Бағдарламасы (силлабус) 021-2022 оқу жылының семестріне арналған Барлық күндізгі оқу бөлімінде оқитын курс студенттеріне



бет6/10
Дата31.10.2023
өлшемі182.48 Kb.
#481969
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
философия силлабус

11 практикалық сабақ
Такырыбы: Өнер философиясы

  1. Эстетика пәні философиялық білім саласы ретінде.

  2. Антикалық эстетикалық ойлардың тарихы (софистер, Сократ, Платон, Аристотель). Араб-мұсылмандық эстетика (Омар Хайям, Әл-Фараби, Ибн Рушд, Ибн Араби, Руми). Христиандық ортағасырлықтың көркемдік-эстетикалық әлемі (А.Августин, Иоанн Дамаскин).

  3. Қайта Өрлеу дәуірінің эстетикасы (Л.Б. Альберти, Леонардо да Винчи, А.Дюрер, М.Монтень, Эразм Роттердамский). XVII-XVIII ғ.ғ. Жаңа заман эстетикасы және көркемдік практикасы (Д.Локк, Р.Декарт, Вольтер, Д.Дидро, Ж. Руссо). Классикалық эстетиканың негіздері (И.Кант, Г.Гегель, Ф.Шеллинг).

  4. Адам өмірінің эстетикалық өлшемі.Негізгі эстетикалық категориялар: сұлулық -ұсқынсыздық, трагикалық-комедиялық, асқақ-төмен. Сұлулықтың құндылығы.

  5. Философия және өнер. Өнер - мәдениет феномені, оның тұлғалық және және әлеуметтік қызметтері. Өнер әлеміндегі адам. Адамның мінез-құлқы, іс-қимылы, жан тебіреністерінің себептерін ашудағы өнердің мүмкіндіктері.

  6. Қазақ халқының сұлулық философиясы. Жырау және билердің шығармашылығындағы этикалық және эстетикалық бастамалары. Қ.Нұрланова: «Адам - Әлем біртұтас» концепциясы. Ұлттық аспаптар қобыз, домбыра көшпенділердің рухани мәдениетінің көрінісі ретінде. Қазақ дәстүрлі музыкасының ерекшеліктері. Күй - қазақ өнерінің феномені.



12 практикалық сабақ
Такырыбы: Қоғам және мәдениет

  1. Әлеуметтік философияның пәні. Қоғам философиялық ұғым ретінде.

  2. Антикалық философиясындағы әлеуметтік ой: Платонның идеалды мемлекеті, Аристотельдің «Политикасының» негзгі тұжырымдамалары. Адам саяси жануар ретінде.

  3. Августин: «Фәни шаһар» және «Бақи» шаһар. Қайта өрлеу дәуіріндегі утопиялық теория: Т.Мор және Т.Кампанелла. Н.Макиавеллидің әлеуметтік-саяси теориясы. Жаңа заман әлеуметтік философиясы (Т.Гоббс, Дж.Локк, Ж.Ж.Руссо). К.Маркс: таптық қоғам. К.Поппер «Ашық қоғам».

  4. Мәдениет, оның табиғаты мен мәні. Философия тарихындағы мәдениеттанулық теориялар (З.Фрейд, Н.Данилевский, О.Шпенглер, К. Леви-Строс).

  5. Мәдениет - қоғам болмысының формасы. Материалдық және рухани мәдениет. Мәдениет және коммуникация. Мәдени- антропологиялық әдістеме: адам мен мәдениеттің мәндік және онтологиялық түбегейлі бірлігін мойындау.

  6. Қазақтардың ұлттық мәдениеті - қазақ халқының ұлттық бірегейлігінің негізі және оның «Рухани жаңғыру» жобасы аясында дамуы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет