Бағдарламасы syllabus семестр 5 оқу аптасынан және сессия аптасынан тұрады. Пәннің көлемі кредитті құрайды



бет14/25
Дата01.04.2024
өлшемі0.52 Mb.
#497133
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25
Жалпы тіл білімі, Қ.Ғ.Аронов

Структуралық әдіс– тілді таңбалар жүйесі деген қағидаға және тіл құрылымындағы жігі айқын элементтерге сүйене отырып, олардың формалды жағын қатаң түрде (нақты ғылымдарға жақындығын) зерттейтін әдіс. Қалыптасқан кезі – 20 ғасырдың 20 – 30-жылдары.
Тілдің сипаттамасы, бұл мәселедегі ала-құлалық. Тілге дұрыс анықтама берудің теориялық мәні. Тілдің коммуникативтік, экспрессивтік функциялары, бұл екеуінің арақатынасы, коммуникативтік қызметінің мәнділігі, осыған байланысты тілге берілген анықтамалар. Тілдің структуралық, семиотикалық сипаттарына қарай, қоғамның мәдениеттің дамуына тигізетін әсеріне, алатын орнына қарай беріліп жүрген анықтамалар.
Тілдің табиғаты мен мәні. Тілдің табиғаты дегенге оның қандай құбылыстар қатар жататыны, ал мәні дегенге оның қоғамда атқаратын қызмет ерекшелігі кіретіні. Бұл мәселелерді шешуге болып келе жатқан пікір қайшылықтары. Тіл білімі тарихында болған әр түрлі мкетептердің , бағыт-бағдарлардың дүниеге келуіне ғалымдардың тілдің табиғаты мен мәнін қалай түсінетіндіктерінің себеп болғандығы және қазірде де солай болып келе жатқаны.
Тіл мен сөйлеу. Бұл екеуі арасындағы бірлік және өзгешеліктер. Сөйлеуде болатын индивидуалдық сипаттар. Сөйлеудің жақтары, пайда болу жолдары. Тіл тіршілігі, оның дамуы, өз мүмкіндіктерін жан-жақты көрсете алуы сөйлеуге байланысты екені, сөйлеу тілді жаны болып есептелетіні. Сөйлеу әрекеті мәселесін шешуде тіл білімі мен психология ғылымдарының өзара байланыста екені. Тіл мен сөйлеу арасындағы қарым-қатынастарды айқындауда Ф.де Соссюр заманына бері қарай болып келе жатқан пікір таластары. Тіл мен ой-сана арасындағы қарым-қатынас. Бұл проблеманың көп ғасырлық тарихы барлығы. Бұл екеуі арасындағы қарым-қатынасты айқындаудағы әр түрлі көзқарастар: екеуін тепе-теңдік бірлікте қарау, бұлардың арасында ешқандай бірлік жоқ, екеуі екі түрлі ғылым обьектілері деп түсіндіру және бұл екеуі тығыз байланысты, бірақ өзіндік айырмашылықтары бар дүниелер деп қараушы тұжырымның салмағы басымдау.
10 практикалық сабақтың тақырыбы: Тіл білімінің теориясы
Тапсырмалар:
1.Тілдің анықтамасы.
2. Тлдің табиғаты мен мәні жәнеқызметі.
3. Тіл мен сөйлеу арасындағы айырмашылықтар.
4. Тіл мен ойлау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет