БАҒдарламасы syllabus 1 Оқытушылар туралы мәліметтер


Өзіндік жұмыстарды орындауға қажет



бет11/12
Дата02.10.2019
өлшемі1.09 Mb.
#447111
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
История Казахстана УМК Торгаева


Өзіндік жұмыстарды орындауға қажет

әдістемелік нұсқаулар

Бұл сұрақтарға жауап беру үшін Қайта құру деп аталатын ұғымды түсіндіре отырып, Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың себептерін ашып көрсету керек. Қоғамның терең дағдарысқа ұшырауының бір себебі Кеңес өкіметінің жүргізген ұлттық саясатында екендігін дәлелде.

1980-ші жылдардың ортасында басталған әлуметтік-экономикалық және саяси дағдарыстың себебін талдаңдар.

1980 жылдардың аяғы мен 1990 жылдың басындағы қоғамды демократияландырудағы саяси ағымдар мен партиялардың белсенді әрекеттеріне сипаттама беріңіздер. 1987 жылдан бастап құрылған қоғамдық қозғалыстар «Инициатива», «Невада -Семей», «Әділет», «Азат», «Алаш», «Желтоқсан» т.б. азаматтық қозғалыстарының алдына қойған мақсат-міндетіне анықтама беріп, Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі демократиялық үрдістердің кең өріс ала бастағанын көрсетіңіздер.

1990 жылғы Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі Декларациясының қабылдануының тарихи маңызын түсініңіз.
Негізгі әдебиет: [ 15, 18, 19, 34, ]

Қосымша әдебиет: [ 11, 19, 20, 24, 61, 67,]
15-ші тақырып. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік жылдарында.
Тапсырма
1. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрылуы Қазақ мемлекеттігін қалпына келтіру екендігін дәлелдейтін тарихи материалдарды хронология бойынша келтіріп кесте дайындаңыз.

СОӨЖ-нің өткізілу түрі.

Хронологиялық кестені толтыр.


Өзіндік жұмыстарды орындауға қажет

әдістемелік нұсқаулар

Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның тарихи мәнін түсіндір. ТМД-ның құрылуының тарихын оқы. Қазақстан Республикасы Конституциясыларының 1993 жылғы және 1995 жылғы нұсқаларын салыстырыңыз. Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстан-2030» (1997) елді дамытудың ұзақ мерзімдік стратегиясын оқыңыз. Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының негізін салушы Нұрсұлтан Назарбаев екендігін дәлелдеңіз. Ол үшін Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты деп аталатын ғылыми еңбекті оқыңыз

Қазақстан Халқы Ассамблиясының елдегі тұрақтылық пен бейбітшіліктің кепелдігінің көрінісі екенін сипаттаңыз.

«Мәдени Мұра» бағдарламасы бойынша қол жеткен жетістіктерді нәтижесі жайлы ақпарат дайындап, сараптама жасаңыз.



Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдағы жеткен жетістіктері туралы арнайы еңбектер мен мерзімді басылымдағы мақалаларды оқып, өз пікіріңізді білдіріңіз.

Республика Президентті Н.Ә. Назарбаевтың 2011 жылғы «Болашақтың іргесін бірге қалайық» және 2012 жылғы 28-қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғыру – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты жолдауларын оқып, мемлекеттің әлеуметік сала мен мәдениетті дамытуға арналған статистикалық мәліметтеріне сараптама жасаңыз.

Қазақстанның халықаралық ұйымдарға мүше болуының тарихи маңызын түсіндіру және Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы (ОБСЕ), Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШОС), Ислам Конферециясы Ұйымы төрағалық жасауының дүниежүзілік маңызын анақтаңыз.

Қазақстандағы Дүниежүзілік діндер съезінің өткізілуінің себептері мен маңызын түсіндіріңіз.

Астана Эконокикалық Форумының мақсаты мен болашағына сипаттама беріп, Нұрсұлтан Назарбаевтың дүниежүзілік дағдарыстан шығудщың жолдары туралы ұсыныстарын оқып талдаңыз.



Негізгі әдебиет: [ 15, 33,34,35,36, 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 45, 46 ]

Қосымша әдебиет: [ Интернет материалдары 7,8,9,]


2.6. Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар жоспары
1-ші тақырып Қазақстан тарихына кіріспе. «Қазақстан тарихы» курсының пәні, мақсаты мен міндеттері.
Тапсырма

  1. Қазақстан тарихының мынадай бөлімдері бойынша: ежелгі Қазақстан, орта ғасырлардағы Қазақстан, жаңа кезеңдегі Қазақстан, қазіргі заманғы Қазақстан, тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан бойынша библиографиялық тізім жасаңыз


Өзіндік жұмыстарды орындауға қажет

әдістемелік нұсқаулар

Бұл сұрақтарға жауап беру үшін ерекше назар аударатын жағдай ежелгі дәуірдің кезеңдеріне жан – жақты тоқталып, олардың ерекшеліктері, ұқсастықтары мен айырмашылығын салыстырмалы түрде қарастырыңыз. Жазу пайда болғанға дейінгі қазақ жеріндегі археологиялық ескерткіштердің зерттеу тарихынабаса назар аудару керек.

Қазақстанның ежелгі дәуірі кезеңімен танысып, оқып білуде археологиялық және этнографиялық деректерді талдаңыз. “Археологиялық карта”, “История Казахстана в схемах и таблицах”, “Археология Казахстана”, “Вопросы археологии Казахстана” және академиялық 5 томдық Қазақстан атрихы оқулығындағы тарнихнамалық бөлімін пеайдалануға болады.
Қосымша әдебиет: [Негізгі әдебиетте: 1, 2, 7, 16, 17, 38]
2-ші тақырып Қазақстан территориясындағы ерте дәуір.
Тапсырма

1. Қазақстан територриясындағы ерте палеолит тұрақтары қай жерлерден табылды және оларға сипаттама беріңіз.

2. Орталық Қазақстандығы қола дәуірінің ескерткіштерін кезеңдерге бөліңіз және орналасқан жерлерін атаңыз.

3. Б.д.д. ҮІІ – ІІІғғ.. сақ тайпаларының саяси тарихы мен

мәдениетін және олардың қоныстануы туралы ежелгі авторлардың деректерін пайдаланып баяндама, реферат дайындаңыз.

4. Үйсіндер, қаңлылар туралы көрші елдердің жазған деректерін

пайдаланып жазбаша жұмыс дайындаңыз. (нұсқасы; жылнама, саяхатшылардың хаттары, жазбалары, елшілердің, ғұламалардың әңгімелері).

5. Б.д.д. ІІІ - б.д Ү ғ.ғ. өмір сүрген ғұн мемлекетінің саяси тарихы мен мәдениетінің дамуы туралы жазбаша деректерді пайдаланып баяндамалар мен рефераттар дайындаңыз.

(Ежелгі кытай, рим империясының офицері Аммиан Марцелиннің, Иордан, Приск Панниийский деректері т.б.)
Өзіндік жұмыстарды орындауға қажет

әдістемелік нұсқаулар

Қола дәуірінің және ерте темір ғасырының теоретикалық материалдарын оқыңыз. Қазақстан территориясындағы қола дәуірінің негізгі кезеңдеріне сиаптама беріңіз. Осы кезеңге тән тайпалардың шаруашылық және мәдени өмірінің ерекшеліктеріне назар аударыңыз. Деректерді қолданған кезде олардың мазмұнына критикалық баға беруді естен шығармаңыз.

Қазақстан территориясында тайпалық одақтардың пайда болуына қатысты тарихи-экономикалық алғышарттарды анықтаңыз. Сақтардың, үйсіндердің және қаңлылардың шаруашылығын және қоғамдық құрылысын сипаттаңыз, олардың мәдениеті мен діни наным-сенімдерін салыстырыңыз. Контур картамен және конспектімен жұмыс істеу әлдеқайда пайдалы, себебі оларда тарихи оқиға жөнінде тезис, сандық және шартты түсініктемелер болуы мүмкін. Семинарға баяндама жасауға дайындыққа «Қазақстан территориясындағы қола және темір ғасыры» үлгісіндегі кестені толтыру үлкен көмек береді.

Әсіресе бұл дәуірдің мәдениетіне ерекше көңіл бөлу қажет, нақтырақ айтсақ: Беғазы-Дәндібай мәдениетінің никрополдері Тасмола мәдениетінде: «аңдық стилдегі бұйымдар», Шілікті қорғанына табылған «Алтын бұғы» және т.б. Сақ кезеңіндегі ою-өрнектің мынадай түрлерін: геометриялық, өсімдік, зооморфтық, символдық деп бөліп қарастыруға болады. Олардың әрқайсысының ерекшелігін айтып беріңіз.



Қосымша әдебиет: [1, 10, 18, 54, 56, 57]
3-ші тақырып. Ерте және ортағасырлық

мемлекеттер (VІ-ХІІІ ғғ. басы).

Тапсырма

Орта ғасырлық мемлекеттердің тарихы жөнінде синхроникалық кесте құрыңыз, онда: мемлекеттің өмір сүрген уақытын, территориясын, астанасын, шаруашылығы мен мәдениетінің ерекшелігін, мемлекеттік құрылымын, негізгі тарихи оқиғаларды көрсетіңіз.

1. Ерте және дамыған ортағасырлық мемлекеттердің хронологиялық хронологиялық таблицасын толтырыңыз.

Мемле

кеттің

атауы

Мемле

кеттің

өмір сүрген

уақыты

Терри

ториясы

Астанасы

Басты

қала

лары

Шар-уа

шы

лығы

Мемле

кеттің

әкімшілік

жүйесі

Маңызды

саяси

оқиғалары

1

2

3

4

5

6

7

8


Өзіндік жұмыстарды орындауға қажет

әдістемелік нұсқаулар

Ең алдымен орта ғасырлық мемлекеттердің дамуы жөнінде тарихи материалды оқыңыз. Мемлекеттердің пайда болуын логикалық тармақтар түрінде немесе мемлекеттің өмір сүрген уақыты, территориясы, астанасы, шаруашылығы мен мәдениетінің ерекшелігі, мемлекеттік құрылысы, негізгі тарихи оқиғалары көрсетілген кесте құрыңыз. Қазақстан територриясында ҮІ – ХІІІ ғасырдың басындағы өмір сүрген мемлекеттердің ерте және дамыған орта ғасырлардағы негізгі әлеуметтік-экономикалық, саяси дамуы заңдылықтарын анықтаңыз. Халықтардың ұлы қоныс аударуы дәуірінде (ІІ-Үғғ.) Қазақстан мен Орта Азияның және Шығыс Еуропаның этникалық және саяси картасында едәуір өзгерістер болды. ҮІ ғасырдың ортасынан бастап Қазақстан жері аса қуатты мемлекет – Ұлы Түрік қағанатының қол астына бірігуінің себебін көрсетіңіз. Қағанаттардың саяси орталығы болған жерлері мен негізгі этникалық саяси өзегі болған тайпалардың орналасқан жерлерін айтыңыз. Қазақстан территориясына ислам діні қай ғасырда келді және ислам дінінің түркі мәдениетінің дамуына қосқан үлесі қандай болды. ІХ – ХІІ ғғ. Қазақстан жерінде болған араб саяхатшыларының түркі тайпалары мен мемлекеттері жөнінде айтқан деректерін талдаңыз.



Қосымша әдебиет: [10, 11, 21, 32, 35, 8, 43, 49,]
4-ші тақырып. Қазақстан моңғол жаулаушылығы кезеңінде (ХІІІ ғ.). Алтын Орда (1243 ж. – ХV ғ. ортасы).

XIV – XV ғғ. ортағасырлық мемлекеттер.

Тапсырма

1. Ұлыстардың құрылуы және Алтын Орданың Қазақстан тарихындағы орнын анықтаңыз


Өзіндік жұмыстарды орындауға қажет

әдістемелік нұсқаулар

Тақырыпты оқу барысында, тарих ғылымындағы тарихи оқиғалардың хронологиялық реттілігін сақтай отырып Ұлыстардың құрылуын картаға түсіріңіз. Ұсынылған әдебиеттерден Қазақстан территориясындағы монғол шапқыншылығының жоспарының стратегиялық жағдайын оқып біліңіз. Шыңғыс ханның билеуші және қолбасшы ретіндегі тұлғасын анықтау қажет. Моңғол әскерінің құрылымын сипаттай отырып, олардың көптеген мемлекеттерді жаулап алуындағы негізгі себептерін көрсетіңіз. Моңғол жаулап алушылығының нәтижелеріне байланысты әртүрлі көзқарастарды ұсынып, пікірталасқа дайындалыңыз



Қосымша әдебиет: [3, 21, 31, 42, 43, 59, 60]
5-ші тақырып. Қазақ халқының қалыптасуы.
Тапсырма

Қазақ этногенезі және Қазақ жүздері туралы арнайы ғылыми әдебиеттер тізімін жасап, соңғы тарихи көзқарастарды көрсетіңіз.



Өзіндік жұмыстарды орындауға қажет

әдістемелік нұсқаулар

Қазақ халқының халық болып қалыптасуының басты алты кезеңін бөліп көрсетіңіз.

Мәселеге қазіргі көзқарастардағы әдебиеттердегі нақты сипаттамасынан бастаған дұрыс, яғни Қазақстан территориясында мекендеген түркі тайпалардың дамуының ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуы мен автохтондылығы ең басты мәселе болмақ. «Алаш», этнонимі деген терминнің мәнін оқып білуге болады..

Қазақ жүздерінің территорялық үш шаруашылық экономикалық және мәдени аумақтарға бөлінуінің ерекшеліктерін ашып көрсетіңіз. Ш.Уәлихановтың, А Левшиннің, М.Тынышпаевтың, Юдиннің, Бартольдтің, Чулошниковтың, Мұқановтың және Академиялық 5 томдық Қазақстан тарихындағы осы проблемаға байланысты тарауды оқыңыз. Ғалымдардың пікірлерімен танысып, қазақ жүздерінің қалыптасу үрдісіне сипаттама беруге болады.



Қосымша әдебиет: [5, 6, 9, 12, 20, 21,]
6-шы тақырып. ХV - ХVІІІ ғғ. басындағы

қазақ хандығы.
Тапсырма

1. Мына ұғымдардың мәнін түсіндіріп жазыңыз: ру, тайпа, халық, ұлт, этнос, антропология, этногенез, этноним, алаш, жүз, ақсүйек, қарасүйек, ұлыс, билер кеңесі, хан кеңесі, ауыл, арыс, хандық, ұлыхан, би, бай, жатақ, төленгет, “Қасым ханның қасқа жолы”, “Есім ханның ескі жолы”, “Жеті жарғы” заңдар жинағы.

2. ХVІ ғасырдағы Қазақ хандығының күшейуінің себептерін анықтаңыз (Хақназар, Тәуекел, Есім, Әз-Тәуке).

3. Қазақ халқының осы кездегі тарихи ой-пікірінің дамуын сипаттаңыз. (Өзіңіз таңдаған бір ақын-жыраудың еңбегін таңдаңыз)



Өзіндік жұмыстарды орындауға қажет

әдістемелік нұсқаулар
Осы сұрақтарға жауап беру үшін әдебиеттер тізімінде көрсетілген арнауы зерттеуді қарап Қазақ хандығының құрылуы барлық қазақ жерлерін біріктірудегі этносаяси процесстердің заңды қорытындылары болғандығын түсіндіріңіз.

Қазақстандағы күрделі саяси процесстерді көрсетілген уақытта толық түсіну үшін Жәнібек пен Керей сұлтандардың Әбілқайыр ханнан көшіп кетуіне қандай себеп болды деген сұрақты анықтап алу қажет.

Қазақ хандығының күшейуі туралы сұрақты талдау үшін қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы мәліметтерді және сол уақыттағы Қазақ хандарының тарихи тұлғаларына да сипаттама беру қажет.

Ақын-жыраулардың еңбектеріндегі тарихи ой-пікірдің даму деңгейін көрсету үшін «бес ғасыр жырлайды» еңбегін оқыңыз.



Қосымша әдебиет: [4, 5, 6, 12, 16, 17, 40, 42, 43, 51, 59, 70]
7-ші тақырып. Қазақстан ХVІІІ ғ басы –ХІХ ғ. бірінші жартысында

Тапсырма

1. Қазақ –Жоңғар соғыстарының барысындағы ірі тарихи

оқиғаларды сипатта.

2. 1822, 1824жылдардағы реформалардың саяси мәнін талда.

3. Ұлт-азаттық қозғалыстың кезеңдері туралы кесте құру.
Өзіндік жұмыстарды орындауға қажет

әдістемелік нұсқаулар
Қазақстан тарихының тарихнамасындағы С.Д.Асфендияров, М.Вяткин, Е.Бекмаханов, М.Қ. Қозыбаев және В.А. Моисеевтің осы проблемалар жөніндегі көзқарастарын оқу керек.

Бұл сұрақты дайындау барысында Қазақстанның Ресейге қосылуының негізгі кезеңдерін анықтап, әр кезеңнің ерекшелігін көрсету және отарлаудың сипатын анықтау қажет. (дипломатиялық орталау, әскери отарлау, саяси отарлау, экономикалық және аграрлық отарлау, рухани отарлау)

Абылай ханның қызметін дұрыс түсіну үшін оның өмірбаянымен танысу қажет: Абылай ханның шығу тегіне байланысты ғана емес, оның жоңғар басқыншыларына қарсы күресінде жеке қасиетімен және ерлігімен халықтың арасында беделге ие болғандығын, жоңғарларға қарсы қазақ батырларының жасақтарының басын қосып, біртұтас майданды ұйымдастырған көреген қолбасшы болғанына назар аударыңыз. Абылай хан ішкі және сыртқы саясатында өзінің басты міндеті ретінде қазақ жерлерін біріктіріп және қазақ мемлекеттін нығайту үшін күресті. Өзіңіздің жұмысыңызда мына мәселелерге көңіл бөліңіз: Абылайдың дипломатиялық шеберлігіне - оның Ресейге, Жоңғарияға, Қытайға қатысты ұстанған саясатына байланысты тарихи баға бере біліңіз.

Жұмыстың соңында Абылай ханның (1711-1781 жж.) Қазақстанның тәуелсіздігі үшін күрестегі тарихи роліне байланысты қорытынды жасаңыз.



Қосымша әдебиет: [5, 7, 8, 17, 25, 26, 32]
8-ші тақырып. ХІХ ғ. екінші жартысы - ХХ ғғ. басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы.

Тапсырма

  1. 1867-1868 жж. реформалардың тарихи маңызын түсіндіріңіз.

2. Капиталистік қарым-қатынастардың дамуын деңгейін көрсет.

3. ХХғасырдың басындағы Қазақ инттеллигенциясының еңбектеріндегі ұлт-азаттық идеяны мәнін сипатта.

4. 1916 жылғы Ұлт-азаттық қозғалыс және Қазақ зиялыларының ұстанған бағытын анықта.
Өзіндік жұмыстарды орындауға қажет

әдістемелік нұсқаулар

ХІХ ғ. 60-90 жылдардағы әкімшілік реформаларға талдау жасай отырып сол реформалардың қазақ жерлерін мемлекет меншігіне айналдыру, ол жерлерге орыс- казак шаруаларын қоныстандырудың мәнін трүсіндіру керек.

Отаршылдықтың күшейуінің барысында ХІХ ғасырдың ІІ-ші жартысында Сырдария қазақтары Жанқожа Нұрмұхамедұлы мен Есет Көтібарұлы бастаған және Торғай, Орал облыстарындағы ұлт-азаттық қозғалыстар (1869) және Маңғыстау қазақтарының көтерілісітері т (1870-1873) туралы әдебиет тізіміндегі ғылыми еңбекті оқыңыз.

ХХ ғасырдың басындағы патша үкіметінің Қазақстандағы жүргізген аграрлық саясатының мәнін ашып, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің тарихи маңызын түсіндіру керек. Ол үшіе Манаш Қозыбаевтың “Жауға шаптым ту байлап” монографиясын оқы.

Қазақ интеллигенциясының қаклыптасу және Алаш қозғалысының тарихына жауап беру үшін Кеңес Нұрпейісовтың “Алаш Һәм Алашорда ” атты еңбегін талдаңыз.
Қосымша әдебиет: [1, 7, 22, 24, 30, 37]
9-шы тақырып. Қазақстан мәдениеті

(XVIII – ХХ ғғ. басы).

Тапсырма


  1. Қазақ ақыны немесе жыраудың (Тәттіқара, Үмбетей, Шал, Ақтамберді, Бұқар жырау және т.б.) шығармашылығы жайында реферат жазыңдар.

  2. Қазақстандағы ғылыми зерттеу Орталықтары жайлы слайд дайындау.


Өзіндік жұмыстарды орындауға қажет

әдістемелік нұсқаулар
Бұл сұраққа жауап беру үшін Рухани мәдениетке анықтама беру керек.

Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасып дамыған материалдық мәдениеті - киіз үй, киім-кешек тағамдар, еңбек-құрал жабдықтары, тұрмыстық заттары, әшекей бұйымдары және қазақ қолөнерінің дамуының ерекшеліктерін сипаттаңыз.

Ақындар мен жырауларының шығармашылығының мәнін талда. Бұқар, Ақтамберді, Тәттіқара, Үмбетей т.б. жыраулардың шығармашылығында тарихи шындықтың, қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық қайшылықтардың және өз заманындағы қазақ қоғамының жағдайының бейнеленуін көрсетіңіз.

Ш.Уалиханов, алғашқы қазақ ғалымы, ағартушылық қызметін талда. Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық қызметі, Абай шығармашылығы бойынша оның қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы. Осы тарихи тұлғалар туралы өз көзқарасыңызды білдір.

Ұлттық музыка өнерінің даму тарихын оқу керек. (Тәттімбет, Құрманғазы, Дәулеткерей, Біржан сал, Жаяу Мұса, Ақан Сері, Ықылас, Мәди)

Сонымен қатар ХІХ ғасырдың ортасы мен ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы ғылыми зерттелу орталықтарының жұмысының тарихи маңызын бағалау керек..



Қосымша әдебиет: [7, 12, 13, 15, 26]
10-шы тақырып. 1917 ж. Қазан төңкерісі және Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан (1917-1920 жж.).

Тапсырма

  1. Қазан төңкерісінен кейінгі Қазақстандағы әлеуметтік саяси жағдайды сипаттап, Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистк Республикасының құрылуының тарихи маңызын түсіндір.


Өзіндік жұмыстарды орындауға қажет

әдістемелік нұсқаулар

1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейінгі Қазақстандағы саяси жағдайды сипаттаңыз. Алаш Орда үкіметі қайраткерлірінің саяси аренаға шығуына баға беріңдер . Алаш көсемдері: Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мұстафа Шоқай т.б. қазақ ұлттық-демократиялық интеллигенциясы өкілдерінің аласапыран уақыттағы қазақ халқының бостандығы мен тәуелсіздігі үшін жасаған саяси қадамдарына тарихи баға беріңдер. 1917 жылғы Орынбор қаласында өткен І және ІІ жалпы қазақтық съездерде қазақ халқы үшін қандай маңызды мәселелер қаралған еді. Ұлт мәселесі саласындағы большевиктер саясатының мәнін ашыңыз. «Алаш» партиясы құрған автономияның Кеңес билігі автономиясынан қандай айырмашылығы болғандығын көрсет. Большевиктер өлкенің тұрғылықты халықының ұлттық мүддесіне қалай қарағандағын сипатта. «Алаш» партиясы қазақ халқы дамуының балама жолын-ұлттық автономияны құруды ұсынғандығының дұрыстығын көрсет.

ҚазАССР-нің құрылуы Қазақ мемлекеттілігінің қалпына келтірілуі екендігін дәлелдейтін өз пікіріңді дәлде.

Қосымша әдебиет: [3, 13, 14, 15, 16, 22, 25, 33, 33]
11-шы тақырып. ХХ ғасырдың 20 -30 жылдарындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық, мәдени және қоғамдық-саяси дамуы

Тапсырма

1. Тоталитарлық жүйенің қалыптасуының себептерін анықтаңыз.

2. Қазақстандағы 1931-1933 жылдардағы Аштық туралы слайд дайындау.

3. Қазақ зиялыларының тағдыры туралы реферат дайындау.


Өзіндік жұмыстарды орындауға қажет

әдістемелік нұсқаулар

1921 жылғы Жаңа экономикалық саясаттың іске асырылуы азамат соғысы күйреткен елдің шаруашылығын қалпына келтіріп, әлеуметтік-экономикалық дамуға мүмкіндік бергендігін дәлелде. жақсартты. Ф.И.Голощекиннің «Кіші Қазан» төңкерісінің қазақ халқына зор апат әкелгендігін көрсет. Ұсынылған әдебиеттерді оқу және конспектілеу арқылы Қазақстандағы индустриаландырудың қалай өткендігі және қандай ерекшеліктерге ие болғандығын айтыңыз. Мемлекет қайраткері С.Садуақасов «Қазақстан отар болып келді және солай болып қалды»- деген сөзіне әлеуметтік-экономикалық, саяси талдау жасаңыздар. Индустриаландырудың ауылшаруашылығын ұжымдастыруымен қалай байланысты болғандығын анықтаңыз. Қазақстандағы ұжымдастыру Кеңес қоғамындағы әкімшілік-әміршілікпен КОКП-ң солақай саясатымен жүргізілгендігінің, нәтижесінде қазақ халқының орны толмас шығынға ұшырағанын дәлелдеңіз, мысалдар келтіріңіз. «1931-1933» жылдарға өздерің қандай баға беріңдер. 1920-1940 жылдардағы Қазақстанда жүргізілген индустриализация және мәдени революцияның жетістіктеріне, табыстарына анықтама беріңіз. Қазақстандағы 1920-1940 жылдарда жүргізілген жаппай саяси қуғын-сүргіннің қазақ халқына тигізген ауыр зардабы жайлы реферат дайындаңыз.



Қосымша әдебиет: [3, 14, 27, 34, 43, 46, 47, 48]
12-ші тақырып. Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында. Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда (1946-1953 жж.).

Тапсырма

1. Қазақстан майдан тылы болғандығын дәлелдейтін тарихи материалдарды сипаттаңыз. Қазақстанға эвакуацияланған өнеркәсіп орындары туралы кесте жасаңыз.

2 . Қазақстандықтардың ірі майдандардағы ерліктері туралы

реферат дайындаңыз. (Көлемі 8-10 парақ)

3. Қазақ зиялыларының қудалануының себептері жайлы қазіргі кезеңдегі тарихи еңбектерді талдаңыз.
Өзіндік жұмыстарды орындауға қажет

әдістемелік нұсқаулар

Гитлершіл Германияның 1939-1940-шы жылдардағы Батыс және Орталық, Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерінде жүргізген басқыншылық соғысына сипаттама беріңіздер.

1939 жылғы 23 тамыздағы Германия мен КСРО арасындағы «Өзара шабуыл жасаспау туралы» пактісінің тарихи маңызына талдау жасаңдар.

Ұлы Отан жылдарындағы Қазақстанның адам және экономикалық ресурстарының жауға тойтарыс беруге жұмылдыруы нәтижесінде жеңісті жақындата түсуге қосқан үлесін анықтау қажет.Семинардың сұрағын дайындауда баяндамаларды, демонстрациялық кино мен фотодеректермен көрсетіңіз. Ұлы Отан соғысы ардагерлерін шақыруға болады. Ұлы Отан соғысының аяқталу кезеңіндегі (1944-1945жж.) Қазақстандықтардың Орталық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерін фашистік басқыншылардан азат етуі және Берлинді алу ұрыстарындағы көрсеткен ерліктерінің тарихи маңызын көрсете біліңіз.

Кеңес қоғамының соғыстан кейінгі даму үрдісі социализмнің сталиндік антидемократиялық, кертартпа, тоталитарлық үлгісінің құрамдас бөлігі болғандығын талқылаңдар. Соғыстан кейінгі кезеңде ауыр өнеркәсіптің дамуындағы негізгі бағытты анықта.

СОӨЖ-дің 4-ші сұрағына жауап беру үшін Е. Бекмаханов жайлы шыққан ғылыми әдебиетті оқыныңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет