Бағдарламасы Шолаққорған 2011 жыл Мазмұны бағдарлама паспорты 3



бет8/29
Дата23.02.2016
өлшемі3.69 Mb.
#11548
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   29

Тұрғын үй секторы

Тұтас Созақ ауданында және территориялық-әкімшілік шекте құрылыстың дамуының маңызды (жалғыз ғана емес) көрсеткіші, тұрғын үйлерді қолданысқа беру болып табылады.

2009 жылдарда тұрғын үйлерді қолданысқа беру 96% артып және 8,7 мың ш.м. құраған. Бірақ, барлық уақыт және территоириялық қатарларды талдау, объективті бейнені көрсетіп, аудан құрылысының дамуын оңтайлы бағалауды төмендетуге мәжбүр етеді.

Тұрғын үй саласы бойынша ауданда 76873,0 мың теңгеге жалпы алаңы 4955,4 шаршы метрді құрайтын 53 тұрғын үй салынып пайдалануға берілген. Оның ішінде: Республикалық бюджет есебінен 10173,0 мың теңгеге жалпы алаңы 180 шаршы метрді құрайтын коммуналдық 3 тұрғын үй, жеке сектор есебінен 66700,0 мың теңгеге 4775,41 шаршы метр болатын 50 тұрғын үй пайдалануға берілген.

Тұрғын үй саласында аудан бойынша 2011 жылы 104345,0 мың теңгеге жалпы ауданы 5760 шаршы метрді құрайтын 66 тұрғын үйдің құрылысы жүреді деп болжануда.

Төтенше жағдайдын алдын алу

Бағдарламаның жүзеге асырылу кезеңі 2011-2015 жылдар. Бағдарламада қойылған мақсаттарға жету тиімді болу үшін, ол екі кезеңге бөлінеді:

- 1 кезең – 2011-2013 жж.;

- 2 кезең – 2014-2015 жж.

Бірінші кезеңнің өзі екі кезеңдерге бөлінеді.

Біріншісі – дайындық – 2011 жыл «Тәртіпке келтіру және алғышарттарды құру», іс-шаралар және жүзеге асыруды қамтамасыз етудің мәні келесіде:

- медициналық персоналдардың әділдігін бақылау және біліктілігін арттыру есебінен медициналық қызметтердің ұсынылу жиілігі мен сапасын арттыру, жаңа емдеу мекемелерінің құрылысы және қалған қызмет көрсетушілерін медициналық құралдармен, медикаменттермен және таңу материалдарымен толық жабдықтау; ресурс - әкімішілк - 70%-ға және қаржылық (бюджеттік) - 30%.

- орташа кәсіби білім беру жүйесінің қарқынды дамуы, ресурс – қаржылық (бюджет);

- жерді және суды пайдалануды сертификаттау және сәйкес стандарттарды қабылдау есебінен ауыл шаруашылық өндірісінің масштабы мен тиімділігін арттыру, бос жатқан жерлерді анықтау және оларды екінші реттік шаруашылық айналымына енгізу, көкөніс қоймаларының құрылысы, (көкөніс қоймасы - әлеуметтік өндірістік корпорации қаражатынан – ӘӨК);

- «Ауыз су» бағдарламасын жүзеге асыруды қарқындылау;

- жол және туризм инфрақұрылымын дамыту, ресурс – қаржылық (бюджет);

- ауданның өнеркәсіптік кәсіпорындарын модернизациялау және олардың өнімдерін кеден одағы шегінде бәсекелік қабілеттілік деңгейіне дейін жеткізу; ресурс - қаржылық, жеке инвестициялар (шетелдік те мүмкін).

Екінші - аралық – 2012-2013 жылдар – «Аралық нәтижелерді жүзеге асыру», іс-шаралар және жүзеге асыруды қамтамасыз етудің мәні келесіде:

- бағдарламаның бірінші кезеңін жүзеге асыру нәтижесінде өнеркәсіптік өнімдердің шығарылуын арттыру;

- бағдарламаның бірінші кезеңін жүзеге асыру нәтижесінде агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің шығарылуын арттыру;

- өмір деңгейінің есебінен тұрғындардың өмір сапасын арттыру, кәсіби білім беру және денсаулық сақтау жүйесін дамытуды жалғастыру, тұрғын үй құрылысының қарқындылығын арттыру, «Ауыз су» бағдарламасын, экологиялық іс-шараларды жүзеге асыру;

- көлік, коммуникация, суғару суларымен қамтамасыз ету инфрақұрылымдарының дамуын жалғастыру (әсіресе ауылдық жерлерде); ресурстар: шаруашлық аралық инфрақұрылымды дамыту – бюджет және ӘӨК қаражаттары, ішкі шаруашылық инфрақұрылымды дамыту – шаруашылықтардың жеке қаражаттары;

- туризм инфрақұрылымының дамуын қарқындылау; ресурс – мемлекеттік-жеке серіктестік;

- халықаралық көлік–логистикалық орталық инфрақұрылымын дамыту; ресурс – мемлекеттік-жеке серіктестік (шетелдік капиталдың келуінің шектеулі болуымен).

Екінші кезең – соңғы – 2014-2015 жылдар – «Шешуші нәтижелерді жүзеге асыру», іс-шаралар және жүзеге асыруды қамтамасыз етудің мәні келесіде:

- өндірістік инвестициялардың өсу қарқынын арттыру мен туризм және көлік-логистикалық инфрақұрылымға олардың үлесін арттыру; ресурс – мемлекеттік-жеке серіктестік;

- көлік-коммуникациялық инфрақұрылымға, сонымен қатар газ, сумен қамту инфрақұрылымдарына, өзге де коммуналдық тарамақтарға инвестициялаудың өсім қарқынын арттыру; ресурс – бюджеттік қаражаттар;

- өнеркәсіптік өнім өндірісі мен агроөнеркәсіп кешенінің өнімдерінің өсім қарқынын арттыру; ресурс – жеке инвестициялар;

- тұрғындардың өмір сапасының өсім қарқынын арттыру.


Құқық тәртібі және қылмыспен күресу

Жалпы Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданында қылмыстың жағдайы бірқалыпты болып отыр. Бұл жағдайға бұрын жыл сайынғы (2006-2008 жылдар) қабылданған құқықбұзушылықтың алдын алу және қылмыспен күресу туралы аумақтық бағдарламаның әсері деп бағалауға болады.

Қоғамдық жағдайға және қоғамдық қауіпсіздікке әсері бар қоғамдық орындарда орын алған қылмыстардың саны соңғы жылдары төмендегені байқалады. Яғни, 2010 жылдың 12 айында ауданымызда барлық тіркелген қылмыс түрлерін өткен жыл мерзімімен салыстырғанда 0,8 пайызға (118-ден 117-ге), оның ішінде ауыр және аса ауыр қылмыс түрлері 20 пайызға (15-тен 12-ке), криминалды полиция саласы бойынша 3,6 пайызға (111-ден 107-ге) кеміген.

Тұрмыстық жағдайда орын алған қылмыстар, сонымен қатар, мас халде және есірткі затын қабылдап, жасаған қылмыстар саны әлі де болса бар. Заңсыз еңбекке тарту жайттары да кездеседі.

Тұрмыстық жағдайда орын алған кісі өлтіру және денеге ауыр жарақат салу қылмыстарының көпшілігі ішімдікке салынудың нәтижесінде орын алуда. Арнайы емдеу-алдын алу мекемелерінің ішімдікке салынған тұлғаларды еріксіз түрде емдеуге жолдап, қоғамнан уақытша аластатуға мүмкіндіктері тиісті денгейде болмай отыр.

Себебі, 2010 жылдың 12 айында қоғамдық орындарда жасалған қылмыстардың саны өткен жылдан 11,1 пайызға (9-дан 10-ға), топпен жасалған қылмыстардың саны 37,5 пайызға (16-дан 22-ге) және бұрын сотты болғандармен 100 пайызға (0-ден 1-ге) өскен.

Ал көшелерде жасалған қылмыстардың саны өткен жылмен салыстарғанда 12,5 пайызға (8-ден 7-ге), жасөспірімдермен жасалған қылмыстардың саны 57,1 пайызға (7-ден 3-ке) және мас халде жасалған қылмыстардың саны 25 пайызға (20-дан 15-ке) кеміген.

Дегенмен «мектеп» полиция инспекторларының санын көбейту қажет, аудандағы олардың саны өте жеткіліксіз (барлығы 3 қызметкер). Ауылды жерлердегі үлкен мектептерде бір полиция инспекторлардан болуы тиіс. Бұл оқушылар арасындағы құқықбұзушылықтың ерте бастан алдын алуда мүмкіндік берер еді.

Соңғы жылдары жол апатының негізгі көрсеткіштері төмендегені байқалады. Жол-көлік оқиғаларының жалпы тіркелген саны және олардың нәтижесінде жарақат алған азаматтар саны төмендеген. Алайда, жол-көлік оқиғалары салдарынан қайтыс болған азаматтардың саны өсуде (2009 ж. – 17 азамат, 2010 ж. – 18 азамат).

Жол-көлік оқиғаларының негізгі көрсеткіштері төмендегенімен, олардың ауыр жағдайда аяқталуы жоғары деңгейде қалып отыр.

Автокөліктердің санының өсуі, аудандағы олардың саны 5364, оның 4035 жеке тұлға, 1329 заңды тұлға. Оның ішінде соңғы үлгідегі автокөліктердің жылдамдық мүмкіндігі көше мен жол жүйесінің даму мүмкіндігінен әлде қайда жоғары. Ауданымыздағы жолдарды қайта құрастыруды қажет етеді, жүру жолының енін кеңейту, қажетті жерлеріне шарбақтар орнату, жол белгілерін қою. Ал, жергілікті маңызы бар жолдардың кейбір бағыттары өте қанағаттанарлықсыз жағдайда.

Көлік тәртібінің сақталуы оған қатысушылардың арасында төмен деңгейде, бәрінен бұрын көлік жүргізушілер тарапынан. Жүргізушілер дайындау жүйесін барынша жақсартуды талап етеді.

Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму Бағдарламасын жүзеге асыру аясында Ішкі істер департаменті темекі шегу, есірткі қолдану және ішімдікдің алдын алуда бірқатар іс-шаралар қолданады.

Алыс және жақын шет елдерден ауданымызға келетін азаматтардың легі көбеюіне байланысты реттелмеген көші-қон мәселелері мен заңсыз еңбекке тартуға қолайлы жағдайлар туындауда. Көші-қон бағыты бойынша немесе қуғындар есебінен келетін шет ел азаматтары тарапынан қылмыс жасауға қолайлы жағдайлар қалыптасуы қауіп төндіруде. Бұл жағдай көші-қон бағыты бойынша жұмысты жандандыруды талап етеді.

Аудандағы құқықтәртібінің жағдайына, азаматтарды қорғау жүйесіне, сондай-ақ мемлекеттік және қоғамдық бірлестіктерді қылмыстан қорғауға өзінше орны бар сыртқы және ішкі факторлар бірқатар маңызды жағдай жасауды жалғастыруда.

Әлемдік қаржы дағдарысының салдарынан экономикалық қиыншылықтар, тұрғындардың жұмыспен толық қамтылмауы, оның ішінде ұрлық және басқа да зұлымдық пен зорлау қылмыстарының өсуіне негізгі себептердің бірі болуда.

Жедел жағдайдың қиындыққа соғуының негізгі факторларының бірі бөтеннің мүлкін ұрлау қылмысы болуда. Жалпықылмыстық қылмыстардың ішінде олардың саны соңғы бірнеше жылдар бойы жартысын құрап келеді. Соңғы жылдары мал ұрлығы қылмыстары көп орын алуда. Жергілікті жерлерде тұрғындардың негізгі табыс табатын көзі мал болса, оларды ұрлау қылмысы да өсіп отыр.

Ауданымызда қылмыстардың ашылу көрсеткіші жоғарылағаны байқалады. Егер, 2007 жылы 76,5 пайызды құраса, 2008 жылы 80,3 пайызды құраса, 2009 жылы 76,8 пайызды құраса, 2010 жылдың осы мерзімінде 81,1 пайызды құраған.

Ішкі істер органдарының жоғарыда аталған іс-шараларды жүзеге асыруы жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізіп, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғап, ішкі істер органдарына сенім арттыруын негіз бола алады.

Көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда құқықтәртібін және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқықтәртібінің алдын алу жүйесін өркендету бойынша негізгі міндеттерді шешу аясында келесі іс-шараларды атқару ұсынылады.

Жалпы қылмыс санының ішіндегі қоғамдық орындарда орын алған қылмыстардың үлес салмағын төмендетуде, тәулік бойы қызмет атқаратын стационарлық және жылжымалы полиция бекеттерінің, жылжымалы полиция топтарының, патруль нарядтарымен нормаға сай толығымен тартылуын, қылмыс жағдайы күрделенген уақытта полицияның күш-құралдарын орнықтырудағы біріңғай жоспарға дер кезінде өзгерістер енгізу.

Жасөспірімдермен алдын алу жұмыстарын жүргізу, учаскелік полиция инспекторлары мен мектеп инспекторларының жұмыс сапасын жақсарту нәтижесінде, олармен жасалған қылмыстардың үлес салмағы төмендейді. Сондай-ақ, жасөспірімдер және балаларына теріс әсер беретін ата-аналар, сонымер қатар жастарды қылмысқа немесе қоғамға қарсы іс-әрекеттерге жұмсайтын тұлғаларға жедел-алдын алу іс-шараларын жүргізу.

Қылмыстың анықталуына және алдын алуда көрсеткіштердің өсуіне үлесін қосатын қоғамдық құрылымдардың қызметін кеңейтуде жұмыстарды жалғастыру.
2.2.4 Аймақтық (кеңістік) орналасуы

01.01.2010 жылы Созақ ауданының әкімшілік-территориялық бөлінуде былай көрінеді:

-10 ауылдық әкімшілік;

-2 поселкелік әкімшілік;

-38 елді мекен;

Аудандағы урбанизация процесі өзге аймақтарындағы осындай процестермен жалпы ұқсастығы бар. Бірнеше мыңжылдықтармен есептелінетін, аудан территориясының мекенденуінің бай тарихына орай, оның әлеуметтік-экономикалық дамуында есепке алу міндетті болып табылады, аудан урбанизациясының өзіне тән ерекшеліктері бар.

Созақ ауданы экономиканың алуан түрлі қызметімен, жан-жақты потенциалымен, тиімді экономика-географиялық орналасуымен ерекшеленеді.
Аймақтың дамуының әлеуметтік-экономикалық нәтижелерін кешенді талдау, аймақтың дамуының күшті және әлсіз жақтарын, оның дамуының шектеулері мен мүмкіндіктерін анықтайтын, басымдықтандырылған SWOT- талдауда көрсетілген.
Кесте 3 – Басымдықтары анықталынған SWOT- талдау


Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

Басымдылық А

1. Ауыл шаруашылығын дамыту, мал шаруашылғы үшін қолайлы жағдайлар

2. Өндірістік потенциал

3. Стратегиялық маңызды ресурс – кең мал жайылымы болуы

5. Азық-түлік бойынша көр түрлерімен өзін өзі қамтылуы

6. Құрылыс материалдары, жеңіл және тамақ өнеркәсіптерін дамыту үшін пайдалы қазбалар мен минералдық ресурстардың бай кен орындарының болуы

7. Жұмыссыз әйелдер санының төмендеуі

8. Экономикалық белсенді халық санының арасында әйелдер санының өсуі

9. Белсенді, кәсіпкерлікке жақын адами капитал

10. Отбасылық құндылықтар, ұлттық дәстүрлерді құрметтеу

11. Демографиялық көрсеткіштер

Басымдылық В

1.Экспортқа бағытталған өндірістің болуы (таукен, металлургия өнеркәсібі).

2.Шағын және орта бизнес секторының дамуы

3.Тарихи және мәдени орындардың болуы, бай флора және фаунаның болуы




Басымдылық С

1. Аудандағы өнеркәсіптердің қарқынды өсуіне қолайлы жағдайлар жасау.



Басымдылық А

1. Табиғаттың адам өмір сүруіне қолайсыздығы

1. Аса қауіті жұқпалы аурулардың очагі

2. Тууға қабілетті жастағы әйелдердің денсаулығының төмен индексі. Бала және ана өлімінің жоғары деңгейі

3. Кадрлар жетіспеушілігі және кадрларды даярлауда төмен деңгей

4. Сапалы ауыз сумен төмен қамтамасыздандырылу

5.Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласында инфрақұрылым деңгейінің төмендігі.

6. Ауыл шаруашылығы өндірісінің инфрақұрылымының төмен дамуы

7. Әлеуметтік бағытағы көрсеткіштердің төмен деңгейі –аудан бойынша профилакторий, санаторийлардың, медициналық-әлеуметтік ұйыдардың жетіспеушілігі

Басымдылық В

1. Ауданның энерго ресурстарының тапшылығы (ауданның электро-энергиясына жалпы қажеттілігінің 100% қамтамасыз ету).

2. Қолданылу уақытының көп болуы және капиталдық салымдардың жеткіліксіздігі салдары ретінде газ, су құбырлары мен жылу тармақтарының техникалық жағдайы жоқ.

3.Ауданда инновациялық белсенділіктің төмендігі

4. Табиғи ресурстарды тиімсіз пайдалану, су жетіспеушілігі.
Басымдылық С

1. Елді мекендердің көшелері мен облыстық және жергілікті маңыздағы жолдардың қанағаттанарлықсыз жағдайы



Мүмкіндіктері

Қауіптері

Басымдылық А

1. Агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуы.

