Бағдарламасы syllabus семестр 5 оқу аптасынан және сессия аптасынан тұрады. Пәннің көлемі кредитті құрайды



бет11/25
Дата01.04.2024
өлшемі0.52 Mb.
#497133
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25
Жалпы тіл білімі, Қ.Ғ.Аронов

7-СОӨЖ тақырыбы: Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің негізін салушылар.
Тапсырмалар: жекелей тақырып бойынша дайындау
Есеп беру түрі: ауызша сабақ айту арқылы өз білімін байқату, (орыс тіліндегі әдебиеттер бойынша конспекті дайындау).
СӨЖ тапсырмалары:1.Тіл білімінің салалары (салыстырмалы-тарихи, типологиялық, структуралық, синхрониялық, диахрониялық, қолтаңбалы, функционалдық тіл білімдері)
2.Тіл білімі ғылымдар жүйесінде (конспект).
3.Тіл біліміне қатысты аралық ғылымдар ( аралық лингвистика, психолингвистика, этнолингвистика, социолингвистика, математикалық лингвистика т.б.). (реферат).
Әдебиеттер (негізгі, қосымша):
1. Сусов И.П. История языкознания М., 2006.
2. Шелховская Л.А. Общее языкознания. А., 2001.
3. Амирова Т.А. История языкознания М., 2003.
4. Березин Ф.М. История лингвистических учений. М., 1975.
5. Кондрашов Н.А. История лингвистических учений. М., 1979.
6. Кодухов В.И. Общее языкознание. М., 1974.
7.Лингвистический энциклопедический словарь. М., 1990.
8.Тіл білімі терминдерінің сөздігі А., 1999.
9.Қазақ тілі. Энциклопедия. А., 1998.
Сегізінші апта
8 дәрістің тақырыбы: Кеңес тіл білімі
Қарастырылытын мәселелер:
1.Кеңес тіл білімі
2. Кеңес тіл білімінде ХХ ғасырдың 30-50 жылдары
Терминдер мен анықтамалар
Социологиялық (әлеуметтік) бағыт (социолингвистика) тілді адамдардың қоғамдық қызметіне, кәсіби тіршілігіне қызмет ететін әлеуметтік құбылыс, қарым – қатынас құралы деп қарайтын бағыт, 19-20 ғасырлар аралығында пайда болған.
Эстетикалық бағыт - тілді эстетикалық философия тұрғысынан зерттеу нәтижесінде 20 ғ. басында Батыс Еуропа тіл білімінде туған бағыт.
Синхрониялық тіл білімі – тілдің белгілі бір дәуірдегі қалпын, құрылымын сипаттап зерттейтін тіл білімі.Оны сипаттама тіл білімі, нормативті тіл білімі деп те атайды.
Кеңес тіл білімінің бірсыпыра бағыттарда бұрынғы орыс тіл білімінің ғылыми дәстүрін жалғастыруы. Алайда Кеңес тіл білімі бырыңғай методологияға-маркстік философияға негізделді. Оның тілдің әлеуметтік табиғаттың мойындай отырып, тілді қарым-қатынас құралы, сананың шындық өмірдегі көрініс деп тануы.
Кеңес тіл білімінің теориялық мәселелерді практикамен өмір қажеттілігімен ұқсастыра білуі. Елдегі сауатсыздықты жоюды, оқу орындарына қажетті оқулықтарды даярлауды, жазу-сызуы жоқ халықтардың өзіндік әліпбилерін жасауды қолға алды.
Кеңес тіл білімінде ХХ ғасырдың 30-50 жылдары академик Н.Ә. Маррдың «Тіл туралы жаңа ілім» теориясының үстемдік құруы. Бұл теориядағы кемшіліктер.
Н.Ә. Марр теорисына байланысты. 1950 жылы «Правда» газетінде ұйымдастырылған айтыстар. Соның нәтижесінде бұл теорияның Кеңес тіл білімінен аластатылды.
Кеңес тіл білімінде жалпы және жеке тіл білімі салалары бойынша жүйелі түрде ұжымдық зерттеулердің іске асырылуы. Кеңес тіл білімінде тіл білімінің көптеген салаларының жан-жақты дамуы. Көптеген ғылыми мектептердің қалыптасуы. Тілдердің проблемаларын зерттеумен шұғылданатын одақтық, ұлттық, ғылыми кадрлардың өсіп шығуы. Кеңес тіл білімінің жетістіктері.
8 практикалық сабақтың тақырыбы: Кеңес тіл білімі.
Тапсырмалар:

  1. Кеңес тіл білімі 1920-30 жылдарда.

  2. «Тіл туралы жаңа ілім» теориясының кеңес тіл біліміне әсері.

  3. Кеңес тіл білімінде тіл салаларының дамуы.

  4. Түркітану және қазақ тіл білімі кеңес дәуірінде.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет