскелерде жер қойнауын пайдаланушылар этапты рекультивация жасау.

  • өнеркәсіптік өндірістің өсім құрылымында шикізат және өндіруші салалардың басым келуі;

  • өнеркәсіптік кәсіпорындардың инновациялық белсенділігінің төменгі деңгейі;

  • техникалық мамандықтар мамандарының жеткіліксіздігі;



Аудан мекемелерінде менеджмент жүйесінің халықаралық стандарттарын ендіру.

Қазіргі уақытта өнімді үлестіру нарығын жаулап алу жоғары сапалы өнім шығармай, озық технологияларды қолданбай, ИСО 9000-2000 халықаралық стандарттарға сай келетін сапа менеджментін енгізілген. Аудан бойынша ИСО сертификатын алған бес кәсіпорындар бар. Оларды атап айтқанда



  1. «Степное – РУ» ЖШС

  2. «Таукент тау химиялық кәсіпорны» ЖШС

  3. «Инкай» БК ЖШС

  4. «Бетпақ - Далал» ЖШС

  5. «Реммонтажсервис» ЖШС с

Алдағы уақытта «Катко» БК ЖШС, «Кен Дала» БК ЖШС, «Қаратау» ЖШС, «Теріскей» ЖШС лары алуға қарқынды жұмыс жүргізуде.

«СТ – КZ» сертификатын бес өнерәсіп жеті сертификат алған. Атап айтқанда



  1. «Реммонтажсервис» ЖШС

  2. «Инкай» БК ЖШС

  3. «Қаратау» ЖШС

  4. «Kaz – Vendos» ЖШС

  5. «Сауда көлік компаниясы» ЖШС филиалы

«Катко» БК ЖШС, «Кен Дала» БК ЖШС, «Теріскей» ЖШС, «Степное – РУ» ЖШС «Таукент тау химиялық кәсіпорны» ЖШС аталған кәсіп орындар алдағы уақытта «СТ – КZ» сертификатын алуға бирлесип жұмыс жүргізуде. Бұл сертификатты алу жөнінде аудандағы кәсіпорындарға арнайы кесте жасалып бекітілген. Аудандағы барлық кәсіпорындар бекітілген кестеге сай ИСО және «СТ – КZ» сертификаттарын алуға жұмыс жүргізуде.

Жергілікті мазмұнды дамыту

Қазақстандық мазмұндағы мәселедегі негізгі міндеттерді іске асыру мақсатымен ұйымдармен және мемлекеттік органдармен сатып алынатын тауарларды, жұмыстар мен қызмет түрлерін сатып алуда 2009 жылдан бастап Қазақстандық мазмұнды және мемлекеттік тапсырыстарды ұлғайту, ұлттық өндірушілермен байланыстарды және отандық өндірушілерді қолдауды нығайту бойынша кезеңді жұмыс басталды.



Инвестициялар:

Экономикаға инвестициялардың жұмсалу динамикасы соңғы жылдары жыл сайын өсуге бейім болымды тенденциясына ие.

Өнеркәсіп саласында 2011 - 2015 жылы жаңадан кәсіпорын «Дарбыт» ЖШС 96,0 млн теңге және «Касей» ЖШС 124,5 млрд теңге «Дархан АС» ЖШС 225 млн теңге «Үш Гер» таукен химиялық компаниясы 157,5 млрд тенгеге құрылыс жұмыстарын және құрал жабдықтарын орнату жұмыстарын жүргізіп, іске қосылды.

Жалпы аудан бойынша өнеркәсіп саласына 2010 жылы 36468,3 млн теңге негізгі капиталға инвестициялар тартылған. Оның ішінде 2355,6 млн. теңгесін жергілікті және республикалық бюджет, 13151,6 млн. теңгесі кәсіпорындар мен ұйымдардың өз қаржысы есебінен және 17209,9 млн.теңгесі шетел инвестициясының үлесінде деп жоспарланып отыр.

2009 жылы аудан бойынша негізгі капиталға жұмсалған инвестиция көлемі 35934,2 млн. теңгені құраса, оның ішінде тартылған инвестицияның 16955,6 млн теңгесін, яғни 47,1 пайызын шетел инвестициясы, 12957,2 млн тенгесі немесе 36 пайызын отандық инвестиция, 2325,7 млн теңгесін яғни 6,5 пайызын республикалық және жергілікті бюджеттердің қаржысы құрады. Микроқаржылық секторды дамытуды қолдау шеңберінде «Созақ несие» ЖШС – 52,7 млн. теңге және «Теріскей» ЖШС – 1,8 млн. «Мәртөбе» ЖШС 4,0 млн, «Әжісафа несие» ЖШС 120 мың теңге несие таратты.

«Максимум» АИО-на ұсынылған жобалар саны:

Барлығы -16жоба, сомасы- 16,7 млн.теңге

оның ішінде:

мақұлданғаны -16 жоба, 16,7 млн.теңге

қаржыландырылғаны – 16жоба, 16,7 млн.теңге

НК өтпеген - 3 жоба 3,7млн.теңге

Есепті мерзімде аудан бойынша несиелік серіктестіктер, микрокредиттік ұйымдар және банктер арқылы барлығы 693 2236,0 мың теңге несие қаржы таратылды. Оның ішінде: Шолаққорған ауылында орналасқан Халық банкі -512 518 мың теңге, «Созақ несие» ЖШС несиелік серіктестігі арқылы – 44 210,0 мың теңге. Сондай-ақ 2010 жылдың басынан "Арнур Кредит" микрокредиттік ұйымы жұмысын бастап ауыл шаруашылығы саласына 13 650 мың теңге ауыл шаруашылығын қолдау қоры 8000,0 мың теңге, «Әжісафа» ЖШС 135 мың теңге несие таратты. Сондай-ақ «Альянс» банкі несие беру жұмысын ағымдағы екінші жарты жылдығынан қайта бастап 98 000,0 мың теңге несие таратқан.

Несие алу мақсатында кәсіпкерлік субъектілерге тиісті шаралар ұйымдастырылып, жобалар жасауға көмек көрсетілуде.

«Максимум» аймақтық инвестициялық орталығына 2010 жылдың 6 айында Созақ ауданынан барлығы 19 жоба ұсынылған.

Бүгінгі таңға 16 жоба мақұлданған, қаржы көлемі 16 710 мың теңге несие алып жұмыстарын жүргізуде. 3 жоба қаржы көлемі 3 700 мың теңге қайтарылған.

2011 жылда «Максимум» аймақтық инвестициялық орталығына несие алуға тілек білдірген қаржы көлемі 287 000 мың теңге болатын 61 жоба ұсынылуда.

Жаңа өндіріс ашуға ынта білдірген тұлғаларға арнайы кеңестер беріліп, құқықтық және кәсіби көмектер көрсетілуде.

Индустриялизация картасы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылдың 19 наурызындағы «Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған жеделдетілген индустриялық-инновациялық дамуы бойынша Мемлекеттік бағдарламасы туралы» №958 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылдың 14 сәуіріндегі №302 Жарғысына сәйкес, облыс әкімінің 2010 жылдың 4 шілдесіндегі №27 шешімімен бекітілген өңірлік индустриялизация Картасы әзірленді.

Бұл картаға ауданның 4 мекемесі енгізілді.

-Өңірлік индустрияландыру картасына енген 4 нысана:

1. «Дарбыт» ЖШС 96,0 млн теңге 20 жана жұмыс орны ашылады «Дарбыт» шаруа қожалығы

2. «Касей» ЖШС 124,5 млрд теңге 400 жаңа жұмыс орны ашылады «Касей» ЖШС

3. «Үш Гер» таукен химиялық компаниясы 157,5 млрд тенгеге «Үш Гер» ЖШС 1100 жана жұмыс орны ашылады

4. «Дархан АС» ЖШС 225 млн теңге 25 жана жұмыс орны ашылады деп күтілуде

Аудан өнеркәсібінің дамуындағы негізгі проблемалары:


  • электрқуатының тапшылығы;

  • өндірістік өнеркәсіп өсуі құрамында шикізаттық және қазып шығаратын салалардың басым болуы;

  • өнеркәсіп мекемелерінің төмен дәрежедегі инновациялық белсенділік;

  • өнеркәсіптің негізгі өндірістік қорларының жоғары дәрежеде тозығына жетуі (40-80%) сонымен қатар олардың жаңару дәрежесі өте төмен;

  • өңдеу өнеркәсібінің отандық және шетелдік инвестициялар жағынан тартымсыз болуы;

  • мекемелердің өндірісті дамыту үшін жеке қаржысының тапшылығы;

  • отандық өнімнің төмен бәсекелестік дәрежесі және олардың номенклатурасының ауқымды болмауы;

  • көлік шығындарының жоғары болуы;

  • табиғи монополиялар қызметіне тарифтердің жоғары болуы;

  • техникалық мамандықтардың жетіспеушілігі;

  • арнайы экономикалық аймақтар үшін жеңілдіктердің және артықшылықтардың жойылуы.


Мекемелердің инновациялық белсенділігі

Қазіргі таңда аудан көлемінде тіркеліп, жұмыс жасап келе жатқан өндірістік, құрылыстық және әлеуметтік қазмет көрсету бағытындағы ірі кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің саны мен олардың өнім өндіру көлемі жылдан-жылға жоғары қарқынмен артып келеді.

«Ыңғай» Қазақстан-Канада Бірлескен кәсіпорны Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Катко» Қазақстан-Франция-Швейцария Біріккен кәсіпорны Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Бетпақ Дала» Қазақстан-Швейцария Біріккен кәсіпорны Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кәсіпорындары жұмыс жүргізіп келеді. 2009 жылы аудан экономикасына 16 955,6 млн. теңге шет ел инвестициясы тартылса, 2010 жылы 17 209,9 млн. теңге, 2011 жылы 17 640,2 млн. теңге, 2012 жылы 18257,6 млн. теңге, 2013 жылы 19 261,8 млн. теңге, 2014 жылы 20 513,8 млн. теңге, ал 2015 жылы 22 154,9 млн.тенге тартылады деп жоспарлануда.

Инвестиция негізінен кәсіпорындардың кен орындарын игеру жұмыстарына, негізгі қорларын жасақтауға және материалдық-техникалық жабдықтау мақсаттарына тартылуда.

Осыған байланысты, халықаралық ұйымдардың қатысуымен заманауи ғылыми орталықтар мен технологиялық парктер құру мен дамыту, жаңа технологияларды игеру үрдісіне қолдау көрсетуіміз керек.

Аймақтың дамуының әлеуметтік-экономикалық нәтижелерін кешенді талдау, аймақтың дамуының күшті және әлсіз жақтарын, оның дамуының шектеулері мен мүмкіндіктерін анықтайтын, басымдықтандырылған SWOT- талдауда көрсетілген.


Туризм саласы бойынша
Орта Азия халықтарының ежелгі миграция жолдарында орналасқан Созақ ауданы ертеден байып қалыптасқан құрылыс мәдениеті бар аймақ болып табылады. Аудан көлемінде жүргізілген архелогиялық зерттеулер біздің өлкемізде осындай қалалардың пайда болғанын айтуға мүмкіндік береді.

Созақ ауданы республикада тарихи-мәдени қорлары жағынан айрықша аймақтардың бірі болып табылады. Мұнда есімдері бүкіл Түркі әлеміне белгілі Баба Түкті Шашты Әзіз әулие, Ысқақ баб, Қарабура әулие, Саңғыл би, Бибі Мариям ана сияқты қасиетті орындар мен қатар, суы шипалы “Қызылкөл” көлі орналасқан. Бұлар аудандағы ортағасырлық сәулет өнерінің белгілі қазыналары болып табылады. Созақ ауданы табиғи жағынан айрықша аудандардың бірі. Ауданда қалың тоғай, өзен көлшіктері бар. Осы байлықтарды пайдалана отырып, аңшылық саяхатты дамыту қажет. Ол үшін демалыс орны, әр кесенелердің жанынан кәдеси (сувенир) дүкеншелерін, аңшылық дүкені, аңшылық күркелерін прокатқа беру орны, туристердің авто тұрақтары, түрлі ақылы қызмет көрсету орындарын ашу;

Сондай-ақ ата-бабаларымыздан келе жатқан бүркітпен, қыранмен аң аулау сонымен қатар қазақтың тазыларымен аң аулау сияқты ұлттық саятшылықты дамытуды қолға алу.
Агро-өнеркәсіп кешені. Ауыл шаруашылығы – тұрғындарды маңызды тамақ өнімдерімен қамтамасыз ететін, Созақ ауданының негізгі салаларының бірі. Ауданда бидай, арпа, жүгері, май дақылдары, көкөніс, бақша және картоп дақылдары мен жемістер, жүзімдер өсіруге қолайлы климаттық жағдайлары бар, сонымен қатар жайылымдықтарды жыл бойына азықтық база ретінде қолдану мүмкіндігі бар және осы арқылы мал шаруашылығының дамуына ықпал ете алады.

2009 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша ауданның ауыл шаруашылық өндірушілерін 720 меншік формаларының барлық түрлеріндегі ауыл шаруашылық кәсіпорындары көрсетеді, оның ішінде 18 ауыл шаруашылық кәсіпорындары және 702 шаруа қожалықтары.

Соңғы жылдары агроөнеркәсіп кешенінің дамуы тұрақтанған, ауыл шаруашылық өнімдерінің өсуі де байқалған, 2009 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 4097,3 млн. теңге деңгейіне жеткен, оның ішінде өсімдік шаруашылығы 549,2 млн. теңге, мал шаруашылығы өнімі 3548,1 млн. теңге.

Мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің салыстырмалы тұрақтылық жағдайында өсімдік шаруашылығы өнімдері өндірісінің тербелісі байқалған.

Осы кезең ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің құрылымдық қатынастары да өзгерген. Егер 2009 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімдерінің 13,4%-ын өсімдік шаруашылығы өнімдері құраса, сәйкесінше 86,5 %-ын мал шаруашылығының өнімдері құраған.

Созақ ауданының ауыл шаруашылығының жүйелік мәселесі, ағын судың жетімсіздігі. Бұл мәселенің жалғыз шешімі – суғару тиімділігін арттыру, су үнемдеу технологияларын енгізу. 2010 жылдың 7 айында 46,4 га жерге тамшылатып суару жүйесі ендіріліп, 0,355 га жерге жылыжай салынды. Алдағы 5 жыл мерзімде 350 га жерге тамшылатып суару жүйесін ендіру, 3 га жерге жылы жай салу межеленуде.

Созақ ауданыныда негізгі ауыл шаруашылық дақылдарын жинау жүйелі түрде жүргізіліп келеді. 2009 жылы 340 тонна бидай, 69 тонна арпа, 1141 тонна дәндік жүгері жиналды. 244 тонна май дақылдары, 2803 тонна картоп, 2667 тонна көкөніс, 2319 тонна бақша, 857 тонна жеміс және 30 тонна жүзім жиналып бағдарлама негізінен артығымен орындалды.

2010 жылы барлығы 9272 га жерге егіс дақылдары орналастырылды. Одан суармалы жерге орналастырылған егіс көлемі 4807 га құрады. Оның ішінде дәнді дақыл 272 га, жоңышқа 730 га, мақсары 280 га, көкөніс 328 га, картоп 342 га, бақша 297 га жерге егілді. Сонымен бірге 320 га жерге бау, 12 га жерге жүзім орналастырылған.

2010 жылдың 7 айында мал бастары өсіп, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда артығымен орындалды. Ауыл шаруашылығында өндірілген жалпы өнім 2120 млн теңгені құрады немесе өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 101,8 пайыз болды.

Ауыл шаруашылығына инвестиция тартуда да бірқатар шаралар іске асырылып келеді.

«Максимум» АИО»ЖШС-нен алған несиеге 2009 жылы «Бабата1» ЖШС мал бордақылау алаңы ашты. Құны – 5000,0 мың теңге, «Б.Абдыраманов» ШҚ- жылыжай салды. Құны - 3000,0 мың теңге, 14100,0 теңгеге «Көкалаң» шаруа қожалығы сүт цехын ашу жұмыстарын жүргізді. «Тәжбен» ШҚ мал бордақылау алаңы – 1440,0 мың теңге, «Жаңатілек» ШҚ мал өсіруге-749,0 мың теңге, «Тәуекел» ШҚ мал бордақылауға – 1500,0 мың теңге, «Құлагер» ШҚ мал бордақылауға- 2000,0 мың теңге және жеке тұлға С.Аққұлиевқа – мал өсіруге 380,0 мың теңге несие берілді.

Шолаққорған ауыл әкімшілігінде «Мөлдір» шаруа қожалығы «Максимум» АИО»ЖШС-нен 29 млн теңге несие алып сиымдылығы 2000 тонналық көкөніс қоймасын салды.

2010 жылда іске асырылатын «Максимум» аймақтық инвестициялық орталығына жалпы құны 101,1 млн. теңгенің 35 инвестициялық жобалары ұсынылды. Ұсынылған 9 жоба мақұлданып 12,5 млн. теңгенің несиесі алынды.

Созақ ауданындағы ауыл шаруашылығы өндірісінің құлдырау себептері екі факторға байланысты. Егіс алқаптарының қысқаруы және егіс түсімнің азаюы. Бұл екі фактор да өзара байланысты және екеуі де табиғи-климаттық сипатқа ие.

Созақ ауданы өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы салалары қатар дамып келе жатқандығымен ерекшеленеді. 2009 жылы ауыл шыруашылығында өндірілген жалпы өнім 4097 млн теңгені құрады. 2015 жылға оның көлемін 6405 млн теңгеге жеткізіп, 2011 жылға қарағанда 136 пайызға көбейту жоспарланып отыр.

Мал санының өсіп, оның сапалық құрамы жақсарады. 2010 жылдың басында ауданда 13 шаруашылық асыл тұқымды мал өсірумен айналысса, 2015 жылы асыл тұқымды мал шаруашылықтарының саны 21-ге жеткізіледі.

2015 жылы мүйізді ірі қара саны 25740 басқа, майда мал 400000 басқа, жылқы 8500 басқа, түйе 8300 басқа жеткізіледі.

Сонымен қатар бүгінгі күнге әр жанұяға бүгінгі таңда 68 шартты майда малдан келсе, 2011 жылы 75, 2012 жылы 83, 2013 жылы 89, 2014 жылы 94, 2015 жылы 100 бас шартты майда малдан келтіріп, әр жанұяға 802000 теңге таза пайда кіріс кіруін қамтамасыз ету мақсатында жұмыс жүргізілетін болады.

Аудан бойынша тірідей салмақта 13200 тонна ет, 19900 тонна сүт, 596 тонна жүн, 5418 мың дана жұмыртқа өндіріледі немесе 2009 жылмен салыстырғанда ет өндіру 27 пайызға, сүт өндіру 27 пайызға, жүн өндіру 26 пайызға, жұмыртқа өндіру 28 пайызға артады.

2015 жылы 1 ет өңдеу цехы, 2 сүт өңдеу цехы, 1 жүн өңдеу цехы ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеумен айналысатын болады.

Сонымен қатар қолдағы барға қосымша 2 биотермиялық Беккари шұңқыры салынып оның саны 6 жеткізіледі.

