Бағдарламасы syllabus семестр 5 оқу аптасынан және сессия аптасынан тұрады. Пәннің көлемі кредитті құрайды



бет13/25
Дата01.04.2024
өлшемі0.52 Mb.
#497133
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25
Жалпы тіл білімі, Қ.Ғ.Аронов

9-СОӨЖ тақырыбы: Москва лингвистикалық мектебі.
Тапсырмалар:конспект
Есеп беру түрі: ауызша сабақ айту арқылы өз білімін байқату.
СӨЖ тапсырмалары:1. Тілдің қызметі.
2. Семиотика, оның салалары.
3.Көмекші таңбалардың түрлері.
Есеп беру түрі: реферат, конспект.
Әдебиеттер (негізгі, қосымша):
1. Сусов И.П. История языкознания М., 2006.
2. Шелховская Л.А. Общее языкознания. А., 2001.
3. Амирова Т.А. История языкознания М., 2003.
4. Березин Ф.М. История лингвистических учений. М., 1975.
5. Кондрашов Н.А. История лингвистических учений. М., 1979.
6. Кодухов В.И. Общее языкознание. М., 1974.
7.Лингвистический энциклопедический словарь. М., 1990.
8.Тіл білімі терминдерінің сөздігі А., 1999.
9.Қазақ тілі. Энциклопедия. А., 1998.
Оныншы апта
10 дәрістің тақырыбы: Тілдің өзіндік сипаттары
Қарастырылытын мәселелер:
1.Тілдің табиғаты мен мәні.
2. Тіл мен сөйлеу.
Терминдер мен анықтамалар:
Функционалдық тіл білімі – структуралық тіл білімінің тілдің қатынас құралы ретінде функциялық жағына баса назар аударатын саласы.20 ғасырдың 30-жылдарынан бастап дамыған.
Паралингвистика - (грекше рara – жанында, қасында) – сөйлеу үстінде қолданылатын тілдік емес, қосымша құралдарды (дауыс ырғағы, дауыс әуені, интонация, бет, қол, дене қимылы т.б.) зерттейтін тіл білімінің саласы.
Салыстырмалы – тарихи зерттеу әдісі - – шығу тегі жағынан бір – біріне жақын тілдерді салыстыра зерттейтін әдіс.Негізгі мақсаты – туыс тілдердің арақатынасын анықтап зерттеу арқылы олардың даму жолдарын сипаттау.Оның қалыптасуы Еуропа ғалымдарының көне үнді әдеби тілінің үлгісі санскритпен танысуынан басталып, 18 ғ. 2 – жартысы мен 19 ғ. Басына сәйкес келеді.
Типологиялық зерттеу әдісі– тілдердің шығу тегіндегі өзара қатынасының қандай екеніне қарамастан, олардың құрылымдық және функционалдық белгілерін салыстыра зерттеу. Типологиялық тіл білімі жалпы тіл білімінде анықталған құрылымдық және функционалдық концепцияларға сүйене отырып, жеке тілдерді зерттеуге негізделеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет