13 практикалық сабақ
Такырыбы: Тарих философиясы
Тарихты философиялық пайымдау пәні ретінде талдау.Тарих түсінігімен уақыт туралы көріністердің байланысы. Миф «уақыты».
Уақыттың антикалық түсінігі және тарихтың айналымы. Орта ғасырдағы және Қайта өрлеу дәуіріндегі тарих философиясы. Г.Гегельдің философия тарихы. Тарихтың «сыни» философиясы: Дильтей, Риккерт, Ясперс. Қазіргі заман философиясындағы «тарих мәні», «тарихтың соңы» мәселелері.
Тарих философиясының пәні. Тарих философиясының даму кезеңдерін қарастырудың негізгі әдістері. Тарихтың қозғаушы күштері.
Тарихтағы прогресс және регресс .Формациялар және өркениеттер. Шығыс-Батыс. Өркениеттер қақтығысы. Біртұтас адамзат пен әлемдік тарихты қалыптастыру үдерісі.
Қазіргі өркениет, оның өзгешелігі және қайшылықтары. Адамзаттың даму үрдістері.
Асан Қайғы: Жерұйық философиясы. Қазақстан тәуелсіздігі тарихының философиясы. «100 жаңа есім»
14 практикалық сабақ
Такырыбы: Дін философиясы
Дін анықтамалары. Дін және философиялық білім. Дін және өнер. Діннің алғашқы формалары.
Алғашқы діни формалардың мәселелері: эволюционизм (У. Тейлор), структурализм (Леви-Брюль, Леви-Строс), марксизм (С. Токарев).
Буддизм және оның негізгі бағыттары.
Христиан дінінің пайда болу тарихы және негізгі формалары.
Ислам. Исламның қалыптасуы, догматикасы және тарихи формалары.
Суфизм (Аль-Газали, Ходжа АхметЯссауи).
Неміс романтизм өкілдерінің діни философиялық концепциясы (Ф.Шлейермахер). С.Кьеркегордің діни философиясы.
15 практикалық сабақ
Такырыбы: «Мәңгілік Ел» және «Рухани жаңғыру» - жаңа Қазақстан философиясы
Кеңістік-уақыттық континуумдағы «Мәңгілік Ел» және «Ұлы Дала» категориялары.Қазіргі Қазақстандағы жаңғыру үдерісі: әлеуметтік-саяси, экономикалық, мәдени қырлары.
Қоғамдық сананы жаңартудың негізгі бағыттары. Рухани жаңғыру. XXI ғасырда ұлттық сана-сезімді қалыптастыру мәселесі.
Еуразияшылдық және Қазақстан дамуы. Еуразияшылдықтың әлеуметтік-мәдени, идеологиялық және геосаяси негіздері.
Н.А.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы және «Рухани жаңғыру» жобасы - ХХІ ғасырдағы Қазақстан дамуы болашағын айқындайтын маңызды құжат.
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық және патриоттық идеясының ұйыстырушы құндылығы. Қазақстанның қоғамдық санасын жаңғыртудың негізгі бағыттары
Достарыңызбен бөлісу: |