8 практикалық сабақ
Такырыбы: Өмір және өлім. Өмірдің мәні
Адам болмысының категориялары (бақыт, сенім, өмір және өлім). Өмірдің онтологиялық және аксиологиялық мазмұны. Адам, оның ажалдығы және ажалсыздығы.
Өмірдің мәні - оның шектеулілігін ұғыну. Уақыт, мәңгілік және мақсат. Өмірдің мәні. Өмірдің мәнін іздеу.
Философиялық ойлар тарихындағы өмірдің мәні мәселесі: фатализм, гедонизм, волюнтаризм, функционализм.
Адам қажеттіліктерінің пирамидасы. Махаббат - адамның өмір сүру мәні. Абай философиясындағы махаббат мән-мағына туғызатын бастама ретінде. «Махаббатпен жаратқан адамзат ...».
9 практикалық сабақ
Такырыбы: Этика. Құндылықтар философиясы
Аксиология және адамгершілік. Этикалық ілімдердің тарихи типтері.
Құндылықтар теориясының негіздері. Құндылық ұғымы. Бар болып отырған және болуы тиіс. Адамгершілік ережелері және құқық ережелері.
Негізгі этикалық категориялар ( парыз, игілік, мән және қажеттілік, ар-ұят, еркіндік).
Адамгершіліктің алтын қағидасы (Конфуций) және бұлжымас императиві (И.Кант). Адамгершіліктің бастауларын түсінудің негізгі тәсілдері. Утилитаризм және деонтологиялық теориялар (парыз теориялары). Пайдалылық пен принциптер.
Құндылықтық сана табиғаты. Фәлсафа дәстүріндегі этикалық өлшем. Саяси этика. Зорлық. Толеранттық. Адам құқығы. Кәсіби этика. Бизнестегі этика.
10 практикалық сабақ
Такырыбы: Еркіндік философиясы
Философия тарихындағы еркіндік ұғымы
Адам және оның еркіндігі (Б.Спиноза). М.Хайдегеррдің шығармаларындағы еркіндік пен ақиқаттың байланысы. Еркіндік пен жауапкершілік (Ж.-П.Сартр). Еркіндік және абсурд (А.Камю). Н.Бердяевтың еркіндік концепциясы.
Ерік еркіндігі. Еркіндік деңгейлері. Оң және теріс еркіндік. Еркіндік, әділдік, адамның өмірі мен намысы - адамгершілік-құқықтық құндылықтар. Құқықтың дүниетанымдық мәселелері. Жеке еркіндік және табиғи құқық.
Тұлғаның, оның еркіндігінің, өмірді, табиғатты және мәдениетті сақтау жауапкершілігінің қалыптасу шарттары. Сөз және көзқарас еркіндігі. Еркіндік пен шығармашылық - адамның мәдениетте шын мәнінде өмір сүруінің тәсілі.
Абайдың «толық адам» концепциясы. Алаш қайраткерлерінің философиясындағы еркіндік және тәуелсіздік идеялары.
Достарыңызбен бөлісу: |