5 жылда 4 мал бордақылау алаңы ашылады.

2015 жылы 11 мал сою алаңы, 1 мал сою бекеті жұмыс істейтін болады.

Астық дақылдарының көлемі 2015 жылы 1180 гектарға, мақсары 900 гектарға, мал азығы дақылдары 11300 гектарға, көкөніс 440 гектарға, бақша 440 гектарға, картоп 580 гектарға жеткізіледі. Аудан халқын көкөніспен және жеміс-жидекпен қамтамасыз ету, суармалы егістікті тиімді пайдалану мақсатында 250 га егістікке тамшылатып суару әдісі ендіріледі. 2,5 га жерге жылыжай салынады.



Құрылыс саласы

БІЛІМ саласы

(Облыстық және аудандық бюджет)

Сызған ауылынан 243638,0 мың теңгеге (43638 мың теңгесі обл.бюджет, 200000 мың теңгесі аудандық бюджеттен) 198 орындық Рүстемов орта мектеп құрылысы, Қайнар ауылынан 302676,0 мың теңгеге (69577 мың теңгесі обл.бюджет, 233099 мың теңгесі аудандық бюджеттен) 250 орындық Макаренко мектебінің құрылысы жүргізіліп пайдалануға берілді.

Сонымен қатар Қаратау ауылынан 200 орындық Панфилов атындағы орта мектептің құрылысына 359049 мың теңгеге 2010 жылға 100000 мың теңгесі обл.бюджеттен, 156361 мың теңгесі аудандық бюджеттен бөлініп құрылыс жұмыстары жүргізілді. Обл. бюджеттен 2011 жылы 102688 мың, теңге.

Бабата ауылынан 200 орындық орта мектептің құрылысына 319788 мың теңгеге 2010 жылы 100000 мың теңгесі обл. бюджеттен 2011 жылы 219788 мың теңге.

Сондай-ақ аудандық бюджеттен Сызған ауыл әкімдігінен 63222 мың теңгеге 30 орындық бала бақша құрылысы жүргізілді.
Денсаулық саласы

Шолаққорған ауылындағы 40 орындық перзентхана құрылысының аяқталуына барлығы 449226 мың теңге қаралып, оның 306376 мың теңге республикалық бюджеттен, 142850 мың теңгесі облыстық бюджеттен бөлінді. Облыстық бюджет қаржысы есебінен Жуантөбе ауылынан 65 адам қабылдайтын 36366 мың теңгеге дәрігерлік амбулатория, Жартытөбе ауылынан 52689 мың теңгеге 15 төсектік дәрігерлік амбулатория, Бабата ауылынан 14438 мың теңгеге медициналық пункт, Сызған ауылынан 48677 мың теңгеге 65 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулатория құрылысы жүргізілді.

Сондай-ақ Созақ ауылынан 285632 мың теңгеге 2010 жылы 229500 мың теңге бөлініп 2011 жылы 56132 мың теңгеге ауылдық аурухана құрылысы жүргізілуді.
Шағын кәсіпкерлік

Шағын бизнес аудан экономикасын дамытуда өзінің орнықты орнын тауып шағын кәсіпкерліктің белсенділігінің едәуір артуының нәтижесінде халықты жұмыспен қамту, рынокты отан тауарөндірушілердің тауарларымен толықтыру мен бәсекелестік ортаны қалыптастыру мәселелері шешілуде.

Ауданымызда 2009 жылы шағын кәсіпкерлік ретінде жұмыс істеп тұрған 2855 субъектілер тіркелген, оның ішінде 380 заңды тұлға, жеке кәсіпкерлер 1840, шаруа қожалықтар саны 635.

Шағын және орта кәсіпкерлік саласында 2009 жылы 4301 адам қамтылған.

2009 жылдың қорытындысымен кәсіпкерлік субъектілердің күшімен 714,5 млн. теңгенің өнімі, қызметі көрсетілген.

Кәсіпкерлік субъектілердің бюджетке төлемі 115 млн. 93 мың теңгені құраған, 2009 жылдың қорытындысымен салыстырғанда 101 пайызды құраған.

Шағын кәсіпкерліктің ең көп санды субъектілі саласы – жеке кәсіпкерлік (64,4%), екінші орында шаруа қожалықтары (22,2%), одан кейін кіші бизнес кәсіпорындары (заңды тұлғалар -13,3%).

Қазіргі кезде аудан экономикасының дамуының оңтайлы тенденциялары байқалуда, экономикалық қызметтердің барлық салаларында қолданыс тауып, кіші кәсіпорындардың саны артуда.

Талдау жасалынып отырған кезеңде кіші кәсіпкерліктің дамуында келесідей өзгерістер жүрді:


  1. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2006 жылы 2321-ден 2009 жылы 2855 артқан, өсу қарқыны 123,8% құраған.

  2. Созақ ауданында кіші кәсіпкерлік тауарлары мен қызмет көлемі, талдау жасалынып отырған кезең ішінде 111 пайызға артқан.

Ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсаруы, қолайлы сыртқы экономикалық конъюнктура жағдайында теріс және оң үрдістермен сипатталатын аймақтың банктік секторында да өзгерістер болды.

Мәселен, оң өзгерістердің қатарында аудан орталығында «Альянс Банк»АҚ, «Халық банкі» АҚ, «БТА» банктері жұмыс жасауын айтуға болады. Бұл облыстық және республиканың ірі қаржы институттары тарапынан біздің ауданымызға деген қызығушылықтың сақталғанын дәлелдейді. Бұл ең алдымен өнеркәсіптік өндірісті жаңғырту, экспортқа бағдарланған өнім шығару үшін жағдайлар жасау саласын одан әрі дамыту мақсатында ауданның индустриялық-инновациялық даму болашағымен байланысты.

2009 жылы барлығы 193,6 млн. теңге сомасында несиелер берілді. Халықтың нақты кірістерінің өсуі тұтыну мақсаттарына арналған кредиттерді мол беруге ықпал етті. Банк мекемелері кредиттердің өсуін ынталандыра отырып, бөлшек сауда ұйымдарымен, тұтынушыға қызмет көрсету орнына тікелей жақын байланыста жұмыс істейді.

Микроқаржылық секторды дамытуды қолдау шеңберінде «Созақ несие» ЖШС – 52,7 млн. теңге және «Теріскей» ЖШС – 1,8 млн. «Мәртөбе» ЖШС 4,0 млн.теңге

2009 жылы «Бабата1» ЖШС мал бордақылау алаңы ашылды – 5000,0 мың теңге, «Б.Абдыраманов» ШҚ- жылыжай салынды 3000,0 мың теңгеге, 14100,0 теңгеге «Көкалаң» шаруа қожалығы сүт цехын ашу жұмыстары жүргізді, «Тәжбен» ШҚ мал бордақылау алаңы – 1440,0 мың теңге, «Жаңатілек» ШҚ мал шаруашылығы-749,0 мың теңге, «Тәуекел» ШҚ мал бордақылау – 1500,0 мың теңге, «Мөлдір» ШҚ көкніс қоймасын салу үшін 30000,0 мың теңге, «Құлагер» ШҚ мал шаруашылығына- 2000,0 мың теңге және С.Аққұлиев –мал шаруашылығына 380,0 мың теңге несие берілді.

«Максимум» аймақтық инвестициялық орталығына 2010 жылда Созақ ауданынан барлығы 19 жоба ұсынылған.

Бүгінгі таңға 16 жоба мақұлданған, қаржы көлемі 16 710 мың теңге несие алып жұмыстарын жүргізуде. 3 жоба қаржы көлемі 3 700 мың теңге қайтарылған.

2011 жылда «Максимум» аймақтық инвестициялық орталығына несие алуға тілек білдірген қаржы көлемі 287 000 мың теңге болатын 61 жоба ұсынылуда.



Ауданда шағын кәсіпкерлікті дамытудың негізгі мәселелері:

  • Жұмыспен қамту және тұрғындардың әл-ауқатын арттыру;

  • Әкімшілік тосқауылдарды жеңу;

  • Кредиттік қаражаттарға шағын және орта кәсіпкерліктің қол жеткізуін жеңілдету;

  • Кәсіпкерліктің өндіріс және туристік секторын басым түрде дамыту;

  • Кәсіпкерлікті ақпаратпен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру және дамыту;

  • Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік және мемлекеттік емес институттардың тиімділігін арттыру;

  • Шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру және қызметін белсендіру;

  • Иодталған ас тұзын шығару жұмыстарын ұйымдастыру;

  • Аудандағы құрылыс жұмыстары қарқынды дамуына сәйкес күйген кірпіш зауытын салуды ұйымдастыру;

  • Табиғи ауыз су шығатын цех ашу жұмыстарын ұйымдастыру;

  • Ет,сүт,тері өндеу жұмыстарын жүргізу;

- несие қаржы алу арқылы сервистік орталықтар ашу;

- кіші кәсіпкерлікті қолдаудың әлсіз дамыған инфра құрылымы;

- заңды тұлға түріндегі кіші бизнес кәсіпорындарының санын көбейту;

- ақпараттық инфрақұрылымның, оның ішінде мемлекеттік тілде (мамандандырылған вебсайттар және порталдар) болмауы;

- кәсіпкерлер дайындығының төменгі деңгейін – бизнес-жоспарлау, басқару, маркетинг, бухгалтерлік есеп және бизнесті жүргізуге тікелей байланысты өзге де білімдердге машықтандыру.

Кіші кәсіпорындардағы жұмысшылар саны: 2009 жылы 4301; 2010 жылы 4391; 2011 жылы 4532; 2012 жылы 4713; 2013 жылы 4949; 2014 жылы 5221; 2015 жылы 5534-ке жеткізу жоспарланып отыр. Ауданда шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатында төмендегі инвстициялық жобалар жүзеге асыру көзделуде



«Бизнестің жол картасы 2020 бағдарламасы»

«Бизнестің жол картасы 2020 бағдарламасы бойынша 4 жоба ұсынылуға дайындалуда. Атап айтқанда: түйе сүтін өндіру және өңдеу, өсімдік майын өндіру, түйе тауық етін өндіру, типографиялық қызмет.

Алдағы уақытта да «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын кәсіпкерлерге түсіндіру, жаңа жобаларды дайындау мақсатында жұмыстар жүргізілетін болады.

Байланыс.

Байланыс саласындағы соңғы жылдардағы тенденция – дәстүрлі қызмет түрлерін жетілдіру және дамыту және жаңа ақпараттық технологияларды енгізу.

Аудан көлемінде байланыс қызметінің нақты өзгерісі, алдыңғы жылға %-бен 2009 жылы 110%, 2015 жылға 156% жетеді деп жоспарлануда.

Байланыс қызметінің нақты өзгерісі, алдыңғы жылға %-бен 2009 жылы 110%, 2010 жылға 115,5%, 2011 жылға 121,6%, 2012 жылға 128,3%, 2013 жылға 136%, 2014 жылға 145,5%, 2015 жылға 156%.

Тіркелген телефон желісінің тығыздығы, бірліктер саны 100 тұрғынға 2009 жылға 61,8, 2010 жылға 64,9, 2011 жылға 68,3, 2012 жылға 72,1, 2013 жылға 76, 2014 жылға 81,8, 2015 жылға 88.

Еңбек өнімділігінің өзгерісі, алдыңғы жылға %-бен 2009 жылы 102,3%, 2010 жылға 107,4%, 2011 жылға 113,1%, 2012 жылғв 119,3%, 2013 жылға 126%, 2014 жылға 135,3%, 2015 жылға 145%.


Аумақтың экологиялық мәселелері.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет