6-СОӨЖ тақырыбы: а) Түркі тілдеріндегі дауссыз дыбыстардың сапалық ерекшелігі; ә) Өткен тақырыптар бойынша қайталау сұрақтары
Тапсырмалар:жаттығу жұмыстарын дайындау.
Есеп беру түрі: жаттығу орындау.
СӨЖ тапсырмалары: И.А.Батманов, Н.А.Баскаков, Д.М.Насиловтардың түркі тілдері дамуына қосқан үлесі
Есеп беру түрі:жекелеген ғалымдардың зерттеулері бойынша жазба жұмыстарын дайындау, жазба жұмыстарын тексеру
Әдебиеттер (негізгі, қосымша):
1. Ә.Құрышжанов, М.Томанов. Орхон-Енесей ескерткіштерінің зерттеу тарихы мен грамматикалық очерктер. А.,1969.
2. Ә.Құрышжанов, М.Томанов., Ғ.Айдаров Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. А.,1971.
3. С.Исаев. Қазақ әдеби тілінің совет дәуірінде дамуы. А., 1973.
4. М.Томанов Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. А., 1992.
5. Ә.Н.Нұрмаханова Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. А.,1978.
6. Әбдіғалиева Т. қазіргі қазақ тіліндегі болымдылық, болымсыздық категориясы. Докт. Дисс. Автореф. – А., 1998.
Жетінші апта
№7 дәрістің тақырыбы: Қосар дауыссыз дыбыстар мен сына дауыссыз дыбыстар жүйесі
Қарастырылатын мәселелер:
1. Түркі тілдерінің қосар дауыссыз дыбыстар жүйесі
2. Қосар дауыссыз дыбыстардың түркі тілдеріндегі зерттелуі
3. Сына дауыссыз дыбыстар
4.Сына терминінің мәні
Терминдер мен анықтамалар
Эллипсис – (грек. elleipsis – кемшілік, жетіспеу) – сөйлеуде не мәтінде тіл бірлігінің жетіспеуі, әдейі түсірілуі.
Фонетика - тілдің дыбыстық қырын зерттейтін тіл білімінің бір саласы
Фонема– тілдегі дыбыстық қатарды құрайтын бірлік
Фонология – тілдің дыбыстық қатарының құрылысы мен қызметінде болатын заңдылықтарды зерттейтін тіл білімінің бір саласы
Алфавит - әріптердің рет-ретімен жиынтығы
Әріп – дыбысқа берілген шартты таңба.
Дыбыс – тілдік бірлік, тілдің мағыналы бөлшек-бірліктері: сөз бен морфемаларды құрайтын материалдар қызметін атқарады. Дыбыс сөзді тануға қызмет етеді.
Кейбір түркі тілдерінде дауыссыздардың қосарлануы кездеседі. Бір ыңғайда түркімен әдеби тілінде, сол тілдің есарий диалектісіне, құмық тілінде мынадай фактілерді көрсетуге болады: түркімен тілінде аррық (арық), чаррық (кәрілік), ыссы(ыссы). Нақ осы сияқты фактілер Н.К.Дмитриев еңбектерінен алынды. Осыған ұқсас фактілер қазіргі қазақ тілінде де ұшырайды. Ащ-щы, сәт-ті т.б. Олай болса, негіздер құрамында тілдері сияқты, қазақ тіліне де жат емес.
Н.К.Дмитриевтің айтуынша, басқа түркі тілдермен салыстырғанда, әзербайжан тілінде туынды етістіктер құрамында дауыссыздардың қосарлануы жиі ұшырайтын факті және ондай етістіктердің арғы түбі- еліктеуіш сөздер болып келеді: запыл – замог\ азақ тіліндегі зықы, зықысы шықты – сөзімен байланысты болуы мүмкін. Түркі тілдерінің көпшілігінде кездесетің құбылыс – екі, жеті, сегіз, тоғыз, елу, отыз – сан есімдердің қосар дауыссыздармен атылуы. Өкки, икки, т.б.Якут тілінде – сәтте, секкиз, т.б., өзбек тілінде – тұқиз, тоққуз;түрікмен – доқкуз; әзербайжан – доғуз, орттуз, т.б. Түркі тілдерінің қайсысымен салыстырғанда да, сөз құрамында қосар дауыссыздарды жиі қолданатын тіл – чуваш тілі. Чуваш тілінде суққыр (соқыр), анне (ана) т.б. тәрізді сөздердің түбірінде дауыссыздардың екі дауысты аралығында қосарланып келуі әдеттегі құбылыс: перре, икке, таватта т.б. Алайда, чуваш тілінде қосарланған дауыссыздардың жиі айтылатыны – түбір мен қосымша шегінде. Оларды алдыңғы топтан бөліп, белгілі дәрежеде морфологиялық мән алған құбылыс деп қарауға болар еді. Чуваш тілінің мамандары дауыссыздардың қосарлануының мына тәрізді түрлерін көрсетеді:
1. Екі буынды зат есімдердің ілік, барыс септікте қосар дауыссызбен айтылуы: ваййам, сассен (пышақтың),т.б.
2. Сондай- ақ сөздер тәуелдік жалғаумен (3 жағы да), көптік жалғаумен келгенде: саввам (менің әнім), савву (сенің әнің), савви (оның әні), саввамар (біздің әніміз);
3. Дауыссыз не қысаң дауыстыға аяқталған сын есімдер мен салыстырмалы шырайлар тұлғасымен келген сын есімдер тәуелдіктің үшінші жағының қсымшасы жалғанғанда: пысак (үлкен), пысакхи (сол үлкен), т.б.
4. Тәуелдіктің үшінші жағы –и қосылғанда мына тұлғалардың соңғы дыбысы қосарланады: осы шақ есімшесі – акан (екен)- сыракан (жазушы)- сыраканни; келер шақ есімшесі – ас (ес), оның болымсыз түрі – мас (мес), пулас (болар, болатын), т.б. Өткен шақ есімшесінің болымсыз түрі – ман (мен) – варанмен;
5. Осы шақ, көпше үшінші жақта барлық етістіктер с дауыссызымен айтылады (болымды түрде де, болымсыз түрде де): пуранассе (тұрады, тіршілік етеді ), т.б.
3. Сына дауыссыз дыбыстар
4.Сына терминінің мәні
Әрине, кез келген дауыссыз мұндай позицияда қолданыла алмайды. А.М.Шербак «сына» ретінде қолданылатын дауыссыздар деп мыналарды көрсетеді.р, ш, с, й не сына дыбыстардың қолданылуы көне түркі тілдерінде кездеседі.Осы тілде жіңішке дауыстыдан басталған сөздердің құрамында жіңішке дауыстыдан бұрын й сына дауыссызы айтылған. Қазіргі тілдердің ішінде бұл жүйені одан гөрі дамытқан тіл – қарашай тілі. Көне түркі сілінде й сынасының қолданылуын мына сөздерден көреміз: йумуртқа ( бірсыпыра алтай тілінде умутқа, умуқта), йыра (қашу, ыра қашу). Қарашай тілінде :йешік (елік), йер (әр). Қарашай тілінде й сынасының айтылатын орны тек сөздің абсолют басы ғана емес, сөздің орта шенінде ерін дауыстылардың алдыңда да айтылады: сйоз;гагауз тілінде : йем (ем, емшек ем),йең ( ең, ең алды), Қарақалпақ тілінде (қазақ тілінде де) сына й дыбысы е, о, ө дыбысының алдынан естіледі. Исына дыбысы басқа түркі тілдерде кездеседі. Бұл ыңғайда оғыз тіліндегі сөз ішінде й дыбысының қолданылуын айту керек.
№7 практикалық сабақтың тақырыбы: Қосар дауыссыз дыбыстар мен сына дауыссыз дыбыстар жүйесі
Тапсырмалар:
1. Түркі тілдерінің қосар дауыссыз дыбыстар жүйесі
2. Қосар дауыссыз дыбыстардың түркі тілдеріндегі зерттелуі
3. Сына дауыссыз дыбыстар
4.Сына терминінің мәні
Достарыңызбен бөлісу: |