2. Азық түлік қауіпсіздікті қамту.

3. Агроөнеркәсіп кешенінде сапалы бәсекеге қабілетті өнім өндіру.

4. Кластерлерді құру және дамытуға қажетті жағдайларды құру: құрылыс индустриясы, өндіріс және ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу.

5. Төмен бағалар

6. Шағын бизнес.

7 Потенциялын пайдалану мақсатында салаларды қаржыландыру жүйесін және құрылымын жетілдіру.

8 Жас мамандарды жұмыс орнында қалу және тарту жұмыстарын күшейту, әсіресе ауылдық елді мекендерде.

9. Алдын алу шараларын қамту.

10. Заманауи нарықтық жағдайға бейімдеу.

11. Жаңа құрал жабдық сатып алуға шығындарды қаржыландыру механизмін әзірлеу.


Басымдылық В

  1. Ауданның жоғары транзиттік потенциалын, темір жол, автокөлік құралдарымен халықаралақ көліктік коридорға ену мүмкіндіктерін қолдану.

  2. Экологиялық мәселелерді шешуде жаңа технолгияларды, табиғатты басқару әдістерін қолдану, табиғи кешендерді қалпына келтіріп және деградациясының алдын алу.


Басымдылық С

1. Қазіргі туристтік инфрақұрылымды, оның ішінде экотуризмді, діни және аң аулау туризимтерін дамыту.

2. Қолайлы инвестициялық климат құру жолымен құрылыс материалдарының, ауыл шаруашылық өнімдерінің бәсекелік қабілеттілілігін арттыру.

3. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу, көлік салаларында кіші және орта бизнесті дамыту.



Басымдылық А

1. Азық-түліктік қауіпсіздік қаупі, импорттық тауарлар үлесіне ішкі және сыртқы нарықтарды жоғалту.

2. Импорттың үлесінің өсуі.

3. Ауыл шаруашылығы өніміне облыс ішінде бағалардың өсуі.

4. Экономикалық және қаржы дағдарысы салаларға қаржы тартылуына кедергі жасауда.


Басымдылық В

1. Өндірістік және тұтыну қалдықтарын өңдеу бойынша қазіргі қуаттылықтардың болмауымен байланысты, тіркелмеген қоқыс орындарының көбеюіне орай, санитарлы-эпидемиологиялық қызметтердің төменгі деңгейімен байланысты эпидемиологиялық жағдайлардың нашарлауы.

2. Кәсіпорындар мен көлік құралдарының атмосфераға көптеп шығару салдарынан экологиялық қауіпсіздік қаупі

3. Тұрғындардың жасырын миграциясы мен контрабанданың артып кетуі.

4. Әлеуметтік өсімі.

5. Өмір сапасының төмендеуі.



Басымдылық С

1. Ресурстардың тиімсіз қолданылуынан ауданның минералды – шикізат базасының тозуы.





2.2.5 Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеудегі саясатты талдау

Мемлекеттік жобалардың жаңа жүйесіне сәйкес, қолданыстағы барлық өңірлік бағдарламалар жойылып, олардың негізгі ережелері бағдарламалық құжаттардың жаңа форматы болып табылатын Аумақтарды дамыту бағдарламасында және жергілікті атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларында көрініс табатын болады.

Осыған байланысты «Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы №827 жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі №106-ө өкімінің 5 тармағын орындау мақсатында ауданда мәслихат шешімімен бекітілген қолданыстағы барлық салалық бағдарлама шешімдерінің күші жойылды.

Территорияны дамыту Бағдарламасын жүзеге асыру үшін ресурстарды қолдану және Бағдарлама құжаттарын тиімділеу келесі мәселелерге негізделуі тиіс:

Біріншіден, Бағдарламалық әрекеттерде бәсекелік мәселесін ерекше қамтымау, өйткені ол бәрібір шешімсіз қалар еді, сондықтан ресурстардың артық жұмсалынуы - бұл салдар;

Екіншіден, дамудың бірқатар бағыттарын анықтау қажет және де олар үшін Бағдарлама қабылдау қажет. Ол бірнеше бағыттарды қамтитын кешенді болуы мүмкін:



- денсаулық сақтау: ауданда жұқпалы ауру түрлерінің алдын алу және емдеу; туу жасындағы аналардың денсаулығына көңіл бөлу; нәрестелердің өлімне азайту іс-шараларын атқару;

- инфрақұрылымы: елді мекендерді сапалы ауыз суымен, жол қозғалысы қауіпсіздігімен қамтамасыз ету және автокөлік жолдарын дамыту, тұрғын үй құрылысын дамыту, елді мекендерді газбен қамтамасыз ету, су ресурстарын тиімді қолдану және су объектілерін қорғау;

- құқықтық тәртіп: нашақорлық және наркобизнеспен күрес жүргізу, заң бұзушылықтың алдын алу және қылмыспен күрес жүргізу, жемқорлықпен күрес жүргізу;

- әлеуметтік саласы: білім беру, мәдениет пен спорт саласын дамыту, жастар саясаты, ауданның мемлекеттік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдау» іс-шараларын ұйымдастыру, әлеуметтік салаға қолдау;

Үшіншіден, бұл белгілі бір мерзімге жеке іс-шара немесе шаралар кешені болсын, олардың мақсаттары нақты және анық болуы керек, міндеттер мақсаттарға қайшы келмей, нәтижелері өлшемді болуы тиіс.

Төртіншіден, аймақтың бәсекеге қабілеттілігі артықшықтырын жүзеге асыру бойынша Бағдарлама қабылдау.
2.2.6 Мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқарудың жүйесі

Билік институттарының жұмыстарына талдаудың нәтижесі, мемлекеттік қызмет тұтынушылардың алдында міндеттемелердің орындалуының төмен тиімділігімен сиппаталатын облыстық әкімшілік ресурстарының толық қанды нәтижесіздігі туралы қорытынды жасауға болады.

Бұл, медициналық қызметердің төменгі дәрежеде көрсетілуі (балалардың және аналардың өлімі, әлеуметтік маңызы бар аурулардың өсуі), білім беру қызметтерінің төменгі дәрежеде көрсетілуі (мамандандырылған орта білім беру мекемелерінің жетіспеуі, бұл мекемелерде кәсіпқой мамандардың жетіспеуі, еңбек ресурстарында техникалык мамандандырылған жұмыскерлердің тапшылығы), облыстың аумақтық даму бағдарламаларының толық дәрежеде іске асырылмауы. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтерді тұтынушылардың алдындағы міндеттемелерінің орындалуын қаржыландырудың жеткіліксіздігі орын алды, алайда, эксперттык бағалау бойынша, облыстың әкімшілік ресурстарының нәтижесінің жеткіліксіздігі соңғы фактор бойынша 20 % болса, жоғарыдағы аталғандар бойынша 80 %-дан жоғары болуда.

Сонымен, Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау ең алдымен бәсекелестіктің зор мүмкіндігін қамтитын маңызды ресурстарды анықтады, сонымен қатар, бар ресурстарды пайдаланудың төмен нәтижелігін анықтады.


Гендерлік даму

Ауданда соңғы жылдары қалыптасқан оңтайлы әлеуметтік жағдайдың нәтижесінде халық саны жылдан-жылға артып, сәйкесінше отбасылар саны да көбеюде. Ауданда халықының 52 пайызын қыз балалар мен әйелдер құрайды.

Бүгінгі күні ауданда 18 әйел азамат басшы лауазымдарда жұмыс істеп, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлес қосып келеді. Жалпы аудан көлемінде 690 әйелдер басқаратын кәсіпкерлік субъектілері тіркеліп, олар жыл сайын аудан бюджетінің кірісіне өзіндік қомақты үлестерін қосып келеді.

Аудан әйелдері арасында жұмыссыздықты жою және олардың кәсіпкерлікпен, ауыл шаруашылығымен айналысуына жағдай жасау мақсатында ”Аудандық отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі” комиссиясы жұмыс жүргізуде.



3. АУМАҚ ДАМУЫНЫҢ КӨРІНІСІ

Созақ ауданы экологиялық таза және агроөнеркәсіп саласында жоғарытехнологиялық бәсекеге қабілетті тауарлар шығаратын, тау-кен өндірісі дамыған, туризмді және спорттың, даму және адами потенциялды жүзеге асыру мұмкіндігі өскен қолайлы бизнес ортасы бар аймаққа айналады.

Аудан жоғары демографиялық және басқа сапалы көрсеткіштері бар аймаққа айналады, бұл өз кезегінде халықтың тұрмыс-жағдайының тұрақты өсуіне жағдай жасайды.
Созақ ауданы даму бағдарламасының негізгі басымдықтары айқындалды:

I басымдық: Импорттың үлесін азайту, өнеркәсіпті дамыту арқылы бәсекеге қабілетті өнім шығару;

II басымдық: Инновациялық қызметтер, кәсіпкерлікті және туризмді дамыту;

III басымдық: Ауыл-шаруашылығы өнімдерін терең өңдейтін өндірістің үлесін ұлғайту, еңбек өнімділігін арттыру;

IV басымдық: Энергияның альтернативтік көздерін дамыту арқылы энергия тапшылығын азайту;

V басымдық: Халықтың өмір сүру деңгейін көтеру.
МАҚСАТТЫ ИНДИКАТОРЛАР

-Ауданның ЖАӨ 2009 жылмен салыстырғанда 2015 жылға 1,5 есе арттыру;

-Ауданның ЖАӨ өнеркәсіп саласының үлесін 2015 жылға 25,2%;

-Ауданның негізгі капиталға инвестициялар үлесі 2015 жылы – 138,9% (2009 жылы – 102,5% );

-Ауданның ЖАӨ-дегі өнеркәсіптің үлесін арттыру 2015 жылы – 19,5% (2009 жылы – 20,3%);

-Аймақтың жалпы жұмыс бастыларының санында кіші кәсіпкерліктегі жұмыс бастылардың үлесі 2015 жылы – 17,2% (2009 жылы – 10,4%);

-Инфляцияны орташа жылына 5-8% деңгейде ұстау;

-Сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

-Ауыл шаруашылығының жалпы өнімін жыл сайын 5-6 % арттырып отыру;

-Ауыл шаруашылығы саласында еңбек өнімділігінің көлемін 2015 жылы 2 есеге арттыру;

-Егін шаруашылығы бойынша 2009 есеп бойынша 106,4%, 2010 жылы 106,5%, 2011 жылы 107,0%, 2012 жылы 107,2%, 2013 жылы 107,7%, 2014жылы 108,0%, 2015 жылы 109% өндіру;

-Мал шаруашылығы бойынша 2009 жылы 101%, 2010 жылы 106,8%, 2011 жылы 106,9%, 2012 жылы 107,3%, 2013 жылы 107,7%, 2014жылы 108,3%, 2015 жылы 108,9% өндіру;

-Жолаушылар тасымалдау көлемі, алдыңғы жылға %-бен 2009 жылға есеп бойынша 103,8%, 2010 жылға 101,7%, 2011 жылға 102,5%, 2012 жылға 103%, 2013 жылға 103,5%, 2014 жылға 104%, 2015 жылға 104%;

-Аудан көлемінде электр желілері бойынша электр энергиясының тасымалдануы 2009 жылға 101 %, 2010 жылға 101,1%, 2011 жылға 105,6%, 2012 жылға 106,3%, 2013 жылға 106,4%, 2014 жылға 106,5%, 2015 жылға 106,1%;

-Жалпы көлемде электрондық форматта көрсетілген қызметті 2015 жылға дейін 20% жеткізу;

Халықтың компьютерлік сауаттылығын 2015 жылға дейін 45% дейін жеткізу;

- Жастар арасында патриоттық сезім деңгейі 95% көтеру;

-Мектептердің жалпы санының авариялық мектептердің үлесі (2010 ж. 11 %, 2011 ж. 13 %, 2012 ж. – 8,5 %2013ж-5,5%,2014ж- 5,5%.2015ж – 2,,7%.)

-Жалпы санының пайдалануға берілген мектепке дейінгі қамтылған балалардың ұйымдардың үлесі 2010 ж. – 32 % , 2011 ж.- 42%. 2012ж – 56%, 2013ж-63%,2014ж- 87%.2015ж – 100%;

Қазіргі таңда аудандағы 36 мектептің 21-де ЛМК бар, ол 63,6% құрайды

2015 жылға 1 мектепке ЛМК алынса 100 % жетеді

Физика кабинеттері 2010 жылға 36 мектептің 15-де бар, ол 45,4 % құрайды

2015 жылға 5 мектепке физика кабинеті алынса 60.63 % жетеді

Химия кабинеттері 2010 жылға 36 мектептің 6-да бар, ол 18,2 % құрайды

2011 жылға 2 мектепке химия кабинеті алынса 24,2% жетеді

Биология кабинеттері 2010 жылға 36 мектептің 10-да бар, ол 30,3% құрайды

2015 жылға 6 мектепке химия кабинеті алынса 100% жетеді

Интерактивті тақталар қазіргі таңда ауданның 36 мектебінің 4 мектебінде 20 болса, ол 11,1 %

2015 жылға 2 мектепке интерактивті тақталар алынса 61,1 % жетеді

-Кітапханалық қорды жаңа өзекті басылымдармен және әдебиеттермен толықтыру 2011 ж- 96%, 2012-2015жж- 100%;

-Оқушылардың жалпы санының сапалы және теңгерімді ыстық тамақпен қамтылған мектеп оқушыларының үлесі 2015ж. - 100% - 10906 бала, оның ішінде тегін тамақ ішетіндер – 2830 бала, 45 %,);

Жалпы оқушылар санынан спорт секцияларына қамтылу үлесі:

-2010 ж. жалпы бала саны 11109, спорт секциясына қамтылғандар саны 1722, ол -15.45 %,

-2011 ж. жалпы бала саны 11140, спорт секциясына қамтылғандар саны 1782, ол – 15.4%.

-2012 ж. жалпы бала саны 11509, спорт секциясына қамтылғандар саны 1957 ол – 2516.7%.

-2013 ж. жалпы бала саны 11684, спорт секциясына қамтылғандар саны 2103, ол – 18.04%.

-2014 ж. жалпы бала саны 11651, спорт секциясына қамтылғандар саны 2214, ол – 17.8%.

-2015 ж. жалпы бала саны 12419, спорт секциясына қамтылғандар саны 2484, ол – 19.7%.

-2009-2010 оқу жылында білімін жетілдіру курстарынан 285 педагог-кадрлар өткен болса, 2010-2011 оқу жылында 300 педагог-кадр курстан өтеді деп жоспарлап отырмыз. 2011-2012 оқу жылында 302 педагог-кадрлар, 2012-2013 оқу жылында 292 педагог-кадрлар, 2013-2014 оқу жылында 302 педагог кадрлар, 2014-2015 оқу жылында 310 педагог –кадрлар білімдерін жетілдіру курстарынан өтеді деп жоспарлануда.

-Халықтың орташа өмір сүру ұзақтығы, жасы 2009 жылға есеп бойынша 67, 2011 жылға 69 жас, 2015 жылға 70,0 жасқа жеткізу;

Туылу деңгейі, % 2009 жылға 29,8%, 2010 жылға 31,2%, 2011 жылға 31,9%, 2012 жылға 31,9%, 2013 жылға 33,6%, 2014 жылға 33,6%, 2015 жылға 33,8%-ға болжану;

-Тірі туылған 1000 балаға шаққандағы балалар өлімі %, 2011 жылға 19,8, 2012 жылға 18,7, 2013 жылға 17,6, 2014 жылға 16,5, 2015 жылға 15,4;

-Туылу деңгейінің артуы %, 2011 жылға 31,9, 2012 жылға 31,9, 2013 жылға 33,6, 2014 жылға 33,6, 2015 жылға 33,8.

-Аудан халық санының өсімі 2010 жылмен салыстырғанда 2015 жылға 18,5 пайызды құрайды;

-Жұмыссыздық деңгейі 2015 жылға 4,4% ( 2010 жылға – 4,9%);

-Жұмыспен қамтылған халыққа жоғары білікті мамандардың үлесі 2015 жылға 42,8 %;

-Жалдамалы жұмысшыларды 99 - пайыздық және өзін өзі жұмыспен қамтығандарды 7,3-пайыздық (2015ж) жинақтаушы, зейнетақы қорына жүйесімен қамту;

-Жалпы халық санына табысы күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлес салмағы 2015 жылы – 9,7 % (2009 жылы – 11,7% );

-Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың құрамынан жұмысқа қабілетті халықтың үлес салмағы 30 пайызға дейін төмендейді( 2015 жылға);

- Жалпы елді мекендердің санынан ауылдық елді мекендерде 2015 жылы орталықтандырылған сумен халықтың 83,8% қамтылуы;

- Халықтың этносаралық қатынастарға оң баға беретін бөлігінің үлесі 2015 ж. - 80%;

- Халықтың азаматтық қоғам институттарының жұмысына оң баға беретін бөлігінің үлесі 2015 ж. - 80%;

- Атмосфералық ауаға ластағыш заттардың шығарындыларын 2015 жылы 1,11 мың тоннаға дейін төмендету;

- Техногендік апаттар және дүлей зілзалаларда эвакуацияланғандардың жалпы тиісті халықтың санынан үлесі 2015 ж. - 100%;

- Төтенше жағдай қаупі төнгенде және туындағанда тұрғындардың уақтылы хабарлаумен қамтылу 2015 ж. - 69% (2009 жылы – 30%).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет