Бағдарламасы (силлабус) 021-2022 оқу жылының семестріне арналған Барлық күндізгі оқу бөлімінде оқитын курс студенттеріне



бет4/10
Дата31.10.2023
өлшемі182.48 Kb.
#481969
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
философия силлабус

7. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
7.1 Білім беру бағдарламалары бойынша
Күндізгі оқу бөлімінде оқитын 2 курс студенттеріне
Семестр: 4
Курс: 2
Кредит саны: 5
Оқу мерзімі: 4 жыл



Апта

Тақырып атауы

Дәріс

Практика

СОӨЖ

СӨЖ

Қорытынды бақылау

Барлығы

1

Философияның пайда болуы және дамуы. Ойлау мәдениетінің пайда болуы.

2

1

2

4




9

2

Философияның пәні мен әдісі

2

1

2

4




9

3

Дүниені философиялық түсінудің негіздері. Сана, рух және тіл

2

1

2

4




9

4

Болмыс. Онтология және метафизика

2

1

2

4




9

5

Таным және шығармашылық

2

1

2



4






9

6

Білім, ғылым, техника және технологиялар

2

1

2

4




9

7

Адам философиясы және құндылықтар әлемі. Антропология.

2

1

2

4




9

8

Өмір және өлім. Өмірдің мәні

2

1

2

4




9

9

Этика. Құндылықтар философиясы

2

1

2

4




9

10

Еркіндік философиясы

2

1

2

4




9

11

Өнер философиясы

2

1

2

4




9

12

Қоғам және мәдениет

2

1

2

4




9

13

Тарих философиясы

2

1

2

4




9

14

Дін философиясы

2

1

2

4




9

15

«Мәңгілік Ел» және «Рухани жаңғыру» - жаңа Қазақстан философиясы

2

1

2

4




9




Қорытынды бақылау













15

15




БАРЛЫҒЫ:

30

15

30

60

15

150



8. Практикалық сабақтар жоспарлары
1 практикалық сабақ
Сұрақтар бойынша жауап дайындау
Такырыбы: Философияның пайда болуы және дамуы. Ойлау мәдениетінің пайда болуы.

  1. Ойлау мәдениеті. Көркемдік рефлексия. Философия - даналыққа құштарлық.

  2. Философия және дүниетаным. Дүниенің ғылыми, философиялық, діни бейнелері.

  3. Мифология, дін және философия. Қоғам дамуындағы мифтің рөлі.



2 практикалық сабақ
Такырыбы: Философияның пәні мен әдісі

  1. Философия - білім мен рухани қызметтің ерекше түрі.

  2. Философияның негізгі бөлімдері - онтология, гносеология, философиялық антропология, логика, этика, эстетика, әлеуметтік және саяси философияның қысқаша сипаттамалары.



3 практикалық сабақ
Такырыбы: Дүниені философиялық түсінудің негіздері. Сана, рух және тіл

  1. Жан, ақыл, парасат, рух. Антикалық философиясындағы рух пен парасаттың космологизмі. Фәлсафа дәстүріндегі рух ұғымы

  2. Ибн-Сина рух туралы. Ортағасыр дәстүріндегі рух пен жанның теологиялық түсінігі. Сананың гносеологиялық моделдері. Жаңа заман философиясындағы тума идеялар концепциясы және cogito статусы. Неміс классикалық философиясындағы ақылдың транцендентальдық негіздері.

  3. Сананы онтологиялық мәселе ретінде түсіну. Сана фактілері. Сана феномендері. Сананың қалыптасуын анықтайтын факторлар. Антропосоциогенез. Сананың шығу тегі мен мәні: негізі концепциялар.

  4. Сана және ұлттық сана-сезім. Ойлау және тіл. М.Қашғаридің тіл философиясы.

  5. Шәкәрімнің үш анығы.Шәкәрім рух туралы. Рух және адамның рухани қызметінің табиғаты.

4 практикалық сабақ
Такырыбы: Болмыс. Онтология және метафизика

  1. Болмыс және тіршілік. Мән және бар болу.

  2. Онтология - болмыс туралы ілім. Бар болудың онтологиялық құрылымы.

  3. Болмыс және бейболмыс (Парменид, Зенон). Болмыстың түрлері. Платон мен Аристотельдің философиясындағы болмыс мәселелері. Әл- Кинди және Ибн-Рушд концепциялары. Жаңа заман философиясындағы субстанция мәселесі (Р.Декарт, Б.Спиноза, Г.Лейбниц). М.Хайдеггердің «фундаменталды онтологиясы» (Dasein).

  4. «Материя» ұғымы. Материалдық әлем болмысы.



5 практикалық сабақ
Такырыбы: Таным және шығармашылық

  1. Таным философиялық мәселе ретінде. Әртүрлі философиялық концепциялардағы білім мәнінің анықтамалары. Таным объектісі мен субъектісі. Таным мүмкіндіктері мен шекаралары.

  2. Дүниенің түбегейлі танылуы мәселесі: танымдық оптимизм, скептицизм және агностицизм. Милет ойшылдарының натурфилософиясы және Скифтік Анахарсистің скептицизмі. Д.Юмның скептицизмі. И.Канттың классикалық агностицизмі. Г.Гегельдің диалектикалық методы және батыс еуропалық гносеологиясындағы оның маңызы. К.Ясперстің «Мен - адамилық деңгейлердің концепциясы», К.Поппердің «субъектсіз» эпистемологиясы.

  3. Ақиқат пен адасу. Білім, ақиқаттылық және жалғандық. Ақиқат және оның критерийлері. Сезімдік және рационалдық таным.

  4. Философиядағы рационалдық және эмпирикалық дәстүр. Таным құралы. Эмпирикалық және теориялық таным. Таным және шығармашылық. Шығармашылық және интуиция.



6 практикалық сабақ
Такырыбы: Білім, ғылым, техника және технологиялар

  1. Қазіргі ғылымның жетістіктері және оның себептері. Әдіс мәселесі. Танымның негізгі әдістері.

  2. Ғылыми таным әдістері және және ғылыми ақиқат ерекшелігі. Ғылыми және ғылыми емес білімнің демаркациясы мәселесі. Ғылым құндылықтары. Ғылымды білім, қызмет және әлеуметтік институт ретінде талдау.

  3. Ғылымдардың классификациясы: Аристотель, әл-Фараби, Ф.Бэкон, Г.Гегель, О.Конт. Шоқан Уәлихановтың ғылым философиясы.

  4. Қоғам өміріндегі ғылымның рөлін бағалаудағы қайшылықтар. Сциентизм және антисциентизм.

  5. Ғылым және техника. Ғылыми- техникалық прогресс және қазіргі ғылымның даму болашағы мәселелері.



7 практикалық сабақ
Такырыбы: Адам философиясы және құндылықтар әлемі. Антропология.

  1. Адам және Ғалам. Зат әлемі. Адамды қарастырудың философиялық тәсілінің ерекшелігі.

  2. Ежелгі Үнді діни-философиялық ілімдердегі адам мәселесі. Конфуцийшілдік және даосизм жүйесіндегі адам мәселесі: ер және әйел бастамалары (Инь/Ян).

  3. Антикалық философия тарихындағы адам бейнелері (Пифагор, Платон, Эмпедокл, Протагор, Сократ, Аристотель).

  4. Христиандық антропология: адам Құдайдың бейнесі ретінде (Әулие Аугустин, Акуинолық Томас).

  5. Ренессанс дәуіріндегі адамның индивидуалистік түсінігі (Пико делла Мирандола). Жаңа заманның механистикалық антропологиясы (Б.Паскаль, Ж.Ламетри). Л.Фейербахтың антропологизмі. Ф.Ницше философиясындағы «Асқан адам».

  6. Адам және оның әлемдегі- болмысы: экзистенциализм. Іскер адам: прагматизм. Э.Кассирер: адам символдық жануар ретінде. Й.Хейзинга: «ойнаушы адам». Г.Маркузе: «бір өлшемді адам».

  7. ХХ ғ. философиялық антропология (М.Шелер, Х.Плеснер, А.Гелен).

  8. Қазақ философиясындағы адам мәселесі. Адам мәселесінің Абай даналығында бейнелену. Шәкәрімнің адамның өмірмәндік бағдары туралы экзистенциалдық рефлексиясы. Адам, индивид, индивидуалдылық, тұлға





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет