Бағдарламасы (Syllabus) Mik 1203 «Микроэкономика»



бет12/18
Дата06.09.2023
өлшемі88.38 Kb.
#476705
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18
3 Микроэкономика каз 2023-24

БАРЛЫҒЫ

150



2.5 оқу нәтижелерін бақылау және бағалау
1. Аралық бақылау І: 1 тапсырма аралық бақылау және жағдаяттарды талқылау
2. Аралық бақылау ІІ: Ситуациялық есептерді шешу және 2 аралық бақылау тапсырмаларын орындау.
3. Қорытынды: кейс - стадий
Бақылау түрлері: студенттердің оқу нәтижелерін бағалау (ағымдық бақылау) (оқу кестесі мен оқу жоспарына сәйкес жүргізіледі); аралық бақылау (бір академиялық кезең ішінде аталған оқу пәні бойынша); қорытынды бақылау (оқу жоспарына, академиялық күнтізбеге және оқу жоспарына сәйкес).
Бақылау нысандары: реферат, ғылыми мақала, баяндама, жоба, эссе, кейс-стади, ауызша сұхбат, презентация, жағдаяттар, тест, бақылау жұмысы, рөлдік ойындар және т.б.
Өзіндік жұмыс лекция сабақтарының тақырыптарына қатысты сұрақтарды теориялық оқу, немесе лекция сабақтарының теориялық курсына кірмей қалған, сонымен қaтар қысқаша қаралған тақырыптарды ұсынылған әдебиеттерді қолдана отырып, терең іздену болып табылады.


2.6 Оқу сабақтарының мазмұны, бақылау және бағалау нысаны

№ тақырыптары

Тапсырмалар

Әдебиет

Бақылау түрі

Тапсыру мерзімі (апта)

Макс.бал

1



Микроэкономика пәні және микроэкономикалық талдаудың методологиясы. Микроэкономика теориясының қажеттілігі.

1,2

Бақылау жұмысы

1 апта

100

2



Сұраныс теориясы.
Ұсыныс теориясы.
Нарықтық тепе-теңдік.
Сұраныстың бағалық икемділігі.
Сұраныстың табыстық икемділігі.
Сұраныстың қиылысқан икемділігі.
Ұсыныстың икемділігі.
Нарықтық тепе-теңдіктің «өрмекші торы тәріздес» моделін талдау.
Микроэкономикалық теорияның қажеттілігі.
Микроэкономиканы талдаудың әдістері.

1, 2, 3

Реферат

2 апта

100

3



Сұраныс көлемі өзгерісі мен өзінің өзгерісі арасындағы айырмашылық. Сұраныстың бағалық икемділігі сатушының табысына қалай әсер етеді? Сұарынс пен ұсыныс икемділігіне жалпы сипаттама беріңіз

1,2,4

Өзіндік жұмыс

3 апта

100

4



Пайдалылық теориясы. Тұтынушылардың таңдауы теориясындағы кардиналистік және ординалистік көзқарастар. Талғамсыздық қисығына талдау жасау. «Баға-тұтыну» және «Табыс-тұтыну» қисықтары. Пайдалылықтың кему заңы.

1, 2,3

Топ студенттерімен жұмыс

4 апта

100

5



Өндірістің тұрақты және өзгермелі факторлары. Өндіріс функцияларының түрлері. Өндіріс ауқымы өсуінің әсерлері қандай және олардың мәні неде? Жалпы, орташа және шекті өнімділік. Шекті өнімділіктің кему заңының мәні неде?

4,5

Пікірталас

5 апта

100

6



Өндірістік шығындардың классификациясы. Өндіріс шығындарының графигі. Неге өнім көлемі өскен сайын АС және AVC қисықтары бір біріне жақындайды, түсіндіріңіз. Изокоста сызығы нені көрсетеді және изокостаның еңкіштігі қалай анықталады?

4,5,6

Ауызша жауап

6 апта

100

7



№1-6 дәріс аралығындағы материалдар бойынша тест сұрақтары

5,6

Тест сұрақтарына жауап беру

7 апта

100

8



Еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың ерекшеліктері неде? Жетілген бәсекелес еңбек нарығындағы сұраныс қандай өзгерістерге байланысты болады? Еңбектің ұсынысына еңбекақының өзгерісінен туындайтын алмастыру әсері мен табыс әсері қалай әсер етеді? Жетілмеген еңбек нарығының қандай ерекшеліктері бар? Қандай әдістердің көмегі арқылы кәсіподақтар еңбекақының төмендеуіне жол бермейді?

3,4

Тест тапсыру, презентация қорғау

8 апта

100

9



Капитал, инвестиция және инвестициялау. Капиталға жалпы сипаттама беру және оның түрлеріне талдау жасау. Капитал нарығындағы дегеніміз не? Капитал нарығындағы сұраныс. Жер ресурсының нарығы.
Дисконттау және оны есептеудің маңызы. Рента және оның түрлеріне сипаттама беру.

1,3,6

Бақылау жұмысы

9 апта

100

10



Жетілген бәсекелес нарықтың ерекшелігін атп көрсетіңіз. Жетілген бәсекелес нарықта пайданы қалай арттыруға болады?Бәсекелес фирманың қандай шығындар қисығының бөлігі фирманың ұсыныс қисығы болып табылады. Жаубыңызды түсіндіріңіз.

3,4

Тест тапсыру, презентация қорғау

10 апта

100

11



Монополиялық биліктің қандай экономикалық және әлеуметтік шығындары бар? Лернер және Херфиндаль индекстері қалай есептелінеді және не үшін қолданылады. Қандай жаағдайда фирма нарықта монополиялық билік орната алады? Монополиялық нарықта кез келген өнімнің шекті табысы оның бағасынан неліктен төмен болады?

4,5

Тест тапсыру, эссе презентация қорғау

11 апта

100

12



Монополия мен монополиялық бәсеке нарығының айырмашылықтары неде? Баға белгілеуде дискриминация саясатының тұтынушыға әкелетін пайдасы бар ма? Монополиялық бәсеке нарығында жарнаманың қандай ролі бар? Олигиполия нарығының қандай ерекшеліктерін атауға болады? Неге олигополия нарығында фирмалар өзара келісімге келуге құштар болады? Курно дуополиясы дегеніміз не?

4,5

Бақылау жұмысын тапсыру

12 апта

100

13



Жағымды және жағымсыз сыртқы әсерлердің экономикалық мәні неде? Қоршаған ортаны ластаудың оптимальді мөлшері қалай анықталынады және оның маңызы неде? Жағымды және жағымсыз сыртқы әсерлерге бірнеше мысалдар келтіріңіз. Коуз теоремасының мәні неде?

4,5

Тест тапсыру, реферат қорғау

13 апта

100

14



Таза қоғамдық және таза жеке игіліктердің ерекшеліктерін көрсетіңіз. Неге таза қоғамдық игіліктерді өндіру мен тұтыну тұтынушылардың саны азайған сайын тиімді болады? Таза қоғамдық және таза жеке игіліктердің сұраныс қисықтарының айырмашылығы неде?

5,6

Тест тапсыру, эссе жазу

14 апта

100

15



№7-15 дәріс аралығындағы материалдар бойынша тест сұрақтарына жауап беру.

6

Тест тапсыру, эссе

15 апта

100





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет